Главная страница
Навигация по странице:

  • Кештің көрнекілігі

  • 2-жүргізуші

  • Ақ мамам»

  • 8 наурыз сценарий. Мерекелік кешті басты масаты


    Скачать 21.96 Kb.
    НазваниеМерекелік кешті басты масаты
    Дата23.04.2019
    Размер21.96 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла8 наурыз сценарий.docx
    ТипДокументы
    #74980

    С этим файлом связано 2 файл(ов). Среди них: 8 наурыз сценарий.docx, Сын есімнен өткенді қайталау.docx.
    Показать все связанные файлы
    Подборка по базе: 1 Информатиканың басты ұғымы.docx

    Мерекелік кештің басты мақсаты: Нәзік жанды аруларымыздың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеп, оларға қуаныш сыйлау. Оқушылардың оларға деген ізгі ниеттерін көрсету.
    Кештің көрнекілігі: Елбасы жолдауы, Жолдаудан үзінді жазылған қағаздар, ұлағатты сөздер, суреттер, шар, шақыру билеті, үнтаспа, гүл т.б.
    Кештің барысы: Қонақтарды кешке шақыру, оларды қарсы алу, тілек білдіру, өнер көрсету, құттықтау сөздер, қорытынды сөз, жалпы қорытынды жасау.

    Балдай тәтті баламыз

    Ақылдымыз данамыз

    Аналардың мейрамын

    Бірге қарсы аламыз.
    В добрый день Восьмое марта

    Мамам нашим шлем привет!

    «Мама» — слово дорогое,

    В слове этом жизнь и свет.
    I love mother, she loves us

    We love daddy, he loves us

    He loves us and so you see

    We are a happy family


    1. жүргізуші:

     Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар 
    Аналардан туған небір даналар. 
    Ана деген тіршіліктің тірегі, 
    Армысыздар, құрметті аналар! 
    Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі тәрбиешілер! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес. Олар - өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналар мен ажарлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса, бүгінгі «Аяулы анашым» - атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады. 

    2-жүргізуші: Қош келдіңіздер, құрметті аналар мен мектебіміздің ұстаз, қыздары! Бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге сарқылмайтын денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз. Осы күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым біздердің жанымызда жүре беріңіздер.

    1-жүргізуші: 
    Әлемдегі ең ақылды, дана боп, 
    Нұрын шашар жақсыларға пана боп. 
    Кім-кім болсын сені алақанында, 
    Мейірлене ешкім сүймес ана боп. 

    2-жүргізуші: Алақаны жылылықтан балқыған, 
    Бір күлкісі бар әлемді шарпыған. 
    Бұл сезімге ие болған барша жұрт, 
    Әрқашан да мол байлықта шалқыған, – дей отырып ұл-қыздарыңыздың жүрекжарды тілектерін қабыл алыңыздар!

    1 - жүргізуші:
    Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
    Бишілер билеп кетті тербетіле.
    Аққудай қалықтаған теңіздегі,
    Бишілер өнерлерін көрсетуде, - дей отырып келесі кезекті мың бұралған бишілерге береміз.
    2 - жүргізуші:
    Ана деген – бастауы ұлылықтың
    Ана деген - рәмізі сұлулықтың
    Ана деген - бір жыр бар шырқалатын
    Асқақтатар биікке ұрпақ атын
    Олай болса қарсы алайық
    Дауысына сүйсініп тамсанайық
    Ерке ұлдың талантына тәнті болып,
    Уа, халайық, жұмыла қол соғайық!
    1 - жүргізуші:
    Әркімнің де өмірден аласы бар,
    Аласы бар адамның анасы бар.
    Мерекесін құттықтап аналардың,
    Өнерлерін жолдайтын апалардың баласы бар.

    2 - жүргізуші:
    Күнінде гүл көктемнің нұрын шашып,
    Жасқанбай әр қадамын нық - нық басып,
    Биімен көрерменді тәнті ететін
    Арулар келді міне толқып, тасып. Ортада «__________________» биі қарсы алыңыздар!
    1 - жүргізуші:
    Аналарды сүйеміз,
    Ақылын ойға түйеміз.
    Аналарды ардақтап,
    Әдеппен бас иеміз!
    2 - жүргізуші:
    Ана деген жан екен,
    Ана деген ән екен.
    Ұстаз - ана, әжелер,
    Үстем болсын мерейің, – деп ортаға... сынып оқушыларының аналарын шақырып, келесі кезекті «Тапқыр бала» ойынына береміз. (Оқушылар көзін орамалмен байлаймыз. Өз аналарын табуы керек).
    1 - жүргізуші: Ана – барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы. қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!
    2 - жүргізуші: Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры арқылы аңыз ертегілері мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналардың құдіретті сезімдеріне арналған әсем әнді қабыл алыңыздар. «___________________» әні.
    1 - жүргізуші:
    Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,
    Жүрегіңе, жүрегімді жалғадым.
    Өзің мына сыйға берген өмірде
    Ақ сүтіңді ақтап өту - арманым.
    2 - жүргізуші:
    Барша ана, құтты болсын мерекеңіз
    Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
    Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам.
    Сонда біз кісілікке теңесеміз, – деп келесі кезекті оқушылар арнауына береміз

    1 - жүргізуші:
    Кең кеудеңе гүл болып тағыламын,
    Жұлдызындай көгінде жағыламын.
    Алыс кетсем аңсаймын сағынамын,
    Анам менің, асылым, лағыл әнім. Алдарыңызға әнші қыздарыңыз «Ақ мамам» атты әнін қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар!
    2 - жүргізуші:
    Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
    Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың
    Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
    Кең құшағың аясындай гүл бақтың.
    Ер жеткізіп елге берген баласын,
    Ақылдысың, ардақтысың, данасың!
    Қарайтыным қас - қабағың бір сенің,
    Қайратыңнан қайта көрме, анашым!
    1 - жүргізуші:
    Дүниедегі ең кемеңгер дананы
    Ана табады, аялайды, бағады.
    Сол үшін де құдіретіне бас иіп,
    Құрметтейік қасиетті ананы, – деп көрермендеріміз аналар жайлы даналық сөздерді қаншалықты біледі екен? Байқап көрейік? Ойын шарты: Біз мақалдың басын айтамыз, сіздер жалғасын табуларыңыз керек.
    1. Алып анадан туады,
    Ат биеден туады.
    2. Ананың алақаны – балаға айдынды қоныс.
    3. Ана сүтін ақтамағанды ешкім жақтамайды.
    4. Атыңа ауыр жүк артпа,
    Анаңа ауыр сөз айтпа.
    5. Анасын сыйламағанды адал деме,
    Ұстазын сыйламағанды адам деме.
    6. Тапқан ана емес, баққан ана.
    7. Анаңа рақым етпесең,
    Балаңнан рақым күтпе.
    8. Анаға баланың алалығы жоқ.
    9. Ердің анасы – елдің анасы.
    10. Ананың ізін қыз басар,
    Әкенің ізін ұл басар.
    11. Анасын сүйгеннің баласын сүй.
    12. Анасын көріп қызын ал,
    Аяғын көріп асын іш.
    2 - жүргізуші:
    Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
    Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
    Қалайша аяулы ана тына алармын
    Ән болып сағыныштан ақтарылмай,- деп абзал аналарымыз бен ардақты ұстаздарымызға арнап «________________» әні.

    1 - жүргізуші: Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік!
    Мерекелік кешімізді қорытындылау үшін сөз кезегін директорға береміз.
    2 - жүргізуші: Қайран ана, өз перзентін әдемі не ұсқынсыз, ақылды не ақымақ, мейірімді не рақымсыз, кесір - қырсық болса да бәрібір шексіз сүйеді. Дүниеде ананың көз жасынан салмақты, одан ауыр таразы басын басатын ештеңе жоқ. Өйткені ананың көз жасы өзінің киесімен ауыр.
    1 - жүргізуші: Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды, оны көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп аяғынан тік тұрғызады. Өмір есігін жаңа ашқан баланың бойына елінің рухын сіңіретін, жылуын тарататын ана. Ана баланың амандығын, бақытты, абыройлы болуын тілейді. Бойымыздағы ең жақсы қасиеттер бізге алдымен анадан тарайды. Ендеше, анамызды сыйлап, құрметтейікші! Осымен бүгінгі «________________________________» атты мерекелік кешіміз аяқталды. Көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет! Келесі кездескенше аман – сау болыңыздар! 8 наурыз құтты болсын! Тағы да мерекелеріңізбен!


    написать администратору сайта