Главная страница

ыса мерзімді жоспар саба аза дебиеті


Скачать 181.17 Kb.
Названиеыса мерзімді жоспар саба аза дебиеті
Дата30.09.2021
Размер181.17 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла28.09.docx
ТипДокументы
#239120

Подборка по базе: 35 сабақ Геомертиялық фигуралар.docx, 7-ші сабақ Екілік аұпаратты ұсыну.docx, дш 10 сабак.docx, 6-11 инфор олқылық жоспар.docx, № 7 сабақ 3 нұсқа.docx, 2021-2022 жоспары.docx, Ашық сабақ Уақыт мама.docx, Жер ресурстарын пайдалану жоспарын игеру тәртібі мен мазмұны Тап, ашық сабақ.docx, 5-ші сабақ Компьютер қалай жұмыс істейді.docx

Қысқа мерзімді жоспар


САБАҚ: Қазақ әдебиеті

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

СЫНЫП: 5

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Бөлім атауы

Таза, мінсіз асыл сөз

Сабақтың атауы

«Қобыланды батыр» жыры. Алғашқы сын.

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.1.2.1. әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау.

Сабақ мақсаттары

(SMART мақсаттар)

Барлық оқушылар орындай алады:

  • «Қобыланды батыр» жырының қысқаша мазмұнын біледі.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

  • «Қобыланды батыр» жырының тақырыбы мен мазмұнын түсіне алады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

  • «Қобыланды батыр» жырының тақырыбы мен идеясын анықтай алады.

Бағалау критерийі

  • Мазмұнын біледі. Идеясын анықтай алады.

Тілдік мақсат

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Гипербола, эпитет, теңеу, салыстыру, бейнелеу, әсірелеу.

Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын ашуға арналған пайдалы тіркестер:

Ел тәуелсіздігін қорғау, беліне садақ байлайды, атқа мініп, тоқсан құлы, сүйген жары.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  1. «Батырлар жырының» негізгі тақырыбы қандай?

  2. «Қобыланды батыр» жырында қандай оқиғалар суреттеледі.

  3. Қобыланды қандай ерлік істер жасайды?

  4. «Қобыланды батыр» жыры қандай туынды?

  5. «Қобыланды батыр» жырының қысқаша мазмұны қандай?

  6. «Қобыланды батыр» жырының кейіпкерлері қандай?

  7. «Қобыланды батыр» жырының көркемдік ерекшелігі қандай?

«Қобыланды батыр» жырында батырлық, мергендік, намысшылдық ұғымындағы сөздерінің жиі қолдануының себебі неде?

ишара: Бас изеу, қол соғу, күлімдеу, бас бармақ көрсету.

Құндылықтарды дарыту.

Еліміздің ұлттық қауіпсіздігі, бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерге жаһандық тұрғыдан қатысу-мемлекетіміздің белсенді және өз ісіне жауапкершілікпен қарау. Еліне, туған жеріне деген патриоттық тәрбие дағдылары қалыптасады.

Алдыңғы оқу:

Қазақ әдебиеті пәнінен Батырлар жыры, «Қобыланды батыр» жырының мазмұнын біледі.

Тарих пәнінен батырлардың ерлігін біледі.

Жоспар



Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

Раппорт

(сенім орнату).

1 минут.
3-4 минут


1-2 минут

3-4 минут.


Сабақтың басы

Раппорт (сенім орнату). 1 минут.

«Ишара» арқылы амандасу жаттығуының алгоритмі:

  1. Оқушылар орындарынан тұрады.

  2. Бет әлпетінің жымиюы арқылы дыбыссыз сәлемдесіп барлық оқушы қарым-қатынасқа түседі.

  3. Сабаққа деген ынтасы артады.


«Сәйкестендіру» әдісі арқылы берілген үй тапсырманың алгоритмі:

  1. «Жыршы».

  2. «Жырау».

  3. «Батырлар жыры».

  4. Оқиғаны естеріне қайта түсіру.

  5. Болжау арқылы өз сөздерімен әңгімелеу.

Тұжырым: «Сәйкестендіру» әдісі арқылы таным көкжиектері кеңейеді.


  1. Ықтимал жауап: батырлар жыры дегеніміз әр батырдың ерекше ерлігі туралы жырланатын жыр.

  2. Ықтимал жауап: «Қобыланды батыр» жырындағы Көктім Аймақ мейірімді хан сияқты.

  3. Батыр Қобыланды ерлігін іспен дәлелдейді, ал, Қызыл ер күшіне сеніп Қобыланды батыр қолынан өледі.

ҚБ білім алушыларды ынталандыру мақсатында Мадақтау сөздер:

Айдын сенің жауабың дұрыс, жарайсың! Мен сені болашақта жыршы, жырау ретінде көріп тұрмын!

Дархан, сен әлі де болса «Қобыланды батыр» жырын толық оқысаң дұрыс болар еді.
Топқа бөлу алгоритмі:
Кітап оқу мақсатында Республикалық деңгейде «Тұлпар мініп ту алған» жобасы биыл екінші жыл қолға алынып отыр. 2018-2019 оқу жылында «Алпамыс батыр» жыры. 2019-2020 оқу жылында «Қобыланды батыр» жырын жатқа оқу жобасы болды.

Топқа бөлу.

  1. «Қобыланды батыр» , «Алпамыс батыр», «Қамбар батыр», «Ер Тарғын батыр» суреттерін үлестіру арқылы бөлу.

  2. Топ мүшелерінің рөлін анықтау.

  3. «Қобыланды батыр» , «Алпамыс батыр», «Ер Тарғын батыр», «Қамбар батыр» топтарына оқушыларды топтастыру.

  4. Топтың танымдық, әлеуметтік, эмоционалдық мақсаттарын көздеу.


Тақырыпты жариялау алгоритмі:

  1. Видеоролик Тарих, Тағдыр, Тұлға.

  2. «Қобыланды батыр» жыры. Алғашқы сын.

  3. «Қобыланды батыр» жырының тақырыбы батырдың өткірлігі, өжеттігі, қайсарлығы, мықтылығы, күштілігі, тұлғасының ірілігі, жеке басының қамы емес ел тыныштығы, елдің тоқтығы т.б.




  1. Ықтимал жауап: Қобыланды батырдың ерліктері жайлы.

  2. Ықтимал жауап: батырлар жыры туралы.


ҚБ білім алушыларды ынталандыру мақсатында мадақтау сөздер:

Иә, Ұлпан сенің жауабың ұтымды болды.

Сонымен балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбы «Қобыланды батыр» жыры. Алғашқы сын.

(әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау).

Ықтимал жауап: Біз бүгін «Қобыланды батыр» жырын аяқтаймыз.

ҚБ мадақтау сөздер арқылы қолдау көрсетуді ескеремін.

«Сәйкестендіру» әдісі

Жыршы-жаттап жыр айтушы, ел ішіне таратушы.

Жырау-эпикалық дастандар мен толғауларды белгілі бір әуенге салып, айлап жырлайтын халық поэзиясының ірі өкілі.

Батырлар жыры-«Алпамыс батыр», «Қобыланды батыр», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр».

Қыстау-Қараспан.

Хан – Көктім Аймақ.

Аналар бейнесі-Құртқа, Аналық, Қарлығыш, Қарлыға.

Назарға: ҚМЖ-да пайдаланылған суреттер ғаламтордан алынды








http://noisefx.ru/skachat-zvuki-volkov.html


Ортасы

1.

Тапсырма
8-10 минут.


2.

Тапсырма
8-10 минут.

3.

Тапсырма

4-5 минут.


1. Тапсырма 15-17 минут.

«Қобыланды батыр» жырының тақырыбы мен идеясын талқылау алгоритмі.

  1. «Қобыланды батыр» жыры туралы видеоролик https://www.youtube.com/watch?v=oSm0VcS6HVo

  2. «Қобыланды батыр» жырын мұқият тыңдайды.

  3. Топтар жауап береді.



2. Тапсырма



Бағалау критерийі

Дескриптор

Берілген үзіндінің өн бойынан батырлардың іс-әрекетіне анықтама береді.

Үзіндіден батырлардың іс-әрекеті көрінетін тұстарын табады.

Берілген үзіндідегі батырлардың іс-әрекетін оқушы баяндайды.


1-топ. «Қобыланды батыр» тобына ұсынылатын жыр үзіндісі:

Қараман сөйледі:

«Менің өзім нашармын,

Кілттің аузын ашармын.

Бұл бейнетті көргенше,

Шеш қолымды, Қарлығы,

Рұхсат берсең, қашармын».

Қобыланды сонда сөйледі:

«Өшті болған әкеңнен,

Кегімді алмай кетпеймін...
2-топ. «Алпамыс батыр» тобына ұсынылатын жыр үзіндісі:

Сонда Қабылан батырдың,

Тері тамып иектен,

Түгі шығып білектен,

Жаны бір тулап жүректен,

Неше бір құрдас айтса да,

Қараманның бұл сөзі,

Өтіп кетті сүйектен.

Сөз сүйектен өткен соң,

Тобышақ атқа ер салды,

Ақ алмасқа қол салды.

Қамшы салды сауырға,

Екпіні ұқсап дауылға.
3-топ. «Ер Тарғын батыр» тобына ұсынылатын жыр үзіндісі:

Жиылған жұртпен қоштасып,

Қобыланды сынды батырың,

Тайбурыл атқа мінеді,

Беліне семсер іледі.

Ақ сауытын бөктеріп,

Дүйсенбі күні сәскеде

Қараспан тауын бөктерлеп,

Кешегі кеткен қияттың,

Қобыландыдай батырдың,

Соңынан желіп жөнелді.

...Қобыланды сынды батырдың,

Көңілі бітіп Бурылға

«Шырағым, Бурыл,шу» деді,

Құбылып Бурыл гуледі...

Кеткен қолдың соңынан,

Жетемін деп Қобыланның

Жоқ еді тіпті есінде.

Бұлаңдаған Бурылмен,

Артық туған Қобыланды,

Аңқытып жетті бесінде.

4-топ. «Ер Тарғын батыр» тобына ұсынылатын жыр үзіндісі:

Топтанып тұрған кәпірге,

Қобыланды жалғыз тиеді,

Бөлек-бөлек қылады,

Бөлінген қойдай қырады.

Жалғыз өзі батырың,

Жойып кетіп барады.

Қойға тиген қасқырдай,

Сойып кетіп барады.
ҚБ білім алушыларды ынталандыру мақсатында Мадақтау сөздер: үзіндіден батырлардың іс-әрекетін таба білдің, жақсы, тамаша.

Тұжырым: үзіндіде берілген батырлардың іс-әрекеті нақты айтылған.
Тапсырма №3. Сөздік дәптермен жұмыс 5-8 минут.

Көркем шығармадан алынған сөздікпен жұмыс алгоритмі.

  1. Ескі сөздерді немесе сөз тіркесінің мағынасын ашу.

  2. Көркем шығармадан мысал келтіру.

  3. Өмірде қалай қолданасыз?




р/с

Сөз немесе сөз тіркесі

Мағынасы

Көркем шығармадан мысал

Өмірде қалай қолданасыз?

1

Құлжа










2

Қарабай (құс)










3

Айтатыр












р/с

Сөз немесе сөз тіркесі

Мағынасы

Көркем шығармадан мысал

Өмірде қалай қолданасыз?

1

Дуадақ










2

Жек










3

Лабақ













р/с

Сөз немесе сөз тіркесі

Мағынасы

Көркем шығармадан мысал

Өмірде қалай қолданасыз?

1

Сүңгі










2

Қозыжауырын










3

Қорамсақ













р/с

Сөз немесе сөз тіркесі

Мағынасы

Көркем шығармадан мысал

Өмірде қалай қолданасыз?

1

Шығыршық










2

Қосын










3

Жолым үй











Ықтимал жауап:


р/с

Сөз немесе сөз тіркесі

Мағынасы

Көркем шығармадан мысал

Өмірде қалай қолданасыз?

1

Айтатыр

Нулы жерге өсетін құнарлы шөп

Есіктің алды айтатыр

Есік алдын шөп басқан

2

Лабақ

Қоршау, қамау.

Лабақтың келіп алдына.

Үйдың сыртындағық қорғаны.


Тұжырым: берілген сөз тіркестерінің мағынасын аша алады, өмірде қолдану жолын біледі.

ҚБ білім алушылар жұпта өзара бірін-бірі бағалайды.

5 сынып Қазақ әдебиеті оқулық. Автор: С.Ч.Тұрсынғалиева, Р.Зайкенова

«Арман-пв» баспасы, 2017

5 сынып Қазақ әдебиеті Хрестоматия.

Құрастырғандар:

С.Ч.Тұрсынғалиева, Р.Зайкенова

«Арман-пв» баспасы, 2017



«Қобыланды батыр» жырынан келген үзінділерге жауап береді. Батырдың, жасаған іс-әркетін, көрген видеороликерін жүйелеп, еске түсіре отырып әңгімелейді. Әр топ мүшесі өз ойын ортаға салады.




Т.Жанұзақов: «Қазақ тілінің түсіндірмелі сөздігі». Алматы, 2005ж.



Соңы

Сабақты қорытындылау.

Рефлексия

1-2 минут

4.

Тапсырма

Үй тапсырмасы

1-2 минут

Мұғалім сабақ барысында өтілген сұрақтар тізбесін конверт ішіне билетке жазып «Сыныптан шығу билеті» арқылы оқушыларға үлестіреді. Сұрақтар:

  1. Егер сіз «Қобыланды батырдың» орнында болсаңыз не істер едіңіз?




  1. Ықтимал жауап: Батырлар жырының оқиғасы елін, жерін, сыртқы жаудан өжеттікпен, қайсарлықпен қорғайды. Намысшыл.

  2. Ықтимал жауап: батырлар елі үшін туады.

ҚБ білім алушыларды ынталандыру мақсатында мадақтау сөздер: шешен екенсің, ұтымды жауап болды, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айта білдің.
Тапсырма №4. 1-2минут

Үй тапсырмасы

«Қобыланды батыр» жырына жарнама жасап келу.

1. Тірек сөздерді қолдану.

2. 1-2 минут уақытын сақтау.

3. Дауыс ырғағына назар аудару.

4. Тақырыптан ауытқымау.

5. Эмоцияның болуын қадағалау.






написать администратору сайта