Главная страница
Навигация по странице:

  • Ерік туралы жалпы ұғым

  • Әдебиеттер тізімі

  • 16.06.2020 Психология лекция. Кні 16. 06. 2020 ж. Пн атауы Психология Саба таырыбы Ерік туралы тсінік


    Скачать 32.12 Kb.
    НазваниеКні 16. 06. 2020 ж. Пн атауы Психология Саба таырыбы Ерік туралы тсінік
    Дата22.02.2021
    Размер32.12 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла16.06.2020 Психология лекция.docx
    ТипДокументы
    #178493

    Подборка по базе: АТТЕСТАЦИОННАЯ РАБОТА 44 223_август 2020 (3).docx, Экономика для менеджер 2020..doc, ВОПРОСЫ экзамен 1 курс 2020.docx, 0408 Управление проектами Вар 6 САФУ 2020.docx, Графики на 2020.doc, Задачи ГДЗС рабочие 2020.docx, Каротиноиды 2020.doc, 538 группа Григорьева Ксения Викторовна 30 сентября 2020 года.do, ктп А-31 Терпугова Ю.А 2020-2021. — копия.docx, Гудок. - 2020. - 31 июля (№ 139). (1).docx

    Күні: 16.06.2020 ж.

    Пән атауы: «Психология»

    Сабақ тақырыбы: «Ерік туралы түсінік»

    Жоспары:

    1. Ерік туралы жалпы ұғым

    2. Еріктік әрекеттерді талдау

    3. Ерік сапалары

    4. Ерікті тәрбиелеу

    1. Ерік туралы жалпы ұғым

    Ерік – адамның өз мінез - құлқын саналы түрде меңгере алу қабілеті. Адамды әр алуан әрекеттер мен іске бағыттайтын нәрсе – мақсат қою, соған талпыну. Мұны психологияда ниет (мотив, себеп) деп атайды. Адамның іс - әрекеті екі түрлі. Оның бірі – еріксіз әрекеттер. Мәселен, жөтелу, көздін жұмылып - ашылуы, шашалу, түшкіру т.б. Мұндай әрекеттерде белгілі мақсат не ниет жоқ. Екінші – ерікті әрекеттер, қозғалыстар. Мысалы, жерге түсіп кеткен затты көтеріп алу. Бұл – мақсатты қозғалыс. Адамның мақсатты қозғалыстары әрқилы кедергілер мен қиыншылықтарға ұшырап отырады. Алайда, алдына қойған белгілі мақсатын орындау үшін оны ерікті әрекетімен жеңіуге ұмтылады.

    Адамның мақсаты, қалауы, әр түрлі істерді орындауға ұмтылуы, жалпы алғанда, ниеттерінің жиынтығы психологияда адам ниетінің өрісі делінеді. Басқаша айтқанда, бұл – адамның бағдарлы әрекеті. Сонымен, адам ниетінің өрісіне оның саналы әрекеті, еріксіз істері, айқындалған істері, мақсаты, әлі жете анықталмаған істері де жатады. Ниеттерді орындауда тіршілік үшін маңызды да, мәні аз да істер кездесіп отырады. Ниет өрісі өзгергіш, әрі қозғалғыш, сондай – ақ сыртқы жағдайлардың өзгеріп отыруына орай айнымалы болып келеді. Алғ қойған мақсатқа сәйкес ниеттің мазмұны да айқындала түседі. Осы тұрғыдан алғанда, адам ниетінің мәні жекеменшікті не менмендікті, өрісі тар тоғышарлықты не өрісі кең қоғамдық сипатты білдіреді. Адам ниетінің өрісі белгілі мақсатқа бағытталып, оның азаматтық қасиеті мен іскерлігін, адамгершілік сапаларының өзгеруі мен түр – сипатын білдіреді.

    Әрбір жеке адамның ерікті іс - әрекеттерінің өзіндік сипаты бар. Бұл сипат қоғамдық маңызды жұмыстарды орындау үшін мәні аз іс - әрекеттерді соған бағындырып, өзінің жеке мақсатынан бас тартып отырады. Ерік – адамның қарқынды іс - әрекетін білдіретін процесс. Сөйтіп, адамның мінез – құлқы мен әрқилы істерді орындауға бағытталады. Адам еркінің көрінісі оның саналы түрдегі іс - әрекетінен байқалады. Қиын – қыстау жағдайлардан жол тауып шығуға жетелейді, соны жүзеге асыруға қажетті құрал табады.

    Тарихта болған белгілі адамдардың өмір жолына назар аударсақ, олардың алға қойған мақсаттарын орындау үшін орасан зор күш жұмсап, рухтанып, қиыншылықты ерікті істерімен женіп шыққанын көреміз. Бұған мысал ретінде «Шығыстың қос жұлдызы» атанған Әлия мен Мәншүктің Ұлы Отан соғысындағы ерлігін айтуға болады. Ел басына күн туған шақта туған жерге деген сүйіспеншілік осынау нәп – нәзік қазақ қыздарының бойына күш – жігер, рух береді. Олар ерлік пен батылдықтың өшпес үлгісін көрсетіп, Отан үшін жанын пида етті. Бұл да – адам еркінің бір көрінісі.

    Еріксіз әрекеттердің физиологиялық негізі болып табылатын шартсыз байланыстар тізбегі – инстинкт әрекеті ырықсыз орындалады. Психологияның табиғи – ғылыми негіздерін қалаған И. М. Сеченов пен И. П. Павловтың ілімі ерікті әрекеттердің негізі – мұндағы материялдық процестер, сыртқы әсер мен мидың уақытша байланыстары, шартты рефлекстер деп түсіндіреді. Сеченев ерікті әрекеттердің физиологиялық механизімін зерттей отырып, адамның ассоцациялық рефлекстердің жиі қайталану жолымен өзінің қимылдарын жіктеп ажыратуға бейімделетіндігін және сол рефлекстер арқылы қимылдарын тоқтататын қабілеттілерді игеретіндігін дәлелдейді. Ал Павлов ерікті әрекеттердің механизімін жоғары жүйке қызыметінің барлық зандарына бағынатың, шартты ассоциациялық процесс деп анықтайды.

    Психология тарихында бихевиоризм деп аталатын шетелдік механистік бағыт әрекетің саналы сипатын теріске шығарып, адам әрекетін механикалық тұрғыдан шешті. Сөйтіп оны жануарлар өмірімен салыстырды. Бұл ғылыми тұрғыдан қателесу еді. Бихевиоризм теориясы бойынша оқу әрекеті, жаттығу тәжірбиесі саналы әрекет емес, көп пысықтап, жаттығу нәтижесінде туатын механикалық процесс деп саналады. Механистік психология еріктің материялдық дүниемен байланысын да жоққа шығарды. Ерік табиғаттын, ерікті әрекеттің себебін теріс түсіндірді. Олар ерікте өзін - өзі билейтін бостандық бар, ерікті әрекеттің себебі – «ерік бостандығы», сана адамға не тілесе, соны береді деп бұрмалады. Бұл теорияның еріктің ғылыми негізі бола алмайтындығы – оның шындыққа сай келмейтіндігінен. Оның тағы бір олқылығы мен шалғайлығы – Австрия психологі Зигмунд Фрейдтің «жыныстық еліктеу» дейтін көзқарасына негізделгендігі. З. Фрейд сананың дамуы, әсіресе, балаларда «жыныстық еліктеу» мен әлеуметтік орта арасындағы дау – дамайлардан туындап отыруында дейді. Бұл пікірдің шындықтан әлдеқайда алыс екендігідаусыз.

    Материалистік ілім тұрғысынан алып қарасақ, адамның ерік бостандығы – себепті байланыстылыққа, детерменизм принципіне бағынатын бостандық. Қиыншылықтарды жеңіп шығу да – ерік бостандығының бір көрінісі.

    Ерік адамның практикалық және танымдық әркетін ретке келтіруден көрініп, соларды жүзеге асырудан тұрады.

    Мінез-құлықтың еріктік реттелуі. Еріктік реттелудің мотивациямен байланысы. Рефлексия мен ерік. Рефлексия – (лат rе¦tехіо- бнйнелеп көрсету) –субъектінің психикалық күйлерді өзінше талдау және тану процесі. Бірде индивидтің өз ойларының мазмұнына шоғырланадыратын қабілетпен теңестіріледі.

    2. Еріктік әрекеттерді талдау

    Еріктің амал кезеңдері. Ерікті әрекеттер мен амалдар — мәнісі мен құрылымы жағынан өте күрделі процесс. Бұл әрекет бірнеше кезеқдерден не сатылардан тұрады. Сол сатылардың ретін мынадай сызбамен көрсетуге болады:

    Ерікті амал кезеңдері бұл мәселенің мәнін психологиялық тұрғыдан ашып көрсетеді. Әрбір ерікті әрекетте белгілі мақсат бар. Адам қандай да болмасын белгілі бір істі орындау, өзінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін өз жағдайын соған бейімдейді. Бұл- алға мақсат қойып, соған ұмтылу, яғни мақсатты әрекет немесе не себептен адам осындай қажеттілікті орындауға тиіс, ол не үшін кажет деген тілек білдіру. Содан кейін осы тілекті орындаудың жолдары мен әдіс-амалы іздестіріледі. Олардың ішінен аса қажетті және маңызды дегені таңдап алынады. Айталық, мамандықты өзгерту керек, не экспедицияға бару керек болады. Бұл кезеңде адам алдына қойған мақсатын тек қалап қана қоймай, оның мәнін түсінеді, ақыл-ой талқысына салады. Сөйтіп, оған қалайда жетуге әрекеттенеді. Бұл — ерікті әрекеттің интеллектуалдык кезеңі.

    Нағыз ерікті әрекет адамның алға қойған мақсатына жету үшін белгілі тоқтамға келіп, шешім қабылдауынан көрінеді. Бұл да — жауапты кезең. Мұның өзіндік психологиялық сипаты бар. Бүгінде ерікті амалдағы шешімге келу кезеңі психологияның ғана емес, экономикалык, әлеуметтік ғылымдардың да зерттейтін объектісіне айналып отыр.

    Шешімдердің бөліну теориясы. Ғылым бұл теорияның маңызын зерттеумен ғана шектеліп қалмай, оны математикалық электронды есептеу машиналарына да бейімдеді. Бұл теория көптеген проблемалық мәселелердіц тетігін табуға, соның ішінде тәуекел проблемасының дәрежесін зерттеуге де пайдаланылуда. Кейбір зерттеушілердің пайымдауынша, шешімдердің бөліну теориясы адамдар мен ұйымдардың күрделі мәселелерді тиянақты шешіп отыруға ұйытқы болатынын ерекше атайды. Сондықтан бұл теория өндіріс орындары мен шаруашылық мекемелерінде, ғылыми бірлестіктерде және мемлекеттік орындарда, жоспарлаушы ұйым істерінде кеңінен қолданылады.

    Әрине, адам белгілі шешім қабылдап, оны жүзеге асыру жолдарын жоспарлап алғанымен, көптеген объективті, кездейсоқ т. б. қиыншылықтарға ұшырайды. Мұндай жағдайда қолайлы жағдай туғанша, адамның өзі қабылдаған шешімін қоя тұруына тура келеді. Дегенмен, осы шешімді жүзеге асыру оның көкейтесті мәселе-сі болып қала береді. Осы жағдайға орай адам енді барлық ерік-жігерін өзі көксеген ісін орындауға жұмылдырады. Осы кезеңде кездескен қиыншылықтарды жеңу үшін адам стрестік жағдайға ұшырауы да мүмкін. Алайда, қажеттілігін қалайда орындау үшін ол оган барлық саналы еркін бағыттайды. Күш салуда адам: а) максатына жете алмағанына кайғырады, уайымдайды, бұл — мінездегі ерікті әрекеттің көрінісі; ә) іштей ойланып, бойын мақсатына жетуге деген борыштык сезім билейді, ал борыштық сезімнің күшеюі — азаматтық сапа. Дегенмен, адамның уайымы жекеменшіктік сезім мен қоғамдық мақсаттың арасында ауытқу тудырады. Сөйтіп, бұл жердегі ниет күресі адамның осы екі бағыттың. қай жағына қарай ауытқитындығын анықтайды.

    Ерік — қайратының күшеюі мен талпыну тек шешім қабылдау барысында ғана емес, оны орындау кезінде де әр түрлі ауытқу мен уайымға ұшыратуы мүмкін. Бұл ретте сыртқы кедергілерді жою.қажет болады. Мысалы, талапкердің күндегі әдеті бойынша серуенге шықпай, режимін бұзып, емтиханға даярлануы. Алға қойған мақ-сатқа жету үшін адам өз мінезіндегі бұрыннан қалып-таскан мүддесін, сенімін, өзін-өзі бағалай білуін, ерік-қайрат қасиеттерін талдап, оларға бақылау жүргізе білуі керек. Мұндай әрекет адамның еркін білдіретін психологиялық сапа болып табылады.

    Ерік күші. Еріктік әрекет азды-көпті қиналу жағдайында өтеді. Осындай жағдайда ерік күші көрініс береді. Ол мақсатты орындауға немесе одан бас тартуға жүмсалған қуат көлемімен сипатталады. Мысалы, бір оқушы үшін математикадан үйге берілген тапсырманы орындауға үлкен күш жұмсаудың керегі болмайды, ал екінші оқушыға тапсырманы орындау үшін біраз еңбектеніп,,«терлеуге» тура келеді. Бірінші және екінші жағдайда да күш жұмсалады, бірак олардың шама-шарқы әр түрлі. Ерік күшін жүмсаудың әр түрлі дәрежеде болуы барлық іске даярлығы да, құлқы да бірдей болмағандықтан бір адамның өзінің бойында да кездесе береді.

    Ерік күшін жүмсау еріктік әрекеттің мақсатты аңғару, шешім қабылдау, тәсіл таңдау және шешімді практика жүзінде орындау сияқты ерік актыларының бәрінде де бар. Бірақ ол киыншылықтарға байланысты туады. Кедергілер санада бейнелене отырып, қиындық жағдайларды туғызады, одан қиындықты жеңуден бас тарту, яғни мақсаттан бас тарту, немесе ерік күшін жүмсай отырып, практикалық әрекетпен жеңу арқылы ғана қү-тылуға болады. Қиындық барлық ,кезде де бір-біріне сай келетін толғаныс пен ерік күшін туғыза бермейді. Кейде шын "мәнісінде шағын, болмашы кедергілердің өзі көп толғануды едәуір ерік күшін жүмсауды керек етеді. Мысалы, жас бала таныс адамдардан барып керекті нәрсені сүрап алғысы келмей, тартыншақк-тайды. Бұл, әрине, жай ғана әрекет. Оңай болғанымен ол алда түрған кездесу, сөйлесу кезіндегі кеңіл күйінен, «бермей қояр ма екен» чдеген күдіктен туатын, психологиялық кедергіні, ұялуды жеңу үшін, едәуір ерік күшін талап етеді. Бұл жерде қиындықтардан туатын субъективті кеңіл күйі іс жүзіндегі нақты кедер-гілерге сай келмей отыр.

    Психологиялық зерттеулөр көреетіп отырғанындай, ерік күшінің мықтылығы, оның беріктігі көп жағдайларға байланысты болады. Ең алдымен, жеке адамның дүниетанымы, идеялық бағыты және оның шешетін мәселесінің қоғамдық мәні туралы айтқан жөн. Бұл элементтер ерік күшімен тікелей байланысты. Жеке адамның моральдық беріктігі маңызды фактор болып есептеледі. Мәселен, жауапкершілігі мол адамнан ерікті жұмылдырудың жоғары дәрежесін-мақсатқа жету жолында бар күші мен қуатын сарқа жүмсайтынын байқауға болады. Жауапкершілігі жоқ адам көп жағдайда іске бұлайша берілуге қабілетсіз.

    Әрекет пен оның нәтижееіне деген бағыт-бағдар сияқты фак-торды да атап өту керек. Әрекетті «қалай болса солай орындай салуды» бағдар түту ерікті күшті етпейді. «Аса жоғары сапаны бағдар тұту жағдайды шиыршықтыра түседі.

    Ерік күшінің мықтылығы темперамент типіне де байланысты. Холерик, саіггвиниктер үлкен шиеленісті жағдайда да тезе білсе, меланхоликтерде мұндай ерекшеліктер шамалы.

    Ерік күші қиыншылықтардың, ауыртпалықтардың пайда болуы және артуына қарай туып, күшейіп, отырады. Бірақ кейде адамға әрекетті бастау қиын. Ол күдіктен арыла алмайды. Мұндай жағдайда белгілі бір сигналды қолданудың пайдасы тиеді. Мәселен, спортшы жарыс бәсекесін үшке дейін санап, қолын кетеріп, өзіне өзі бұйрық бергеннен кейін бастайды.

    Ерік кушін реттеу іштей немесе дауыстап сөйлеп қостау кө-мегімен жүзеге асырылады. Адам өзіне өзі кеңес береді, бұйырады, мадақтайды, қолдайды. «Батылдау бол», «Жасқанба», «Рухың түспесін», «Тағы да аздап төзіңкіре» деген сөздер әркімге-ақ таныс. Оларды адам өзіне өзі өте қиын минуттарда, жағдай әбден шиеленіскен кезде айтады.

    Сонымен, күрделі еріктік әрекетті талдау, алдьщғы екі буын-ның дайындық буын екенін көрсетеді. Олар үшінші буын — практикалық бөлімнің программасьін жасайды. Программаны қалыптастыруда көптеген психикалық процестер қатысады, дегенмен ойлану шешуші роль атқарады. Еріктік әрекеттің орындалу жағы іскерлікпен, дағдымен ұйымдастырушылық қабілет-пен байланысты. Қиындықтармен кездескенде белсенділік ролі тағы да ойлану үлесіне тиеді. Қиындықтарды жеңу дегеніміз, бұл ең алдымен, қай бағытта жүру проблемасын шешу. Орындау процесінде шаршағандықты немесе сыртқы кедергілерді жеңуге қажетті ерік күші көрініс береді.

    Күрделі еріктік әрекеттер көбінесе үзақ мерзім ішінде жүзеге асады. Бірақ шапшаң әрекетті қажет ететін жағдайлар да аз кездеспейді. Ондай кезде ерік әрекеттерін буынға бөлу қиын. Олар тұтасып кеткендей болады.

    Мақсатты аңғару, шешім қабылдау, мақсатқа жету жолдарын табу практикалық әрекет төңірегінде жүзеге асады. Бір қарағанда, бүкіл ақыл-ой жүмысы дене жұмысымен қатар жүріп жатқандай болып көрінеді. Бірақ, бұл олай емес. Санамен аңғарылған еріктік әрекетте бейне, ой аз ғана болса да атқару бөлімінен бүрынырақ жүреді. Қимыл мүшелері санада бейнелендірілген, ассоциациялық жолымен ми қыртысының қимыл учаскесіне берілгендерді жүзеге асырады. Бұдан кейін қимыл (әсіресе дағдылысы) сананың мұқият бақылауынсыз-ақ жүзеге асады. Санада, қимыл мүшелеріне беріліп отыратын, жаңа ассо-циациялар қүрылады жаңа мазмүн туады. Бұл, программаны (мақсатты) толық жүзеге асырғанға дейін осылай бола береді.

    Шапшаң орындалатын әрекеттер адамның психикалық қызметін шиеленістіріп, Бұлшық етті шиыршық арттырады, организмнің жалпы сергектігін көтереді. Бұл жағдайда ерікті реттеу шешуші роль атқарады.

    Жоғарыда, барлық кезеңі жеке адамның өзіне тән, дараланған күрделі еріктік әрекет талдауға салынды. Алайда, күнде-лікті өмірде, адам басқа адамдардын. ойынан шыққан істерді де жүзеге асырады. Мысалы, әскери міндетті өтеушілер мақсаты мен орындалу жолдары керсетілген бүйрықтарды орындайды. Мүғалім сабақ үстінде оқушыларға тапсырма беріп, сол жерде оның жолы мен қалай орындалатынын көрсетеді. Заводтағы жұмысшы агрегат немесе станок жанында не істеп, не істемеу жайы айтылған қауіпсіздік сақтау техникасы нүсқауларын бас-шылыққа алады. Бұл жағдайлардын, бәрінде мақсат пен оған жету жолдары немесе онын, әрқайсысы жеке белгіленеді. Мұндай жағдайдағы адамның өзіндік толық ерік актісі болмайды. Бірак. Бұл оның еркі жоқтығын, автоматқа, үнсіз орындаушыға айналғандығын білдірмейді. Біздің қоғамымыздағы дұрыс ұйымдастырылған коллективте жеке адамның бастамасы, оның творчестволық мүмдіндіктері еш уақытта елеусіз қалмайды және оның тапсырма шеңберінде еріктік мінез-қүлық көрсетуіне орын бар.

    Бұйрық, ұсыныс, кеңестерді орйндай отырып, адам іштей _толғаныста, демек, ерік күшін көрсететін жағдайда болады. Ұлы "Отан соғысы кезінде жауға қарсы шайқасқан срвет солдаты, жау самолетімен үрысқа түокен ұшқыш, жоспарлы тапсырманы орындап жүрген жұмысшы, күрделі оқу материалын игеретін оқушы, белгілі бір адамдардың тапсырмаларын орындағанымен әрқайсысы өз еркін көрсетеді.

    Мұндай жағдайда ерік күші бір кезеңнен екінші кезеңге ауысады, әрекеттің жеке адам неғүрлым өзіндік бет танытатын бөлігінде шоғырланады. Бұйрық, тапсырманы орындау кезінде де ерікті реттеуді қажет ететін ішкі қиындықтар (ықыластың жоқтығы, жағымсыз эмоциялар т. б.) пайда болады.

    Мұның үстіне жеке адам тапсырманьщ орындалуына жауап-кер. Ол алдағы уақытта жүмыс сапасы, оның уақытында орын-далуы, басқа көрсеккіштер жөнінде есеп беруге тиісті. Бұл да іштей толғантып, ерік күшін туғызады.

    3. Ерік сапалары

    Жеке адамның еріктік қасиеттерінің идеялық негізі. Адам бала кезінен белгілі бір дәрежеде ерікпен реттелетін әрекеттер мен қылықтар жасайды. Өмір тәжірибесі әрекеттің реттелуін жеке адамның еріктік қариеттері түрінде нығайтып отырады. Бұл қасиеттер, б.асқа да жеке адамдық ерекшеліктермен бірге адам мінез-құлқының стилін қүрайды. Бірақ адам басқа адамдармен бірлікте емір сүреді. Ол қоғам мүшесі, өзінің иде-ологиясы, моралі, салты мен дәстүрі бар таптың екілі. Практикалық әрекетінде жеке адам өзінің индивидуалды қажеттіліктерін, мүдделерін және өзі бірге өмір сүретін адамдардың идеяларын, моральдық нормаларын, дәстүрлерін жетекшілікке алады.

    Дүниетанымнан көрінетін идеология, қоғамда үстемдік ететін мораль мен дәстүрлер — бұлар адамның нақтылы әрекеттері мен қылықтары туындайтын кең ауқымды негіз.

    Адамның іс - әрекетінде ерік сапалары мен қасиеттері қалыптасады. Ерік сапалары әр адамда әр түрлі. Біреулердің еркі – жігерлі, берік, табанды. Енді біреулердікі – сылбыр, ынжық, жуас, тартыншақ, жоспарлаған ісін аяқсыз қалдырады. Сөйтіп, әрбір адамның өзіне тән ұнамды (дербестік,батылдық т.б.) және ұнамсыз (ұстамсыз, жасқаншақ т.б.) ерік сапалары бар.

    • мақсатқа ұмтылушылық- қоғамдық мәнді мақсаттарды алға қойып, оған жете білуден көрінетін жеке адамның ерік қасиеті.

    • батылдық- мақсатты таңдау мен оған жету жолын анықтаудың шапшаңдығы мен ақылға сайлығынан көрінетін жеке адамның еріктік қасиеті.Батыл адам әрекет мақсаттары мен оларға жету тәсілдерін жан-жақты және терең ойлап қабылданатын шешімнің маңызын түсініп, олардың мүмкін болар нәтижесі жөнінде өзіне-өзі есеп беріп отырады.

    • табандылық- мінез-құлықты ұзақ уақыт бойы белгілі бір мақсатқа сай бағыттап, бақылап отыру қабілетінен көрінетін жеке адамның еріктік қасиеті. Мұндай қасиетке ие адам қойылған міндетті үнемі санасында ұстап өз мінез-құлқын соның шешімін тездететіндей етіп құрады. Табанды адам жағдайды дұрыс бағалайды, одан мақсатқа жетуге көмектесетін нәрселерді таба біледі. Ол қалыптасқан жағдайды пайдаланып қана қоймай, өзі жағдай туғызады.

    • Ұстамдылық – ұстамдылық немесе сабырлық деп мақсатқа жетуге бөгет жасайтын психикалық қалып-күйді және шаршап-шалдығуды жеңе білу қабілетінен көрінетін жеке адамның ерік-жігер қасиеті айтылады.

    Ұстамдылық дегеніміз адамның өз ерік - жігерін билей алу қасиеті.

    • Дербестік - өзі талаптанып алыдна мақсатқоя оған жету жолдарын таба білетін және қабылданған шешімдерді практикалық орындай алатын адамның еріктік қасиеті.

    - Дербестікке қарама қарсы ерік қасиеті иланғыштық. Иланғыш адамдар белігілі дәрежеде күрделі еріктік әрекетті өз бетінше бастай – аяқтай алмайды. Олардың сырттан нұсқау, бұйрық кеңес алған жағдайда ғана белсенділік көрсетеді. Олар басқа адамдардың ықпалына иез түседі. Олар үшін басқалардың ойлары мен істері дұырыс сияқты болып көрінеді.мұндай өз шешімдерімен істеріне күдіктеніп олардың дұырыстығы мен мақсатқа лайықтығына сенімдері болмайды. Иланғыш адамдар өзгелердің ой істеріне сын көзбен қарамайды, ал өз басы ойларымен істеріне тым жоғары талаптар қояды.

    Адамның ерікті амал кезендері мен сапалары

    Әдеттегіше

    (бір қалыпты жағдай)

    Тегеурінді (өте табанды)

    Қасарушылық (қиқарлық)

    Шындығы дәлелсіз сылтау

    Барлық мүмкіншіліктерді ескермей сылтаурату (алдын ала пішілген шәлкес пікір)

    Қарқынды ұмтылуы дәлелсіз

    Табанды

    Көнгіш

    Тез өзгергіш

    Өзіндік мақсаты жоқ, өзгелердің сөзіне ергіш

    Тез құбылмалы

    Әрқилы

    Иланғыш

    Көрінбейді (болмайды)

    Өзгелердің жетегінде болады

    Әрқилы

    Батылдық

    Мақсаты айқын. Қарқынды ұмтылады

    Жеткілікті. Кейде артылып жатады

    Жылдам, бірақ үнемі әртарапты емес

    Айқын және тұрақты

    Табанды

    Тартыншақ

    Бұл да сондай

    Бұл да сондай

    Ұзаққа созылады және аяқталмайды

    Болмайды не жиі өзгертеді

    Болмайды

    Ынжық

    Ұмтылуы мардымсыз

    Жеткілікті не шамалы

    Аяқталмайды

    Ұмтылмайды, жігерсіз

    Тұрақсыз

    4. Ерікті тәрбиелеу

    Адамның ерік сапалары мен ерекшеліктері оның ма-ңындағы өзге адамдар ықпалынан бөлек, ез алдына мақ-сат қойып, іс-әрекеттерді орындауы нәтижесінде қалып-тасады. Ерікті әрекеттер үстінде адам өз еркін меңгеріп, өз бойындағы күш-куатын қиын жұмыстарды орындау-ға, бастаған ісін аяқтап шығуға жүмсап, оларды калай-да жүзеге асыра алады. Сөйтіп, өз еркін шыңдап, қалып-тастырады. Адамның ісі мен мінез-құлкын меңгеруі жә-не оның азаматтық қасиеттері ерікті қимыл-қозғалыста-рынан және істеген жүмыстарынан айқын байқалады.

    Адамның даралық қасиеттері барлык психикалық процестер ішінен еріктен анық көрінеді. Соған орай, адам өміріндегі аса маңызды кезең — өзінің іс-әрекеттерін бақылап, ерік-жігерін дамыта білу кезеңі болып та-былады. Мұндай кезең — адам өміріндегі елеулі бетбұрыс. Ол оның мінез-қүлқындағы ұнамды әрі жағымды сапаларды қалыптастырады.

    Еркін тәрбиелеу үшін адамға ез алдына ірі-ірі мақсаттар қою міндетті емес, ұсақ-түйек нәрселерден-ақ бастауға болады. Мысалы, темекіні көп тартатын адам оның зиян екенін түсінеді де, тастап кетеді. Немесе студент бос уакытын қалайда пайдалы істермен шұғылдануға жүмсайды. Ерікті әрекеттерді дамыту үшін белгілі істі орындап, оған дағдылану керек.

    Ерікті дағдыландыру, не жаттыктыру дегеніміз — адамның өзіне кызықсыз, тартымсыз болып саналатын істерді де орындап отыруға өзін-езі көндіре алуы. Мүн-дай жүйелі әрекеттерде адам жалқаулық пен енжарлықты, бытыраңқылық пен аландаушылықты және ұқыпсыз-дыкты да жсңіл, өзін-өзі мыктап колға алады. Сөйтіп, ол өзінің ақыл-ойын, саналы әрекетін ірі-ірі талаптарды және игі максаттарды орындауға бағыттайды. Соның нә-тижесінде өзін-өзі билеп, өз еркіне иелік ететін дәрежеге жетеді. Адам емірінде кездескен істердің қай-қайсысын болса да орындап отыру үшін іштей даярланып, кездесе-тін қиыншылықтардын бәрін де жеңіп шығуға бейімделуі қажет.

    Баланың ерікті әрекеті саналы тілек-талап нәтижесінде шешімін тауып, орындалумен ұштасып жатады. Баланын желігін керсететін талаптар өте ерте, оның эмоция — сезімімен сабақтас түрде көрінеді. Екі жасқа толған бала ойын мен тәлім-тәрбие аркылы өзінің тілек-талабын түсінуге жарап қалады. Бірақ, олар әлі де саналы бола қоймайды, тек эмоциялық сипатты болады. Баланын саналы әрекетке қабілеті жаттығу нәтижесінде біртіндеп дамиды.

    Ерік сапалары мектеп жасында, оқу, тәлім-тәрбие процестері барысында кемелденеді. Ерік тәрбиесінің мақсаты — баланың бойында жағымсыз сипаттар көріне берсе, оларды тежеп, шегеріп, ұнамды бағытын дамытып отыру. Ерік сипаттарын арман қалыптастырады. Ойлау қабілеті дамыған сайын бала әрбір нәрсенің мәнін түсініп, мақсат таңдайды, ниет-тілек таласын терең түсініп, шешімге келеді, түрлі әрекеттер жасайды. Отанды сүю, ата-анасы мен өзгелерді құрмет тұту баланын адамгершілік сезімін оятып, еркін дамытуға себепші болады. Ерікті тәрбиелеу оның жеке сипаттарын дамытумен шектелмей, оларды адамның меншіктік қасиетіне, даралық сапасына айналдыру мақсаттарын көздейді. Ерік тәрбиесі адам мінезінің қасиеттерін де қалыптастыруға тікелей ықпал етеді.

    Әдебиеттер тізімі:

    1. Жарықбаев Қ. Жантану негіздері Алматы., 2002ж.

    2. Аймауытұлы Жүсіпбек. Психология. Алматы: Рауан. 1995.

    3. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. Алматы: Білім. 1996.

    4. Немов Р.С. Психология. Москва: Просвещение, Владос.

    Книга 1. Общие основы психологии. 1999.


    написать администратору сайта