Главная страница

Документ Microsoft Office Word. дістсілдер тсіндіру,крсету,сражауап. Крнекілік суреттер,ойыншытар. Сабаты кезедері


Скачать 82.45 Kb.
Названиедістсілдер тсіндіру,крсету,сражауап. Крнекілік суреттер,ойыншытар. Сабаты кезедері
Дата15.09.2020
Размер82.45 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаДокумент Microsoft Office Word.docx
ТипДокументы
#138106
страница1 из 4

Подборка по базе: Документ Microsoft Word.docx, Документ Microsoft Office Word.docx, Документ Microsoft Word (2).docx, зоя реф 2 Office Word.docx, Документ Microsoft Word.docx, Документ Microsoft Word.docx, Морфологические элементы кожи Office Word (2).docx, Документ Microsoft Word.docx, Документ Microsoft Office Word.docx
  1   2   3   4

Тақырыбы: Қауіпсіз мектеп

Мақсаты: Балаларға жол және көше тәртібі жөнінде білім беру.

Қауіпсіздік ережелерін сақтауға, жүргізуші еңбегін бағалауға

тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап.

Көрнекілік:суреттер,ойыншықтар.

Сабақтың кезеңдері: 1.Кіріспе.

2.Көліктер.

3.Жүргізуші еңбегі.

4.Қауіпсіздік кеңестері.

Сабақтың барысы: Біз үйде, көшеде, мектепте, ойын ойнағанда үнемі қауіпсіздікті сақтауымыз керек.Жүргізушіге қауіпсіздікті сақтап,болысуымыз керек.

* Жұмбақ шешу. Әкемнің тор тайы,

Май жалап, су ішсе,

Тоқтамай тартады. (Машина)

Машина-көліктің түрі. Көліктер жолаушылар мен жүк тасиды.Көліктер аспанда ұшатын, суда жүзетін, жерде жүретін болып бөлінеді.Қалада трамвай,троллейбус, поезд, ұшақ, тікұшақ бар.Ауылда жылқы мен түйе де көлік ретінде қолданылады.Қалада көліктердің көше тәртібін сақтауларына бағдаршам көмек береді.Көліктердің кейбір түрлері шұғыл оқиғаға байланысты өте тез жүреді.Басқа көліктер оларды тез өткізіп жіберулері керек.

1.Жедел жәрдем машиналары ауру адамдарды ауруханаға тез жеткізеді.

2.Өрт сөндіру машиналары өртті тез сөндіруге асығады.

3.Милиция машиналары тәртіпті сақтауға асығады.

* Жүргізушілер жұмысқа ерте шығады, көліктерді жөндейді,жанармай құяды, машиналардың жылдамдығын бақылайды.Олар сендердің қауіпсіздіктеріңе жауап береді.Олардың еңбектерін бағалауымыз керек.

Бірде қырға барады,

Бірде мектепке барады.

Жүргізуші дамыл таппай,

Қашан демін алады?

Түн демейді түнді де,

Күн демейді күнді де.

Шаршадым деп айтпайды,

Жүргізуші білдің бе?

Шалғын өссе сайларда,

Суытса да әр кезде.

Машинамен біздерді,

Апарады мектепке. (Ж.Қыдыров)

Апам шықса сапарға, Осы сөзді байқадым,

-Жолың болсын!-дейді атам. Қуат барын, күш барын,

Атам шықса сапарға, -Жолың болсын!-айтамын,

-Жолың болсын!-дейді апам. Алыс жолға шықса кім.

(Н.Айтов)

Дидактикалық ойын. «Жақсы-жаман»

*Машинаның алдынан жүгірме.

*Үлкендердің айтқанын тыңдама.

*Автобустың терезесін ашпа.

*Жолдың ортасында ойна.

*Автобустың ішінде қатты айқайлап,жүргізушіге кедергі жасама.

Үлкен болдым десем де, Үлкенбіз ғой,міне, біз,

Ешкім маған сенбейді. Жол ережесін сақтаймыз.

«Жалғыз жүрме көшеде, Автобусқа отырып,

Кішкентайсың сен»- дейді. Тыныштықты сақтаймыз!

Көрініс «Автобуста». (Автобусқа кірген атаға балалардың амандасып, орын берулері).

Қауіпсіздік кеңестері

Бөтен адамдардың көлігіне отырма.

Жол үстінде ойнама.

Автобустың алдынан жүгірме.

Автобустың ішінде қатты сөйлеп,жүргізушіге кедергі жасама.

Автобустан түсерде байқап түс, үлкендердің көмегіне жүгін.

Көшеге шығарда жан-жағыңа қарап, жолдың шетімен жүр.

Үйде сіріңкеге,газға, тоққа жолама.

Пышақ, ине, қайшыны ұстағанда абай бол.

Қорытынды. Бұзба көше тәртібін,

Ұрынасың апатқа.

Қызықты өтсін әр күнің,

Жақын болма шатаққа! (Е.Елубаев)

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Отбасы –бақыт мекені»

Тәрбие сағатының мақсаты:Ұрпақ тәрбиесінде ата-бабамыздың   ұстаған жолын, баланың отбасын бала тәрбиесіне байланыстыра отырып оқушыларды үлкендерді сыйлауға, кішіге көмектесуге баулу.  ІІ. Өзара сыйластыққа, адамгершілікке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының барысы.

І. Ұйымдастыру сәті.

1. Шаттық шеңбері.           

 Қуанамын мен де,

Қуанасың сен де.

 Қуанайық достарым,

Арайлап атқан күнге?
ІІ. Негізгі бөлім .

Мұғалім:   Балалар, біздің бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы «Отбасы тіршілік  

   тірегі »деп аталады. Сабақ барысында біз отбасы, адамға ең қымбат, ең жақын адамдар туралы, олардың мейірімділігі, сүйіспеншілігі туралы, имандылығы туралы сөз қозғаймыз.

    «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп » ұлы ақын атамыз Абай айтқан екен.Адамзат – бүкіл адам баласы деген сөз. Адамды сүю адам танудан басталады.Адам тану – адамзат арасындағы қарым – қатынас мейірімнен басталады.

   Ал адамға деген сүйіспеншілік , мейірімділік қайырымдылық – ең әуелі әркімнің отбасынан басталады. Әр үйдің ішіндегі адамдар сол отбасының мүшелері болып саналады.

Маған да, саған да,

Жақын туыс – бес адам.

Үш әріптен тұратын.

Оңға оқы, солға оқы.

Өзгермейді еш одан.

Бәрі де өз жұратың,

                                    Айтады, қане, кім атын? /апа,ата, ана, іні, аға./

-        Отбасы деген не?

-        Кім өз отбасы туралы айтып береді? /жауаптарын тыңдау/

        Сызбанұсқамен жұмыс.

-        Отбасы мүшелерін атап берейік.

   Енді балалар отбасының мүшелеріне жеке – жеке тоқталып өтейік.

  Ата , ана, әже, әке, бала, іні, қарындас, аға т б.

 

   Бала – адамның бауыр еті – дейді қазақ халқы.

   Ұрпақ – ғұмыр жалғасы, тіршілік көзі. Қай халық болсын, үмітін ең алдымен ұрпағынан күтеді. Жанған отын сөндірмей, түтінін түтетін ұрпақ қалдыруды көздейді. Халқымыз балалы болу бақытын байлыққа, мансапқа ауыстыра алмаған.

  «Бала - өмірдің жалғасы, көз қуанышы, шаңырақ иесі,»- деп ұрпақты болуға, оның тәрбиесіне қатты көңіл бөлген.


Қуанып жан жүрегі қақ жарылды,

Қасірет басындағы қалды арылып.

Ұл – қыз көріп дүбірлі той жасайды,

Атқан соң маңдайынан таң жарылып.

-  Балалар, бізідің отбасымызда ең үлкен, ең ардақты, барлық тәттілерін сендерге арнап тығып қоятын кім?

- Дұрыс, ол біздің ата - әжелеріміз. Кім өзінің ата - әжесіне арнап тақпақ айтып берем дейді.

                1-оқушы:                                                2-оқушы:

Аппақ күміс сақалды,                              Менің атам мықты адам,

Жақсы көрем атамды.                              Күштілерден ықпаған.

Шахматтан ол бүгін,                                Жас кезінің өзінде,

Менен тағы мат алған.                             Жігіті жоқ жықпаған.

 

-  Отбасының тірегі , қорғанышы  деп кімді айтамыз?   Ол әке.

Ыстық – ау  кім – кімге де әке деген,

Суыққа шалындырмай мәпелеген.

Өмірдің соқтығымен өрге тартып,

Алдымен адам бол деп жетелеген.

Тағдырдың кеуде тосып жартасына,

Біз үшін түскен майдан ортасына,

Алаңсыз салып сайран шалқып жүрміз

Біз бүгін әкелердің арқасында – дей келе балаларымыздың әкелерге арнаған ойларын тыңдап көрейік.

        1 – оқушы:                                        2 – оқушы:

  Алтын арай таңым әке,                  Әкем – аласармас асқар тауым,

 Алатаудай бағым әкем.                   Әкем – жайқалған жасыл бағым.

  Балаң үшін шырылдайсың,             Әкем -  Аман болғын, жаным әке.

   Оқушылардың әкелеріне арналған өлең шумақтары.

      Келесі кезекті ең ардақты, ең сүйікті ол кім?

-        Әрине ол аналар.

Анаң деген ақылшың,

Анаң барда батырсың.

Ұясында кім болса да,

                                    Тек анаңа жақынсың– дегендей аналарға арнау.

   1 – оқушы:                                                        2 –оқушы:

  Ана деген асыл сөз,                                 Үш әріптен құралған,

  Ана деген ғаламат.                                  Қасиетті ұғымсың.

   Жер бетінде анаға,    

Табынады адамзат.                                    Дүниеде жалғыз жан,                            

      Әрбір ана сүйеді ,                                Анашым бір өзіңсің.

       Өз баласын үнемі

        Одан асқан жан жоқ деп,

        Жер бетінде біледі.

Сонымен, сендер үшін ата, апа, ана, әке қандай адамдар?
Ең қымбат адамдар.

Құт береке атаң қымбат,

Мейірімді әжең қымбат,

Асқар тауың әкең қымбат,

Аймалайтын анаң қымбат.

  Балалар мен сендерге жұмбақтар жасырамын;

             
1. Маған да, саған да,
Жақын туыс – бес адам.
Үш әріптен тұратын
Оңға оқы, солға оқы.
Өзгермейді еш одан
Бәрі де өз жұратың,
Айтады, қане, кім атын? (апа, ата, 3нна, іні, аға)
2. Айтары мол ғұлама,
Көп жасаған бұл адам.
Әкесі ол әкеңнің
Білер оны сұраған. Ол кім? ( Атаң)
3. Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған;
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған. (3нна)
4. Атаңның баласы
Кей кезде таласып,
Қаласың әжеге
Білгенің асады кәдеге?
Ол кім? (Әкең)
2. Мақалды тез жалғастыр (мақалдың жалғасын табу).
Отбасы -…
Отан -…
Әке -…
Аға -…
Іні -…
Ана -…
3. «Ана» 4нна туралы шығарған өлеңдерін оқиды.
4. Ана туралы оқушылардың салған суреттері және шығармаларын оқиды.
Қорытынды. «Тілек шамы». Міне, қоштасатын да сәт жетті. Отбасы – ұшқан ұя, жылылықтың, жылулықтың мекені. Отбасы атауының мәніне тереңірек үңілер болсақ, от деген сөздің үлкен маңызы, мәні бар екенін сеземіз. Сондықтан да оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін мына бір «Тілек шамын» бір – бірімізге жақсы тілек айта отырып ұсынайық.

Тақырыбы: "Абай атамызға 175 жыл"

Мақсаттары:

1.Оқушыларды ұлы кемеңгер ақын Абайдың өмірбаянымен, әндерімен және қарасөздерімен таныстыру.

2.Оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын молайту, ойлау,есте сақтау, сезіну қабілеттерін дамыту.

3.Абайдың шығармалары арқылы туған елге деген махаббатты,қазақтың ән өнеріне қызығушылығын тәрбиелеу.Оқушыларды адамгершілікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа баулу. Білімге деген құштарлығын арттыру.

Көрнекілігі: Абай суреті, нақыл сөздері, өлеңдерінен үзінді, Абай туралы кітаптар көрмесі, М.Әуезов суреті.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) Психологиялық дайындық.

Ережені қалай сақтау керек.

Тыныштық сақтау,

Бір-бірімізді тыңдау.

Ойымызды толық айту.

ІІ. Кіріспе бөлімі:

Сәлеметсіздер ме, құрметті келген қонақтар мен оқушылар! Бүгінгі біздің "Абай –ұлы ақын" атты сыныптан тыс ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Келесі Абай Құнанбаевтың өміріне назар аударыңыздар.

Абай Құнанбаевтың өмірбаянынан үзінді

1-ші оқушы:Абай- ұлы ақын, Абай –дана, ойшыл, замана суреткері.Абай-аудармашы.Абай- сазгер, композитор.Абайдың шын аты-Ибрагим.

2-ші оқушы: Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбаев атамыз 1845жылы тамыздың оныншы жұлдызында қазіргі Семей облысы, Абай ауданы, Шыңғыс тауының бауырында, Қасқабұлақ деген жерде дүниеге келген.

3-ші оқушы: Абай Құнанбаев 1904 жылы, ұлу жылында 60 жасында Семей облысының Шыңғыс болысында дүниеден қайтқан.

4-ші оқушы: Абайдың әкесі Құнанбай аға сұлтан болып сайланған.Атасы Өскенбай дала халқының әділ биі болған. Арғы атасы –Ырғызбай- билеуші сұлтаны болған.

5-ші оқушы: Абайдың әжесі –Зере.Абайды осы Зере деген әжесі тәрбиелеген.Әжесі Ибрагимді еркелетіп "Абай" деп атап кеткен.

6-ші оқушы: Абайдың анасы Ұлжан- ақылды, мейірімді кісі болған.

7-ші оқушы: Абай 10-12 жасында мұсылманша оқып, хат таныған.12 жасында Семейдегі Ахмет Риза медресесінде оқуға түседі.Ол үздік оқушы атанады.

8-ші оқушы: Абай 14 жасында сықақ өлеңдер шығарған.

9-ші оқушы: 15 жасынана бастап, әкесіне көп көмегін тигізген. Ел-жұрт Абайды би етіп сайлады. 20 жасында Абай от тілді шешен болған.

10-ші оқушы: Абай – сазгер. «Айттым сәлем ,Қаламқас», «Көзімнің қарасы», «Желсіз түнде жарық ай», әндері бар. Домбыра тартқан, 3 – 4 күйі бар. «Май түні», «Абай желдірмесі»

11-ші оқушы: 4 жылдық медреседе және 3 айлық орыс мектебінде оқиды. 15 жасында би етіп сайлайды.

1-ші бастаушы:

"Абай –ұлы ақын"Ақындардың ұстазы. Абай өзінің кіршіксіз ақ жүрегінен тебіренткен сансыз ойларын тамаша шығармалары мен жалынды жырларының бетіне маржандай төгілдірді

Абай өз өлеңдерінде жастарды өнер, білім алуға шақырды.Адал еңбек етуге,халқына пайда келтіруге үндеді.

2-бастаушы:

Оның әрбір жолынан, әрбір сөзінен бізге соншама ыстық, соншама жақын леп еседі.Жүрегімізге қонымды Абай лебі, Абай үні,Абай тынысы- заман тынысы, халық үні.

Өлең сөздің патшасы сөз сарасы,

Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

1-ші бастаушы:

Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

2-ші бастаушы:

Ұстаздық қылған жалықпас,

Үйретуден балаға.

1-ші бастаушы:

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң, арқалан.

2-ші бастаушы:

Сен де бір кірпіш дүниеге

Кетігін тап та бар қалан.

2-ші бастаушы: Достар, Абай атамыз туралы не білеміз?

Оқушылар жауабы: Біз Абай атамыздың өмірбаянымен туған жерімен таныстық.

Келесі тамашалайтындарыңыз Көрініс. "Абай мен Әбіш"

Автор.Абайдың Әбдірахман деген баласы Петербургте оқып, жазғы демалыста үйіне келеді. Абай баласының алғырлығын сынап білейін деп былай дейді.

Абай. Қалқам, Әбіш, осы әлемдегі ақ зат асыл ма, қара зат асыл ма?

Әбіш. Ақ зат асыл ғой.

Абай.Неге, қара зат асыл емес пе?

Әбіш.(күліп).Әке, қараны қалай асыл дейсіз?

Абай. Балам, біріншіден,адам баласы барлық нәрсені көзбен көреді емес пе.

Көздің ағы көрмейді,ортасындағы қарашығы көреді.Қараның асылына осы дәлел.

Екіншіден балам,қағаз ақ, одан адам оқып білім ала алмайды, үстіне қара сиядан өнер-білім алады.

Үшіншіден. жас кезде адамның сақалы,шашы қара болады. Жас күнде адамда ақыл, білім,қайрат көп болады.Қартайғанда шаш, сақал ағарады. Қайрат та азаяды.

Балам, сондықтан мен қараны асыл ма деп ойаймын.

Әбіш. Әке, оның бәрін қалай білдіңіз?

Абай.Ақылмен білдім, балам.

Әбіш.Олай болса, ақыл мида болмай ма, ал ми ақ зат емес пе!Екіншіден, ақыл-нұр, жарық зат. Ол да аққа ұқсамай ма.

Абай. Бәрекелді, балам.

Ақылыңнан айналдым. (Баласының маңдайынан иіскп, сүйеді.)

Автор. Абай Әбіштің тауып айтқан сөзіне риза болды.

Қазақ десе, Абай түсер есіңе...
Сөздері шарлап қазақ пен әлем арасын,
Абай деп таныр қазақтың байтақ даласын.
Өлеңі бізге рухани азық секілді,
Абайдың биік тұлғаны қайдан табарсың?

Абай - жыршы, ұлы ақыны елімнің,
Жырға қосқан сұлулығын жерімнің.
Абай - сыншы, жақсыменен жаманның,
Қайғы - зарын жырлай білген даламның.

Абай - мұра, ұрпақтан - ұрпақ жалғаған,
Ән мен жыры ел назарсыз қалмаған.
Білім, еңбек, еркіндікті арман ғып,
Жас қауымға сабақ етіп жырлаған.

Абай - дана, Абай - дара қазақта,
Оқылмаған ұлы Абайды қазақ па?
Қазақ даңқын асқақтатқан әлемге,
Абай теңдес ақын болмас қазақта.

Кеше өткен бұлдыр заман желегі,
Болашаққа Абай үнін тіледі.
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған,
Абай үні бізбен бірге келеді!

Сабақты қортындылау

Мынау тұрған Абайдың суретіме?

Өлең сөздің ұқсаған құдіретіне.

Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған,

Қарсы келер Абайдың кім бетіне.

Жамбыл Жабаев

Тәрбие сағат тақырыбы: Қарттарым – қазынам
Тәрбие сағат мақсаты: Жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге, халқының салт – дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу.
Жүргізуші:
Көп жасаған қария
Ақылы теңіз дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі – соқпақ, сөзі – нәр.
Ата салты ардақты,
Әрбір сөзі салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң,
Тістерсің бір күн бармақты.
Құрметті ұстаздар мен оқушылар!
Зымыраған сағат тілінің шексіз тықылдап соғуына мән бермеген біз уақыттың қалай жылдам өтіп кеткенін сезбей қалыппыз. Енді міне, алдымызда 1- қазан қарттар күні мерекесі жақындап қалды. Неткен шіркін уақыт десеңші, осылайша ортамызда жүрген қарияларымыздың бір кезде елі, халқы, келешек ұрпағы үшін жасаған игі істері ерекше орын алады. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға- апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына.
Қарттар – біздің асыл қазынамыз. Бүгін мектебімізде қарттар күніне орай «» атты кеш өткізгелі отырмыз. Олай болса осында отырған аталарымыз бен апаларымыздың мейрамы құтты болсын! Кешімізді бастамас бұрын сөз кезегін мектебіміздің директоры Жанасбаев Жиренбай ағайға береміз.
Жүргізуші:
Адамдар арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік, әдеп, инабат үрдістерінің қаншалықты кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата-анасын жан-жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, инабат тағылымымен үлкендерге деген қарым-қатынастарында оны мүлтіксіз жүзеге асырылуына байланысты. Қарттарды құрметтемейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсетпейтін, бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр?! Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында.Өз отбасынан жылу таппаған қаншама қарттарымыз қарттар үйлерінде өмірлерін жалғастыруда.
Қарттар үйі – жасы ұлғайып, қараусыз қалған қарттарымызды қамқорлыққа алатын, әлеуметтік қорғау нысандарының бірі болып табылады және ол мемлекеттік мекеме.

Қартаю – биологиялық процесс, белгілі бір жасқа жеткеннен кейін организмнің мүмкіншіліктерінің үдемелі төмендеуі.
Қай жерде де ата-анаға қызмет көрсетуге тиістілігіңді ұмыту әсте жарамайды. Қарт адамдардың үйретуге де, ақыл айтуға да моральдік құқы бар.
Бұл моральдік құқыны құрметтей білу керек.
Кім де кімнің үйінде қартайып отырған әке-шешесі немесе атасы мен әжесі секілді қымбатты «қонағы» болса, ол-үйіне олардан артық құдайдың құрметті өкілі келеді деп ойламасын, егер үйдің иесі оларға дұрыс қарап, қамқорлық жасаса, қартайған ата-анасы оның отбасының құты болып табылады.
Қарт кісіні құт-береке деп танысақ-ол ұрпақ көрегендігі. Ұрпағы құрметтеген ата-ана әр кезде де бақытты.
Ән: «Әке туралы жыр» орындайтын: Майлыбай Айнұр
1-оқушы:
Сән еңкейген нұр жүзінен әл тайып,
Қуат кетіп бара жатыр қартайып.
Отбасында, бала – шаға қасында
Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.
Көңіл жетім болмаған соң сыңары,
Жас баладай жаутаңдаған жанары,
Қайта – қайта қарағың кеп тұрады,
Қағыс естіп қалбақтайды баладай
Мәпелеңдер қарт біткенді аялап..........
  1   2   3   4


написать администратору сайта