Главная страница
Навигация по странице:

  • 10.1. Ұлттық экономика және оның құрылымы

  • Ашық экономика дегеніміз

  • 10.2 Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер және олардың түрлері

  • (ҚЖӨ)

  • Ұлттық Есеп Жүйесі

  • Қоғамдық жиынтық өнім (ҚЖӨ)

  • ТҰӨ ═ ЖҰӨ - А

  • ҰТ ═ ЖҰӨ - материалдық шығындар

  • ЖТ ═ табыстарΣ + трансферттік төлемдер ЖТ ═ ҰТ - әлеуметтік сақтандыру – корпорацияның табыс салығы – кәсіпорынның бөлінбеген пайдасы + трансферт

  • Қолдағы табыс (ҚТ)

  • 10.3 ЖҰӨ және оны есептеу тәсілдері ЖҰӨ - ді есептеудің үш негізгі әдісі бар: Біріншіден

  • ЖҰӨ ═ C + I + G + X Мұндағы: С

  • ЖҰӨ ═ Z + R + K + P + A + N Мұндағы: - Z

  • Үшінші

  • Номиналды ЖҰӨ

  • Нақты ЖҰӨ ═

  • ЖҰӨ дефляторы = номиналды ЖҰӨ (ағымдағы)

  • Экономика. 10таырып. лтты экономика мазмны рылымы жне нтижесін лшеу Дріс жоспары


    Скачать 64.5 Kb.
    Название10таырып. лтты экономика мазмны рылымы жне нтижесін лшеу Дріс жоспары
    АнкорЭкономика
    Дата23.02.2021
    Размер64.5 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файла10 дәріс.doc
    ТипДокументы
    #178608

    Подборка по базе: 4268913 Экономика.doc, Доклад Экономика здравохранения (1).pdf, расчетная часть экономика.docx, задания экономика.docx, Реферат экономика.docx, Практическая работа - Экономика 2.docx, Курсовой Экономика.docx, зачет экономика.docx, КР по финансам и кредиту для специальности Экономика и бух.учет , 03.21.1319. Экономика.docx

    10-тақырып. Ұлттық экономика: мазмұны құрылымы және нәтижесін өлшеу
    Дәріс жоспары:

    1. Ұлттық экономика және оның құрылымы

    2. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер және олардың түрлері

    3. ЖҰӨ және оны есептеу тәсілдері
    Мақсаты: Макроэкономиканың қалыптасу заңдалықтары мен макроэкономикалық қайшылықтардың туу себебін түсіндіре отырып, оның зардаптарын азайтудың жолдарын қарастыратын модельдерді талдау.
    10.1. Ұлттық экономика және оның құрылымы

    Экономикалық теория макроэкономика және микроэкономика деген екі бөлімнен тұрады. Макроэкономика экономика – ұлттық экономиканың жалпы даму бағытын және даму заңдылықтарын зерттейтін жалпы экономикалық ілімнің бөлімі. Ал, микроэкономика жекелеген экономикалық субъектілерді зерттейтін экономикалық ілімнің бөлімі.

    Макроэкономика мен микроэкономика экономикалық теорияның екі жекелеген бөлігі болғанымен, экономикалық құбылыстар мен заңдылықтар туралы қорытындылары бірін-бірі толықтырады.

    Макроэкономикалық теория ХХғ. 30-50 жылдарынан қолданыла бастады. Оның негізін қалаушы Джон Кейнс болып табылады, ол мемлекеттің ұлттық экономикаға белсенді араласуының қажеттілігін дәлелдеген. Макроэкономикалық теорияның пәні бір тұтас жүйе ретінде қарастырылатын экономикалық іс-әрекет болып табылады.

    Экономикалық үрдістер мен құбылыстарды макроэкономикалық зерттеудің бірнеше ерекшеліктері бар:

    1. Ол тұтас экономиканың дамуын немесе дәрежесін сипаттайтын агрегаттық көрсеткіштердің қалыптасуының қағидаларын, яғни ұлттық табыстың жұмыспен қамту және инвестициялардың жалпы деңгейін, бағалардың жалпы дәрежесін, экономикалық өсудің қарқыны және т.б зерттеуді көздейді.

    2. Макроэкономикалық талдауда жеке нарықтағы өндірушілер мен тұтынушылардың шешімдері және іс-әрекетері бір-бірінен тәуелсіз деп қаралса, экономиканы тұтас зерттеу экономикалық субъектілердің өзара әсер етулерін өзара байланысты нарықтар жүйесі арқылы қаралуын талап етеді.

    3. Макроэкономикалық талдауда, экономиканың болмысы мен дамуын бейнелейтін экономикалық субъектілердің саны көбейеді. Бұл субъектілердің құрамына өндірушілер мен тұтынушылар және мемлекет кіреді.

    Микро және макро дәрежеде позитивтік және норвативтік экономика талданады. Позитивтік бағытта экономикадағы нақты байланыстар зерттеледі. Ал, экономиканың әр түрлі аспектілерінің қызметіне және оның негізгі субъектілерінің әрекеттеріне баға беру нормативтік бағытта байқалады. Макро дәрежеде көбінесе, мемлекеттің саясаты талданады.

    Макроэкономикалық саясат мынадай негізгі мақсаттарды орындауға бағытталады:

    - тұрақты және экономикалық өсу;

    - жұмыспен толық қамтамасыз ету;

    - бағаның жалпы дәрежесінің тұрақтылығы;

    - әлеуметтік әділет және еңбекке қабілетсіздерді экономикалық жағынан қамтамасыз ету;

    - мемлекеттiң сауда және төлем балансының тұрақты болуы;

    - экономикалық тиімділік;

    - экономикалық еркіндік;

    - табысты әділетті бөлу;

    - ішкі сауда балансы.

    Сонымен қатар, макроэкономикада ұлттық экономиканың жалпы бағыты және даму заңдылықтары зерттеледі. Ұлттық экономика ұғымы негізінде барлық макроэкономикалық категориялар мен қағидалар қалыптасқан.

    Ұлттық экономика жүйесінің даму заңдылықтары экономика ғылмының негізгі бөлімінің бірі макроэкономикада қарастырылады. Макроэкономика – бұл ұлттық экономиканың жалпы бағытын және даму заңдылықтарын зерттейтін жалпы экономикалық ілімнің бір бөлімі болып табылады. Ұлттық экономика дегеніміз - халық тұтынуын қанағаттандыруға бағытталған мемлекет деңгейіндегі шаруашылық субъектілерінің экономикалық іс-әрекеті.

    Ұлттық экономика деңгейінде зерттелетін негізгі мәселелер:

    • ұлттық өнім және ұлттық табыс мөлшері мен құрылымын анықтау;

    • ұлттық экономика масштабында жұмыспен қамтуды реттейтін факторларды айқындау;

    • инфляция деңгейі;

    • экономикалық өсудің механизмі мен факторларын зерттеу;

    • экономикадағы циклдық ауытқулар мен конъюктуралық өзгерістердің себептерін анықтау;

    • ұлттық экономиканың сыртқы экономикамен байланысы;

    • мемлекеттің макроэкономикалық саясатының мақсаттарын, мазмұны мен формаларын теория жүзінде дәлелдеу.

    Ұлттық экономика дүниежүзілік шаруашылықтың бір бөлігі болып табылады. Дүниежүзілік шаруашылықтың бөлігі болу үшін ол әрқашан да ашық экономика болу керек.

    Ашық экономика дегеніміз - мемлекеттер арасындғы экономикалық қатынастарға қатысатын экономика, яғни экспорт пен импорт экономикасы.

    Ұлттық экономиканың дүниежүзілік шаруашылықпен байланысы мыналардан көрінеді:

    • сауда – ұлттық өнімнің бір бөлігі экспортқа кетеді, ал табыстың бір бөлігі импортқа кетеді;

    • ұлттық экономикаға дүниежүзілік нарық бағасы да әсер етеді;

    • қаржы, корпорация немесе банк сияқты ірі инвесторлар халықаралық деңгейде қызмет жасайды;

    • ғылыми техникалық ақпаратпен және технологиялық жетісіктермен айырбас;

    • жұмыс күшін орналастыру.

    Бұлардың ішінде ең негізгісі сауда мен қаржы болып табылады.
    Макроэкономика экономиканы бір үлкен бүтін құбылыс ретінде қарастыратын ғылым. Макроэкономика теорияның негізі ретінде микроэкономика теориясы пайдаланады. Макроталдауда басты назар жиынтық табыс, жиынтық шығын, қолда бар табыс, тұтыну және т.с.с. ірі көрсеткіштерге аударылады. Микро және макроэкономикалық үрдістер өзара тығыз байланысты. Макроэкономикалық талдауды 3 кезеңге бөледі:

    1. Фирмалар мен үй шаруашылықтарының шешім қабылдауын зерттеушілер теория деңгейінде қарастырады. Содан соң микроэкономиклық құралдарды пайдаланып, фирмаларды әртүрлі экономикалық жағдайға байланысты қарастырады.

    2. Фирмалар мен үй шаруашылықтарының жиынтық шешімдерін қарастыра отырып, жалпы экономиклық беталыстар талдауға түседі. Бұл кезеңде агрегатталған, іріленген шамалар қолданылады.

    3. Макроэкономикалық ақпаратты талдау және жинау арқылы теорияның нақты мағынасы қарастырылады. Макроэкономикалық талдау және саясат тығыз байланысты. Өйткені үкіметтің қолында бірқатары экзогенді айнымалылар бар. Егер макроэкономика жеке оқиғалардың экзогенді оқиғалармен немесе саяси шешімдермен байыстарын қарастырса, онда ол позитивті экономикалық талдау болады. Позитивті талдауда экономикалық саясаттағы, экономикалық шарттардағы өзгерістерді, сауда-саттық, баға сияқты факторлардың өзгеруімен түсіндіруге тырысады. Позитивті талдау нақты фактілермен, сандармен, тәуелділіктермен жұмыс жасайды және қорытындының жақсы-жамандығына баға бермейді. Талдаудан шыққан қорытындылардың қайсысы салыстырмалы түрде екенін білу үшін нормативті экономикалық талдауды пайдаланады. Жалпы нормативті талдауды нақты экономикалық шарттардың, экономикалық саясаттың жақсы не жаман екендігі туралы қорытынды шығаратын экономикалық талдау десе болады.
    10.2 Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер және олардың түрлері

    Ұлттық экономиканың қызмет ету нәтижесін өлшеу үшін теория мен шаруашылық практикасында әр түрлі макроэкономикалық көрсеткіштер қолданылады. Олар: қоғамдық жиынтық өнім (ҚЖӨ), жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ), жалпы ішкі өнім (ЖІӨ), ұлттық тбыс (ҰТ),таза ұлттық өнім (ТҰӨ), жеке табыс (ЖТ), қолдағы табыс (ҚТ), ұлттық байлық (ҰБ) және т.б.

    Ұлттық есептің БҰҰ статистикалық комиссиясы жасаған стандарттық жүйесі әлем практикасында 1953ж. бастап қолданылып келеді. Ұлттық есеп жүйесі (ҰЕЖ) - бұл бір жақтан шаруашылық жүргізуші субьектілердің тауарлар сатып алуға жұмсаған шығындарын көрсетіп, екінші жақтан олардың шаруашылық қызметтері нәтижесінде тапқан табыстарын көрсететін, баланыстық экономикалық кестелердің жиынтығы болып табылады.

    Ұлттық Есеп Жүйесі – түпкі өнім мен ұлттық табысты өндіру, бөлу, қайта бөлу мен пайдалануды сипаттайтын өзара байланысты көрсеткіштер. ҰЕЖ негізінде есептелген макроэкономикалық көрсеткіштерде материалдық және материалдық емес өндірістің айырмашылығы есепке алынбайды. Сондықтан мұнда барлық төленген тауарлар мен қызметтер есепке алынады. Ал ҰЕЖ-де есепке алынбайтын өндіріс түрлері: үй шаруашылықтарының ішкі тұтынуға бағытталған өндірісі және бизнес сферасының ішінде тұтынылатын аралық өнім өндірісі.

    ҰЕЖ негізінде мнадай негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер есептеледі:

    Қоғамдық жиынтық өнім (ҚЖӨ) – бұл материалдық сфера салаларында бір жылда өндірілген барлық игіліктер сомасы;

    Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) – белгілі бір елдің азаматтарына тиесілі өндіріс. Өндіріс факторларының олардың орналасу жерінен тәуелсіз өндіргін барлық дайын туарлар мен қызметтердің нарықтық құны; яғни - тек осы мемлекеттің аумағында орналасқан барлық отандық өндірушілердің ғана емес, сондай - ақ шет мемлекеттерде қызмет көрсететін, осы елдің өндірушілерінің де бір жыл ішінде өндірген түпкі тауарлар мен қызметтерінің ақшалай сомасы.

    Жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) – елдің аумағында орналасқан барлық отандық және шетелдік өндірушілердің бір жыл ішінде өндірген түпкі тауарлар мен қызметтердің ақшалай сомасы, яғни тек ел ішінде сол елдің өндіріс факторларын қолдану арқылы өндірілген қызметтер мен өнімдер жиынтығы жатады. Мысалы, ҚР-ның мұнайы Өзбекстанда қолданылса, онда бұл мұнайдың құны Өзбекстанның ЖІӨ-не кірмейді. ЖІӨ-ге халықарық операциялардан түскен түсімдер кірмегендіктен, ол әр түрлі елдердің экономикалық даму деңгейін салыстыру үшін қолданылады.

    Таза ұлттық өнім (ТҰӨ) – бұл ұлттық табыс пен жанама салықтардың қосындысы, олар ұлттық табысты рыноктық баға бойынша анықтау үшін қосылады. Сонымен қатар, жалпы ұлттық өнімнен амортзация сомасын алып тастағаннан қалған құрал жабдықтың тозу бағасы;

    ТҰӨ ═ ЖҰӨ - А немесе

    ТҰӨ ═ ҰТ + жанама салықтар
    Ұлттық тбыс (ҰТ) – бұл экономикада өндірістің барлық факторларымен (жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік) өндірілген өнім бағасы;

    ҰТ ═ ЖҰӨ - материалдық шығындар

    (амортизация, шикізат материалдары, және т.б.)

    ҰТ ═ ТҰӨ - жеке кәсіпкерлер төлейтін жанама салықтар, салықтық міндеттемелер, трансферттік төлемдер + мемлекеттік кәсіпорындарға субсидия
    Жеке табыс (ЖТ) – салықты төлегенге дейінгі жеке тұлғалар мен жанұялардың алатын барлық табысы. Оған алынған табыс, жанұялар мен жеке тұлғалардың мемлекеттен алатын зейнетақы, стипендия, жұмыссыздыққа жәрдемақы т.б. төлемдер жатады.
    ЖТ ═ табыстарΣ + трансферттік төлемдер

    ЖТ ═ ҰТ - әлеуметтік сақтандыру – корпорацияның табыс салығы – кәсіпорынның бөлінбеген пайдасы + трансферт
    Қолдағы табыс (ҚТ) – бұл барлық салықтар мен салықтан тыс төлемдерді төлегеннен кейін шаруашылықтардың иелігінде қалатын табыс;
    ҚТ ═ ЖТ – жеке табыс салығы
    Ұлттық байлық (ҰБ) - бұл елдің даму тарихының қорытынды нәтижесін есептеу үшін қолданылатын көрсеткіш. Бұл елдің осы уақыт мерзіміне дейін жинақтаған материалдық игіліктерінің жиынтығы. ҰБ-тың құрамдас бөліктері: материалдық және рухани өндірісте қызмет ететін қоғамның барлық құрал жабдықтары, халықтың материалдық және мәдени байлығы, рухани байлықтар, табиғи байлықтарды, және т.б
    10.3 ЖҰӨ және оны есептеу тәсілдері

    ЖҰӨ - ді есептеудің үш негізгі әдісі бар:

    Біріншіден, қоғамның осы жылы өндірген тауарлары мен қызметтерге жұмсаған барлық шығындарының жиынтығымен:

    - жеке тұтыну шығындары;

    - кәсіпкердің машина мен жабдықтар сатып алуға және құрылыстар мен айналым қорларының запасын өзгертуге жұмсалатын барлық шығындардан тұратын жалпы жеке ішкі инвестиция;

    -тауарлар мен қызметтерді мемлекеттің сатып алуы;

    - таза экспорт шығындары.

    ЖҰӨ шығындар әдісі боынша есептеу мына формуламен анықталады.
    ЖҰӨ ═ C + I + G + X

    Мұндағы:

    • С - тауар мен қызмет түрлерін сатып алуға кеткен үй шаруашылығының тұтыну шығындары (нан, киім, көлік және т.б);

    • I - станоктар, ғимараттар мен құрлыстар, өндіріс құрал жабдықтары және т.б сатып алу ға жиынтық жеке инвестициялар;

    • G - мемлекеттің тауарлар мен қызметтерге (мектептер, ауыруханалар, электро қуаттар және т.б.) және трансферттік төлемдерге (зейнетақы, жәрдемақы, стипендия және т.б.) жұмсаған шығындар;

    • X - таза экспорттық шығындар, яғни экспорт пен импорттың айырмасы.


    Екіншіден, өндріс нәтижесінде алынға шаруашылық субъектілерінің табыстарының сомасымен, яғни осы жылғы өндірістің нәтижесінде алынған өнімнің ақшалай табыстарын қосу жолымен. Табыс бойынша есептелетін ЖҰӨ мына формуламен анықталады:

    ЖҰӨ ═ Z + R + K + P + A + N

    Мұндағы:

    - Z - жалақы – жалдамалы жұмысшылардың еңбек ақысы;

    - R - рента – жердің, ғимараттардың, құрылыстардың меншік иесінің алатын табысы;

    - K - процент – (үй шаруашылығында жиналған ақша капиталынан түскен табыс түрінде) несие пайызы;

    - Р - пайда – бұл корпорация пайдасынан және меншіктен алынатын табыстан тұрады;

    - N - жанама салықтар (акциздер, қосымша құн салығы, мүлік салығы, лицензиялық төлемдер және баж салықтары), салықтық міндеттемелер және трансферттік төлемдер;

    - A - амортизациялық шығындар (негізгі капиталды тұтыну төлемдері) яғни, жиынтық инвестициялар – таза инвестициялар.

    Үшінші қосымша құн әдісі - өндірілген өнімнің құнынан жұмсалған материалдың, шикізаттың, отынның және т.б. құнын шегеріп тастағандағы қалған құнның бір бөлігі бойынша есептеу әдісі.

    ҰЕЖ-де ЖҰӨ ағымдағы нарықтық бағамен есептеледі. Сондықтан олардың мөлшері номиналды (атаулы) шама түрінде болады. Егер тұрақты бағалар (базалық жылдық) пайдаланылса, онда олар нақты шаманы көрсетеді. Осыған байланысты ЖҰӨ нақты ЖҰӨ және номиналд ЖҰӨ болып екіге бөлінеді.

    Номиналды ЖҰӨ - өндіріс көлемінің өзгеруіне және баға деңгейіне байланысты. Ал нақты ЖҰӨ тек қана өндіріс көлемінің өзгеруіне байланысты. Ол - тауарлар мен қызметтер өндірісінің ағымдағы (тұрақты) бағалармен көрсетілген көлемі.
    Нақты ЖҰӨ ═ номиналды ЖҰӨ

    баға индексі
    ЖҰӨ-нің номиналдық көлеміне инфляцияның әсерін өлшеу үшін туарлар мен қызметтердің баға дәрежесіндегі өзгерістерін сан жағынан бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіш ЖҰӨ-нің дефляторы деп аталады (баға өзгерісінің салдарынан ЖҰӨ өзгерісін сипаттайтын көрсеткіш). Бұл ағымдағы бағалардың базитік кезеңдегі баға деңгейіне қатынасын, яғни, өндіріс көлемін емес, бағалардың салыстырмалы өзгеруін сипаттайды. ЖҰӨ дефляторы инфляция көрсеткіші болып табылады.
    ЖҰӨ дефляторы = номиналды ЖҰӨ (ағымдағы) × 100%

    нақты ЖҰӨ (базистік)
    Семинар сабағының жоспары

    1. Ұлттық экономиканың субъектілері.

    2. Жалпы ұлттық өнім мен жалпы ішкі өнімді есептеу әдістері.

    3. Ұлттық байлық: мазмұны мен құрылымы.

    4. Өтпелі экономика жағдайындағы мемлекеттік реттеу.
    Негізгі категориялар

    Ұлттық экономика, табыс пен шығыс айналымы, макроэкономикалық үлгі, макроэкономикалық көрсеткіштері, экономик, жалпы ішкі өнім (ЖІӨ), жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ), ұлттық байлық, жеке табыс, қолдағы табыс. Ұлттық экономиканың субъектілері.

    Экономиканы мемлекеттік реттеу, экономиканы мемлекеттік реттеудің мақсаттары, атқаратын қызметтері, құралдары. Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі үлгілері.
    СӨЖ тақырыптары

    1. Ұлттық экономиканың құрылымы

    2. Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер

    1. ЖҰӨ және оны есептеу әдістері

    4. Экономиканы мемлекеттік реттеу: мақсаттары, атқаратын қызметтері, құралдары.

    5. Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі үлгілері.

    6. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік реттеудің ерекшеліктері.
    Бақылау сұрақтары:

    1. Жалпы қоғамдық өнім, ұлттық табыс және жалпы ұлттық өнім деген үш көрсеткіштің айырмашылығы неде?

    2. Ұлттық байлық дегеніміз не?

    3. ҰЕЖ сипаттама беріңдер.

    4. ЖҰӨ-ді есептеудің қандай тәсілдері бар?

    5. Экономиканы мемлекеттік реттеу дегеніміз не?

    6. Экономиканың мемлекеттің араласуынсыз дамуы мүмкін бе?

    7. Нарықтық экономикада мемлекет қандай экономикалық қызметтер атқарады және олардың ең маңыздысы қандай?
    Ұсынылаты әдебиеттер

    1. Мэнкью Грегории Н., Тейлор Марк П. Экономикс. 4-халықаралық басылым.-Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018 жыл – 848 бет.

    2. Доғалов, А.Н. Экономикалық теория [Мәтін]: оқулық / А.Н. Доғалов, Н.С. Досмағанбетов.- Алматы: TechSmith, 2018.- 344 б.

    3. Мәуленова, С.С. Экономикалық теория [Мәтін]: 1-бөлім: оқу құралы / С.С. Мәуленова, С.Қ., Бекмолдин, Е.Қ. Құдайбергенов.- 2-бас., өңд.- Алматы: Эпиграф, 2017.- 184 б.

    4. Череданова, Л.Н. Основы экономики и предпринимательства [Текст]: учебник / Л.Н. Череданова.- 17-е изд., стереотип.- М.: Академия, 2017.- 224 с.

    5. Есенғалиева Қ.С. Экономикалық теория [Мәтін]: оқулық / Қ.С.Есенғалиева; ҚР Білім және ғылым м-трлігі; Қазақстан-Британ техн. унверситеті.- Алматы: Экономика, 2015.- 576

    6. М.В.Ахмедьярова. Экономикалық теория: Оқу құралы /Ахмедьярова М.В., Жоламанов Е.М., Оралтаев Т.; Т.Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университеті. - Алматы, 2016.


    написать администратору сайта