Главная страница

_сенбекова А. Е биология о_у __ралы (1). Биология


Скачать 393.07 Kb.
НазваниеБиология
Дата11.11.2021
Размер393.07 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла_сенбекова А. Е биология о_у __ралы (1).docx
ТипДокументы
#268919
страница1 из 15

С этим файлом связано 21 файл(ов). Среди них: Вычисление факториала.docx, Қауіпсіздік ережесі.docx, 25-bzhb_zharatylystanu_6-syn_az.docx, 25-bzhb_zharatylystanu_6-syn_az.docx, 123.docx, 1612248564.docx, _sabaq-kz_attachment_9-synyp-himiya-pnnen-test-sratary.docx, 3-т ТЖБ Қазақ тілі.docx, Отбасылық клуб.DOCX, 1-4 сынып тәрбие жоспары.docx, президент куни.docx, 1 Постановление Акмолинской области(1).docx, ақпарат.docx, Жас_маманның.docx, Қазақтың аса көрнекті ағартушы.docx, ПОРТРЕТ.docx, Python1.docx, Әз наурыз жыл басы.docx, отчет онед.А.Я Шиликтыdocx.docx, Doc1.docx, 7.12 псих.pdf и ещё 11 файл(а).
Показать все связанные файлы
Подборка по базе: вопросы к экзамену биология.pdf, Реферат Биология.docx, КТП биология 2019 ИСП.doc, Олқылықтарды жою биология.docx, Биология Проверить темы дип.раб. и рецензентов Биология.docx, молекулярная биология рк.docx, Конспект по медицинска биология за Лекарски асистенти, 2021.pdf, Рахими Биология ПЗ5.docx, Рахими Биология ПЗ4.docx, Рахими Биология ПЗ1.docx
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


Үсенбекова А.Е
БИОЛОГИЯ
Оқу құралы
3 Бөлім
Жаңа форматтағы тест сұрақ-жауаптар

УДК 373.167.1

ББК 28.0я72

У 74
Пікір жазғандар:

Н.К.Аралбаев – биология ғылымдарының докторы, профессор

*

*
Қазақстан Республикасы Білім Беру Ісінің Үздігі

Усенбекова А. Е.

У74 Биология: Оқу құралы: 3 Бөлім. Жаңа форматтағы тест сұрақ – жауаптар/ А.Е.Усенбекова. Алматы,

Бұл оқу құралы 8 сынып оқушылары мен жоғарғы оқу орындарына түсуші – ҰБТ және ТКТ тапсырушыларға, сонымен қатар 9-сы сынып оқушыларының ОЖСБ тапсыруларына көп көмек береді. Биология пәні бойынша өтілген тақырыптарды пысықтап, алған білімін нығайтатын көмекші құрал. Сонымен қатар, биология пәні мұғалімінің жұмысын жеңілдетуге және оқушының білім деңгейін бақылау мақсатында да аса маңызды орны бар оқу құралы.

Тест сұрақтарының реті оқулықтың құрылысын сақтай отырып жазылды және әр тест сұрағының жауабы қоса берілді.

Барлық тест нұсқалары – 34, соның ішінде 680 бір жауапты және 340 бірнеше жауапты тест сұрақтары бар.

Оқу құралын көшіріп басуға тиым салынған және барлық құқығы қорғалған. Көшірілген жағдайда заңмен қудаланады.
УДК 373.167.1

ББК 28.0я72

© Усенбекова А.Е,

Алғы сөз

Биология пәнінен Жаңа форматтағы тест сұрақтарының 3 бөлімі негізінде жазылған оқу құралы Р.Әлімқұлова, Р.Сәтімбеков, А.Соловьеваның Алматы қ. «Атамұра» баспасынан 2016 ж. жарық көрген жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған биология оқулығы негізінде құрастырылды.

Оқулықта берілген тараулар мен тақырыптардың барлығы жаңа форматты тест сұрағымен толық қамтылды.

Аталған оқу құралымен даярлану оқулықтың толық мазмұнын меңгеруге мүмкіндік береді. Сонымен қоса, сұрақтар тарау, тақырыптар және тақырып мазмұнының реті бойынша құрастырылды.

Бұл оқу құралы биология, медицина, экология, агрохимия, т.б. мамандықтары бойынша жоғарғы оқу орындарына түсуші – ҰБТ және ТКТ тапсырушыларға, сонымен қатар 9-сы сынып оқушыларының ОЖСБ тапсыруларына көп көмек берері сөзсіз. Ал биология пәні мұғалімінің жұмысын жеңілдетуге, оқушының білім деңгейін бақылау мақсатында да аса маңызды орны бар екенін де қоса айтуға болады.

Сұрақтар реті оқулықтың құрылысын сақтай отырып жазылды және әр тест сұрағының жауабы қоса берілді.

Барлық тест нұсқалары – 34, соның ішінде 680 бір жауапты тест, 340 бірнеше жауапты тест сұрақтар бар.

КІРІСПЕ
1-Нұсқа

Бір дұрыс жауабы бар тапсырмалар:

1.Организмнің құрылысын, жеке мүшелерін зерттейді:

А.генетика

В.этология

С.микробиология

D.анатомия

Е.микология

2.Мүшелер мен мүшелер жүйесі қызметін зерттейді:

А.бактериология

В.вирусология

С.физиология

D.анатомия

Е.эмбриология

3.Денсаулықты сақтау мен қалыпты еңбек туралы ғылым:

А.гигиена

В.генетика

С.физиология

D.анатомия

Е.этология

4. Медицинаның атасы:

А.Гален(130-120 жж)

В.Гиппократ (б.з.д 460-370жж)

С.Эмпедокл

D.Сократ

Е.Птоломей

5.Ми сауыты мен жалпақ сүйектің жік арқылы байланысатынын сипаттады:

А.Аристотель

В.Гиппократ

С.Теофраст

D.Сократ

Е.Везалий

6.Гиппократың зерттеу саласының бірі:

А.қантамырлар, омыртқалар, қабырғалар, бұлшықеттер

В.тері, есті мүшелері

С.терінің қосалқы бөлімдері

D.гормондар

Е.бүйрек

7.К. Гален дәрістерінде тұңғыш қолданды:

А.адамның омыртқаларын

В.көздің құрылысын

С.тип терминін

D.эмбрионды

Е.маймыл мәйітін

8.К.Гален толық сипаттады:

А.адамның ірі қантамырлары, омыртқаларын

В.мидан тарайтын 12 жұп жүйкенің 7 жұбын

С.физиологияны

D.анатомияны

Е.адамның мәйітін

9.Артерияда ауа емес қан болатынын 1-ші дәлелдеді:

А.Х.Д осмухамедов

В.С.Т.О маров

С.К.Гален

D.У.Гарвей

Е.Ч.Дарвин

10.К.Галеннің жазған еңбегі:

А. «Зоология философиясы»

В. «Ботаника» оқулығы

С. «Зоология» оқулығы

D. «Түрдің түзілуі» еңбегі

Е. «Адам дене бөліктері туралы»

11. Еңбегі медицинада 13 ғ бойы оқытылған:

А.Х.Д осмухамедов

В.С.Т.Омаров

С.К.Гален

D.У.Гарвей

Е.Ч.Дарвин

12.Әбу Наср әл-Фараби (870-950 жж)жазған еңбек саны:

А. 12

В.160-қа жуық

С.55 –тен аса

D. 120

Е. 16

13. «Қайырымды қала» еңбегінде адам жүрегі туралы жазды;

А.Әбу Наср әл-Фараби(870-950 жж)

В.Ибн Сина

С.И.П.Павлов

D. К.Гален

Е. Н.И.Вавилов

14. Шығыстың энциклопедист ғалымы :

А.Әбу Наср әл-Фараби

В.160-қа жуық еңбек жазған

С.Әбу Әли ибн Сина(980-1037 жж)

D. К.Гален

Е.Фирдоуси

15.17 жасында Бұхара әмірінің жеке дәрігері болды:

А.Әбу Наср әл-Фараби

В.Фирдоуси

С.Әбу Әли ибн Сина

D. К.Гален

Е. Низаами

16.Әбу Әли ибн Синаның еңбегі:

А. «Зоология философиясы»

В. «Анатомия мен физиологияға кіріспе»

С. «Табиғи сұрыпталу»

D. «Зоологияға кіріспе»

Е. «Адам дене бөліктері туралы»

17. «Дәрігерлік ғылымның ережелері» еңбегінің авторы:

А.Әбу Наср әл-Фараби

В. Әль - Жаухари

С.Әбу Әли ибн Сина

D. К.Гален

Е. Фирдоуси

18.Ғылыми анатомияның негізін салушы:

А.Әбу Наср әл-Фараби

В.И.П.Павлов

С.Әбу Әли ибн Сина

D. К.Гален

Е. Андреас Везалий (1514-1564жж)

19.«Адам денесінің құрылысы туралы» еңбегінің авторы (1543) :

А.Әбу Наср әл-Фараби

В.Әль-Жаухари

С.Әбу Әли ибн Сина

D. К.Гален

Е. Андреас Везалий

20.Физиологияның негізін салушы:

А.Әбу Наср әл-Фараби

В.Уильям Гарвей (1578-1657жж)

С.Әбу Әли ибн Сина

D. К.Гален

Е. Андреас Везалий (1514-1564жж)

Бір не бірнеше дұрыс жауабы бар тапсырмалар:

21.У.Гарвейдің еңбегі:

А.көздің жүйкесін зерттеген

В.қанның қан тамыр арқылы қозғалысын зерттеді

С.жүрек құрылысын жазды

D.терінің қызметін анықтады

Е.бүйректер құрылысын ашты

Ғ.қанайналу заңдарын ашты

G.қанайналымның ашық жүйе екенін дәлелдеді

Н.қан айналымының 2 тұйық шеңбер құрайтынын дәлелдеді

22.И.М.Сеченов еңбегі (1829 – 1905жж):

А.фотосинтезді ашты

В.қанның тыныстық қызметін зерттеді

С.лейкоциттер қызметін анықтады

D.пиноцитозды зерттеді

Е.орталық жүйке жүйесінде тежелу процесін ашты

Ғ.резус факторды ашты

G.бүйрек ауруларын зерттеді

Н.жұлын құрылысын зерттеді

23.И.И.Мечников (1845-1916 жж):

А. «Зоология философиясы» еңбегінің авторы

В.қанның тыныстық қызметін зерттеді

С.фагоцитоз құбылысын ашты

D.бактериялар тіршілігін зерттеді

Е.орталық жүйке жүйесінде тежелу процесін ашты

Ғ. геронтологияның атасы деп есептеледі

G. «түр» ұғымын енгізді

Н. «Ми рефлекстері» еңбегін жазды

24.И.П.Павлов еңбегі (1849-1936 жж):

А.қанайналым және асқорыту саласын зерттеді

В.қанның тыныстық қызметін зерттеді

С.фагоцитоз құбылысын ашты

D.адам мен жануарлардың жоғары жүйке жүйесі қызметін зерттеді

Е.орталық жүйке жүйесінде тежелу процесін ашты

Ғ. геронтологияның атасы деп есептеледі

G.қанайналымның реттелуін зерттеді

Н. «Ми рефлекстері» еңбегін жазды

25.Х.Досмухамедовтің еңбегі (1883-1939 жж):

А.Иммунитет теориясын жасады

В. «Оқушының саулығын сақтау» еңбегін жазды

С.фагоцитоз құбылысын ашты

D. «Қырғыз өлкесі арасында обамен қалай күресуге болады» еңбегін жазды

Е.орталық жүйке жүйесінде тежелу процесін ашты

Ғ. геронтологияның атасы деп есептеледі

G.тип терминін енгізді

Н. «Ми рефлекстері» еңбегін жазды

26.Х.Досмухамедов (1883-1939 жж) еңбегінің бірі:

А.Иммунитет теориясын жасады

В.қанның тыныстық қызметін зерттеді

С.фагоцитоз құбылысын ашты

D. «Табиғаттану»

Е.орталық жүйке жүйесінде тежелу процесін ашты

Ғ. геронтологияның атасы деп есептеледі

G. «Адамның тән тірлігі» еңбегі

Н. «Ми рефлекстері» еңбегі

27.Әр мүшенің гигиенасы туралы өсиет айтқан:

А.Әбу Наср әл-Фараби

В.Әль-Жаухари

С.Әбу Әли ибн Сина

D. К.Гален

Е. Андреас Везалий

Ғ.Птоломей

G.Х.Досмухамедов

Н.Ч.Дарвин

28.Қазақстанда тұңғыш зоология оқулығын жазды:

А.Әбу Наср әл-Фараби

В.Әль-Жаухари

С.Әбу Әли ибн Сина

D. К.Гален

Е. Андреас Везалий (1514-1564жж)???

Ғ.Птоломей

G.Х.Досмухамедов

Н.И.И.Мечников

29. Иммунитет теориясын жасаған ғалым:

А.Әбу Наср әл-Фараби

В.Әль-Жаухари

С.Әбу Әли ибн Сина

D. К.Гален

Е. Андреас Везалий

Ғ.Птоломей

G.Х.Досмухамедов

Н.И.И.Мечников

30.И.М.Сеченовтың авторлық еңбегінің бірі:

А. «Көздің құрылысы»

В. «Қанның тыныстық қызметі»

С. «Фагоцитоз»

D. «Ботаника»

Е. «Табиғаттану»

Ғ. «Геронтология»

G. «Табиғи сұрыпталу»

Н. «Ми рефлекстері»
І ТАРАУ

АДАМ – ТІРІ АҒЗАЛАРДЫҢ ЖОҒАРЫ САТЫСЫ
Адамның жануарлар дүниесі жүйесіндегі орны:

Жануарлар патшалығы→хордалылар типі →омыртқалылар тип тармағы→сүтқоректілер класы →ұрықжолдастылар класс тармағы →приматтар отряды → адамтектес маймылдар отряд тармағы → гоминидтер тұқымдасы→ адамдар туысы → саналы адам түрі →қазіргі заман адамы түр тармағы
2-Нұсқа
Бір дұрыс жауабы бар тапсырмалар:

1.Адамдар мына түрге жатады:

А.епті адам

В.саналы адам

С.сөйлейтін адам

D. ежелгі адам

Е.сабырлы адам

2.Омыртқа жота иілімдері пайда болған:

А.саналы болғандықтан

В.сөйлеуге байланысты

С.құрал жасай алатындықтан

D.адамның тік жүруіне байланысты

Е.көкет пайда болғандықтан

3.Омыртқа жота иілімі:

А. 2 иілім С тәрізді

В.6 орам І тәрізді

С.8 орам

D.4 иілім S тәрізді

Е.44 иілім

4.Төменгі жақ сүйек таға тәрізді, иегі шығыңқылық тән:

А.маймылға

В.саналы адамға

С.макака резусқа

D.епті адамға

Е.кәрі адамға

5.Адам табанының ерекшелігі:

А.4 иілімі бар

В.тегіс, бірқалыпты

С.күмбезі бар, башпайы үлкен

D.оиығы бар

Е. дөңес пішінді
6.Жамбас қуысының пішіні:

А.тостаған тәрізді

В.ойық

С.астаушаға ұқсас

D.4 иілімді

Е.дөңес

7.Адамның бет бұлшықеті:

А.3 қабатты

В.трапеция тәрізді

С.3 басты

D.миокардтан тұрады

Е.мимикалық бұлшықеті дамыған

8.Көмекейінде дыбыс шығаратын бұлшықеттері бар:

А.шимпанзенің

В.саналы адамның

С.жылқының

D.маймылдың

Е.тек нәрестенің

9.Адамның екінші сигналдық жүйесі:

А.көру

В.иіскек

С.сөйлеу

D.ас қорыту

Е.тер бөлу

10.Адам терісінде көп:

А.эритроциттер

В.плазма

С.сілемейлі түк

D.тер бездері мен рецепторлар

Е.мимикалық бұлшық

11.Адам саусағының жұмсағында дамыған:

А.гормон бөлуші бездер

В.талшықтар

С.бүртікті өрнек

D.тер бездері

Е.май бездері

12.Гуманизм:

А.адамгершілік

В.ұйқысыздық

С.ұйқышылдық

D.зиянды әдетке әуес болу

Е.ішімдіке әуес болу

13.Ересек адамның орташа салмағы:

А.50 кг

В.70 кг

С.100 кг

D.60 кг

Е.95 кг

14.Ересек адамның орташа бойы:

А.150 см

В.2 м

С.145 см

D.181 см

Е.170 см

15.Ересек адамның орташа өмір сүру ұзақтығы:

А.60 жыл

В.45жыл

С.70 жыл

D.90 жыл

Е.81 жыл

16.Қазақстанда 1997 ж қабылданған заң:

А.Кәрілікке жету

В.Халықтың денсаулығын сақтау

С.Халық санын азайту

D.Нашақорлықтың алдын алу

Е.Ішімдіктер құрамын зерттеу

17.Адам хордалылар типіне жатады:

А.адамгершілігі мол

В.саналы

С.тер безі дамыған

D.ұрығының арқа жағында хордасы (желісі) бар

Е.мимикалық бұлшықеті дамыған

18.Адам ұрығы жұтқыншағының екі бүйірінде орналасқан:

А.екі көз

В.екі бүйрек

С.бүртікті өрнек

D.тер бездері

Е.желбезек саңылаулары

19.Бас бармақтың орналасуы (қолында):

А.әр адамда әр түрлі

В.ережесіз

С.басқа саусақтарына қарама-қарсы

D.басқа саусағына паралелль

Е.басқа саусақтан алшақ

20.Кеуде қуысы мен құрсақ қуысын бөледі:

А.ішек

В.бүйен

С.қабырға

D.тер бездері

Е.көкет (диафрагма)

Бір не бірнеше дұрыс жауабы бар тапсырмалар:

21.Адам омыртқалылар тип тармағына кіреді:

А.адамгершіліктің мол болуы

В.орталық жүйке жүйесі - ми мен жұлын

С.саусағымен ұстай алады

D.тер бездері мен рецепторлары көп

Е.мимикалық бұлшықеті дамыған

Ғ.омыртқа жотасы дамыған

G.жүрегі көкірек бөлімінде орналасқан

Н.өкпесі дамыған

22.Адамның сүтқоректілер класына жатады, себебі:

А.адамгершіліктің мол болуы

В.ми мен жұлын дамыған

С.азығы – сүт тағамдары

D.денесінде түк, сүт бездері бар

Е.мимикалық бұлшықеті дамыған

Ғ.омыртқа жотасы дамымаған

G.терісінде тер бездері бар

Н.мойын омыртқасы 7, ортаңғы құлағында 3 есту сүйекшесі бар

23.Адамның мына белгілері сүтқоректілер класына тән:

А.көру мүшесі - көз

В.орталық жүйке жүйесі бар

С.есту сүйекшелері жоқ

D.ұрпағын сүтімен асырауы

Е.мимикалық бұлшықеті дамыған

Ғ.омыртқа жотасы жоқ

G.сүт тістері мен тұрақты тістері жеке топтарға бөлінген

Н.денесінде қалдық мүшелер сақталған

24.Адам ұрықжолдастылар клас тармағына жатады, себебі:

А.адамгершіліктің мол болуынан

В.жұлыны 3 бөлімді

С.ұрығы жатырда дамиды

D.ұрпағын сүтімен асырайды

Е.жатыр мен ұрық арасында ұрықжолдас (плацента) түзілелі

Ғ.омыртқа жотасы иілімді

G.сүт тістері бар

Н.денесінде қалдық мүшелер жоқ

24.Адам приматтар отрядына жатады, себебі:

А.кірпіктері бар

В.бас бармағы басқа саусақтарына қарама-қарсы орналасқан

С.ұрығы жатырда дамиды

D.ұрпағын тамақпен асырайды

Е.ұрықжолдасы жоқ

Ғ.саусақтарындағы тырнақтары жалпақ

G.негізінен бір ғана ұрпақ береді

Н.денесінде қалдық мүшелер сақталған

25.Адам «адамтектес маймылдар» отряд тармағына жатады, себебі:

А.32-36 тісі бар

В.бас бармағы басқа саусақтарына қарама-қарсы орналасқан

С.ұрығы 3 айда жетіледі

D.алдыңғы және артқы аяқтарының ұзындығы шамалас

Е.жатыры дамыған

Ғ.саусақтарындағы тырнақтары үшкір

G.құйрығы және шонданай мүйізтегі жойылған

Н.көкет бар

26.Адамның «адамтектес маймылдар» отряд тармағына жатқызатын тағы да белгілері:

А.соқырішегі бар

В.бас бармағы басқа саусақтарына қатар орналасқан

С.ұрығы 6 айда жетіледі

D.қаны 4 топқа бөлінеді

Е.ұрық арасында ұрықжолдасы қалыптасқан

Ғ.саусақтарындағы тырнақтары жоқ

G.аталық және аналық дараларының құрылысы ұқсас емес

Н.тістері кеміргіш

27.Адамдар жүйелік топ бойынша .... тұқымдасына жатады:

А.4 аяқтылар

В.жұп танау тесіктілер

С.гоминидтер

D.қаны 4 топқа бөлінеді

Е.ет қоректілер

Ғ.саусақтылар

G.понгидтер

Н.лемурлар

28.Адам туысы пайда болған:

А.бұдан 2 млн жыл бұрын

В.мезозойда

С.архейде

D.қаны 4 топқа бөлінген кезде

Е.1888 ж бері

Ғ.юрада

G.протерозой ортасында

Н.бұдан 4 млн жыл бұрын
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15


написать администратору сайта