Главная страница
Навигация по странице:

  • Жұмыс барысы

  • Баяндама Тақырыбы

  • Психолог беті Өз балаңды жақсы көре біл!

  • Балаңызға қайырымды да, үлгілі бола біліңіз!

  • Өз балаңызбен ойнаңыз!

  • Баламен бірге еңбектен!

  • Адам еркіндігінің шектелуі мен бала мүмкіндігін көрсете біл!

  • Сауир 1. Сауір айы Атааналар жиналысы Таырыбы Егер бала тйы болса Масаты


    Скачать 23.65 Kb.
    НазваниеСауір айы Атааналар жиналысы Таырыбы Егер бала тйы болса Масаты
    Дата07.04.2022
    Размер23.65 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаСауир 1.docx
    ТипДокументы
    #449868

    С этим файлом связано 9 файл(ов). Среди них: психологие гендерных отношений (1).docx, АДДИКТОЛОГИЯ 1.docx, Психокоррекция (1).docx, Психология.docx, 20220408144858952.docx, соц пс тренинг (1).docx, 7_Monitoring.pdf, виды конкуренции.docx, 2 Задание.docx.
    Показать все связанные файлы
    Подборка по базе: Ата аналар жиналысының хаттамасы.docx, 9 Б-сынып,ата аналар жиналысы.docx, 7-сынып ата-аналар жиналысы.pptx, Ата-аналар жиналысы.docx, ата-аналар жиналысы.docx, ата аналар жиналысы пиза.pptx, Ата аналар жиналысының хаттамасы2.docx, ата-аналар жиналысының хаттамасы.docx, Ата-аналар жиналысының жоспары мен баяндамалары 11- сынып.docx, Ата-аналар жиналысы 7 а.docx

    Сауір айы

    Ата-аналар жиналысы:


    Тақырыбы: «Егер бала тұйық болса»

    Мақсаты: Ата-аналарға тұйықтықтың ерекшеліктері, себептері туралы ақпарат беру. Тұйықтықтан арылу бірнеше тәсілдерін ұсына отырып, баламен дұрыс қарым-қатынас жасай білу, тіл табысу, баланы түсіну мүмкіндіктерін кеңейту.

    Жұмыс барысы:

    Тұйық болудың себептері: 
    Психологиялық ерекшелігіне, жан-дүниесінің нәзік келуі болып табылады.

    Тұйық болудың ең көп кездесетіні: жанұяда жалғыз өскен балаларда кездеседі. Ағасымен апасының болмай, амалсыз үйде ойнауы бала өмірінің дамуына әсер етеді.
    Сонымен қатар ата-аналардың көзқарасынада байланысты. Егер, ата-ана туыстарымен онша араласпай, тек жағымсыз жағын естіртетін болса, онда баланыңда туыстық көзқарасы бұрыс қалыптасады. Сондықтанда ата-ана көзқарасы, ойы үлкен әсер етіп отыратыны анық .
    Тұйық болуға итермелейтін тағы бір себеп: ата-аналардың іс-әрекеті: аз уақыт бөлу, ашық сөйлеспеу

    Тұйықтықтан арылу бірнеше тәсілдері:
    «Кляксы» ойыны

    «Ғажап аң» ойыны

    «Танысу» ойыны

    « Мен кіммін?» ойыны

    « Менің жақсы жақтарым және кемшілігім» деген сұрақтарды қою арқылы баланы білуге болады.

    Бала ата – анасының қорғанышы,сүйіктісі болу керек. Осы өмірде өте мықты,ержүрек,ешкімнен қорықпайтын әкесінің бар екенін,және де өте мейрімді, ақылды анасының бар екенін сезінуі тиіс.
    Әсіресе мектепке дейінгі балаларға ата – анасының көп көңіл бөлуі,жанұялық махаббат қолдаушылық көрсеткен өте маңызды.

    Баяндама
    Тақырыбы: «Егер бала тұйық болса»
    «Бала – ол әр ата-ананың баға жетпес байлығы» екені бәрімізге мәлім. Бала үшін барлығымыз бар жақсылықты жасауға тырысамыз, келешегін бүгінгі күннен ойлайтынымыз рас.Осы сәттен баламызға көңіл бөлемізбе, әлде тек жұмыстың соңында кетіп бара жатқан жоқпызба деген сұрақ мазаламай қоймайды. Соның салдарынан баламыз келешегіне зардабын тартпаса екен дейміз немесе жаман жақтарын көрсетпесе екен. Осындай себептердің бірі – баланың тұйық болып қалуы.

    Егер сіздің балаңыз онша сөйлемейтін және де балабақшада, үй маңындағы балалармен онша ойнамайтын болса, сонымен қатар тек жалғыздықты қалайтын болса, ондай баланы тұйық балалар қатарына жатқызуымызға болады.

    Тұйық болудың бірнеше себептері бар: 

    Мәселен, ол мүмкін оның психологиялық ерекшелігіне, жан-дүниесінің нәзік келуі болып табылады. Егер бала тек жалғыз болғанды ұнататын, бірақ берілген тапсырманы бұлжытпай орындайтын болса, үндемей өз ойын ішінде сақтап, сыртқа шығармаса, онда ол балаға дер кезінде көңіл бөлінуі керек. Осы кезде ата-ананың қатал болуы, дөрекі сөйлеуі, ұрысу баланың өмірге деген көзқарасының дамуына әсер етіп, одан әрі жасқаншақ болы п кетуі әбден мүмкін.

    Тұйық болудың ең көп кездесетіні: жанұяда жалғыз өскен балаларда кездеседі. Ағасымен апайының болмай, амалсыз үйде ойнауы бала өмірінің дамуына әсер етеді.

    Тұйық болуға итермелейтін тағы бір себеп: ата-аналардың іс-әрекеті. 

    -Сіз балаңызға көп уақытыңызды бөлесіз бе?

    Егер балаңыз өз қолымен әдемі сурет салса немесе кесте тігіп, өте қуанышты көңілмен әкеліп ұсынса, ал сіз болсаңыз жай ғана көзіңіздің қырын салып қарай алдай салдыңыз делік. 

    Бұнда өз ойыңызды қоспай, шын пейілмен мақтаса баланың алға деген ынтасы туындайды. Немесе сіз балаңыздың тек жаман қылықтарын ғана айтып, мақтамай бетіне басатын болсаңыз бала төмендеуі мүмкін. 

    Психологтардың айтуы бойынша тұйықтықты олардың салған суреттеріненде байқауға болады. Бұл тәжірибені 4 жастан салғызуға болады. 

    Бала өзін ақ бетке қалай салады?

    - Егер ол өзін өте үлкен қылып салса, онда ол еркеліктің белгісі.

    -Керісінше, үйде үлкені бола тұра өзін кішкене қылып салса,онда ол өз орынын маңызды деп санамауы. 

    -Егер өзін анасынан не әкесінен алшақ қылып салса , онда ол мүмкін әке-шешесінің көп көңіл аудармауы.

    Егер ата-ананың жұмысы көп болып, балаға деген көңілінің болмауы немесе істеген ісінің жемісін көрмеуі, жақтырмай немғұрайлы қарай салу, 

    Бала санасында: өз ісінің бәрібір қате болатынын, үлкендерге тек кедергімді тигіземін деген ой қалыптасады. 

    Кейбір ата-аналар баланың жағаласпауы үшін немесе уақыттарын алмауы үшін тек материалдық жағын қамтамасыз етуге тырысады. Баланы тек әдемі, қызықты ойыншықтар сатып беріп, алдап отырады.

    Міне, осыдан бала өз бөлмесінде тек ойыншықтармен ойнайды. Ата- анасы үйде бола тұрсада бала олардың бар екенін елемейді. Өйткені олар баламен бірге емес, әркім өз ісімен шұғылданады. Осындайда ата-анаға деген сезім, махаббатта болмайды.

    Бір жағынан балаға шектен тыс көңіл аударып, еркелете берудіңде қажеті жоқ. Сондықтанда балалар ата-анасының қандай маңызды жұмыс атқаратындарын білулері керек. Мәселен: Егер анасы тамақ істегеннің орнына немесе кір жуудың орнына баламен бірге ойнап кетсе аш қалатындарын ақырын ақылмен ұғындыру.Ең бастысы –балаға айғайламай,қатты сөйлемей тек ақылмен ақырын ғана ұғындыру.

    Бала ата – анасының қорғанышы,сүйіктісі болу керек. Осы өмірде өте мықты,ержүрек,ешкімнен қорықпайтын әкесінің бар екенін,және де өте мейрімді, ақылды анасының бар екенін сезінуі тиіс.

    Әсіресе мектепке дейінгі балаларға ата – анасының көп көңіл бөлуі,жанұялық махаббат қолдаушылық көрсеткен өте маңызды.

    Толық қанды бала болып өсуі үшін: Ішкі және сыртқы сезімдерінің тек бақытты жанұяда дамытуға болады. Егерде жанұяда махаббат,сүйіспеншілік,мейрімділік,өзара түсінушілік болған жағдайда ғана баланың ішкі және сырты сезімдері осы бақытты жанұяда толықтай жетіледі.

    Бала тұйық болмау үшін үйге жиірек қонақтарды шақыруға тырысыңыз. Бала

    үшін басқа адамдармен,бөтендермен қарым – қатынас жасау тиімдірек.

    Баламен сөйлесіп олардың әңгімесін тыңдап, бірге ойнап,ата – ана баласына не қажет екенін неге өкпелегенін т.б. біле алады.Осы арқылы баланы өмірге деген сенімін туғызуға болады.

    Көптеген балалар қиалдағанды ұнатады.Балаңызға мысал: «Кляксы» ойнын ұсыныңыз 5 – 6жастағы.Оны табиғатта да, жолда келе жатып аспандағы бір бұлтты көрсетіп оның неге ұқсайтынын сұрауға болады. Ойлану кезінде кедергі жасамай,өз ойын айтқызуға тырысыңыз . 

    Тек бір ғана сөзбен өз ойын аз білдірсе, оның қиялының дамымағанында. Егер ештеңеге ұқсата алмай,өз ойын, айтпаса,онда қиялы дамымаған немесе сәтсіз уақытты таңдағаныңыз.

    Тағы бір ойын «Ғажап аң» онда балаға « өмірде жоқ құсты немесе аңды сал- деу» керек.Көбінде балалар өз ойларын салады. Содан соң оның аты кім екенін, оның қайда мекендейтінін сұрап, жауабын алуға болады.

    Балаға ертегілер айтып, оның мазмұнын есіне сақтатуға тырысыңыздар.Өзіне ертегіні құрату өте тиімді.

    «Танысу» ойынын ойнатуға болады. Балаларды жаныңызға айналдыра отырғызып өздері жайлы бір – екі сөлем айтып берулерін сұрау. 

    Тұйық болудың тағы бір себебі : табиғи,туа біткен кемістіктің болуы. Мысалы: Көзі онша көрмеуі, толықтық т.б. Балаға ешқашан өз кемістігін айтып бетіне басуға болмайды. Керсінше кемістігінің бар екенін білдірмей , оны мадақтап отыру керек. Мысалы: Мен көзілдірік тағам, бірақ мен тапсырманы күшті орындаймын, мен толықпын бірақ балалармен маған көңілді. 

    Тағы « Мен кіммін?» , « Менің жақсы жақтарым және кемшілігім» деген сұрақтарды қою арқылы баланы білуге болады.

    Мұндай ойынды тек балалармен ғана емес, сонымен қатар үлкен адамдарға да қоюға болады . 

    Мақсаты: Ұялмай өзінің кемшілік жақтарын, жақсы жақтарын ортаға айту.

    Балаға адамдармен қарым – қатынас жасау мүлде зиян емес екенін, қорқатын ештеңе жоқ екенін айту.Адамның ішкі сырын білу, соның ішінде өз балаңыздың ішкі сырын білу оңай емес . Ал оны дұрыс жолға тәрбиелеу ең қиын істердің бірі, ол үшін сіз қаншама шыдамдылығыңызды күшіңізді аямай төгесіз.

    Психолог беті


    • Өз балаңды жақсы көре біл!

    Балаңыздың сізбен бірге болғанына қуаныңыз. Балаңыз қандай, солай қабылдай біліңіз, оны төмендетіп намысына тимеңіз. Өзіне деген сенімділігін арттыруға өз тарапыңыздан жағдай жасаңыз, әділетсіз жазалауға жол бермеңіз. Балаңаз сіздің іс әрекетіңізден жылылық пен махаббатыңызды сезіне білуі қажет. 

    • Балаңызға қайырымды да, үлгілі бола біліңіз!

    Балаңыздың бойына өз халқына, ұлттық дәстүріне деген құрметті дарытуда өзіңіз үлгі болыңыз. Ол үшін шынайы сыйластық, кешірімді тату тәтті қарым қатынас, үлкенге құрмет, кішіге ізет, жанұя мүшелерінің бір біріне деген жанашырлық сезімдерін, баланың бойына дарыта білудегі жауапкершілігіңізді естен шығармаңыз! 

    • Өз балаңызбен ойнаңыз!

    Балаңыздың қалауы бойынша ойнаңыз, әңгімелесіңіз, арнайы уақыт бөліңіз. Балаңыздың ойынын шын ниетпен қабылдап, оның балалық әлеміне еніп, өзіне және өзгелерге балаңыздың көзқарасымен бір кезек қараңыз. Бала ойын арқылы өмірдің қиыншылық сәттеріне қарсы тұруға дағдыланады, адамдармен қарым қатынасты орнатуға үйренеді. 

    • Баламен бірге еңбектен!

    Балаңызға үй шаруасына қатысып, жәрдемдесуге рұқсат беріңіз. Еңбек ету алгоритімін үйретіңіз. Берілген тапсырманы орындауда жауапкершілікті сезіне білуді қалыптастыру үшін, еңбек ету кезіндегі жіберген қателіктерін емес, жетістіктерін айтып, қолдау көрсетіңіз. 

    • Адам еркіндігінің шектелуі мен бала мүмкіндігін көрсете біл!

    Әр адам өзіне де, өзгеге де кесір келтірмей өмір сүруі керек. Баланы тәрбиелеуде, оның жеке тұлға болып қалыптасуында осы қағиданы есте тұтып, белгілі бір заңдылықтарды орындай отырып, баланың тәрбиесіне аса ұқыптылықпен қарап, нәтижелігіне мән беру керек. Бала тәрбиесіндегі жазалау әдісі жіне шектен тыс еркелету оның тәрбиесіне керіәсерін тигізеді.


    написать администратору сайта