Главная страница
Навигация по странице:

  • 100-бап. Жыл сайынғы еңбек демалысының ұзақтығы

  • 101-бап. Қосымша ақы төленетін жыл сайынғы еңбек демалыстары

  • 102-бап. Жыл сайынғы еңбек демалысының ұзақтығын есептеу

  • 103-бап. Жыл сайынғы еңбек демалысына құқық беретін жұмыс стажын есептеу

  • 104-бап. Жыл сайынғы еңбек демалысын берудiң тәртiбi

  • 105-бап. Жыл сайынғы еңбек демалысын берiлу кезеңiн айқындау

  • 106-бап. Жыл сайынғы еңбек демалысын берудiң кезектiлiгi

  • 107-бап. Жыл сайынғы еңбек демалыстарын ауыстыру немесе ұзарту жағдайлары мен тәртiбi

  • 108-бап. Жыл сайынғы еңбек демалысынан шақыртып алу

  • 109-бап. Еңбек шарты тоқтатылғанда жыл сайынғы еңбек демалысын беру

  • 110-бап. Жалақы сақталмайтын демалыс

  • Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. 99бап. ызметкерлердi жыл сайыны ебек демалысына


    Скачать 15.33 Kb.
    Название99бап. ызметкерлердi жыл сайыны ебек демалысына
    Дата21.09.2018
    Размер15.33 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаҚазақстан Республикасының Еңбек кодексі.docx
    ТипДокументы
    #51199

    С этим файлом связано 1 файл(ов). Среди них: Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі.docx.
    Показать все связанные файлы

         99-бап. Қызметкерлердiң жыл сайынғы еңбек демалысына 
                    құқықтары

          1. Қызметкерлердiң жыл сайынғы еңбек демалысына құқығы бар. 
          2. Жыл сайынғы еңбек демалысын өтемақымен ауыстыру осы Кодексте көзделген жағдайларда ғана рұқсат етіледі. 
          3. Еңбек шарты тоқтатылған (бұзылған) жағдайда жыл сайынғы, еңбек демалысына құқықты iске асыру осы Кодекстің 102-бабында көзделген.

           100-бап. Жыл сайынғы еңбек демалысының ұзақтығы

          1. Қызметкерлерге он сегiз күнтiзбелік күннен кем емес жыл сайынғы еңбек демалысы беріледi. 
          2. Қызметкерлердiң жекелеген санаттары үшiн осы Кодекске, Қазақстан Республикасының нормативтiк-құқықтық актiлерiне, ұжымдық шарттар мен келiсiмдерге сәйкес жыл сайынғы еңбек демалысы ұзартылып белгiленуi мүмкiн.

           101-бап. Қосымша ақы төленетін жыл сайынғы еңбек 
                     демалыстары

          1. Қызметкерлер қосымша ақы төленетiн жыл сайынғы еңбек демалысын алу құқығына осы Кодексте көзделген жағдайларда ие болады. 
          2. Қосымша ақы төленетiн жыл сайынғы еңбек демалыстары: 
          1) ауыр (ерекше ауыр) жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зияны) және (немесе) қауiптi (ерекше қауіптi) жұмыстарда iстейтiн қызметкерлерге - ұзақтығы күнтізбелік алты күннен кем емес; 
          Ақы төленетiн жыл сайынғы қосымша еңбек демалысына құқық беретiн өндiрiстердiң, цехтардың, кәсiптер мен лауазымдардың, тiзiмiн, сондай-ақ ауыр (ерекше ауыр), еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi (ерекше қауіптi) жұмыстар тiзбесi, демалыстың осы түрінің ұзақтығын, қосымша жыл сайынғы еңбек демалысына құқық беретiн жұмыс стажын есептеуді, сондай-ақ оны берудiң шарттарын еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi; 
          2) бiрiншi және екiншi топтағы мүгедектерге - күнтiзбелiк он бес күннен кем емес; 
          3) қызметкерлердiң өзге санаттарына берiледi, жыл сайынғы қосымша еңбек демалысын берудiң өзге негiздерiн және оның ең төменгi ұзақтығын Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерiмен белгiленуi мүмкін. 
          3. Еңбек, ұжымдық шарттармен қызметкерлерге мадақтау сипатындағы - үздiксiз ұзақ жұмысы, маңызды, күрделi, шұғыл жұмыстарды орындағаны үшiн, сондай-ақ өзге сипаттағы жұмыстары үшiн қосымша жыл сайынғы еңбек демалыстары белгіленуi мүмкiн. 
          4. Экологиялық апаттар мен ядролық сынақтар нәтижесiнде зардап шеккен азаматтарға жыл сайынғы қосымша еңбек демалыстарына төлемақы Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жүргiзiледi.

           102-бап. Жыл сайынғы еңбек демалысының ұзақтығын есептеу

          1. Жыл сайынғы еңбек демалысының ұзақтығы күнтiзбелiк күндермен, қолданылатын жұмыс режимi мен кестесiне қарамастан, еңбек демалысына келетiн мереке күндерi ескерілмей есептеледi. 
          2. Жыл сайынғы еңбек демалысының жалпы ұзақтығын есептеу кезiнде жыл сайынғы қосымша еңбек демалыстары негiзгi жыл сайынғы еңбек демалысына қосылады, бұл ретте жыл сайынғы еңбек демалысының жалпы ұзақтығы жоғары шекпен шектелмейдi.

           103-бап. Жыл сайынғы еңбек демалысына құқық беретін 
                     жұмыс стажын есептеу

          Жыл сайынғы негізгi еңбек демалысына және осы Кодекстiң 101-бабының 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетiлген жыл сайынғы қосымша еңбек демалысына құқық беретiн жұмыс стажына мыналар енедi: 
          1) нақты жұмыс iстеген уақыт; 
          2) қызметкер нақты жұмыс iстемеген, бiрақ оның жұмыс орыны (лауазымы) мен жалақысы толық не iшiнара сақталған уақыт, оның iшiнде жыл сайынғы еңбек демалысын пайдаланған уақыты; 
          3) қызметкер уақытша еңбекке жарамсыздығына байланысты нақты жұмыс iстемеген (оның iшiнде жүктiлiгi мен бала тууы), әлеуметтiк жәрдемақы төленетiн уақыт; 
          4) қызметкер жұмысқа қайта алынуы кезiндегi мәжбүрлi жұмыс, iстемеген уақыты; 
          5) eңбек, ұжымдық шарттарда, келiсiмдерде көзделген уақыттың басқа да кезеңдері.

           104-бап. Жыл сайынғы еңбек демалысын берудiң тәртiбi

          1. Қызметкерге бiрiншi жыл үшiн жыл сайынғы еңбек демалысы, еңбек шартына немесе еңбек шарты тараптарының келiсiмi бойынша кез келген уақытта және қызметкердiң жұмыс iстеген уақытының ұзақтығына қарамастан берiледi. 
          2. Кeлесi жылдардағы жыл сайынғы еңбек демалысы жұмыс жылының (күнтізбелiк жылдың) кез келген уақытында берiледi. 
          3. Вахталық әдiспен жұмыс iстейтiн қызметкерлерге жыл сайынғы еңбек демалысын берудің ерекшелiктерi осы Кодекстің 199-бабында белгіленедi. 
          4. Қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы келiсiм бойынша жыл сайынғы еңбек демалысы бөлiктерге бөлiнуi мүмкiн. 
          5. Жыл сайынғы еңбек демалысы осы баптың 6-тармағында белгiленген ерекшеліктермен, осы Кодекстiң 107 және 108-баптарында белгiленген жағдайлар мен тәртiпте ауыстырылады, ұзартылады және үзiледi. 
          6. Қызметкерге жыл сайынғы еңбек демалысын екi жыл қатарынан бермеуге тыйым салынады. 
          7. Жыл сайынғы еңбек демалысына төлемақы ол басталғанға дейiн үш күнтізбелiк күннен кешiктiрiлмей жүргізiледi. 
          8. Қызметкерлердің жекелеген санаттары үшін осы Кодексте жыл сайынғы еңбек демалысын берудiң ерекше тәртiбi көзделуi мүмкiн.

           105-бап. Жыл сайынғы еңбек демалысын берiлу кезеңiн 
                     айқындау

          1. Қызметкердiң жұмыс берушідегi бiрiншi күнiнен бастап, есептелген 12 ай жұмыс жылын құрайды. 
          2. Қызметкерлерге жұмыс жылы не күнтiзбелiк жыл үшiн жыл сайынғы еңбек демалысын беру еңбек, ұжымдық шарттарда не жұмыс берушiнiң қызметкерлер өкiлдерiнiң келiсiмi бойынша қабылданған актiсiнде белгiленедi.

           106-бап. Жыл сайынғы еңбек демалысын берудiң кезектiлiгi

          1. Қызметкерлерге жыл сайынғы еңбек демалысын берудiң кезектiлігі еңбек, ұжымдық шарттарда, демалыс кестесiнде, жұмыс берушiнің актiсiнде көзделген тәртiппен белгiленедi. 
          2. Өндiрiстiк қажеттiлiкке байланысты демалыс кестесi өзгерген жағдайда жұмыс беруші қызметкерге еңбек демалысы басталуына дейін кемiнде екі апта бұрын хабарлауға мiндеттi.

           107-бап. Жыл сайынғы еңбек демалыстарын ауыстыру немесе 
                     ұзарту жағдайлары мен тәртiбi

          1. Жыл сайынғы еңбек демалысы қызметкердiң уақытша еңбекке жарамсыздығы, жүктiлiгі мен бала тууы кезiнде ауыстырыла немесе толық не ішiнара ұзартыла алады. 
          2. Жыл сайынғы еңбек демалысы (оның бөлiгi) қызметкердiң жазбаша келiсiмі немесе оның сұрауы бойынша ұзартыла немесе келесi жұмыс жылына ауыстырыла алады. Ауыстырылған еңбек демалысы тараптар келiсiмi бойынша келесi жылғы еңбек демалысына қосылады немесе қызметкердiң сұрауы бойынша басқа уақытта бөлек беріледi.

           108-бап. Жыл сайынғы еңбек демалысынан шақыртып алу

          1. Жыл сайынғы еңбек демалысы жұмыс берушінің ұсынысы бойынша және қызметкердiң келiсiмiмен (жыл сайынғы еңбек демалысынан шақыртып алу) осы баптың 2-тармағында көзделген шектеулерді ескере отырып үзiлуi мүмкін. 
          2. Ауыр (ерекше ауыр) жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды (ерекше зиянды) және (немесе) қауiптi (ерекше қауiптi) жұмыстарда, iстейтiн қызметкерлер жыл сайынғы еңбек демалысынан олардың келiсiмімен ғана шақыртыла алады. 
          3. Шақыртып алуға байланысты жыл сайынғы еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлiгi еңбек шарты тараптарының келiсiмi бойынша ағымдағы жұмыс (күнтізбелік) жыл iшiнде берiледi немесе келесi жұмыс (күнтiзбелiк) жылы кез келген уақытта берiледi не келеci жұмыс (күнтiзбелiк) жылғы жыл сайынғы еңбек демалысына қосылады. 
          4. Жыл сайынғы еңбек демалысынан шақыртып алғанда қызметкерге жыл сайынғы еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлігін басқа уақытта берудің орнына осы баптың 3-тармағында көзделген қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы келiсiм бойынша жыл сайынғы еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлiгiнiң күндерi үшін өтемақы төленуi мүмкін.

           109-бап. Еңбек шарты тоқтатылғанда жыл сайынғы еңбек 
                     демалысын беру

          Еңбек шарты тоқтатылғанда жыл сайынғы еңбек демалысын (жыл сайынғы еңбек демалыстарын) пайдаланбаған немесе толық пайдаланбаған қызметкерге жыл сайынғы еңбек демалысының (жыл сайынғы еңбек демалыстарының) пайдаланбаған күндерi үшiн ақшалай өтемақы төленедi.

           110-бап. Жалақы сақталмайтын демалыс

          1. Еңбек шарты тараптарының келiсімі бойынша қызметкер өтінiшiнің негiзiнде оған жалақысы сақталмайтын демалыс берiле алады. 
          2. Жалақы сақталмайтын демалыстың ұзақтығы қызметкер мен жұмыс берушi арасындағы келiсiм бойынша белгіленеді.


    написать администратору сайта