Главная страница
Навигация по странице:

  • ҚР хирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру. Шымкент 2021 ж № 1- дәріс

  • Сабақтың мақсаттары. Оқытуы

  • Дамыту

  • Сабақ тарауының атауы

  • Сабақтың барысы: Ұйымдастыру сәті

  • Журнал толтыру: Сабақтың мақсаттарымен таныстыру. Дәріс №1 Дәрістің кысқаша мазмұны: Жоспары

  • Хирургиялық жұмысты ұйымдастыру

  • Операция жасалатын бөлік (блок)

  • Операция залына керекті заттар.

  • Операция жасайтын бөлік алдындағы бөлме.

  • Залалсыздандыруға арналған бөлме

  • Аспаптар сақтайтын бөлме

  • Операция жасайтын бөлімде медициналық қызметкерлердің жұмысты ұйымдастыруы.

  • Хирургиялық операция туралы түсінік.

  • Осы аталған жүмыстарды жақсы игерген мейірбикелер, операция кезінде тиісті хирургиялық жүмыстарды ұйымдастырып, оны орындауы оңайға соғатынын ұмытпау керек. Таңғыш бөлмесі.

  • Көмекші қосалқы бөлмелер

  • Хирургиялық бөлім

  • Хирургиялық операция

  • Тақырыпты бекітуге арналған сұрақтар

  • Тарататын материал

  • Үй тапсырмасы

  • Хирургия. Хирургия лекция №1. азастан медициналы колледж Медицинский колледж азастан


    Скачать 36.39 Kb.
    Названиеазастан медициналы колледж Медицинский колледж азастан
    АнкорХирургия
    Дата14.09.2021
    Размер36.39 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаХирургия лекция №1.docx
    ТипДокументы
    #232225

    Подборка по базе: Безопасность учебного процесса в колледже.docx, ГПОУ ТО «ТУЛЬСКИЙ ЭКОНОМИЧЕСКИЙ КОЛЛЕДЖ».pptx, Задания Кредит 2 колледж.docx, КАЗНПУ ПОСЛЕ КОЛЛЕДЖ ВАКЦИНА.docx, ЛЕКАРСТВОВЕДЕНИЕ. Учебник для фармацевтических училищ и колледже, ОТЧЕТ прохождения практики специальность Маркетолог 2 курс колле, 3 Практические рекомендации по формированию и развитию мотивации, Емдеу ісі тест колледж.docx, Юридического полицейского колледжа.doc, Минский колледж предпринимательства, МКП проходные баллы.pdf

    «Қазақстан» медициналық колледж






    Медицинский колледж «Қазақстан»






    «Хирургиядан мейірбике ісі » пәні бойынша

    теориялық сабақтың

    әдістемелік жасалымы

    Дәріс №1

    Тақырыбы : ҚР хирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру.


    Шымкент 2021 ж

    1- дәріс


    Пәннің аталуы. Хирургия

    Алматы медицина колледжі

    Кредиттер- 1

    ЦӘК «Хирургиядағы мейірбике ісі»

    Дәрістің тақырыбы:ҚР хирургиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру.

    Курс-3 ,семестр-5

    Оқытушы – М.Асылбек





    Сабақтың мақсаттары.

    Оқытуы: - студенттерді анализ жасауды, қорытынды жасауды, шешімді шығаруды үйрету

    Тәрбиелік: - жауапкершілік сезімді тәрбиелеу

    Дамыту: - ойлау қабылетін жетілдіру

    Көрнекі құралдар: плакаттар, муляждар

    Хронокарта


    Сабақ тарауының атауы

    Теориялық сабақ

    2 сағат – 90 минут

    Ұйымдастыру сәті

    10 мин


    Тірек білімдерін бақылау

    Әдістері: сұрақ – жауап, әңгімелесу, талдау.

    10 мин

    Жаңа материалды баяндау

    Әдістері: әңгіме, баяндау, көрнекі, муляж, өткенмен байланыс.

    45 мин

    Жаңа материалды бекіту

    15 мин

    Сабақты қорытындылау

    5 мин

    Үйге тапсырма


    5 мин

    Сабақтың барысы:

    Ұйымдастыру сәті:

    Амандасу, оқушыларды түгендеу, дәріске дайындықтарын көру: дәптер, оқулықтар мен медициналық халат және қалпак сырт келбеті.

    Журнал толтыру:

    Сабақтың мақсаттарымен таныстыру.

    Дәріс №1

    Дәрістің кысқаша мазмұны:

    Жоспары:

    1.Хирургиялық бөлім

    2. Операция жасалатын бөлік

    3. Емханадағы хирургиялық бөлме мен жарақат бекеті.
    Хирургиялық жұмысты ұйымдастыру

    Әртүрлі бағыттағы емханада бірнеше хирургиялық бөлім болады:

    • таза

    • іріңді

    • жарақатты (травматологиялық).

    Республикалық, облыстық ірі ауыруханаларда, жоғарыдан басқа:

    • урологиялық,

    • жүрек және қан тамырлық,

    • пульмонологиялық,

    • онкологиялық,

    • эндокриндік т.б. бөлімдері болады.

    Хирургиялық бөлім (таза, іріңді) ауырулар жататын, таңу, егу және қосалқы бөлмелерден түрады. Оның құрамында ауыр жағдайдағы не іріңді ауыруларға арналған бөлек бөлме (изолятор), және де операциядан кейін үдемелі қадағалау мен емдеу үшін науқас жататын бөлме болуы керек. Бөлмеде 2 төсек, бірі жәй, ал екіншісі функциональды болуы тиіс. Әр бөлмеде туалет пен қол жуғыш болуы тиіс. Мейірбикелік бекет пен науқастарды байланыстыратын әрбір бөлмеде сигнализация, не екі жақты байланыстырғыш байланыс жүйе болу тиіс.

    Операция жасалатын бөлік (блок)

    Құрамында мынандай бөліктер болады :

    • операция жасайтын,

    • операция алдындағы,

    • наркоздық (анестезиологиялық),

    • залалсыздандыру,

    • автоклавты

    • қосымша.

    Операциялық блокта 3 аймақ бар:

    1. жалпы ережені сақтайтын аймақ, онда қорға жататын асппаптар, аппараттар, кіиім-кешектер, қызметшілердің бөлмесі жатады.

    2. қатаң ережені сақтайтын аймақ - операцияға қатнасушылардың бөлмесі, оларға арналған душ, аппараттық және операция мен анестезиология қызметкерлеріне арналған әртүрлі заттарды сақтайтын бөлме. Бұл аймаққа кіруге тек операция блогының қызметкерлері, арнайы халат, қалпақ және тәпішке киген, операция жасайтын хирургтар мен анестезиологтар,

    3. залалсыз аймақ – операция залы, операция алдында қол жуатын, заласыздандыратын және наркозды бөлмелер.

    Залалсыздандыратын бөлігінде - операция барысында керекті құрал жабдықты, аспаптарды дайындау жүргізіледі. Бүл бөлмелерге бет перде тағып, аяғына бахил киіп кіру керек. Операция жасайтын аймақты көлеңке түсірмейтін, әртүрлі бұрыштан жарық беретін шамдармен (лампа) жабдықталады. Бұдан басқа аккумуляторлы қосалқы көшпелі жарық беретін шам болуы тиіс. Операция залындағы температура 18-20 градус, ылғалдығы 56-60% болуы тиіс. Кондиционер, не сорғыш желдеткіш болуы қажет, табиғи жолмен де ауа алмастыруға болады, залды желдету жұмысы біткен соң жүргізіледі. Залды бактериоцидті шаммен (БУФ-15, БУФ -30П) өңдейді. Залдағы шаңды қайтып айналмалы ауа тазалатқыш (ВОПР-0,9 не ВОПР -1,5) арқылы, 15 минут ішінде шаңды, ондағы микробтарды 7-10 есе төмендетуге болады. Залда патогенді микробтар болмауы тиіс. Операция жасайтын бөлмеде тек керекті заттар ғана болуы тиіс, басқа жағдайларда оны тазалау қиынға соғады, ауа тазалығына әсер етеді.

    Операция залына керекті заттар.

      1. операциялық орындық,

      2. тұрақты көлеңкесіз лампа,

      3. көшпелі лампа,

      4. наркоз аппараттары,

      5. диатермия аппараты (электрокаутер),

      6. электр сорғыш,

      7. тұрақты қозғалмайтын операцияға керекті аспаптар мен жабдықтарды қоятын орындық,

      8. керекті жабдықтарға арналған көшпелі орындық,

      9. анезтезиологтың қозғалмалы дәрілік заттар қоятын орындығы,

      10. бұрандалы отырғыштар,

      11. бикстерді қоятын орындықтар,

      12. қолданған аспаптарды, ылас аттарды тастайтын легендер

    Залға оттегі мен газдар, одан тыс бір жерге орналасқан орталықтан беріледі. Әрбір ай сайын бактериологиялық тексеру жүргізіледі. Ал хирургтардың, сонда істейтін қызметкерлердің қолдарының залалсыздығын аптасына бір рет таңдау арқылы жүргізіледі.

    Операция жасайтын бөлік алдындағы бөлме.

    Бұл бөлмеде негізінде операцияға қатнасатын адамдардың қолын тазалайтын орын. Онда жылы және суық суы бар қол жуғыш, ол судың температурасын ретеуге арналған түтқасы бар, оны шынтақпен түртіп реттейді., оның қасында арнайы орындықта орналастырған қол жууға арналған легендер бар. Қол жуғыштың жанында шағын орнатылған отырғышта залалсыздандырған салфеткасы бар бикс және ішінде шөткесі бар ыдыс (кострюль) орналасады. Қосымша киім ілгіш пен сағат болуы тиіс.

    Залалсыздандыруға арналған бөлме.

    Бұл бөлме операциялық залдың жанында орналасады, екеуінің ортасына тесік терезе бар, сол арқылы тазаланған аспаптар мен аппараттарды беріп туруға мүмкіндік бар. Бөлмелерге бір шетінен кіріп, екінші жағынан шығады. Онда кіші және үлкен стерилизаторлар бар, аспаптарды залалсыздандыратын.

    Автоклавты бөлме. Операция жасайтын бөліктің жаннында болғаны дүрыс. Мұнда киім-кешек, таңғыш заттарды залалсыздандырады. Бұл бөлмеде – бірнеше автоклав, суды диссиляция жасайтын аппарат, кептіргіш пеш т.б. болады. Көшілік ауыруханаларда орталық залалсыздандыру бөлімі (ОЗБ) бар, Онда барлық материалдарды, аспаптарды, аппараттарды, тігіс салуға керекті заттарды, шприцтерді т.б. сол ауырухананың бөлімдерінде дайындайды. ОЗБ да бірнеше аймақ бар. Біріншісіне - әрбір бөлімнен келіп түскен қорабтар, қапшықтар, оның іщінде залалсыздандыруға арналған заттар бар. Бұл жерде оларды көріп, сараптап, бикстерді белгілеп болған соң оларды, екінші аймаққа жібереді де сол жерде залалсыздандырады. Одан соң дайын материалдар үшінші аймаққа жіберіп, оларды тиісті бөлімдерге таратады.

    Аспаптар сақтайтын бөлме. Аспапиар арнайы медициналық шкафтарда бөлшектенген түрінде сақталады. Керекті аспаптарды алып, оларды залалсыздандыруға жіберіледі.

    Материалды бөлме. Бұл бөлмеде операцияға керекті киім-кешек, таңғыш заттар, залалсызданбаған және салалсызданған тігіс материалдары сақталады. Арнайы орнатылған орындықта керекті заттарды бикске салып, залалсыздандыруға дайындайды. Ыластанған, кірлеген заттарды сақтауға арналған арнайы бөлме болады.

    Операция жасайтын бөлімде медициналық қызметкерлердің жұмысты ұйымдастыруы.

    Бұл бөлімде әрбір жұмысты тиімді ұйымдастыру. ол олардың ең негізі жемісті істің басы болып есептеледі. Ұлы мейірбике осы жүмыстарды басқарып, операцияға қажетті аппараттар мен жабдықтарды, таңғыш және тігіс салатын заттарды дайындауды мұқият қадағалап, жұмысқа басшылық етеді.

    Оның басқарумен:

    • бөлмелерді ылғалды тазалауды жүргізу,

    • залалсыздандыруға аспаптарды стерилизаторға салып, дайындау,

    • залалсыздандырған бикстерді тасып, алып келу,

    Операцияға қатнасатын мейірбике қолын операция алдында 30 минут бұрын, жуынып, залалсыздандырған халатты киіп, аспаптар мен жабдықтарды жайатын орындықты жабады. Бикстен керекті заттарды (жапқыштар. салфетка, мақтадан оралған шарлар) алады. Залалсыздандырған тігіс салатын заттарды: жібек, капрон, кетгутті алдын ала дайындап қояды. Тігіс салатын заттарды дайындағанда, болашақ операцияның бағытына қарай әртүрлі ұзындықта жібтерді дайындайды:

    • беткей салынатын түйінді тігіске – жіптің ұзындығы 20 см,

    • бүрмелі тігіске (кисет) – 30 см,

    • тар, терең қуысты жерге - 35 см,

    • біртұтас үзілмейтін тігіске - 45 см болуы тиіс.


    Операция кезіндегі мейірбикенің міндеттері:

    • Дауыстап сөйлесуге тыйым салу,

    • Қолданылған аспаптармен материалдың есеп-шотын жүргізу,

    • Аспаптарды сүртіп тазалап, дайындау егер олар қайтадан қолданылатын болса.

    • Дер кезінде, қанмен былғанған операциялық жапқыштарды алмастыру,

    • Жыртылған қолғапты алмастыру,

    • Қолғаптарды антисептикалық дәрілермен тазарту,

    • Тампондардың қуыстан толық алынғанын қадағалау

    • Операция біткен соң, қолданылған жабдықтар мен аспаптардың санын ұқыпты есептеу,

    • Қолданылған жабқыш, салфетка т.б. заттарды есептеу,

    • Операция жасайтын бөлмені тазартуды қадағалау,

    • Келесі операцияға керекті аспаптар иен жабдықтарды бикске салып, залалсыздандыруға дайындау,

    • тігіс салатын материалдардың жеткіліктілігін қадағалау.

    Хирургиялық операция туралы түсінік.

    Хирургиялық операция дегеніміз ол механикалық жолмен науқастың тіндерімен мүшелеріне емдік және диагноз қою үшін жүргізілетін шаралар.

    Операция түрлері;

    1. Жоспарлы, ол науқас емханаға түскеннен кейін бірнеше күннен соң жасалады,

    2. Шұғыл – ол науқас емханаға түскеннен кейін сол мезетте, аздаған дайындықтан кейін жасалады.

    Операцияның жасалу мінездемесіне қарай:

    • Радикалды – патологиялық ошақты түгел, толық алып тастауы,

    • Паллиативті - патологиялық ошақ түгел алынбай, уақытша науқасқа әсер етіп отырған белгілерін жою мақсатында жүргізіледі.

    Операцияны орындау түріне қарай:

        • Қанды,

        • Қансыз.

    Науқастың операциялық жататын орындықта орналасуы:

    1. Науқасты көлденең, шалқасынан жатқызу. Бұл жағдай көпшілік операция жасау кезінде ыңғайлы, әсіресе асқорыту жолдарына, кеуде қуысына және аяқ-қолға орындалғанда. Тығыз резинкалы матрац пен жабылған операциялық орындыққа сейсеп жауып, науқасты жатқызып, басына клеенкалы жастық қояды. Науқастың аяғын тізесінің үстінен, бір қолын белдікпен жатқан орындыққа байлайды. Екінші қолын бос қояды, науқастың жағдайын қадағалау және көк қантамыр арқылы дәрі-дәрмекті енгізу үшін. Науқастың бас жағына доға қояды, залалсыздандырған сейсепті жайып, оны бірге жабады. Бұл науқастың тыныс алу жолдарын, операциялық жарадан ажыратып, қорғау мақсатында салынады. Науқастың беліне дөңгелек қалтқы қояды.

    2. Науқасты қырынан жатқызу. Бұл жағдай өкпеге, бүйрекке операция жасағанда орындалады. Бұл жағдайда қалтқыны белдің ортасына орналастырады, үстіңгі аяқты тізе, жамбас-сан буында иіп, екіншісін оның астында тік жазып қойып белдікпен бекітеді.

    3. Науқасты ішімен жатқызу. Бұл жағдай омыртқаға, бөксеге, шүйдеге операция жасағанда орындалады. Науқастың басын бір жағына қаратып қояды.

    4. Басты төмен түсіріп жатқызу (Тренделенбург жағдайында жатқызу).Бұл кіші жамбас қуысына операция жасағанда орындалады. Операциялық орындықтың бас жағын 45°-қа шейін қисайтып, аяқ бөлігін - төмен қарай иіп, соған аяқтарды байлап, бекітеді.

    5. Аралық не гинекологиялық жатқызу. Бұл көбінде аралыққа, тік ішекке, қынапқа операция жасау кезінде орындалады. Бөксе орындық қырында орналастырып, екі аяқты керіп, арнайы сүйемелдегіш имекке тізе буынынан асып қояды.

    Мейір бике өзінің жылжымалы орындығымен науқастың аяқ жағында хирургиялық аспап-саймандарды беріп тұруға ыңғайлы қашықтықта орналасады. Әртүрлі операция кезінде қолданылатын терминдерді мейір бике жатқа білуі тиіс.

    Олар:

    • «Инсизия » - іріңдікті ашу кезінде жұмсақ ұлпаларды тілу,

    • «Трепанация» - бас не ірі сұйекті тесу,

    • «Томия» - белгілі бір қуысты мүшелерді кесіп ашу,

    • Лапоротомия – іш қуысын ашу,

    • Торокотомия – кеуде қуысын ашу,

    • Краниотомия – бас сұйекті ашу.

    • Геринотомия – жарықты кесу.

    • Трахеотомия – кеңірдекті тесіп ашу,

    • Невротомия –жүйке бағанасын кесу.

    • «Эктомия» -белгілі бір мүшені алып тастау.

    • Аппендоэктомия – соқыр ішектің құрт тәрізді өсіндісін алып тастау,

    • Нефроэктомия – бүйректі алып тастау.

    • «Экстерпация» не ампутация – аяқ қроды, не мүшелерді немесе оның бөлігін кесіп алу,

    • Экзоартикуляция – аяқ-қолды буынынан кесіп алу

    • Резекция – мүшенің белгілі бір жартысын алу

    • Стомия – ол жасанды жыланкөзді жасау,

    • Гастростомия – асқазан жылан көзі.

    • Цистостомия – қуық жыланкөзі,

    • Анастомоз – екі қуыс иүшелердің арасын тесіп, бір-біріне жалғау,

    • Гастроэнтероанастомоз - асқазан мен ішекті жалғастыру,

    Операцияның түрлері көп және әртүрлі, бірақта оларға тән 3 кезеңі бар:

    1. мұшеге кіру жолы,

    2. хирургиялық іс -әрекет.

    3. жараны тігу мен оны дренаждау.


    Осы аталған жүмыстарды жақсы игерген мейірбикелер, операция кезінде тиісті хирургиялық жүмыстарды ұйымдастырып, оны орындауы оңайға соғатынын ұмытпау керек.
    Таңғыш бөлмесі. Операциялық бөліктен басқа әрбір хирургиялық бөлімде таңғыш бөлме бар, онда науқастың жарасын таңу, хирургиялық іс-әрекет және майда операцияларды жасауға арналған. Ондай екі бөлме – бірі таза, екіншісі іріңді ауырудларды таңатын. Егерде іріңді бөлме жоқ болса, онда кезекпен алғаш - таза, одан соң іріңдігі бар науқастарды көріп, таңады. Бұл ережені сақтамаса жұқпаның таралуына себеп болады.

    Таңғыш бөлмеде:

    • ыстық және суық суы бар қолжуғыш,

    • таңғыш орындық,

    • көлеңке түсірмейтін жарық беретін шам,

    • аспаптар мен таңғыш материалды қоятын орындық,

    • стерилизаторлар,

    • ыстық ауамен құрғатқыш шкаф,

    • керекті материалдарды, аспаптарды сақтайтын шкаф,

    • отрығыштар,

    • легендер - қолды жууға арналған және ыласталған заттарды салатын,

    • қол жууға арналған зарарсыздандырған шөткелер,

    • зарарсыздандырғыш ерітінділер,

    • кварц шамы,

    • бикстер тұратын орындық,

    • қолданған заттарды жинайтын ыдыс,

    • еден сүртетін темір не ағаш таяқшалар (Т тәрізді) мен жұмсақ мата.

    Осы бөлмеде қызмет істейті мейірбикелер – залалсыздандырған бет перде салып, барлық қолданылатын аспаптар мен материалды корнцангты қолдана отырып жұмыс істейді.

    Таңғыш бөлмеде істейтін мейірбике міндеттері:

    1. бүкіл жұмыстың бірқалыпты істеуіне жауапты,

    2. керекті материалды бикске салып залалсыздандыруға дайындау,

    3. жұмыс басталар алжында – залалсыз таңғыш орындықты жайу,

    4. таңу кезінде дәрігерге жәрдемдесуі,

    5. жұмыс соңында қайтадан таза таңғыш орындықты саралап, дайындауы.

    6. күнде қолданылатын корнцангті - зарарсыздандырғыш ерітіндісі бар жеке құтыда сақтау,

    7. таңғышты анатомиляқ пинцетпен алып, тігіс жіпті сондай пинцетпен тартып, қайшымен кеседі,

    8. дәкелі жалпақ білтіні хирургиялық пинцетпен тартып шығарады,

    9. науқасқа таңғыш бөлмеден тыс жерде таңғыш салу үшін мейірбике таза лотокқа екі пинцет (анатомиялық және хирургиялық), бірнеше дәкелік шар, 2-3 салфетка, дәкелі жалпақ білтіні, және бензин не спиртке малынған дәкелік шарларды салып дайындайды.

    10. мезгілімен бөлмені тазалау,

    11. қолданылған аспаптарды 45-60 минут 3-8%- ті лизол ерітіндісіне малып жібітіп, одан соң механикалық жолмен жылы суға шөткемен тазалап жуу.

    Көмекші қосалқы бөлмелер. Бұларға эндоскопиялық, рентген бөлмелері, асхана, буфет, монша, дәретхана, меңгерушінің және дәрігерлердің бөлмесі жатады.

    Глоссарий:

    1. Хирургиялық бөлім ауырулар жататын, таңу, егу және қосалқы бөлмелерден түрады.

    2. Залалсыздандыратын бөлігінде - операция барысында керекті құрал жабдықты, аспаптарды дайындау жүргізіледі.

    3. Хирургиялық операция дегеніміз ол механикалық жолмен науқастың тіндерімен мүшелеріне емдік және диагноз қою үшін жүргізілетін шаралар.

    4. Травматолог- жарақатты алғашқы өңдеуді орындайды және сынықтарды орнына келтіріп, оған гипстік таңғыш салады. Тиісті науқастарды ауруханаға жібереді.

    Тақырыпты бекітуге арналған сұрақтар:


    1. Ауруханадағы хирургиялық бөлім?

    1. Операциялық бөлік (блок)?

    2. Операциялық бөлімдегі мейірбике жұмысын қалай ұйымдастырады?

    3. Емханадағы хирургиялық бөлім ерекшелігі?

    4. Жарақат бекетінің (травпункт) міндеті?


    Тарататын материал: тесттер, ситуациялық есептер.

    Манипуляция алгоритмдері:

    Сабақтың жабдықталуы: оқу-жұмыс бағдарламасы, дәріс, кестелер, тестер

    Үй тапсырмасы: СӨЖ, Слайд шоу.

    Қолданатын әдибиет:

    1. Е.Әбдірахманов « Хирургия ». Алматы-1998ж

    2. Е.Әбдірахманов Қ. Е Әбдірахманов « Хиругиядағы мейірбике ісінің тәжірибелік нұсқауы».Алматы-2006ж

    3. Дәрістер. Даулетбаев А.Б Игісінов С.И "Хирургиялық аурулар туралы дәріс баяндама". Алматы -2009 ж.


    написать администратору сайта