Главная страница
Навигация по странице:

  • «Допты сүзу техникаларының түрлерін білесіз бе» Рет

  • «Допты тосқауылдай таласу техникасын білесіз бе» Рет

  • лекция. Статья Жабарин Н.А.,Ибраева Р.Ж.,. Эож. 796. 332 1315 жастаы жас футболшыларды техникалы шеберлігін алыптастыру


    Скачать 60 Kb.
    НазваниеЭож. 796. 332 1315 жастаы жас футболшыларды техникалы шеберлігін алыптастыру
    Анкорлекция
    Дата15.06.2020
    Размер60 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаСтатья Жабарин Н.А.,Ибраева Р.Ж.,.docx
    ТипДокументы
    #130348

    С этим файлом связано 8 файл(ов). Среди них: 1 тема МКТУ фтиз ВОП (1).docx, РГР РТУ.docx, ин яз бизнесс.docx, рубежный контроль СД_4.docx, Ситуационные задачи.doc, Лабораторная работа 5.docx, Научная Работа - Философский обзор фильма Спасти Рядового Райана, Trip to Samarkand.pdf.
    Показать все связанные файлы
    Подборка по базе: Приказ Минтруда России от 28.12.2021 N 796.rtf, +ципролет__ цефтриаксон Ерте жастаы балалардаы тмауды жиі ке.doc

    ЭОЖ. 796.332
    13-15 ЖАСТАҒЫ ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
    Спорт – денсаулық кепілі. Ел Президентінің «Қазақстан – 2030» жолдамасындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірі – «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мән әл ауқаты» тармағында, «…азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сау болуы және оларды қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін» азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеу қажеттігі көрсетілген. Бүгінгі таңда, осы бағытта өз тәуелсіздігін алған егеменді еліміз Қазақстан мектептеріне жан-жақты дамыған, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын мұрат тұтқан дара тұлғаларды тәрбиелеу басты талап етіп қойылған. Қазақстан азаматтарының денсаулығын нығайту, салауатты өмір салтын ынталандыру туралы елбасының жолдауын, егемендіктің кілтін ұстар жастардың болашағына апаратын, алтын сүрлеу десе болады. (1).

    Қай уақытта да адамдардың арасында спорт өте кең тараған өнер, өз өмірінде күш пен шапшаңдылық, шыдамдылық пен ептілік жағынан сынға түспеген адамдар жоқ шығар. Көптеген балалар мен жасөспірімдер чемпион болу үшін міндетті түрде өте дарынды болу керек деп ойлап жатады. Ал сол дарын дегеннің өзін үнемі дамытып ұштап отыру керектігі жайлы айта бермейміз. Спортта жеңімпаз атану өте ауыр да, өте қиын жол. Осы жолда жалықпай жаттыққан, тамшылатып тер төккендер, шыдам мен жігер танытқандар ғана жеңіс тұғырына көтеріле алады(2).

    Балалар мен ересектер арасында ең көп тараған спорт түрлерінің бірі ең қызықтысы да футбол ойнау. Кез келген баладан сұрай қалсаң футбол жұлдыздарының есімдерін жатқа айтып береді. Аты аңызға айналған Пелеге немесе Марадонна, Роналдоға кімнің ұқсағысы келмейді дейсің? Футбол – кез келген баланың мәңгілік махаббаты. Футбол - спорттық ойын түрі, ағылшын тілінің foot - аяқ, ball - доп деген сөздерінен шыққан. Футбол - әлемге аса танымал ойындардың бірі.Футбол ойыны сұрапыл әрі адамның жүрек қылын тербететін дене шынықтыру ойыны болғандықтан, ол «дүниедегі маңдай алды дене тәрбие», «дене тәрбиенің патшасы» деп, бүкіл дүние халқының қастерлеуіне бөленеді. Жалпы спорттық ойындардың барлығы дерлік шапшаңдылықты, ептілікті, төзімділікті, жылдамдықты қажет етеді.Спортшылар мен жанкүйерлерді футболдың қарапайымдылығы мен тартымдылығы, ойыншылардың шеберлігі мен қиыннан қиыстырып жол таба білуі өзіне ерекше тартады(3).

    Футбол ойынында жарыс майданы кең, жарыс уақыты ұзақ, қатынасатын адам көп әрі сайысуы қат-қабат, допқа таласуы қиян-кескі, еліктіргіштігі күшті, әр ойыншыда драммалық қасиет болады. Жақсы ойналған бір майдан футбол жарысының теледидар көрермендерінің өзі 10 миллионға жетеді. Футбол ойыны адамдарды дене жақтан жан-жақтылы шынықтырып, жылдамдық, күш, төзімділік, шапшандылық, икемділік, ептілік жақтарынан да, қайсар, зерек, қағылез, мойымас қасиетпен жұдырықтай жұмылып селбесетін коллективизімдік рухты жетілдіру жағынан да зор маңызға ие.Футбол ол әдістер күресі, ойыншылар шығармашылығы, ол қарсыластар және әріптестерінің комбинацияларынан құралған.Футбол ойыны өте динамикалық және эмоционалды ойындардың қатарына жатады. Ойыншыларға әр түрлі техникалық әдістерді, белгілі тактикалық бағыт беріп қолдану, әріптестерімен түсінісе білу қажет. Әйтпесе бір қателік бүкіл ойын жоспарын бұзады. Ойын барысында ойыншылар психикасына әр түрлі сыртқы және ішкі күштердің әсері түседі. Ол күштер техникалық әдістерді қолдауға, тактикалық жоспарды ойлауға, әр ойластырған комбинацияларды шешуге зор әсер береді. Ондай күштерге ойынның басқаша өтуі, төрешілердің іс әрекеті, жанкүйерлер,  қолайсыз ауа райы жатады. Осылар ойыншының ойын кезіндегі көңілдің қобалжуын туғызады, ол біртіндеп басқа ойыншыларға қарап бүкіл командаға кері әсерін тигізеді(4).

    Сондықтан жаттықтырушы әр ойында әр футболшыны осындай ауыртпашылықтарға төзімді, шыдамды болуға үйретеді. Ойыншылар жаттығу жарысында өзінің шамасына қарай жасау емес, оған да жоғары жасауға тырысуға үйренген болуы керек.Әр ойыншы доп алғанда тез ғана ойланып ол допты ары қарай беруді және келесі допты қабылдауға дайын болуы керек. Бұндай жаттығулар жылдам ойын жасау үшін қажет.Футбол ойыны арқылы спорттың басқа түрлерінің өкілдеріне жалпы денелерінің шынығуына, дене қозғалысының дұрыс артуына және ұйымшылдық пен достық сияқты ерекше қасиеттерін тәрбиелеуге үлкен маңызы зор.Ойын барысында шығармашылық, жылдам және тез кездескен кез келген қиындықты шешу керек. Футболшылар әр түрлі тактикалық және техникалық қимылдар жасағанда, өзінің көз қарсыластарын күтпеген жерде және ойын жағдайын өзгертетін болуы қажет(5).

    Зерттеу тақырыбы бойынша ғылыми және әдістемелік әдебиеттерді теориялық зерттеу, мамандардың тәжірибесін жинақтау.Жаттығу мен ойын бір-бірімен тығыз байланысты. Жаттығу кезінде шеберлік шыңдалады, ойын әдістері меңгеріледі. Жақсы футболшы болам деген әр жас футболшы күн сайын 3-4 сағаттай жаттығуы тиіс.Футболшы өзін жан-жақты дайындауы керек. Ол үшін спорттың көптеген түрлерімен әсіресе жүгірумен айналысқан жөн. Жүгіргенде шапшаң жүгіру керек. Ойын үстінде шапшаң футболшы қарсыласына басымдылық көрсетеді. 5-10 км. кросс жүгірген кезде ара-арасында 30-50 м-ді шапшаң жүгіріп өтіп дағдыланған дұрыс.Шапшаңдылыққа қоса футболшыға жылдамдылық та қажет. 2 таимды (90 мин) толық ойнаған кезде футболшы 17-20 км жүгіреді. Шыдамдылықты арнайы дамытпай мұндай жүктемені кез келген спортшы көтере алмайды. Шаңғы тебу, жүгіру, конькимен тебу шыдамдылықты жақсы дамытады.Футболшы тепе-теңдік қалпын жақсы ұстап алаң үстінде орнықты қимылдауы керек. Мұндай қалыпты жақсы ұстай білген футболшы алаңда жиі құламайды. Осындай қасиетті де әр түрлі жаттығуларды орындау, акробатика, гимнастика, батуттан секіру, фристаил сияқты спорт түрлерімен айналысу арқылы дамытуға болады. Футболшының алаңда негізгі қаруы ол техника екені белгілі. Техникасы жақсы ойыншы өзін жаң жақты көрсетіп, өзі бірнеше техникаларды қолданып қарсыластарды алдап өтеді. Соның арқасында қақпаның алдында қауіпті жағдай жасайды.Қазіргі футболда ойыншылардың техникасы бірнеше сатыға көтерілді. Жеңіске ұшырай беретін командалар жиі кездеседі, ол техниканың және тактикалық ой сананың жетіспеуінен болады.

    1.Доп тебу техникасы.

    а) Аяқ желкесінің үстімен доп тебу:

    - орны белгіленген допты тебу. Доп тебетін аяқ ұршық буынын өс етіп, қарасан жіліншікті әрекеттендіріп, тез қарқынмен алдыға қарай сілтенеді. Доп тебетін аяқ допқа тиген заман аяқ желкесін керіп, бақайшықты түйіп, аяқ желкесінің үстімен доптың орта бөлімінен тебеді.

    - ыршыған допты тебу. Доп тебетін аяқ жіліншігі алдыға қарай тез сілтенеді. Доп жерден енді ғана ыршыған кезде, аяқ желкесінің үстімен доптың орта бөлімінен тебу.

    ә) Аяқ желкесінің үстімен доп тебу:

    - аяқ допқа тиген заман, қызылаяқ пен аяқ желкесі ішіне қарай күшпен бұрылады.

    - аяқ желкесінің сыртқы қырымен доптың арты орта бөліміне тебу.


    Сызба 1. Доп тебу техникасын 13-15 жастағы оқушылардың меңгеру деңгейі
    2. Доп алып жүру техникасы

    а) Аяқ желкесінің сыртқы қырымен доп алып жүру:

    - өкше көтеріліп, аяқтың желкесі шерте көтеріліп, аяқ үші сәл ішіне қарай көтеріледі.

    - аяқ желкесінің сыртқы қырымен доптың орта бөлімінен итере демей айдау.

    ә) Аяқтың ішкі қырымен доп алып жүру:

    - белден жоғары дене сәл алдыға иіледі.

    - аяқтың ішкі қырымен доптың орта бөлімінен итере тебу.

    Сызба 2. Допты алып жүру техникасын 13-15 жастағы оқушыларының меңгеру деңгейі (5 баллдық жүйемен)
    3. Пас алу техникасы.

    а)Аяқтың сыртқы қырымен пас алу.

    - аяқтың сыртымен доптың орта, жоғарғы бөлімінен доп тоқтату.

    - пас алғаннан кейін, пас алған аяқ пас берілген бағытқа қарай жалғасты сілтенеді.

    ә) Аяқтың сыртқы қырымен ыршыған допты тоқтатып пас алыу. Доп ыршыған заман аяқтың сыртқы қырымен доптың орта, жоғарғы бөлімінен пас алыу.

    4. Доп сүзу техникасы.

    а) Орында тұрып доп сүзу. Бас допқа тиген заман, артқа ұсталған аяқ пәрмеінмен жер тірей серпін жасап, дененің салмақ сентірі алдыға ұсталған аяқ түсіп, құрсақ ішке тартылады. Белуардан жоғарыдене тез қарқынмен алға сермеледі.

    ә) Секіріп барып доп сүзу.

    - көзді келе жатқан допқа қадап, ең биік орынға секіріп шығып, доп сүзіуге даярланған кезде, дене алдыға қарай бүгіледі.

    - доп қалықтап дененің тік түзу сызығы алдына келген заман, құрсақ ішке тартылып, кеуде алға қарай сермеліп әрі бас сілкініп, маңдайдың тура алдымен доп сүзіп шығарылады.

    1-кесте 

    13-15 жастағы оқушыларының доп сүзу техникасын меңгеру деңгейі

    «Допты сүзу техникаларының түрлерін білесіз бе?»

    Рет

    Қатысушылар

    Білемін

    Аздап білемін

    Білмеймін

    Үйренгім келеді

    1

    6сынып оқушылары

    59 %

    16 %

    6 %

    19%

    2

    7 сынып оқушылары

    78%

    11%

    1%

    10%

    3

    8 сынып оқушылары

    61%

    10%

    14%

    15%


    5. Допты тосқауылдай таласу техникасы.

    а) Қарсы алдынан тосқауылдай таласу.

    - қарсы жақтың доп алып жүріу аралығы біршама алшақ, аяқ допқа тиіп әлі жерге түспеген кезде, бір аяқты дереу жер тірей серпін жасап, допқа таласатын аяқ тізесін бүге алдыға қарай атылып шығып, аяқтың ішкі қырымен доптың қарсы алдынан тосу. Енді бір аяқ іле-шала алға қарай атталып, белуардан жоғары дене алға қарай иіліп, дененің тепе теңдігін сақтай допты меңгеру (6).

    ә) Дене жанынан тосқауылдай допқа таласу.

    - қарсы жақпен қатарласып жүгіріп келе жатқан кезде, орынды соғылу тәсілдерін қолданып, тосқауылдай таласуға болады. Тосқауылдай таласқан кезде, сыртқы жанға ұсталған аяқ пәрменмен жер тірей серпін жасап, дененің салмақ сентірі сәл төмендеп, белуардан жоғары дененің ішкі жанына қарай сәл қисаяды.

    - ішкі жанға ұсталған аяқ жерге тигеннен кейін, шынтақты дереу иіп, білек қарсы жақтың денесіне тіреле тиседі, белуардан жоғары дененің ішке қарайқисаюынан және жүгірудің екпінінен пайдаланып, білек және иықпен қарсы жақтың сәйкесті жағына соғылып, қарсы жақтың тепе-теңдіктен айырылу орайынан пайдаланып, допты тартып аламыз.

    Кесте 2

    13-15 жастағы оқушыларының допты тосқауылдай таласу техникасы

    «Допты тосқауылдай таласу техникасын білесіз бе?»

    Рет

    Қатысушылар

    Білемін

    Аздап білемін

    Білмеймін

    Үйренгім келеді

    1

    6 сынып оқушылары

    73 %

    11 %

    4 %

    12%

    2

    7 сынып оқушылары

    80%

    7%

    -

    13%

    3

    8 сынып оқушылары

    70 %

    15

    5 %

    10 %




    Сызба 3.13-15 жастағы оқушыларының допты тосқауылдай таласу техникасы
    Футбол – атлетикалық ойын, жылдамдылықты, ептілікті, төзімділікті, шыдамдылықты, күшті және секіргіштікті дамытады. Ойында футболшы жұмыстың ең жоғары жүктемесін орындайды, адамның функциялық жоғары деңгейдегі мүмкіншілік қабілеттін, адамгершілік - жігерлі сапаларын тәрбиелейді.Футбол ойынының техникасын меңгеру және дағдылану оны жарыстарда жаттығуларда қолдана білуі өте маңызды. Оны меңгеру, дағдылану, игеру әрбір жас футболшының дене қуаты дайындығына, жас ерекшеліктері мен морфо-функциялық, психологиялық ерекшеліктеріне байланысты болатындығын әр кез естен шығармағанымыз дұрыс.

    Ойыншылардың оқыту жүйесі - көп факторлы құбылыс және техникалық оқыту негізін анықтайды:

    • техникалық және тактикалық іс-шараларды модельдеу негізінде оқыту іс-шараларын оңтайландыру;

    • оқыту түріне тиімді бағдарламалар мен әдістемелерін әзірлеу;

    • оқу-жаттығу үрдісінде терең теориялық және әдістемелік дайындығын ұйымдастыру және басқару.

    Бұл, атап айтқанда, спортшылардың техникалық оқыту құрылымына әсер ететін негізгі факторлардың бірі болып табылады деп саналады. Спорттың теориясы мен әдістемесі саласындағы мамандар, жалпы техникалық және арнайы техникалық оқыту болып бөленеді(7).

    Баланы жан-жақты тәрбиелеудің негізгісі – футбол болып есептеледі. Дұрыс дамып келе жатқан бала ылғи да қозғалысқа қабілетті болады. Қозғалыс ықпалымен жүре-буын, тыныс алу және жүйке жүйесі қызметі жақсарады, тірек-қимыл жүйесі жетіліп, зат алмасу реттеледі. Олар бала ағзасының ауруға қарсы әрекетін күшейтіп, қорғаныс күшін реттейді. Бала қимыл арқылы әлемді таниды, оның психикасы, еркі дербестігі, үлгерімі, ұжымшылдығы дамиды.Кез келген жаттығудың алдында қозғалыс жасап бұлшық еттерді қоздыру керек. Оқушылармен жаттығу түрлерін ұйымдастыру – қимыл – қозғалыс түрлерін дамытады. Балалардың дене шынықтыруы жөнінен жан-жақты дамуын, еңбекке дайындығын қалыптастырады. Мұғалімнің міндеті оқушылардың жүйелі және белсенді түрде дене жаттығуымен айналысуын қамтамасыз ету. Жас ерекшеліктеріне қарай негізгі қимыл сапасын (күш-қуат, жылдамдық, ептілік, шыдамдылық) дамыту. Әр адамға қажетті қасиеттер - күш-қуат, жылдамдық, ептілік, шыдамдылық. Дененің сапалық қасиеттері балалардың қимыл-дағдыларын қалыптастырумен тығыз байланысты. Дене жаттығуларының әр түрлі екпінде өткізілуі – дененің сапалық қасиеттерін дамытады. Батылдық, табандылық, әділеттілік, адалдық, жолдастық сезім, ұжымда жұмыс істей білу, мәдени тәртібін қалыптастыру, еңбекке, қоғам мүлкіне деген жағымды көзқарасын қалыптастыру.Көптеген футбол жаттығулары және ойын түрлері арқылы табандылық, өзара достық сезімдері тәрбиеленеді.Оқушылардың дене шынықтыруы мен спортқа деген қызығушылығын жүйелі айналысу дағдысын тәрбиелеу. Мектептің ең басты міндеті балаларды әр түрлі дене жаттығуларына тек мектепте, отбасында ғана емес, күнделікті өмірде маңызды міндетті шешу балалардың қызығушылығын арттыра отырып, берілетін материалдың өзара қарым-қатынасына көңіл бөлу керек.Зерттеу барысында ұсынылған жаттығулар моторлы үйлестіру және кеңістіктік бағдарлар сияқты күрделі моторлы қасиеттері ең табысты дамып келе жатқанын көрсетті. Сонымен қатар жаттығулар жас футболшыларға қызықты болды және қарсыластарға бәсекелестік пен қарсылық элементтерін орындап өздерін көрсете білді.Оқушылармен жаттығу түрлерін ұйымдастыру – қимыл – қозғалыс түрлерін дамытады. Балалардың дене шынықтыруы жөнінен жан-жақты дамуын, еңбекке дайындығын қалыптастырады. Мұғалімнің міндеті оқушылардың жүйелі және белсенді түрде дене жаттығуымен айналысуын қамтамасыз ету. Жас ерекшеліктеріне қарай негізгі қимыл сапасын (күш-қуат, жылдамдық, ептілік, шыдамдылық) дамыту. Әр адамға қажетті қасиеттер - күш-қуат, жылдамдық, ептілік, шыдамдылық. Дененің сапалық қасиеттері балалардың қимыл-дағдыларын қалыптастырумен тығыз байланысты. Дене жаттығуларының әр түрлі екпінде өткізілуі – дененің сапалық қасиеттерін дамытады. Батылдық, табандылық, әділеттілік, адалдық, жолдастық сезім, ұжымда жұмыс істей білу, мәдени тәртібін қалыптастыру, еңбекке, қоғам мүлкіне деген жағымды көзқарасын қалыптастыру.Көптеген футбол жаттығулары және ойын түрлері арқылы табандылық, өзара достық сезімдері тәрбиеленеді.Оқушылардың дене шынықтыруы мен спортқа деген қызығушылығын жүйелі айналысу дағдысын тәрбиелеу.

    Зерттеу барысында келесі қорытындылар анықталды: Мектептегі дене шынықтыру сабағында 13-15 жастағы оқушыларға сауалнама жүргізудің негізінде жас футболшылардың техникалық шеберлігін қалыптастыру статусы орнатылды. 13-15 жас - көптеген өмірлік маңызды дағдыларын қалыптастыруүшін ең қолайлы жас. Осы кезеңде, эмоционалды қызығушылық тудырады, психикалық, физиологиялық және дене дамуының негізгі ерекшеліктерін дамытады.

    Жұмыста көрсетілген әдістеме негізінде:

    -техникалық шеберлігінің ерекшеліктеріне және физикалық жаттығулар сабақтарындағы қызығушылық көрсеткіштеріне негізделетін арнайы футбол ойының зерттеу бойынша, физикалық қасиетерді дамытатын және дене шынықтыру сабақтарына қызығушылық тәрбиелейтін 13-15 жастағы оқушыларының оқу әдістемелік бағдарламасы құрастырылды;

    - жас футболшылардың оқу-жаттығу үрдісінде футбол ойынымен шұғылданудың қалыптасу ерекшеліктері анықталды;

    - дене шынықтыру сабақтарымен жұмысына оқушыларының негізгі физикалық және психолого-физиологиялық, педагогикалық қасиеттерін дамытатын жас ерекшеліктері анықталды.

    Футбол ойыны спорттық ойындардың ең бір тамаша түрі. Ол үлкен адамдардың, жасөспірім балалардың барлығы қызығатын дене тәрбиенің бір түрі. Ол адамның денесін шынықтыруда, дене қуаты қасиетін жетілдіруде, адамның күш қайратын асыруда, жігерін шыңдауда, басқалармен өзара силастық, өзара селбестік қатынастарын дамытуда ерекше рол ойнайды.Жұмыста көрсетілген қорытындылар бойынша футбол 13-15 жастағы жас футболшыларға ерік, батылдық, шыдамдылық, шапшаңдылық, ерлік, өзін-өзі ұстау, достық және тағы басқа сезімдерін тәрбиелейді. Сонымен қатар футбол спортымен шұғылдану оқушылардың физикалық дайындығын арттырады. Олар күш, жылдамдық, шапшаңдылық, төзімділік, икемділік, ептілік және координациялық мүмкіндіктер.Тәжірибе басында 13-15 жастағы жас футболшылардың негізгі техникалық аспектілерін анықтауда, тәрбиелеуде шеберлігін қалыптастыру тиімді болады деп ойластырылған болатын.Педагогикалық тәжірибе негізінде алынған қорытындылар бұл тәжірибенің тиімділігін дәлелдеді.


    написать администратору сайта