Главная страница

9 сынып 1-34 сабақ-1-1. Мектеп Мерзімі 09. 2019ж. 1 саба Сабаты таырыбы мір жолын тадау ндылы Аиат асиеттер


Скачать 0.75 Mb.
НазваниеМектеп Мерзімі 09. 2019ж. 1 саба Сабаты таырыбы мір жолын тадау ндылы Аиат асиеттер
Дата22.01.2020
Размер0.75 Mb.
Формат файлаdoc
Имя файла9 сынып 1-34 сабақ-1-1.doc
ТипДокументы
#105359
страница1 из 14

Подборка по базе: Лермонтов атындағы орта мектеп.docx, Лермонтов атындағы орта мектеп.docx.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

Мектеп: Мерзімі: .09.2019ж. №1 сабақ Сабақтың тақырыбы: ӨМІР ЖОЛЫН ТАҢДАУ Құндылық: Ақиқат Қасиеттер: ойдың, сөздің және істің бірлігі, өз-өзіне адал болу, жақсыдан жаманды ажырата білу, қарапайымдылық. Пән мұғалімі: Сыныбы: 9 «а,ә,б,в»

Сабақтың мазмұны

Ресустар

Сабақтың мақсаты: Өмір шындықтан қаланғанда ғана нағыз өмір екендігін түсіндіру.

Міндеттері:

Білімділік: - ойдың, сөздің және істің бірлігі парасаттылықтың негізі екендігін ұғындыру;

Дамытушылық: - өз-өзіне адал болу, жақсыдан жаманды ажырата білуге баулу;

Тәрбиелік: - қарапайымдылыққа тәрбиелеу.

Сәлемдес

сабақтың мақсаты мен міндеті таныстырылады.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесін сақтау Тазалық, Тәртіп, Татулық, Тыныштық, Талап.

Тыныштық сәті: Жағымды күйге ену, «Нұрға бөлену».
2. Үй тапсырмасын тексеру.

- Жазғы демалысты қалай өткіздіңдер?

- Сағыныш дегенді қалай түсінесіңдер?

- Өз бойларыңнан қандай өзгеріс байқадыңдар?

- Өздерің бір жасқа есейгендеріңді қалай түсінесіңдер?

Үй тапсырмасын тексеру

Сұрақ -жауап

3. Дәйексөз

« Егер мақсатың болмаса, түк те тындыра

алмайсың, ал мақсатың мардымсыз болса,

ешқандай көрнекті нәрсе тындырмайсың.»

Д. Дидро

  • Дәйексөздің мағынасын түсініп алыңыздар




4. Әңгімелеу Ахмет Байтұрсынов

Әдебиет танытқышы (үзінді)

Адам бала күнінде тысқы ғаламдағы көзге көрініп, денеге сезіліп тұрған нәрселерді ғана танумен болады. Есі әбден кіргенше өзгеден өзін айырмайды, өзгенің істегенін істеп, дегенімен болады . Есейген сайын өзінің өзгеден басқалығын біліп, өзіне ұнағанын істеп, ұнамағанын істемей, қиықтық(1) шығара бастайды. Ержеткен сайын дүниенің ісіне өзінше сүйініп, өзінше күйініп, өзінше жол тұтып, өзінше өміріне жол белгілеп, жақсылық , жамандық қа өз көзімен қарап, өзінше сынап, өзінше бағалап, өзінше пікірлейтін болады. Өз алдына мұңы, мұраты, мақсаты, мүддесі болып, сол мұрат-мақсатына жету талабына кіріс- кен жерде тысқы ғаламға(2) тиісті жердің шегіне келіп, ішкі ғалам мен тысқы ғалам екеуі кездесе ді. Сонда ішкі ғаламның ниетіне тысқы ғаламның шарттары тура келмей , екеуі ілінісіп, ұстаса кетеді. Задында(3), тіпті мүддесі жоқ адам болмайды. Адам болған соң, оның көңілі бір нәрсені тілемей тұрмайды, көңілі тілеуіне қарай бір нәрсе істемей тағы да тұрмайды. Көңілінің тілеуі де, ол тілеуінің жолында ғы ғамалы да адамына қарай түрлі болады, неғұрлым қайратты болса, соғұрлым мақсаты да зор болады. Ұсақ адам- ның мақсаты да ұсақ болады. Біреу жер жүзін өзіне қарату, бағындыру талабында болады , біреу дүниеге атағын жаю талабында болады; біреу дүние нің сырын танып, адамның көзін ашып, білімін арттыру талабында болып, сонымен өмірін өткізеді. Біреу адам бала сын теңгеріп, арасына әділдік орнатып дүниеден жұмақ жасау талабында болып, өмірін сонымен өткізеді. Біреулер тек дүние жию, бай болу мақсатпен өмір өткізеді; әйтеуір тілеусіз, мақсатсыз адам жоқ. Аз болсын, көп болсын әркім нің мұраты бар. Ұлы болсын, ұсақ болсын әркім нің мұраты бар. Тілеусіз, мақсатсыз адам болмаған соң, талас- сыз, тартыссыз да адам жоқ. Әркім әліне қарай таласады, тарты сады. Талас, тартыс – табиғаттың негізгі заңының бірі. Табиғат тас жүрек, қанша өтініп жалынсаң да, жағынсаң да, өзінің заңынан бұрылмайды. Табиғаттың заңы қатты, үкімі рақымсыз: жолы толып жатқан кер4 мен кедергі; ісі шынжыр қатар тіркес кен себеп пен салдар болып, алды-артыңды ораған шырмау. Өз еркім өзімде, өз ісіме өзім қожа, өзім себеппін деп жүрген адам тұрмыс ісінің орауы нан, шырмауынан әрі аса алмайды. Табиғат заңы мейірімсіз, мерзімсіз бір тағдыр: дауылды тоқтатуға, жазды ұзартуға, қысты қысқартуға, суды жоғары ағызуға еш адамның қолынан келмейді; сол сияқты табиғат заңы адамда, адам әлеуметінде де бар. Адам қанша дана, білімді болса да, қанша қаһарман, қайратты болса да, әлеумет оның мақсатын ұқпайтын болса, қайраткер қамалға жалғыз шапқан батырдай әлек болмақ.

1. Мәтіндегі «... тіпті мүддесі жоқ адам болмайды» деген тұжырымды қалай түсінесіздер? Жауаптарыңызды нақты мысал келтіріп, дәйектеңіздер.

2. Автордың «ішкі ғаламның ниетіне тысқы ғаламның шарттары тура келмей, екеуі ілінісіп, ұстаса кетеді» деген ойы нені білдіреді деп ойлайсыздар? Өз пікірлеріңізді ортаға салыңыздар.

3. «Ұсақ адамның мақсаты да ұсақ болады» деген пікірмен келісесіздер ме? Неліктен кейбір адамды ұсақ адам деп атайды?

4. Адам қандай қасиеттері арқылы өзінің өмір жолын белгілеп, жақсылық, жамандықты айырып, өзінше сынап, өзінше бағалай алады деп санайсыздар?

5. Сіздің ойыңызша, мәтінде қандай жалпыадамзаттық құндылықтар туралы айтылады? Аз болсын, көп болсын әркімнің мұраты бар. Ұлы болсын, ұсақ болсын әркімнің мұраты бар.

6. Адамның бойындағы қандай қасиеттері оның адамдық болмысын көрсетеді? Мысал келтіріңіз.

7. Өзіңіздің өмірлік мақсатыңыз қандай? Мақсатыңызға жетудің жолдары қандай деп санайсыз?


(1)Қитар

лық, қияң-

қылық.

(2) Бүкіл жер жүзі, әлем.

(3) Тегінде, негізінде.

5. Шығармашылық жұмыс

1 - тарсырма: . Қанатты сөздердi оқып, негiзгi ойын анықтап, бүгiнгi өмiрмен байланыстырып, өз ойларыңызды ортаға салыңыздар.

Фалес: «Ең қиын іс – өзіңді-өзің тану, ең оңай іс – басқаға ақыл айту».

И. Гете: «Өзіңді қалай танып білуге болады? Тіпті де құр түйсінумен емес, тек қана іс-әрекет арқылы. Өзіңнің борышыңды орындап көрсең болды, өзіңді тани кетесің».

Абай: «Қашан бір бала ғылым-білімді махаббатпен көксерлік болса, сонда ғана оның аты адам болады»

. • М. Горький: «Мен армандағыш, ізденгіш, жаны тыным таппайтын кісілерді ұнатамын. Ал дегеніне жетісімен тоқтай қалған адамның мен үшін ешқандай қызығы жоқ».

Л. Фейербах: «Күшіне сенген адам ғана мақсатына жете алады»

. • Б. Момышұлы: «Үміт өрге тартады, үмітсіздік көрге тартады».
2-тапсырма. Кестеде берілген ұғымдарға сәйкес мағыналарын табыңыздар.

Ұғым

Анықтамалары

1. Ғалам

2. Мұрат

3. Мүдде

4. Рақым

5. Сенім

6. Талап


а) Алға қойған мақсат, тілек, арман.

ә) Күткен үміт, ықылас, ниет.

б) Ынта, ықылас, жігер, міндет, жауапкершілік.

в) Бүкіл жер жүзі, әлем.

г) Қайырым, мейірім, шапағат.

ғ) Белгілі бір істі, жоспарды орындау жолындағы ойлы мақсат, асқақ арман.


3-тапсырма: Өмір жолын таңдаудың қаншалықты күрделі әрі жауапты екендігін түсіну үшін төменде берілген мәтінмен танысып шығыңыздар және «Өмір жолын таңдау» тақырыбы бойынша пікірталас ұйымдастырыңыздар. Пікірталас үшін сұрақтар дайындап, төмендегі нұсқауларды басшылыққа алыңыздар.

Пікірталасқа қатысушы үшін нұсқаулар:

1. Сөз сөйлер алдында, өз ұстанымыңызды нақты белгілеп алыңыз.

2. Мәселенің мәнін дұрыс түсініп тұрғаныңызды тексеріп алыңыз.

3. Қарсыласыңызды мұқият тыңдағаннан кейін ғана өз көзқарасыңызды білдіріңіз.

4. Дау туғызбайтын деректер ғана күшті дәйек болатынын ұмытпаңыз.

5. Қарсыласыңызды сендірудің ең жақсы тиесілі нақты дәйектеме мен мінсіз логика екенін ұмытпаңыз.

6. Әділ әрі шын жүректен бәстесіңіз, қарсыласыңыздың ойлары мен сөздерін бұрмаламаңыз.

7. Анық, нақты, қарапайым, түсінікті етіп, басқалардың емес, өз сөзіңізбен сөйлеңіз.

8. Сіздікі дұрыс болмаған жағдайда, қарсыласыңыздың дұрыс екендігін мойындауға батыл болыңыз.

9. Ешқашан дөрекі сөйлеп, қарсыласыңыздың намысына тиетін, оны қорлайтын сөздер айтпаңыз.

10. Сөзіңізді аяқтай келе, қорытынды шығарыңыз.




6. Топпен ән айту Сөзі: Арман Дүйсенбі

Арман жолдар Әні: Ұлықпан Жолдасов

Жол – жетелейді арман мен мұраттарға,

Жол – жауап жоқ алады сұрақтарға.

Сен адастырма, арманым, жол бастаған,

Үйреттің өмір сырын алғаш маған.

Сен – қиялы құсым сапарға алып ұшқан,

Сен – арман ару, жаралған сағыныштан.

Сен – жас дәуренім, жүзіндей ақ алмастың,

Мөп-мөлдір кәусарыңа қана алмаспын.

Сен – арман-қиял, жетелеп жас күнімді.

Сен – ұрлап алып кетпеші жастығымды.

Сен – қол жетпейтін тұратын сағымнансың,

Жолдарда жүріп өткен әнім қалсын.




7. Үй тапсырмасы.

1. Тоқтар Әубәкіров туралы түсірілген «Биіктерді бағындырған» атты деректі фильмді көріп, «Адамның еркі, тек қана берік адамның еркі – ғаламат күш» тақырыбында эссе жазыңыз («Ozin-ozi-tanu.kz» интернет-порталы)

2. . «Қыран қазақ» Нұртөре Жүсіп мәтінін оқып келу.




8.Соңғы тыныштық сәті: (Баяу музыка)

Бүгінгі сабақтан игерген жақсы қасиеттерді бойларыңызға сіңіріп, жүректеріңізге түйіп алыңыздар.






Мектеп: Мерзімі: .09.19ж. №2 сабақ Сабақтың тақырыбы: ӨМІР ЖОЛЫН ТАҢДА Құндылық: Дұрыс әрекет Қасиеттер: басқалар туралы жамандық ойламау, зиянды әдеттерден аулақ болу, әділеттілік. Пән мұғалімі: Сыныбы: 9 «а,ә,б,в»

Сабақтың мазмұны

Ресустар

Сабақтың мақсаты: Дұрыс әрекет ақылдылардың құралы туралы түсінік беру.

Міндеттері: Білімділік: - басқалар туралы жамандық ойламауға үйрету ;

Дамытушылық: - зиянды әдеттерден аулақ болуға, өсек айтпауға шақыру; Тәрбиелік: - әділеттілікке тәрбиелеу.

Сәлемдесу,түгелдеу

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі: 5 «Т» ережесін сақтау Тазалық, Тәртіп, Татулық, Тыныштық, Талап.

Тыныштық сәті: Жағымды күйге ену, «Нұрға бөлену».
2. Үй тапсырмасын тексеру.

«Қыран қазақ» Нұртөре Жүсіп мәтінін оқып келу тапсырылған, сұрақтарға жауап беру;

  1. Мәтіндегі «Ер адамның ең басты серігі – сол тәуекел. Тәуекелге екінің бірінің жүрегі дауалай бермейтіні анық» деген тұжырымды қалай түсінесіздер? Саналы тәуекелдің адамның абыройымен, мақсатының орындалуымен қандай байланысы бар?

  2. Адамның бойындағы қандай қасиеттері оны абырой биігіне көтеріп, дұрыс әрекетке жетелейді? Неліктен?

  3. Автордың «Тоқтар Әубәкіров – Жаратушы мен Азаттық аңсаған халқының арасын жалғап жібергендей көрінеді де тұрады!» деген ойын қалай жалғастырар едіңіздер?

4. Мәтінде Тоқтар Әубәкіровтің бойынан қандай асыл құндылықтарды, кісілік пен адамгершілікті байқадыңыздар?

5. Өз өміріңізде мақсатқа жету үшін саналылықпен тәуекелге бел буған сәттеріңіз болды ма?




3. Дәйексөз

«Ақылды адам қателессе, өз басынан көреді.

Ақылсыз қателессе, жолдасынан көреді»

(Мақал)

  • Дәйексөзді қалай түсінесің?

  • Айтылған сөздерді, жадыңда сақтап, өміріңе пайдалан.




4. Әңгімелеу

Таңдау қиындығы

Бақытгүл Салыхова Шешім қабылдаудан шаршадыңыз ба? Маңызды мен маңызы жоқты, қауырттық пен жайбасарлықты, негізгі мен қосалқы нәрсені ажырата алмай басыңыз қатты ма? Әлбетте, өмір тест сұрақтарының жауабы емес, бір дұрыс жауапты таңдай алмайсыз. Сондықтан шешім қабылдаудың жылдамдығы мен сапасы сай келуі де, келмеуі де мүмкін. Бірақ өмір көп таңдау жасатады, сондықтан шешіміңізге өкінбейтіндей болуыңыз керек. Өмірінің бір кезеңінде тамақ, киім таңдаудан бастап, мамандық, өмірлік жар таңдау сияқты мәселелерде шешім шығару кезінде барлық адам бірдей қиналады. Өйткені салыстыр малы түрде, бірінен бірі жақсы, тіпті керемет нәрселерден таңдап алу қиын, оған қоса көп ойланған сайын шешім қабылдау да қиындай түседі, содан әйтеуір кез келгенін таңдай салып, соңын -да риза болмай, көңіл-күйің түсіп кететін кездер болады. Психоло гияда бұл «шешім қабылдаудан шаршау» деп аталады. Ал ол өз кезегінде таңдау нұсқаларының тым көп болуына және оны игере алмауымызға байланысты. Жиі таңдау жасау қажет болған сайын шешіміңіздің сапасы да нашарлай түседі, дейді мамандар. Ең басты мақсатты «табысқа жету» деп ойлайтын адам көбінесе мынадай үш сенімді басшылыққа алады екен: «мен міндеттімін», «мұның барлығы маңызды», «мен осының барлығын немесе екеуін де істей аламын». Сөйтіп жүріп өзіне тым көп жүктеме алып қойғанын байқамай қалады, дер кезінде тоқтап сараптауға да уақыты болмайды. Сондықтан көп шаруа атқарып жатқанымен ешнәрсенің түбіне дейін зерттеп, жете білетін маманы бола алмайды немесе ешқандай нәтижені көрмей бәрінен көңілі қалады, тығырыққа тіреледі. Ондай адамдар өте көп, бірақ тиімсіз жұмыс істейді. Осындай таптаурын5 ойдан арылып, «азырақ, бірақ жақсырақ» теориясын қабылдауды жазушы және психолог Грег МакКеон «эссенциализм» деп атайды және «Эссенциализм. Қарапайымдыққа жол» кітабында өз әдістемесі қалай жұмыс істейтінін сипаттайды. Эссенциализм – «көп нәрсені аз уақытта жасау туралы емес, істеуге тиіс нәрсені ғана жасау туралы», – дейді Грег МакКеон. Бұл үшін ең маңызды мәселелерді анықтап, бар күшті соны жүзеге асыру жолына жұмсау қажет. Сіз үшін не маңызды? Өз өміріңізде маңызды нәрселерді ретретімен қойма- саңыз, оны сіз үшін басқа адамдар жасайды да сіздің өміріңіз өзіңізге тиесілі болмай қалады. Сондықтан қандай жағдай болса да ойланып, өзіңізге қажетті басымдықты мақсат етіп қойыңыз, өміріңіздегі маңызды нәрселерге талдау жасаңыз. Қалай болғанда да басымдық қойып, маңыздыны таңдай білуге үйренуіміз керек, бұл тек уақыт үнемдеуге ғана септігін тигізбейді, өзіңіздің өмірлік миссияңызды дұрыс тауып, бақытты өмір сүруге мүмкін- дік береді. Ал өмірде бақытты өмір сүруден басқа қандай басым- дық болуы мүмкін? Қазір біздің алдымызда көп таңдау тұр. Бұл мемлекетке де, билікке де, қоғамға да, ұлтқа да қатысты. Осы сындарлы кезеңде таңдаулардың дұрыстығы бізді нығайтуға, алға жылжуға, дамуға айтарлықтай жәрдемін тигізетінін естен шығармағанымыз абзал.



5. Шығармашылық жұмыс

4-тапсырма: Өзіңіздің өмір жолыңызды таңдау жоспарын жасап, сыныптастарыңызбен ортаға салыңыз.

Жүсіпбек Аймауытов
5-тапсырма. Төмендегі сұхбатты оқып, сұрақтар бойынша өз шешімдеріңіз бен ой-тұжырымдарыңызды айтыңыздар.

Талғат Сүйінбайдың кітабында Елбасы мен Тоқтар Әубәкіровтің арасындағы әңгіме түйіні былай көрініс тапқан. «Қалайда осы қазір ұшуға тиіссің», – деді Елбасы. «Ұшамын!..» – дедім мен. «Қазағың үшін басыңды қауіп-қатерге тігесің». – деді ол. «Тігемін!..» – дедім...

• Тоқтардың орнында болсаңыз, қалай жауап берер едіңіз? Неліктен?

• Сертке адал болу адам бойындағы қандай құндылықтар мен қасиеттерді арттырады? Қалайша?
6-тапсырма: Ғарышкер Тоқтар Әубәкіровтің студенттермен болған кездесуде айтқан сөздерін оқып шығып, өзіңіздің мүмкіндіктеріңіз бен шынайы борышыңызды қалай түсінетініңізді ортаға салыңыз.
7-тапсырма: Өтілген тақырыпқа байланысты сөздерді еске түсіріп, «Өмір жолын таңдау» атты сөзжұмбақты шешіңіздер.


Көлденеңінен

Тігінен

4. Сынақ, емтихан алушы.

6. Бағыт, бағдар, жоба, жоспар.

8. Бір іске жалтақтамай батыл кірісу.

10. Ел үшін жаумен айқасып жеңіп шыққан ержүрек адам.

11. Тәуелсіз болушылық, еріктілік, бостандық.

12. Ашық жер, кең алқап.

1. Бір нәтижеге жету үшін алға қойылған міндет.

2. Көкейтесті мақсат, тілек.

3. Алға қойылған мақсат, тілек, арман.

5. Батылдық, қайраттылық, ерік.

7. Абырой, атақ, даңқ, дәреже.

9. Аспан әлемі, біртұтас әлем.

  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14


написать администратору сайта