Главная страница

Аралас саб 2ТХГ-17-1 ашық сабақ2019. Саба жоспары Пн Мнай газ бырларын пайдалану Оытушы Б. Ж. Балтабасова таырыбы


Скачать 279 Kb.
НазваниеСаба жоспары Пн Мнай газ бырларын пайдалану Оытушы Б. Ж. Балтабасова таырыбы
Дата14.05.2019
Размер279 Kb.
Формат файлаdoc
Имя файлаАралас саб 2ТХГ-17-1 ашық сабақ2019.doc.doc
ТипДокументы
#77064

САБАҚ ЖОСПАРЫ:

Пән: «Мұнай- газ құбырларын пайдалану»

Оқытушы: Б.Ж.Балтабасова

ТАҚЫРЫБЫ:«Магистралды газ құбырдың құрылысы мен негізгі объектілері»

САБАҚ ТҮРІ: аралас сабақ

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ

БІЛІМДІЛІК: МГҚП пәніне жалпы сипаттама беру. Студенттердің теориялық білімін бекіту, жүйелендіру. Магистралды газ құбырдың құрылысы мен КС негізгі объектілерінің қондырғыларының жабдықтарының қолданылуы мен өндірістегі тиімділігін көрсету және мамандықтарына деген қызығушылықтарын жетілдіру.

ДАМЫТУШЫЛЫҚ: студенттердің мұнай және газ өндірісінің техника технологиялық сызба-нұсқаларын білу; пайдаланылатын әдіс-тәсілдерді таңдай білу; әдістердің пайдалану кезеңін білу және технологиялық режимдерін құру тәртібін білу, логикалық ойлауын арттыру, салыстыру, қорытындылау, оқулықпен және әдебиетпен жұмыс жасау қабілеттерін дамыту.

ТӘРБИЕЛІК: студенттерді ұйымдасып өздік жұмыс істеуге баулу, патриоттық тәрбие беру

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ: студенттердің мұнай және газ өндірісінің техника технологиялық сызба-нұсқаларын білу; пайдаланылатын әдіс-тәсілдердің пайдалану кезеңін білу және құру тәртібін білу, логикалық ойлауын арттыру, салыстыру, қорытындылау, оқулықпен және әдебиетпен жұмыс жасау қабілеттерін дамыту

ТҮЙІНДІ ИДЕЯ : Студенттерге білікті, сыни ойшыл болуға мүмкіндікті туғызу

ӨТІЛУ МЕРЗІМІ: 16.04.19ж. топ: 2ТХГ-17-1

МАҚСАТЫ БАҒЫТТАЛҒАН АУДИТОРИЯ: 2ТХГ-17-1тобының студенттері

АРАЛАС САБАҚ БАРЫСЫ: Ынтымақтастық атмосферасын құру, қызығушылықты ояту, ой қозғау, мағынаны ашу, рефлексия

ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ: «Миға шабуыл»(стратегиялық сұрақтар) . Топтық жұмыс(бірлесіп талқылау) Деңгейлеп оқыту технологиясы, «Блум таксоно-миясы», АКТ, СТО

ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР: Интерактивті тақта , таныстырылым, макеттер, видео материалдар

ДИДАКТИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР: «МГҚП» эл. оқулығы. «Тест тапсырмалары» жинағы, мультимедиялық презентация, сызба нұсқалар, үлестірме материалдар,
САБАҚ ЖОСПАРЫ:

Өтілу барысы:


Мазмұны

Қатысушының іс-әрекеті

Уақыты

Ресурстар




Ынтымақтас-тық атмосферасын құру

І. Ұйымдастыру

1.Аудиторияның, студенттердің дайындығын тексеру;

2.Студенттерді түгендеу;

3. Қатысушыларды 2 топқа бөліп, ынтымақтастық орта қалыптастыру.


Психологиялық сәт

«Амандасу»

тренингін ұйымдастырамын.

«Күн»бейнеленсе, жақсы ықыласпен тілек айтамыз.

«Жүрек» бейнеленсе, бір-бірімізбен құшақтасамыз.

«Қол» бейнеленсе, қолымызды қысып амандасамыз.

«Күлкі» бейнеленсе, бір-бірімізге күлімдей қараймыз.

3 мин


Электронды ресурс-тар, интерактивті тақта, макет-тер, құбыр-лар

Білу, Ой қозғау

АКТ



Студенттердің танымдық қызметін ұйымдастыру және оған бағыт беру, жаңа материалды меңгеруге әзірлеу. Студенттерді мақсатты тұжырымдауға және оған қол жеткізу құралдарын таңдап алуға үйрету.

ІІ. Қызығушылықты ояту

2.1. Мағынаны ашу

Студенттерге оқып үйренген мұнай құбырларын пайдаланудың жаңаша әдіс-тәсілдерін пайдалану кезеңдеріне түсінік беру арқылы жаңа тақырыпты хабарлау

2.2. Студенттердің қызығушылығын ояту колбадағы мұнайды, құбырларды, көрсетіп (1- 2 студент шығады),

оларға қарап – мұнай жайлы не білеміз? құбыр не үшін керек? құбырлардың қандай түрлері бар? пайдалану аймағына сипаттама беруін сұраймын.
Сұрақ: Нені байқаймыз? магистралды газ құбырлары туралы айтылмады, бұдан біз бүгінгі тақырып «Магистралды газ құбырдың құрылысы мен объектілері» екенін білеміз.

«Магистральды газ құбырдың құрылысы мен негізгі объектілері»

слайды көрсетіледі. Оқытушы

студенттердің жақсы жұмыстарын, сонымен қатар қате жұмыстарды да талдайды, қателерді түзету жұмыстарын ұйымдастырады;

5 мин

Слайд

Түсіну «Өткен ақпараттарға шолу»



Барлық студенттердің үй тапсырмасын қалай орындағанын анықтау


ІІІ.Үй тапсырмасын сұрау

3.1.Мұнай айдау станцияларының негізгі жабдығы

3.2 Айдау станцияларының өндірістік-технологиялық құрылысының құрамын талдау

3.3.Орталықтан тепкіш сораптардың қазіргі конструкцияларын талдау

Студенттер 2 топқа бөлініп, негізгі ұғым, ақыл – ой қорытындысын, негізгі білім, дағдыларын, іс – әрекет тәсілдерін (ойлау және практикалық) қайталауға бағытталған үй тапсырмасын ауызша айту арқылы алған білімдерін

қорғайды.

15

мин

Таныстырылымды слайд

шоу



Факт, құбылыс ереже, принцип, заңдар туралы нақты түсінік беріп, қорытындыға әкелген тәсілдерді, жолдарды, құралдарды студенттерге үйретіп, білім негізінде, оған сәйкес келетін іскерлік және дағдыларға машықтандыру

ІV. Жаңа материалды баяндау

4.1. Магистральды газ құбырларының негізі;

4.2.Компрессорлық станциялар құрылымының объектілері;

4.3. Компрессорлық станциялар құрылымының технологиялық сұлбасы;

4.4. Магистральды газқұбырларындағы КС-лар үш түрге бөлінеді

Оқытушы сызба-нұсқа слайд, бейнебаян көрсету арқылы

тақырыпты ашады, таныстырады, Студенттер әдістерді салыстырады, берілген слайдтағы түсініктеменің

мазмұнын талдайды.



Бірін-бірі қолдайды

45 мин

Слайд, бейне баян, интерактивті тақта

Ой қозғау

Талдау, жинақтау, «Миға шабуыл»,

«ДОТ» технологиялары арқылы

студенттердің терең түсінуіне жағдай жасау, керекті іскерлік пен дағдыларға машықтандыру.

V. Жаңа материалды бекіту

5.1.Магистралды газ құбырлары дегеніміз;

5.2.Басты компрессорлық станциясының жұмыс прнципі;

5.3.Сызықты компрессорлық станциясының жұмыс принципі.

5.4. «Құбырлардың түрі» тақырыбы бойынша деңгейлік тапсырмалар:

І Деңгейлік тапсырма

Көп нүктенің орнын толықтырып, сөйлемді аяқтау;

ІІ Деңгейлік тапсырма

Мына сұрақтардың жауабының сәйкестігін тап;

III. Деңгейлік тапсырма Сызбаларды түсіндіру.

Студенттер 2топқа бөлініп, берілген сұрақтарға жауап береді, тасырмаларды орындайды, сызба-нұсқалар бойынша түсінік береді,

денгейлік тапсырмалар мен сыни тұрғыдан ойлаудың

әдіс-тәсілдерінің түрлері арқылы алған білімдерін қорғайды .

15 мин

Интерак-тивті тақта, слайдтар макет-тер, құбыр-лар,

Тәжірибемен бөлісу, «Мен білгенімдегі өзгеріс әлемі», «Блум таксоно-миясы»

«Дейін және кейін» стратегиясы


VІ. Бағалау

6.1.Жұптық, жеке жұмыстар:

Білемін; Білгім келеді;

Білдім (сабақ соңында әрбір студенттің өзі толтырады)

«Дейін»: алдымен студенттердің не білетінін

«Кейін»: бүгінгі тақырыптан не білгенін өзара бағалау мен өзін-өзі бағалау туралы өз түсініктерін жазуды сұраймын

6.2.Бағалап болғаннан кейін оларға бағалау критерийі ұсынылады:

-Тақырыптың ашылуы

-Дәлелдердің нақтылығы

-Қалай бағалауға болады?

-Сөйлеу мәнері

-Бұл жағдай қай кезде пайдалануға болады?

-Жауаптарыңыз критерийлерге сай келе ме?

Салыстырыңыздар

Әр топ ақылдаса отырып, өз ойларын постерге жазады, оны тақтаға шығып  қорғайды.

Бір топ жауап бергенде қалған екінші топ олардың жауаптарын тыңдап, екі топ бірін-бірібағалайды.


5

мин

Постер қорғау, интерактивті тақта

Кері байланыс


Басбармақ арқылы


Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін

Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін

Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім

Студенттер басбармақ арқылы сабақта түсінгендерін көрсету



3 мин




Үй тапсырмасын студенттерге хабарлау, оны орындау әдістемесін, орындаудың қажеттілігін, міндеттілігін студенттерге түсіндіру

VІІ. Үйге тапсырма беру

7.1.Ю.А.Закожурников «Транспортировка нефти, нефтепродуктов и газа» -Волгоград: Ин-Фолио,2010.-432б.

7.2.Электрондық ресурс. Қайталау:

«Магистралды газ құбырдың құрылысы мен негізгі объектілері»




Қош сау болыңыздар

2 мин







Саламатсыздар ма, студенттер, әріптестер? бүгінгі 0805000 «Мұнай мен газды тасымалдау және сақтау» мамандығының 2ТХГ-17-1т. студенттерімен өтетін «Мұнай және газ құбырларын пайдалану» пәніен өтетін ашық сабаққа қош келдіңіздер!

І.Ұйымдастыру кезеңінде

Мен сабағымды ынтымақтастық атмосферасын құру мақсатында

амандасу рәсімінен бастағым келіп тұр,мұны біз мына интерактвті тақтадан көрінетін күн, жүрек, қол, жымию бейнеленген смайликтер бойынша күн көрінгенде жақсы ізгі нетпен бір бірімізге тілектер айтамыз, қол көрінгенде бір біріміздің қолымызды қысып амандасамыз,жүрек көрінгенде құшақтасамыз, күлкі көрінгенде бір-бірімізге қарап жымиямыз.

Ал, ендеше түгеліміз орнымыздан тұрып амандасу рәсімін орындайық.

Бәрекелді, рахмет отырыңыздар.

САБАҚ МАҚСАТЫ: Білімділік. МГҚП пәніне жалпы сипаттама беру. Студенттердің теориялық білімін бекіту, жүйелендіру. Магистральды газ құбырдың құрылысы мен КС негізгі объектілерінің қондырғыларының жабдықтарының қолданылуы мен өндірістегі тиімділігін көрсету және мамандықтарына деген қызығушылықтарын жетілдіру.

САБАҚ ТҮРІ: аралас сабақ

КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ: студенттердің мұнай және газ өндірісінің техника технологиялық сызба-нұсқаларын білу; пайдаланылатын әдіс-тәсілдердің пайдалану кезеңін білу және құру тәртібін білу, логикалық ойлауын арттыру, салыстыру, қорытындылау, оқулықпен және әдебиетпен жұмыс жасау қабілеттерін дамыту

Түйінді идея : Студенттерге білікті сыни ойшыл болуға мүмкіндікті туғызу
ІІ. Қызығушылықты ояту

Мағынаны ашу

«Құбырларды көрсетіп» Сұрақ: Құбырлардың арналуына қарай , байланысы- на қарай Нені байқаймыз? (студенттерге қарап –«не үйрендіңдер» деп айтылады Жабдықтар бөлек бөлек тұр және Колбадағы мұнайды, құбырларды, көрсетіп (1- 2 студент шығады),

оларға қарап – мұнай жайлы не білеміз? құбыр не үшін керек? құбырлардың қандай түрлері бар? мұнайдың, құбырлардың пайдалану аймақтарына сипаттама беруін, белгілі бір технологияларға түсінік айту, сонда бұл дегеніміз технологиялық режимнен осыған шейін біз үйге тапсырма «Мұнай айдау станцияларының негізгі жабдығы» ал бұдан біз енді бүгінгі тақырып «Магистралды газ құбырдың құрылысы мен негізгі объектілері» деген сөз, соныңмен бүгінгі өтетін жаңа тақырыпты: «Магистралды газ құбырдың құрылысы мен негізгі объектілері» жазып аламыз.
«Дейін»: алдымен студенттерді өзара бағалау мен өзін-өзі бағалау туралы өз түсініктерін жазуды сұраймын. Әр топ ақылдаса отырып, өз ойларын постерге жазады, оны тақтаға шығып  қорғайды. Бір топ жауап бергенде қалған екінші топ олардың жауаптарын тыңдап, екі топ бірін-бірі  бағалайды.
1. Ізденіс жұмыстары.

2. Шығармашылық тапсырма

Кері байланыс

Басбармақ арқылы

Студенттер басбармақ арқылы сабақта түсінгендерін көрсету және

Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін

Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін

Басбармақ төмен қарай = Мен түсінбедім

ІІІ.Үй тапсырмасын сұрау

3.1.Мұнай айдау станцияларының негізгі жабдығы

3.2 Айдау станцияларының өндірістік-технологиялық құрылысының құрамын талдау

3.3.Орталықтан тепкіш сораптардың қазіргі конструкцияларын талдау

(бір- бірлеріңізге қолдау көрсетіп отыруларыңызды сұраймын)

ІV. Жаңа материалды баяндау

4.1. Магистральды газ құбырларының негізі;

4.2.Компрессорлық станциялар құрылымының объектілері;

4.3. Компрессорлық станциялар құрылымының технологиялық сұлбасы;

4.4. Магистральды газқұбырларындағы КС-лар үш түрге бөлінеді

V. Жаңа материалды бекіту Топпен жұмыс Мағынаны ажырату

1. Жаңа өтілген тақырып бойынша сұрақтар қоямын және денгейлік тапсырмалар арқылы бекітеміз
VІ. Бағалау

6.1.Жұптық, жеке жұмыстар:

Білемін; Білгім келеді;

Білдім (сабақ соңында әрбір студенттің өзі толтырады)

«Дейін»: алдымен студенттердің не білетінін

«Кейін»: бүгінгі тақырыптан не білгенін өзара бағалау мен өзін-өзі бағалау туралы өзтүсініктерін жазуды сұраймын

6.2.Бағалап болғаннан кейін оларға бағалау критерийі ұсынылады:

-Тақырыптың ашылуы

-Дәлелдердің нақтылығы

-Қалай бағалауға болады?

-Сөйлеу мәнері

-Бұл жағдай қай кезде пайдалануға болады?

-Жауаптарыңыз критерийлерге сай келе ме?

Салыстырыңыздар

VІІ. Үйге тапсырма беру

7.1.Ю.А.Закожурников «Транспортировка нефти, нефтепродуктов и газа» -Волгоград: Ин-Фолио,2010.-432б.

7.2.Электрондық ресурс. Қайталау:

«Магистралды газ құбырдың құрылысы мен негізгі объектілері»

5.1. «Макеттерді көрсету» интерактивті тақтамен жұмыс

5.2. Шығармашылық тапсырма. ТарМУ-ң 60жылдығына орай өткен конференцияға «Технологиялық режимдер бұзылуының алдын алу» тақырыбымен қатысып, және сол жинаққа шыққын еңбегін Жұпарбай Сымбат баяндасын

5.3. «Мен білгенімдегі өзгеріс әлемі»

5.3.1. Жұптық, жеке жұмыстар: ТҚ сақтау (алғашқы көмек көрсету көрінісі)

Постердегі жазбаны тақтаға шығып  қорғайды.

Бағалап болғаннан кейін оларға  бағалау критерийі ұсынылады:

1.       Тақырыптың ашылуы

2.       Дәлелдердің нақтылығы

3.       Қалай бағалауға болады?

4.       Сөйлеу мәнері

5.       Бұл жағдай қай кезде пайдалануға болады?

- Жауаптарыңыз критерийлерге сай келе ме?

- Салыстырыңыздар.

VІ. Үйге тапсырма

Ю.А.Закожурников «Транспортировка нефти, нефтепродуктов и газа» -Волгоград: Ин-Фолио,2010.-432б. Қайталау «Магистралды газ құбырдың құрылысы мен негізгі объектілері»

Пән: «Мұнай- газ тасымалдаудың жаңа технологиялары»

Оқытушы: Б.Ж.Балтабасова
ТАҚЫРЫБЫ:« Магистралды газ құбырының құрылысы және объектілері»

Рефлексия парағы


  • ақпарат Сіз үшін қаншалықты жаңа болды: ---------------------------------------------------------

--------------------------------------------------------------------------


  • нақты жұмыс үшін алған білім мен дағдылардың пайдалылығы: ------------------------------


  • ашық сабақ қаншалықты қызықты болды: --------------------------------------------------------


  • сабақта пайдалану үшін сіздің дайындық деңгейіңіз: --------------------------------------------


Кері байланыс

«16»_04._2019ж

Қатысушының аты- жөні


Маған не ұнады?







Менің қосарым...







Іс-тәжірибемде қолданамын







Менің тілегім









Ойлау деңгейі


Сұрақтар үлгілері


Білу және түсіну


Не? Кім? Қашан? Не …. үлгісі болып табылады? …. не тұспалданады? …. басқаша қалай түсіндіруге болады? …. бұл үлгі боп табыла ма? Мен мұны өз сөзіммен сипаттай алам ба?


Қолдану


Бұл қалай пайдаланылады? Бұл немен байланысты? … қандай жағдайларда?


Жүйелеу (талдау)


Неге? Қалай? …. себебі не болып табылады? Қорытынды үшін не нәрсе дәлел? ...себебі қандай? …бір-бірімен қалай үйлеседі?


Жинақтау


Егер бұл іске асатын болса, осыдан кейін не болады? Теорияның болжамы іске аса ма? Алынған ақпарат негізінде қандай қорытынды жасадым? Бұл онымен қалай байланысты?


Бағалау


Бұл жақсы ма және неліктен? Бұл қисынды ма және не себепті?

написать администратору сайта