Главная страница
Навигация по странице:

  • Дамытушылық

  • Сабақтың түрі

  • Сабақтың барысы

  • 2.Үй жұмысын тексеру: Оқушылардың кейбіреуінен ауызша, кейбіреулерінен кеспе қағаздары арқылы сұрау,3.Жаңа сабақ

  • Сабақты бекіту

  • Сабақты қорыту

  • Үйге тапсырма

  • Тақырыбы: «Наурыз жырлары»

  • «Наурыз жырлары» жырлары 3-сынып. Сабаты таырыбы Наурыз жырлары Сабаты масаты Білімділік


    НазваниеСабаты таырыбы Наурыз жырлары Сабаты масаты Білімділік
    Анкор«Наурыз жырлары» жырлары 3-сынып
    Дата17.09.2017
    Размер47 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файла«Наурыз жырлары» жырлары 3-сынып.doc
    ТипДокументы
    #30439
    КатегорияКазахский язык и лит.


    Сабақтың тақырыбы: «Наурыз жырлары»

    Сабақтың мақсаты:

    1. Білімділік: Оқушыларды мәтінмен таныстыру.Наурыз туралы түсінігін

    кеңейту, сөздік қорын молайту.Жаңа сөздерді пайдалана отырып, ауызекі

    сөйлеуге үйрету.

    1. Дамытушылық: Оқушылардың адамгершілік, туған ел, туған жерге деген

    сүйіспеншілік, қазақ халқының дәстүрлерін құрметтеуге тәрбиелеу.

    1. Тәрбиелік: Оқушылардың танымдық ықыласын молайту, қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру.

    Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

    Сабақтың әдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап

    Көрнекіліктер: кеспе қағаздары, сөздік, буклет, асық, бүктеме

    Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі



    • Сәлеметсіздерме балалар?

    • Отырыңдар

    • Сыныпта кім кезекші?

    • Сабақта кім кезекші?

    2.Үй жұмысын тексеру:

    Оқушылардың кейбіреуінен ауызша, кейбіреулерінен кеспе қағаздары арқылы сұрау,

    3.Жаңа сабақ:

    Кроссворд арқылы жаңа сабаққа көшу.

    Сұрақтары:

    1. Бір өркешті түйе?

    2. Гриво сөзінің қазақша баламасы?

    3. Сиырдың төлі

    4. Қой баласын қалай сүйеді?

    5. Қазір қай жыл мезгілі?


    Ерекшеленген жолақта қандай сөз шықты.Йә, дұрыс айтасыңдар, наурыз сөзі шықты.Ал, ендеше дәптерлеріңді ашып ,жазып қойыңдар бүгінгі жаңа тақырып «Наурыз жырлары».

    Тұрмыс салт жырлары бірнеше түрге бөлінеді.Олар төрт түлік мал, наурыз жырлары, аңшылық, саятшылық,әдет- ғұрып жайындағы жырлар жатады.Наурыз көнеден тойланып келе жатқан мейрам.Бұл күн жер шарындағы көптеген халықтардың мейрамына айналып отырған .Бұл мерекенің қашаннан бері тойланып келе жатқанын айту қиын. Бұл күні күн мен түн теңеліп, жан- жануарлар төлдеп, адамдардың ауызы аққа тиетін.Бұл күн жер бетіне шаттық орнаған күн.Қазақ халқы бұл күнді ұлыс күні деп атайды және жыл басы деп санаған.Жыл сайын наурыздың 22- сінде тойланады.

    Оқулықтағы «Наурыз жыры» мәтінін аудару, түсіндіру.

    Ал, енді Наурыз өлеңіне назар аударыңдар.Балаларға бір шумақтан оқыту.Сөздікті пайдалана отырып аударту.


    мал төлдейді

    22 наурыз




    Күн мен түн

    теңеледі күн жылынады

    көже пісіреді

    8 наурыз

    жыл басы

    Сабақты бекіту: «Ханталапай» ойынын өткізу. Балалар қоржыннан бір-бір асық алады.Қай нөмірлі асықты алса, сол нөмірлі кеспе қағазының сұрағына жауап береді.

    Сұрақтары:

    1. «Ұлыс күні кәрі- жас құшақтасып көріскен» деген жолдардан антонимдік жұпты тап.

    2. Ұлыс күні адамдар бір- біріне не тілейді?

    3. «Құшақтасып көріскен» адамдарды неге теңейді?

    4. Наурыз мейрамында қандай тағам пісіріледі?

    5. Қай кезде ақ мол болады?

    6. Наурыз мейрамы басқаша қалай аталады?

    7. Халық наурызды қалай тойлайды?

    8. Наурыз жыры қай жырға жатады?

    Сабақты қорыту: 1. Тұрмыс салт жырларының түрлерін атаңдар?

    2. Наурыз мейрамын халық қалай тойлаған?

    3. «Наурыз жыры» мәтіні не жайлы?

    4. Ұлыстың ұлы күні адамдар бір- біріне қандай тілек айтқан?

    Үйге тапсырма: Наурыз өлеңінің бір шумағын жатқа айту.

    Ұлыс күні кәрі – жас құшақтасып көріскен деген жолдардан антонимдік жұпты тап.

    Ұлыс күні адамдар бір- біріне не тілейді?


    «Құшақтасып көріскен» адамдарды неге теңейді?


    Наурыз мейрамында қандай тағам пісіріледі?


    Қай кезде ақ мол болады?

    Наурыз мейрамы басқаша қалай аталады?


    Халық наурызды қалай тойлайды?


    Наурыз жыры қай жырға жатады?

    Тақырыбы: «Наурыз жырлары»

    написать администратору сайта