Главная страница
Навигация по странице:

  • Дамытушылық

  • Сабақтың түрі

  • Сабақтың көрнекілігі

  • Пәнаралық байланыс

  • II Жаңа сабақты түсіндіру

  • Іргелік

  • Қолданатын материалдар түріне қарай

  • Кірпіштің түрлері және өлшемдері

  • Кірпіш қалауларының түрлері

  • интерьер. 26,05,21 интерьер. абыраларды жіктелуі, оларА ойылатын талаптар сабаты масаты Білімділік


    Скачать 0.71 Mb.
    Названиеабыраларды жіктелуі, оларА ойылатын талаптар сабаты масаты Білімділік
    Анкоринтерьер
    Дата13.05.2021
    Размер0.71 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файла26,05,21 интерьер.doc
    ТипДокументы
    #204314

    Подборка по базе: Курс жұмыстарын безендіруге қойылатын талаптар.docx, Сертификаттау жөніндегі орган басшыларына қойылатын талаптар.doc, 5 ЖҰМЫСТЫҚ СИПАТТАМАЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР.docx, 5 ЖҰМЫСТЫҚ СИПАТТАМАЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР.docx

    Джайтлеуова Бақтылы Сиденқызы

    Атырау аграрлы-техникалық

    колледжі арнайы пән оқутышысы.

    ҚАБЫРҒАЛАРДЫҢ ЖІКТЕЛУІ, ОЛАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

    Сабақтың мақсаты:

    Білімділік:Құрылыс саласында қолданылатын қабырғалар түрлері туралы жалпы мәлімет беру.

    Дамытушылық: Студенттердің ойлау қабілетін жаңа инновацияға бағыттау дағдысын дамыту,қабілеттерін арттыру.

    Тәрбиелік: Мамандыққа деген сүйіспеншілікті, қызығушылықты қалыптастыру.

    Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

    Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.

    Сабақтың әдіс-тәсілдері: Баяндау, сұрақ-жауап, жеке жұмыс,тест.

    Сабақтың көрнекілігі: Көрнекелік-иллюстрациялық (презентация), плакат,оқулық,құрал-жабдықтар.

    Техникалық құралдар:ДК, проектор, экран, маркерлер,флипчарт.

    Пәнаралық байланыс:құрылыс материалдар мен бұйымдар,ғимараттар мен үймәреттер конструкциясы,ғимараттарды техникалық жабдықтау.

    I Ұйымдастыру кезеңі

    Кабинеттің сабаққа дайындығын , студенттердің сабаққа қатысын тексеру.

    1) Сұрақ - жауап әдісі.

    1.Ғимараттардың қабырғалары?

    2.Жылу өткізгіштік қасиеті?

    3. Ілмелі және өзіндік жүк көтеретін қабырғалар?

    II Жаңа сабақты түсіндіру

    Дәрістің жоспары:

    1 Қабырғалардың  түрлері

    2 Кірпіш қабырғалар

    3 Бетон блоктардан жасалған қабырғалар 

    4  Ірі панелді қабырғалар

    5 Ағаш  қабырғалар
    Қабырғалар үйлер мен ғимараттарда тік орналасатын және қоршаған ортаның  әсерлерінен (қар, жауын,  аяз, суық, ыстық т.б.) сақтайтын негізгі  көтергіш конструкциялық  бөлшек.

    Ғимараттардың қабырғасы – олар сыртқы қоршаған ортадан оқшаландыру және ішінде қажетті температуралық және ылғалдылық режимдерді қаматамасыз ету қызметтерін атқарады. Сонымен қатар, қабырғалар ғимараттың саулеттік және көркемдік келбетін қалыптастырады

    Әрбір ғимараттардың бейне әсімдіктері  қабырғаларда орналасатын терезелердің пішіндері мен өлшемдері және сәулеттік құрамалары арқылы  суреттеледі.

    Іргелік (цоколь)- қабырғалардың жер деңгейімен үйлесетін, астыңғы жақтары.

    Ойық – терезе немесе есік орналасатын қабырғаларда қалдыратын тесіктер.

    Аралық қабырға – ойық орталарында немесе бұрыштардағы қабырғалардың қаланыс ауданы.

    Ойық маңдайшасы – ойықтарды үстінен жабатын, темірбетоннан, кірпіштен, ағаштан жасалған конструктивтік бөлшек.

    Ернеу  (карниз) - ғимараттарды әсемдеуге арналған қабырға  жазықтығынан  көлденең шығып тұратын әдемілеп жасалған томпақтар.

    Жақтама – төрт бұрышты шатырдан жоғары орналасқан әсемделіп жасалған қабырға  жалғасы.

    Қабырғалар берік, орнықты, ұзақ уақыт пайдаланытын, отқа төзімді, бөлмелердегі қажетті температуралық - ылғалдық рәсімін сақтайтын, дыбыс өткізбегіш қасиеті жоғары, технологиялы, индустриалды, үнемді болуға тиіс. 

    Қабырғалардың жұпталуы:

    Қолданатын материалдар түріне қарай:-тас;-кірпіш;-ағаш;-бетон;-жергілікті жасанды материалдардан құралады.

    Жұмыс істеу сипатына қарай:-салмақ көтеретін;-тек өз салмағын көтеретін;-аспалы болады;

    Орналасуына байланысты:-ішкі;-сыртқы.

    Аспалы қабырғалар қорғағыш міндетін атқарып, қаңқалы ғимараттарда қолданылады.Қабырғалардың қалыңдығы жылутехникасы есептерін шығару арқылы, қоршаған ортаның қасиеттеріне байланысты қабылданады. Кірпіш негізгі қабырға материалы ретіде құрылыста 60% қолданылады. Кірпіш қабырғалар жергілікті саздарды қалыптарға салып отқа күйдіріп  жасалады. Кірпіш өлшемдері 120х65х250мм, 120×88×250 мм, 120×138×250 мм болады. Кірпіштің 120х65мм, 120х88мм беті көлденең беті деп аталады.

    Кірпіштерден қаланған қабырғада көлденең және  биікке бойлайтын  қатарларының жіктері байланысуы үшін, қалау ережелерін сақтаған жөн. Құрылыс тәжірибесінде  тараған қалау ережелері  2 - қатарлы және 6- қатарлы болады. 6- қатарлы қабырға қалауы  өнімділігі жоғары болады.Жеті қабаттан жоғары ғимараттарда қабырғаның  жаппа деңгейінде болат байламдар салып қалайды. Бұл байламдар сыртқы қабырға бұрыштарына және ішкі қабырғамен қиылысқан жеріне салынады. Егер қабырғаның сыртқы беті сыланбайтын болса жіктерін  сылақтарға толтырып,  жікті тіледі.

    Кірпіштің түрлері және өлшемдері

    а- сазды кірпіш; б-қуысты кірпіш; в- қаптағыш кірпіш.

    1-көлденең беті;  2-ұзын беті; 3-төсек беті 

    Кірпіш қалауларының түрлері

    а- бір жарым кірпіш; б-екі кірпіш; в- бір жарым қаптағыш кірпіш

     

    Қабырға ретінде керамзит және жеңіл бетоннан зауытта жасалынған блоктар қолданылады. Ғимараттардың қабат биіктігіне жету үшін екі немесе үш қатар блоктарды қалау керек. Қабат биіктігіне жету  үшін екі қатар болғанда, астыңғы блоктардың биіктігі 2180 мм, үстінгі 580 мм болып, араларындағы бетон жіктерінің қалыңдығын  санағанда 2800 мм-ге тең болады. Тұрғын үйлердің қабатаралық биіктігі 2,8 м құрайды.

    Ірі панелді қабырғалар  алдын ала  жеңіл бетоннан дайындалған конструкциялық  бөлшек. Ғимараттардың қабат биіктігіне жету үшін бір қатар ірі панелдер жеткілікті, сондықтан ірі панель биіктігі қабат биіктігіге тең болады.Бұл құрастырмалы ірі панелді қабырғалар  зауытта толық дайын күйінде ,есік - терезелері орнатылған, ішкі, сыртқы беттері әрленіп шығады. Қаңқасыз ірі панельді қабырғалар жинауы қарапайым және көмекші бөлшектер саны шектеулі болғандықтан тұрғын үй құрылысында қолданылады. Ішкі және сыртқы қабырғалар ғимаратқа түсетін барлық күштерді қабылдайды. Ғимараттардың кеңістіктегі орнықтылығы ішкі, сытқы қабырға панельдері мен қабатаралық және төбе жабындардың  қиылысу байланысымен қамтамасыз етіледі.

    Қабырға панелдері ұзындығы 3 м,   биіктігі 2,8 м  , ал қалыңдығы 120÷300 мм  болғандықтан олар өз бетінше орнықты болмайды.  Панелдердің орнықтылығы өзара және қабат аралық жабындармен үйлесіп бекіту арқылы қамтамасыз етіледі.  Панель темір  сеткамен арматураланады. Сырт жағынан қалыңдығы 20-40 мм ауыр бетон немесе әсемдік тығыз бетоннан, іш жағынан 10-15 мм цемент, ізбес-цемент сылақтарынан  әрлеу қабатынан тұрып, орта жағы тығыздығы 600-700 кг/м3 жеңіл бетоннан жасалынады. Панельдің сыртқы беті кедір-бұдыр, қалыңдығы 20 мм әсемдік бетон, ішкі беті қалыңдығы 10 мм цемент - құм  сылақтары. Ірі панель ғимараттардың пайдалану мерзімі панелдердің өзара   қиылысу  түйіндерінің орындалу сапасына   байланысты. Панельдер арасындағы қиылысу түйіндер герметикалық саңылаусыз, жауын-шашын суы кірмейтіндей, түйінде қырау пайда болмайтындай және берік болуға тиіс.

    Ағаш қабырғалар қабыршықтарынан тазаланып, өнделіп сүрленген бөренеден жасалады. Қабырға құрастырғанда бөренеледі ұзындығынан бірінің үстіне бірін жатқызып, аралары  төсегіш кептірілген кендірлер мен тығыздалып толтырылады.Үйлер бұрышында қабырға бөренелері шеттері балтамен ойысталып кертіктелініп, шегесіз жиналап қиыстырылады.
    Сергіту сәті

    «Қарлы кесек» оқыта үйрету ойыны. Әр топ өз тапсырмаларын - оқу материалының қандай бір бөлігін оқып –үйреніп - алады да, түсіндіруге дайындалады.



    III Сабақты бекіту.

    "Геодезиялық диктант" - студенттерге жаңа тақырып сұрақтары бойынша геодезиялық диктант жазбаша жүргізіледі.

    1. ........– терезе немесе есік орналасатын қабырғаларда қалдыратын тесіктер.

    2. Ғимараттардың .........– олар сыртқы қоршаған ортадан оқшаландыру және ішінде қажетті температуралық және ылғалдылық режимдерді қаматамасыз ету қызметтерін атқарады.

    3. Ірі ........ қабырғалар  алдын ала  жеңіл бетоннан дайындалған конструкциялық  бөлшек.

    4. ....... қабырғалар қабыршықтарынан тазаланып, өнделіп сүрленген бөренеден жасалады


    Тест тапсырмасы. Әр студентке жеке-жеке беріледі.
    IV Үйге тапсырма беру.


    Джайтлеуова Бақтылы Сиденқызы

    Атырау аграрлы-техникалық

    колледжі арнайы пән оқутышысы.


    написать администратору сайта