Главная страница
Навигация по странице:

  • Стандарт құрылымы келесі бөлімдерді қамтиды

  • 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345-і Қ азақстан Р еспубликасының З аңы Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы

  • 1-тарау. Жалпы ережелер

  • 2-тарау. Балалар мүддесін көздейтін мемлекеттік саясат

  • менеджмент. Менеджмент 1 аралық бақылау (2). рметті студенттер! Тмендегі сратарды ішінен тадаан 2 сраа жауап жазасыздар. Жауаптары


    Скачать 20.14 Kb.
    Названиерметті студенттер! Тмендегі сратарды ішінен тадаан 2 сраа жауап жазасыздар. Жауаптары
    Анкорменеджмент
    Дата07.04.2021
    Размер20.14 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаМенеджмент 1 аралық бақылау (2).docx
    ТипДокументы
    #192362

    Подборка по базе: КР Менеджмент.docx, 1-Аралық бақылау тест..docx, контрольная менеджмент.docx, Қаржылық менеджменттің тұжырымдамалары.doc, Теория менеджмента.docx, Теория менеджмента.docx, Задание ТК-1_банковский менеджмент.docx, Аралық бақылау сұрақтар №1.docx, 07.04 Гериатриялық пациенттердің өзін-өзі сезіну динамикасын б

    Құрметті студенттер!

    Төмендегі сұрақтардың ішінен таңдаған 2 сұраққа жауап жазасыздар.
    Жауаптары:
    18.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартындағы білім беру мәселелері.

    Мектепке дейінгі білім беру жүйесі үнемі өзгеріп, жетілдіріліп, жаңартылады. Ол қоғамның маңызды әлеуметтік тапсырысын орындайды, оның дамуының факторларының бірі болып табылады. Мектепке дейінгі ұйымдар өз қызметінде нормативтік құжаттарды басшылыққа алады және олардың негізгілерінің бірі Қазақстан Республикасындағы мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты болып табылады. 2015-2016 оқу жылында меншік нысанына қарамастан барлық мектепке дейінгі ұйымдар Стандарттың жаңартылған мазмұнына сәйкес оқу жылын бастады. Мектепке дейінгі ұйымдардың МЖБС мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру үрдісінде кешенді: тікелей білім беру қызметінде, ұжымдық, өз бетінше және ата-аналармен жұмыс жүргізу кезінде жүзеге асады.

    Стандартты жүзеге асыру мақсатында: - Үлгілік оқу жоспары Бағдарламаның жүзеге асыру механизмдерін және жас топтары бойынша апталық жүктеменің нормативтік көлемін айқындайды; - мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Үлгілік оқу бағдарламасы ( 1 жастан 6 (7) жасқа дейін) балалардың жас және жеке ерекшеліктеріне сәйкес кешенді дамуын қамтамасыз етеді; - мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Үлгілік оқу бағдарламасына Әдістемелік басшылық мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтарына әдістемелік көмек үшін әзірленген және Бағдарламаның құрамдас бөлігі болып табылады.

    Стандартты мектепке дейінгі ұйымдарда жүзеге асыру үшін мынадай талаптар қосылды: -пәндік дамытушы ортаға талаптар балалардың дамуын жүзеге асыру үшін ыңғайластырылған, кеңістік ортаның білім беру әлеуетін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді; -мектеп жасына дейінгі балалардың дене бітімін, рухани-адамгершілік, әлеуметтік-мәдени құндылықтарды қалыптастыру мен дамыту үшін жағдай жасау талаптары; -кадрлық жағдайға талаптар Бағдарламаны тиімді жүзеге асыру үшін кәсіби талаптардың жиынтығын қамтамасыз етеді; -кәсіби деңгейін көтеру үшін педагогтың жеке жоспарына талаптар; - балалалардың дамуын бағалауға, білім беру сапасын басқаруға; - бағдарламаның мазмұнын игеру нәтижесіне бағдарланған талапта; -өз бетінше жұмыс қызметіне қойылатын талаптар, ҰОҚ тыс түрлі қызмет арқылы жүзеге асады; -түзету жұмысының құрлымына қойылатын талаптар; -түзету жұмыстарының жеке жоспарын құру үшін түзету жұмыстарының құрылымына, өтпелі тақырыптарға сәйкес циклограмма құруға қойылатын талаптар. Аталған Стандарт талаптарын сақтау мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың Үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын балалардың тиімді игеруі үшін негіз болып табылады.

    Стандарт құрылымы келесі бөлімдерді қамтиды: «Жалпы ережелер» келесі бөлімдердің мазмұнын ашатын ақпаратты қамтиды: «Тәрбиеленушілердің дайындық деңгейіне қойылатын талаптар» деген бөлімде әрбір баланың жетістіктерінің психологиялық-педагогикалық диагностикасы негізінде ұйымдастырылған оқу қызметі және режимдік процестер арқылы іске асырылатын білім беру салалары бойынша күтілетін нәтижелер көрсетілген; «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына қойылатын талаптар» деген бөлімде мектепке дейінгі білім берудің мақсаты, құндылықтары, Бағдарламаны игерудің нормативтік мерзімдері, бес білім беру салаларының мазмұны: «Денсаулық», «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» және топтар бойынша жас ерекшелік кезеңдері көрсетілген.
    19.Бала құқығын қорғау конвенциясы

    2002 жылғы 8 тамыздағы № 345-і Қазақстан Республикасының Заңы

    Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы
    Осы Заң балаларды қоғамдағы толымды өмiрге даярлау, олардың қоғамдық мәнi бар және шығармашылық белсендiлiгiн дамыту, әлемдiк өркениеттiң жалпы адамзатқа тән құндылықтары негiзiнде оларды жоғары имандылық қасиеттерге, елжандылық пен азаматтыққа тәрбиелеу, олардың бойында ұлттық сана-сезiмдi қалыптастыру принциптерінің басымдығына сүйенiп, баланың Қазақстан Республикасының Конституциясында кепілдiк берiлген негiзгi құқықтары мен мүдделерiн iске асыруға байланысты туындайтын қатынастарды реттейдi.
    1-тарау. Жалпы ережелер
    1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

    Осы Заңда мынандай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

    1) бала – он сегiз жасқа (кәмелетке) толмаған адам;

    2) баланың заңды өкілдерi – ата-анасы, бала асырап алушылар, қорғаншысы, қамқоршысы, патронат тәрбиелеушiсi, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес олардың орнында қамқорлық жасайтын, бiлiм, тәрбие беретiн, баланың құқықтары мен мүдделерiн қорғайтын адамдар;

    3) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала – ата-ана құқықтарының шектелуiне немесе олардан айырылуына, ата-анасы хабар-ошарсыз кеттi деп танылуына, олар өлдi деп жариялануына, әрекетке қабiлетсiз (әрекет қабiлетi шектеулi) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуiне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, оның iшiнде ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемелерiнен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-анасы қамқорлық жасамаған өзге де жағдайларда жалғызбасты ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығынсыз қалған бала;

    4) жетiм бала – ата-анасының екеуi де немесе жалғыз басты ата-анасы қайтыс болған бала;

    2005 жылғы 13 сәуірдегі № 40-III ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

    5) мүгедек бала – тiршiлiк-тынысының шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемiстiктерден организм функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған он сегiз жасқа толмаған адам;

    6) қорғаншылық – он төрт жасқа толмаған балалардың құқығы мен мүддесiн қорғаудың құқықтық нысаны;

    7) қамқоршылық – он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi балалардың құқығы мен мүддесін қорғаудың құқықтық нысаны;

    8) патронат – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы уәкiлеттi мемлекеттiк орган мен баланы тәрбиелеуге алуға тiлек бiлдiрген адам (патронат тәрбиелеушiсi) жасасатын шарт бойынша азаматтардың отбасына тәрбиелеуге берген кездегi тәрбиенің нысаны;

    9) баланың әлеуметтiк бейiмделуi – өмiрлiк қиын ахуалға тап болған баланың қоғамдағы құндылықтарды, мiнез-құлық ережелерiмен нормаларын игеру және қабылдау арқылы әлеуметтiк ортаның жағдайларына белсендi түрде бейiмделу процесi, сондай-ақ басынан кешiрген психологиялық және (немесе) моральдық зардаптарды еңсеру процесi;

    10) бала құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар – бұл ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, балаларды әлеуметтiк қолдауды, әлеуметтiк-тұрмыстық, медициналық-әлеуметтiк, әлеуметтiк-педагогикалық, психологиялық-педагогикалық, құқықтық қызмет көрсетулер мен материалдық көмек көрсетудi, өмiрдегi қиын ахуалға тап болған балаларды әлеуметтiк оңалтуды, мұндай балалар еңбекке қабiлеттi жасқа жеткенде олардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етудi жүзеге асыратын ұйымдар;

    11) мемлекеттiк ең төменгi әлеуметтiк стандарттар – мемлекет белгiлеген әлеуметтiк қызмет көрсетулердi, нормалар мен нормативтердi қамтитын, балалар өмiрiнiң сапасын қамтамасыз ететiн негiзгi көрсеткіштер;

    12) өмiрде қиын ахуалға тап болған балалар – қалыптасқан мән-жайлардың салдарынан тiршiлiк етуi бұзылған және бұл мән-жайларды өз бетiмен немесе отбасының көмегiмен еңсере алмайтын балалар.
    2-бап. Осы Заңның қолданылуы

    1. Осы Заң Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.

    2. Осы Заңның бала құқықтары мен мiндеттерiн белгiлейтiн нормаларының күшi кәмелетке толғанға дейiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес азаматтық әрекет қабiлеттiлiгiн толық көлемiнде алған балаларға қолданылмайды.
    3-бап. Қазақстан Республикасының баланың құқықтары туралы заңдары

    1. Қазақстан Республикасының баланың құқықтары туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының бала құқықтарын қорғау саласындағы өзге де нормативтiк құқықтық актілерiнен тұрады.

    2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттағы оны қолдану үшiн Қазақстан Республикасының заңын шығару талап етiлетiн жағдайларды қоспағанда, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
    4-бап. Балалардың тең құқықтылығы

    1. Тегiне, нәсiлiне және қай ұлтқа жататындығына, әлеуметтiк және мүлiктiк жағдайына, жынысына, тiліне, бiлiмiне, дiнге көзқарасына, тұрғылықты жерiне, денсаулық жағдайына, балаға және ата-анасына немесе басқа заңды өкілдерiне қатысты өзге де мән-жайларға қарамастан, барлық бала тең құқыққа ие.

    2. Некеден және некесiз туған балалар тең әрi жан-жақты қорғауды пайдаланады.
    5-бап. Баланың құқықтарын шектеуге тыйым салу

    1. Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген жағдайларды қоспағанда, баланың құқықтарын шектеуге болмайды.

    2. Баланың құқықтарын шектеуге бағытталған нормативтiк құқықтық актiлер олардың қабылданған кезiнен бастап жарамсыз болып табылады және олар қолданылмауға тиiс.
    2-тарау. Балалар мүддесін көздейтін мемлекеттік саясат
    6-бап. Балалар мүддесiн көздейтiн мемлекеттiк саясаттың мақсаттары

    1. Қазақстан Республикасының балалар мүддесiн көздейтiн мемлекеттiк саясатының мақсаттары:

    1) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету, оларды кемсiтушілікке жол бермеу;

    2) балалардың құқықтары мен заңды мүдделерiнің негiзгi кепiлдiктерiн нығайту, сондай-ақ құқықтары бұзылған жағдайларда оларды қалпына келтiру;

    3) бала құқықтары кепілдiктерiнiң құқықтық негiздерiн қалыптастыру, баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi тиiстi органдар мен ұйымдар құру;

    4) балалардың дене бiтiмi, интеллектуалдық, рухани және имандылық тұрғысынан дамуына, олардың бойында елжандылық, азаматтық және бейбiтшiл сезiмдердi тәрбиелеуге, сондай-ақ баланың жеке адами тұлғасының қоғам мүддесi, мемлекет халықтарының дәстүрлерi, ұлттық және әлемдiк мәдениет жетiстiктерiне қол жеткiзуi үшiн мүмкіндiктерiн ашуға жәрдемдесу;

    5) кәмелетке толмағандардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетiн қалыптастыру жөніндегi нысаналы жұмысты қамтамасыз ету болып табылады.

    2. Балалар мүддесiн көздейтiн мемлекеттiк саясат мемлекеттiк органдар қызметiнiң басым саласы болып табылады және:

    1) баланың құқықтарын заң тұрғысынан қамтамасыз етуге;

    2) балаларға толымды тәрбие берудi, олардың құқықтарын қорғауды оларды қоғамда толымды өмiр сүруге дайындауды қамтамасыз ету мақсатында отбасын мемлекеттiк қолдауға;

    3) аймақтық ерекшелiктердi ескере отырып, балалардың өмiрiн жақсартуға бағытталған мемлекеттiк ең төменгi әлеуметтiк стандарттарды белгiлеуге және сақтауға;

    4) баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзғаны, оған зиян келтiргенi үшiн лауазымды тұлғалардың, азаматтардың жауаптылығына;

    5) баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын қоғамдық бiрлестiктер мен өзге де ұйымдарды мемлекеттiк қолдауға негiзделген.
    7-бап. Қазақстан Республикасы орталық және жергiлiктi атқарушы органдарының мемлекетте баланың құқықтарын қорғау мәселелерi жөніндегi өкiлеттiктерi

    1. Орталық атқарушы органдардың баланың құқықтарына кепiлдiктердi қамтамасыз ету жөнiндегi өкiлеттiктерiне:

    1) балалар мүддесiн көздейтiн мемлекеттiк саясаттың негiздерiн талдап жасау;

    2) баланың құқықтары мен заңды мүдделерiн, оның денсаулығы мен имандылығын қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтiң басым бағыттарын таңдау;

    3) өз құзыретi шегiнде баланың құқықтары мен бостандықтарын реттеу және қорғау жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау;

    4) балалардың өмiрiн жақсартуға бағытталған мемлекеттiк ең төменгi әлеуметтiк стандарттарды белгiлеу;

    2004.20.12. N 13-III ҚР Заңымен 5) тармақша жаңа редакцияда (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

    5) бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен балалар мүдделерiнде мемлекеттiк саясатты iске асыру жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыру;

    2004.20.12. N 13-III ҚР Заңымен 6) тармақша өзгерді (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)


    написать администратору сайта