Главная страница
Навигация по странице:

  • Тақырыбы

  • Алаш қозғалысы туралы шолу жасау

  • Ұлы зиялар

  • БӨКЕЙХАНОВ Әлихан (1866-1937)

  • ШОҚАЙ Мұстафа (1890-1941)

  • 1940

  • ЖҰМАБАЕВ Мағжан (1893-1938)

  • Қорытынды .

  • Пайдаланылған әдебиеттер.

  • 70038 Әлеуметтану РЕФЕРАТ. Реферат Таырыбы Алаш озалысы жне Алаш Орда тарихы Орындаан Cураганов Е. Тобы 104 ФТ


    Скачать 95.74 Kb.
    НазваниеРеферат Таырыбы Алаш озалысы жне Алаш Орда тарихы Орындаан Cураганов Е. Тобы 104 ФТ
    Дата29.07.2019
    Размер95.74 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла70038 Әлеуметтану РЕФЕРАТ.docx
    ТипРеферат
    #84597

    Подборка по базе: доклад к реферату.docx, плодовые реферат.docx, Жылу реферат.docx, ЭКОЛОГИЧЕСКИЙ АУДИТ.ОРГАНИЗАЦИЯ ПОДГОТОВКИ А.П.(мой реферат)..do, РЕКОМЕНДАЦИИ по оформлению рефератов, контрольных, курсовых рабо, Катаников. Итоговый реферат. Гингивит..doc, методика преподавания английского языка. реферат.doc, Титульный лист ЗабГУ, для реферата..docx, Титульный лист для реферата (1).docx, Жапония реферат [www.topreferat.kz].doc.

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

    ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ АКАДЕМИЯСЫ



    Реферат

    Тақырыбы: Алаш қозғалысы және Алаш Орда тарихы

    Орындаған: Cураганов Е.

    Тобы: 104 ФӨТ

    Қабылдаған: Нигматтулина Ш.

    Шымкент 2017 жыл.

    Жоспар

    • Кіріспе.

    • Негізгі бөлім.

    1. Алаш қозғалысы туралы шолу жасау

    2. Ұлы зиялар

    • Қорытынды.

    • Пайдаланылған әдебиеттер.


    Кіріспе:

    Алаш” туының астында

    Куә болсын Арымыз!

    Көркейтуге Алашты

    Құрбандық біздің жанымыз!

    Жасасын, Алаш, жасасын! – деп С.Торайғыров өткен ғасырдың басында “Алаш” қозғалысы жайлы жырлаған болатын. Қазақ тарихының ақтаңдық беттерін қарап отырсақ, ұлт, тағдырын, халық қамын жете ойлаған Алаш арыстары қызыл империяға қарсы қаймықпай күресіп, тәуелсіздік үшін жандарын құрбан еткен.

    ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялылары бүкіл қазақ халқы атынан іс – қимыл жасай отырып, отаршылықтың нәтижесінде елді экономикалық және рухани дағдарыстан шығару жолын іздестірді, қазақ халқының мемлекеттігін қалпына келтіріп, халықты жалпы адамзат құндылықтарымен таныстыруға ұмтылды. Қазақстан ұлттық мемлекетінің идеяларының қалыптасуы Алаш қозғалысының идеясынан және Алаш партиясының бағдарламасынан бастау алады. Алаш партиясының бастау көздері, Алашорда үкіметінің саяси рөлі және қазақ зиялыларының халық бостандығы жолындағы күресін және олардың ғылыми саяси еңбектерінің маңызын зерттеудің қажеттілігі өзекті болуда. Алашорда үкіметінің саяси процестегі ақ гвардияшылдармен және Кеңес үкіметі арасындағы қарым-қатынастары, Алаш зиялыларының Алаш қозғалысындағы рөлі толық зерттелмеуде. Қазақ автономиясын құрған кеңес өкіметі емес, Алашорда кеңесі мен Алашорда үкіметі болатын. Алашорда үкіметі 1917жылдың желтоқсан айында құрылды, ал 1919 жылдың желтоқсан айында оны кеңес өкіметі ресми мойындады.

    1919 жылдың сәуірінде А.Байтұрсынов Қазақ Өлкелік революциялық комитетінің мүшесі болып бекітілді. 1920 жылы қазанда Қазақ АССР-і болып өзгертіліп, әкімшілік атқару комитеті қайта құрылды. Біздің тәуелсіздік алу идеямыз 1917 жылы желтоқсан айында құрылған Алашорда үкіметінің құрылуынан басталады.

    Қазақтың сан ғасырлық тарихының ең жарқын беттерін жазған Алаш қозғалысы тарихи-саяси айрықша құбылыс ретінде ұлтымыздың мәдени- рухани даму жолын жаңа арнаға бұрғаны сөзсіз. Өйткені ол Қазақ баласының саясат, мәдениет сатысына көтерілгендігін айғақтай отырып, ендігі жерде ұлт ретінде дербес өмір сүруге, өзге елдермен терезесі тең халық ретінде азат күн кешуге болатындығына әлеуметті сендіре алған жаңашыл козғалыс еді. Қозғалыстың қарқындылығы мен жаңашылдығы – қазақ қоғамы үшін қиын-қыстау сол бір дүбірлі шақта азаттық ұранын салып, іс жүзінде бытыраңқылык пен мемлекеттік институттар қалыптаспаған сахара төсінде дербес мемлекет құруға бел шешіп кірісуінде еді. Алмағайып кезеңде амал тауып, халқының басын қосып, ертеңіне сендірген осындай ұлы топ бұғанға дейін болмағаны тарихтан белгілі. Олар сол тұста кездескен қиындықтардың барлығын жеңе білді, түпкі мақсатқа жету үшін, қандай да болмасын, замана сауалының оңтайлы шешімдерін таба білді. Алаш қозғалысы совет өкіметі тарапынан терістелгенімен, оның идеялары ұлтжанды азаматтардың жүрегі мен санасында өмір сүріп келді. Оның жарқын әрі бұл тартпас мысалы — тәуелсіздіктің қарсаңында Алаш идеясының қайтадан жаңа күшпен жаңғыруы.

    Ес жиып, етек жапқан бүгінгі күнде алаштық идея саналы қазақ баласын, елжанды Қазақ азаматын қайтадан баурап алу үстінде. Мұның басты себебі, Алаш қозғалысының ең ұлы мақсаты — ұлттық тәуелсіз мемлекет құру идеясымен сабақтасып жатқанында еді. XX ғасырдың басында ұлтының теңдігі үшін қауымдасумен де, қаламмен де, қарумен де күреске түскен Алаш қайраткерлерінің пәрменді еңбегі Алаш баласының есінен еш кетпек емес. Оның дәлелі — тәуелсіз Қазақстанның барлық түкпіріндегі қазақ зиялы қауымының ісіндегі, ойындағы алашшылдық сана. Бұл алашшылдық сана уақыт жылжыған сайын қазіргі қазақ қоғамында тереңдей түссе, халқымыздың ұлттық өресі де биіктей бермек.

    Алаш зиялыларының Қазақ даласында ұлттық идеяны негіздегені жөнінде Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» кітабының «Алаш мұрасы жене осы заман» атты тарауында: «XX ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани-зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. Олар қоғамның түрлі тарабынан шыққандар, әрі ең алдымен дәстүрлі дала ақсүйектерінің өкілдері еді. XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамында зиялы қауым қалыптасуының ұрпақтар эстафетасы сияқты сипаты болғанын атап айтқан абзал» — деп көрсеткен болатын.

    Алаш қозғалысымен бірге, мәселен, оның көрнекті қайраткерлері Ахмет Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Тынышбаев, Ә. Бөкейханов, Х. Досмұханбетовтар сонымен қоса Уәлитхан Танашевтың, (Жанша Жаянша) Сейдалиннің, Айдархан Тұрлыбаевтың, Ыбырайым Жайнақовтың, Асылбек Сейітовтің, Тел Жаманмұрыновтың, Аспандияр Кенжиннің, Базарбай Мәметовтің, Иман Әлімбековтің, Әлжан Байғориннің,Садық Аманжоловтың, Мұқыш Боштаевтың, Дәулетше Күсепқалиевтің, Ережеп Итбаевтың, Хамит Тоқтамышевтың, Сейілбек Жанайдаровтың, Нұрғали Ипмағамбетовтың, Әзімхан Кенесариннің, Сейдәзім Қадырбаевтардың да ұлт пен тарих алдындағы еңбектеріне лайықты баға беру, құрмет көрсету — біздің тарихи жадымыздың беріктігі мен азаматтық адалдығымыздың айғағы болмақ. Есімдері аталмаған қаншама азаматтар XX ғасыр басындағы отаршылдық қамытындағы халқы үшін бастарын бәйгеге тікті. Олар сол ерен істері не марапат алмақ түгілі, жеке бастарына қауіп төндіріп алды. Кеңес үкіметінің зымиян саясаты бастапқыда ыдырату мақсатында Алаш қайраткерлерін бауырына тартқан болып, диктатурасы күшейгенде оларды қуғын-сүргінге ұшыратты. Алаштың атымен ұлы іс бастаған оның қай тұлғасы да құрмет пен марапатқа әбден лайық. Біздің құрметіміз бен марапатымыздың белгісі — олардың ұлт алдындағы еңбектерін бағалау, оны ұрпақтың рухани уызына айналдыру. Бұл, түптеп келгенде, өзіміздің ұлттың санамызды қалыптастыру, ел алдындағы перзенттік парызымызды орындау, ұрпағымызға ұлағат дарыту болмақ.

    Еліміздің тәуелсіздігі тарихымызды түгендеуге, рухани болмысымызды бүтіндеуге кең мүмкіндік ашып отырған қазіргі кезеңде ұлт ретінде қалыптасу жолында бедерлене байқалған тарихи белестердің сыр-сипатын зерделеу барынша терең ғылыми ізденістерді кажет етуде. Әлбетте, бұл Алаш козғалысын зерттеуге де тікелей қатысты. Айтулы қозғалысқа тек саяси-қоғамдық тұрғыдан ғана баға беру тарлық етеді. Қозғалыстың өз дәуіріндегі тарихи мәні айқындалып келеді дей отырып, оның рухани жаңғырығының дәйектей түсер тұстары мол. Мәселен, оны аса ірі рухани-мәдени кұбылыс ретінде кешенді түрде қарастырып, осы құбылыстың әлеуметке, жеке тұлғаға ықпалын анықтаудың концептуальды жолдарын қарастырғанымыз абзал. Ең алдымен, Алаш қозғалысының қазақ баласына, адамға, тұлғаға, содан шығып, әлеуметке деген көзқарасын дәйектеуіміз керек. Алаш қайраткерлерінің, қаламгерлерінің еңбектерімен танысқанда, олардың ой-пікірлеріндегі гуманистік аңсарды аңғармау мүмкін емес. Әрбірден соң, қозғалыстың өзі — адамға, ұлтқа деген жанашырлықтан туған гуманистік әрекет. Ұлттың еркіндігі мен азаттығы, оны құрайтын жеке адамдардың бақыты мен теңдігі ұранын көтерген қозғалыс — білімі кемел, ой-өрісі кең, мәдениеті жоғары, адам мен қоғамның мәселелерін жетік білетін ұлтшыл ғана емес, гуманист азаматтардың белсенділігінен туғанына күмән келтірмесек, онда бұл тарихи-саяси құбылыстың діңгегі — елжандылық пен адамсүйгіштік екендігіне шүбә келтірмегеніміз жөн. Алаш қаламгерлері шығармашылығында қазақ әдебиетінде толымды түрде ана тақырыбы, әйел теңдігі мәселесі — басты тақырыптардың біріне айналды. Ізгілік пен адамгершілікке құрылған осы туындыларда гуманистік идеал, гуманистік ой алдыңғы қатарға шығып, ұлттың адамсүйгіштік қасиеттері бейнеленді.

    Алаш қозғалысының тарихы — отандық ғылым үшін қазақпен бірге жасайтын мәңгілік тарих. Ұлтының мәңгілігін ойлаған ұлы азаматтардың жүріп өткен жолын, ерлікке татырлық еңбектерін бағалау – есі бар ұрпақтың жадынан шықпайтын қастерлі борышы деп білеміз. Бұл бағытта осы уақытқа дейін бірқатар үлкенді-кішілі ізденістер жасалды. Әсіресе К.Нүрпейісовтің, Ғ.Ахмедовтің, Р.Нұрғалидың, М.Қойгелдиевтің, Т.Омарбековтің, Ү.Субханбердинаның, Т.Жұртбайдың, М.Әбдешевтің, М.Құл-Мұхамедтің, Ө.Әбдиманұлының, Ғ.Әнестің, Д.Қамзабекұлының, М.Төж-Мұраттың, А.Ісмақованың, Ә.Қараның, Д.Аманжолованың, А.Махаеваның, Д.Сүлейменованың, К.Ілиясованың, Қ.Сақтың т.б. еңбектері — алаштануға қосылған қомақты үлес. Алаш тарихы, әлбетте, сан тарапты зерттеулерді қажет етеді десек те, біздің ойымызша, қазіргі кезеңде Алаш қозғалысының мәнін, идеяларын халық санасына сіңіру — қазақ қоғамы үшін аса көкейкесті мәселелердің бірі. Өйткені Алаш козғалысының идеялары — ұлтымыз үшін ең қасиетті, ең қымбатты құндылық — тәуелсіздігімізді нығайтумен сабақтасып жатыр.

    Осы ұлттық мұраттан шыға отырып, Алаш қозғалысының басты болмысын көрсетуге жәрдемі тиер деген мақсатпен анықтамалықты құрастыруды жөн санадық. Анықтамалық Алаш қозғалысына, Алаш партиясына, Алашорда үкіметіне қатысты басты деректерді қамтиды. Анықтамалықта алғаш рет Алаш қайраткерлерінің өмірбаяндары жинақталып берілді. Алаш қозғалысына қатысты деп табылған алты жүзге жуық тұлғаның тізімі жасалды. Олардың Алаш қозғалысына қатыстылығы деректермен дәйектеліп берілді. Қозғалыс тарихына байланысты құжаттарды, сол кезеңдегі баспасөз беттеріндегі материалдарды, қазіргі тарихшы ғалымдардың зерттеулеріндегі, энциклопедиялық басылымдардағы ақпараттарды сараптай отырып, қозғалысқа тікелей қатысы бар тұлғаларды ғана іріктеліп алынған. Әрине ұлттың басын қосқан сол бір тарихи кезеңде Алаш идеясын қазақтың басым көпшілігі қолдағаны анық. Бірақ олардың барлығын тізімге енгізе беру, әрине, мүмкін емес. Бұл тізім бұдан ұзағырақ болуы әбден мүмкін, бірақ тізімге ойдан бірде-бір адам қосылмаған. Алаш қозғалысының толық шынайы тізімін жасау еш мүмкін емес сияқты. Өйткені облыстарда, уездерде, болыстарда, Алаш әскерінде болған адамдардың толық тізімі еш жерде сақталмаған. Жаратқанның жазуымен Алашқа айрықша еңбек сіңірген тұлғалардың есімдері ғана бүгінге жетсе керек. Тізімге енгізген алаштықтардың барлығының өмірбаян деректерін табу мүмкін болмағандықтан жүзден астам тұлғаның өмірбаяндары берілген. Анықтамалықпен танысқан азаматтар ішінен кейбір алаштықтардың өмірбаянын білетін адамдардың шығатыны сөзсіз. Біздің анықтамалық шығарудағы мақсатымыздың бір парасы — көпшілік арасынан осындай дерегі бар адамдарға қозғау салу, сөйтіп Алаш тарихын толықтыра түсу.

    Кітаптың «Алаштаным» бөлімінде қозғалысқа қатысты деректер мен оқиғалар, ұйымдар мен баспасөз құралдарының атаулары, Алаш қозғалысын зерттеген ғалымдардың өмірбаяны қамтылды. Анықтамалықтың келесі бөлімі «Алаш жылнамасы» деп аталынып, оған 1905-1930 жылдар аралығындағы Алаш қозғалысына қатысты деректер енгізілді. Кітап соңында берілген қосымшада Алаш қозғалысының болмысын байқатуға тиісті әртүрлі аса маңызды құжаттар топтастырылды.

    Ата-бабаларымыздың қазақ елінің тәуелсіздігі мен азаттығы жолындағы күрестері, істері, ұрандары — бүгінгі ұрпаққа үлгі һәм аманат. Қазіргі қол жеткен еркін шағымызды баянды ету үшін біз азаттық жолы арман болған ата ұрпақтың аманатына берік болуды борышқа айналдыруымыз қажет. Ал бүкіл қазақ даласын осыдан бір ғасырдай уақыт бұрын Алаш рухына бөлеген ұлы қазақтар аманатының жөні бөлек. Біздің ата рухы алдындағы адалдығымыз бен перзенттік парызымыз Алаштың аманатын санамызға сіңіру, соған лайық еңбек ету, өткенге құрмет көрсету. Ал құрметтің көкесі — Алаш идеясын бүгінгі жас ұрпақ бойына сіңіру.

    Алаш идеясы — ұлтты біріктіруші, тұтастырушы идея ретінде қашан да қазақпен бірге жасайды десек, онда сол орасан мақсатты орындау үшін қазақтың тілі мен мәдениеті, өнері мен әдебиеті, тарихы мен салт- дәстүрі, айналып келгенде, қазақты ел ететін, мемлекет ететін рухани олжасы Қазақстанда айрықша орынға ие болу керек. Сонда ғана ұлттығымызды әлемге әйгілейтін, жасампаздығымызды жаһанға жариялайтын тұрпатымыз бен тұлғамыз айқын көрінбек. Тағылымды істі аманат ретінде қабылдау — алаш баласының әуелгі қасиеті, дәстүрлі жоралғысы десек, Алаштың жолы, Алаш кайраткерлері қалыптастырған ұлттық санамызды жаңғырту сапары — бүгінгі тәуелсіздігімізді тұғырлы етер берік ұстанатындардың бірегейі болатынын естен шығармағанымыз абзал.

    БӨКЕЙХАНОВ Әлихан (1866-1937) - ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда үкіметінің төрағасы, аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым, публицист, аудармашы. Санкт- Петербургтегі орман техникалық институтының экономика факультетін бітірген. Окуын аяқтаған соң Омбы орман шаруашылығы училищесінде педагогикалық және ғылыми кызметпен айналысты. 1904 жылы орыс шаруаларының Қазақстанға коныс аударуы жөніндегі материалдар дайындаған Ф. А. Щербиннің экспедициясының кұрамында жұмыс істеді. Конституциялык - демократиялық партияның мүшесі, бірінші шақырылған Мемлекеттік Думаның депутаты болды. Патша самодержавиесінің отаршыл саясатына қарсы қызметі үшін бірнеше рет түрмелерде отырды. «Қазақ» газеті арқылы оқу ағартушылық қызмет жүргізді. 1917 жылы Ә. Бөкейханов Қазақстан бойынша Уакытша үкіметтің комиссары болып тағайындалды. «Алаш» ұлттық саяси партиясын құрды, 1917 жылы желтоқсанда екінші бүкілқазақтық төтенше құрылтайда оның бастамасымен Қазақ автономиясы — «Алашорда» жарияланды. Бөкейханов Азамат соғысы жылдары Кеңес өкіметінің ұлттық автономияны сақтау жөніндегі декларациялық уәдесіне байланысты басқа алашордашылармен бірге белсенді саяси және мемлекеттік кызметтен уакытша бас тартуға мәжбүр болды. Ә. Бөкейхановтың басты максаты казақтардың дербес мемлекетін құру еді. Өмірінің соңғы жылдарын Мәскеу қаласында өткізді. 1937 жылы атылды. 1988 жылы ақталды.

    БАЙТҰРСЫНОВ Ахмет (1873-1938) - қазақ халкының XX ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалыс жетекшілерінің бірі, ақын, түркітанушы ғалым, аудармашы, педагог-ағартушы, публицист, қоғам қайраткері, лингвист, қазақ әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі. Торғай орыс-қазақ училищесінде, Орынбор мұғалімдер семинариясында оқыды. Ауылдык, болыстық мектептерде, екі сыныптық орыс-қазақ училищелерінде ұстаздық етті. А. Байтұрсынов «Алаш» партиясы басшыларының бірі болды, Қырғыз (Қазақ) өлкесі Әскери-революциялық Комитетінің мүшесі болып сайланды. В. И. Ленин қол койған мандат алып комитет кұрамында жүмыс істеді, Қазақ АКСР-ін құруға елеулі үлес қосты. Қазақ АКСР-і қүрылған соң үкімет құрамына кіріп, оку-ағарту халық комиссары болып жүмыс істеді. Соңынан «Ақ жол» газетінде, Оку-ағарту Халык Комиссариатының жанындағы академиялық орталықта кызмет етті. А. Байтұрсынов тілтану мен әдебиет зерттеу жөнінде бірқатар еңбек-тер жазды. Қазақ жазуына реформа жүргізудің қағидаларын белгілеп, бірінші қазақ әліппесінің авторы атанды. Қазақ жазуына реформа жасаудың ол ұсынған жобасы прогресшіл зиялылардың арасында қолдау тауып, 1924 жылы ресми түрде қабылданды. 1929 жылы ешбір негізсіз тұтқындалып, түрмеде отырды, соңынан Архангельскіге жер аударылды. 1934 жылы М. Горький мен оның әйелі Е. П. Пешковалардың араласуымен, Халықаралық Қызыл Крест ұйымының көмегімен босатылды. Бірақ еркіндік көпке созылмай, 1937 жылы қайта тұткындалды. Ату жазасына бұйырылды. 1988 жылы ақталды.

    ДУЛАТОВ Міржақып (1885-1935) - Алаш қозғалысының қайраткері, көрнекті қазақ ақыны, жазушы, педагог, қоғам қайраткері. Педагогикалық курстарды бітірген соң ауыл мектебінде мұғалім болып істеді, орыс және батыс жазушыларының шығармашылығын өздігінен оқып үйренді. М. Дулатовтың өмірі мен шығармашылығы «Алаш» партиясы мен «Алашорда» үкіметімен тығыз байланысты. Ол «Алаш» партиясы мен «Алашорда» үкіметінің бағдарламалық құжаттарын дайындауға қатысты, А. Байтұрсыновпен бірге қүқықтық мемлекет қағидаларын жасады. Ол халық тарихында бірінші рет ашыққандарға көмек беру қорын ұйымдастырды. М. Дулатов өз әңгімелері мен өлеңдері жарияланып тұрған бірінші қазақ журналы «Айқаптың» жұмысына белсене араласты. 1917-1919 жылдары «Қазақ» газетінің редакциясында, кейінірек «Ақ жол», «Еңбекші қазақ» газеттерінде жұмыс істеді. Қазақ мемлекеттік университетінде ұстаздык етті. Саяси лирика шығармаларын жазған М. Дулатов Пушкин, Лермонтов, Шиллер шығармаларын қазақ тіліне аударумен де айналысты. 1910 жылы жарияланған қазақ әдебиетіндегі бірінші роман «Бақытсыз Жамалдың» авторы. «Оян, қазақ!» атты өлеңдер жинағы үшін ақын бір жарым жылын түрмеде өткізді. «Азамат» өлеңдер жинағы мен «Терме» атты көркем-публицистикалық жинағымен де танымал. М. Дулатов Абай шығармашылығы, Ш. Уәлиханов, А. Байтұрсыновтардың мұралары, қазақтар мен қырғыздардың шығу тегі жөнінде зерттеу мақалаларын да жазды. 1928 жылы М. Дулатов тұтқындалып, 10 жыл бас еркінен айыруға үкім етілді. Екі жыл түрмеде өткізіп, соңынан Соловецк лагеріне жер аударылды. Сонда 1935 жылы 5 қазанда қайтыс болды. Қайтыс болғаннан кейін ақталды.

    ШОҚАЙ Мұстафа (1890-1941) - аса көрнекті саяси, қоғам жөне мемлекет кайраткері, публицист, журналист, гуманист, демократ. XX ғасыр басындағы
    еліміздің тәуелсіздігі мен бостандығы жолындағы күрескерлердің ірі өкілі.
    Бастауыш білімді отбасында алып, Ташкент гимназиясын орыс тілінде бітірді.
    Петербург университетінің заң факультетін үздік бітірді. 1917 жылдың
    ақпанына дейін Мемлекеттік Думадағы мұсылман фракциясының Түркістан
    жөніндегі істері бойынша хатшысы болып істеді. Петербургтен Түркістанға
    кайтып оралған соң либерал-демократиялық азаттық қозғалыс басшыларының бірі болды. 27 жасында ол бүкіл Түркістандағы ұлт-азаттық қозғалыстың бас-шыларының біріне айналды. Түркістан (Қокан) Республикасының құрылуымен қорғаныс министрі, үкімет төрағасының орынбасары, төрағасы қызметтерін атқарды. Қазан ре-волюциясына қарсы болды. Қоқан автономиясы қуып таратылған соң шетелге эмиграцияға кетті. Антикеңестік оппозицияның көрнекті өкілі болды. Шетелде журналдар шығарып тұрды. Өзінің көптеген мақалаларында, әсіресе «Кеңестердің билігіндегі Түркістан» атты кітабында большевиктер партиясы мен Кеңес өкіметінің Қазақстан мен Орта Азия республикаларындағы әлеуметтік-экономикалық және ұлт саясатын сынға алды. Мұстафа Шоқай Орта Азия мен Қазақстан халықтарының ежелгі ірі бай мәдениеті мен тарихын насихаттаған ағартушы болды. Ол орыс әдебиетінің білгірі саналып, ағылшын, француз, неміс, түрік және араб тілдерін тамаша меңгерді. Ол бүкіл өмірін Орта Азия мен Қазақстан халықтарының ар-абыройы, шындығы жолындағы күреске арнады, оның жаны мен жүрегі өз туған халқымен әрдайым бірге болды. Қоқан Республикасы талқандалған соң Грузия мен Түркия арқылы қашып, Германияга, Берлинге келіп орналасты. Ол мұнда Ресейлік мұсылман эмигранттардың ұйымын басқарды, ғылыми жұмыспен айналысып, «Еңи Түркістан» мен «Яш Түркістан» журналдарын басып шығарып түрды.
    1940
    жылы маусымда М. Шоқайды фашистер тұтқындап, Компьен лагеріне жабылды. 1941 жылы желтоқсанда Берлинде жұмбақ жағдайларда қайтыс болды. А. Шульгин ол жөнінде: «бұл түркістандық сонымен бірге жоғары білімді Еуропалық болды, «жеке өзі» бүкіл елді көрсете алатын еді» деп жазды.

    ЖҰМАБАЕВ Мағжан (1893-1938) - Алаш қозғалысының қайраткері, ақын, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, аудармашы, педагог. Мұсылманша бастауыш білім алып, Уфа қаласындағы «Ғалия» медресесін бітірді. Омбы мұғалімдер семинариясында оқып жүрген кезінде «Бірлік» жастар ұйымының жұмысына белсене араласты. 1923-1927 жылдары Мәскеуде Жоғарғы әдебиет-көркемөнер институтында оқыды. Осы жылдары Д. Н. Мамин-Сибиряк, М.Горький т. б. шығармаларын, В. И. Лениннің бірқатар еңбектерін қазақ тіліне аударды. 1927 жылдан бастап өзін педагогтік кызметке арнады.М. Жұмабаев Бірінші жалпықазақ съезінің шешімі бойынша Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылды. «Алаш» партиясының Ақмола облыстық комитетінің мүшесі болды. «Бостандық туы», «Ақ жол», «Шолпан» басылымдарының жұмысына араласты, бірақ белсенді саяси кызметпен айналысқан жок. М. Жұмабаев Қазақстан педагогикалык ғылымының бастауында тұрды. Ол газеттер мен журналдарға кептеген мақалалар жазып, біркатар окулықтар мен әдістемелік құралдар дайындады. Оқу-ағарту саласында еңбек ете жүріп, «Педагогика», «Бастауыш мектептегі ана тілін оқыту жөні», «Сауатты бол!», «Әліппе», «Тарту», «Оқу-жазуға үйрету», «Ересектерге оқу кітабын» жариялады. Мағжанның поэзиядағы алғашқы қадамдарынан-ақ жарқын, өзіндік таланттың белгілері аңғарылды. «Шолпан» өлеңдер жинағы ақынды кеңінен танымал етті. Ол «Батыр Баян» поэмасын, Түркістан туралы өлеңдер топтамасын, «Қойлыбайдың қобызы», «Оқжетпестің қиясында» поэмаларын жазды. М. Жұмабаев шығармаларында Шығыс халықтары мен Батыстың рухани ағындары ұштасқан Орта Азия мен Қазақстан аймағындағы ақындардың алғашқы ұрпағына жатады. М. Жұмабаев үшін жалған айып тағылып, тұтқындалуы, 10 жылға бас бостандығынан айырылып, Карелияға жер аударылуы ауыр сынақ болды. Бакытқа орай, бұл жолы М. Горький мен оның әйелі Е. Пешковалардың ара түсуі М. Жұмабаевты НКВД-ның қатыгездігінен құтқарды. Шығармашылық жоспарлары мол, еңбек етуге құлшынған, жер аударудан босатылған ақын үйіне қайтып оралады. Алайда бостандықта болу ұзаққа созылған жок. 1937 жылы 30 желтоқсанда қарадай жағылған жаламен тұтқындалып, 1938 жылы атылды. 1988 жылы ақталды.

    Қорытынды.
    Ғасырлар бойы ата – бабаларымыз ұлан – байтақ қазақ жерін, елін тұлпардың үстінде жүріп, найзаның ұщымен, білектің күшімен қорғаса. Ал “Алаш” қозғалысының қайраткерлері саяси күресті ойлап тапты. Оларды да сүріндірді, бірақ құлата алмады. Қазақ халқының маңдайына азаттықтың ақ таңын көру 1986 жылы желтоқсан оқиғасынан кейін бұйырыпты.
    Міне, тәуелсіздік алғанымызға биыл 26 жыл толды. Еліміздің тұғыры биік тәуелсіздігін сақтап, мақтан тұтайық!

    Пайдаланылған әдебиеттер.

    1. Нүрпейісов К.Алаш һәм Алашорда. Алматы: Ататек, 1995. – 256б.

    2. Алаш қозғалысы: құжаттар мен материалдар жиынтығы. Алматы: Алаш, 2005.

    3. «Алаш» қозғалысы. — Алматы, 2008.


    написать администратору сайта