Главная страница
Навигация по странице:

  • Сабақтың типі

  • Дамыту

  • Көрнекі құралдар

  • Сабақ барысы

  • 3. Жаңа тақырыпты зерделеу (Изучение нового материала)

  • 4. Жаңа тақырыпты пысықтау (Закрепление новой темы)

  • 6. Сабақты қорытындылау (Подведение итога урока)

  • Оқытушы: Суиндыкова С .Т Жеке гигиенасы болмаған жағдайда, пацинетке көмектесу.

  • Тері күтімі. Ойылулардың алдын алу және емдеу. Денесін сүрту Тері кутімі және ойылулардың алдын алу Науқасты жуындыру

  • Ауызды шаю,Көз күтімі, Кұлақ күтімі.

  • Тері кутімі және ойылулардың алдын алу

  • Ауыр халдегі науқас әйелдің астын жуып шаю

  • Ауыз қуысы, көз, құлақ, мұрын және шаш күтімі

  • Педикулез анықталғанда науқасқа жүргiзiлетiн санитарлық өңдеу

  • Медицина. №4 Лекция МІН. Смж н. 0506 4 Сабаты оу дістемелік жоспары Учебнометодический план заниятия 4 Топ


    Скачать 31.84 Kb.
    НазваниеСмж н. 0506 4 Сабаты оу дістемелік жоспары Учебнометодический план заниятия 4 Топ
    АнкорМедицина
    Дата06.05.2021
    Размер31.84 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла№4 Лекция МІН.docx
    ТипУрок
    #202070

    С этим файлом связано 3 файл(ов). Среди них: коммун.docx, реф 1.docx, коммун.docx.
    Показать все связанные файлы
    Подборка по базе: Алгебра 050601 каз СРЗ.doc


    СМЖ Н. 05-06

    4 Сабақтың оқу- әдістемелік жоспары

    Учебно-методический план заниятия №4
    Топ (Группа)

    Күні (Дата) -

    Тақырыбы (Тема) Жеке гигиенасы болмаған жағдайда, пацинетке көмектесу

    Сабақтың типі (Тип урока) теория

    Оқыту әдістері (Методы обучения) дәріс

    Сабақтың мақсаттары (Цели урока)

    Білімділік (Образовательная) Тиімді емдеуде пациенттің жеке гигиенасының маңыздылығы.

    Ауыр науқастардың төсегін дайындау, төсек төсеніштерін ауыстыру, жаялықты бойлық және көлденең жолдармен ауыстыру, іш киімін ауыстыру: науқастың тері жамылғысына гигиеналық талаптар. Ауыз қуысына, тістерге, тіс протезіне күтім жасау. Ауыз қуысына, тістерге, тіс протезіне күтім жасау. Пациентті қырындыру.

    Дамыту (Развивающая) Нақты шешім қабылдауға, логикалық ойлауға, сараптама жүргізуге қалыптастыру.

    Пәнаралық байланыс (Межпредметная связь) Патологиялық анатомия, патологиялық физиология, микробиология, фармакология, мейірбике ісі негіздері.

    Көрнекі құралдар (Наглядные пособия) дәрістік материал, тестер,оқулық таблицалар
    Сабақтың құрылымы (Структура урока)


    Ұйым

    дастыу

    (орг. момен)


    Өзектілі

    гі (актуа

    лизация)

    Жаңа

    сабақты

    зерделеу

    (изучение

    нового

    материала)

    Жаңа сабақты пысықтау

    (закрепление нового материала)

    Өзіндік жұмыс

    (самостоятельная работа)

    Үй

    жұмысы

    (д/з)

    Сабақты қорытындылау(подведение итогов)

    3 - 5

    15-20

    50-55

    10

    -

    2

    3


    Сабақ барысы / Ход урока/

    1.Ұйымдастыру кезеңі (Организационный момент) Студенттердің сыртқы келбетіне назар аудару, түгелдеу, келмегендерді белгілеу, себебін анықтау, сабақтың тақырыбы және жоспарымен, мақсатымен таныстыру, назарларын сабаққа аудару.

    2 Өзектілігі (Актуализация)

    Көзге, құлаққа, мұрынға күтім жасау. Ауыр науқастың басын жуу, тарау.Ауыр науқастың төсекте аяғын жуу,аяқ, қол тырнақтарын алу. Суднаны және зәр қабылдағышты беру. Әйел және ер адамды жуындыру. Науқасқа суднаны және зәр қабылдағышты өз еркімен қолдануды үйрету.
    3. Жаңа тақырыпты зерделеу (Изучение нового материала):

    Дәріс жоспары:

    1. Өте Тиімді емдеуде пациенттің жеке гигиенасының маңыздылығы.

    2 . Ауыз қуысына, тістерге, тіс протезіне күтім жасау. Ауыз қуысына, тістерге, тіс протезіне күтім жасау. Пациентті қырындыру.

    4. Жаңа тақырыпты пысықтау (Закрепление новой темы) :

    Сабақты бекіту үшін студенттерден ауызша сұрау.

    5. Үй тапсырмасы (Д/з ) Тамақ және пациентті тамақтандыру. Медициналық мекемелердегі тамақтануды ұйымдастыру

    Негізгі әдебиет:

    6. Сабақты қорытындылау (Подведение итога урока)

    Түсініктеме беріп студенттерге баға қою,белсенді және сабаққа нашар қатысқан студенттерді атау, қиындық тудырған сұрақтарға жауап беру, электронды журнал толтыру.

    Оқытушы:Суиндыкова С


    Жеке гигиенасы болмаған жағдайда, пацинетке көмектесу.

    Науқастың жеке басының тазалығы Терінің күтімі. Ойық жараның алдын алу және оның емі. Науқастың киімін және төсек орнын ауыстыру



    1. Тері күтімі. Ойылулардың алдын алу және емдеу.

    2. Денесін сүрту

    3. Тері кутімі және ойылулардың алдын алу

    4. Науқасты жуындыру

    5. Ауызды шаю,Көз күтімі, Кұлақ күтімі.

    Тері күтімі. Ойылулардың алдын алу және емдеу. Төсек орын мен іш киімді ауыстыру.
    Науқастың жеке басы тазалығын сақтау, палата мен төсек орнын таза ұстау емнің нәтажелілігі үшін қажет. Аурудың ағымы мен нәтижесі үшін науқас жатқан ортаның маңызы зор. Бұл ең алдымен палата тазалығы , таза төсек - орын, жеке басы тазалығы ережелерін сақтау, науқасты уақытымен тамақтандыру.
    Ауыр халдегі науқастарға төсекте неғұрлым ыңғайлы жағдай жасау қажеттігі төсектің құрылымына белгілі бір талаптар қояды. Науқастың төсектегі қалпы ыңғайлы, тесек-орны таза, матрац тегіс болуы керек.
    Науқасқа ыңғайлы жағдай жасау үшін жастықшаларды, қосымша жастықтарды, жұмыр жастықтарды, аяқтарға тіреуіш және омыртқасы зақымданған науқастарды жатқызу қажет болғанда ағаш тақта пайдаланады. Нәжісі мен зәрі тоқтамайтын науқастардың матрацының үстіне клеенка төсейді.
    Жастықтар орташа болуы қажет, кейде науқасқа биік жастықта (ауыр ентігуде), кейде төмен (наркоздан шығарда) немесе жастықсыз жатқан ыңғайлы.

    Денесін сүрту

    Егер науқасқа жартылай өндеу - денесін сүрту - тағайындалса, онда жылы су, сүлгі, клеенка, көрпе дайындап алған жөн. Суға антисептикалық әсер ететін зат (калий перманганатын) қосуға болады.

    Іс-әрекеттің реті: 1. Науқастың астына клеенка төсеу. 2. Суға матырылған сүлгімен, науқастың денесін толық ашпай, жеке бөліктерін бірінен соң бірін сүрту. Содан кейін орамалмен құрғату, сол бөлікті көрпемен жабу. Дененің басқа бөліктерін де осылай ретпен сүрту. 3.Сырқатнаманың сыртқы бетіне науқасқа санитарлық өңдеу жүргізілгені туралы белгілеу.

    Тері кутімі және ойылулардың алдын алу

    Тері қорғаныш, шығару, жылу реттегіш және аналитикалық (тері сезімталдығы) қызметтер атқарады. Тері, оның тер бездері арқылы су, мочевина, зәр қышқылы, натрий, калий және басқа заттар шығарылады. Тыныштықта қалыпты температурада тәулігіне 1 литрге жуық тер бөлінеді, ал қызбасы бар науқастарда - анағұрлым жоғары. Тер бөліну ағзаның негізгі жылу реттегіші болып табылады. Кейбір аурулар кезінде тербөліну күрт артады, ал булағанда теріге зиянды алмасу өнімдері қалып қояды. Сондықтан тері таза болуы керек - мұндай науқастардың іш киімдерін жиірек ауыстырып, терісін құрғақ таза орамалмен, одеколонмен, спирт қосылган сумен (1:1), ерітіндімен (1 стакан су+1 ас қасық сірке суы+1 ас қасық камфор спирті) сүртіп отырған жөн. Әсіресе шат аймағына, колтық астына, әйелдерде - емшек бездері астындағы қыртысқа ерекше көңіл бөлу қажет.
    Теріні мұқият күту әсіресе ұзақ уақыт төсек тартып жатқан науқастар үшін өте маңызды. Қарсы көрсеткіштер болмаған жағдайда науқастар аптасына 1 реттен кем болмайтындай жиілікте гигиеналық душ қабылдайды. Төсектік тәртіптегі науқастардың тері жабындылары спирт, одеколон, асханалық сірке суы қосылған қайнаған жылы суға матырылған тампонмен күнделікті сүртіледі. Қолдары әр тамақ ішерде, ал аяқтары -аптасына 2-3 рет жуылады.

    Науқасты жуындыру


    Жылы су құйылған леген, сүлгі дайындап алу керек. Іс-әрекет реті: 1. Қолдарынызды жуып, қолғап киіңіз. 2. Сүлгіні суға матырып алыныз. 3. Дымқыл сүлгімен науқастың бетін, содан кейі құлақтарын, мойнын, қолдарын сүртіңіз. 4. Екінші сүлгімен кұрғатыңыз. 5. Қолғапты шешіп, колдарыңызды жуыңыз.

    Сыртқы жыныс мүшелері мен шап аралығының терісі жиырылған жер күнделікті жууды қажет етеді. Өздігінен қозғалатын науқастар бұл үшін бидені пайдаланады. Ауыр халдегі науқастарды әр дәретке отырған сайын, ал нәжісі мен зәрі тоқтамайтындарды - шап қыртысы терісінің сызылуын және қабынуын болдырмау үшін күніне бірнеше рет шайып жуу керек. Әйелдерді жиірек жуып шаяды.

     

    Ауыр халдегі науқас әйелдің астын жуып шаю

    Жуып шаюға қажетті ыдысты (25-ЗО°С жылы су кұйылған Эсмарх кружкасын немесе басқа ыдысты). домалақтанған мақталарды, дәрет ыдысын, клленка, шымылдық, қолғап, корнцанг дайындау. Іс-әрекеттің реті: 1. Қолдарыңызды жуып, кептіріп, колғап киіңіз. 2. Науқасқа ісшараның жүргізілу ретін түсіндіріңіз. 3. Шымылдық кұрыңыз. 4. Науқастың астына клеенка төсеп, дәрет ыдысын қойыңыз. 5. Дайындалған қажетті заттарды науқастың төсегінің жанына әкеліңіз, 6. Науқасқа аяқтарын тізесінен бүгіп, арасын ашуын өтініңіз. 7. Шап үстін, сан аймаған, шап қыртысын мақтаны ауыстыра отырып жуыңыз. 8. Үлкен жыныс еріндерін ашып, тері қыртысын мақтаны ауыстыра отырып, жоғарыдан төмен қарай абайлап жуыңыз. 9. Кіші жыныс еріндерін ашып, мақтаны ауыстыра отырып, жоғарыдан төмен қарай абайлап жуыңыз. 10. Жылы сумен шап аралығын жоғарыдан төмен қарай шайыңыз. 11.Сүлгімен мұқият құрғатыңыз. 12. Мақтаны ауыстыра отырып, тік ішек тесігін жуыңыз, 13. Оны құрғатыңыз. 14. Дәрет ыдысын алып тастаңыз. 15. Қолғапты шешіп, зарарсыздандырғыш ерітіндісі бар ыдысқа салыңыз. 16. Науқасқа ыңғайлы жатуына көмектесіңіз.

    17. Науқастың төсегін реттеңіз. 18. Қолданылған заттарды өңдеңіз. 19. Қолдарыңызды өңдеңіз

    Ауыз қуысы, көз, құлақ, мұрын және шаш күтімі

    Ауыз қуысының күтімі. Ауыз қуысын қарау. Науқас ауызын ашады. Мейірбике науқастың еріндері мен беттерін шпательмен тартады. Бадамша бездері мен жұлқыншақтың артқы қабырғасын карағанда шпательмен тілдің түбірін басып, науқасқа «а» дыбысын айтуды сұрайды. Ауыз қуысын, бадамша безі мен жұтқыншақты қарағанда күшейтілген жарық керек. Бұл үшін рефлектор-шамын немесе кез келген басқа рефлекторды қолдануға болады.

    Әр адамға ауыз қуысы күтімінің карапайым ережелерін сақтаған жөн: әрбір тамақ ішкеннен кейін ауыз қуысын сумен шаю, түнде және таңертең тісті тазалау, ейткені түні бойы ауыздың шырышты қабығы мен тістер эпителий клеткаларынан, шырыштан және микроағзадардан тұратын жұмсақ жұқа қабатпен жабылады. Қатты тағамдарды шайнағанда және тамақты жұтқанда ауыз қуысы өздігінен тазартылып отырады. Науқастарда жұқа қабатпен жабылу күшеюі мүмкін, өйткені ауыздың шырышты қабығы арқылы зат алмасу бұзылуның өнімдері шығарыла бастайды: бүйрек жетіспеушілігі кезінде азотты заттар, қант диабетінде -қант, сынап - сынапты улануда және т.б. Бұл заттар шырышты қабатты ластайды және микроағзалардың қарқынды дамуына әкеледі. Сондықтан ауыр науқастардың ауыз қуысынын күтімі өте мұқият, мейірбикемен жүргізілуі қажет.

    Ауызды шаю.

    Әрбір тамақ ішкеннен соң науқасқа аузын шаю үшін натрий гидрокарбонатының 0,5% ерітіндісі (сода) немесе натрий хлоридінің 0,9% ерітіндісі (физиологиялық ерітінді) беріледі. Содан кейін тілді сүртеді. Бұл үшін тілдің ұшын стерильді дәке сальфеткасымен орап, сыртқа шығарып және сол қолмен ұстап тұру керек, ал оң қолдағы пинцетке қыстырылған дымқыл домалақтанған мақтамен тілдің үстіндегі жұқа қабатты алып, тілді сүртеді және оған глицерин жағады.

    Ауыз қуысын жуу шприцтің, резеңке баллонның, резеңке тутігі және шыны ұшы бар Эсмарх кружкасының көмегімен жүргізіледі. Әлсіз ерітінділер: 0,5% натрий гидрокарбонаты, 0,9% натрий хлориді, 0,6% сутегінің асқык тотығы, калий перманганаты (1:1000) жэне т.б. Науқасты отырғызады немесе сұйыктық тыныс жолдарына ақпауы үшін басьш алдыға сәл еңкейтіп жартылай отырғызады. Мойын мен кеудені клеенкамен жабады, ал иек астына шылапшын немесе шағын леген ыдыс ұстатады, Төсектік тәртіптегі науқастың басын бір жаққа бұру керек. Ауыз ұртын шпательмен тартын, аздаған қысымды су ағынымен алдымен ауыздың кіре берісін, содан кейін ауыз қуысы жуылады. Егер ауыр науқаста алынатын тістер, протез болса, онда ауыз жуар алдында оларды алып, мұқият жуып, кұрғатып сүрту қажет. Протездерді суға салып сақтауға болмайды, өйткені дымқыл ортада протездің бетіндегі микробтар жақсы сақталады.

    Ауыздың шырышты қабығының кейбір ауруларында ауыз қуысын майлау тағайындалады. Қайнатылған шпатель мен пиицетті және бірнеше стерильді домалақтанған мақта стерильді ыдысқа салынады.

     

    Жайпақ шыны ыдысқа аздаған мөлшерде дәрі құйылады. Науқастың аузын аштырып, пинцетпен дәрі жағылған домалақтанған мақтаны алып, ауыз шырышты қабығының жараланған жеріне басады, содан кейін жаңа домалақтанған мақта алып басқа зақымданған жерге басады.

    Ауыз. Жұтқыншақ, танау шырышты қабығынан жағынды алу.

    Бұл үшін стерильді металл жаққыш (стерильді пробирканың тығыны арқылы өткізілген сымға бекітілген мақта тампоны) қолданылады. Бадамша безіндегі, таңдай имегіндегі немесе ауыз қуысы шырышты қабығындағы жара мен жұқа қабаттың шығарымдарын егу үшін науқасты жарыққа таман отырғызады, аузын кеңірек ашқызады. Сол қолдағы шпательмен науқастың тілінің түбірін басады, оң қолымен пробиркадан жаққышты абайлап алады, ешнәрсеге тигізбей жұқа қабатқа жетеді, жаққышпен бұл қабатты және оның шығаруларын сүртіп алады. Жағындыны танаудан алу үшін жаққышты өте абайлап сыртқы жағына тигізбей, алдымен бір, содан кейін екінші танау жолына енгізеді де егуге материал алады. Жағындыларды алғаннан кейін науқастың аты-жөнін, жасын, палатасын, материалдың атын және тексеру мақсатын көрсетіп лабораторияға бірден жіберген жөн.

    Көз күтімі.

    Көзден аққан іріңді алу үшін науқастың көздерін резеңке баллоннан немесе дәке тампонымен бор кышқылының 3% ерітіндісімен және риванол ерітіндісімен немесе риванолдың әлсіз ерітіндісімен немесе калий перманганатының әлсіз ерітіндісімен жуады. Аққан сұйықтықты жинау үшін шағын леген қолданылады, оны науқас иегінің астына ұстап тұрады. Көздердің қабыну ауруларында дәрі тамызылады немесе көз майлары жағылады. Сол қолмен төменгі қабақты жайлап тартып тұрып, науқасқа жоғары қарауын өтінеді де пипеткамен алдымен бір тамшы содан кейін екінші тамшыны көздің танауға жақын түбіне қүдды. Қабақтары жабысқанда аққан тамшылардың артығын домаланған мақтамен сорғызып алады. Пипетканы шаяды да көз тамызғышка салып кояды. Көз майын қабақтын ішіне шыны таяқшамен жағады. Таяқшаның ұшымен майды алады да астыңғы қабақты төмен тартып тұрып, оны төменгі өтпелі сызыққа тигізеді. Таяқшаны абайлап шекеге карай көлденең ұстал алып шығады.

    Кұлақ күтімі.

    Қулық қатып қалмас үшін науқастың кұлақтарын аптасына 2-3 рет тазалайды. Құлық кесек немесе ұнтақ түрінде болады. Олар есту жолында жиналып, оны бітеп қалуы мүмкін, сөйтіп естуді нашарлатуы ықтимал. Мұндай кезде есту жолдарын жуады. Сыйымдылығы 100 - 200 мл Және шприціне 36 - 37°С температурадағы суды толтырады. Науқасты жарық кұлаққа түсетіндей етіп, өзінің алдына қырымен отырғызады. Науқастың қолына шағын астаушаны құлақ жарғағының астына келтіре мойнына тіреп ұстатқызады. Сол қолмен құлақ жарғағын жоғары және артқа қарай тартып тұрып, шприцтін ұшын сыртқы есту жолына кіргізеді. Сұйықтықты есту жолының жоғарғы артқы қабырғасымен соққылап айдайды. Жуып болғаннан кейін есту жолын мақтамен құрғатады. Егер құлақ алынбаса, оны сода-глицеринді тамшылармен жібітеді. Жылытылған 7-8 тамшыдан 2-3 күн бойы күніне 2-3 рет құяды. Тамшыларды құйғаннан кейін біраз уақыт естудің нашарлауы мүмкін екендігі туралы науқасты ескертеді. Құлаққа тамшыларды пипеткамен тамызады. Науқастың басын сау жағына қарай қисайтады. Құлақтың сырғалығын сол колмен тартып тұрып, оң қолдағы пипеткамен есту жолына тамшыларды құяды. Сұйықтық құлақтан ағып кетпес үшін науқас осы қалпында 15-20 минут отырады.

    Педикулез анықталғанда науқасқа жүргiзiлетiн санитарлық өңдеу
    Мақсаты: Бастың шашты бөлiгiнде биттер мен сiркелердi жою (бөртпе сүзегiнің алдын алу)
    Жабдықтану: Бикстегi қорғаушы киiм жинағы- медициналық халат, бас орамалы, маска, клеенкалы алжапқыш, перчаткалар. Екi полиэтилен бас орамалдары, клеенкалы жайалық, екi қол-орамалы, мақта тампондары, өзек (стержень), шампунь, 6% уксус ертiндiсi (30С қыздырылған), клеенкалы қап, қайшы, таза тарақ.
    Шашты өртеу үшiн леген (таз), сiрiңке.
    Кез-келген дезинсекциялы ертiндi (педикулездi):
    20% бензилбензоат немесе ниттифор эмульсияларының ертiндiсi
    бiрдей көлемде 0,5% метилацетафос ертiндiсi мен 6% сiрке қышқылы ертiндiсi
    0,25% дикрезил ертiндiсi
    Бұлардан басқа таза iшкi- киiмдер болу керек, сырқатнама немесе амбулаторлы карта және педикулезға қарауға арналған журнал, инфекциялық ауру жайлы жедел хабарлама үлгісі.
    Қажеттi шарт: Қарсы көрсеткiштердi ескерту. Оларға бас терiсiнiң аурулары бар, жүктi, босанған және омыраумен қоректендiретiн әйелдер, бес жасқа дейiнгi балалар жатады.
    Өңдеудi арнайы, жақсы желдетiлетiн бөлмеде жүргiзу.
    Науқастың құқығын, инфекционды қауіпсіздігін, конфеденциалдылықты сақтау.
    Шараға дайындық:
    Науқасқа онда педикулез бар екенiн хабарлап, өңдеудi өткiзуге рұқсат алу.
    Қосымша халатты, бас орамалын, аяқ-киiмдер, перчаткаларды, маска, алжапқышты кию.
    Науқасты клеенкамен жабылған кушеткаға отырғызу.
    Науқастың иықтарын клеенкамен жайылықпен жабу.
    Шараны орындау:
    инструкцияға сәйкес дезинсекциялы ерiтiндiнiң бiрiмен шашты өңдеу.
    науқастың шашын полиэтиленді байлауышымен жауып, орамалмен орау (20мин)
    шашты алдымен жылы сумен жуу, содан кейiн жуғыш ерiтiндiмен, орамалмен құрғату.
    науқастың жылытылған 6% ас сiрке ерiтiндiсiмен өңдеу.
    шашты полиэтиленмен байлаушымен жауып, 20 минутқа орамалмен орау.
    шашты жылы ағынды сумен жуып, орамалмен құрғату.
    басты ақ қағаз бетiне еңкейтiп, жиi тiстi тарақпен тарау.
    науқастың шашын қайтадан қарау, биттер мен сiркелердiң жоқтығына көз жеткiзу.
    Шараның аяқталуы:
    қағазды өртеу.
    науқастың киiмiн және iш киiмiн, медбикенiң арнайы киiмiн шешiп клеенкалы қапқа салу.
    қапты дезкамераға жiберу, тарақты 70% спиртпен сүрту немесе қайнаған сумен шаю, бөлменi инсектицидтi затпен өңдеу.
    сырқатнаманың сыртқы бетiнде, амбулаторлы картада, не педикулезге тексеру журналында анықталған педикулез жайлы белгi қою (Р).
    МОСЭБ-ға инфекционды ауру жайлы жедел хабарлама жiберу, науқастың мекен-жайы бойынша педикулездiң анықталуын тiркеу.
    жетi күннен кейiн науқас басының шашты бөлiгiн қайтадан тексеру. Керек болса санитарлы өңдеу жүргiзу.


    написать администратору сайта