Главная страница
Навигация по странице:

  • Күн тәртібі: ЦӘК отырысының хатшысын сайлау ЦӘК мүшелері 2

  • ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАНДЫ: 1.1

  • ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАНДЫ: 2.1

  • ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАНДЫ

  • ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАНДЫ: 4.1.

  • ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАНДЫ: 5.1

  • СӨЗ АЛҒАНДАР: ЦӘК мүшелері айтылған мәселелерді назарға алатындарын айтты.Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып,ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАНДЫ: 6.1

  • Төрағасы м.а. Қасенов Е.Қ. Хатшы Болатжан М.

  • 1 хаттама. 1ХАТТАМА 21-22. Шипагер медициналы колледжіні арнайы пндер ЦК отырысы

    Единственный в мире Музей Смайликов

    Самая яркая достопримечательность Крыма

    Скачать 65.5 Kb.
    НазваниеШипагер медициналы колледжіні арнайы пндер ЦК отырысы
    Анкор1 хаттама
    Дата05.08.2022
    Размер65.5 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файла1ХАТТАМА 21-22.doc
    ТипДокументы
    #641102

    Подборка по базе: Положение рабочая программа воспитательной работы 21-22гг.docx, 1ч.-1кл.диагностика 21-22гг.docx, анализ методической работы школы 21-22.docx, Якуний СХ 21-22.doc, Анализ воспит раб 6 кл за 21-22 уч. год..docx, План работы куратора на год 21-22.docx, +Инф-20-2 практика хаттамасы.docx, промеж матем 4 класс 21-22.docx, итоговая АКР 21-22 ИН. ЯЗ.docx


    1 ХАТТАМА

    __27.08.2021___ ж

    Нұр-Сұлтан қаласы

    «Шипагер» медициналық колледжінің арнайы пәндер ЦӘК отырысы
    Төрағасы м.а. - Қасенов Е.Қ

    Хатшы - Болатжан М

    Қатысқандар - төрағасы, ЦӘК мүшелері, басшының ОӘЖ орынбасары, басшының ОӨТЖ орынбасары, әдіскер


    Күн тәртібі:

    1. ЦӘК отырысының хатшысын сайлау

    ЦӘК мүшелері

    2. Мамандықтар бойынша құжаттарды талдау және бекітуге ұсыну:

    -ОЖБ;

    -КТЖ;

    - ашық сабақтар мен іс-шаралар кестесі;

    -бақылау жұмыстарының кестесі;

    ЦӘК оқытушылары

    3.ЦӘК 2020-2021 оқу жылы бойынша жұмысына сараптама. 2021-2022 оқу жылына арналған жұмыс жоспарын талқылау, қарастыру.

    ЦӘК төрағасы, ЦӘК мүшелері

    4.Оқытушылардың жеке жұмыс жоспарларын талқылап, қарастыру және үйірме жұмысының жоспарын талқылап қарастыру.

    ЦӘК мүшелері

    5. 3-4 курс оқу топтарының тәжірибеден өтуі туралы

    Топ жетекшілері, басшының ОӨТЖ орынбасары

    6. Әр түрлі мәселелер.
    1.ТЫҢДАЛДЫ:

    ЦӘК төрағасы м.а. Е.Қ.Қасенов ЦӘК мүшелерінің тізімімен таныстырып, жалпы ЦӘК 4 мүшесі бар, оның ішінде 1-і жас маман екенін, алдымен отырыс хатшысын сайлау керектігін айтты.

    СӨЗ АЛҒАНДАР:

    ЦӘК мүшесі А.М. Касенгалиев сөз алды. Ол хатшы ретінде Болатжан М. ұсынатынын айтты.

    ЦӘК мүшесі С.Қ.Сұлтанғали ұсынысты қолдайтынын айтып мақұлдауды ұсынды.

    Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып,

    ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАНДЫ:

    1.1 2021-2022 оқу жылында арнайы пәндер ЦӘК отырысы хатшысы ретінде арнайы пән оқытушысы Болатжан М. сайлансын.

    1.2 Болатжан М. барлық қажетті құжаттамаларды дер кезінде жүргізіп отырсын.

    2.ТЫҢДАЛДЫ:

    ЦӘК төрағасы м.а. Е.Қ.Қасенов «Мамандықтар бойынша құжаттарды талдау және бекітуге ұсыну: -ОЖБ; -КТЖ; -ашық сабақтар мен іс-шаралар кестесі; -бақылау жұмыстарының кестесі;» бойынша талқылау жүргізіп қарастыруды ұсынды.

    ҚР ДСМ бекіткен үлгілік бағдарламалар негізінде ЖОБ, КТЖ, силлабустар өткен оқу жылы соңында жасалып, тамыз айында қайта өңделген, ашық сабақтар мен басқа да іс-шаралар кестесінің жобалары жасалып отыр, ашық сабақтар арнайы білім беру пәндері ЦӘК апталығы қарсаңында тағы да қайта қаралады, ал қалған тағы да оқу құжаттарын, міндетті бақылау кестесін мақұлдауымыз қажет, - деді.
    СӨЗ АЛҒАНДАР:

    Басшының ОӘЖ орынбасары Сейдахметова Б.А. сөз алды. Ол арнайы білім беретін пәндер бойынша былтырғы оқу жылынан бері модульдік-кредиттік оқыту енгізілгендіктен өзгерістер болуда, 2,3 курстар үшін ОЖБ жаңа өзгеріспен жасалынып отыр, барлықтарыңыз алдын ала түсіндіру жұмысына қатыстыңыздар, осыған дейін бірнеше рет қаралды, енді барлық құжаттарды менің ойымша мақұлдауға болады,-деді.

    ЦӘК мүшелері Г.К. Сагимова, А.Т.ТургыналиеваОЖБ бәрі ҮОБ сәйкес жасалды, дегенмен КТЖ үлгісі мен сабақ жоспарлары бұрынғы үлгіде қалуын сұраймыз, журнал толтыруда қиын болады, сонымен бірге теориялық оқу журналына СОӨЖ тәжірибелік сағатпен бірге жазуды ұсынамыз, рубеждік бақылау уақыты да сол былтырғыдай қалғаны дұрыс, 1 семестрде екі рет, екінші семестрде екі рет алынса, осы мәселеге қатты көңіл бөлінсе екен,-деді

    Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып,
    ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАНДЫ:

    2.1 Арнайы білім беру пәндері бойынша мамандықтарға арналып жасалған ОЖБ, КТЖ, силлабустар, міндетті бақылау жұмыстарының кестесі мақұлданып бекітуге ұсынылсын.

    2.2 Колледж Әкімшілігіне Модульдік-кредиттік технологиясы бойынша КТЖ бұрынғы үлгіде жасау, теориялық журнал толтыру барысында СОӨЖ тәжірибелік сабақ ретінде есептеліп журналға толтыру, рубеждік бақылауды семестрде екі рет алу туралы ұсыныс жасалсын.

    3. ТЫҢДАЛДЫ:

    ЦӘК төрағасы м.а. Е.Қ.Қасенов өткен оқу жылының есебіне қайта тоқталып, сараптама жасады, 2020-2021 оқу жылында жасалған жоспар бойынша жұмыстардың атқарылғанын, жалпы ЦӘК жұмысы қанағаттанарлық деп бағаланғанын, былтырғы оқу жылында елде болған жағдайға байланысты қиындықтар туындап, оқудың қашықтан болғанының көптеген кері әсері болғанын, соған қарамай жоспарланған жұмыстар он-лайн режимінде жүзеге асырылғанын айтты. Әсіресе оқыту пәндері бойынша ОӘ тұрғыдан қамтамасыз етілуі, керекті құжаттармен толықтырылу сияқты жұмыстардың барынша қолға алынғаны айтылды. Жалпы ЦӘК бойынша жоспарланған барлық бағыттағы жұмыстар орындалып, 10 отырыс өткізіліп өзекті мәселелер дер кезінде шешіліп отырғанын атап өтті. Сондай-ақ 2021-2022 оқу жылына арналған жоспарда өткен оқу жылының есебі негізінде жасалған ұсыныстар назарға алынғанын айтып, талқыға салып мақұлдау керектігін айтты.

    СӨЗ АЛҒАНДАР:

    ЦӘК мүшесі К.М. Хасенова сөз алды. Ол 2020-2021 оқу жылы оңай болған жоқ, қашықтан оқыту тәжірибеде алғаш болғандықтан көп қиындықтар болды, кейбір іс-шаралар ойымыздағыдай болмай жатқаны жасырын емес, ал биыл біраз тәжірибе жинадық, сондықтан барлық келеңсіздіктер болмауы тиіс, ал ЦӘК жоспарын бірлесіп отырып жасағанбыз, атқарылатын жұмыстармен таныспыз, сол себепті жоспарды мақұлдап бекітуге ұсыну керек,-деді.

    ЦӘК мүшесі А.Т.Тургыналиева айтылған ойларды құптайтынын, өткен оқу жылындағы жұмысты қанағаттанарлық деп санап, жаңа жоспарды мақұлдауды ұсынды.

    Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып,
    ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАНДЫ:

    3.1. ЦӘК төрағасы м.а. Е.Қ.Қасеновтың «Арнайы пәндер ЦӘК 2020-2021 оқу жылына жасалған сарпатамасы» назарға алынсын.

    3.2 Арнайы пәндер ЦӘК отырысында 2021-2022 оқу жылына арналған жұмыс жоспары мақұлданып бекітуге ұсынылсын.

    3.3 Мақұлданған жоспардағы іс-шаралар дер кезінде жүзеге асырылсын.

    4. ТЫҢДАЛДЫ:

    ЦӘК төрағасы м.а. Е.Қ.Қасенов 2021-2022 оқу жылына арналып жасалған «Оқытушылардың жеке жұмыс жоспарларын талқылап, қарастыру және үйірме жұмысының жоспарын талқылап қарастыру» керектігін айтты.

    СӨЗ АЛҒАНДАР:

    ЦӘК мүшесі Б.С. Хамидуллин жеке жұмыс жоспарлары өткен оқу жылының аяғында жобасы ұсынылып, қайта толықтырылды, әр оқытушы өзі жасады, өз міндеттерін өздері анықтап, жасайтын жұмыстарын өздері жоспарлағаны түсінікті, сондықтан ұсынылып отырған жеке жұмыс жоспарларын мақұлдау керек деп ойлаймын,-деді.

    ЦӘК мүшесі К.М.Хасенова жеке жұмыс жоспарын штаттағы оқытушылар ғана тапсырғаны дұрыс шығар, өйткені негізгі жұмыс орындарында да жеке жұмыс жоспарлары жасалады, екі жақтама қиын,ал ұсынылған жеке жұмыс жоспарларын мақұлдау керек,-деді

    ЦӘК мүшесі С.Қ. Сұлтанғали үйірме жұмыстарының жоспарын мақұлдауды ұсынды, мұнда «Тәлімгер-студент» жобасы жүзінде жасалған, әрі өте тиімді жоспар әрі жұмыс,-деді.

    Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып,
    ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАНДЫ:

    4.1. Арнайы білім беру пәндері бойынша оқытушылардың жеке жұмыс жоспарлары мақұлданып, бекітуге ұсынылсын.

    4.2. ЦӘК оқытушыларына жоспарда көрсетілген іс-шараларды дер кезінде орындау міндеті жүктелсін.

    4.3 ЦӘК пәндері бойынша үйірме жұмыстары жоспары бекітілсін.
    5.ТЫҢДАЛДЫ:
    ЦӘК төрағасы м.а. Е.Қ.Қасенов « 3-4 курс оқу топтарының тәжірибеден өтуі туралы » туралы ақпарат берді. Ол алдын ала тәжірибеден өту бойынша басшының ОӨТЖ орынбасары Е.Қ.Қасеновтың басшылығымен тәжірибеден өтетін орындары анықталып жатқанын, топ жетекшілерімен бірге жұмыстар жүргізілу керектігін ескертті.
    СӨЗ АЛҒАНДАР:

    Басшының ОӨТЖ орынбасары м.а. Е.Қ.Қасенов 4 курс студенттері тәжірибеден офлайн өтеді, сондықтан дайындық қазірден жүргізілуде, негізі тәжірибе өтуі үшін серіктестермен келісілген орындар дайын, кез-келген уақытта жүзеге асыруға болады, сондықтан олардың тәжірибеден өту мәселесі шешілген деп есептеуге болады, жоспарлары алдын ала жасалған, бекітуге ұсынылды,-деді.

    Арнайы пән оқытушысы Болатжан М тәжірибеден өту мәселесіне барлығы да жауапты қарау керек, топ жетекшілері, пән оқытушылары да сыртта қалмауымыз керек, көмек керек болса қажет жағдайда көмектесуіміз қажет,-деді.

    Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып,
    ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАНДЫ:
    5.1 «3-4 курс оқу топтарының тәжірибеден өтуі » туралы ақпараттар назарға алынсын.

    5.2 Тәжірибені ұйымдастыру мен қадағалау жауапкершілігі топ жетекшілері Ә.С. Манап, Ж.А.Амантаева, Е.Қ. Қасеновке және арнайы пән оқытушыларына тапсырылсын.

    6.ТЫҢДАЛДЫ:

    ЦӘК төрағасы м.а. Е.Қ.Қасенов қосымша туындаған сұрақтар бойынша талқылау жүргізді. Оқытушылар өз жеке бастарында кездесіп отырған мәселелер бойынша сұрақтар қойып, ұсыныстар айтылды.
    СӨЗ АЛҒАНДАР:

    ЦӘК мүшелері айтылған мәселелерді назарға алатындарын айтты.

    Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып,
    ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАНДЫ:

    6.1. Әр-түрлі мәселелер бойынша айтылған ұсыныстар назарға алынсын.

    Төрағасы м.а. Қасенов Е.Қ.

    Хатшы Болатжан М.


    написать администратору сайта