Главная страница
Навигация по странице:

  • Мұғалім: Темерканова С.М. 6 сынып

  • Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

  • Пәндік лексика мен терминология: Кезең, ғасыр, уақыт, қағанат, түрік, саяси т.б Сұрақ – жауап

  • «Тарихи жазбаларды»

  • «Жами-ат тауарих» - (халыктар тарихы)

  • Тарихи кезеңдеу Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы

  • Тапсырмалар

  • 6 сынып 1 токсан қазақстан тарихы. Саба 1 Мектеп


    Скачать 21.17 Kb.
    НазваниеСаба 1 Мектеп
    Дата09.09.2021
    Размер21.17 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла6 сынып 1 токсан қазақстан тарихы.docx
    ТипДокументы
    #230828

    С этим файлом связано 1 файл(ов). Среди них: 1 тасыпма.docx.
    Показать все связанные файлы
    Подборка по базе: 1 Сабақ көбейткішті квадрат түбір белгісінің алдына шығару.docx, 2 практикалық сабақ Физиология.docx, 3 практикалық сабақ Физиология.docx, Тәжірбиелік сабак №3.docx, Тәжірбиелік сабак №1.docx, 8_7 _дістемелік н_с_ау Жалпы білім беретін мектепті_ 8_7-сынып м, 7-ші сабақ Компьютерлік желілер мен олардың жіктелуі (2).docx, 1 практикалық сабақ Физиология.docx, 1 сабақ.docx, дагды №3 тажирибелик сабак.docx

    6 сынып 1 токсан Қазақстан тарихы

    Сабақ : № 1

    Мектеп: №14 ОМ

    Күні: 03.09.2020

    Мұғалім: Темерканова С.М.

    6 сынып







    Сабақтың тақырыбы:

    Кіріспе. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы туралы

    Зерттеу сұрағы:

    Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы нені оқытады?

    Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

    Қазақстанның орта ғасырлардағы тарихын оқудың маңызы;

    Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихының кезеңдерін білу




    Пәндік лексика мен терминология:

    Кезең, ғасыр, уақыт, қағанат, түрік, саяси т.б

    Сұрақ – жауап  (5 минут

    • «Тарих»  сөзі  қандай мағына  білдіреді?

    • «Тарихтың атасы»  деп  кімдерді  айтамыз?

    • Шежірешілер мен жылнамашылар деп  кімдерді айтамыз?

    • Қазақстан тарихы қандай  бөлімдерден  тұрады?

    «Тарих» сөзін алғаш қолданған арабтар. «Тарих» сөзі- «зерттеу», «оқиғалар жайлы әңгіме» деген мағынаны білдіреді. Тарих- астрономия, арифметика ғылымдары сияқты ең көне ғылымдардың бірі. Тарих-ең алдымен, жекелеген ұлы тұлғалардың, халықтар мен мемлекеттердің басынан өткен оқиғалар мен ерлік істері.Ал, бізге ата-бабаларымыздан қалған мол тарихи мұраларды зерттеп, дәуір-дәуірге бөліп, бір жүйеге келтіріп жеткізетін адамдарды-тарихшылар дейміз.

    Сонау ежелгі дүниеде де тарихи әңгімелерді есіне сақтап, елге айтып отыратын адамдар болған. Қазақ халқы оларды шежіре айтушылар немесе шежірешілер деп атаған. Ал, «шежіре» сөзі- есте сақтау, жадыдағы білім, рухани қазына дегенді білдіреді. Жазба тарихтың негізін салған б.з.б 484-425ж. өмір сүрген ежелгі грек тарихшысы Геродот болып есептеледі.Ол алғаш «Тарих» атты еңбек жазып, батыста «тарихтың атасы» деген атпен белгілі болды. Ал шығыста тарихтың атасы Сыма Цяньді атайды. Ол б.з.б 145-86 ж. өмір сүріп, 130 тараудан тұратын «Тарихи жазбаларды» қалтырды. Сыма Цянь б.з.б 3 мың жылдықтан бастап өз заманына дейінгі тарихты жазып шықты. Көне замандардан бастап ортағасырлық моңғол хандықтарына дейінгі тарихты жазып қалдырған тарихшылардың бірі Рашид ад-Дин болды. Ол 1247-1318ж. аралығында өмір сүріп, «Жами-ат тауарих»  - (халыктар тарихы)кітабын жазды.

    “Қазақстан тарихы” пәнінің маңызды міндеттерінің бірі - келешекте өмір сүріп, күн кешетін жас ұрпақ өз атамекенінің тарихын, өз шыққан тегін, ата бабаларының тарихи тәжірибесін әрі қарай мақтанышпен жалғастыру үшін , өзге халықтар мен мемлекеттердің тарихын оқып үйрену үшін, бұрынғы ата-бабаларымыздың қандай болғанын, қазіргі күнгімен салыстыра отырып, саралау үшін қажет.

    Қазақстан тарихы- жалпы тарихтың құрамдас бөлігі, бұл біздің туған Отанымыздың тарихы.

    Қазақстан тарихы төрт кезеңге бөлінеді:

    1. Ежелгі Қазақстан тарихы. (сендер 5 сыныпта оқыдыңдар)

    2. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы (V-XV ғ.)  -6 сынып

    3. Жаңа замандағы Қазақстан тарихы (XV-XIXғ.)  -7-8 сыныптар

    4. Қазіргі замандағы Қазақстан тарихы (XX ғ. басынан бүгінгі күнге дейінгі) 9-11 сыныптар


    Тарихи кезеңдеу

    Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы




    Ерте ортағасырлық кезеңі Дамыған ортағасырлық кезеңі Кейінгі ортағасырлық кезең

    (VІ-ІХ ғғ.) (Х-ХІV ғғ.) (ХV-ХVІІ ғғ.)

    Түрік қағанаты Қарахан мемлекеті біртұтас Қазақ хандығының

    Батыс түрік қағанаты Наймандар құрылуы

    Түргеш қағанаты Керейіттер

    Қарлұқ қағанаты Жалайырлар

    Оғыз мемлекеті Қарақытайлар

    Қимақ қағанаты Қыпшақ хандығы

    Монғол империясы

    Алтын орда

    Ақ орда

    Моғолстан

    Әмір Темір мемлекеті

    Ноғай Ордасы

    Әбілқайыр хандығы

    Сібір хандығы

    Балалар оқулықтағы кіріспені мұқият оқып шығыңдар (4 бет)

    Үйге тапсырма берілмейді.Тек сендер сабақтағы 1-2,3 тапсырмаларды орындауға тырысыңдар, дәптерге жазып фотосын түсіріп жіберіңдер. Ал мен өз журналымдағы тізім бойынша белгілеп қоямын.Кім оқулық алмады немесе жетпей калды, оларға түсіністікпен қараймын. (Сынып жетекшіңнен сұрап білемін)Іске сәт, балалар.

    Тапсырмалар:

    • 1. «Тарих»  сөзі  қандай мағына  білдіреді?

    • «Тарихтың атасы»  деп  кімдерді  айтамыз?

    • Шежірешілер мен жылнамашылар деп  кімдерді айтамыз?

    • Қазақстан тарихы қандай  бөлімдерден  (кезеңдерден) тұрады?

    • Тарихты білу бізге не үшін қажет?

    2.Қазақ мемлекетінің нығаюына үлес қосқан хандарды ата (4-5 беттер)

    3. «Саяси тарих» және «Мәдениет тарихы» деген ұғымдарды дәптеріңе көшіріп жаз (5 бет)


    написать администратору сайта