Главная страница
Навигация по странице:

  • Пациентке қақырықты дұрыс жинауды түсіндіру қажет

  • Қақырықты жинау қадамдары

  • Қақырықты тасымалдау және сақтау

  • Туберкулинді қолдану мақсаты

  • Туберкулинді сынамалардың түрлері

  • Организмнің туберкулинге жауабы

  • Манту сынамасын жасау мақсаты

  • Манту сынамасының жүргізілу жолы

  • Манту сынамасы арқылы тексеруге жататын балалар контингенттері

  • Туберкулин сынамалардың жасаудың кері көрсеткіштері;

  • Сәулелік диагностика әдістері

  • Аааа. туберкулин Иманбее Нұрбақыт. аырыты бактериоскопиясы, Туберкулиндік диагностика


    Скачать 18.72 Kb.
    Названиеаырыты бактериоскопиясы, Туберкулиндік диагностика
    Дата22.07.2021
    Размер18.72 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлатуберкулин Иманбее Нұрбақыт.docx
    ТипДокументы
    #225067

    Подборка по базе: Стрептококковый тонзиллофарингит – диагностика, лечение и профил, Психолого-педагогическая диагностика нарушений речевого развития, Реферат Формы и диагностика толерантности.docx, Функциональная диагностика вторая категория.pdf, Отчет по практике Диагностика экологического состояния Республик, 165. Повреждение спинного мозга. Диагностика. Интенсивная терапи, Практическое занятие 4. Диагностика семейных отношенийнятие 4.rt, лекция 3 Акупунктурная диагностика.docx, лучевая диагностика тест ответы.docx, № 10 Диагностика нарушений кровоснабжения миоматозного узла.docx

    Тақырыбы: «Қақырықтың бактериоскопиясы, Туберкулиндік диагностика»

    Туберкулез ауа тамшыларымен таралатын негізгі жолымен жұғатын жұқпалы аурулардың бірі болып табылады, сондықтан туберкулездің барлық жағдайларында өкпенің 85%-ы зақымданады. Ересектерде өкпе туберкулезі жартылай жағдайларда ашық (жұқпалы) нысанды болып табылады. Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жүйелері мамандарының міндеті жұқпалы аурумен ауыратын науқасты тез арада анықтау және қоршаған ортаға туберкулез жұқпасын таратуды төмендету болып табылады. Сондықтан қақырығы бар жөтелу екі аптадан асырылған және де буберкулез ауруының симптомдары бар (төс қуысының ауруы, салмақтан айырылу, терлеу, қан қақыру, дене қызуының көтерілуі) барлық пациенттерде туберкулез жұқтыруын күмәндәніп, МТБ бар болуына микроскопиялық әдісімен қақырықты зерттеу міндетті болып табылады. Аталған әдіс туберкулезді анықтаудың қарапайым, қол жетерлік және тиімді болып табылады және де халықты туберкулез тарауынан қорғаудың бірінші қадамы болады. Жұқпалы аурудың таралуы тәекелін төмендету мақсатында,зерттеулер тез арада шұғыл түрде (2-3 күн) өткізілуі тиіс.

    Қақырықты жинау:

    Қақырықты жинау үшін сұйықтықты жібермейтін нық материалдан жасалған контейнерлерді қолдану ұсынылады (бізде – жеңіл жаратылатын материалдан жасалған біржолғы контейнерлер). Контейнерлер нық жабылатын қақпағымен кең мойыншығы бар мөлдір болуы тиіс(35 мм диаметрімен). Қақырықты диагностикалық мақсатымен жинау арнайы нұсқаулыққа келісті регламенттелген қағидалар бойынша үш қатар ретте орындалуы керек.

    Пациентке қақырықты дұрыс жинауды түсіндіру қажет:

    1. Қақырықты ашық ауада немесе вентиляциясы жақсы арнайы бөлмеде жинау керек.

    2. Қақырықты ас қабылдауына дейін таңертең жинайды.

    3. Ауызды алдын ала қайнатылған сумен шаю керек.

    4. Жөтелу керек.

    5. Конейнерді абайлап еріннің жанында ұстап, оған түкіру керек.

    6. Конейнерді қақпамен нық жауып және де медициналық бикеге табыстау.

    Егер қақырық аз көлемінде шықса, матералды жинау алдында қақыртатын құралдарды қабылдау қажет. Қақырықты бұрыс жинау жағдайларда диагноз дұрыс қойылмауы мүмкін, ауру асқынып, бұдан әрі шырқалуы мүмкін, науқас жұқпаны таратуды жалғастырады. Қақырықты жинау қадамдары:

    1. Арнайы мамандырылған киімді кию (халат, бас киім, фартук, респиратор маска, медициналық қолғап).

    2. Пациенттен ТБ 05 медициналық киімін алу.

    3. Пациентті қақырықты жинау әдісімен таныстыру (әңгімелеп беру және ақпаратты оқуды сұрау).

    4. ТБ 05 пациенті туралы мліметтерді қақырықты жинау журналына енгузі (журналдың сол бөлігі).

    5. Пациенттің есімін белгілеу және контейнерге үлгі нөмірін жазу (тек қақпасына жазуға болмайды).

    6. Пациентті қолын жууды сұрау, аузын жақсылап сумен шаю, ас қалдықтарын және ауыз ішіндегі микрофлораны ластауды жою.

    7. Пациентті кең ашылған терезе алдына қою.

    8. Пациенттің артынан бір метр көлемінде тұру.

    9. Пациентті қақырықтың 3-5 мл жөтеліп және ешараны олрындау барысын қарап тұру. 10. Пациентке жабылатын қақпасы бар нық жабылған контейнерді ұсыну және медициналық бикеге табыстау.

    1. Контейнердің дұрыс жабылуына сенімді болу, оны залалсыздандыратын ерітіндісімен өңдеу және де бикстің ішіне салу.

    2. Қолды жақсылап ағатын су астында жуып, қолданыстағы нұсқаулыққа сәйкес өңдеу қажет.

    3. Пациентке қақырықты келесі күні үйде жинау үшін таза контейнер беру және контейнерді қақырықты жинау кабинетіне әкелуді сұрау.

    4. Пациентті қақырықты жинау кабинетінде қақырық үлгісінің үшінші рет жинау қажеттілігі туралы ескерту жасау.

    5. Қақырықты жинау журналында емшараларды өткізу туралы белгі қою (журналдың оң жағы) және ТБ 05 сәйкестендіру үлгісінің нөмірін белгілеу.

    Қақырықты тасымалдау және сақтау:

    Зертханаға тасымалдау үшін қақырық салынған контейнерлерді маркерленген металлдан жасалған бикске орнатады. Қақырық зертханаға бір тәулік ішінде жеткізіледі, қақырықты медициналық ұйымда жеті күнге дейін сақтау жіберіледі. Бикске ілеспе құжат қоса беріліп, онла пациенттер мен сынамалар туралы мәліметтер беріледі. Әр контейнердің тізімдегі сәйкестендіру нөміріне сәйкес болуы тиіс. Контейнерлерді тасымалдаған жағдайда бикстер суық, тура күн сәулесінен қорғалатын жерлерде сақталады. Қақырықты тасымалдау медициналық қызметкердің бірге алып жүруінде медициналық ұйымның көлігінде жүзеге асырылады. Зертхана зерттеулеріне бағытталған бланкілер матералдары бар контейнерлерде болып табылуы тиіс.

    Туберкулинді сынама- спецификалық диагностикалық тест. Тұрғындарды туберкулезге жаппай тексергенде, сонымен қатар туберкулездің диагнозын жүргізу үшін қолданылады.

    Туберкулинді Р. Кох ашқан, оны кейіннен Кохтың ескі туберкулині(КЕТ), Alt Tuberculin Koch – АТК – немесе Кохтың алтуберкулині (КАТ) деп те атаған.

    АТК құрамында ТМБ өнімдері, микроб компоненттері, микобактерия өскен қоректі ортаның бөліктері кіреді. Қазіргі кезде ескі туберкулин (ЕТ) синтетикалық жасанды ортада дайындалады. 100% ерітінді күйінде, ампулада шығарылады.

    Туберкулинді қолдану мақсаты:

    • тазартылған туберкулиннің, туберкулин сынамасын(2ТБ Манту сынамасы) туберкулезге бейімді қауіп – қатер тобына жататын балаларды тексеруге, клиникалық тәжірибеде 6-7 және 11-12 жастағы балаларғатуберкулезге қарсы ревакцинация өткізу алдында қолданылады.

    • 2 ТБ Манту сынамасы бір рет қана қолданылатын шприцпен, туберкулинге қосылып берілген нұсқауға сәйкес қойылады. Туберкулинді сынамалардың түрлері:

    • Тері астылық Кох сынамасы 1890ж

    • Терілік Пирке сынамасы 1907ж

    • Тері ішілік Манту сынамасы 1909ж

    Клиникалық диагностика мақсатында терілік Пирке және тері астылық Кох сынамасын туберкулезге қарсы күрес жүргізілетін диспансерлерде және ауруханаларда қолданылады.

    Манту сынамасын тұрғындарды туберкулезге қарсы жаппай тексергенде қолданылады .

    Организмнің туберкулинге жауабы

    • Әлсіз (гипоергиялық)

    • Орташа (нормаергиялық)

    • Айқын (гиперергиялық)

    • Реакцияның болмауы анергия. Анергия оң және теріс болады:

    • Оң анергия ТМБ жұқпаған адамдарда байқалады;

    • Теріс анергия науқастарда туберкулездің өршуінде, инфекция жұққан немесе туберкулезбен ауыратын науқастарда қатерлі ісік, лимфосаркома, жедел жұқпалы және т.б аурулармен қосылғанда байқалады.

    Манту сынамасын жасау мақсаты:

      • Теберкулезді ерте, дер кезінде анықтау үшін және ауыру қауіпі жоғары балалар мен жас өспірімдер арасында туберкулезді ерте анықтау үшін;

      • БЦЖ ревакцинация жасауға жататын адамдар тобын іріктеу үшін;

      • Тұрғындар арасында ТМБ анықтау үшін;

    Манту сынамасының жүргізілу жолы:

      • Білектің ішкі жағының 1/3 бөлігінің терісін 70% этил спиртімен сүртіп, мақтамен құрғатады. Иненің кесілген жағын жоғары қаратып терінің бетіне беттестіре ендіріп, 0,1 мл туберкулин ерітіндісін жібереді.сынама дұрыс жасалса тері ақшылдау түсті, диаметрі 7-8 мм папула пайда болады.

      • Манту сынамасына реакцияны 72 сағаттан кейін анықтайды. Мөлдір, түссіз миллиметрлік сызғышпен инфильтраттың көлденең мөлшері өлшеніп, нәтижесі тіркеледі.

    Манту сынамасы арқылы тексеруге жататын балалар контингенттері:

      • Қауіп-қатер тобындағы балалар;

      • Туберкулез ошағындағы балалар, жасөспірімдер және 18 жасқа толмағандар;

      • 2 айдан асқан балалар вакцинация жасау алдында және 6-7: 11-12 жастағы ревакцинация жасар алдында;

    Туберкулин сынамалардың жасаудың кері көрсеткіштері;

      • Тері аурулары;

      • Жедел және созылмалы жұқпалы аурулар, асқыну кезеңі, сауығу кезеңін қоса алғанда(кем дегенде 2 ай)

      • Аллергиялық жағдайлар(жедел, жеделдеу ревматизм фазалары, демікпе,т.б);



    Сәулелік диагностика әдістері: Рентгеноскопия, КТ, МРТ, Бронхтық артериография.


    написать администратору сайта