Главная страница
Навигация по странице:

  • Видео: «Қуғын-сүргін» туралы видеоға назар аударайық

  • Ендеше, ұрпақ санасына өткен дәуір тарихын жаңғырту, халық зиялыларын жадымыздан бір сәт те шығармау баршамыздың ұлт алдындағы азаматтық парызымыз деп білейік!

  • саяси қуғын-сүргін. Уынсргін рбандары алаш жртыны зиялылары Масаты


    Скачать 24.27 Kb.
    НазваниеУынсргін рбандары алаш жртыны зиялылары Масаты
    Дата10.05.2022
    Размер24.27 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файласаяси қуғын-сүргін.docx
    ТипДокументы
    #519797

    С этим файлом связано 2 файл(ов). Среди них: УМКД WEB бағдарламалау 2021-2022.pdf, антибуллинг және кибербуллинг тақырыптарында өткен шаралар .
    Показать все связанные файлы
    Подборка по базе: 3-тапсырма.Қ азақстандағы саяси ойдың даму тарихы.docx, Казакстандагы саяси партиялар козгалыстар.docx, 1950-1960 жыл аралығындығы сыртқы саяси жағдай Қазақстан.pptx, Мақама саяси сауаттылық.docx, Қазақстандағы Кеңес өкіметінің әлеуметтік-экономикалық және саяс, Басқарушы элита мен саяси көшбасшылық би.doc, Ке_естік _о_амны_ саяси, _леуметтік ж_не экономикалы_ да_дарысы., Қазақстан тарихы_10-cы нып_Қазақстан территориясындағы ерте мемле, Қазақстандағы саяси ойдың даму тарихы.docx

    «ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫ – АЛАШ ЖҰРТЫНЫҢ ЗИЯЛЫЛАРЫ»

    Мақсаты: Қазақ халқының тарихындағы қасіретті кезеңде солақай саясаттың құрбаны болған қазақ халқының зиялылары туралы мағлұмат беру, олардың есімдерін құрметтеуге, ұмытпауға тәрбиелеу. Студенттердің бойына Отан сүйгіштікке, патриоттық сезімін, ерлік, батылдық, шындық, төзімділік, адамгершілік қасиеттерін дарыту. Саяси қуғын-сүргінге ұшыраған  ақын-жазушылардың ерлігін, үлгі-өнеге ету.

    1 слайд: 1997 жылдан бастап «31-мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні» болып ресми бекітілген болатын. 1937-1939 жылдар аралығында қазақтың бас көтерер зиялы қауымының көпшілігі қуғын-сүргін құрбанына айналды.

    Жанын қиған сен үшін,

    Тоқта досым, сабыр ет.

    Үнсіз тұрып бір минут,

    Басыңды иіп тағзым ет.

    2 слайд: Ендеше репрессия құрбандарын, хабарсыз кеткен , қаза тапқан ер-азаматтарды бір сәт үнсіз еске алайық

    31 мамыр – Саяси-қуғын сүргін және аштық құрбандарын еске алу күні. Сталиндік қызыл террордың қанды қырғынына аяусыз ұшыраған халықтардың бірі – қазақтар. Екі бірдей төңкеріс, екі бірдей алапат аштық, азаматтық соғыс пен ұлт қаймақтарын қидай сыпырған саяси-қуғын сүргіндер қазақ халқын сандық, сапалық тұрғыдан аса ауыр зардапқа душар етті.

    Видео: «Қуғын-сүргін» туралы видеоға назар аударайық

    Патша өкіметінің қазақтардың жерін тартып алуы екі бағытта жүргізілді:

    Біріншісі: әскери бекіністер салу арқылы.

    Екіншісі:Қазақстанға басқа халықтарды қоныстандыру арқылы.

    3 слайд: КСРО республикаларында репрессия 1928 жылдан басталды. Қазақ елінде алдымен Алаш қайраткерлері тұтқындалды. Оларға "ұлтшыл" деген айып тағылды. Салдарынан Әлихан Бөкейханов, Жақып Ақбаев, Әлімхан Ермеков, Санжар Асфендияров, Ахмет Байтұрсынов, Бейімбет Майлин, Мағжан Жұмабаев, Абдулла Розыбақиев, Тұрар Рысқұлов, Мұхамеджан Тынышбаев, Ілияс Жансүгіров және тағы басқа зиялылар ату жазасына кесілді.

    4 слайд: Ресми деректерге сәйкес, Қазақстанда 103 мыңнан астам адам қуғын-сүргінге ұшырады. 25 мыңнан астам адам ату жазасына кесілді. Олардың арасында ғалымдар, мәдениет және саясат саласының қайраткерлері, дәрігерлер болды.

    Репрессия жылдары Қазақстанға 800 мың неміс, 102 мың поляк, 19 мың корей, 507 мың Солтүстік Кавказ елдерінің өкілдері жер аударылды. Сондай-ақ қазақ жеріне күшпен қырым татарлары, түріктер, гректер, қалмақтар мен өзге де ұлт өкілдері көшірілді. Жалпы елімізге 1 миллион 500 мың адам жер аударылды.
    5 слайд:1930-1938 жылдар аралығында Қазақстанның ақын - жазушылары жазықсыз жазаланады. Олардың ішінде А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М. Жұмабаев, С.Сейфуллин, Б.Маилин, І.Жансүгіров, М.Дулатов т.б көптеген  жазықсыз қазақтың ақын, белсенді қоғам қайраткерлері жазықсыз атылды.

    «Халық жауы »деп айып тағылғандардың отбасы , балашағасы қуғын сүргінге ұшырады. Жазықсыз жандардың 22 мыңдайы ату жазасына бұйырылды. Ату жазасынан аман қалғандардың да біразы отбасына қайта оралмады.

    Әйтсе де ,сол қасіретті жылдар жыл сайын қайта жаңғырып өткенді еске салады. Сол жаңғырық бүгінгі жеткіншек ұрпақты бейбітшілікке, патриотизмге үндейді.

    6 слайд Жазалау шараларын ұйымдастыру үшін Қазақстанда лагерьлер жүйесі құрылды. 1930 жылдың мамыр айында  КСРО Халық Комиссарлары  Комитеті  «Қазақстанда еңбекпен түзеу  лагерьін  құру туралы»  қаулы қабылдайды. Қазақстан картасында  Карлаг, Степлаг, Алжир т.б лагерьлер пайда болады

    "Халық жауларын" анықтау бойынша қатаң саясаттың салдарынан қуғын-сүргінге ұшырағандардың өздері ғана емес, олардың жақындары да зардап шекті. Олар үшін Қазақстанда АЛЖИР (отанына опасыздық жасағандардың әйелдері қамалған Ақмола лагері), Карлаг (Халықтық ішкі істер комиссариатының Қарағанды еңбекпен түзеу лагері), Степлаг (саяси тұтқындарға арналған лагерь) арнайы лагерьлері құрылды.
    7слайд Ең ірі лагерь – АЛЖИР, бұл жерде "отанына опасыздық жасағандардың" әйелдері қамалды. Талайдың тағдырын тәлкек еткен мекеме КСРО ішкі істер халық комиссариатының бұйрығымен 1937 жылы 15 тамызда Ақмола қаласының жанындағы Төңкеріс (Малиновка) елді мекенінде құрылды. "АЛЖИР" лагері 30 га жерді алып жатты. Оның Қарағанды және Ақмола облыстарында бірнеше бөлімшелері болған.
    Қазақстандағы лагерьлерге КСРО-ның түкпір-түкпірінен мал тиейтін вагондармен әйелдерді әкелінді. Бұл вагондарды сол кезде "сталиндік немесе столыпиндік" деп атаған екен. Әйелдер өздерінің қайда келе жатқандарын білмеген. Оларға "күйеулеріңмен кездесесіңдер" деп айтыпты. Ол кезде жылдам жүретін пойыздар болмаған. Сондықтан пойыздар айлап жүрген.
    8 слайд Орыс тілі мемлекеттік тіл болғандықтан, қазақ тілінің дамуына  зияны тиді. Қазақша жер-су атаулары өзгертіліп, орысша атаулар енгізілді. Қазақ халқының әдет-ғұрпы, дәстүрі аяққа басылды.

    Көрнекті тілші ,алым, әдебиет зерттеушісі, дарынды аудармашы, үлкен ағартушы Ахмет Байтұрсынов Патша өкіметінің отаршылдық саясатын айыптады.

      1931-1933 жылдары Қазақстан халықтары аштыққа ұшырады, осы жылдары қуаңшылық болды. Осы жылдары 2 миллионға жуық қазақтар қырылды. Ашаршылыққа ұшыраған халықтың жағдайы  өзен көлдерді  жағалай бақа-шаян теріп, жол-жөнекей  жәндіктерді, ит пен мысықты қорек еткендері де болды. Олар өз Отандарынан ашаршылыққа шыдымай  Өзбекстан, Моңғолия, Түркменстан, Иран, Мәскеу,Ауғанстанға қоныс аударды.

    9слайд 1931-1933 жылдары республикадан жыл сайын халық санымен мал саны кеміп отырған. Қазақстанның қоғам қайраткері Тұрар Рысқұлов, С.Сәдуақасовтар зорлық-зомбылықтарына наразылығын Кеңес өкіметі басшыларына жеткізіп отырды, бірақ Кеңес өкіметі құлақ аспады.

     1929-1933 жылдар арасында 400-ге жуық көтерілістер болды.

    10 слайд Қазақстанда кеңес мемлекетін нығайтуға белсене қатысушы, қазақ халқының  даңқты перзенті – Тұрар Рысқулов. Кеңес өкіметі орнағаннан кейін оның жұмысына белсене қатысып РКФСР үкіметі төрағасының орынбасарлығына дейін көтерілді. Сонда тұтқынға алынып, «Халық жауы» деген жалған атпен атылып кетеді.Партия комитетінің бірінші хатшысы Голощекин атына жазылған «Бесеудің хаты» Тұрар Рысқұловтың Сталинге жазған хаты..

    Саяси қуғын-сүргін құрбандары ішінде Алаштың арыстары атанған Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынұлы сынды бабаларымыз бар.

    11 слайд Ахмет Байтұрсынов. Оның тағдыр – қиын, бірақ кісі қызығарлық тағдыр. Ғұмыры ащы арманға толы, алайда адамға өнеге боларлық ғұмыр. Мақсат-мұратының  мазмұны, кей тұста қайшылықтарға соқтырды десек те, өте терең. 1929 ж. қамауға алынған қазақ зиялыларының ішінде «рухани көсем» А. Байтұрсынов та бар. 1937 ж. 9 қазанда сталиндік репрессияның қанды пышағына ілігеді

    12 слайд Тұрар Рысқұлов – адам ретінде де, қоғам және саяси қайраткер ретінде де ерте есейіп, есімі жиырма жастан асар-аспас кезінде жұрт аузына ілініп, халыққа танымал болды. Ол Сталиндік-Голощекиндік «Кіші Қазан» бағытын жүзеге асыру нәтижесінде жаппай ашаршылыққа ұшыраған өз халқына ара түсіп шырылдады. Сталинге хаттар жазды. «Ұлы көсеммен» сөзге келіп, айтысқа түсті, оның диктаторлық ел билеу тәртібіне қарсы шықты. Нәтижесінде 1937-1938 жылдары бүкіл ел көлемінде орын алған үлкен террордың құрбаны болып кете барды.

    13 слайд Мағжан Жұмабаев – табиғат жаршысы, махаббат жыршысы. Оның бұл тақырыптардағы өлеңдерінің де негізгі тақырыбы тәуелсіздік. Ел тәуелсіздігінің жыршысы Мағжан ақынның өзі де 1937 жылы 30 желтоқсанда өз тәуелсіздігінен айрылып, қызыл қырғынның құрбандығына айналды.

    14 слайд Міржақып Дулатов – «Оян, қазақ!» бұл сөздің құдіреті де қасиеті де сол – осы отты өлеңнің жарық көргеніне ғасырдан астам уақыт өтсе де, сол қаныш тамшылаған өзекті күйінде қалып отырғандығы – бүгінде қазақ байтағын індеттей жайлаған бойкүйездік,  самарқаулық, жалқаулық, еріншектік – қысқасы ұлтымызды ұлық істерден кері тартып отырған барша кесапаттарды тап басып айта білген, содан арылуға үндейді, намысқа шақырады. 1938 жылы қайтадан қамауға алынып, ату жазасына кесілді.

    15слайд. Әлихан Бөкейхан — XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері , ұлт - азаттық және Алаш жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы. 1937 – КСРО Жоғарғы соты әскери коллегиясының негізсіз үкімі бойынша ату жазасына кесілді. 

    16слайд «Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» ҚР-ның 1993 жылы 14 сәуірдегі заңына сәйкес қуғын-сүргіндерге ұшырағандар жаппай ақталды, қазақ қайраткерлерінің есімдері халқына қайтарылды. Сонда да халқымыздың басынан өткен қасіретін халық жадынан ешкім өшіре алмас. Бұл біздің Отанымыздың тарихындағы өзекті мәселе.

    Қорытындылай келе, қалай дегенмен де, қазақ тарихындағы бұл қасіретке бей-жай қарау, санамыздан өшіру елдігімізге сын емес пе?! Ащы тарихымызды білмеу — тәуелсіздік қадірін түсінбеумен пара-пар. Осы жылдардың оқиғасын, оның жазықсыз құрбаны болған адамдардың есімдерін мәңгі ұмытпай, оларды әрқашан есте сақтау, өткенге салауат етіп, ақтаңдақтар ақиқатына тереңірек мән беріп, ұғыну – бүгінгі ұрпақ парызы.Ендеше, ұрпақ санасына өткен дәуір тарихын жаңғырту, халық зиялыларын жадымыздан бір сәт те шығармау баршамыздың ұлт алдындағы азаматтық парызымыз деп білейік!


    написать администратору сайта