Главная страница
Навигация по странице:

  • РЕФЕРАТ Тақырыбы

  • Тексерген

  • 2.4 Керамикадан жасалған ыдыстар ... ... ..16. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17. Кіріспе

  • 2.2 Фарфор ыдыстар

  • ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ (1). Реферат таырыбы Ота тзімді ыдыстар жне оларды сипаттамасы Орындаан, 6В09102Ветеринаринариялы санитария


    Скачать 75.09 Kb.
    НазваниеРеферат таырыбы Ота тзімді ыдыстар жне оларды сипаттамасы Орындаан, 6В09102Ветеринаринариялы санитария
    Дата25.11.2021
    Размер75.09 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ (1).docx
    ТипРеферат
    #281533

    Подборка по базе: «Мемлекеттік бағдарламалар- Қазақстанның болашақ дамуының кепілі, Алматы Технологиялық Университеті.docx, Алматы технологиялық университеті.docx, 1 БЖБ 5 сынып қазақ тілі.docx, Менің тәуелсіз Қазақстаным.docx, 10 Б қазақ тілі Сор.docx, cөж қазақ тілі.docx, ХХ ғасырдағы қазақ мәдениеті.pdf, 20.11.2021 жыл 10-сынып Қазақ әдебиеті.docx

    ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

    Ветеринария факультеті

    Ветеринариялық -санитариялық сараптау және гигиена кафедрасы

    РЕФЕРАТ

    Тақырыбы:Отқа төзімді ыдыстар және олардың сипаттамасы
    Орындаған,6В09102-Ветеринаринариялық санитария

    мамандығының 1курс 109 топ студенті

    Балтабаева Бибібіназ Гайдарқызы

    Тексерген,Буркетбаева А.Н

    Алматы,2021ж

    Жоспар:
    Кіріспе ... ... ... ... .3.

    Негізгі бөлім ... ... ... 4.

    2.1 Отқа төзімді материалдар ... ... ... ...4.

    2.2 Фарфордан жасалған ыдыстар ... ... .4.

    2.3 Кварцтан жасалған ыдыстар ... ... ... 15.

    2.4 Керамикадан жасалған ыдыстар ... ... ..16.

    Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17.

    Кіріспе Химиялық ыдыстар — химиялық лабораторияларда тәжірибе жасауғакеректі, шыны, кварц, кәрлен, платина, т.б. материалдардан жасалатын бұйымдар. Химиялық ыдыс түрлі реагенттер әсеріне, температураның ауытқуына төзімді, оңай жуылатын болуы керек. Сондықтан химиялық ыдыстар шынының арнайы сорттарынан жасалынады. Химиялық шыны ыдыстар өлшеуіш, жалпы және арнайы белгіленген ыдыстар болып бөлінеді. Өлшеуіш химиялық ыдысты қыздыруға болмайды, ол сыйымдылығы, диаметрі, түрі жағынан әр түрлі болады, сұйықтар (0,1 — 100 мл) мен газдарды (100 мл және одан да артық) бөлетін — тамшуыр, титрлеуде, көлемді дәл өлшеуде өлшеуір (микробюретка, көлемдік, салмақтық, поршеньді, газ бюреткалары), өлшейтін және белгілі көлемдегі сұйықтарды сақтайтын — өлшеуіш колбалар (10 — 2000 мл), өлшеуіш мензуркалар, цилиндрлер, жалпы қолданылатын химиялық ыдыс — сынауық (5 — 25 мл), стакан (5 — 1000 мл), колбалар (10 — 1000 мл), реторта (3 л-ге дейін), жай және бөлгіш құйғы, суытқыш, кристалл түзгіш шөлмектер, т.б. Жеке тәжірибелерге арнайы белгіленген химиялық ыдыс: дистилляцияға арналған — колбалар, аллонж — иілген түтікшелер, дефлегматор, эксикатор, Кипп аппараты, тамшылатқыш таяқша, Тищенко сауыты, әр түрлі түтікшелер, т.б. шыны ыдыстар қолданылады, кварцтан жасалынған ыдыс таза заттар алуда, сондай-ақ, 1200C-қа дейін қыздыруға қажет. Платина ыдысы негізінен фторлы сутек қышқылымен жұмыс жасағанда пайдаланылады. Алтын мен күмістен жасалынған тигель әр түрлі заттарды сілтімен қосып 1200 — 3000C температураға дейін қыздыру үшін отқа берік материалдардан (алунд, корунд, т.б.) жасалған тигель қолданылады. Химиялық өте тұрақты полимер материалдардан полиэтилен, фторпласт, т.б. ыдыстар дайындалады. Мұндай ыдыстар химиялық активті қосылыстармен (мысалы, балқытқыш қышқыл) жұмыс жасағанда қажет.

    Негізгі бөлім
    2.1 Отқа төзімді материалдар
    Зертханалық тәжірибелер жоғарғы температураға төзімді мөлдір түссіз шыныдан жасалған ыдыстарда жүргізіледі.Мұндай ыдыстарды көбінесе құрамында 81%SiO2, Na мен K оксидтері,13% B2O3 бар пирекс шынысынан жасалады.Пирекс шынысының температура әсерінен ұзару коэффициенті өте аз шама, сондықтан пирекс шынысынан жасалған химиялық ыдыстар жоғарғы теиператураға төзімді, температураның 150-180◦С-қа ауытқуына төтеп береді,жарылмайды және химиялық реактивтердің әсеріне де шыдамды боларлық төзімділігімен ерекшеленеді.
    Жоғары температуралы отқа төзімді ыдыстар. 1200 С-тан жоғары температурада қыздыру керек болғанда отқа төзімді материалдардан жасалған ыдыстарды қолданамыз.Оған :кварц,металл тотықтары,фарфор,графит,шамот,гесен балшығы,платина,кейбір металдардың карбидтері жатады.
    М.қожаевтың 1996 жылы шыққан "отырардағы керамика өндірісі" атты енбегінде ыдыс атауларынан кесе,сырлы кесе, табақ,құмыра,көзе,түбек,хұм,торсық,сынап көзе аталады,сонымен қатар тағара,тарелка,кубок сияқты ыдыс атауларында кездестіреміз.Зерттеуші ыдыс жасаушы шеберді "құмырашы","керамист" деп атаған .
    Қатты қызған химиялық ыдыстарды, әсіресе шыны ыдыстарды, бірден суық немесе ылғал столдың үстіне не темір штативтіңтабағына қоюға, не су тигізуге болмайды. Бірінші жағдайда пробирка сынып кетуі мүмкін ,екінші жағдайда сұйық толып тұрған жерін бірдей біркелкі қыздырған жөн. Тәжірибе жасағанда пайдаланылатын ыдыстардың барлығыда таза болуы керек.оларды арнайы щеткалармен жуады да,содан кейін дистилденген сумен бірнеше рет шаяды.егер ыдыс өте лас болса,суға аздап тұз қышқылын немесе хром қоспасын қосып жуады.жуылған ыдыстарды кептіру үшін төңкерілген күйінде кептіргіш тақтайдың үстінде қалдырылады.егер ыдысты тез кептіру керек болса,оны газ немесе электр кептіргіш шкафтың ішіне қойып кептіреді.
    2.2 Фарфор ыдыстар
    Зертханалық фарфор ыдыстар. Фарфор ыдыстарға тигельдер, чашкалар, ступкалар, Бюхнер воронкасы, фарфор стақандар, фарфор қайықшалар т.б. ыдыстар жатады. Чашкалар мен тигельдер сұйықтықтарды ұшыру үшін және қатты заттарды қақтау үшін қолданылады, себебі олар 1000оС-тан жоғары температураға шыдайды, қатты заттарды ұсату үшін пестигі бар фарфор ступкалар қолданылады. Бюхнер воронкасын вакуум астында сұйықтықтарды фильтрлеу үшін қолданады


    Фарфор қайықшалар
    Зертханалық фарфор ыдыстар әр түрлі зертханаларда кеңінен қолданылады, себебі олар 1300 градусқа дейін жарылмайды, сонымен бірге қышқылдар мен сілтілер әсерлеріне де шыдамды. Фарфордан жасалған қалың ыдыстар механикалық әсерлерге, температуралар өзгерістеріне төзімді. Бұл ыдыстар ғылыми жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады, себебі олардың зақымдалу қауіпсіздігі аз. Бұл қасиеттері фарфор ыдыстар қатты фарфордан (40-60% сазды заттан, 20-30% кварцтан, 20-30% дала шпатынан тұрады) жасалғандығынан болады. Қатты фарфордың күйдіру температурасы 1400 градусқа жетеді. Фарфор ыдыстардың химиялық беріктікгі ерекше құрамы бар глазурьмен беттері жабылғандықтан (беті жабылмаған фарфор ыдыстар қышқылдар мен сілтілерде тез бұзылады), бірақ бірден суытса, олар жарылып кетеді.


    Фарфор тигельдерді заттарды муфель пеште қыздыру үшін, ал фарфор чашкалар ерітінділерді буландыру үшін, кей кезде қатты заттарды қыздыру үшін, фарфор қайықшалар заттарды түтікше пеште қыздыру үшін, фарфор ступкаларды қатты заттарды ұсақтау үшін қолданады.

    Муфель пештерден фарфор ыдыстарды арнайы қысқыштармен алады және пешке қояды (35-сурет).


    написать администратору сайта