Главная страница
Навигация по странице:

  • Мектеп: «№6 Александр Пушкин атындағы ОМ» КММ

  • Эргономика ұғымы

  • Сабақ мақсаты

  • Бағалау критерийі

  • Сабақтың басталуы.

  • Эргономика

  • Ойлан, бөліс: Суретің қандай сұраққа жауап береді

  • Формативтік бағалауды орындау

  • Стике

  • Үйге тапсырма

  • Задание. Мектеп 6 Александр Пушкин атындаы ом кмм


    Скачать 1.36 Mb.
    НазваниеМектеп 6 Александр Пушкин атындаы ом кмм
    АнкорЗадание
    Дата25.11.2021
    Размер1.36 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла№1.docx
    ТипДокументы
    #281557

    С этим файлом связано 1 файл(ов). Среди них: Ресурс 2.1 Мәдениет.docx.
    Показать все связанные файлы
    Подборка по базе: Домашнее задание линейные сравнения 2.docx, Техническое задание для макета.docx, Практическое задание 3, Модуль 3 Титульный лист .doc, Форма ответа на Задание №5.docx, Самостоятельная работа - Задание к теме 5. Социальная структура , OTVZ задание.docx, ТК-3. Задание (5).doc, Выполненное задание.docx, Практическое задание 1.docx, ПЗ 3 задание 1.doc

    Күні:10.09.2021ж.

    Сынып:6

    Пәні:информатика

    Сабақ 1

    Үйде оқыту.

    Мектеп: «№6 Александр Пушкин атындағы ОМ» КММ

    Мұғалім:С.Найзабекова
    Үйде оқыту.

    Сабақтың тақырыбы

    Эргономика ұғымы

    Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

    6.4.1.1 - қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтамаудың салдары туралы талдау жасау

    Сабақ мақсаты

    -техника қауіпсізідгі ережелерін бұзу кезінде өзінің денсаулығына зиян салдарын анықтау

    - компьютермен жұмыс кезінде техника қауіпсіздігі ережелерін қолдану

    Бағалау критерийі

    -техника қауіпсіздігі ережелерін біледі және айтады: жұмыс кезінде, жұмыстан кейін, кабинетте жұмыс алдында

    - техника қауіпсіздігі ережелерін бұзу кезінде себептер мен салдарының өзінің денсаулығы үшін салдарын айқындайды;

    - компьютермен жұмыс кезінде техника қауіпсіздігі ережелерін қолданады.

    Сабақ барысы

    Сабақтың жоспарланған кезеңдері

    Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

    Ресурстар

    Сабақтың басы

    5 минут

    «Екі жұлдыз, бір тілек» тренингін жасау арқылы оқушының жақсы көңіл – күйін қалыптастыру.

    Сабақтың басталуы.

    Суреттерге қарап, сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтыңыз.



    Оқушы сабақ тақырыбын атайды: Денсаулығын және техника қауіпсіздігі ережесін сақтау.

    Техника қауіпсіздігін сақтау туралы видео көруге беремін.

    http://bilimland.kz/ru/#lesson=16720

    Егер сіз техника қауіпсіздігін сақтамаған жағдайда, не болады?

    Оқушы сабақтың міндеті мен мақсатын атайды:

    Бүгін біз техника қауіпсіздігі ережелерін сақтамағанның қандай салдар болатынын білетін боламыз. Біз қауіпсіздік туралы айтамыз. Компьютермен жұмыс кезінде өзінің жұмысын қалай дұрыс ұйымдастыру керек. .

    Информатика оқулығын ашыңыз. 8 беттегі диалогты оқыңдар.

    Түйінді сөздерді қолданып, жұптасып диалог құрастырыңыз.



    Жұптасып диалог құрастырады.

    Диалог нәтижесі бойынша қорытынды жасаймыз.

    Қорытынды: «компьютерге тәуелділік», «көз аурулары» пайда болмас үшін ережелерді сақтау керек.



    Жаттығулар көрсетілімі немесе видео материалдар.

    Сабақтың ортасы

    8 минут


    1 минут

    5 минут

    3 минут

    16 минут


    Жаңа сабақты түсіндіру

    Эргономика (гр. ergon – жұмыс + nomos – заң) – еңбек құралдары мен үдерістерін оңтайландыру арқылы еңбекке қолайлы жағдай жасау мақсатымен адамды (адамдар тобын) және оның қазіргі заманғы өндірістің еңбек үдерістеріне қатысуын зерделейтін ғылыми пән. “Адам – машина (техника‚ бұйым)”‚ “адам – орта” жүйелеріндегі байланыстарды оңтайлы шешу стратегиясын айқындайды.[1] Адам‚ машина және орта күрделі бүтін ретінде қаралуға тиіс екенін‚ мұнда адам жетекші рөл атқаратынын мойындайды. “Адам – машина – орта” кешенін ұтымды жоспарлап‚ енгізу үшін адам мен машинаның үйлесімділігін ескеретін эргономик. талаптарды қамтамасыз ету керек‚ олар: биофизикалық үйлесімділік – машина‚ басқару органдары және адам (оператор) талап етілетін күш-жігер‚ қуат‚ басқару әрекеттерінің жылдамдығы‚ дәлдігі‚ қарқыны тұрғысынан бір-біріне сай келуге тиіс; антрометрикалық үйлесімділік – адамның антропол. (бойы‚ жасы‚ салмағы‚ т.б.) және физиол. ерекшеліктерін ескере отырып, ұтымды ұйымдастырылған жұмыс орнын жасау; техникалық-эстетикалық үйлесімділік – машинаның тартымдылығын қамтамасыз ету. Эргономикалық талаптар адам мен техника арасындағы атқарымдарды бөлу мен келісуге‚ әрекет үдерістеріне (еңбектің сапасына‚ қауырттығына‚ т.б.)‚ әрекет құралдарына (жұмыс орнының жабдығына‚ басқару органдарына‚ т.б.)‚ әрекет жағдайына (микроахуалға‚ шуылға‚ дірілге‚ т.б.) жатады. Олар техниканы жасап‚ өндіріске енгізудің барлық сатыларында ескерілуге тиіс. Белгіленген талаптарға сай келетін эргономик. көрсеткіштер бұйымның жекелеген түрлерін пайдаланудың қолайлылығы мен қауіпсіздігін сипаттауға мүмкіндік береді‚ еңбектің мазмұнын байытып‚ тартымдылығын жақсартуға‚ өнімділігін арттыруға‚ адамның күш-қуатын‚ денсаулығын жұмыс істеу қабілетін сақтауға септігін тигізеді





    Ойлан, бөліс:

    Суретің қандай сұраққа жауап береді?

    - Оқушыға жаңа тақырып бойынша Кітаппен жұмыс атқару үшін кітаптағы тапсырмалармен жұмыс істеуді тапсырамын.

    Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап беру. Кітаптағы тапсырмаларды талқылаймыз, зерттейміз.

    ;


    Сергіту сәті

    Сұрақ парақшалары.

    Оқулық, дәптерлер.

    Ойын ойнайық.

    Сабақтың соңы

    7 минут


    Формативтік бағалауды орындау

    Мұғалім үшін нұсқаулық

    Формативтік бағалаудың бір түрін ұсынуға болады:


    Сонымен біз бүгін компьютермен жұмыс істеу кезінде өзіне қалай зиян келтірмеу? туралы білдіңіз?.

    Стикеге өздеріңіздің бүгін қалай жұмыс істегеніңіз туралы сурет салып беріңіз:



    Үйге тапсырма

    6 сынып Информатика оқулығының 6-9 бетін оқу.

    Компьютермен жұмыс кезінде орындау үшін ұсынылатын жаттығулар ойлап тап.

    * Отбасы мүшелерін байқап көр: олар компьютермен жұмыс кезінде дене мен көз үшін жатығулар жасай ма.

    * Отбасы мүшелері үшін кесте құрастыр: компьютер алдында қанша уақыт отырамыз.
    Рефлексия

    Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ саалынған суреттер арқылы бағалау.



    Смайликтер


    написать администратору сайта