Главная страница
Навигация по странице:

  • 6В07365 (5В072900) - «Құрылыс» мамандығы бойынша 4 курс студенттеріне арналған өндірістік практика БАҒДАРЛАМАСЫ

  • 1 ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

  • 2 ӨНДІРІСТІК ІС-ТӘЖІРИБЕНІҢ МАКСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

  • 3 ПРАКТИКАНЫ ӨТКІЗУ ЖӨНІНДЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

  • 4 ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКАНЫҢ ҚҰРАМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ

  • 5 ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕП ДАЙЫНДАУ

  • Ұсынылатын әдебиеттер Негізгі әдебиеттер

  • Нормативтік анықтамалық әдебиет

  • Қосымша әдебиеттер

  • программа практики. Программа практики СТР-16-1. азастан Республикасы Білім жне ылым министрлігі орыт Ата атындаы ызылорда мемлекеттік университеті


    Скачать 88.5 Kb.
    Названиеазастан Республикасы Білім жне ылым министрлігі орыт Ата атындаы ызылорда мемлекеттік университеті
    Анкорпрограмма практики
    Дата07.06.2021
    Размер88.5 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаПрограмма практики СТР-16-1.doc
    ТипДокументы
    #214998

    С этим файлом связано 1 файл(ов). Среди них: Выбор материала.docx.
    Показать все связанные файлы
    Подборка по базе: 12 Семинар Білім мазмұны Құлжігіт Аяжан Қамбарқызы М082.docx, Жалпы білім беру үдерісінде ЕБҚ бар балаларды сүйемелдеудің псих, Қазақстан Республикасындағы қазіргі кездегі мәдени үдерістер.doc, _аза_стан Республикасы Денсаулы_ са_тау министірлігі Семей.docx, Қазақстан Республикасындағы сот билігінің құқықтық жағдайы.docx, 03.05.2021 Облыстар мен Шымкент қаласы Білім басқармаларына.docx, Қазақстан Республикасындағы сот билігінің түсінігі және қағидала, Қазақстан Республикасының салық құқығы.pptx, «Қазақстан Республикасының инклюзивті білім беруді дамыту ерекше, Дербес білім.docx

    Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

    Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті


    «Келісілді»

    ____________________________

    мекемесі бойынша

    өндірістік практиканың жетекшісі

    ________ __________________

    Қолы (аты-жөні, тегі)

    «___» ___________________ 2020ж.


    «Бекітемін»
    Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқу ісі жөніндегі проректор-

    бірінші проректор міндетін атқарушы

    _________________А.Т.Үргенішбеков
    «___» __________________ 2020ж.




    6В07365 (5В072900) - «Құрылыс»

    мамандығы бойынша

    4 курс студенттеріне арналған өндірістік практика

    БАҒДАРЛАМАСЫ

    Қызылорда 2020 ж.
    Практика бағдарламасы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 30 қазандағы №595 «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы (09.01.2019 ж өзгерістерімен), кәсіптік практиканы ұйымдастыру, өткізу және практика базасы ретінде ұйымды айқындау ережесі (Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесінің шешімімен бекітілді және қолданысқа енгізілді. 2019ж «28» тамыз өзгерістер мен толықтырулармен № 1 хаттама (№3 хаттама) негізінде жасалған.

    Құрастырған: оқытушы Сейітқасым А.Н.
    Бағдарлама «Сәулет және құрылыс өндірісі» кафедрасының мәжілісінде мақұлданды.
    Хаттама № «__» «_________ » 20__ ж.
    Кафедра меңгерушісі _______________ Н.А.Сактаганова

    1 ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР

    Өндірістік практика бойынша бағдарлама 6В07365 (5В072900) - «Құрылыс» білім беру бағдарламасы бойынша күндізгі бөлім студенттеріне арналған.

    6В07365 (5В072900) - «Құрылыс» білім беру бағдарламасының оқу жоспарына сәйкес өндірістік практика жүргізіледі.

    Орындалатын жұмыстардың сипаттамаларына сәйкес өндірістік практика келесі кезеңдерден тұрады:

    • Қызылорда облысындағы алдыңғы қатарлы өндіріс кәсіпорындардың жұмысымен танысу және оны меңгеру;

    • Сапасына және өнімдерге қойылатын нормативтік құжаттар мен технологиялық регламент туралы мәлімет жинау және оны талдау.

    • Өндірістік практика бойынша есеп беру және оны қорғау.


    2 ӨНДІРІСТІК ІС-ТӘЖІРИБЕНІҢ МАКСАТТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
    6В07365 (5В072900) - «Құрылыс» білім беру бағдарламасы студенттерінің өндірістік практикасы оқу процесінің негізгі бөлігі болып саналады.

    Өндірістік іс-тәжірибиенің мақсаты – құрылыстың өндіріс технологиясымен және кәсіпорындардағы қауіпсіздік техникасы мен қоршаған ортаны қорғау қызметтерінің жұмысын ұйымдастыруымен танысу болып табылады. Практика өту орындары аймақтың, қаланың кәсіпорындары мен ұйымдары болып табылуы мүмкін.

    Тәжірибенің мақсаттары:

    - құрылыс мекемелерінің құрылымымен, оның бөлімшелерімен және жаңа қолданыстағы ақпараттық және оргтехникалық өңдеу процестерімен танысу.

    - өндірістік үдерістің өзгешелігінің байқалуы; аймақтағы жобалау және эксплуатацияның ең жаңа техникалық танымдармен танысу, түрлі конструкциялар элементтерін беріктікке қатаңдыққа және орнықтылыққа есептеу, мемлекеттік стандарттар мен құрылыс нормалары және ережелерімен жұмыс жасау, сызба жұмыстарын жасау.

    - кәсіпорын жұмысының техникалық экономикалық-көрсеткіштерін талдау;

    - нормативтік өндірістік қызметін, жасалынатын құрылыс жобаларында қолданатын мемлекеттік стандарттар мен құрылыс нормалары және ережелері құжаттарымен жұмыс жасау керек;

    - өндірістік бөлімшелерінің құрылымы мен жұмыс істеу принциптерін сипаттайтын мәліметтер жинау керек;

    - өндірістегі еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы шараларымен танысу және оларды есепте келтіру;

    - практика нәтижелерін есеп түрінде рәсімдеу және оны кафедра оқытушыларына қорғауы керек.
    3 ПРАКТИКАНЫ ӨТКІЗУ ЖӨНІНДЕГІ ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР
    Практикаға жалпы басшылықты факультеттің деканы жасайды. Оқу-әдістемелік басшылықты арнайы кафедра жүргізеді. Практика басталарға дейін кафедра алдын-ала практика өткізетін объектімен танысуға арналған жетекшілердің графигін құрастырып, оны бекітеді.

    Әрбір студентке практика өту кезіндегі университеттен (кафедрадан) және өндірістен жетекшілер тағайындалады.
    Университеттен тағайындалған жетекші:

    • студенттерді практика өтетін жерге бөлуге қатысады;

    • барлық ұйымдастыру шараларына (нұсқаулар, оқу-әдістемелік кеңес және т.б.) және бадарламаға сәйкес пратиканың дұрыс өтуіне жауапты;

    • мекеме ұйымымен келісілген практика өткізудің жұмыс жоспарын құрастырады;

    • кафедра берген тапсырмаға сәйкес ғылыми-ізденіс жұмыстарын басқарып, өндірістен тағацындалған жетекшімен бірге түрлі тақырыпқа сабақтар ұйымдастырады;

    • кафедра бекіткен графикке сәйкес практика өтіп жатқан орынға барып, студенттерге жиі кеңес береді;

    • студенттердің өндірістегі ішкі тәртібі ережесінің орындалуын, жұмыс істеуге ыңғайлы тұрмыстың жағдайын қадағалайды;

    • студенттердің практиға қажетті құжаттарын дер кезінде толтырып жүруін бақылайды;

    • студенттердің практика бойынша қабылдап, пікір жазады және практиканың орындалуы мен оны әрі қарай жетілдіру жайында кафедра алдында өзі есеп береді.

    Өндірістен тағайындалған жетекші:

    • университет тағайындалған жетекшімен практиканың өту графигін келісіп бекітеді;

    • практика кезінде студенттерді еңбекті қорғау және өртке қарсы шаралар ережелерімен таныстыруға жауапты;

    • студенттердің күнделікті жұмысына басшылық жасап, оларға ыңғайлы тұрмыстық және өндірістік жағдай жасауға міндетті;

    • оларды еңбек пен өндірісті ұйымдастырумен, озық өндіріс процестерінің технологиясымен, машина және механизмдермен таныстыруға жауапты;

    • құрылыс ұйымдарының салынып жатқан немесе қайта қалпына келтіріп жатқан объектілеріне өндірістік саяхат ұйымдастырады;

    • студенттерге қажет болған жағдайда ғылыми-ізденіс жұмыстарын жүргізуіне көмектеседі;

    • күнделіктегі жазбалардың дұрыстығын бақылап, практика бойынша есеп беру қабылданарда оған өз пікірін жазбаша түрде білдіреді;

    • әрбір студенттің бағдарлама мен жеке тапсырмаға сәйкес атқарған жұмыстарына қарай өндірістік мінездеме береді;

    • практикадан одан әрі жетілдіруге байланысты университетке өз ұсынысын білдіреді.


    4 ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКАНЫҢ ҚҰРАМЫ

    ЖӘНЕ ОНЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ
    Өндірістік практика Қызылорда қаласының «СМП-Қызылорда» ЖШС мекемеcінде өтеді.

    Өндірістік практика 35 жұмыс күн ішінде өтеді. Өндірістік практика бойынша орындалатын жұмыстар және оларға қажетті уақыт көлемі №1 кестеде көрсетілген.
    Технологиялық іс-тәжірибесі уақытының бөлінуі №1 кесте

    Кезең №

    Орындалатын орын

    Жұмыс түрлері

    Жұмыс күндерінің саны

    1.

    «Сәулет және құрылыс өндірісі»

    Кіріспе. Шолу сабағы. Алдын-ала қауіпсіздік техникасының шаралары. Практикаға дайындық.

    1

    2.

    «СМП-Қызылорда»» ЖШС



    Кәсіпорынға келу. Құжаттарды толтыру. Техника қауіпсіздік бойынша инструктаж өту. Кәсіпорынмен жалпы танысу.

    2

    3.

    Жұмыстық орында еңбекті ұйымдастыру, сапаны бақылау құралдары мен әдістерін және технологиялық процесстерді меңгеру.

    Инженерлік техникалық құрамының қызметтік міндеттерін білу.

    Операцияларды орындауға қажетті нормативті материалдарды оқу.

    Техникалық қауіпсіздік пен еңбекті қорғау бойынша нұсқама материалдармен танысу.

    5

    4.

    Мастердің жұмысын білу немесе жұмыс орнында қосымша жұмыс жасау.

    Технологиялық регламентпен және өнім сапасына қойылатын талаптармен танысу.

    15

    5.

    Кәсіпорынның еңбекті ғылыми ұйымдастырумен танысу. Жеке тапсырмалар мен оқу зерттеу жұмыстарын жүргізу.

    10

    6.

    «Сәулет және құрылыс өндірісі»

    Eсеп толтыру, ұсыныстар мен қорытынды жазу.

    2







    Барлығы:

    35


    Ескертулер:

    Студенттердің әрқайсысы іс-тәжірибені өту үшін алдын ала кәсіпорындағы орнатылған техникалық қауіпсіздік бойынша минимум тапсырып және жеке инструктаждан өткеннен кейін ғана жіберіледі.

    Сонымен қатар студент нақты жұмыс орынында жұмыс істеуі үшін тағы да сол цехта немесе бөлімшеде техникалық қауіпсіздік бойынша қосымша инструктаждан өтеді. Студент сонымен бірге кәсіпорындағы орнатылған ережелерді орындауы шарт.

    Практика өту кезінде студенттер 2-3 адамнан тұратын топқа бөлінеді. Бригада жетекшілері практика жұмысын ұйымдастырып, қауіпсіздік техникасы шараларының сақталуын қадағалайды.

    Әрбір студент өндірістік практикасының өту барысында жүргізген жұмыстары туралы күнделікті жазбалар жүргізуі тиіс. Осы жазбалар негізінде әрбір студент есеп жасайды. Студенттердің жеке күнделігі есеп беру жұмысына тіркеледі.
    5 ҚОРЫТЫНДЫ ЕСЕП ДАЙЫНДАУ
    Өндірістік практика аяқталған соң №1 кестеде көрсетілген мерзімде студенттер қорытынды есеп беру жұмысын дайындайды.

    Есеп кіріспе бөлімінен, кәсіпорын туралы мәлімет, жасалынып жатқан өндірістегі жұмыс процестері түралы мәліметтер жинауы керек. Сондай-ақ, жасалынып өндірілетін жұмыстардың номенклатурасын, эскизін, өндірістік ғимараттың жоспары мен онда орналасқан технологиялық қондырғылардың сызбасын келтіруі тиіс. Есеп беру жазбасына сонымен бірге фотосуреттер, демонстрациялық материалдар тіркеледі.

    Есеп беру жазбасының соңында өндірістік практика туралы қорытынды жасалуы тиіс.


    Ұсынылатын әдебиеттер
    Негізгі әдебиеттер:

    1. Металлические конструкции. Элементы конструкций. Том 1. Учебник для студентов ВУЗов, обучающихся по специальности ПГС. Под ред. Горева В.В., 2-е издание: - М.: Высшая школа, 2001.- 551 с.

    2. Маилян Л.Р., Маилян Д.Р., Ю.А. Веселов. Строительные конструкции. Учебное пособие. – Ростов-на-Дону: Феникс, 2004. – 880 с.

    3. Справочник современного проектировщика. Под ред. Маиляна Л.Р. Серия «Строительство и дизайн». – Ростов-на-Дону: Феникс, 2005. – 544 с.

    4. Байков В.Н. , Сигалов Э.Е. Железобетонные конструкции. Общий курс.- М.: Стройиздат, 1991.- 767 с.


    Нормативтік анықтамалық әдебиет:

    1. СНиП 2.01.07-85. Нагрузки и воздействия.- М.: 1986.- 34 с.

    2. СНиП РК- 5.04-23.- 2002 г. Нормы проектирования. Стальные конструкции.- Астана, 2003- 118 с.

    3. СНиП 2.03.01 – 84* . Нормы проектирования. Бетонные и железобетонные конструкции.- М.: 1985.- 97 с.


    Қосымша әдебиеттер:
    1. Бакиров К.К., Нурманамбетов Е.К. Расчет и конструирование металического каркаса одноэтажного производственного здания.- Алматы: КазГАСА, 1998.- 129 с.

    2. Лессич Е.Н., Лилеев А.Ф., Соколов А.Г. Листовые металлические конструкции.- М.: Стройиздат, 1970.- 487 с.

    3. Металлические конструкции. Справочник проектировщика. Под ред. Мельникова Н.П. , 2-ое изд. – М.: Стройиздат, 1980.- 776 с.

    4. Металлические конструкции. Справочник проектировщика. СД – М.: ЦНИИпроектстальконструкция, 1999.

    5. Барашиков А.Я. и др. Железобетонные конструкции.- Киев, 1984.

    6. Мандриков А.П. Примеры расчета железобетонных конструкций.- М.:Стройиздат, 1989-512 с

    Мазмұны

    1. Жалпы мәліметтер 3

    2. Өндірістік іс-тәжірибенің максаттары мен міндеттері 3

    3. Практиканың өткізу жөніндегі әдістемелік нұсқаулар 3

    4. Өндірістік практиканың құрамы және оның ұйымдастырылуы 4

    5. Қорытынды есеп дайындау 5

    6.Ұсынылатын әдебиеттер 6




    написать администратору сайта