Главная страница

поурочные байл желісіндегі өлшеу. Саба барысы I. йымдастыру II. й тапсырмасын тексеру


Скачать 190.38 Kb.
НазваниеСаба барысы I. йымдастыру II. й тапсырмасын тексеру
Дата25.01.2018
Размер190.38 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлапоурочные байл желісіндегі өлшеу.docx
ТипДокументы
#35176

Подборка по базе: Футбол сабағына қатысқан оқушылар тізімі №104 ЖОМ.docx, Ашық сабақ Аметова Алима.docx, Аралас саб 2ТХГ-17-1 ашық сабақ2019.doc, 1 сабақ 03.09.docx, Когамтану 12 сабак.docx, Ашык сабак.pptx, Анимация құру Ашық сабақ.docx, Клиникалық микробиология бойынша бинарлық интеграцияланған сабақ, 6-ші сабақ. Өндірістік жарақаттану және кәсіби аурулар туралы тү, 5сынып ашық сабақ.pptx.


Сабақтың тақырыбы: Негізгі анықтамалар мен терминдер. Метрология өлшеу туралы ғылымы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларғаметрология өлшеу туралы ғылымы, байланыс техникасында метрологияның орны туралы түсіндіру

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру

II. Үй тапсырмасын тексеру:

III. Жаңа сабақ:

«Метрология» - деген сөз грекшеден аударғанда «мерос» -өлшеу және «логос» - білім деген екі сөзден түрады.

Метрология - өлшеу бірлігін қамтамасыз ететін әдістер мен қүралдар және керекті дәлдікке жету тәсілдері туралы ғылым. Метрология үш тарауға бөлінеді: теориялы, заңды және қолданбалы.

Теориялық метрология - метрологияның іргелі негіздерін зерттеп дайындаумен айналысады.

Заңды метрология - қолдануға жіберілген мемлекеттік талаптарды бекітеді.

Қолданбалы метрология - теориялық метрологиясы зерттеп дайындағандарды тәжірибе қолданумен айналысады.

Метрология объектілеріне келесілер жатады: шама бірлігі; өлшеу кұралдары; эталондар; өлшеуді орындау әдістері.

Метрологияның дәстүрлі объектілеріне физикалық шама жатады.

Өлшеу - арнайы техникалық құралдар көмегімен тәжірибе жолымен шама мәнін табу. Мысалға объектінің ұзындығын, биіктігін және басқа параметрлерін өлшеу құралымен анықтау.

Өлшеу принципі - өлшеу негізіне физикалық құбылыс немесе физикалық кұбылыстар жиынтығы алынған. Мысалы, массасына пропорционалды ауырлық күшін таразыға тарту арқылы дененің массасын өлшеу, термоэлектрлік әсерді пайдаланып, температураны өлшеу.

Өлшеу әдісі - өлшеу құралдары мен өлшеу принциптерін қолдану амалдарының жиынтығы. Мөлшерленген метрологиялық қасиеттері бар қолданбалы техникалық қүралдарды өлшеу қүралдары дейміз.

Өлшеу қателіктері - өлшеу кезінде алынған X мәні мен өлшенген шаманың Q - нақты мәнінің айырмасы. Өлшеу қателігі Δ = Х – Q формуласымен анықталады. Өлшеу қателіктері, өлшеу әдістері мен қүралдарының жетілмегендігінен, бақылау шартының түрақсыздығынан, бақылаушы тәжірибесінің жетіспеуінен және оның сезім органдарының ерекшеліктерінен кұралады.

Өлшеу дәлдігі – нәтижелері өлшенетін шаманың нақты мәнге жуықтығын көрсететін өлшеу көрсеткіштері. Дәлдікті сан ретінде ықтималды қателіктің модуліне кері шамамен көрсетуге болады.

Өлшеу дұрыстығы – нәтижелердің жүйелік қателіктерінің нөлге жуықтығын көрсететін (шаманы қайталап өлшегенде бірқалыпты қалатын, немесе бір заңдылыққа сүйеніп өзгеріп отыратын қателіктер) өлшеудің сапасы ретінде анықталады. Өлшеудің дұрыстығы, өлшеу жүргізілген бірліктің нақты өлшемі оның шын өлшемінен (анықтама бойынша) айрықшылығына байланысты, атап айтқанда, осы өлшеу түріне алынған өлшеу құралдарының таңдалу дәрежесіне байланысты. Өлшеу сапасының маңызды бір көрсеткіші - оның ақиқаттығы; ол өлшем нәтижесіне сенімділікті сипаттайды және оларды екі категорияға бөледі: сәйкес шамалардың шын мәнінен ауытқуының ықтималды сипаттамаларының белгілі немесе белгісіздігіне байланысты ақиқатты және ақиқат емес. Ақиқаттығы расталмаған өлшеу нәтижелері еш бағаланбайды.

Өлшеу құралы - нормаланған метрологиялық сипаттамалы, өлшеуге арналған техникалық құралы.

Шама бірлігінің эталоны шама бірлігін қайта жаңғырту және сақтауға арналған өлшеу құралдары.

Өлшеу бірлігі – нәтижелері көрсетілген шама бірліктерінде берілген, өлшеу жағдайы, ал өлшеу қателігі берілген ықтималдықпен қойылған шектен шықпауы керек.

Метрологиялық қызмет - өлшеу бірлігін қамтамасыз етуге бағытталған субъектілер жиынтығының іс әрекеттері мен жұмыс түрлері.

Өлшеу қүралдарын тексеру - қойылған талаптарға өлшеу құралдарының сәйкестілігін анықтау мен мақұлдау мақсатымен мемлекеттік метрологиялық қызмет органдары орындайтын операциялар жиынтығы.

Өлшеу құралдарын калибрлеу - мемлекеттік бақылау мен қадағалауға жатпайтын, өлшеу құралдарының метрологиялык сипаттамалары мен нағыз мәндерін және қолдануға жарамдылығын анықтау мен мақұлдау мақсатымен орындалатын операциялар жиынтығы. Калибрлеу - заңды метрология саласында және одан да басқасында керекті техникалық процедура.

Физикалық шама кез келген ғылым саласындағы зерттелетін материалдық жүйе және объектілерді бейнелеуде қолданылады. МемСТ 8.417 келесі жеті негізгі физикалық шамаларды бекітеді: ұзындық, масса, уақыт, термодинамикалық температура, зат саны, жарық күші, электр тоғы күші.

Өлшем (мера) - берілген мөлшердің физикалық шамасын қайта қалпына келтіруге арналған өлшеу құралы. Мысалға тұрақты сыйымдылықты конденсатор бір мән өлшем рөлін атқарады, ал айнымалы сыйымдылықты конденсатор - көп мәнді.

Өлшейтін приборлар - бақылаушымен тікелей қабылдай алатын түріндегі, өлшеу-ақпарат сапасын жасауға арналған өлшеу құралы. Өлшеу приборлары ұқсастықты және санды көрсететін және жазушы болуы мүмкін.

Өлшеу түрлендіргіші - беруге ыңғайлы және әрі қарай түрлендіруге арналған түріндегі ақпарат сигналын жасауға арналған өлшеу құралы, бірақ та бақылаушы сигналды тікелей қабылдай алмайды.

Өлшеу қондырғысы - бір жерде орналасқан және бақылаушымен тікелей қабылдауға ыңғайлы түрдегі өлшеу-ақпарат сигналын жасауға арналған өлшеу құралдары мен көмекші құралдары.

Өлшеу-ақпарат жүйесі - объектіні қарау, өңдеу мен басқаруға болатын, бір-бірімен өзара байланыс каналымен жалғастырылған және өлшеу ақпаратын алуға арналған өлшеу құралдары мен көмекші құралдарының жиынтығы.

Стандартты үлгілер - бір немесе бірнеше шамалардың мәндерін метрологиялық аттестациялау нәтижесінде қойылған бұл заттардың құрамын немесе қасиетін сипаттайтын зат үлгісі.

Метрологиялық бақылау бұл іс-әрекет метрологиялық қызметінің мемлекеттік басқару органдары мен заңды түлғалардың метрологиялық ережелер мен нормалардың орындалуын тексеру мақсатымен жүргізіледі.

Мемлекеттік метрологиялық қадағалауға бұл мемлекеттік қадағалау бойынша инспекторлардың өлшеу құралдарының жасалыну жағдайымен қолданылуы, өлшеуді жүргізу әдістемесі, метрологиялық ережелер мен нормаларды орындау және т.б. қадағалау жатады.

Өлшеу құралын калибрлеу - бұл мемлекеттік қадағалауға жатпайтын өлшеу құралдарының жарамдылығы мен нағыз метрологиялық сипаттамасын қою мақсатымен эталон көмегімен анықталған сәйкес шама мәні мен өлшеу құралымен алынган шама мәні арасындағы қатынасты қоятын операциялар жиынтыгы.

Өлшеу құралдарын калибрлеуді өткізуге бекітілген тәртіпте аккредиттеуден өткен метрологиялық қызмет бөлімшесінің заңды тұлғаларының құқысы бар.

Өлшеу құралын сынау - оларды сынау кезінде сыналатын объектіге әртүрлі сынау әсерлер (пайдалану кезінде оларға әсер ететін әсерлер) қолдану арқылы бекітілген нормаларға сәйкестілік дәрежесін анықтау үшін өткізілетін операциялар жиынтығы.

Метрологияның негізгі мақсаты - физикалық шамалар бірліктерін (МемСТ 1626380), мемлекеттік эталондарды және үлгілі өлшеу құралдарын, әдістер мен өлшеу құралдарын және бақылауды зерттеп дайындау, өлшеудің бірлігін және бір тектес өлшеу құралдарын қамтамасыз ету, қате жіберушілікті бағалау әдістерін зерттеп дайындау, онымен қатар мөлшерлер бірліктерін эталоннан немесе үлгілі өлшеу құралдарынан жұмысшы өлшеу құралдарына беру. Физикалық шамаларды өлшеу іс жүзінде техникалық қүралдармен тәжірибе жолымен орындалады. Өлшеу деп кез келген мәндерді шартты түрде бірлік ретінде бекітілген мәнмен салыстырып қарауды айтады. Өлшеу нәтижесінен физикалық шаманың мәнін алады: Q= q* [Q].

Өлшеуде табылған Q - физикалық шаманың мәнін, нағыз мөлшер дейді. Кейбір кезде нағыз мөлшерді анықтап керегі жоқ, мысалға физикалық шаманың қойылған дәлдік шекке сәйкестілігін бағалауда. Мұнда физикалық мәннің кейбір саладағы Т жататынын анықтау жеткілікті.

Q Т немесе Q Т

Осыдан бақылауда физикалық мәнін нағыз мәннің бекітілген мәндерге сәйкестілігін анықтайды. Мысалға бақылау құралдарына калибрлер, үлгілер, электр жүйелі түрлендіргіш құрылымдары жатады.

Бақылау - өлшеудің бір түрі, мұнда физикалық шаманың жеткілікті шекті мәндерге сәйкестілігін анықтайды. Өлшеудің дәлдігін қамтамасыз етудің метрологиялық нормативті заңды негізі, өлшеудің бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесі болады (МӨЖ). МӨЖ-дің негізгі нормативті заңды құжаттары - мемлекеттік стандарттар. XI салмақ және өлшем бойынша Бас конференция ұсыныстарына сәйкес 1960 жылы Халықаралық (СИ) бірліктер жүйесі қабылданды, оның негізінде қолдануға міндетті стандарттар зерттеп дайындалған МемСТ 8.417-81 (01.01.1980ж. бастап қолдануға еңгізілген).

Кесте – Он еселік және үлестік бірліктерді құрау үшін көрсетілген көбейтінді мен қосымша атаулар

Көбейтінді

Қосымша атаулар

Қосымша көрсетілуі

орысша

халықаралық

1018

Экса

Э

Е

1015

Пета

П

Р

1012

Тера

Т

Т

109

Гига

Г

G

106

Мега

М

М

103

Кило

к

К

102

Гекто

г

Н

101

Дека

да

Da

10-1

Деци

д

D

10-2

Санти

с

С

10-3

Милли

м

М

10-6

Микро

мк

Μ

10-9

Нано

н

N

10-12

Пико

п

Р

10-15

Фемто

ф

F

10-18

Атто

а

А

Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету

Өлшеу бірлігі - бұл олардың нәтижелері заңдастырылган бірлік шамаларымен көрсетілген және өлшеу қателігі берілген ықтималдығы қойылған шектерде жатуымен сипатталатын өлшеудің жағдайы.

Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету (ӨБҚ) - бұл өлшеу бірлігін заңды актілерге сәйкестілігіне жету мен қолдауға бағытталған метрологиялық қызметтің іс-әрекеті.

Өлшеу бірлігін қамтамасыз етудің негізгі мақсаты - ол Қазақстан Республикасының азаматтары мен экономикасының сұраныстарын сенімді емес өлшеу нәтижелерінен сақтау.

Қазақстан Республикасының өлшеу бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі (ҚРМӨЖ).

Қазақстан Республикасының өлшеу бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі - Қазақстан Республикасының өлшеу бірлігін қамтамасыз ету бойынша субъектілер, нормалар, құралдар және іс әрекеттер түрлерін басқарудың мемлекеттік жүйесі. «Өлшеу ақпараты» деген түсінік өзінше заттар, материалдар, бұйымдар, үрдістер қасиеттері туралы техникалық құралдармен тәжірибе жолымен алынған санды сипаттамалардың кез келген түрін қамтиды. Бұл өлшеу ақпараттық қателікті анықтаудың бірыңғайлылығын және дұрыстығын қамтамасыз ету мүмкіндігін жасауға бағытталған метрологияның іс-әрекеттері, ол өлшеу бірлігін қамтамасыз ету болып табылады.

ҚР ӨМЖ объектілеріне келесілер жатады:

  • шама бірліктері;

  • шама бірліктерінің эталондары;

  • өлшеу құралдары, әдістемелер және өлшеу нәтижелеріне қойылатын талаптар;

  • өлшеуді орындау әдістемесі;

  • нормативті құжаттар.

Шамалар бірліктері. Қазақстан Республикасының аумағында Халықаралық бірлік жүйесінің шамалар бірліктері қолданылады.

Өлшемдер шамаларының эталондары. ҚР ӨМЖ техникалық негізін, шама бірліктер мемлекеттік эталондары құрайды, олардың жасалынуы мен құрамын мемлекет іске асырады. Мемлекеттік эталондар шама бірліктерін сақтау мен қайта жаңғырту үшін керек.

Өлшеу құралдары Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген шама бірліктерін анықтауға қолданылады.

Өлшеуді орындау әдістемесі, мемлекеттік метрологиялық қадағалау саласында қолданылады.

IV. Жаңа сабақты бекіту:

1. Метрология дегеніміз не?

2.Метрологияның негізгі мақсаты?

3.Физикалық шама дегеніміз не?

4. Өлшем дегеніміз не?

5. Өлшеу аспаптары дегеніміз не?

V. Үйге тапсырма:Негізгі анықтамалар мен терминдер. Метрология өлшеу туралы ғылымы

VI. Бағалау

Сабақтың тақырыбы: Стандарттау, стандарт, техникалық шарты

Сабақтың мақсаты: ОқушыларғаСтандарттау, стандарт, техникалық шарты туралы түсіндіру

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру

II. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Метрология дегеніміз не?

2.Метрологияның негізгі мақсаты?

3.Физикалық шама дегеніміз не?

4. Өлшем дегеніміз не?

5. Өлшеу аспаптары дегеніміз не?

III. Жаңа сабақ:

Стандарттауүлгіқалыптау (ағылш. standardization) — есептеуіш техниканың аппараттық және программалық құралдарын ерекшелігі бойынша өндіру мен пайдалану тұрғысында қабылданған келісім; стандарттарды, нормалар мен ережелерді және т.б. тағайындау және қолдану; қазіргі уақытта қолданылатын немесе потенциалды мақсаттарға байланысты жаппай және дүркін-дүркін қолдануға арналған ережелерді іске асыру арқылы белгілі бір салада тәртіпке салудың оптималды дәрежесіне жету үшін бағытталған іс-әрекет

Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым

Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым (Международная организация по стандартизации; Inter-national Standards Organization (ISO) — телекоммуникация бойынша стандарт жасаумен айналысатын ұйым.Жасаған стандарттарының ішіндегі ең белгілісі — жабық жүйелер әрекеттесуінің жеті деңгейлі эталондық моделі (OSI Referense Model).

Стандарттаудың анықтамалары мен негізгі ұғымдары

Халықаралық сауда мен ғылыми-техникалық байланыстардың өсуі экономикалық және мәдени байланыстардың нығая түсуі, біркелкі нормалардың, ережелердің, факторлардың орнығуын талап етуде, яғни халықаралық стандарттаудың дамуына әкеліп соғуда.

Ұлттық стандарттардың бір-бірінен айырмашылықтары, сауданы қиындатып, ғылыми-техникалық құжаттармен алмасуды тежеп,өндірістердің бірлесулерімен халықаралық маманданудың дамуына кедергі келтіруде.

Ұлттық ұйымдардың стандарттау бойынша өзара байланыстарын нығайту үшін және достастығын арттыруда бірнеше халықаралық ұйымдар құрылған.

Стандарттау бойынша алғашқы халықаралық ұйым 1926 жылы құрылып, «Стандарттау бойынша халықаралық федерацияның ұлттық ассоциациясы» (ИСА) деп аталып, оған 20 ұйым мүше болған. ИСА стандарттау саласы бойынша алғашқы халықаралық достастыққа жол ашты. 32 халықаралық стандарт оның жасауымен және ұсынысымен орындалды. Екінші дүниежүзілік соғысқа байланысты ИСА өз қызметін тоқтатты.

1946 жылы стандарттау бойынша халықаралық ұйым (ИСО) құрылып, оған алғашында 25 мемлекет мүшелікке өтті. ИСО-ның жарғысына сай бұл ұйымның мақсаты – интелектуальды, ғылыми, техникалық және экономикалық қызметтер аясындағы өзара достастықты дамытуға және халықаралық тауар ауысымын жеңілдету үшін дүниежүзінде стандарттаудың дамуына барынша қолайлы жағдай туғызу болып табылады.

Осы мақсаттан туындап ИСО кепілдемелер даярлай отырып, 1973 жылдан бастап халықаралық-экономикалық байланыстарды нығайту мен кеңейтуге қолайлы жағдай туғызуда. Ұлттық және аймақтық стандарттарды жасау үшін халықаралық стандарттарды құрастыруда.

ИСО халықаралық үкіметтік емес ұйым ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының Кеңес беру статусын пайдаланады. ИСО-ның ресми тілдері ретінде орыс, ағылшын және француз тілдері қабылданған.

ИСО-ның жоғарғы органы – Бас ассамблея Стандарттау бойынша ИСО-ға мүше елдердің барлық ұлттық ұйымдардың өкілдері қатысудағы жалпы жиналыс) ережеге сәйкес, үш жылда бір рет жиналып отырады. Резолюция, көпшілік дауыстың қорытындысы бойынша қабылданады.

ИСО-ның негізгі қызметі - өз кәсіптеріне мамандандырылып арнайы құрылған техникалық комитеттермен орындалатын (ИСО/ТК/ПК) халықаралық стандарттар даярлау. Барлығы 150- ден аса техникалық комитеттер құрылған, оның ішінде ТК-3 «Дәлдік шегі мен қондыру», ТК-22 «Автомобильдер», ТК-44 «Пісіріп қосу» және тағы да сол сияқтылар /1,2,3,33/.

70 ел ИСО-ныңмүшелеріболыптабылады.

Біздіңеліміз ИСО-ға ТМД (Тәуелсізмемлекеттердостастығы) мемлекеттік стандарты есебіндеөкіл. Оның өкілдері ИСО кеңесі құрамынатұрақтытүрдесайланып, көптегентехникалықкомитеттердің жұмысына қатысады.

ИСО-ның жұмысына ТМД-нің қатысуы стандарт сапасының өсуіндеқомақтырөльойнайды, яғнишетелдікғылым мен техникалықжетістіктеріжайлыкеңақпараталуға, отандықмемлекеттікстандарттарда ИСО тарапынанқабылданғанкепілдемелер мен стандарттардықолдануға, өзіміздегі ИСО-ныңталаптарынасайқабылданғанстандарттардыжарияетуге мол мүмкіндікбереді.

Нормативтікқұжат - әртүрліқызметтүрлерінемесеолардыңнәтижесіне де қатыстыережелер, жалпыпринциптернемесесипаттамлары бар құжат (1.1 ҚР СТ).

Стандарттаужөніндегінормативтікқұжат – стандарттаужөніндегіқызметтіңәртүріненемесеоныңнәтижелерінеқатыстынормаларды, ережелерді, сипаттамаларды, принциптердібелгілейтінқұжат (1.1 ҚР СТ).

Қазіргіәлемдеболатынстандарттаужөніндегіқұжаттариерархиясы 1-кестеде көрсетілген /3/.

Стандарт – белгілібірауқымдақолайлыдәрежедегітәртіпке (реттілікке) жетугебағытталған, танымал орган бекіткен, консенсус негізіндеәзірленгеннормативтікқұжат (2ИСО/МЭК).

Фирмалық стандарт – біржекенемесезаңды тұлғамен әзірленгенжәне тек солжекенемесезаңды тұлға қолданатын нақты өнім, процесс (жұмыс), көрсетілетінқызметтүрлерінеталаптарбелгілейтін стандарт /18/.

Фирмалықстандарттардыәзірлеушілердербесбекітеді.

ФирмалықстандарттарҚазақстанРеспубликасықабылдағанстандарттар мен техникалықрегламенттердіңміндеттіталаптарынақайшыкелмеугетиіс.

Белгіленгенміндеттіталаптардыңсақталуына, олардыбекіткенжекежәнезаңдытұлғаларжауаптыболады /18/.

Техникалықреттеужәне метрология жөніндегіуәкілеттімемлекеттік орган фирмалықстандарттыәзірлеу, келісу, бекітужәнетіркеужөніндегіжалпыережелердібелгілейді.

Стандарттатүрлііс-әрекеттер мен олардыңнәтижелерінеқатыстыжалпыжәнекөпмәртепайдалануғаарналғанжалпыпринциптер, сипаттамаларбелгіленеді. Стандарт ғылыми-зерттеулер, техникалықжетістіктержәнеіс-тәжірибелердіңқорытындынәтижелеріненегізделгенболуыкерек. Сонда ғана оны пайдалануқоғамғатиімдіпайда әкеледі.

Нормативтікқұжат, оныңішінде – стандарт, консенсус негізіндежәнекеңесужолымен мүдделі жақтарменқызметтесудеәзірленсе, ондаолтанымалтехникалықЕреже (тәртіп) болыпесептелінеді. Стандарттар, олардықолданумақсаты – қоғамүшіноңтайлыпайдаалуғаболатынғылым, техника жәнеіс – тәжірибелержетістіктерініңжиынтықтарынәтижелеріненегізделеді. Олардың қатарынастандарттаудыңөзібойыншаіс-әрекеттернәтижелерінрәсімдеуүшінпайдаланылатынқұжаттардыңеңбұқаралықтүрістандарттаужөніндегітехникалықрегламенттер, ТЭАЖ, сондай-ақбұйымдар, материалдаржәнезаттарэталондары – натуралдық-заттықүлгілеркіреді.

Стандарттаубойыншаіс-әрекеттердіңсоңғымаңыздынәтижелерістандарттаунысандарының, олардыңмақсатынемесефункционалдымақсатынасәйкестенудәрежесінкөтеру, саудадатехникалықкедергілердіжою, сондай-ақ ғылыми-техникалық, экономикалық, әлеуметтікпрогрескежәнеқызметтестіккеықпалетуболыптабылады.

Оқулықта, стандарт-нормативтікқұжаттардыңбіртүрі сияқты қаралады. Бірақ тәжірибеде «стандарт» (ағылшынша - standard) термині – норма, шама, эталон, үлгінемесеолөнімді, процесті (көрсетілетін қызметті) сипаттауғақатысты да пайдаланылуымүмкін. Мәнісібойыншабұлпринциптіқатеемес, бірақэталонды – метрология саласына, ал «стандарт» терминіннормативтікқұжатқақатыстырыпқолдану дұрыстау

IV. Жаңа сабақты бекіту:

1. Стандарттау дегеніміз не?

2.Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым туралы айтыңыз?

3.Стандарттау жөніндегі нормативтік құжат дегеніміз не?

4. Фирмалық стандарт дегеніміз не?

V. Үйге тапсырма:Стандарттау, стандарт, техникалық шарты

VI. Бағалау

Сабақтың тақырыбы: Физикалық шамалар және олардың өлшем бірліктері

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға физикалық шамалар және олардың өлшем бірліктері туралы түсіндіру

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру

II. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Стандарттау дегеніміз не?

2.Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым туралы айтыңыз?

3.Стандарттау жөніндегі нормативтік құжат дегеніміз не?

4. Фирмалық стандарт дегеніміз не?

III. Жаңа сабақ:

Физикалық шама. Шамаларды өлшеу

1. Табиғаттағы құбылыстарды бір-бірімен салыстыра сипаттау үшін физикалық шамалар деп аталатын айрықша терминдер колданылады. Мысалы, шапқан аттың, ұшқан құстың және тасбақаның қозғалыстарын салыстыра сипаттау үшін үш түрлі физикалық термин қолданылады. Олардың бірі - уақыт, екіншісі - журілген. жол, үшіншісі - жылдамдың. Бұларды физикалық шамалар деп атайды.

Физикалық шамалар құбылыстардың қасиеттерін сандық тұрғыдан сипаттайды.

Физикалық шамалар құбылыстарды ғана емес, денелердің де қасиеттерін сипаттау үшін қолданылады. Шыныны алмаспен кесуге болады. Шыныққан болатпен мысты өңдейді. Ал керісінше жұмсақ мыс пен болатты өңдеу мүмкін емес. Сондықтан денелердің беріктік қасиеттерін сипаттау үшін қаттылық деген шама енгізіледі. Ең қатты дене - алмас, одан кейінгісі - шыны (шынымен болаттың бетін тырнауға болады), ал болаттың қаттылығы мыстан жоғары.

2. Әрбір физикалық шаманың өлшем бірліктері (қысқаша бірліктері) болады. Мысалы, ұзындық бірлігі - метр, температура бірлігі - градус. Қысым, салмақ, масса, куіи, жылу өткізгіштік, электр өткізгіштік, жарық жылдамдыгы сияқты физикалық және астрономиялық шамалар бірліктерін оқу барысында біртебірте білетін боласыңдар.

Физикалық шамаларды колданғанда (жазғанда, айтқанда) олардың бірліктерін міндетті түрде атап отыру керек. Физикалық шаманың мәні деп, оның өлшем бірлігі көрсетілген сандық мәнін айтады. Мысалы, дене 10 секунд қозғалған болса, оның козғалу уақытын £=10 секунд (қысқаша 10 с) деп жазамыз. Ал £=10 деп атаусыз жазсақ, онда мағынасыздық пайда болады. Физикалық шамалардың бірлігі үлкен де, кіші де бола алады.

Физикалык шаманың бірлігі ірі болған сайын, оның сан мәні кішірейе береді. Мысалы, ұзындықтың километр (км) деген ірі бірлігі метр (м) деген кіші бірлігіне карағанда мың есе үлкен, яғни 1 км = 1000 м. Сондықтан 1,5 км = 1500 м; 0,5 км = 500 м, т. б. Сондай-ак уакыт бірліктерін алатын болсак: 1 мин = 60 с; 1,5 мин = 90 с деп жаза аламыз.

3. Физикалық құбылыстарды сандық жағынан сипаттап, олардың арасындағы байланыстарды білу үшін физикалык шамалардың мәндері накты болуы керек. Осыған орай «физикалық шамалардың мәндері қалай анықталады?» деген сұрак туындайды. Физикалыц шамалардың мәндерін физикалық аспаптар жәрдемімен арнайы өлшеулер жургізу арқылы анықтайды. Мысалы, кыздырғанда денелердің ұлғаятыны белгілі. Бұл кұбылысты сандық жағынан салыстыра сипаттау үшін екі физикалық шама: температура мен көлем өлшенуі тиіс. Физикалық тәжірибелерде өлиіеулер жиі пайдаланылады. Сондыктан оған ерекше мән беріледі. Өлшеу тетігі мен өдісін, кыскасы, өлшеу мәдениетін меңгеру - физикадағы эксперименттік әдістің ең басты талаптарының бірі. Өлшеулер тек практика үшін ғана емес, теориялық қорытындыларды тексеру үшін де аса кажет.

Физикалық шаманы өлшеу дегеніміз - оны өлшем бірлік ретінде алынған біртекті басқа бір шамамен салыстыру.

Физикалық шамаларды арнайы аспаптардың көмегімен өлшейді. Ең қарапайым өлшеу құралдарының бірі - сызғыш. Оның көмегімен кашыктықты және денелердің сызықтық мөлшерін: ұзындығын, енін, биіктігін өлшейді.

Мектепте көп қолданылатын өлшеу- 23-сурет іш кұралдары 22-23-суреттерде көрсетілген. Олардың бетіне бөліктер түсірілген. Кейбір бөліктердің тұсына сандар жазылған.

4. Қуралдың бетіне тірсірілген бөліктер мен сандар аспап шкаласы деп аталады. Тек шкала бар болса ғана аспаптың көрсетуі, яғни өлшенетін шаманың мәні туралы бағамдауға болады. Көп жағдайда аспап бетінде шкаламен катар өлшенетін шаманың бірлігі де қысқаша жазылады. Мысалы, ток күшінің бірліктері: амперметр - (А), миллиамперметр (мА) деп, ал көлем бірліктері: см3, дм3, литр (л) деп жазылады.

Өлшеулерді дұрыс жүргізу үшін аспап шкаласындағы бір бөліктің құнын таба білу қажет.

Аспап шкаласындағы бөліктің ңуны өлшенетін шаманың шкаладагы кез келген екі мәнінің айырымын сол мәндердің арасындағы бөліктердің санына бөлу арқылы анықталады. Мысалы, 22,ә-суреттегі мензурка шкаласы бөлігінің құнын мына ретпен анықтауға болады:

а) шкаладан бірлігі см3 болатын көлемнің кез келген екі мәнін аламыз: мысалы, 150 см3 және 100 см3;

ә) олардың айырымын табамыз: 150 см3-100 см3 = 50 см3;

б) көлемнің екі мәні (150 см3 пен 100 см3) арасындағы мен- зурка бөліктерінің санын аныктаймыз: суретте ол 10-ға тең;

в) бір бөлікке келетін көлемнің мәнін анықтаймыз: 50 см3:10 = 5 см3.

Бұл сан шкаладағы ең кіші бөліктің мәні, яғни анықтама бойынша бір бөліктің құны болып табылады.

Бір бөліктің құнын білгеннен кейін, өлшенетін шаманың мәнін табу керек. Суреттегі сүйықтықтың көлемі 100 см3-тан артық, бірак 150 см3-ка жетпейді. Сүйыңтықтың деңгейі 100 см3-тің үстіне 8 бөлікке көтерілген. Осы 8 белікке сәйкес келетін көлем: 8 • 5 см3 =40 см3. Сонда мензуркадағы сүйықтықтың көлемі: 100 см3+40 см3=140 см3 болады.

Өлшем бірліктерінің халықаралық жүйесі (фр. Système International d'unités, SI) — өлшемдердің халықаралық қалыпы, метрикалық жүйесінің заманауи нұсқасы.

SI күнделікті өмірмен қатар ғылым және техникада әлемдегі ең көп пайдаланатын бірліктер жүйесі болып табылады. Қазіргі кезде әлемнің көп елдерінде SI заңды түрдегі бірліктер жүйесі ретінде қабылданған және тіпті күнделікті өмірде дәстүрлі бірліктерді қолданатын елдердің өзі осы жүйе бірліктерін ғылымда әрқашан дерлік пайдаланады. Осы аздаған елдер (мысалы, АҚШ) дәстүрлі бірліктердің өзін SI бірліктерне ауыстырған.

Бұл жүйе мына өлшемдерге негізделінеді: ұзындық, жол және орын ауыстыру үшін — метр, масса үшін — килограмм, уақыт үшін — секунд.


Бірліктердің Халықаралық Жүйесі (SІ; СИ) — Өлшем мен салмақ жөніндегі 11-Бас конференцияда (1960) қабылданған физикалық шамалар бірліктерінің жүйесі. КейінолӨлшем мен салмақ жөніндегі 12 — 18-Бас конференциялардадәлденетүсті. Оны КСРО-да қолдану 1963 жылданбасталды (ГОСТ 9867 — 61), ал 1982 жылданолміндеттітүрдеқолданылабастады. Бірліктердің Халықаралық Жүйесінің артықшылығы — оның ғылым мен техниканыңбарлықсаласынқамтитынәмбебаптығыжәнепропорционалдықкоэффициенттеріболмайтынтеңдеулернегізіндеқұрылатынтуындыбірліктерініңбір-біріменүйлесімділігі. Сондықтанесептеукезіндеегербарлық шамалардың мәнінБірліктердіңХалықаралықЖүйесініңбірліктеріарқылыөрнектейтінболсақ, ондаформулағабірліктаңдауғатәуелдіемескоэффициeнттердіендірудіңқажетіболмайды. БерілгенкестедеБірліктердіңХалықаралықЖүйесініңнегізгі, қосымшажәнекейбіртуындыбірліктерініңаталуы мен белгіленуікелтірілген. Алғашқыүшнегізгібірлік (метр, килограмм, секунд) механикалық табиғаты бар барлықшамалардыңүйлесімдітуындыбірліктерінқұрастыруғамүмкіндікбереді. Ал қалғантөртнегізгібірлік (ампер, кельвин, кандела, моль) механикалықтабиғатыболмайтыншамалардыңүйлесімдітуындыбірліктерінқұрастыруүшінқосылған (мысалы, ампер — электрлік және магниттік, кельвин — жылулық, кандела— жарық, моль — молекулалық физика мен химия саласындағышамаларүшін). Ондықеселікбірліктер мен үлестікбірліктердіңаталуыарнаулықосымшажалғаулардың көмегімен құрастырылады.

Халықаралықбірлікжүйесі (InternationalSistemUnits) — 1960 жылыПариждеөткенмөлшер мен салмақтуралы XI Генералдықконференцияда барлық ғылыми, техникалық, халықшаруашылығысалаларғажәнебілімжүйесінеарналып, қабылдағанфизикалықшамалардыңәмбебапбірлікжүйесі. [1]


Кесте 1 — SI негізгібірліктері[2][3]

Атауы

Халықаралық
белгілеуі


Өлшемі

метр

m

ұзындық

килограм

kg

масса

секунд

s

уақыт

ампер

A

ток күші

келвин

K

термодинамикалық температура

моль

mol

затмөлшері

кандела

cd

жарық қарқыны

Метр, килограм, секунд бірі-біріменүйлестіріліпқолдануы мүмкін. Бұләртүрліөлшемдержасайды. Мысалы, көлем, қуат, қысым, жылдамдық дегендерүшін.

Кей уақыттаүлкендеу мен кішілеуөлшеумағыналарынайтқанда, өлшематауларыалдынаарнайы префикс қосылады. Мысалы, кило — «1000», милли — «0,001». Сонда километр — 1000 метр болады, миллиграм — 1/1000 грам бөлшегі. Осы арнайыпрефикстерүшінтөменгікестеніқараңыз.

Кесте 2 — SI префикстері

Атауы

йотта-

зетта-

екса-

пета-

тера-

гига-

мега-

кило-

һекто-

дека-

Халықаралық
белгілеуі


Y

Z

E

P

T

G

M

k

h

da

Еселігі

1024

1021

1018

1015

1012

109

106

103

102

101

Атауы

деси-

сенти-

милли-

микро-

нано-

пико-

фемто-

атто-

зепто-

йокто-

Халықаралық
белгілеуі


d

c

m

µ

n

p

f

a

z

y

Еселігі

10−1

10−2

10−3

10−6

10−9

10−12

10−15

10−18

10−21

10−24


IV. Жаңа сабақты бекіту:

1. Физикалық шаманы өлшеу дегеніміз не?

2.Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым туралы айтыңыз?

3.Өлшем бірліктерінің халықаралық жүйесі  дегеніміз не?

4. Электробайланыста қолданылатын өлшем бірліктер?

V. Үйге тапсырма:Стандарттау, стандарт, техникалық шарты

VI. Бағалау

Сабақтың тақырыбы: Өлшеу құралдары

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға өлшеу құралдары туралы түсіндіру

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру

II. Үй тапсырмасын тексеру:

2.Стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым туралы айтыңыз?

3.Өлшем бірліктерінің халықаралық жүйесі  дегеніміз не?

4. Электробайланыста қолданылатын өлшем бірліктер?

III. Жаңа сабақ:

Электр өлшеуіш аспаптар атқаратын міндетіне немесе аспаптан алынатын физикалық шамасына сәйкес, өлшеуіш аспаптарын мына түрлерге жіктеуге болады:

Өлшенетін шамалардың шегіне қарай:

Аспаптың аты

Өлшенетін шама

Шартты белгісі

Амперметр

Ток күші

А

Вольтметр

Кернеу

V

Омметр

Электркедергісі



Ваттметр

Электр қуаты

W

Частотометр

Ток жиілігін

Hz


Өлшенетін токтың шегіне қарай:

Токтың шегі

Шартты белгісі

Айнымалы

̴

Тұрақты

̵

Айнымалы-тұрақты



Үш фазалы




Жұмыспринципібойынша:

        • электромагниттік;

        • магнитоэлектрлік;

        • электромеханикалық;

        • электродинамикалық;

        • электростатикалық;

        • ферродинамикалық;

        • индукциялық;

        • магнитодинамикалық

      • электрондық;

      • термоэлектрлік;

      • электрохимиялық.

Электр өлшеуқұрылғыларыэнергетикада, байланыста, транспортта, ғылымизерттеулерінде, медицинадажәнетұрмыстыққажеттіліктердекеңіненқолданылады. Электрлікемесшамалардыэлектрлікшамағатүрлендіругеарналғанарнайыдатчиктерінқолданғанөлшеуаспаптарыныңөлшеушегініңқолданысдиапозонынкеңейтугемүмкіншілікбереді.

IV. Жаңа сабақты бекіту:

1. Өлшенетін шамалардың шегіне қарай өлшеу аспаптарының қандай түрлері болады?

2.Жұмыс принципі бойынша өлшеу аспаптары қалай жіктеледі?

3.Өлшенетін токтың шегіне қарай өлшеу аспаптарының қандай түрлері болады?

4.Өлшеу жүргізген кездегі орналасуына қарай өлшеу құралдарының қандай түрлері болады?

V. Үйге тапсырма:Өлшеу құралдары

VI. Бағалау

Сабақтың тақырыбы: Өлшеудің жіктелуі

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға өлшеудің жіктелуі туралы түсіндіру

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру

II. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Өлшенетін шамалардың шегіне қарай өлшеу аспаптарының қандай түрлері болады?

2.Жұмыс принципі бойынша өлшеу аспаптары қалай жіктеледі?

3.Өлшенетін токтың шегіне қарай өлшеу аспаптарының қандай түрлері болады?

4.Өлшеу жүргізген кездегі орналасуына қарай өлшеу құралдарының қандай түрлері болады?

III. Жаңа сабақ:

Байланыс техникасында өлшеу жұмыстары түрлі өлшеу аспаптарымен орындалады. Өлшеу аспаптарында түзу және компенсационды түрлендіру қолданылады. Түзу түрлендіруде өлшенетін шама белгілі бір уақыттан соң түрлендіргіштерге, есептегіш құрылғыға әсер етеді, компенсационды түрлендіруде әдетте салыстыру әдісі қолданылады.

Түзу түрлендірудің өлшеу аспаптары дәл көрсеткіш аспаптар деп аталады. Мұндай аспаптың шкаласында өлшенетін шаманың мәні үздіксіз сақталады. Дәл көрсеткіш аспаптардың шкаласы алдын-ала градирленеді, сондықтан да онымен жұмыс кезінде шаралар қажет болмайды. Мұндай аспаптарға амперметрлер, вольтметрлер, циферблатты таразылар жатады.

Дәл көрсеткіш аспаптар жұмыс істеуіне, яғни, физикалық құбылыстарына қарай: механикалық, оптико-механикалық, электромеханикалық, электрожылулық, электрохимиялық, электронды және т.б. болып бөлінеді. Байланыс техникасында ең көп қолданыс тапқандары электромеханикалық, электрожылулық және электронды аспаптар.

Компенсационды түрлендірудің өлшеу аспаптары салыстырғыш деп аталады. Олармен жұмыс жасау үшін бөлек шаралар мен қолмен немесе автоматты түрден орындалатын қосымша әрекеттерді қажет етеді. Мұндай аспаптарға гирлік таразылар жатады. Мұндай аспаптармен қарапайым, арзан, әрі тез өлшеу жұмыстарын жүргізуге болады.

Өлшеу нәтижелерін табуына (өлшеу теңдеуі түріне) байланысты байланысты өлшеу тәсілдері бөлінеді:

  тікелей өлшеу  өлшеу нәтижесін тікелей оқып анықтау (бұрыш өлшемінің мәні бұрышөлшегішпен, диаметр өлшемі штангенқұралмен анықталған,  салмақты таразымен өлшеу);

  жанамалы өлшеу  өлшеу нәтижесін бір белгілі осы мән және өлшенетін мәндер арасындағы байланыс арқылы (бұрандама орташа диаметрі өлшемін үш сым, бұрыш мәнін синустық сызғыш көмегімен, дененің қаттылығын Бриннель немесе Роквелл өлшеу межелігі бойынша) анықтау;

  жиынтық өлшеу  өлшем бірлігі әртүрлі екі немесе бірнеше өлшемдерді бірден (тікелей немесе жанамалы) өлшеп анықтау. Өлшеу нәтижесінде мәндер арасындағы функционалдық байланысты орнату, мысалы: дене ұзындығына қатысты температура; қысымға байланысты өткізгіш дене электркедергісінің; қысымға байланысты қайнау және балқу температурасының өзгеруі);

  қосынды өлшеу  өлшем бірлігі бірдей  екі немесе бірнеше өлшемдерді әртүрлі мөлшерлерді қолданып қайталап өлшеу арқылы табу. Қосынды өлшеу нәтижесі тікелей өлшеу нәтижелері бойынша құрастырылған теңдеулерді біріктіріп шешімін табу арқылы анықтайды (таразы тастары жиынтығындағы жеке тас салмағын салмағы белгілі бір тас арқылы немесе әртүрлі жинақталған тастардың салмағын тікелей салыстыру арқылы анықтау).

IV. Жаңа сабақты бекіту:

1. Өлшеу аспаптарында түрлендірудің қандай түрлері қолданылады?

2.Түзу түрлендірудің өлшеу аспаптары қалай аталады?

3.Компенсационды түрлендірудің өлшеу аспаптары қалай аталады?

4.Өлшеу нәтижелерін табуына (өлшеу теңдеуі түріне) байланысты байланысты өлшеу тәсілдері қалай бөлінеді?

5. Дәл көрсеткіш аспаптарға қандай аспаптар жатады?

6. салыстырғыш аспаптарға қандай аспаптар жатады?

V. Үйге тапсырма:Өлшеудің жіктелуі

VI. Бағалау

Сабақтың тақырыбы: Қателіктің жіктелуі

Сабақтың мақсаты: Оқушыларғақателіктің жіктелуі туралы түсіндіру

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру

II. Үй тапсырмасын тексеру:

1. Өлшеу аспаптарында түрлендірудің қандай түрлері қолданылады?

2.Түзу түрлендірудің өлшеу аспаптары қалай аталады?

3.Компенсационды түрлендірудің өлшеу аспаптары қалай аталады?

4.Өлшеу нәтижелерін табуына (өлшеу теңдеуі түріне) байланысты байланысты өлшеу тәсілдері қалай бөлінеді?

5. Дәл көрсеткіш аспаптарға қандай аспаптар жатады?

6. салыстырғыш аспаптарға қандай аспаптар жатады?

III. Жаңа сабақ:

Өлшеу құралдары қасиеттермен сипатталады. Бір қасиеттер барлық өлшеу құралдарына тән болады және ортақ деп танылады, басқа бір қасиеттер тек белгілі бір өлшеу құралдарының түрлеріне қатысты болады және жеке деп танылады.

Ортақ қасиеттерге: қателік, өлшеу диапазоны, қолдану жағдайлары, тұрақтылық және сенімділік жатады. Жеке қасиеттерге: сезгіштік, тез әрекет етуі, өлшенетін тізбектен тұтынатын қуат, кіріс және шығыс кедергілері жатады.

Бұл қасиеттерді қасиеттерді қарастырайық.

Өлшеу аспабының қатесі деп аспаптың көрсеткіші мен өлшенетін шаманың дәл шамасының арасындағы айырманы айтады.

Өлшеу диапазоны деп өлшенетін шаманың хmin-нан хmax –дейінгі облыс мәнін айтамыз.

Өлшеу құралдарының қолдану жағдайлары қалыпты және жұмысшы болып бөлінеді. Қалыпты жағдайлары деп берілген өлшеу құралының қолдану облысынан өлшеу шегі асып кетпейтін жағдайларды айтамыз. Жұмысшы жағдайлар деп белгіленген шектен асып кететін жағдайларды айтамыз.

Әсер еткіш шама деп берілген өлшеу құралымен өлшенбейтін, бірақ өлшеу нәтижесіне әсер ететін физикалық шамаларды айтамыз. Басты әсер еткіш шамаларға: метерологиялық жағдайлар-температура, ылғалдылық және қоршаған орта қысымы, өлшеу жүзеге асырылып жатқан жиілік жатады. Өлшеу құралдарының тұрақтылығы оның метрологиялық қасиеттерге уақыт өте өзгермеуі арқылы анықталады, яғни, сапалы көрсеткіш болып саналады.

Өлшеу қателіктері және олардың классификациясы

Кез келген өлшеу өлшеу нәтижесін ауытқуына әкелетін және өлшенетін шаманы мәніне жақын мәнін анықтайтын кейбір қателіктерарқылы орындалады.

Сандық белгіленуі әдісі бойынша қателіктер өлшенетін шаманың бірліктерімен бейнеленген абсолюттік қателіктерА және проценттермен бейнеленген қатысты қателіктер. Қателіктер келесідей формулалар арқылы анықталады:

А=Ах

= 100%

Мұнда: Ах- өлшенген шаманың мәні;

А- оның дәл негізгі мәні.

Қателіктер негізгі 3 түрге бөлінеді: систематикалық (жиі), кездейсоқ және қалт кету (шатысу).

Систематикалық қателіктер үнемі немесе себептер туғызуына белгілі заң бойынша өзгеретін қателіктер болып табылады. Мұндай қателіктерді өлшеу нәтижесінен анықтауға, алдын-ала ескеруге немесе жоюға болады. Кездейсоқ қателіктер- түрлі кездейсоқ себептердің әрекетінің нәтижесінде пайда болатын, мәні мен белгісі анықталмаған қателіктер. Қателіктің мұндай түрі бір шаманы бірдей құралдармен бірде жағдайларда көп ретті өлшеу кезінде пайда болады. Өлшеу барысында алынған сандық нәтиже әрдайым бір-бірінен ерекшеленеді. Қалт кету- өлшеу нәтижесін жылдам ауытқытатын үлкен қателіктер. Олар өлшеу аппаратураларының ақаулануынан, өлшеу сызбаларының қателіктерінен, бақылаушының әрекетінің дұрыс болмауынан пайда болады. Қалт кету қателіктерібар өлшеу нәтижелері дұрыс болмағандықтан жойылуы тиіс.

IV. Жаңа сабақты бекіту:

1. Өлшеу аспабының қатесі дегеніміз не?

2. Өлшеу диапазоны дегеніміз не?

3.Әсер еткіш шама дегеніміз не?

4.Өлшеуаспаптарының негізгі қасиеттерін қалай бөлінеді?

5. Абсолюттік қателік дегеніміз не?

6. Қатысты қателік дегеніміз не?

7. Систематикалық, кездейсоқ, қалт кету қателіктері дегеніміз не?

V. Үйге тапсырма:Қателіктің жіктелуі

VI. Бағалау

Амперметр



hello_html_43e9d5f.pnghello_html_m71f5f108.jpg

Амперметрді жалғау әдісі Айнымалы ток амперметрі

Амперме́тр ( ампер + метр (греч.) μετρέω — өлшеймін) — ток күшін өлшеуге арналған, өлшем бірлігі Ампер. Амперметр шкаласы аспаптың өлшеу шегіне сәйкес микроамперлерде, миллиамперлерде, амперде немесе килоамперде көрсетеді. Амперметр электрлік тізбектің ток күшін өлшеуді қажет ететін бөлігіне тізбектеліп жалғанады. Сондықтанда амперметрдің ішкі кедергісі неғұрлым кіші болса, соғұрлым зерттелетін обьектіге аспаптың әсер етуі төмен және өлшеу дәлдігі де жоғарылақ болып келеді.

Аспаптың өлшеу шегін ұлғайту мақсатында амперметр шунтпен (тұрақты және айнымалы ток тізбегі үшін ) , ток трансформаторымен (тек айнымалы ток тізбегі үшін) немесе магниттік күшейткішпен (тек тұрақты ток тізбегі үшін) жабдықталуы тиіс.

Ескерту! Амперметрді вольтметр ретінде қолдану (аспапты тікелей қорек көзіне қосу)қысқа тұйықталуға әкеліп соғады- өте қауіпті! Осы жағдайды есте сақтаған жөн!

Вольтметр



hello_html_3122e9c7.jpghello_html_m7eafef9a.gif

Екі санды вольтметр: Айнымалы ток вольтметрі модель, ал жоғарғысы – коммерциялық

төмендегі - Берлин техникалық

университетінің студенттері

қолдан жасап жинаған.

Вольтметр (вольт + (греч. ) μετρεω өлшеймін) — электр тізбектегі ЭҚК немесе кернеуді өлшеуге (анықтауға) арналған өлшеуіш аспап. Тізбекте жүктемеге немесе электр энергия көзіне параллель жалғананды. Идеалды вольметр шектеусіз үлкен ішкі кедергілі болуы тиіс. Сондықтанда, вольтметрдің ішкі кедергісі неғұрлым көп болса, соғұрлым аспаптың әсері де өлшенетін обьектіге әсері төмен және өлшеу дәлдігі де ұлғая түседі. Аз мөлшерлі кернеулер вольтметрлерді тікелей жалғау арқылы өлшенеді де, ал үлкен кернеулер қосымша кедергінің көмегімен өлшенеді. Қосымша кедергі ретінде вольметрге тіркес жалғанатын резистордың кедергісі пайдаланылады.

Вольтметрлер кернеуі өлшенетін элементке немесе тізбекке параллель жалғанатындықтан, олармен жүретін тоқ тізбектің тоғына әсер етпейтіндей аз болуы керек. Осы себепті вольтметрдің ішкі кедергісі өте үлкен етіп жасалады. Бұл вольтметрдің тұтынатын қуатына да әсер етеді: кедергісі өскен сайын вольтметрдің тоғы азаятындықтан, оның қуаты да азаяды.

Омметр


Омме́тр (Ом + (греч.) μετρεω «өлшеймін») — электрлік активті кедергіні өлшеуге (анықтауға) арналған өлшеуіш аспап. Қалыпты жағдайда өлшеу тұрақты ток бойынша жүргізіледі, бірақ, кейбір жағдайда электронды омметрмен айнымалы токты қолдану жат жағдай емес.


hello_html_me92da70.jpghello_html_m7e9d5922.jpg

Омметр Микроомметр MOM600A


Ваттметр

hello_html_m7310f604.gifhello_html_m3f682844.jpg

Тұрақты және айнымалы тоқ тізбектерінде қуатты, әдетте, электродинамикалықваттметрмен өлшейді. Ваттметрдің тоқтық орамасы онымен қуаты өлшенетін элементтің тоғы жүретіндей етіп тіркес жалғанады да, кернеулік орамасы элементтің кернеуіне жалғанады. Қуаты өлшенетін элементтің кернеуі мен тоғының шамасына байланысты ваттметрдің кернеулік және тоқтық орамаларының өлшеу аралықтары реттеліп отырады. Кернеуі және тоғы үлкен айнымалы тоқ тізбектерінде ваттметрлер өлшеуіштік трансформаторлар арқылы жалғанады. Үш фазалы тізбектерде активті қуат бір, екі немесе үш ваттметрмен өлшенеді. Үш фазалы тізбектерде реактивті қуат ваттметрлермен немесе әдейі жасалған аспаптармен (варметрлермен) өлшенеді. Реактивті қуатты ваттметрмен өлшеу үшін оны кернеуі мен тоғының фазалық ығысуы шартын қанағаттандыратындай етіп жалғау керек.



написать администратору сайта