Главная страница

физио шпор. Физиология Шпор. Тірек имыл жйесіні жалпы сипаттамасы


Скачать 96.91 Kb.
НазваниеТірек имыл жйесіні жалпы сипаттамасы
Анкорфизио шпор
Дата21.07.2021
Размер96.91 Kb.
Формат файлаdoc
Имя файлаФизиология Шпор.doc
ТипДокументы
#225040
страница1 из 4

Подборка по базе: Хирургиядан нок тест с_РА_тары 1 Жалпы ми белгілерін ата_ыз.docx, Реферат Геотехника II - Топырақ туралы жалпы түсінік және түрлер, _БББ-2020,6В10155 - Жалпы медицина.docx, Аралы_ ба_ылау 5курс жалпы медицина.docx, Қазақстанның қазіргі заман тарихы Жалпы база.doc, Емтихан билеттер Жалпы энергетика пәнінен ЭЭ 101к,102к және 103к, 2 аралық бақылау сұрақтары жалпы фито.docx, Ақпаратты қорғаудың жалпы проблемалары.docx, Хир жалпы .doc, Емдік дене шынықтырудың жалпы негіздері.pptx
  1   2   3   4

  1. Тірек- қимыл жүйесінің жалпы сипаттамасы.

Тірек-қимыл жүйесі- адам денесіне форма беретін, каркас түзетін, ішкі органдарды қорғайтын, оларға тірек болатын, кеңістікте қозғалуға мүмкіндік беретін құрылымдардың комплексі. - Тірек-қимыл жүйесі (ТҚЖ) 640 бұлшықеттен, 200-212 сүйектен (қаңқа), бірнеше жүздеген сіңірден тұратын өздігінен жұмыс атқаратын механизм. Тірек-қимыл жүйесінің өсуіне гипофиз гармоны соматотропин ықпал етеді. Тірек – қимыл жүйесі екі бөліктен тұрады: активті және пассивті. Пассивті бөліміне сүйек және олардың байланыстары яғни буындар. Активті бөліміне қаңқа бұлшық еті жатады. Ол сүйектерге қозғалыс береді, яғни рычаг қызметін атқарады. Тірек-қимыл жүйесінің қызметтері: Тіректік Қорғаныс Қозғалыс Қан түзу Зат алмасу процесіне қысады, әсіресе минералдық (сүйектер кальций, фосфор, темір, магний депосы болып саналады). Адам қаңқасында пішіні мен мөлшері және құрылысы бойынша ерекшеленетін екі жүзден астам сүйектер болады. Сүйек қан тамырлары мен нервтер өтетін сүйек каналдарының айналасында орналасқан остеон деп аталатын жұқа пластинкалардан тұрады. Сүйектің сыртында сүйек қабы бар. Тек қана буындарда сүйек қабының орнына шеміршек болады. Сүйек екі түрлі заттардан тұрады: тығыз және кемік заттар. Сүйектердің барлығы ұзындығы бойынша ұзын (қабырға, жамбас) және қысқа (омыртқалар, саусақ, башпайлар) болып бөлінеді. Құрылысы бойынша барлық сүйектер түтікті (ортан жілік, саусақ башпайлары) және жалпақ қабырғалар, жауырын) болып келеді. Сүйектердің барлығы тек қана балаларда сүйектің қызыл кемігіне толы болады да, ересектерде сүйек тек қуыс болып келеді. Қаңқа сүйектері бірімен-бірі үш амалмен: қимылсыз (бітісу, сүйек тігісі); жарым-жартылай қимылды немесе аз қимылды (сүйектердің аралығындағы шеміршекті қабатшалары) және жылжымалы буындар жолымен байланысады. Бассүйек (астыңғы жақсүйек буынынан басқа), жамбас және омыртқа бағанының сегізкөз- құйымшақ бөлімдерінің сүйектері жылжымай, қимылсыз байланысқан. Жартылай байланысқан сүйектерге омыртқалардың, қол ұшы және аяқ басы (білезік, алақан, табан қоспасы, аяқ басы), қабырғалар және төс сүйек (10 жұп) сүйектерінің өзара байланысы; жаңа туған (шақалақ) және нәрестенің (еңбек) милық бөлігінің сүйектері жатады. Еркін қозғалатын қол-аяқ сүйектері және олардың белдеулері (иық, шынтақ, көрі жілік-білезік, жамбас-ортан жілік, тізе, сирак-аяқ ұшы), омыртқа бағаны мен бассүйек және саусақ башпайларының сүйектері қозғалмалы сүйектер болып саналады.

Адам қаңқасының сүйектері бір-бірімен буындар арқылы байланысады. Буын бір сүйек пен екінші сүйекті жалғастырады, яғни буын сүйектердің қозғалмалы байланысқан жерлері. Буындар арқылы сүйектер жан-жақты, әр түрлі бағытта қозғала алады.

Қаңқа бұлшықеттері - тірек-қимыл жүйесінің пәрменді бөлігі. Қаңқаның бұлшықеттері қолдонеңжолақты болып келетіндіктен, қоза да (жүйке козу толқынына жауап қайтарып), жиырыла да және қажи да алады. Адам денесінде пішіні сан алуан және бірнеше қабатты 600-ден астам бұлшықет болады. Бұлшықеттердің әрқайсысы бұлшықет талшықтары деп аталатын жасушалардан (миоциттерден) тұрады.

  1. Адамның қозғалыс белсенділігі

Қимыл-қозғалыс белсенділігі-жоғары дамыған тірі материяның ерекшелігі ғана емес, тіршілікке қажетті жағдай. Адамның эволюциясындағы дамуы оның барлық мүшелері мен жүйелерінің қалыпты қызмет атқаруын тек белсенді қимыл-қозғалыс әрекеттері бар жағдайларда ғана мүмкін еткен.

Адамның ерікті қимыл – қозғалыстарының қалыптасуы санасының белсенді түрде қатысуымен қабаттаса жүреді. Адамның қимыл – қозғалыс әрекеттері екінші сигналдық жүйенің қызметімен тығыз байланысты. Адам қимыл-қозғалыстарын ерікті және еріксіз деп шартты түрде екі топқа бөлуге болады. Адамның ерікті реакцияларын рефлекстер жүйесі деп тануды,қимыл-қозғалыс әрекеттерінің негізін қалаушы ғалым, физиолог И.М.Сеченев ұсынған. «Ми рефлекстері» атты еңбегі арқылы ол адам психикасы мен ерікті қимыл- қозғалыс әрекеттерінің табиғи – материалистік көзқарасты негіздеді. И.М.Сеченев, ерікті қимыл-қозғалыстар, психикалық процестер және адамның ойлау қасиетінің табиғаты рефлекстік, дәлірек айтқанда, адамға әсер етуші обьективтік құбылыстарды шағылыстырудың нәтижесі деп көрсеткен. И.М.Сеченевтің пікірі бойынша, адамның іс-әрекеттері – еріктіліктің ең жоғары формасы. Ерікті қимыл-қозғалыстардағы шартсыз тонус беруші – сергітуші рефлекстер. Ерікті қимыл-қозғалыстар – туа біткен рефлекстік негізді процестер. Туа біткен рефлекстер қатарына дене қалыптарының немесе кейіп рефлекстері, тепе-теңдікті ұстап тұруды қамтамасыз етуші және тағы басқа рефлекстер жатады. Еріксіз қимыл-қозғалыс формаларына туа біткен бірнеше рефлекстер жатады. Ию, тебу және ырғақты (сгибателные, отталкивание, ретмические).Алақан немесе табан терісін тітіркендіруге жауап ретінде бала қол-аяғын иеді, егерде алақанды немесе табында баппен қысса, ол затты тебеді.

Гиподинамия-қимыл-қозғалыс белсенділігінің шектелуі нәтижесінде адамдар мен жануарлар организмдері тірек-қимыл аппараты бұлшықеттерінің, қан айналым және тыныс алу, ас қорыту және т.б. мүшелердің етті қабықтары мен қабаттары жиырылу күшінің төмендеуі.

Гиподинамияның пайда болу себептері: — Кәсiби ерекшелiктерге байланысты бұлшық ет жұмысын шектеу — Рационалды емес күн тәртiбi; — Ұзақ уақыт бойы организмнің дұрыс функционалдық жұмысын орындамауына байланысты (жарақат, ауру) төсек режимі.

  1. Жұлын функциялары (рефлекторлық және өткізгіштік)

Жұлынның қызметі- өткізгіштік және рефлекторлық.

Өткізгіштік қызметі өрлеуші және төмендеуші жолдар көмегімен іске асырылады. Афференттік ақпарат негізінен жұлынға артқы түбіршектер арқылы келіп түседі, алдыңғы түбіршектердегі және организмнің әр түрлі мүшелер мен тіндерінің қызметін реттейтін эфференттік серпіністену алдыңғы түбіршектер арқылы жүзеге асырылады. (Белла- Мажанди заңы). Бірақ соңғы жылдары алдыңғы түбішектерде Бірінші реттік афференттік талшықтардың саны басым екендігі бақыланғанымен, оның маңызы қазіргі уақытта анықталмаған.

Рефлекторлық қызметі жұлынның қатысуымен-қаңқаның бұлшық еттер жұмысының реттелу үдерістері іске асады. Олар сәйкес фазалық қимыл-қозғалыстарды, сонымен қоса бұлшық ет тонусын реттеп отырады. Бұлшық ет тонусы- жұлынның 2 түрлі рефлекстерінің қатысуымен реттеліп отырады: миотикалық және тоникалық. Фазалық белсенділік- локомоторлық қимылдарды белсендіретін- бүгу рефлекстері мен механизмдерден тұрады. Миотикалық рефлекстер- жиі «сіңірлік» деп аталатын рефлекстер. Бұл рефлекстер – бұлшық ет тонусын, тепе-теңдіктің қалыпты ұсталуында маңызды рөл атқарады.
4 Жұлындық шок.

Бұл ми жарақаты кезінде туындайтын естен тану. Кей жағдайда жұлын нейрондарының қызметі тоқтап қалады,Егер организм дамуы неғұрлым жоғары болса,соғұрлым жұлынның қызметін қалпына келтіру ұзаққа созылады. Мысалы бұл үдеріс адамда бірнеше апта немесе айларға созылса,ал бақада бірнеше минутқа ғана созылады.

Жұлындық шоктың негізгі себебі супраспинальді әсерлердің бұзылуы. Супраспинальді әсерлердің бұзылуы дегеніміз не? Бұл әсер бұзылған жағдайда адамда спинальды рефлекстер дамиды.Қалыпты жағдайда олар постнатальды дамудың алғашқы күндері мен айында болады. Осы патологиялық рефлекстерді анықтайтын бірнеше әдістің түрлері бар. Олар бүгу және жазу рефлекстері болып табылады.Жазу рефлекстеріне тоқталып кетсем,Оппенгейм рефлексі балтыр бұлшық етін басқанда,үлкен саусақтың ішке жазылуы.Сонымен қатар Шефер рефлексі де осыған ұқсас болып келеді. Ал бүгу рефлекстері Россолимо рефлексі табан саусақтарының,сонымен қоса тез жанасу соққысында табанның үлкен саусағының жастықшаларының бүгілуі.

Патологиялық рефлекстерге жұлып алушы немесе ұстаушы рефлекстер жатады.Ол қол саусақтарын белгілі бір затпен жанастырғанда дамиды.Балаларда бұл рефлекс 2-4 айында дамиды. 105 страница
5) Жұлынның өткізгіштік функциясы

Жұлынның екі қызметі бар. Олар рефлекторлық және өткізгіштік. Өткізгіштік қызметі. Бұл жерде Белла-Мажанди заңын айтамыз. Екә жол арқылы орындалады. Олар өрлеуші және төмендеуші. Жұлынға артқы тұбіршіктер көмегімен афференттік ақпарат келіп түседі, ал эфференттік серпілістер керсінше алдыңға түбіршіктер арқылы орындалады.
6) Жұлын нейрондары.

Жұлын-сегментарлық құрлысты және оның әрбір бөлігі денемен байланысқан. Жұлынды бес бөлікке бөледі. Олар омыртқа сияқты мойындық, көкіректік, белдік және сегізкөз, құйымшақтық. Жұлынның нейрондары. Нейрон ЖЖ-нің жоғары мамандандырылған жасушасы болып табылады. Жұлынның нейрондары әсер етуіне, бөлімдеріне, белгілеріне қарай жіктеледі. ЖЖ бөлімдеріне қарай Вегетативті және соматикалық болып бөлінсе, берген әсеріне қарай қозушы жіне тежеуші, ақпарат таралуы бағытына қарай афференттік, эфференттік және аралық, ассоциативтік. Осының ішінде афференттік, эфференттік нейрондар соматикалық жж-не жатады оларды мотонейрондар депте атайды. Эфференттік нейрондар эффекторды жүйкелендіреді. Ал афференттік нейрондар мүшелерден келген (мысалы теріден, бұлшықеттерден және т.б) серпілістерді миға немесе жұлын сегменттеріне өткізеді. Аралық нейрондарға келсек олар осы жұлынның мотонейрондармен байланысады. Яғни, ми қыртысын жұлынмен байланыстырады. Аралық нейрондар әсері бқйынша жоғарыда айтқандай қозушы және тежеуші екеуіде болады. Ал жұлынның өзіндік апаратын құраушы нейрондар ол ассоциативті нейрондар. Себебі олар сегменттер ішіндегі мен аралығындағы байланыстарды тұрақтандырушы. ЖЖ-нің вегетативтік бөлімі мәні бойынша аралық болып табылады.Оның өзі симпатикалық және парасимпатикалық нейрондар болып бөлінеді. Симпатикалық нейрондарға мойын, көкірек және бел бөлімдерінде орналасқан. Соған қарай бірнеше орталықтар айта кетсек қарашық рефлексі, жүрек, бүйрек жұмысы және сілекей бөлу орталықтар осында орналасқан. Ал парасимпатикалық нейрондар сегізкөз бөлімінде орналасқан. Яғни, осындағы жамбас бөлігінің мүшелерін қамтиды. Қалған қаңқа бұлшықеттер мойыннан бастап аяқ ұшына дейінгі орталықтар жұлынның барлық бөлімінде бар.
7.Жұлын функциялары

Жұлынның қызметі- өткізгіштік және рефлекторлық.

Өткізгіштік қызметі өрлеуші және төмендеуші жолдар көмегімен іске асырылады. Афференттік ақпарат негізінен жұлынға артқы түбіршектер арқылы келіп түседі, алдыңғы түбіршектердегі және организмнің әр түрлі мүшелер мен тіндерінің қызметін реттейтін эфференттік серпіністену алдыңғы түбіршектер арқылы жүзеге асырылады. (Белла- Мажанди заңы). Бірақ соңғы жылдары алдыңғы түбішектерде Бірінші реттік афференттік талшықтардың саны басым екендігі бақыланғанымен, оның маңызы қазіргі уақытта анықталмаған.

Рефлекторлық қызметі жұлынның қатысуымен-қаңқаның бұлшық еттер жұмысының реттелу үдерістері іске асады. Олар сәйкес фазалық қимыл-қозғалыстарды, сонымен қоса бұлшық ет тонусын реттеп отырады. Бұлшық ет тонусы- жұлынның 2 түрлі рефлекстерінің қатысуымен реттеліп отырады: миотикалық және тоникалық. Фазалық белсенділік- локомоторлық қимылдарды белсендіретін- бүгу рефлекстері мен механизмдерден тұрады. Миотикалық рефлекстер- жиі «сіңірлік» деп аталатын рефлекстер. Бұл рефлекстер – бұлшық ет тонусын, тепе-теңдіктің қалыпты ұсталуында маңызды рөл атқарады.
8. жұлын рефлекстері

Жүлын рефлекстерін екі үлкен топқа бөледі: соматикалык, яғни дене кимыл рефлекстері және вегетативтік, яғни ішкі мүшелердін рефлекстері.

соматикалык рефлекстерге балтыр еттерінің катысуымен іске асатын тізе рефлексі, ахилл рефлексі т. б.

Күрделі рефлекстерге мыналар жатады: Магнустын мойын рефлекстері бүғана, иык, арқа еттерін де жиырылтып іске қосады. Сонымен қатар қасыну, енкею, шалкаю, оңға-солға бұрылу, жүру, жүгіру рефлекстері жатады.

Вегетативтік рефлекстерге ішкі мүшелердің қатысуымен орындалатын латын рефлекстер жатады. Олар жүлынның бүйір және алдынғы мүйізшелерден шығатын нервтермен баскарылады. Бұларға тыныс алу, ішек-карынның қозғалу рефлекстері, зәр шығару рефлекстері жатады.

Егер де адамның калыпты жағдайы қауырт өзгергенде, дәрі-дәрмектің әсерімен не жұлынның кан айналымы нашарлағанда жүлынның рефлекторлык қызметі істен шығады. Рефлекстер әлсірейді немесе, керісінше күшейеді. Қатты суык не ыстық болғанда, жарақаттанғанда не уланғанда жұлын рефлекстері тоқтап қалады.
9. жұлынның рефлекторлық қызметі

жұлынның рефлекторлық қызметі жұлынның қатысуымен-қаңқаның бұлшық еттер жұмысының реттелу үдерістері іске асады. Олар сәйкес фазалық қимыл-қозғалыстарды, сонымен қоса бұлшық ет тонусын реттеп отырады. Бұлшық ет тонусы- жұлынның 2 түрлі рефлекстерінің қатысуымен реттеліп отырады: миотикалық және тоникалық. Фазалық белсенділік- локомоторлық қимылдарды белсендіретін- бүгу рефлекстері мен механизмдерден тұрады. Миотикалық рефлекстер- жиі «сіңірлік» деп аталатын рефлекстер. Бұл рефлекстер – бұлшық ет тонусын, тепе-теңдіктің қалыпты ұсталуында маңызды рөл атқарады.

10 Жұлындық шок.

Бұл ми жарақаты кезінде туындайтын естен тану. Кей жағдайда жұлын нейрондарының қызметі тоқтап қалады,Егер организм дамуы неғұрлым жоғары болса,соғұрлым жұлынның қызметін қалпына келтіру ұзаққа созылады. Мысалы бұл үдеріс адамда бірнеше апта немесе айларға созылса,ал бақада бірнеше минутқа ғана созылады.

Жұлындық шоктың негізгі себебі супраспинальді әсерлердің бұзылуы. Супраспинальді әсерлердің бұзылуы дегеніміз не? Бұл әсер бұзылған жағдайда адамда спинальды рефлекстер дамиды.Қалыпты жағдайда олар постнатальды дамудың алғашқы күндері мен айында болады. Осы патологиялық рефлекстерді анықтайтын бірнеше әдістің түрлері бар. Олар бүгу және жазу рефлекстері болып табылады.Жазу рефлекстеріне тоқталып кетсем,Оппенгейм рефлексі балтыр бұлшық етін басқанда,үлкен саусақтың ішке жазылуы.Сонымен қатар Шефер рефлексі де осыған ұқсас болып келеді. Ал бүгу рефлекстері Россолимо рефлексі табан саусақтарының,сонымен қоса тез жанасу соққысында табанның үлкен саусағының жастықшаларының бүгілуі.

Патологиялық рефлекстерге жұлып алушы немесе ұстаушы рефлекстер жатады.Ол қол саусақтарын белгілі бір затпен жанастырғанда дамиды.Балаларда бұл рефлекс 2-4 айында дамиды. 105 страница

11 Белла-Мажанди заңы

Белл-Мажанди заңы (ағылш. Bell–Magendie law) — афференттік талшықтар жұлынға оның артқы түбірлері арқылы кіреді, эфференттік талшықтар алдыңғы түбірлер арқылы одан шығады. Рефлекстің анатомиялық осы қағидасын алғаш 19 ғасырдың басында Ч.Белл ұсынған. Мұндай шешімге өзінің зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Ф.Маржанди де келген. Сондықтан Белл-Маржанди заңы деп аталады. Іс-қимыл рефлекстерінің реттелуі де осы заң бойынша іске асады. Алдыңғы түбірлердің құрамына денелері жұлынның сұр затының алдыңғы мүйізінде жататын қозғағыш нейрондардың сезгіш ассон талшықтары кіреді. Артқы түбірлердің құрамына денесі сол түбірдің өзінде орналасқан эфференттік нейрондардың талшықтары кіреді. Тәжірибеде Белл-Мажанди заңын жұлынның алдыңғы және артқы түбірлерін кесу арқылы байқауға болады. Артқы түбірлерді кескеннен кейін жануар кесілген жағындағы сирағымен қозғала алады, бірақ бұл жағындағы сирағының сезу қабілеті толығымен жойылады. Алдыңғы түбірлерді кескеннен кейін, сезу қабілеті сақталғанымен, сирақтары мүлде қозғалмайды, сәл болады. Артқы түбірлерді тітіркендіргенде жалпы қозғалыс реакциясын тудырады да, алдыңғы түбірлерді тітіркендіргенде қозғалыс пайда болмайды
12 ОНЖ функцияларын зерттеу әдістері

ОНЖ зерттеудің бірнеше әдістері бар.Әрқайсысына тоқталып кетсем

Тәжірбиелік физиологияда кесу,қысқарта кесу және экстирпация секілді хирургиялық әдістер кеңінен қолданылады.Ал клиникалық жағдайда стереотаксикалық техниканы қолданады.Бұл адамның немесе жануардың миының нақты бөлімдеріне электрондарды енгізі арқылы қолданылатын әдіс.Осы арқылы эпилепсиялық ұстамаларды шақыратын ошақтарды жоюға болады.

Тудырылған потенциалдар әдістемесі берілген рецептордан келіп,ақпаратты өңдеуге қатысатын,мидың барлық құрылымдарын ба,ғалауға мүмкіндік беретін қызықты әдістердің бірі.

Электроэнцефалография бұл ми нейрондарының электрлік белсенділігінің жиынтығының тіркелімі болып табылады.

Эхоэнцефалография гематомалар,абсцистер және кисталарды сонымен қатар қаңқа ішіндегі қысымның жоғарылау диагностикасын анықтау үшін қолданылады.

Реоэнцефалография бас миының қан айналым жүйесіндегі өзгерістерді бағалау үшін қолданылады.

Омегаметрия бұл бас миының өте баяу потенциалдарының тіркелуі. Оның көмегімен сергектік деңгейі,компенсаторлық мүмкіндіктер және организмнің қорларының деңгеі анықталады.

77 страница кітапта
13 Жұлынның рефректорлық және өткізгіш функциялары.Жұлын зақымдалған кездегі синдромдар(жұлындық шок,Броун Секар синдромы)

Жұлынның қызметі: Өткізгіш және рефлекторлық

  • Өткізгіштік қызмет- өрлеуші және де төмендеуші жолдардың көмегімен жүзеге асырылады.Яғни жұлындық афферентті,эфферентті нейрондар мен интернейрондар көмегімен. Афферентті нейрондар арқылы жұлынға қозу мойын,дене,аяқ пен қолдың экстерорецепторлары мен пропирорецепторлары, сонымен қоса висцереуепторлар арқылы жеткізіледі.Эфференттік серпіністену алдыңғы түбіршіктер арқылы жүзеге асырылады.( Белла –Мажанди заңы) Белла Мажанди заңы бойынша жұлынның артқы түбірлері афференті, ал алдыңғы түбірлері эфферентті жүйке талшықтарынан құралған.

  • Рефлекторлық қызмет-жұлынның қатысуымен қаңқа бұлшықеттерінің жұмысының реттелу үдерістерін іске асырады. Және бұлшықет тонусын реттеп отырады.Бұлшық ет тонусы-жұлынның 2 түрлі рефлекстерінің қатысуымен реттеліп отырады: миотикалық және қалып-тоникалық

МИОТИКАЛЫҚ РЕФЛЕКСТЕР- жиі сіңірлік деп аталатынрефлекстер.Себебі клиникада анықтау үшін сәукес бұлшық ет сіңірлерін неврологиялық балғашық арқылы соққы жібереді.Бұл рефлекстер бұлшық ет тонусын, тепе теңдіктің қалыпты ұсталуында маңызды рөл атқарады.

Жұлындық естен тану – жұлын мотонейронларына әсер ететін супраспинальді әсерлерді үзу нәтижесінде дамиды.Ми жарақаты кезінде туындайды , жұлын нейрондарының қызметі белгілі бір уақытта тоқтап қалады.

Браун-Секар синдромы –жұлынның жарты бөлігінің зақымдалу синдромы болып табылады.Зақымдалған жақта орталық паралич дамиды және жоғары сезімталдылықтың жоғалуы болады.Бұл синдром жұлын зақымдалғанда,экстрамедулярлық ісіктерде, сирек ишемиялық жұлындық инсультта кездеседі
14 Артқы ми. Ортаңғы ми. Мишық. Аралық ми.

Артқы ми Артқы мидың құрамына сопақша ми және Варолий көпірі кiредi. Артқы мидың тiршiлiктегi маңызы өте зор. Мидан шығатын 12 жұп нepвтepдiң сегiзi артқы мидан тарайды. Олар мыналар: үштармақты, көз алмасын кейін тартатын, бет, есту, жұтқыншақ, кезеген, қосымша және тiл асты нepвтеpi. Осы жүйкелердің қатысуымен тыныс алу, журек соғу, қан айналымы, тамақтану, түшкiру, құсу, терлеу, жылау, кiрпiк қағу, жөтелу сияқты тiршiлiкте маңызды рефлекстер орталықтары бар.

Сопақша ми жұлынмен тікелей байланысқан және екі түрлі қызмет өткізгіштік және рефлекторлық қызмет атқарады. Сопақша ми мидың сұр заты жұлындағыдай бiр ғана жерге топтаспай, ақ зат аралықтарында жеке-жеке шоғырлар құрып, көптеген ядроларға, кызметi әр түрлi орталықтарға айнaлған. Ақ зат жүйке тaлшықтарынан тұрады. Бұл талшықтар қозуды жоғары және төмен қарай өткiзетiн жұлын жолдарының жалғасы және жұлынды мидың басқа бөлiмдерiмен, сопақша мимен байланыстырып тұрады. Сопақша ми арқылы өтетін кейбiр жұлын жолдары осы мида бiр-бiрiмен айқасып оң жақтан келген тaлшықтар сол жаққа, сол жақтан келген талшықтар оң жаққа шығады. Бас сүйектен шығатын 12 жұп ми нepвтepiнiң. соңғы бесеуiнiң (VIII, IX, Х, XI, ХII) ядролары мен бiрқатар аса маңызды рефлекстердi icкe асыратын орталықтар және жұлын қызметiн реттеуде маңызды торлы құрылымның бiр бөлігi сопақша мида орналасқан. Сопақша мидың жүйке орталықтары адамның өмірiн қамтамасыз етуде үлкен мән атқарады

Ортаңғы ми.Ортаңғы Варолий көпiрi және сопақша мимен бiрге ортаңғы ми ми діңінің негiзiн құрады. Оның сырт жағындa ми қақпағы, iшкi жағында ми аяқшалары орналасқан. Opтaңғы мидың негізгі құрлымдарына төрт төмпешiк, қара зат(субстанция), қызыл ядро, III және IV жұп ми жүйкелерiнiң түйiнiсi мен торлы құрылым болады. Ортаңғы ми арқылы жоғары қарай таламусқа, мишыққа баратын жолдар, ми қыртысынаң жолақ денеден гипоталамустан төмен қарай бағытталған ортаңғы миға, сопақша миға, жұлынға баратын жолдар өтедi.

Төрт төмпешiк пен көз алмасын қозғайтын ІІІ жұп жүйкелер түйiндерi ортаңғы мидың сырт жағына, ал iшкi жағында қара зат, қызыл ядро және IV жұп шиыршық жүйкенің нейрондары орналасқан

Мишық. Мишық үш бөлімнен тұрады: мишықтың құрты деп аталатын ортаңғы бөлімнен және мишықтың екі жарты шарларынан. Мишықтың бетінде толып жатқан иректер болады. Сондықтан ол өте үлкен болып келеді және сұр заттан немесе қыртыстан тұрады. Қыртыста үш қабат бар беткі немесе молекулалық, аралық немесе Пуркинье жасушаларының қабаты; терең я дәнді қабат.

Мишық барлық қозғалу актыларының орындалуына қатысады: оған өзгерістер енгізеді, сөйтіп әрбір жеке қимылдардың нақты дұрыс орындалуын қамтамасыз етеді. Мишық – тонустық рефлекстердің жоғары дєрежелі реттеушісі болып табылады. Сонымен қатар, мишық тыныс алуды, жүректің жиырылуын қимылдың түріне байланысты лайықтап отырады.

Адамда мишықтың қызметі бұзылса қозғалу қызметінің реті бұзылады, теңдік жоғалады. Мишықты толығымен алып тастағанда атония байқалады – еттер тонусын жоғалтады. Астазия туады – бір орында басын, денесін теңселтпей тұра алмайды. Дизметрия – еттің жиырылуы күші мен орындалатын қызметтің арасында сәйкестік жоғалады.

Аралық ми.Ортаңғы ми мен ми сыңарларының арасында аралық ми орналасқан. Аралық ми төмпешіктен - таламус және төмпешік асты аймақтан – гипоталамустан тұрады.

Төмпешіктің құрамына шығу тегі және функционалдық жағынан өзгеше бірнеше ядролар кіреді. Төмпешік ми қыртысымен екі жақты байланыста болады. Ядроларда барлық эфференттік жұйелерден үлкен жарты шарлар қыртысына баратын өткізгіш жолдардың ақырғы звеносының нейрондары орналасады. Таламус арқылы мидың барлық сезгіш жолдары (иіс сезуден басқа) өтеді. Бірақ, оны жай ғана өткізгіш қақпа ретінде қарастыруға болмайды. Таламуста импульстер өзгеріп, жаңа, түрлі комбинацияға түседі. Таламус төменгі түйсік пен эмоцияны жасауға қатысады.

16. Автономды нерв жүйесінің функционалды ерекшеліктері.

ВЖЖ соматикалық ЖЖ келесі ерекшеліктері бар:

*бас миы қыртысымен басқарылмай, тек қана оның бақылауында болды;

*СЖЖ мен ВЖЖ жалпы болып табылатын өзіндік сезімтал талшықтары болмайды;

*қозғалыстық вегативтік талшықтар, вегативтік ганглийлерге ауысады және олар ганглийге дейінгі және ганглийден кейінгі бөлімдерден тұрады.

Ганглийге дейінгі алшықтар ақ түсті (миеленмен қапталған), ал ганглийден кейінгі талшықтар сұр түсті (миелинсіз). Ганглийден кейінгі талшыққа қарағанда, ганглийге дейінгі талшықтар саны анағұрлым аз. Ганглийде жүйкелік серпіністің көбеюі жүреді, және нейрондардың мұндай ұласу түрі мультипликация деп аталады.

ВЖЖ-нің бас-ми жүйкелерінің III, VII, IX және X жұптары жататын , краниобульбарлы бөлімін, сакралды(жамбас жүйкесі) және тораколюмбалды (жұлынның бүйірлі мүйіздерінің ядролары) бөлімдерін ажыратады. Басқарудың иерархиялық тұрғысынан ВЖЖ-дегі барлық құрылымдарды шартты түрде қабаттарға бекітеді: 1-ші қабат -интромуральді өнімдермен сипатталады (метасимпатикалық жүйке жүйесі). 2-ші қабат жоғарыда орналасқан түзілімдерге қарамастан, вегативтік рефлекстер түйісетін, паравертебральді және превертебральді ганглийлермен берілген. 3-ші қабат-стмпатикалық және парасимпатикалық жүйелердің орталық құрылымдары (жұлын мен ми сабауында преганглионарлы нейрондардың жиынтығы). 4-ші қабат-жоғары вегативті орталықтармен: гипоталамус, торлы құрылым, базальді, ганглийлер мен үлкен жарты шарлармен берілген.
17. Автономды нерв жүйесінің симпатикалық, парасимпатикалық және

метасимпатикалық бөлімдері.

Метасимпатикалық жүйке жүйесі – моторлық белсенділікпен қабілетті ішкі мүшелердің қабырғаларында орналасқан микроганглионарлы түзілістердің жиынтығы. Бұл асқазандағы, ішектегі, несеп қабығындағы, жүрек пен бронхтардағы микроганглилердің болуымен түсіндіріледі. Метасимпатикалық жүйе, біріншіден орталық ықпалдардығ таралуын іске асырады. Яғни, ол парасимпатикалық және симпатикалық талшықтардың әсерін түзетуарқылы жүзеге асырылады. Екіншіден метасимпатикалық жүйе өзіндік интеграциялаушы құрылымдардың рөлін атқара алады, себебі онда дайын рецепторлық доғалар орналасқан ( афферентті-аралық-эфференетті нейрондар).Метасимпатикалық жүйке жүйесінің нейрондары ішінде пуринергиялық-холинергиялық, сонымен қатар, адренергиялық, серотонинергиялық және гистаминергиялық нейрондар болуы мүмкін.

Симпатикалық жүйке жүйесі преганглионарлы нейрондарды жұлынның бүйір ядросында орналасқан, яғни 8-ші мойындық сегменттен бастап, 2-ші белдік сегментпен аяқталады. Симпатикалық жүйке жүйесінің түйінінің бірі болып, паравертебральді ганглилерге жетеді. Симпатикалық жүйке жүйесіндегі медиаторлық үдерістер тұрғысынан қарағанда келесі құбылыстар ддамиды : постганглионарлы нейрондармен байланысқа түсетін преганглионарлы талшықтардан ацетилхолин бөлінеді, яғни талшық пен преганглионарлы нейронның өзі холинергиялық болып табылады. Симпатикалық жүйке жүйесінің постганглионарлы талшықтары-адренергиялық болып табылады.

Парасимпатикалық жүйке жүйесі орталық, яғни преганглионарлы нейрондары ортаңғы және сопақша ми мен жұлынның люмбосокралды бөлімінде орналасқан. Ортаңғы мида 2 парасимпатикалық ядро орналасқан, олар ІІІ жұпқа жатады – Якубович – Вестфалия – Эдингер ядросы (қарашық сфинктерінің жүйкелендірілуі) мен оның бір бөлігі – Перлей ядросы (көздің кірпікшелі бұлшық етінің ядросы). Сопақша мида бас ми жүйкелерінің 7,9,10-жұп парасимпатикалық ядролары бар. 7-жұптың парасимпатикалық ядролары мұрын қуысының шырышты бездерін, жас бездерін жүйкелендіреді. Және chordae tymponi арқылы – тіл асты жәе жақ асты сілекей бездерін жүйкелендіреді. 9 – жұптың парасимпатикалық ядролары құлақ маңы бездерін жүйкелендіреді. 10-жұптың (вагустың) парасимпатикалық ядролары – ең мықтыларының бірі болып табылады. Ол мойын, кеуде және құрсақ қуысындағы ағзаларды жүйкелендіреді. Жұлынның белдік-сакральді бөлімінде несеп шығару, дефекация және эрекция орталықтарын құрайтын парасимпатикалық нейрондар орналасқан. Дененің барлық тамырларының парасимпатикалық талшықтары болмайды. Парасимпатикалық жүйке жүйесінің ганглилері мүше қабатында орналасқан, сондықтан преганглионарлы талшықтар ұзын да, ал постганглионарлы талшықтар – қысқа болып келеді. Парасимпатикалық жүйке жүйесінің преганглионарлы талшықтарының медиаторы болып – ацетилхолин табылады. Парасимпатикалық жүйенің тиімділіктері: жүректе жиіліктің, күштің, өткізгіштіктің, қозғыштықтың тежелуін, ГАМҚ бронхтарында белсендіруге, кеңірдек пен бронхтардың шырышты жасушаларының белсендіру, АІЖ шырышты жасушаларын-белсендіру, АІЖ сфинктері мен қуықтың сфинктеріне босаңсыту, детруссор қуықтың бұлшық етін белсендіру, қарашық сфинктерін – белсендіру, көздің кірпікшелі бұлшық етін – белсендіру (көздің жарықсындыру қасиеті жоғарылайды), жыныс ағзалары тамырларының қан толуының жоғарлануын, сілекей бездерінің белсенуі, жас сұйықтығының бөлінуін күшейтеді,. Жалпы алғанда, парасимпатикалық талшықтардың қозуы гомеостаздың қалпына келуіне, яғни трофоропты әсердің дамуына алып келді.

18. Электроэнцефалография

Электроэнцефалография (қысқаша ЭЭГ) (электро- + көне грекше: ἐγκέφαλος — "ми" + γράφω — "жазу", "тіркеу", "білдіру"; ағылш. Electroencephalography, EEG) — электрофизиологиялық мониторда мида және жүйке талшықтарында[1] болатын биоэлектрлік қозғалыстар мен өзгерістерді жазып алу, тіркеу әдіснамасы. Бұл әдіснама "қара сандық" деп аталатын мидағы биоэлектрлік құбылыстарды оны бүлдірмей тұрып зерттеуге мүмкіндік береді, әсіресе мидағы әлеуетті түсіндіруде белгілі бір нақты деректермен қамдайды. ЭЭГ бойынша нәзік толқындарды сезетін электродтар бас терісіне жапсырылып, күрделі бағдарламалық жүйе арқылы мидан шыққан биоэлектрлік толқын жазып алынады. ЭЭГ арқылы ми нейрондарындағы ионды қозғалыстар тудырған толқындар кернеуі өлшенеді.[2] Мұнда зерттеу назары ЭЭГ әдіснамасы арқылы нейробиологиялық синхронизацияға ("нейорндық тербеліс", ауыз екі тілде тілде "Ми толқыны" деп те аталады) бағытталып, ЭЭГ ақпары (сигнал) жазып алынады.

Клиника саласы ЭЭГ технологиясын мидағы табиғи биоэлектрлі толқындардың уақыт бойынша периодты өзгерісін тіркеуге қолданады. Бұл үшін бас терісінің көп тұсына түрлі электодтар жапсырылып, ондағы биоэлектрлі толқындар жинастырылады, және соңында оның қисық сызықты диаграммасы жасалады. Бұл арқылы науқас ауруының миға әсерін және мидың өзіндегі аурулар туралы белгілі бір ақпарат қорытындыланады. Дегенмен, ЭЭГ басқа әсерлердің кедергісіне оңай ұшырайтындықтан оны медицинада әдетте басқа әдістермен бірлестіріп қолдану керек.

ЭЭГ көбінесе Қояншық (эпилепсия) ауруына диагноз қоюға пайдаланылады. Өйткені қояншық ЭЭГ жазбасында қалыпсыздығын анық байқатады.[3] ЭЭГ сондай-ақ ұйқысыздық, Кома (толық естен тану), Энцефалопатия (ми жүйке талшықтары ауруы) секілді ауруларға және ми өлімін (Brain death) анықтауға қолданылады.

ЭЭГ кезінде ісікті, инсульт және басқа да өзекті ауруларды анықтаудың бірінші дәрежелі амалы болған. Бірақ бұл жоғары дәлдіктегі анатомиялық елестету технологиясы пайда болған соң саябырси бастады: Магниттік-резонанстық томография (МРТ, MRI) және компьютерлік томография (КТ, CT) қатарлылар. Кеңістіктік дәлдік шекті болса да, ЭЭГ баяғыдай зерттеу мен диагностикада өте маңызды құрал есептеледі. Әсіресе, миллисекундтық шамадағы уақыт дәлдігі керек болғанда, бұл әдісті әле ештеңе баса алмайды (МРТ пен КТ ондай дәлдікті көрсете алмайды).

Бұл технология сондай-ақ когнитивистикада, когноитивті психологияда, психофизиологиялық зерттеулерде кең қолданылады.

1875 жылы Ливерпульда практика жасаған физик Ричард Катон (Richard Caton, 1842–1926) өзінің қоян мен маймылдың ми шарында электрлі құбылыс болатыны туралы байқауын Британия медицина журналында (British Medical Journal) жариялады.

1890 жылы Польша физиологі Адольф Бек (Adolf Beck) қоян мен иттің миында табиғи электрлі құбылыс болатынын, туралы зерттеуін жариялады. Зерттеуде бұл электрлі құбылыста жарыққа байланысты ритмді толқу болатыны туралы мазмұн қамтылған. Сөйтіп Бек хайуандардағы мидың электрлі құбылысы туралы эксприментті зерттеуін бастайды. Бек электродтарды мидың сыртқы бетіне орналастырып, сезім әсеріне тест жасайды. Оның мидағы тербеліс қозғалысы туралы бақылаулары ми толқыны болатыны туралы қорытындыға әкелді.

1912 жылы Украина физиологі Владимир Владимирович Правдич-Неминский алғашқы хайуанаттарға жасалған ЭЭГ-ні және сүтқоректілердегі Қозғатылатын әлеует (evoked potential) туралы зерттеуін жариялады (итке) . 1914 жылы Napoleon Cybulski және Jelenska-Macieszyna науқастың миының ЭЭГ жазбасын сызды.

1924 жылы неміс физиологі және психиатрі Ханс Бергер (Hans Berger 1873–1941) тұңғыш ЭЭГ жазбасын жасады. Ол Катон және басқаларының хайуанаттарға жасаған тәжірибесін кеңейтіп, "electroencephalogram" деген атау беріп, "клиникалық неврология тарихындағы өте таңғажайып, ұлы және шешуші маңызға ие даму" деп бағаланды. Оның бұл жаңалығының маңызын алғаш рет 1934 жылы Британия ғалымы Edgar Douglas Adrian and B. H. C.

  1. – сұрақ Шақырылған потенциалдар әдіс

Шақырылған потенциалдар – әдістеме берілген рецептордан келіп,ақпараттарды өңдеуге қатысатын, мидың барлық құрылымдарын бағалауға мүмкіндік беруімен қызықты. Егер мидың аталған бөлігіне (алып кететін электродтар бар жер) ақпарат түссе, онда осы аймақта шақырылған потенциалдар тіркеледі.

ШақырылғанШақырылған потенциалдар- көру, есту, немесе перифериялық нервтердің электростимулияцияға жауап беруі кезінде бас миының биоэлектрлік активтілігі

Көру потенциялдарымен шақырыл-ғандар

Көзден бастап бас миына дейінгі аралықтарғы бұзылыстардың бар жоқтығын анықтау , көру жүйесін зерттеу мақсатында қолданылады. Бұл әдіс склероз, ретробульбарлы неврит диагностикасында сонымен қоса глаукома, артерит, қант диабеті тағы басқа бұзылыстарда қолданады.

Есту потенциялдарымен шақырылғандар

Есту жүйесін зерттейтін әдіс. Есту және вестибулярлы жүйесінің құлақ рецепторларынан ми қыртысына дейінгі деңгейі мен характерін анықтауға көмектеседі. Бұл зерттеу әдісі басы айналатын, ести алмайтын, құлақта шу және дыбыстар есту, вестибулярлы бұзылыстары бар адамдарды зерттеуге арналған. Осы әдіс ЛОР органдар патологиясы үшін қолданады.

Соматосенсорлы потенциалдармен шақырылған.

Бұл метод тері сезім мүшелерінен ми қыртысына дейінгі сезім жағдайын зерттеуге қолайлы. Склероз, фуникулярлы миелоз, полинейропаия, Штрюмпель ауруы, әр түрлі жұлын ауруларының диагностикасын зерттеу мақсатында қолданады. Бұл әдіс аяқ қол онемениясы, ауру сезімі, температура , тағы басқа сезім мүшелерін зерттеу мақсатында қолданады.

Тері симпатиялық потенциялдармен шақырылған

Вегетативті нерв жүйесін зерттейтін әдіс. ВНЖ тамыр тонустарын, тыныс және жұрек соғыстарын жиілігіне жауап береді. Олардың жиілігі түседі немесе белсенеді. Бұл әдіс емдеуде диагностика жасауға өте маңызды.


  1. Стереотаксикалық әдіс ме

Стереотаксикалық әдіс – ми құрылымдарының бұзылысы, жеке жеке жолдардың кесілуін қамтамасыз етеді. Адамның немесе жануардың миының нақты бөлімдеріне және нақты тереңдігіне электродтарды енгізу арқылы іске асады.

Стереотактикалық әдіс – мидың кез-келген бөлігінде травмалық хирургиялық жолмен қамтамасыз етудің практикалық міндеттері мен математикалық әдістер негізінде шешіледі және негізінен рентгендік бейненің геометриялық қасиеттерін дұрыс түсінумен байланысты.

Стереотаксис әдісі 2 этаптан тұрады.

1- этап:

*Томография

*Патологиялық ошақтың

Координаттарын анықтау

2- этап:

*Стереотаксикалық

Аппаратты кию және миға

Енгізу

Стереотаксис әдісі мынандай ауруларды емдеуде қолданылады:

Мидың зақымында;

Гемотомада ;

Ісіктерде(Гипофиз аденомасы, менингиома);

Инородное тело;

Функциональды бұзылыстарда Паркинсон

Ауруы,эпилепсия,тоқтаусыз ауырсыну,және т.б)

Қозғалыс бұзылыстары;

Психиатриялық ауруларда;

Эссенциальді тремор;

Дистония;

Туретта синдромы;

Депрессия;
21 Реоэнцефалография – Бұл мидағы қан айналымының жүйесіндегі өзгкрістерді бағалау үшін қолданылатын әдіс.Реоэнцефалографиялық әдіс ми қабырғаларының серпімділігі мен тұрақтылығы , кернеулігі туралы, шеткі тамырлық кедергілерді,пульстік қан толу шамасын зерттейді. Тағыда артерия мен көктамырлық жүйесінің жағдайын, ми тамырларының диаметірінің әр түрлілігі туралы жеке ақпарат беріп отырады.Көбнесе бұл әдіс атеросклерозын және оның накты дәрежесін анықтауға жеткізеді.
22. Компьютерлік томография әдістері

Компьютерлік томограф ағзаның барлық бөлімдері мен жүйелеріне зерттеуді жүргізуге мүмкіндік береді. Қарама-қарсы түстерді қолданып, бағдарламаның арнайы пакеттерін қосу арқылы жүректің атеросклерозы күре тамырының зақымдану деңгейін анықтауға, остеопороз ауруына күдіктенген жағдайда, сүйек тіндерінің минералды тығыздығын анықтауға мүмкіндік береді. 

Мультиспиральды КТ-дан тексерілудің ұсынылатын әдістерінің тізімі өте көп. Осыған рентген контрастық заттар (тек ионды емес рентген контрастық заттар қолданылады) және нақты мөлшерлеу үшін автоматтандырылған шприц секілді қосымша құралдардың болуы әрекет етеді. Контрасттық заттарды күре тамырдың ішіне салу – тамырды зерттеу үшін қолданылады. Компьютерлік томографты әртүрлі бағдарламалармен жүргізу сапасы Фрайбург қаласы Университеттік клиникасының жетекші мамандарымен жоғары бағаланған. 2015 жылы пациентке азайтылған сәулелік күш түсіру хаттамасы тәжірибеге енгізілді. 

Бөлімшеде жүргізілетін зерттеулер:

•      1. Басқа арналған КТ

•      2. Мойын тұсын зерттеу

•      3.Буынды зерттеу

•      4. Көкірек қуысын зерттеу

•      5. Ішастар қуысы мүшелерін зерттеу

•      6. Омыртқаны зерттеу

•      7. Сүйек жүйесін зерттеу

•      8. Тамырды зерттеу

•      9. Пункция және биопсия

23. Автономды нерв жүйесінің функционалды ерекшеліктері.

Вегетативті (автономды) жүйке жүйесі — ішкі мүшелердің, ішкі және сыртқы секреция бездерінің, қан және лимфа тамырларының қызметін реттейтін нерв жүйесінің бөлімі.

Вегетативті (автономды) жүйке жүйесі — ішкі мүшелердің, ішкі және сыртқы секреция бездерінің, қан және лимфа тамырларының қызметін реттейтін нерв жүйесінің бөлімі.

Вегетативтік жүйке жүйесі
Функциялары
1. Ағзаның барлық органдары мен тіндерінің (қаңқа бұлшық етінен басқа) функцияларын жүйкелік басқару (регуляциясы);

2. Зат алмасуының реттелу;

3. Ағзаның гомеостазын сақтау;

4. Барлық омыртқалардың бейімделу реакцияларына жауапты.

Вегетативтік жүйке жүйесінің ерекшеліктері:

  • Вегетативтік жүйкелер эфференттік жүйелер;

  • эффекторлы (қозғалғыш) нейрондар вегетативті жүйке өрімдерінің тораптарында (орталық жүйке жүйесінің шегінен тыс) орналасқан;

  • мидан органдарға дейін екінейронды эфферентті жүйке жолы;

  • Қозу қабіліті денелік жүйке жүйесіне қарағанда төмен, және қозу өте баяу өтеді.

Автономды (вегетативті) рефлекс доғасының эфферентті бөлімдері

Вегетативтік жүйке жүйесінің құрылысы

  • Анатомиялық және функционалдық вегетативті жүйке жүйесі симпатикалық, парасимпатикалық және метасимпатикалық болып бөлінеді.

  •  Ағзаның барлық құрылымдары мен жүйелері вегетативтік жүйке жүйесінің талшықтарымен инерцияланады. Вегетативтік жүйке жүйесінің бөлімдері адам санасының қатысуынсыз органдар мен жүйелердің автоматты реттелуін қамтамасыз ете отырып, салыстырмалы функционалдық антагонизмде болады.

  •  Маңызды органдардың қос инвервациясы бар. Қуыс ішкі мүшелерде үш (симпатикалық, парасимпатикалық және метасимпатикалық) иннервация бар.

Вегетативтік жүйке жүйесінің негізгі медиаторлары

Соматикалық(А), Симпатикалық(В),Парасимпатикалық(С) тіндер иннервациясы


Вегетативті жүйке жүйесі

Симпатикалық жүйке жүйесі

Парасимпатикалық жүйке жүйесі

Метасимпатикалық жүйке жүйесі
Симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдерде орталық және шеткі бөліктері бар

  •  Вегетативтік жүйке жүйесінің орталық бөлігі вегетативтік ядро — жұлын және бас миында жатқан нейрондардың денелерін құрайды. Олар вегетативтік жүйке жүйесінің барлық үш бөлігінің жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады.

  •  Вегетативтік нерв жүйесінің шеткі бөлігі ядролардан шығатын нерв талшықтарын, орталық нерв жүйесінен тыс жатқан вегетативтік ганглияларды және ішкі органдардың қабырғаларындағы жүйке тораптарын құрайды.

24. Автономды нерв жүйесінің құрылысы. Автономды нерв жүйесінің

симпатикалық, парасимпатикалық және метасимпатикалық бөлімдері.

Вегетативті жүйке жүйесінің симпатикалық бөлімі

 

  • Симпатиқалық жүйке жүйесінің түйіндері жотаны бойлай әрбір омыртқаның екі жағында тізбектелген және омыртқалар алдында алысырақ орналасқан үш мойын ганглийі, оның ішінде жұлдыз тәрізді түйін, құрсак қуысында шажырқайлық ганглийлер бар.

  • Симпатикалық жүйке жүйесі зат алмасуды күшейтеді, көптеген тіндердің қозуын арттырады, белсенді қызметке ағзаның күшін жұмылдырады. 

  • Симпатикалық бөлім адреналин әсерінен қозады.

Вегетативті нерв жүйесінің парасимпатикалық бөлімі

 

  • Парасимпатикалык жүйке жүйесінің ганглийлері- ағзалар ішіндегі интрамуральдық түйіндер түрінде орналасқан.

  • Парасимпатикалық жүйе жұмсалған энергия қорын қалпына келтіруге ықпал етеді, ұйқы кезінде ағзаның жұмысын реттейді.

  • Парасимпатикалық бөлімі ацетилхолиннің әсерінен қозады.

Вегетативтік жүйке жүйесінің метасимпатикалық бөлімі

  • Метасимпатикалық нерв жүйесі ас қорыту жолдарының, қуықтың, жүректің және басқа да кейбір мүшелердің қабырғаларынды жүйке тораптары мен ұсақ ганглийлер түрінде кездеседі.

  • Функциясы: ішкі органдар арасындағы байланысты жүзеге асырады, жергілікті вегетативті рефлекстер. 

  • Ағзадан алынған көптеген ішкі органдар өздеріне тән функцияларды орындауды жалғастыратыны белгілі. Мысалы, ішектің перистальтикалық және сіңу функциясы сақталады. Мұндай салыстырмалы функционалдық тәуелсіздік осы органдардың қабырғаларында вегетативтік жүйке жүйесінің метасимпатикалық бөлімінің болуымен түсіндіріледі.

Жүйке жүйесінің метасимпатикалық бөлімінің ерекшеліктері:


Өзінің нейрогенді ырғағы бар және өзіндік рефлекторлық қызметке қажетті буындардың толық жиынтығы бар: сезімтал, аралық және эффекторлы нейрондары тиісті медиаторлық қамтамасыз етілген.



    • Шектеулі: кейбір ішкі органдарды ғана қамтиды.


Өз сенсорлық элементтері бар (механикалық-, хемо-, термо-, осморецепторлар), олар өздерінің ішкі желілеріне иннервацияланатын органның жай-күйі туралы ақпаратты жібереді, сондай-ақ сигналдарды ОЖЖ-де беруге қабілетті.



    • Оның орталық аппараты жоқ; оның ОЖЖ-мен байланысы симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдердің нейрондарымен жүзеге асырылады.

  • Функцияны реттеудің арнайы жергілікті метасимпатикалық механизмдерінің болуы белгілі бір физиологиялық мағынаға ие. Олардың болуы функцияларды реттеу сенімділігін арттырады. Бұл реттеу орталық құрылымдармен байланысты өшіру жағдайында орын алуы мүмкін. Бұл ретте ОЖЖ артық ақпараттан босатылады.

  •  Бұзылған метасимпатикалық жолдары бар органдар үйлестірілген моторлы қызметке және басқа да функцияларға қабілетін жоғалтады.

Симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдердің жеке органдарға әсері


Симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдердің жеке органдарға әсері





СИМПАТИЧЕСКИЙ БӨЛІМІ:

  • жүректің жиырылу жиілігі мен күшін арттырады;

  • адреналин шығарылуын ынталандырады;

  • қандағы глюкоза деңгейін арттырады;

  • қан қысымын арттырады;

  • бас миының, өкпенің және коронарлық артериялардың кеңеюін тудырады;

  • ішектің перистальтикасын және ас қорыту бездерінің (сілекей) жұмысын тежейді, тегіс бұлшықет сфинктерін азайтады;

  • несепағардың перистальтикасын азайтады, бұлшық етті босаңсытады және қуық сфинктерін азайтады;

  • бронхтар мен бронхиолдарды кеңейтеді, өкпе желдеткішін күшейтеді;

  • көз қарашықтарын кеңейтеді,


ПАРАСИМПАТИКАЛЫҚ БӨЛІМ:

  • жүректің жиырылу жиілігі мен күшін азайтады;

  • қандағы глюкоза деңгейін төмендетеді;

  • қан қысымын төмендетеді;

  • ішектің перистальтикасын күшейтеді және ас қорыту бездерінің (сілекей) жұмысын ынталандырады, тегіс бұлшықет сфинктерін босаңсытады;

  • несепағардың перистальтикасын күшейтеді, бұлшық еттер мен қуық сфинктерін босаңсытады;

  • бронх және бронхиолды тарылтады, өкпенің желдетілуін азайтады;

  • көз қарашықтарын тарылтады.



  1. Симпатикалық және парасимпатикалық бөлімдердің жекелеген органдарға әсері.

СИМПАТИКАЛЫҚ БӨЛІМ:

  • жүректің жиырылу жиілігі мен күшін арттырады;

  • адреналин шығарылуын ынталандырады;

  • қандағы глюкоза деңгейін арттырады;

  • қан қысымын арттырады;

  • бас миының, өкпенің және коронарлық артериялардың кеңеюін тудырады;

  • ішектің перистальтикасын және ас қорыту бездерінің (сілекей) жұмысын тежейді, тегіс бұлшықет сфинктерін азайтады;

  • несепағардың перистальтикасын азайтады, бұлшық етті босаңсытады және қуық сфинктерін азайтады;

  • бронхтар мен бронхиолдарды кеңейтеді, өкпе желдеткішін күшейтеді;

  • көз қарашықтарын кеңейтеді;

ПАРАСИМПАТИКАЛЫҚ БӨЛІМ:


  • жүректің жиырылу жиілігі мен күшін азайтады;

  • қандағы глюкоза деңгейін төмендетеді;

  • қан қысымын төмендетеді;

  • ішектің перистальтикасын күшейтеді және ас қорыту бездерінің (сілекей) жұмысын ынталандырады, тегіс бұлшықет сфинктерін босаңсытады;

  • несепағардың перистальтикасын күшейтеді, бұлшық еттер мен қуық сфинктерін босаңсытады;

  • бронх және бронхиолды тарылтады, өкпенің желдетілуін азайтады;

  • көз қарашықтарын тарылтады

● Симпатикалық жүйке жүйесі барлық ағзаларды жүйкелендіреді: жүрек, тамырлар, бронхтар, АІЖ-ң ГАМҚ-ы, несеп-жыныс жүйесінің ГАМҚ-ы, тері бездері, бауыр, қарашық бұлшықеттері, жатырды, липолиз жүретін тіндер, гликогенолиз, бүйрек үсті бездерін, ішкі секрецияның басқа да бездері.

Симпатикалық жүйке жүйесі ағзалардың жұмыс қабілеттілігін айтарлықтай жоғарылатады. Яғни оның әсерінен гликогенолиз, гликонеогенез, липолиз жоғарылап, жүрек қан тамыр жүйесінің қызметі күшейеді, яғни қан массасының гипоксияға шыдамды аймақтардан қайта таралуы жүреді. Бұл аймақтарда оттегі мен энергия көзі - тіршіліктің негізі болып табылады. Өкпе желдетілуінің жақсаруы жүреді. Сонымен бірге, симпатикалық жүйке жүйесінің белсенуі эякуляция үдерістеріне алып келеді.

Жалпылай алғанда, симпатикалық жүйке жүйесінің эрготропты қызмет атқаратындығы туралы көптеген ғалымдардың ойымен келісуге болады. Яғни ол ағзаның белгілі бір деңгейде жұмыс қабілеттілігін көтеріп, ағзаның тіршіліктік қорларын жоғарылатады.

● Парасимпатикалық жүйе жүректе жиіліктің, күштің, өткізгіштіктің, қозғыштықтың тежелуін, ГАМҚ бронхтарында белсендіруге, кеңірдек пен бронхтардың шырышты жасушаларының – белсендіру, АІЖ шырышты жасушаларын – белсендіру, АІЖ сфинктері мен қуықтың сфинктеріне босаңсыту, детруссор қуықтың бұлшық етін- белсендіру, қарашық сфинктерін белсендіру, көздің кірпікшелі бұлшықетін – белсендіру, жыныс ағзалары тамырларының қан толуының жоғарылауын, сілекей бездерінің белсенуі, жас сұйықтығының бөлінуін күшейтеді. Жалпы алғанда, папасимпатикалық талшықтардың қозуы гомеостаздың қалпына келуіне, яғни трофотропты әсердің дамуына алып келеді.

26.Автономды нерв жүйесі жұмысының реттелуі.

Вегетативтік қызметті реттеуде ми бөлімдерінің рөлі:

1.Гипоталамус- жоғарғы вегетативтік орталық. Онда 50 жұп ядролар бар. Олар 3 топқа біріктірілген:

-алдыңғы топ ядросы –ПЖЖ қозғандағы тиімділіктерді тудырады.

-артқы топ ядролары-СЖЖ қозғандағы тиімділіктерді тудырады.

-ортаңғы топ ядролары –тағамдық тәртіпті түзеді (ашығу, тойыну).

• Гипоталамус эффекторлық (АДГ, окситоцин) және гипофиздің троптық гормондарын (гипоталамустың гормондарымен өндіріледі: либерин мен статин) түзеді.

2.Лимбиялық жүйе- ЖҚТЖ, асқорыту, тыныс алу және т.б. жүйелер әрекетінің бейімделуші реттелісінде қатысады. Бұл қажеттілік пен эмоцияның түзілуінде байқалады.

3. Торлы құрылым. Оның нейрондары сопақша мидың тыныс алу, тамыр жылжытқыш орталықтарын түзуге қатысады.

4. Мишық өз әсерін СЖЖ мен ЭБ арқылы орындайды. Ол гомеостазды тұрақтандырады.

5. Ми қыртысы-организмнің барлық жүйелер әрекетін біріктіреді. Осының арқасында организмнің шартсыз және шартты рефлекторлық іс әрекеті қамтамасыз етіледі.

Леон Абгорович Орбелидің ойы бойынша, мишық - ағзаның автономды қызметінің реттелуінде маңызды орын алады. Орбели бойынша мишық симпатикалық жүйке жүйесі сияқты бейімдеушілік - трофикалық қызмет атқарады, яғни ол бұлшықеттік жұмысты істеу үшін ағзаның барлық қорларын белсендіруге қабілетті болады. Қозғалыс белсенділігін реттеуге қатысаты аса маңызды орталықтардың бірі болып табылатын - мишық - бұлшықет белсенділігін автономды қамтамасыз етудің реттеуіне де қатысуы қажет. Сонымен, мишық тепе-теңдік қызметін сақтап қана қоймай, осы периодтағы автономды қызметтердің үйлесуін қамтамасыз етеді.

Алайда, мишықты алып тастағанда, өлім пайда болмайды. Бірақ бұл кезде зерттелушілердің айтуы бойынша автономды реттелу бұзылады.

Мишық вегетативті жүйке орталықтарының қозғыштығына әсер ету арқылы қимылдық әрекеттерді орындау үшін ағзаның бейімделуіне алып келеді. Осы позиция тұрғысынан мишықты вегетативті жүйке жүйесі мен соматикалық жүйке жүйесі арасындағы дәнекерлеуші ретінде қарастыруға болады. Мишықтың жүрек жұмысына артериялық қысымның көлемін, регионарлы қан ағысын өзгертуге, сонымен қатар тыныс алудың тереңдігі мен жиілігіне АІЖ-нің моторлық, секреторлы, сіңірілу қызметтеріне, өт түзілу үдерісіне, қуықтың бұлшықет тонусына әсер ететіні көрсетілген. Мишықтың зақымдалуы кезінде көмірсулық, нәруыздық және минералды алмасулар, энергия түзілу мен термореттелу, қан түзілу үдерістері бұзылады. Мишық сонымен қатар, репродукция үдерісінің реттелуіне қатысады.

Сонымен, мишық автономды қызметтердің реттеу үдерісінде маңызды орын алады.
27 .Перифериялық рефлекстер

Вегетативтік жүйке жүйесі атқаратын қызметтердің бірі - шеткі ( перифериялық) рефлекстер тууын қамтамасыз ету.

Шеткі рефлекстердің төмендегідей 3 түрі бар:

1) Висцеро-висцеральдық (ағза-ағзалық) рефлекстер. Белгілі бір интероқабылдағышты тітіркендірсе, екінші бір ағзаның қызметі рефлекстік жолмен өзгереді. Мәселен, қуықтық кілегейлі қабығын тітіркендірсе жүрек соғуы рефлекстік жолмен өзгеруі мүмкін.

2) Висцеродермалық (ағза-тері) рефлекстер. Белгілі бір ішкі ағза қабылдағышын тітіркендірсе, терінің белгілі бір нүктесінің сезімталдығы шектен тыс күшейеді. Мәселен, қарынның кілегейлі қабығында жара болса, адамның 12-де кеуде омыртқасының артқы өскіні тұсындағы тері өте сезімтал болады да басқан кезде қатты ауырады. Ауруды анықтауда мұндай рефлекстердің үлкен маңызы бар.
3) Дермовисцеральдық (тері-ағза) рефлекстер. Әрбір ішкі ағзаның тері бетімен байланысқан жері бар. Сол жерге әсер етсе, онымен байланысқан ағзаның қызметі өзгереді. Мәселен, жылытса, мұз қойса, ол ағзаның қызметі рефлекстік жолмен өзгереді.

Жатырдың жиырылуын күшейтіп, оның қан тамырларын тарылту үшін құрсақтың (іштің) төменгі жағына мұз қояды.

Вегетативті шеткі рефлекстер жануардың жұлынын алып тастағанда да сақталады. Сондықтан бұлар вегетативтік түйіндердің қатысуымен орындалуы мүмкін. Кейбіреулердің

пікірі бойынша, шеткі рефлекстер тек аксон тармақтары арқылы да орындалады.

  1   2   3   4


написать администратору сайта