Главная страница
Навигация по странице:

  • Заттардың жіктелуі. Аллотропия

  • Химияның негізгі түсініктері.

  • 3. Химияның негізгі заңдары . 1 . Массаның және энергияның сақталу заңын

  • E=m*c , c=3*108м/с Атом молекулалық теория тұрғысынан қарағанда тұрақты массаға ие атомдар жойылмайды, жоқтан пайда болмайды. 2. Құрам тұрақтылық заңын

  • 3. Еселік қатынас заңын

  • Эквиваленттер заңын

  • Есеп.

  • 1 лекция БХТЗ. Лекция Химия пні. Атом молекулалы ілім Химияны негізгі задары


    Скачать 1.38 Mb.
    НазваниеЛекция Химия пні. Атом молекулалы ілім Химияны негізгі задары
    Дата05.08.2022
    Размер1.38 Mb.
    Формат файлаppt
    Имя файла1 лекция БХТЗ.ppt
    ТипЛекция
    #640889

    Подборка по базе: 4 Лекция.doc, 3_10.1АКөмірсулардың химиялық құрылымы. ҚБ.docx, 1.CERTIFICATE-1 1000 ОТМга лекция.pdf, 8.(4) Вводная лекция по ортпедии. Сколиоз.ppt, Динамикалық жады Лекция.pptx, ! ЛЕКЦИЯ 1 Языки представления знаний.docx, Отчёт химия 1 — копия.docx, Ктп химия (копия).docx, 1 Лекция-презентация.pptx, 3 лекция.pdf

    Пән :Бейорганикалық химияның теориялары мен заңдылықтары Лекция: Химия пәні. Атом молекулалық ілім Химияның негізгі заңдары





    Химия және биология
    ХБк-21-1һ тобы
    2022





    ДӘРІС ЖОСПАРЫ 1.Кіріспе. Химия пәні.
    2.Атом молекулалық ілім.
    3.Заттардың жіктелуі. Аллотропия.
    4.Химияның негізгі түсініктері.
      ГЛОССАРИЙ: 1. Атом – элементтің химиялық қасиеттерін сақтап тұратын ең кіші бөлшегі.
    2. Молекула - заттың химиялық құрамын сақтап тұратын, құрамына бір немесе бірнеше атомдар кіретін ең кіші бөлшегі.
    3. Моль – құрамында Авагадро санына тең құрылымдық бірліктері болатын зат мөлшері.
    4. Химиялық элемент ядро зарядтары бірдей атомдардың түрі.





    Кіріспе. Химия пәні.
    ХХI-ші ғасырды химия ғасыры деп атауға тұрарлық, себебі күннен күнге химия ғылымының теориялық, фактылық жаңалықтарымен қоса химия өндірісі де күшті қарқынмен өсуде. Химия әрбір адамның өмірінде, оның тіршіліктегі әрбір іс-әрекетінде аса маңызды да үлкен рол атқарады. Химияның негізгі заңдарын және олардың салдарын пайдалана білудің маңыздылығы өндіріс тиімділігін жоғарылату мен өнім сапасын жақсарту проблемасын шешуде ерекше мәнге ие болуда. Негізгі де іргелі табиғаттық ғылымдардың бірі ретінде химияны танып білу ғылыми дүниетанымның, бейнелі ойлаудың қалыптасуы үшін қажет. Табиғи ғылымдар жүйесіндегі химияның орталық орнын химия саласы бойынша Нобель сыйлығының иегері Л.Полинг нанымды көрсеткен: «Химиктер – ол сол дүниені шынайы түсінетіндер».





    Химия пәні нені зерттейді


    Химия дегеніміз – заттардың құрамын, құрылысын, олардың бір түрден екінші түрге айналуын және осы айналу кезінде байқалатын құбылыстарды зерттейтін ғылым.
    Химия негізінен элементтерді және олардың қосылыстарын зерттейді. Барлық элементтер (көміртегінен басқасы) мен олардың қосылыстарын зерттейтін химияны бейорганикалық химия дейді. Бейорганикалық немесе анорганикалық қосылыстар 500 мыңнан асады. Тек көміртегі қосылыстарының құрылысын, құрамын, оларға байланысты реакциялар мен құбылыстарды зерттейтін химия органикалық химия деп аталынады. Органикалық қосылыстар 30 миллионнан асады.





    Химия - қоғамның ғылыми техникалық прогресін анықтайды және барлық уақытта адамнын тіршілік әрекетіне қызмет етеді. Химиялық реакциялар көптеген өндірістік процестерде қолданылады. Химия бізді қоршаған материялық дүниені зерттрейтін жаратылыстану ғылымдарының қатарына жатады. Жаратылыс дегеніміз бізді айнала қоршаған материалдық дүние. Материя әрдайым қозғалыста болады. Материяның қозағалысының түрлері көп. Заттың бір орнынан екінші орынға қозғалуынан бастап, оның қызуы және салқындауы, жарық шығаруы, химиялық өрекеттесуі, тіршілік процесстері, ең ақыры ойлау осының барлығы материалық қозғалысының түрлері.





    Материяның түрақты физикалық қасиеттері бар әр бір түрі зат деп аталады. Мысалы, көміртек, оттек, шыны, темір тағы басқа жеке заттар.Химия жалпы бейорганикалық, органикалық, аналитикалық, физикалық, коллоидтық, биологиялық, фармацевтикалық, агрономиялық және т.б. бөлімдерден тұрады. Жалпы химия химиялық өзгерістердің барлығына қатысы бар заңдылықтармен теориялық мәселелерді зерттейді. Бейорганикалық химия элементтердің жөне олардың қосылыстарының құрамы мен қасиеттерін қарастырады.





    Атом молекулалық ілім.
    Химия ғылымының негізі болып атом-молекулалық ілім, материяның сақталу заңы, Д.И.Менделеевтің периодтық заңы химиялық құрылыстың теориясы болып табылады. 1741 жылы Ломоносов М.В. атом туралы түсініктерді жүйелі атом-молекулалық ілімге айналдырды. Бұл ілім заттарды және олардың бір түрден екінші түрге айналуын дұрыс түсінуге мүмкіндік береді. Атом-молекулалық теориядан кейінгі химия тарихындағы ерекше маңызды ірі табыс.
    Атом-молекулалық ілім заттарды және олардың бір түрден екінші түрге айналуын түсіндіреді. Атом және молекуланының нақты анықтамалары 1860 жылы химиктер съезінде Карлcруэде берілді.





    Атом- химиялық элементтің электрбейтарапты ең кіші бөлшегі, ол зарядталған атомдық ядродан және теріс зарядталған элетрондардан тұратын, жай және күрделі заттардың құрамына кіретін бөлшек.
    Атомның әрбір жеке түрі - ол элемент.
    Молекула - заттың химиялык кұрам тұрақтылық заңы қасиеттерін сақтап тұратын ең кіші бөлігі. Химиялық өзгерістерде молекулалар атомдарға бөлінгенмен атом өзінің қасиетін сақтайды.
    Кез келген атомның орталығында ядро орналасқан.





    Заттардың жіктелуі. Аллотропия.
    Химияның зерделейтін нысаны – заттар. Зат – ол массасы тыңыштықта болатын, элементарлы бөлшектерден құралатын материалдық түзілу. Жай зат белгілі ерігіштігімен, тыңыздығымен, балқу және қайнау температураларымен және т.б. сипатталады.
    Әдетте заттар – қоспа және таза заттар деп бөлінеді. Табиғатта таза заттар сирек кездеседі, олар көбінесе қоспа түрінде болады. Қоспалар екі немесе одан да көп химиялық элементтерден тұрады. Заттардың қоспалары гомогенді және гетерогенді.
    Гомогенді қоспалар – құрамдастар арасында жанасу шегі болмайтын қоспалар.
    Гетерогенді қоспалар – ол өзіндегі құрамдастардың арасында жанасу шегі болатын қоспалар.

    Тотияйын және су (біртекті)

    Көмір және су (әртекті)

    Күкірт және су (әртекті)

    Өзен құмы және су (әртекті)

    Күкірт және темір (? )

    Саз балшық және су (?)


    Зат – белгілі бір массасы бар болатын бөлшектердің (атом, молекула, электрон және т.б.) тұрақты жиыны болып табылады.
    Өріс дегеніміз – тұрақты массасы болмайтын кванттардың гравитациялық немесе электромагниттік ағыны.





    Таза заттар жай және күрделі түрлерінде болады. Жай заттардың 400-ден артық түрі белгілі. «Жай зат» түсінігің «химиялық элемент» түсінігімен теңестіруге болмайды, себебі химиялық элемент атом ядросының белгілі бір шамасындағы оң зарядымен, тотығу дәрежесімен сипатталады.
    Атомның әрбір жеке түрі – ол элемент. Күрделі заттар - әртүрлі элементтер атомдарының қосылысы болып табылады. Күрделі заттар ішінде бейорганикалық қосылыстардың бірнеші жүздеген мың қосылыстар кездеседі, ал органикалық қосылыстар саны 28 миллионнан асады.





    Аллотропия- ол бір элементтің бірнеше қарапайым зат түзу құбылысы. Бір химиялық элементтен түзілетін бірнеше жай заттарды аллотропиялық өзара өзгеру (түсөзгеріс) дейді.
    Аллотропиялық түрөзгерістің болуы аллотроптық түрдің молекула құрамына енетін, әртүрліатомдар санымен немесе қарапайым жай заттың кристалдық құрылымның түрліше құрылуымен байланысты. Мысалы, оттектің екі аллотропиялық түр өзгерісі болады – молекулалық оттек О2 және озон О3; көміртектікі төрт – алмаз, графит, карбин және фуллерен.

    Химияның негізгі міндеттеріне


    халық шаруашылығына қажетті сапалы өнімдер алу, өндіріс қарқынын арттыру, қалдықсыз заттар өндіру және т.б. жатады.

    Химиялық синтез


    Химиялық синтез әдісін пайдаланып табиғи пайдалы қазбалармен бірге кездесетін қосалқы газдардан органикалық және бейорганикалық химия өнімдерін өндіреді.

    Химиялық реакциялар


    Химиялық реакцияларды пайдаланып, дәрі-дәрмектер, тау-кен жұмысына қажетті қопарғыш заттар өндіреді.


    Бір ғана мұнайдың өзінен 20 мыңнан астам, ал таскөмірден одан да көп органикалық және минералдық заттар алынады. Химия жетістіктерін пайдаланып қазіргі химия өнеркәсібі 50 мыңнан астам халық тұтынатын өнімдер өндіреді.





    Химияның негізгі түсініктері.
    Ядро зарядтары бірдей болып келетін атомдардың белгілі бір түрін химиялық элемент деп атайды. Барлық жай және күрделі заттар осы элементтерден түзіледі. Химияға «элемент» деген сөзді енгізіп, оған жаңа түсінік берген Р.Бойль. Бойльдің пікірінше, элемент дейтініміз қарапайым, өзінен басқа еш затпен қосылмаған, басқа барлық заттарды түзетін, күрделі заттар айырылғанда ақтығында шығатын зат. Әртүрлі элементтер атомдарының өлшемдері мен массалары әртүрлі болады және әрбір элементтің аталуы мен өзінің белгісі болады. Қазіргі таңда 118 элемент белгілі. Химиялық таңба (нышан) жүйесін ғалым Я.Берцеллиус 1811 жылы ұсынды. Мысалы, күкірт таңбасы S («эс» деп оқылады) – Sulfur, Zr (цирконий) – Zirconium, Db (дубний) – Dubnium.





    Атом, молекула, химиялық элемент, салыстырмалы атомдық және молекулалық массалар, моль, молярлық масса,эквивалент.
    Атомдар мен молекулалардың абсолютті массасы өте аз шама:
    mа(Н)=1,674*10-24г, mа(С)=1,993*10-23г, mм(Н2О)=2,99*10-23г. бөлігі алынған. 1,66-10-24 г тең.
    Мұндай шамалармен есептеулер өте күрделі, ыңғайсыз. 1961 жылдан бастап а.м.б. ретінде көміртегі 12 изотобының атомы массасының 1/12 бөлігі алынған.





    Моль. Молярлық масса. Авагадро тұрақтысы.
    СИ –жүйесінде моль зат мөлшерінің өлшем бірлігі,белгіленуі ν(Са)=1,2 моль.
    Моль дегеніміз – көміртегі изотобында 12 г қанша атом болса, сонша құрылымдық бөлшектер (молекула, атом, иондар) болатын заттың мөлшері. 12г-да 6,02*1023 құрылымдық бөлшектер болатыны анықталған.
    Авагадро тұрақтысы деген осы шама:


    немесе m=*M


    Молярлық масса заттың молінің массасы,өлшем бірлігі г/моль. M(КOH)= 56 г/моль
    Заттың мөлшерімен молярлық массасы массамен төмендегідей қатынаста болады:





    3. Химияның негізгі заңдары.
    1. Массаның және энергияның сақталу заңын 1748 жылы М.В.Ломоносов тұжырымдаған: Химиялық реакцияға қатысушы заттардың массасы өзгермейді. 1905 жылы Эйнштейн энергиямен массаның өзара байланысын, тәуелділігін көрсеткен. E=m*c , c=3*108м/с
    Атом молекулалық теория тұрғысынан қарағанда тұрақты массаға ие атомдар жойылмайды, жоқтан пайда болмайды.
    2. Құрам тұрақтылық заңын 1808 жылдары француз ғалымы Пруст тұжырымдаған: кез-келген таза заттың алыну жолдарына қарамастан, сапалық және сандық құрамы тұрақты болады.
    3. Еселік қатынас заңын 1803 жылдары ағылшын ғалымы Дальтон ашқан, газ-бу күйіндіге, қосылыстарға тән заңдылық. Егер екі элемент бір-бірімен бірнеше молекулалық қосылыс түзетін болса, онда бір элементтің белгілі бір тұрақты массасына кееелетін екінші элементтің массаларының өзара қатынысы кіші бүтін сандардың қатынасындай болады





    4.Эквивалент. Эквивалент заңы.
    Химиялық реакциядағы сутек атомының 1 молімен қосылыса немесе сутек атомының соншама санын алмастыра алатын, оның сондай санын химиялық эквивалент деп атайды. Заттың 1эквивалентінің массасын эквиваленттік масса деп атайды. Элементтер бір-бірімен эквиваленттеріне пропорционал масса мөлшерінде реакцияласады. Қосылыста элементтің валенттілігі тұрақты болса, оның химиялық эквивалент де тұрақты болады. Егер қосылыстардағы элемент ор түрлі валенттілік көрсетсе, онда эквиваленттер мөлшері түрліше болады. Мысалы, марганец қосылыстарда төрт валентті болса,онда
    54
    (ЭMn =----= 13,9 г/моль)
    4
    ЭMn = 13,9 г/мольге тең





    Эквиваленттер заңын 1791 жылы Рихтер ашқан.
    Мысалы: элементтің молярлық массасының оның валенттілігіне қатынасымен анықталынады.
    Су молекуласында


    Al2O3 молекуласында


    Эквивалент заңы:
    Әрекеттесуші заттардың массасы, қатынасы олардың эквиваленттерінің молярлық массасының қатынасындай болады.





    Күрделі заттың эквиваленті — ол басқа заттың эквивалентімен қалдықсыз реакцияласатын салмақ мөлшері. Мысалы, фосфор қышқылының 98 грамы кальцийдің 40 грамымен реакцияласады. Кальцийдің эквиваленті 40/2=20. Ал, НзРО4 эквиваленті неге тең?
    98 /40=Э(Н3Р04) /20.
    98 х 20
    Э(Н3Р04)= — = 49.
    40
    бұл реакцияда фосфор қышқылының эквиваленті 49 тең.





    5.Авогадро заңы.
    1811ж. кез-келген газдың бірдей көлемінде бірдей жағдайда молекулалар саны тең (бірдей) болады.
    Кез-келген газ немесе бу күйіндегі заттың 1 моль қалыпты жағдайда 22,4л көлем алады. Бұл көлемді – молярлық көлем деп, Vm – деп белгілейді, өлшемі – л/моль, см3/моль: Vm=22,4 л/моль
    Бірдей көлемдегі, бірдей молекула саны болатын кез-келген газдардың массасының қатынасы, олардың молярлық массасының қатынасындай болады:





    Есеп. 80 г СаС03-ның мөлшері қандай болады?
    Шешуі: Mr(СаСО3)=40 +12+3*16=100
    М(СаСО3)=100г/моль
    n=m/M формуласы бойынша n=80г/100г/моль=0.8 моль екенін табамыз.
    Сонымен 80 г СаС03-ның мөлшері 0.8 моль болады.





    Сұрақтар: 1 Химияның негізгі түсініктерін келтір
    2 Химиялық реакциялар типтері
    3. Құбылыс деген не ?
    4.Химияның негізгі заңдарын келтір
    5.Эквивалент» түсінігіне анықтама беріңдер
    6.Химиялық құбылыс деген не ?


    Әдебиеттер және интернет қорларына сілтемелер: 1 Ахметов Н.С. Общая и неорганическая химия . М. Высшая школа, 2005.
    2.Шокыбаев Ж.Ә. Бейорганикалық және аналитикалық химия Білім, 2003ж.
    3.Жаналиева Р.Н. Бейорганикалық химияның теориялық негіздері .Оқу құралы,2012
    4. Пралиев С.Ж., Бутин Б.М., Байназарова Г.М., Жайлау С.Ж. Жалпы химия.,Алматы., 1 том.470 бет.2003 ж.
    Қосымша әдебиеттер:
    Б.А.Бірімжанов, Н.Н.Нұрахметов. Жалпы химия – Алматы: „Ана тілі” – 1991,640 бет.



    написать администратору сайта