Главная страница
Навигация по странице:

  • 1.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстыра сөйлеуін дамытудың негізгі теориялық мәселелері.

  • 1.2. Мектеп жасына дейінгі балалардың диалогты сөйлеуге үйрету әдісі.

  • 1.3. Мектеп жасына дейінгі балалардың монологты сөйлеуге үйрету әдісі.

  • Қайталап айту

  • Естиярлар тобында

  • Ересектер тобында

  • Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  • психология. Мектеп жасына дейінгі балаларды монологтық және диалогтық сөйлеу. Реферат Таырыбы Мектеп жасына дейінгі балаларды монологты жне диалогты сйлеуге йрету


    Скачать 34.38 Kb.
    НазваниеРеферат Таырыбы Мектеп жасына дейінгі балаларды монологты жне диалогты сйлеуге йрету
    Анкорпсихология
    Дата10.09.2021
    Размер34.38 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаМектеп жасына дейінгі балаларды монологтық және диалогтық сөйлеу.docx
    ТипРеферат
    #231114

    Подборка по базе: Altayeva Balgyn реферат микробиология.docx, 8_7 _дістемелік н_с_ау Жалпы білім беретін мектепті_ 8_7-сынып м, Куль 3 реферат.docx, физра реферат.docx, Раульева А реферат.docx, Ошакбай Даурен Реферат ЭКГ.docx, ДЮА, Яновский А.А, 302 группа, Финансовое право, реферат.rtf, мехатронника РЕФЕРАТ.docx, 4 Реферат Анализ закона.docx, Зере реферат (1).docx

    Мирас коледжі

     

    Реферат

    Тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі балаларды монологтық және диалогтық сөйлеуге үйрету».

    Орындаған:

    Тексерген:Бақтиярова. Г

    Шымкент 2021
    Кіріспе бөлім.
    1.Негізгі бөлім. 
    1.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстыра сөйлеуін дамытудың негізгі теориялық мәселелері.

    1.2. Мектеп жасына дейінгі балалардың диалогты сөйлеуге үйрету әдісі.

    1.3. Мектеп жасына дейінгі балалардың монологты сөйлеуге үйрету әдісі.

    Қорытынды.

    Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

    Кіріспе

    Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеуін дамыту мәселесі бағдарламаға сай дидактикалық ұстанымдарды басшылыққа алып жүргізіледі. Әсіресе, баланы мектепке даярлауда олардың байланыстырып сөйлеуін, сөздік қорын байыту, өз ойларын басқару, түсіндіре білу жақтарына баса көңіл бөлінеді. Берілетін білім мен тәрбиелеу әр уақытта баланың өз ана тілі арқылы іске асады.

    Б.Баймұратованың пікірінше, балалар жеке заттарды біліп қана қоймай, оларды жіктеп, топтап айта білуге, әр заттың қайдан, неден жасалатынын, қалай пайда болатынын түсінуге тырысатындығын айтады.

    Бала айналадағы өмірмен танысу нәтижесінде әр түрлі құбылыстармен бетпе-бет кездеседі. Күнделікті тұрмыста, табиғат аясында ойын, еңбек, серуен, сабақ процесінде қоршаған орта туралы жаңа сөздер үйренеді. Үйренген  сөздерін күнделікті іс-әрекет үстінде қолданады. Бұл сөздерді сөйлем ішінде қолданып, жүйелі байланыстырып сөйлеуге үйрету туралы көптеген ғалымдар өздерінің анықтамаларын ұсынған. Мәселен, олардың бірі А.М.Бородич:  ”Байланыстырып сөйлеу – адамдардың өзара түсінісуін қамтамасыз ететін мағыналы сөздердің сөйлемдегі жүйесі“ десе,  Ф.А.Сохина: “Байланыстырып сөйлеу дегеніміз – белгілі бір ойды жүйелі, анық, грамматикалық тұрғыдан алғанда дұрыс және бейнелі түрде жеткізу болып табылады” деп қарастырады. Сонымен байланыстырып сөйлеу – отбасында және балабақшада іске асатын бала тілінің дамуының тиімділігінің көрсеткіші.

          Кез-келген бала да адамның мәдениеті де ойын арқылы дамиды. Ал бүгінгідей динамика ғасырында, оқу процесінде ойын алдынғы орында, яғни ойын технологиясы арқылы баланың оқуға ынтасын, қызығушылығын арттыру жеңіл болмақ. Ойын- дегеніміз не? Ойын дегеніз- халықтың баланы әдептілікке, сауаттылыққа баулитын қүралдың бірі.  Ойынның түрлері өте көп. Мысалы: рөлдік ойындар, денешынықтыру ойындары, сюжеттік ойындар, дидактикалық ойын элементерін пайдаланудың маңызы өте зор. Дидактикалық ойындар баланың ақыл- ойын дамытып, сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады. Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз, импульсивті болғанымен, қабылдау есте сақтау мүмкіндіктері жақсы дамыған.Баланың сөйлеу әрекетін дамыту, ең алдымен оқыту үрдісінде тілдің лексикалық, грамматикалық білім нормаларын игертуге байланысты болса, екіншіден, сөйлеу икемділігі пен дағдылары сөйлеу әрекетінің оқу, тыңдау, айту жазумен байланысты болады. Сондықтанда қатысымдық икемділік пен дағды сөйлеу қарым- қатынастың түрткісіне мақсат- міндеттеріне орай жүргізіліп, екінші жағынан әлеуметтік нормалар, яғн тіл мәдениетінің негізінде ұйымдастыру болып табылады. 

         Баланың тілін дамытуда мынадай жұмыс түрлерін жүргізуге болады. 
    1. Айналадағы бар, күнделікті өмірде пайдаланып жүрген заттарды (киім - кешек, ыдыс - аяқ, тағам, үй жиһаздарын ) көрсетіп, атын сұрап айтқызу. 
    2. Осы заттардың қайдан, неден (ағаштан, шыныдан, жүннен, темірден жасалғандығын)түсіндіру. 
    3 Ойыншықтары жайында, жақсы көретін ертегісі туралы әңгімелесу. 
     Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасып, сақталып келе жатқан наным - сенімдерін, дәстүрін, жол - жоралғыларын, әдеп - ғұрыптарын өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойына сіңіру мектеп жасына дейінгі баланың тілін дамытуға баға жетпес нәтиже береді.

    Мектеп жасына дейінгі балалардың тілдерін дамытуда ауыз әдебиетінің маңызы ерекше. Сәбилердің ой-өрісін дамытуға, қиялын шарықтатуға, тіл байлығын молайтуға ауыз әдебиеті үлгілері – ертегілер, жұмбақтар, жаңылтпаштар, халық ойындары арқылы жүзеге асырылуда. Ауыз әдебиетінің асыл үлгілеріндегі өзекті идея өз ұрпақтарын  Отанын, елін, жерін жаудан қорғауға, бостандықты, азаттық үшін күресе білуге, париотизмге баулу болды. Халық тәрбиесін құндақта жатқан күннен бастап, ат жалын тартып азамат болғанға дейін естіп өскен есті ұрпақ бабалар өсиетін ғасырлар бойы мүлтіксіз іске асыратын болады. 
     Халық ауыз әдебиетінің мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудегі бағыттары:

    1.     Денсаулық

    2.     Еңбек пен мамандық

    3.     Өнер

    4.     Имандылық пен адамгершілік

    5.     Патриоттық

    6.     Эстетикалық

    7.     Табиғатқа деген сүйіспеншілік

    1.1 Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстыра сөйлеуін дамытудың негізгі теориялық мәселелері.


                Байланыстыра сөйлеу дегеніміз қарым-қатынас пен өзара түсінісуді қамтамасыз ететін ашық мағыналы айтылым (логикалық үйлескен бірқатар сөйлемдер) болып табылады. Сұхбаттас үшін түсінікті болуы байланыстыра сөйлеудің негізгі сипаттамасы болып табылады. 
                Байланыстыра сөйлеу дегеніміз - бұл өзінің заттық мазмұнының бүкіл маңызды жақтарын көрсете білетін тіл. Сөз екі себеппен байланыспауы мүмкін: осы байланыстар түсінікті болмағандықтан немесе осы байланыстар сөйлеуді тиісті дәрежеде айқындалмағандықтан. 
                Байланыстыра сөйлеу дегеніміз - бұл өзара байланысқан және тақырыбы жағынан біріккен, аяқталған үзінділердің бірыңғай мағыналық және құрылымдық тұтастығы. 
                Ана тіліне оқыту жүйесінде байланыстыра сөйлеуді қалыптастыру тілдің дыбыстық жағын, сөздік құрамын, тілдің грамматикалық құрылымын меңгерумен өзара байланысты көрініп, тілдің семантикалық компонентімен жұмыс істеу ерекше орынға ие болады. 
               5-7 жаста сөйлеу ерікті дербес үдеріске айналады. Балаға сұхбаттасы анық түсінуі үшін сөйлеу кезінде мазмұнды жеткізе білу маңызды. Сұхбат, тыңдау, пайымдау, әңгімелер мен ертегілер құрастыру түріндегі ерекше сөйлеу іс әрекеті өзгешеленіп тұрады. Ол өзіндік мотивтер мен мақсаттарға ие болып, арнайы ұйымдастырылған оқыту барысында ғана дамиды, мұнда ересек адам баланың сөзіне белгілі бір талаптар қояды (мазмұнды өз бетінше, мәнерлі жеткізе білу, мәжбүрлемеген сұхбатты қолдау, сұраққа жауап беру және т.б.), оларды қалай орындау керектігіне үйретеді. Сөйлеу интеллектуалды ақыл-ой қызметіне айналады. 
                Байланыстыра сөйлеудің негізгі функциясы – коммуникативті қызмет, негізгі екі формада - диалог пен монологта іске асырылады.  
               Диалогты сөйлеу тілдің коммуникативтік қызметінің ерекше айқын көрінісі болып табылады. Ғалымдар диалогты тілдік қарым-қатынастың бастапқы табиғи формасы, сөйлеу қатынасының классикалық формасы деп атайды. Диалогтың басты ерекшелігі я бір сұхбаттастың тыңдауымен және келесі сұхбаттастың сөйлеуімен кезектесіп отырады. Монологты сөйлеу – тыңдаушылардың жылдам реакциясына арналмаған, ұзақ уақыт ішінде орын алатын байланысқан, логикалық бірізді айтылым. Ол салыстырылмайтын едәуір күрделі құрылымға ие, бір адамның тыңдаушыларға бейтаныс ойын білдіреді. Сондықтан айтылым ақпараттың неғұрлым толық құрылымынан құралып, барынша ашық болып келеді. Монологты сөйлеу ішкі мотивтермен ынталандырылады, оның мазмұны мін тілдік құралдарын сөйлеушінің өзі таңдайды. Маңызды айырмашылықтарына қарамай, диалог пен монолог бір-бірімен өзара байланысты болып келеді. 
              Әңгімелесу тілі – ауызша сөйлесудің ең қарапайым түрі. Ол жағдайға байланысты, эмоционалды әрі қарапайым болып келеді, өйткені арнайы дайындықты қажет етеді. 
               Психологтардың пайымдауынша, байланыстыра сөйлеуде балалардың тілдік және ақыл-ой тәрбиесі тығыз байланысты болады. 
    Мектеп жасына дейінгі балалардың көпшілігі байланыстыра сөйлеуді дамытуда біраз қиындықтарға кездеседі, мұның өзі тілдік жүйенің негізгі компоненттерінің жете дамымауымен байланысты. Балалардың бойында қабылдау, зейін, қиял сияқты жетекші психикалық үдерістердің дамуындағы екіншілік ауытқулардың болуы байланыстыра сөйлеуді дамытуда қосымша қиындықтар тудырады. 
                Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың монологты байланыстыра сөйлеуді жеткіліксіз меңгеруі: 
    - әдеби мәтінді баяндауда логика мен бірізділіктің бұзылуымен;  
    - бір ғана байланыстыру типін қолданумен (формалды-шығармашылық, тізбекті есімдікті); 
    - сөздердің реті бұзылатын жай синткасистік құрылымды пайланауымен; 
    - жағдайлық элементтердің, кідірістердің, артық қимылдардың көп болуымен; интонациялық және лексикалық мәнерсіздікпен расталады.  
    Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың тілінде бірыңғай мүшелерден құралған сөйлемдер саны арта түседі, жай және құрмалас сөйлемдердің көлемі ұлғаяды. Мектепке дейінгі балалық шақтың соңына қарай бала барлық шылауларды және оларды меңгеру ережедерін иегетін болады. Алайда, бірінші сыныпқа баратын балалардың өзінде мәтіннің негізгі бөлігін (55%) жай сөйлемдер құрайды. 
                Мектепке дейінгі ересек жастағы балалар үшін: 
    енжар және белсенді сөздікті белсенді қалыптастыру үшін (сөзді түсіну мен сөзді айту); 
    дыбыстардың айтылуын қалыптастыру: дыбыстардың анық артикуляциясы, сөздерді есту, сөздерді дыбыстық талдау дағдыларын меңгеру үшін; 
    грамматикалық дұрыс сөйлеуді дамыту үшін; 
    монологты және диалогты сөйлеу тілін қалыптастыру үшін; 
    мәнерлеп сөйлеудің интонациялық құралдарын пайдалана білуін дамыту үшін (тон, қарқын, ырғақ және т.б.); 
    мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың байланыстыра сөйлеуі мен тілдік қарым-қатынасын дамыту үшін қолайлы жағдай жасайды. 
               Мектеп жасына дейінгі балаларға тән білуге құмарлықты (зерттеуші қызығушылық) пайдалана отырып, бала білім беру үдерісінің белсенді қатысушысы болатындай педагогикалық технологияларды қолдану керек. Осындай іс әрекетте ғана баланың басты психикалық қасиеттері мен тұлғасы дамитын болады. 
               Мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың жас құзіреттілігі шегінде ана тілінің негізгі нормалары мен ережелерін меңгеруі, оларды нақты жағдайда шебер пайдалана білуін қалыптастыру, негізгі коммуникативтік дағдыларды игеруі – мектепке дейінгі ұйым педагогтарының алдында тұрған негізгі міндет.


    1.2. Мектеп жасына дейінгі балалардың диалогты сөйлеуге үйрету әдісі.

    Сөйлеу өзінің ішкі түрі мен мазмұнына қарай диалогты және монологты сөйлеу болып екіге бөлінеді. Диалог гректің dia – бірнеше және logos – сөз, сөйлеу дегендерінен шыққан, яғни бірнеше кісінің сөйлеуі дегенді аңғартады. Шынында, диалогтық сөйлеу кемінде екі адам арасындағы сөзге байланысты құрылады. Сөйлеу түрі түрліше болып келеді. Сөйлеушінің хабарына қарай олар біріне-бірі қақпайлап, реплика тастап, сұрақ қойып, оған тиісті жауап алыпотырады. Бірінің сөзін бірі қайталап, оны қуаттай сөйлеп, сөздер мен сөйлемдерді тұжырымдай түседі.

    Диалогты сөйлеу тіліне практикалық тұрғыдан үйренуге тиісті орындарды пайдаланып отырған жөн. Ал арнайы ұйымдастырылатын қазақ тілі материалдарын оқыту үдерісінде балалардың қазақ тілінде сөйлеу, жазу дағдыларын арттыру мақсаты іске асырылады.

    Бұл мақсатта балаларға мазмұнды суреттер тарату, белгілі тақырыпқа ауызша әңгіме жоспарын құрату, тірек сөздер жиынтығын бекіткен соң өзара тілдік қатысымға түсіру, тілге үйреніп жатқан топ атынан хат мәтінін құрастыру, телефон, телеграф, теледидар ойындарын ойнату, әр түрлі тақырыптық әңгіме-сұқбат, саяхат, мұражай қызметкерлері туралы сахналық қойылымдар сияқты әңгіме әдістері арқылы балалардың сол нысандарға деген қызығушылығы, белсенділігі артады. Олардың тілден алған теориялық білімі іс жүзінде пысықталып отырады. Әңгіме - диалог сөйлеудің бір түрі есебінде әрі теориялық, әрі практикалық жұмыс жүйесі үшін пайдаланылады.

    3-4 жастағы балалардың тілдік ерекшеліктерінің бірі–тілдік міндеттердің бұл жаста күрделене берілуі. Өйткені «Баланың өзі лингвистік қабілетке бейім келетін тұсы» деп зерттеуші К. Чуковский бағалаған кезең–осы кезең. 4 жастың аяғына қарай балалардың жеке қабілеттері айқындала бастайды, сөйлеу тілі бір деңгейде дамып келе жатқан балалардың өзінде бір-бірінен айырмашылықтар байқалады. Себебі балаларға берілетін дидактикалық материал балалардың психикасының осы құпия кезеңінде өте әсерлі болуы керек.

    Оның бейнелеп, әсемдеп сөйлеуіне алғы шарт болатын үлкеннен естіген әсерлі әңгімесі, айналадан көрген әсем табиғат сұлулығы, суреттің таңғажайып колориті, персонаждардың айқын көңіл-күй, қимыл-әрекеттері –бәрі-бәрі ықпалды болса, бір баланың тілін екіншісінен артық етеді. Бала өмір сүретін әлеуметтік орта әсері оның қандай мозаика сала алатынын, қандай суретті қабылдап ой түйе алатынын үйрететін болады. Зерттеушілердің айтуынша, үлкендер балаларға осы жаста мазмұнды, әсерлі ынтымақтастық құра алса, баланың әңгімелеп сөйлеу тілі бірден қалыптасады. Бұл жетістік баланың 5 жасындағы монологты сөйлеуін, 6 жаста кез келген тақырыпқа әңгіме құрастыра алуын еркін қамтамасыз етеді. Әрине, бұл кезеңде-тілі ана тілінде шыға бастаған балалардың тілдік дамуының деңгейлік кезеңдері.

    Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін қазақша дамыту алдымен тәрбиеші-педгогтің өз сөзінің мәнеріне, тілінің тазалығына, мәдениетті сөйлеу қабілетіне байланысты. Бала тілінің дамуына тікелей басшылық жасау үйретушінің өз кәсібіне деген қызығушылығы мол болуы үшін оның теориялық білімі тереңдетіліп отыруы керек. Өкінішке орай, ана тіліміздің даму барысын ғылыми негізде сипаттап жазған еңбектер бүгінде шамалы, ал суреттер топтамасы енді ғана шығарыла бастады.

    4-ке қараған балаға берілетін тапсырманың күрделігі тәрбиешінің оған көмекке келуімен жеңілдетілгенмен, әр баланың жеке мүмкіндіктері әр түрлі болатындықтан, көптеген мәселелерді ескеруге тура келеді. Алғашқы сабақтардың өзінде тәрбиеші балаларды еркін түрде жауап қатуға тартады.

    Оларға өз тұрмысы, жақын адамдарының еңбегі, оларға көмегі жайында айты берулерін сұрайды. Жекелеген заттарды, жеке заттар салынған суреттерді сипаттауға баулиды, «сөз» туралы, «дыбыс» туралы түсініктер береді.

    Сөз ішінен белгілі бір дыбысты дәл табуға үйренеді. Өлеңдерді мәнерлеп жатқа айтуы кезінде балаларға түрлі ойыншықтар беріліп, үстелдің жанына келіп оларды сипалап, қозғалтып сөйлеулеріне еркіндік беріледі. Балалар топтағы картиналар топтамалары бойынша әңгіме құрастырады.

    Ақыл-ой тәрбиесінің негізгі болып табылатын тіл–өмір шындығын таныту құралы. Сөз өнеріне, тіл байлығына тәрбиелеу ісі баланың ең жас кезінен басталуы заңды болмақ.

    Бұл жағдайлар көрнекті психолог-педагог ғалымдардың сәби тіліндегі ерекшеліктері мен заңдылықтарды зерттеу мәселесіне арналған еңбектерінде баланың сөз қорын, сөйлеу тілін дамыту оның психологиялық процестерін (ойлау, қабылдау, елестету, түйсіну, т.б.) жетілдіруге тікелей әсер ететіндері жан-жақты дәлелденген.

    Бұрынғы одақтың және кейінгі жылдары республика ғылыми-зерттеу лабораторияларында жүргізілген эксперимент нәтижелері мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларының даму мөлшерін, кейбір балалардың сөйлеу тіліндегі ерекшеліктерді, сөз түсіну және грамматикалық тұлғаларды немесе жүйелі байланысты сөйлеу дағдыларын меңгерту, тағы да басқа тіл меңгеру үстіндегі психикалық процестерді анықтағанын көреміз.

    Балаларды диалог немесе сөйлеу тіліне үйрету — әңгімелесу (сөйлесу) түрінде де, балалардың үлкендермен немесе өзара сөз қатынасына түсу түрінде өтеді. Мектеп педагогикасында әңгімелесу деген сөздің терминологиялық, мағынасы кез келген бір пән — табиғаттану, тарих, көркем жазу және т. б.бойынша теориялық білім берудің әдістерінің бірі екені мәлім.

    1.3. Мектеп жасына дейінгі балалардың монологты сөйлеуге үйрету әдісі.

    Сөйлеудің анағұрлым күрделі түрі – монологтік сөйлеу. Монологті сөйлеу дегеніміз – бір адамның өз ойын, пікірін ұзақ уақыт жүйелей, сабақтай баяндауы. Ол баяндама, әңгіме ұзақ сөйлеу формасында көрінеді. Монологты сөйлеу диалогты сөйлеу негізінде дамиды. Диалогтың сөйлеуде бір сөйлеуші хабарлап отырған материалдың көмегімен ұлғаюы біртіндеп жаңа сапаға жеткізіледі, яғни монологты сөйлеуді туғызады.

    Монолог сөзге тән кейбір психологиялық ерекшеліктер:

    монолог алдын-ала даярлықты тілейді.Белгілі жоспар құрып, сөйлеуші өз сөзін басшылыққа алып, ой-пікірін жүйелі баяндауға тырысады. Монолог ой жүйесінің бұзылғанын көтермейді;

    монологтың мағыналы жағы мен оны тыңдаушысын баурап алатын тартымдылығы жағынан қатаң талаптар қойылады;

    монолог сөз адамға әсер ететін сөздің мәнерлілігін (сөзді мәнісіне келтіріп айту) көбірек қажет етеді;

    монлогты құрайтын сөйлемдер грамматикалық талаптардан ауытқымайды.

    Монологты сөйлеу диалогты сөйлеуге қарағанда сөздің мағыналық жағын сапалық жағынан елеулі өзгерістерге ұшырайды. Монологты сөйлеу – байланысты, тұжырымды болып, логикалық ойға қойылатын дәйектілік сияқты талаптарға бағынады.

    Монолог сөйлеудің қарқыны мен үніне бірқатар талаптар қойылады. Диалогта аңғарылмайтын шапшаң сөйлеу, міңгірлеу, бірсарындылық монологта аса айқын байқалып тұрады. Монологтың мағыналық жағы оның иыңдаушысын баурап алатын тартымдылығымен ұштасу қажет. Тартымдылық дауыстың әсерлі болуын қалайды.

    Мектеп табалдырығын енді аттаған бала монологты сөйлей алғанмен, монологты сөйлеуге күнделікті оқу-тәрбие жұмыстарында үйренеді.Мектепте түрлі бағдарламалар жасау, сыныпта газет шығару, мазмұндама, шығарма жаздыру, сахнада өнер көрсету, оқыған кітаптар жөнінде пікір алмасу, мектеп жиынына дайындалу, мектеп радиосында сөйлеу т.б. жұмыстарды орындау барысында монологтысөйлеу машықтары қалыптасып, беки береді.

    Қоғам өзінің даму деңгейі жоғарлаған сайын өз қажеттілігін қанағаттандыратын сөйлеу түрін дүниеге келтіреді. Сондай сөйлеудің ерекше түрі – жазбаша сөйлеу. Ұлы ұстаз А.Байтұрсынов «Біздің заманымыз – жазу заманы, жазу мен сөйлесу ауызша сөйлеуден артық дәрежеге жеткен заман», - деп бекер айтпаған. Жазбаша сөйлеу ауызша сөйлеуге қарағанда күрделі процесс. Ол – сыртқы құрылысы мен қызметінің тәсіліне қарай ауызша сөйлеуден құбылыс.

    Жазбаша сөйлеудің қиындығы мынада:

    Диалогті сөйлеу екі немесе бірнеше адамдар арасында болса,жазбаша сөйлеу - әңгімелесуші, пікір алысушысы жоқ деп ақө қағаз арқылы өзмен-өзі не қиялдағы адамымен сырласуға бағытталған сөйлеу.

    Жазбаша сөйлеу ойлаудың мазмұнын тілдің бұрыннан қалыптасқан дыбыстық жүйесімен емес, тілдің гафикалық таңбалары арқылы беріледі. Міні, сондықтан көрнекті психолог А.С. Выготский жазбаша сөйлеуді – сөйлеудің алгебрасы деп бекер айтпаған.

    Оқушының қиындығы мол жазба жұмыстарына қызықтыратын ішкі мотивтерінің қалыптасуы.

    Бастауыш сынып оқушыларының ойлауы негізінде нақтылы келеді. Теориялық ойлары әлі қалыптаса қоймағандықтан сөздің логикалық жағына, жазылатын оқиғаның, құбылыстың себеп-салдарлық байланысын дұрыс жазып бере алмайды.

    Ауызша сөйлеу мен жазбаша сөйлеу түрлері бір-бірімен тығыз диалектикалық байланыста болады. Өйткені бұл сөйлемдердің физиологиялық негізі бар. Ол ми жарты шаралары қабығындағы екінші сигнал системасының механизмдері. Бірақ ауызша сөйлеудің негізіне есту түйсігі жатады. Сондықтан қазақта «Жыл атасы тұяқ, сөз атасы құлақ» деп бекер айтпаған, ал жазбаша сөйлеуде көру түйсігі мен кинестизиялық түсініктердің атқаратын рөлі ерекше. Мұнан жазбаша сөйлеудің қалыптасуына ауызша сөйлеудегі түсініктердің қатынасы жоқ екен деген ой тумайды.

    Монологтық сөйлеу – байланысқан логикалық бірізді сөйлеу. Бір адамның ойын білдіреді. Монологтық сөйлеудің міндеті мен мазмұны балалардың байланыстырып сөйлеуін дамыту және монологтық сөйлеудің ерекшеліктерімен анықталады.

    Монологтық сөйлеу бірнеше белгілермен сипатталады. Олар: тұтастық (тақырыптың бірізділігі), құрылымы (басы, ортасы, аяғы), байланыстылығы (сөйлемдер арасындағы логикалық байланыстар).

    Қызметіне байланысты монологтың түрі бар: сипаттау (описание), баяндау (повествование), талқылау (рассуждение), контоминация (аралас мәтіндер).

    Сипаттау– статикалық жағдайдағы (қвлыпты) затты сипаттау. Сипаттауды затқа деген бағалы қарым-қатынасты білдіретін, қорытынды фразамен аяқтайды. Балабақшада балалар суреттерді, ойыншықтарды, заттарды, табиғат құбылыстарын сипаттайды.

    Баяндау– кез-келген жағдайға байланысты әңгімелеу, яғни фактілерді, көңіл-күйді, болған жағдайды баяндау. Ол белгілі бір бірізділікті талап етеді. (жағдайдың басы, оның дамуы, аяқталуы).

    Талқылау– бұл дәлелдеу формасында материалды логикалық баяндау. Талқылауда түсіндіріледі және дәлелденеді.

    Балабақшада балалар монологтың 2 негізгі типін оқиды: өз бетімен әңгімелеу және қайталап айту.

    Қайталап айту – бұл әдеби образды ауызша түрде мазмұнды қайталау. Бұл кезде бала дайын автордың мазмұнын жеткізеді және сөйлеу формаларын пайдаланады (сөздік қор, мәтін ішіндегі байланыстар).

    Әңгімелеу– баланың мазмұнды өзбетімен кең түрде жеткізеді.

    Сөйлеу көздеріне байланысты монологты былай бөлуге болады:

    1. ойыншық және зат бойынша;

    2. сурет бойынша;

    3. өз шығармашылығынан;

    4. творчествалық әңгімелер.

    4. Әдеби шығармаларды әңгімелеу - әр жас топтарында әңгімелеуге оқыту әдістемесінің жалпы және спецификалық ерекшеліктері бар.

    Монологтық сөйлеуді дамыту бойынша сабақ түрлері: әдеби шығармаларды мазмұндау, ойыншық, сурет бойынша, өз тәжірибесінен әңгімелеу.

    Кіші топта балаларды шығарманы дұрыс тыңдап қабылдауға, сұрақтарға жауап беруге үйретеді. 3 жастағы бала үлкендермен бірігіп әңгімелейді, фразаның соңғы қойылған оның сұрағына жауапты бөлек сөздер қойылады. («Ата не отырғызды?», «Шалғыны» - «Шалғы қалай болып өсті? ...»). Баланы бірігіп жауап беруге тарта отырып, алғашында бұл сұрақтарға тәрбиеші өзі жауап береді. Біртіндеп балалар қойылған сұрақтарға өздері тұтас сөйлеммен жауап бере бастайды. («Баяғы өткен заманда кімдер өмір сүріпті?», «Ата мен апа ма?» - «Ата мен апа өмір сүріпті»).

    4 жастағы балалар тәрбиешінің көмегімен, қайталай отырып өздеріне таныс ертегілер мен әңгімелерді әңгімелейді. («Бауырсақ», «Репка»). Педагог балаларды ертегіні қабылдауға, мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беруге үйретеді, осылай біртіндеп оны еске түсіруге әкеледі. Әдеби шығармаларды есте сақтауға оны қуыршақтар тетарының, жылжымалы суреттердің, ойыншықтардың көмегімен драматизациялау көмектеседі.

    Естиярлар тобында балаларды сабақтарда алғаш оқылған қысқа ертегілер мен әңгімелерді мазмұндауға, кейіпкерлердің диалогын мәнерлі жеткізуге үйретеді. Мазмұндауға «Қасқыр және жеті лақ», «Шалғы» т.б.ертегілерді қолдануға болады.

    Әңгімелеу бойынша сабақтардың құрылымы:

    1. Кіріспе бөлім. Мақсаты – сабаққа деген қызығушылық тудыру, жұмбақты, бақылауды еске түсіре отырып, суреттерді көрсете отырып, қысқа кіріспе әңгіменің жолымен жететін, мәтінді балалардың қабылдауына даярлау.

    2. Шығарманы оқу. Балаларға шығарманы таңдау ұсынылады, оның тақырыбы мен авторы хабарланады.

    3. Оқылғанның мазмұны бойынша талдауға және мәтінді есте сақтауға бағытталған әңгіме.

    4. Қайталап оқу.

    5. Балалардың әңгімелеуі.

    6. Сабақтың қорытынды бөлімі. Мұнда шығарманы ойыншықтардың, үстел үсті және көлеңке театрының көмегімен драматизациялауға болады.

    Естиярлар тобында«Түлкі және шаян», «Өрт сөндіруші иттер», «Мысығым», «Маша қалай үлкен болды», «Өрт сөндіруші иттер» және т.б. ертегілерді айта алады. Әңгіме – балаларды әңгімелеуге даярлаудың міндетті тәсілі болып табылады. Оның негізгі мазмұны балаларға шығарманың мазмұнын түсінуге көмектесу. Мұндай әңгімесіз балалар кейде шығарманың идеясын түсінбейді.

    Әңгіме кезінде сұрақтардан тыс балалардың назарын шығарманың тіліне, кейіпкерлерге берілген автордың мінездемесіне аударатын әр түрлі тәсілдер қолданылады.

    Ересектер тобында әңгімелеудің жоспары кеңінен қолданылады. Жоспар төмендегідей құрылады: 1. Алдымен, балаларды өрттен қорғау неге қиын болды. 2. Сосын, қалай өрт сөндіруші иттерге балаларды қорғауды үйретті. 3. Боб қалай қыз баланы құтқарды және неге ол алдымен өрттен қуыршақты шығарды. (Н.Толстойдың «Өрт сөндіруші иттер» ертегісі.).

    Бұл екі сөйлеу түрлерінің мәнерлігі жағынан айырмашылығы бар. Мәнерлеп оқу дегеніміз – дауыс интонациясы арқылы айтушы өз ойын білдіру, мазмұнды ой-пікірін дұрыс қоя білу, ақырында оқығанды оқи білу деген сөз. Ауызша сөйлеудің мәнерлігі тыңдаушының айтылған ойды дұрыс қабылдап, нақтылы түсінудің ең басты талаптарының бірі. Бұл сөйлеу түрінде мәнерлеп сөйлеу құралдары: дауыс күшін көтеру не бәсеңдету, қажетті сөзге, не сөз тіркестеріне екпін түсіру, негізгі ойды білдіретін сөзді ерекше айту, кідірістер жасау, мимика т.б. қолданылады.

    Ауызша сөйлеудің мәнерлігі оның ой-пікірді білдіру құралы ғана болып қоймай, сонымен бірге көз жеткізудің үлкен құралына айналдырады. Жазбаша сөйлеудің мәнерлігі лексиканың аса талғампаздықпен таңдалуы, сөйлемді одағайдай құруы, мәтіннің дұрыс тарауларға, қайырымдарға бөліну жолымен жасалады. Сонымен қатар, мәнерлілік құралдарына курсив, астын сызу, сұрақ, леп белгілерімен, көп нүктелер жатады. Бұл құралдардың негізгі мақсаты мәтіндегі негізгі ойға оқушының назарын аудару.

    Қорытынды.

    Жалпы мектепке дейінгі мекемелерде балалардың ой-өрісін, санасына туған тіліне, халқына деген сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімін ұялатып, қиялдарын қанаттандыру, ұлттық рухты бойларына сіңіру, ана тілі мен Отанына, тарихы мен мәдениетіне деген сезімдерін қалыптастыруда қазақ халқының ауыз әдебиетінің орны ерекше. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан халқымыздың ауыз әдебиеті – мектепке дейінгі жастағы балалардың ой өрістерін дамытуға, қиялын шарықтатуға, тіл байлығын молайтуға тигізетін пайдасы ұшан-теңіз.  Сондықтан кез-келген  сабақты өткізу үшін дидактикалық  ойындар қолдана білу керек. Мысылы  «Сауат ашу»  оқулығында  тақырып соңында тапсырмалар берілген. Осы тапсырмаларды ойын арқылы ойын арқылы өткізуге болады. «Ұйқасын тап», «Сиқырлы қоржын», «Өлең жолын құрастыр» т.б. ойындар[5,112-146 б.].

            Тіл  дамыту, сауат ашу сабақтарында  да ролдік ,сюжеттік ойындарды  қолдануға болады. Ролдік ойындар  мектепке дейінгі балалармен  өмірінде елеулі орын алады. Бұл  ойындар ұзақ та , қысқа да болу мүмкін. Сюжетті- рөлді ойындар бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеті болып табылады. Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктену, шындық ты көрсету болып табылады.Мысалы «Дүкен» ойынын ойнағанда балалар сатушы мен сатып алушы әрекеттеріне еліктейді., ал «Мектеп» болып ойнағанда мұғаліммен оқытушының әрекетіне еліктейді. «Отбасы» ойындары арқылы айналадағы өмірді бақылауға, күнделікті өз өмірлерінен алған  білімдерін ойын сюжетіне пайдалануға төселдендіруге болады.

    Қорыта келгенде,сөз  – тәрбиешінің еңбек құралы.Баланың  ой – өрісін кеңейту, ақыл – ойын дамыту, мінез – құлқын, еркін тәрбиелеудің бірі – мұғалімнің сөзі арқылы іске асады. Өзімізді қоршаған өмір тіршілігімен бөбектерді таныстырып, білім беруде баланың нені қай дәрежеде ұққанын, нені есіне сақтағанын байқау, жалпы құралмен: ойыншықпен түрлі затпен, оқу құралымен, суретпен көрсетіп балаға үйретуде мұғалімнің әбден төселген, сөйлеу дағдысы, сөйлеу мәнерінің қалыптасқан  үлгісі болады. Сөйлеу мәнерінің қалыптасқан үлгісі - тілдік тәсілдер мен сөз шеберлігін дәл орнымен қолдану деген сөз.

    Мектеп жасына дейінгі бала тілді үлкендерден үйренеді. Мектеп жасына дейінгі  балалардың  сөздік қоры, сөйлеу мәнері, сөз сарыны соларға еліктеу арқылы қалыптасады. Сондықтан тәрбиешінің  сөздік қоры бай, тілі орамды, стилі жатық, дыбыстау мәдениеті өрісті де өрелі болғаны абзал. Қызықты әңгіме, ертегі, өлең, тақпақтарды мақамдап айту- халық шығармашылығын  ұрпақтан – ұрпаққа жеткізудің дәстүрлі тәсілі болып келді.

    Қазіргі қолданып жүрген бастауыш сынып оқулықтары дидактикалық жүйелілікпен түзілуі жағынан және тіл дамыту тұрғысынан қайта қаралуы керек. Жас балалардың тілін дамытуды жолға қою үшін, әрине, алдымен құралдар қажет. Бастауыш сыныптарға арналған түрлі сөздіктер, мақал мәтелдер мен нақыл сөздер, жұмбақтар мен жаңылтпаштар және шешендер мен билер сөзінің жинақтары, сан алуан суреттер мен кестелер шығарылып, әрбір сыныпқа кешендіқұралдар жасалғаны жөн.

    Бастауыш сыныптарда ертеректегідей «Тіл ширату», «Тіл ұстарту», «Тіл бақылау» сабақтары енгізіліп, осыған сай оқулықтар жасалғаны дұрыс дер ек. Ауызша және жазбаша орындалатын тапсырмалары бар «Мазмұндама мәтіндері жинағы» мен шығарма үшін тақырыптар тізіміде керек ақ. Бастауыш сынып мұғалімдері үшін Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесі» оқулығымен қатар, оның «Хрестоматиясы» шығарылып, ертедегі әдіскерлер еңбектерімен мұғалімдер толық, жан жақты танысатындай жағдай туса дейміз.

    Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту граммактика мен оқу сабақтарындағыжұмыстармен шектелмейді. Бұл  барлық пәндерді оқыту барысында, тіпті мектептегі оқу тәрбие жұмысының өн бойында үздіксіз жүргізіліп отыратын жұмыс. Сондықтан мұндай күрделі мәселелердің барлық проблемаларын бір жолғы зерттеу жұмысында жан жақты талдап шығу мүмкін де емес. Сыныптағы тіл дамытуды баллық пәндерді ұштастыра жүргізу құралы ретінде жеке жеке зерттеу объектісіне айналдыру.

     Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

    1. Баймуратова Б.Б. Мектеп жасына дейінгі балаларды сөйлеуге үйрету. А, 1998ж.

    2. Баймуратова Б.Б. Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту методикасы. А, 1991ж.

    3. Баймуратова Б.Б. Біздің кітап. А, 1991ж.

    4. Исабаев Ә. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері. А. 1993.

    5. Әлімжанов Д., Маманов Ы. Қазақ тілін оқыту методикасы А. 1965.

    6. Әбілқаев А. Қазақ тілін оқыту шәдістемесі А. 1995.

    7. «Педагогиканы оқыту әдістемесі» Ә.Мұханбетжанова.


    написать администратору сайта