компрессор. ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖАБДЫҚТЫҢ СИПАТТАМАСЫ. Дипломды жоба таырыбы бу 3Д 76 брылау ондырысында олданылатын 4ву 59 поршеньді компрессор рылымын жетілдіру
![]()
|
![]() ![]() Подборка по базе: Ғылыми жоба (1).docx, Дипломды_ жоба_а Т_сініктемелік жазба 5В073800 Материалдарды _ыс, Ғылыми жоба Қолөнер.docx, Ғылыми жоба.docx, 4 сынып Болашақтағы ком Шағын жоба 7 сабак.docx, БИЗНЕС ЖОБА.docx, 1. шығармашылық жобаның түсінігі мен мәны.pptx, шығармашылық жобаны қорғау.docx, Дипломдық жобаға әдісттемелік нұсқау.doc 4ТНГ.doc, Арынгазин Астык сактау касипорындарын жобалау каз.pdf
ҚОРҒАУҒА ЖІБЕРІЛДІ Кафедра меңгерушісі техн.ғыл.канд., ассоц. профессор _______К.К. Елемесов «___»_________2019ж ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА Тақырыбы: «БУ 3Д - 76 бұрғылау қондырғысында қолданылатын 4ВУ - 5/9 поршеньді компрессор құрылымын жетілдіру» 5В072400 – «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығы Орындаған: Мұратханова Ақбота Ардаққызы Ғылыми жетекші лектор: Куандыков Тилепбай Алимбаевич Алматы 2019 Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық теxникалық зерттеу университеті О.А.Байқоңыров атындағы тау-кен металлургия институты Технологиялық машиналар және жабдықтары кафедрасы 5В072400 – «Технологиялық машиналар және жабдықтар» БЕКІТЕМІН Кафедра меңгерушісі теxн. ғыл канд., ассоц. профессор _________К.К. Елемесов «___» ________2018 ж. Дипломдық жоба орындауға ТАПСЫРМА Білім алушы Мұратханова Ақбота Ардаққызы Тақырыбы: «БУ 3Д - 76 бұрғылау қондырғысында қолданылатын 4ВУ - 5/9 поршеньді компрессор құрылымын жетілдіру» Университет басшысының "08" қазан 2018 ж. № 1113-б бұйрығымен бекітілген Аяқталған жобаны тапсыру мерзімі «20» мамыр 2019ж. Дипломдық жобаның бастапқы берілістері: Қысымы 8 кгс/см2, қуаты 33 кВт болатын 4ВУ – 5/9 компрессоры. Дипломдық жобада қарастырылатын мәселелер тізімі: а) Техникалық бөлімі: 4ВУ – 5/9 компрессорының арналуы және құрылымы. 4ВУ – 5/9 компрессорлық қондырғысының жұмысы; б)Есептеу бөлімі және арнайы бөлім: беріктікке есептеу, техникалық ұсыныс, 4ВУ – 5/9 компрессорының клапанын жетілдіру, есептеу; в)Еңбек қорғау бөлімі: қауіпсіздік шаралары және еңбек қорғау мәселелерін қарастыру; г)Экономикалық бөлімі: жобаланатын қондырғының экономикалық, пайдалану тиімділіктерін салыстыру. Сызба материалдар тізімі (6 парақ сызбалар көрсетілген) 1.4ВУ – 5/9 компрессорының жалпы көрінісі; 2. 4ВУ – 5/9 компрессорының клапанының сызбасы ; 3. Қақпақ сызбасы; 4. Төлке сызбасы; 5. Жинақ сызбасы; 6. Серіппе сызбасы . Ұсынылатын негізгі әдебиет: 15 атау. АҢДАТПА Дипломдық жобада танымал техникалық, конструктивті және ұйымдастырушылық шешімдер негізінде 4ВУ - 5/9 поршеньді компрессорының клапанының дизайнына жаңғырту жасалды. Есептеу бөлімінде компрессордың шатуны есептелінді. Сонымен қатар жетілдірілген конструкцияның клапанының тораптарына және компрессор клапанының цилиндрлі бұрандалы серіппесіне есептеу жүргізілді. Жобаның экономикалық бөлімінде техникалық ұсынысты іске асырудың экономикалық тиімділігін есептеуді қамтиды. Еңбекті қорғау және Қоршаған ортаны қорғау бөлімдерінде аварияларды, кәсіптік ауруларды және қоршаған ортаның ластануын болдырмауға арналған әзірленген іс - шаралар кешені қарастырылған. АННОТАЦИЯ В дипломном пректе на базе известных технических, конструктивных и организационных решений был решен комплекс задач по модернизации конструкции клапанов поршневого компрессора 4ВУ – 5/9. В расчетной части был рассчитан шатун компрессора, и сделан расчет узлов клапана усовершенствованной конструкции, а также расчет цилиндровой винтовой пружины клапана компрессора. Экономическая часть включает расчет экономического эффекта от внедрениия технического предложения. В разделах «Охрана труда» и «Охрана окружающей среды» разработанный комплекс мероприятий на предотвращение аварий, профессиональных заболеваний и загрязнений окружающей среды. ANNOTATION In the diploma project on the basis of well - known technical, structural and organizational solutions was solved a set of tasks to modernize the design of the piston compressor valves 4B - 5/9. In the design part, the compressor connecting rod was calculated, and the calculation of the valve assemblies of the improved design was made, as well as the calculation of the cylinder screw spring of the compressor valve. The economic part includes the calculation of the economic effect of the introduction of technical proposals. In the sections "Occupational safety" and "Environmental protection" developed a set of measures to prevent accidents, occupational diseases and environmental pollution. МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ Компрессор – ауаны, газдарды, буды тиісті қысымға дейін сығатын құрылғы. Бұл, гидравликалық машина, сорғы қозғалтқышынан алған механикалық энергияны сығылған газдың потенциалдық энергиясына және жылуға түрлендіреді. Жұмыс істеу принципі бойынша компрессорлар екі үлкен топқа бөлінеді: Көлемдік; Динамикалық. Көлемдік компрессорлардың жұмыс істеу қағидасы жұмыс камерасының көлемін үлкейтуге негізделген. Қазіргі таңда көлемдік компрессорлардың он шақты түрі бар. Олардың ішіндегі кең таралғандары : поршендік, роторлы, роторлы - пластинкалы, және т.б. Ең көп тараған түрі – поршеньді. Жұмыс мүшелерінің қозғалуына байланысты поршеньді компрессорлар екі түрге бөлінеді: қозғалыс механизмді, еркін. Қозғалыс механизмді компрессорды айрықша және моноблокты етіп екі топқа бөлуге болады. Поршеньді компрессорлар цилиндрлерінің орналасуына қарай тік, көлденең және V тәрізді болып келеді. Өндірісте өнімділігі 500 м3/мин дейін, ал туындататын қысымы 5 МПа - ға дейін компрессорлар қолданылады. Қосарлы іс - әрекетте компрессорларда газ поршеньнің екі жағынан да сығылады. Қысымды 6 - 8 есе арттыру үшін көп сатылы поршеньді компрессорлар қолданылады. Оларда газ бірнеше цилиндрде сығылады. Компрессорлардың цилиндрлері мен сатылар аралығында газ біршама салқындап үлгереді, сондықтан компрессорларды жетектеуге энергия шығыны азаяды да, майлау майының тұтанып кетпеу қауіпсіздігі камтамасыз етіледі. Газдар химиялық белсенді болса, диафрагмалы компрессорлар колданылады, оларда поршень міндетін майлауды қажет етпейтін иілгіш диафрагма (мембрана) атқарады. Қысым 0,8 Мпа - ға дейін болса, құрылымы қарапайым, өлшемі шағын тілімшелі ротациялық компрессорлар, көп көлемде газ алу үшін орта тепкіш компрессорлар (немесе турбокомпроцессорлар) қолданылады. Осьтік компрессорлар жоғары өнімді әрі тиімді. Сонымен қатар мұндай компрессорлар көп сатылы болып келеді, өйткені бір сатыдағы қысымның артуы 1,2 - 1,3 - тен аспайды. Осьтік компрессорлар ортадан тепкіш құрамалы компрессорлардың бірінші сатылысы ретінде де саналады. Техникалық бөлім Технологиялық жабдықтың сипаттамасы 4ВУ - 5/9 ауа компрессоры және оның модификациялары әр түрлі өнеркәсіптік объектілерді 8 кгс/см2 - ге дейінгі шамадан тыс қысыммен сығылған ауамен жабдықтау және берілген шектерде олардың қысым жүйелерінде автоматты қолдау үшін арналған. Компрессор индексінде әріптер мен сандар: 4 - компрессордың жолдарының саны; В - сығылған ауа газы; У – компрессор типі (бұрыштық); V - тәрізді; 5 - сору шарттары бойынша көлемді өнімділік, м3/мин; 9 - соңғы абсолюттік қысым, кгс / см2. Кесте - Электроқозғалтқыш
Кесте - Компрессордың негізгі техникалық сипаттамалары
1.2 кестенің жалғасы
|