Главная страница
Навигация по странице:

  • Алғашқы медициналық көмекті көрсету ережелері

  • «Металдар» тарауы бойынша эксперименттік есептер шығару.

  • Индикатор ZnSO

  • Металдар тақырыбы бойынша есептерді шешу тапсырмалары

  • 1-2 саб ХПЗН. Металдар тарауы бойынша эксперименттік есептер шыару. Химия кабинетіндегі ауіпсіздік техникасыны міндетті талаптары


    Скачать 328.08 Kb.
    НазваниеМеталдар тарауы бойынша эксперименттік есептер шыару. Химия кабинетіндегі ауіпсіздік техникасыны міндетті талаптары
    Дата17.10.2020
    Размер328.08 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла1-2 саб ХПЗН.docx
    ТипДокументы
    #143620

    Подборка по базе: патфиз есептер отв.docx, МБФ БОЙЫНША 1 БЛОК ҮШІН ТЕСТ 2017 ж.doc, 9 сабақ.Жағдайлық есептер.doc, концентрацияға есептер.docx, _аза_станны_ _азіргі заман_ы тарихы п_ні бойынша мемлекеттік емт, Пропедевтика анализ есептер.docx, сит есептер (5) (1).docx, 7-тақырып бойынша бақылау сұрақтары.docx, Сейсен Ұлдана 08.09.2020 дәріс бойынша конспект.docx, Физика 9 сынып Ньютонның екінші заңына есептер шығару Презентаци

    1-2 ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС

    Тақырыбы:

    1.Химия кабинетіндегі қауіпсіздік техникасының міндетті талаптары

    2. «Металдар» тарауы бойынша эксперименттік есептер шығару.

    1.Химия кабинетіндегі қауіпсіздік техникасының міндетті талаптары

    Химиялық лаборатория – қауіптілігі жоғары орын. Химиялық эксперименттерді жасаған кезде, жараланбас үшін бұрыннан келе жатқан қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керек.

    1. Реактивтерді пайдаланғанда, олардың негізгі қасиеттерін міндетті түрде білу керек: улылығы, басқа реактивтермен жарылғыш қоспалар түзу қабілеттілігі, жанғыштық қабілеті.

    2. Улы заттармен, өткір иісті заттармен, қышқылдар мен сілтілердің концентрациялы ерітінділерімен, сілтілік металдармен жұмысты тартпа шкафта істеу керек.

    3. Тартпа шкафта жұмыс істегенде оның терезесін 1/5-1/4 биіктікке көтеріп қою керек. Жұмысты аяқтаған соң, терезені мықтап жабу керек.

    4. Бөлінген газды ыдысқа еңкейіп иіскеуге болмайды. Газдардың иісін сынауды абайлап жүргізу керек: сынауықтың аузын мұрын деңгейінен төмен, мқрынға ауаның әлсіз ағыны баратындай етіп бағыттау керек.

    5. Сынаптың буы өте улы. Сондықтан төгілгенсынапты шаңсорғышпен немесе амальгамаланған таяқшамен мұқият жинап алу керек және оқытушыға сынап төгілгенін міндетті түрде айту керек.

    6. Сутек, жарықтанғыш газ, бензин, эфир сияқты және т.б. оталу қауіптілігіжоғары заттарды оттан алшақта сақтау керек.

    7. Реактивтерді құйған кезде ыдысқа еңкеюге болмайды, себебі тамшылар немесе бөлшектер бетке немесе киімге шашырауы мүмкін.

    8. Қыздырылып жатқан сұйықтығы бар ыдысқа қарай еңкеймеу керек, өйткені ол ыдыстан шашырауы мүмкін.

    9. Сынауықты қыздырғанда аузын өзіңе немесе басқа адамдарға қаратуға болмайды.

    10. Ыстық сұйықтығы бар химиялық стақанды тасымалдағанда түбіне орамал салып, екі қолмен ұстау керек.

    11. Күкірт қышқылының концентрациялы ерітінділерін сұйылтқанда оны абайлап, баяу ағынмен суға құяды. Резеңке қолғаппен жұмыс істеген абзал.

    12. Қатты негіздерді судың алдын ала өлшеніп қойылған көлемін біртіндеп құю арқылы ерітеді. Күйдіргіш натрийдің немесе калийдің қатты кесектерін таза шүберекке орап үгітеді.

    13. Концентрациялы азот қышқылы кейбір органикалық заттарға (скипидар, эфир майлары, майланған қағаз, шүберек, ағаш жаңұасы және т.б.) әсер еткенде ұшқынданатынын есте ұстаған жөн.

    14. Газ жанарғыларымен жұмыс істегенде өте абай болу керек. Лабораториядан кетерде газ шамдарының крандарын тексерген жөн.

    15. Лас қышқыл және сілті ерітінділерін су құбырларына құюға болмайды. Лабораторияда бұларды құюға арналған арнайы ыдыстар болуы қажет.

    16. Жанғыш сұйықтықтар немесе басқа заттар тұтанып кеткен жағдайда жанарғыны тез сөндіріп, электрқыздырғыш аспаптарды өшіріп, отқа қауіпті (жанғыш) заттарды орнында қалдырып, отты сөндіруге мынадай шараларды қолдану керек: а) жанып жатқан сұйықтықты асбест немесе кәдімгі одеялмен жауып қояды немесе құммен көмеді; ә) жанған фосфорды дымқыл құммен немесе сумен сөндіру керек.

    17. Киім жанған жағдайда адамды сыртынан одеялмен немесе пальтомен және т.б. орау керек. Ешқандай жағдайда қашуға болмайды.

    18. Егер электрөткізгіштері жанса, ажыратқышты өшіріп, қолдағы бар затпен (құм, су, асбест көрпесі, өртсөндіргіш) өртті сөндіру керек.

    19. Белгілі заттардың (соның ішінде ас тұзының, қанттың) да дәмін татып көруге болмайды. Техникалық мақсатөа арналғандықтан олардың құрамында адамға қауіпті қоспалар болуы мүмкін

    20. Егер сендер шыны ыдыста бір затты қыздырсаңдар, аспапты дайындау үшін түтікті майыстырсаңдар, жалаң қолмен шыныны ұстамаңдар: ыстық шышыны сыртқы түріне қарап суық шыныдан ажыратуға болмайды.

    21. Лабораториядан кетерде газды, жарықты және суды өшіріңдер.


    Алғашқы медициналық көмекті көрсету ережелері

    1. Күйген кезде (жанарғы жалынымен немесе жанарғы заттармен) күйген жерді калий перманганатының концентрациялы ерітіндісімен дымқылдау керек немесе калий пермаганатының түйірлерімен тері қоңырқай болғанша сүрту керек немесе күюге қарсы ерітіндімен ылғалданған (дәрі салынған қорапшадағы) мақтамен сүрту керек.

    2. Қатты күйген кезде тез арада дәрігерге қаралу керек.

    3. Күкіртсутекпен, хлормен, бром буымен, көміртек(II) оксидімен уланғанда, зардап шегушіні таза ауаға алып шығып, дәрігерді шақыру керек.

    4. Егер теріге концентрациялы қышқыл немесе сілті ерітіндісі тисе, жараланған жерді лезде судың көп мөлшерімен жуу керек. Қышқылмен күйген жағдайда 5%-тік сода ерітіндісімен немесе аммиактың сұйылтылған ерітіндісімен өңдеу керек; сілтімен күйгенде 2%-тік сұйылтылған сірке қышқылының ерітіндісімен өңдейді. Содан кейін терінің зардап шеккен бөлігінің дағы кеткенше сумен жуу керек.

    5. Ыстық аппаратураға жанасып кетіп күйгенде терінің күйген жерін 2%-тік калий пеманганаты немесе 3%-тік танаин ерітіндісі сіңірілген матамен жабу керек.

    6. Қолды шынымен кесіп алғанда, ең алдымен, жарадан шыны сынықтарын алып, қанды 2%-тік калий перманганатының ерітіндісімен немесе спиртпен жуып, жараға иод тұндырмасын жағып, бинтпен орау керек. Қажетті медикаменттер лабораториялық дәрі салынатын қорапшада үнемі болуы қажет.



    Эксперименттік есептер – тең тапсырмалардан тұратын өз бетінше орындайтын жұмыстың түрі, экспериментті шешудің және жүргізудің жолдарын оқушылар өздері өз беттерінше анықтайды және таңдайды. Жұмыстың мұндай түрін орындау оқушылардан тек теориялық білімдерін пайдалануын ғана емес, сәйкес тәжірибелерді жүргізе алу қабілеттіліктерінің болуын талап етеді.

    Эксперименттік есептерді орындаудың мақсаты- теориялық білімді практика жүзінде қолдана білуге үйрету, әртүрлі зерттеу жұмыстарын жүргізіп үйрену үшін эксперименттік білік пен дағдыны қалыптастыру.

    Практикалық сабақтар мен зертханалық тәжірибелерден эксперименттік есептердің айырмашылығы эксперименттік есептерді әрбір сабақта жаңа материалды меңгеру жане қорытындылау (бекіту) кезінде, оқушылардың білімін тексеру немесе үй жұмысын тексеру үшінде орындауға болады. Эксперименттік есептерді жеке-жеке, топпен немесе бір мезгілде бүкіл класс болып орындауға болады. Оқушылар эксперименттік есептерді орындай отырып бұрынғы қалыптасқан білік пен дағдыларын жетілдіріп қана қоймай, алған білімдерін қолдана білуге үйренеді. Бұл алға қойған міндеттердің теориялық шешімін өз бетінше табуға және алынған нәтижелердің дұрыстығын тәжірибелік жолмен тексеруге мүмкіндік береді.

    Танымдық жағынан сандық есептерге қарағанда эксперименттік есептер тиімді (бағалы) болып келеді. Ол былай түсіндіріледі: эксперименттік есептерді шешу үшін тек теориялық дұрыс негіздеу жеткіліксіз, тәжірибе жүргізу керек және оның мәнін түсіндіру керек.

    Эксперименттік есептерді орындау мұғалімге оқушылардың материалды қаншалықты меңгергендігін және алған білімдерін практикада қалай қолдана алатындығын қысқа уақыттың ішінде тексеруге және бағалауға мүмкіндік береді.

    Есеп нәтижелерін талдау оны шешудегі қателіктерді табуға, оның себептерін анықтауға, оларды түзете білуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар кейбір оқушыларға жеке көмек бере отырып эксперименттік білік пен дағдыны қалыптастыруға жол көрсетеді.

    «Металдар» тарауы бойынша эксперименттік есептер шығару.

    Жұмыстың мақсаты: оқушылардың жалпы металл қосылыстары жөніндегі алған білімдерін қорытындылап, тұжырымдап, бұрын қалыптасқан икемділіктерін іс жүзінде пайдалана білу іскерлігін қалыптастыру.

    Жұмысқа қажетті құралдар мен реактивтер: әр оқушының жұмыс орнында спиртшам, ерітінділер – күкірт қышқылы, натрий гидроксиді, калий ферро (III) гексацианиді, алюминий хлориді, болу керек.

    Беріліп отырған эксперименттік есептердің мазмұны бойынша бұл жұмыс оқушылардың «Металдар» тарауында алған білімдерін қорытындылауға бағытталған. Дегенмен де келтірілген есептерді шығару үшін оқушылар бұрын қалыптасқан икемділіктері мен білімдерін жаңа байланыста пайдаланады. Осы жайлы ескере отырып, мұғалім оқушыларды сабақ барысымен таныстырып, эксперименттік есептерді шығару тарапынан тиісті нұсқаулар береді.

    №1тапсырма Индикаторларды қолданып, мырыш сульфаты, натрий карбонаты, натрий хлориді ерітінділерін анықтаңдар.

    Индикатор

    ZnSO4

    Na2CO3

    NaCI

    Лакмус

    Метилорнаж

    Фенолфталеин

    Қызыл

    Қызғылт

    Түссіз

    Көк

    Сары

    Такқурай

    Күлгін

    Қызыл сары

    Түссіз


    №2 есеп . Мырыштан мырыш гидроксидін алу

    Zn +2HCI = ZnCI2+ H2

    ZnCI2+2NaOH = Zn(OH)2 +2NaCI
    №3 есеп Темірден темір (ІІІ) гидроксидін алу

    2Fe+6HCI=2FeCI3 +3H2

    FeCI3 +3NaOH = Fe(OH)3 +3NaOH
    №4 есеп Сендерге берілген тұз натрий сульфаты екенін дәлелдеңдер

    Na2SO4+BaCI2 =2NaCI + BaSO4
    №5 тапсырма Ерітіндісі бар сынауықтардың қайсысында мынадай тұздар , темір (ІІІ) хлориді, мыс хлориді, кальций хлориді бар екенін анықтаңдар.

    FeCI3 +3NaOH = Fe (OH)3 +3NaCI

    қоңыр түсті

    CuCI2+2NaOH = Cu (OH)2 +2 NaCI

    көк тұнба

    CaCI2 + Na2CO3 =CaCO3 +2NaCI

    ақ тұнба

    CaCI2 +2 NaOH = Ca(OH)2 +2NaCI

    №6 тапсырма Нөмірленген үш сынауықта натрий карбонаты, натрий сульфаты, натрий хлориді ерітінділері бар, күміс нитраты ерітіндісін қолданбай әрбір затты анықтаңдар.

    Na2CO3 +2HCI = 2NaCI +H2O +CO2

    Na2SO4+BaCI2 = 2NaCI +BaSO4

    2NaCI + Pb (NO3 ) 2= 2NaNO3 + PbCI2



    1. Практикалық жұмысты орындау

    №1  Бар реактивтерді пайдаланып, төмендегі айналуларды іс жүзіне асырыңдар:

    CuSO4 → Cu(OH)2 → CuCI2

    реакциялар не себепті аяғына дейін жүретінін түсіндіріңдер.

    №2  Үш сынауықта: натрий сульфаты, калий (натрий) карбонаты, аммоний хлоридтерінің ерітінділері бар. Тиісті реактивтерді пайдаланып, әр сынауықтағы заттарды анықтаудың жоспарын құрып, тәжірибені жүргізіңдер.

    №3  Аммоний сульфатының (NH4)2SO4 құрамын дәлелдейтін сапалық реакцияны іске асырыңдар.

    №4  Қажет реактивтерді пайдаланып, төменде берілген реакцияны жүзеге асыратын тәжірибені орындаңдар:

    1) 2Н+ СО32- = Н2О + СО2

    2) Cu 2+ +  2ОН— = Cu(OH)2

    3) Са2+ + СО32- = СаСО3

    Реакция теңдеулерін молекулалық, толық және қысқартылған иондық тұрғыда жазыңдар.

    2.Практикалық жұмысты орындау

    І нұсқа

    №1  Темір (ІІІ) хлориді, алюминий хлориді, кальций хлориді ерітінділерінің әрқайсысы қай сынауықта екенін анықтаңдар.

    №2  Темір (ІІ) сульфаты, натрий сульфаты, алюминий сульфаты ерітінділерінің әрқайсысы қай сынауықта екенін анықтаңдар.

    №3  Мына сызбанұсқа бойынша :

    СаО → Са(ОН)2 → СаСІ2  кальций оксидінен кальций хлоридін алыңдар.
    ІІ нұсқа

    №1  Темір (ІІ) хлориді, кальций хлориді, алюминий хлоридтері ерітінділерін бір реактивпен анықтаңдар.

    №2  Темір (ІІІ) сульфаты, натрий сульфаты, алюминий сульфаты ерітінділерін бір реактивпен анықтаңдар.

    №3  Төмендегі айналуларды тәжірибе жүзінде іске асырыңдар:

    Са(ОН)2 → СаСО3 → Са(НСО3)→ СаСО3
     Қосымша тапсырма

    1. Екі стақанда жазуы жоқ мыс (ІІ) сульфаты мен натрий силикаты ерітінділері бар. Оларды қандай тәжірибенің көмегімен анықтауға болады?

    2. Лабораторияда мынадай реактивтер бар:

    а) калий гидроксиді ерітіндісі;

    ә) қатты натрий карбонаты;

    б) азот қышқылы ерітіндісі;

    в) мыс(ІІ) хлориді ерітіндісі. Осыларды пайдаланып, қанша жаңа зат алуға болады? Тиісті реакция теңдеулерін молекулалық және иондық түрде жазып, реакцияның жүру белгісін көрсетіңдер.

    1. Әуелі жұмысты орындаудың қысқаша жоспарын құрып, байқағандарыңды сол реттілікпен қорытындылап жазыңдар.





    1. Қосымша тапсырма

    1. Үш тәсілмен:

    а) темір(ІІІ) хлоридін;     ә) алюминий хлоридін алыңдар.

    1. Сұйылтылған күкірт қышқылы мен мына заттардың: Cu, АІ, NaCI, Cu(OH)2, ZnO, NaOH,

    Na2CO3 қайсысымен әрекеттеседі? Іске асатын реакцияларды орындаңдар.

    1. Лабораторияда мынадай реактивтер бар:

    а) калий гидроксидінің ерітіндісі;  ә) қатты натрий карбонаты;  б) азот қышқылының ерітіндісі;  в) концентрациялы күкірт қышқылы;  г) мыс (ІІ) хлоридінің ерітіндісі;  ғ) мыс;

    Осы реактивтерді пайдаланып, қанша жаңа заттар алуға болады? Мүмкін болатын реакция

    теңдеулерін жазыңдар.

    1. Жұмысты орындаудың қысқаша жоспарын құрып, байқағандарыңды сол реттілікпен

    қорытындылап жазыңдар.

    Мақсаты: Металдардың сапалық құрамын анықтауды, реакция теңдеуін жазуды, заттарды бір - бірінен ажыратуды үйрену. Ойлау қабілетін қалыптастыру, қызығушылығын арттыру.

    Қажетті құралдар мен реактивтер:

    Қажетті құралдар: сынауықтар, тұрғы, Д.И.Менделеевтің кестесі, ерігіштік кесте.

    Қажетті реактивтер: FeCl3, AlCl3, CaCl2, FeSO4, Na2SO4, Al2(SO4)3, CaO, Ca(OH)2, FeCl2, CaCO3, Ca(HCO3)2

    Жұмыстың барысы:

    І-нұсқа

    1.есеп

    Темір (ІІІ) хлориді, алюминий хлориді, кальций хлориді, ерітінділерінің әрқайсысы қай сынауықта екенін анықтаңдар.

    Шешуі:

    1. FeCl3 + 3NaOH → Fe(OH)3↓ + 3NaCl

    Fe3+ + 3Cl- + 3Na+ + 3OH- → Fe(OH)3↓ + 3Na+ + 3Cl-

    Fe3+ + 3OH- → Fe(OH)3

    2. AlCl3 + + 3NaOH → Al(OH)3↓ + 3NaCl

    Al3+ + 3Cl- + 3Na+ + 3OH- → Al(OH)3↓ + 3Na+ + 3Cl-

    Al3+ + 3OH- → Al(OH)3

    3.CaCl2 + Na2CO3 → CaCO3↓ + 2NaCl

    Ca2+ + 2Cl- + 2Na+ + CO32- → CaCO3↓ + 2Na+ + 2Cl-

    Ca2+ + CO32- → CaCO3

    2.есеп

    Темір (ІІ) сульфаты, натрий сульфаты, алюминий сульфаты ерітінділерінің әрқайсысы қай сынауықта екенін анықтаңдар.

    Шешуі:

    1.FeSO4 + BaCl2→ BaSO4↓ + FeCl2

    Fe2+ + SO42- + Ba2+ + 2 Cl- → BaSO4↓ + Fe2+ + 2Cl-

    Ba2+ + SO42- → BaSO4

    2.Na2SO4 + BaCl2 → BaSO4↓ + 2NaCl

    2Na+ + SO42- + Ba2+ + 2Cl- → BaSO4↓ + 2Na+ + 2Cl-

    Ba2+ + SO42- → BaSO4

    3.Al2(SO4)3 + 3BaCl2 → BaSO4↓ + 2AlCl3

    2Al3+ + 3SO42- + 3Ba2+ + 6Cl → BaSO4↓ + 2Al3+ + 6Cl

    3Ba2+ + 3SO42- → BaSO4
    3.есеп

    Мына сызбанұсқа бойынша: CaO → Ca(OH)2 → CaCl2 кальций оксидінен кальций хлоридін алыңдар.

    Шешуі:

    CaO + H2O → Ca(OH)2

    Ca(OH)2 + 2HCl → CaCl2 + 2H2O
    ІІ - нұсқа

    1.есеп

    Темір (ІІ) хлориді, калий хлориді, алюминий хлоридтері ерітінділерін бір реактивпен анықтаңдар.

    Шешуі:

    1.FeCl3 + 3AgNO3 → 3AgCl↓ + Fe(NO3)3

    Fe3+ + 3Cl- + 3Ag+ + 3NO3- → 3AgCl↓ + Fe3+ + 3NO3-

    3Ag+ + 3Cl- → 3AgCl↓

    2.KCl + AgNO3 → AgCl↓ + KNO3

    K+ + Cl- + Ag- + NO3- → AgCl↓ + K- + NO3-

    Ag- + Cl- → AgCl↓ -

    3.AlCl3 + 3AgNO3 → 3AgCl↓ + Al(NO3)3

    Al3+ + 3Cl- + 3Ag- +3NO3- → 3AgCl↓ + Al3+ + 3NO3-

    3Ag+ + 3Cl- → 3AgCl↓

    3.есеп

    Темір (ІІ) хлориді, натрий сульфаты, алюминий сульфаты ерітінділерін бір реактивпен анықтаңдар.

    Шешуі:

    1.FeCl3 + 3NaOH → Fe(OH)3↓ + 3NaCl

    Fe3+ + 3Cl- + 3Na+ + 3OH- → Fe(OH)3↓ + 3Na+ + 3Cl-

    Fe3+ + 3OH- → Fe(OH)3

    2.Na2SO4 + BaCl2 → BaSO4↓ + 2NaCl

    2Na+ + SO42- + Ba2+ + 2Cl- → BaSO4↓ + 2Na+ + 2Cl-

    Ba2+ + SO42- → BaSO4

    3.Al2(SO4)3 + 3BaCl2 → BaSO4↓ + 2AlCl3

    2Al3+ + 3SO42- + 3Ba2+ + 6Cl → BaSO4↓ + 2Al3+ + 6Cl

    3Ba2+ + 3SO42- → BaSO4

    4.есеп

    Төмендегі айналымдарды тәжірибе жүзінде іске асырып, химиялық реакция теңдеулерін жазыңдар:

    Ca(OH)2 → CaCO3 → Ca(HCO3)2 → CaCO3

    Ca(OH)2 + СО2 → CaCO3 + Н2О

    CaCO3 + Н2О + СО2 → Ca(HCO3)2

    Ca(HCO3)2 → CaCO3↓ + Н2О + СО2



    Тексерілетін икемділіктер

    1.
    2.

    3.

    Заттарды ажырата білу

    • Металл иондарын жалынның түсінің боялуы бойынша ажырату

    • Металл иондарын сапалық реакция бойынша ажырату

    • Ерітінділердегі қоспаны ажырату

    • Металл тұздарының сапалық құрамын анықтау

    Берілген затты химиялық жолмен алу

    • Алюминий (III) сульфатын алу.

    • Темір (II) сульфатын алу

    Химиялық реакциялардың теңдеуін жазу

    • Молекулалық теңдеуін жазу

    • Толық иондық теңдеуін жазу

    • Қысқарған иондық теңдеуін жазу
    Металдар тақырыбы бойынша есептерді шешу тапсырмалары:

    1-есеп. Индикаторды қолданып, мырыш сульфаты натрий карбонаты, натрий хлориді ерітінділерін анықтаңдар.

    2-есеп. Мырыштан мырыш гидроксидін алыңдар.

    3-есеп. Темірден темір (III) гидроксидін алыңдар.

    4-есеп. Сендерге берілген тұз натрий карбонаты екенін дәлелдеңдер.

    5-есеп. Сендерге берілген тұз натрий сульфаты екенін дәлелдеңдер.

    6-есеп. Ерітіндісі бар сынауықтардың қайсысында мынадай тұздар: темір (III) хлориді, мыс хлориді, кальций хлориді бар екенін аныұтаңдар.

    7-есеп. Ерітіндісі бар сынауықтардың қайсысында мынадай тұздар: темір(III) сульфаты, натрий сульфаты, мырыш сульфаты бар екенін анықтаңдар.

    11-есеп. Сендерге берілген судың карбонатты кермектігін жойыңдар.

    12-есеп. Сендерге берілген кермек суда кальций сульфатының бар екенін дәлелдеңдер.

    13-есеп. Берілген темір (II) сульфатының ерітіндісінде темір (III) сульфатының қоспасы бар екенін дәлелдеңдер.

    14-есеп. Сендерге берілген натрий гидроксиді ерітіндісі ашық банкіде сақталғанда біртіндеп натрий карбонатына айналатынын дәлелдеңдер.

    15-есеп. Басқа реактивтерді қолданбай, ерітіндісі бар 3 сынауықтың қайсысында: мырыш хлориді, магний хлориді, натрий гидроксиді бар екенін табыңдар.

    16-есеп. Басқа реактивтерді қолданбай, ерітіндісі бар 3 сынауықтың қайсысында темір (II) сульфаты, калий гидроксиді, магний сульфаты бар екенін анықтаңдар.


    написать администратору сайта