Главная страница

2 сынып-1-34 сабактар. Мектеп Мерзiмі 1 Таырып


Скачать 217.79 Kb.
НазваниеМектеп Мерзiмі 1 Таырып
Дата16.01.2020
Размер217.79 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла2 сынып-1-34 сабактар.docx
ТипДокументы
#104297
страница1 из 12

Подборка по базе: Лермонтов атындағы орта мектеп.docx, Лермонтов атындағы орта мектеп.docx.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Мектеп: Мерзiмі: № 1
Тақырып: Ұлы Абайдың даналығы

Құндылық: Сүйіспеншілік құндылығы

Қасиеттер: Адалдық, құрметтеу, жауапкершілік

Мұғалiм:

Cыныбы: 2 Оқушылар саны


Сабақ мақсаты:

Абай даналығы туралы түсінік бере отырып, оның дүниетанымының сүйіспеншілік құндылығына негізделгенін ұғындыру.

Міндеттері:

Білімділік; Абай даналығын сүйіспеншілік құндылығымен байланыстыра отырып үйрету;

Дамытушылық; адалдық, жауапкершілік қасиеттерін дамыту;

Тәрбиелік; айнала қоршаған ортаны құрметтей отырып, адал, жауапкершілікті болуға тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәліметтер)

Кітап, дәптер, үнтаспа, ақ қағаздар, нақыл сөздер,

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл - күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру. Бес «Т» тәртіп,талап,тыныштық,тазалық,татулық ережесімен таңыстыру.

2. Жағымды күйге келу.

Нұрға бөлену: Елесететіп көріңіз: .....

3.Үй тапсырмасын тексеру.

Өткен тақырыптарды қайталау.

Ескертулер:


4. Дәйексөз.

«....Адамның жақсысы - адамға сүйіспеншілікпен қарағандар»

- деп, Абай атамыз бекер айтпаған, сүйіспеншілік дегеніміз - адамның барлық тіршілік иесіне, табиғатқа, өзінің таза іс-әрекетіне, еңбегіне деген ықыласы.




5. Әңгiмелеу (сұхбат).

Мұғалімнің сыйы «Аңыз айту»

Жанқұтты шешеннің батасы. (Үзінді) Ел аузынан.

.....Бірде Жанқұтты шешен Құнанбайдың үйінде отырғанда Абай келіп сәлем береді. Ол кез - Абайдың жас шағы екен. Оның тапқырлығын, өлең шығаратынын естіп жүрген шешен баланы қасына отырғызады. Біраздан кейін Абай:

- Ата, сізден бір сұрақ сұрауға бола ма?,- дейді.

- Е, шырағым, сұрай ғой ,- депті Жанқұтты шешен.

- Ата, арзан не, қымбат не, дауасыз не? Соны білейін деп едім, - депті Абай.

- Шырағым Абайжан! Арзан - өтірік, қымбат - шындық, ал дауасыз деген ол кәрілік емес пе? Жанарыңның оты бар екен - ақындығың шығар, маңдайың жазық екен - ойлылығың шығар, халқыңның қалаулы азаматы бол, - деп Жанқұтты батасын беріпті.

Оқушылар өз ойымен бөліседі.

- Жанқұтты шешен Абайды не себепті жанына отырғызды деп ойлайсыңдар?

- Абайдың ақылдылығын қай жерден аңғаруға болады.




6. Шығармашылық іс-әрекет, топтық тапсырма.

1- тапсырма: Суретші Ә. Қастеевтің "Жас Абай" туындысы берілген Оқушылар өнер туындысына қарап, оның бет-бейнесінен, көз қарасынан нені аңғарғанын әңгімелеп береді.

2- тапсырма: Оқулықта берілген Абайдың нақыл сөздерін оқып, күнделікті өмірде осы өсиеттерді қалай қолданатыны туралы әңгімелеу.

3-тапсырма: Абайдың " Адамның жақсысы адамға сүйіспеншілікпен қарағандар" деген сөзін негізге ала отырып, сахналық көрініс дайындау.

- Отбасында үлгілі бала

- жақсы, мейірімді оқушы

- нағыз дос елгезек бала

Дәптермен жұмыс

Дәптердегі тапсырмаларды орындау.




7. Топпен ән айту.

"Кел, балалар, оқылық!"

Сөзі: Ы. Алтынсариндікі

Әні: Л. Хамимидікі




8. Үй тапсырмасы.

Мұзафар Әлімбаев "Адамзаттың Абайы" оқып келу.




9. Соңғы тыныштық сәті.





Мектеп: Мерзiмі: № 2
Тақырып: Ұлы Абайдың даналығы

Құндылық: Сүйіспеншілік құндылығы

Қасиеттер: Адалдық, құрметтеу, жауапкершілік

Мұғалiм:

Cыныбы: 2 Оқушылар саны


Сабақ мақсаты:

Абай даналығы туралы түсінік бере отырып, оның дүниетанымының сүйіспеншілік құндылығына негізделгенін ұғындыру.

Міндеттері:

Білімділік; Абай даналығын сүйіспеншілік құндылығымен байланыстыра отырып үйрету;

Дамытушылық; адалдық, жауапкершілік қасиеттерін дамыту;

Тәрбиелік; айнала қоршаған ортаны құрметтей отырып, адал, жауапкершілікті болуға тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәліметтер)

Кітап, дәптер, үнтаспа, ақ қағаздар, нақыл сөздер,

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл - күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру. Бес «Т» тәртіп,талап,тыныштық,тазалық,татулық ережесімен таңыстыру.

2. Жағымды күйге келу.

Нұрға бөлену: Елесететіп көріңіз: .....

3. Үй тапсырмасын тексеру.

Мұзафар Әлімбаев "Адамзаттың Абайы" оқып келу.


Ескертулер:


4. Дәйексөз.

«....Адамның жақсысы - адамға сүйіспеншілікпен қарағандар»

- деп, Абай атамыз бекер айтпаған, сүйіспеншілік дегеніміз - адамның барлық тіршілік иесіне, табиғатқа, өзінің таза іс-әрекетіне, еңбегіне деген ықыласы.





5. Әңгiмелеу (сұхбат).

- Ақын өлеңде Абайды неліктен "Бар қазақтың данасы", "Адамзаттың баласы" дейді?

- Абайды "Адамзаттың баласы" етіп тұрған қандай қасиеттер деп ойлайлыңдар?

- Өздерің Абай туралы қандай мәліметтер білесіңдер?

Мұғалімнің сыйы «Аңыз айту»
Жаңаны білеміз.

Бұл сабақта Н. Назарбаевтың Абайдың 150 жылдығына арналған салтанатты жиналыста жасаған "Абай туралы сөз" атты баяндамасынан үзінді жаңа ақпарат ретінде берілген

Оқушылар өз ойымен бөліседі.





6. Шығармашылық іс-әрекет, топтық тапсырма.

4-тапсырма: Абайдың бір өлеңін алып оқып, ондағы адамгершілікті, ізгілікті тауып, оны өз өмірлерімен байланыстырып айтып береді.

5- тапсырма: балалар Абайдың "....Сен де - бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар, қалан!" деген өлең жолдарын басшылыққа ала отырып, өздерінің өмірге қалайтын кірпіштерінің қандай құндылықтар мен қасиеттерден тұратынын дәптерге жазу.
Дәптермен жұмыс

Дәптердегі тапсырмаларды орындау.





7. Топпен ән айту.

"Кел, балалар, оқылық!"

Сөзі: Ы. Алтынсариндікі

Әні: Л. Хамимидікі




8. Үй тапсырмасы.

Х. Андерсеннің "Түйме қыз" ертегісінен берілген үзіндіні оқып келу.




9. Соңғы тыныштық сәті.





Мектеп: Мерзiмі: № 3
Тақырып: Х. К. Андерсеннің дана ертегілері

Құндылық: Сүйіспеншілік құндылығы

Қасиеттер: Ізгілік, қамқорлық, жанашырлық

Мұғалiм:

Cыныбы: 2 Оқушылар саны


Сабақ мақсаты:

Оқушыларды Андерсеннің дана ертегілерімен таныстыру арқылы сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

Білімділік; оқушыларды ертегілерден үлгі-өнеге алуға үйрете отырып, ізгілік, қамқорлық, жанашырлық қасиеттері туралы түсінік беру;

Дамытушылық; оқушыларды өзіне және өзгелерге қамқор болуға баулу;

Тәрбиелік; оқушыларды ізгілік, қамқорлық, жанашырлық қасиеттеріне тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәліметтер)

Кітап, дәптер, үнтаспа, ақ қағаздар, нақыл сөздер,

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл - күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру. Бес «Т» тәртіп,талап,тыныштық,тазалық,татулық ережесімен таңыстыру.

2. Жағымды күйге келу.

Нұрға бөлену: Елесететіп көріңіз: .....

3. Үй тапсырмасын тексеру.

Х. Андерсеннің "Түйме қыз" ертегісінен берілген үзіндіні оқып келу.

Ескертулер:


4. Дәйексөз.

«Ертегілер - жақсылықтың ұясы»

- деген нақыл сөз бүгінгі сабағымызға дәйексөз болады. Ертегі балалардың ең сүйіп тыңдайтын жанры. Қиял- ғажайып оқиғаларға, қилы да қызықты әрекеттерге толы болып келетін ертегі сюжеті бала қиялын кеңейту мен қатар, оның мінез - құлқын тәрбиелеуге ықпалы зор. Ертегі мазмұнында адамгершілік қасиеттердің саналуан қыры көрініс табады. Ертегі мазмұны арқылы қайырымдылық, әділдік адалдық, батылдық, мейірімділік, достық сынды асыл қасиеттерінің мәні ашылады. Мұндай қасиеттер бала бойында да бар, сондықтан өз бойындағы қасиеттерді ашып, іс жүзінде көрсете алуларына әсері мол.





5. Әңгiмелеу (сұхбат).

- Түймеқыздың қарлығашқа қамқорлық жасауының себебі неде?

- Түймеқыз жақсылығының өтеуін күтті ме?

- Өзіңе басқалардың жасаған жақсылығын естеріңе түсіріп, айтып беріңдер?

Мұғалімнің сыйы «Аңыз айту»
Оқушылар өз ойымен бөліседі.





6. Шығармашылық іс-әрекет, топтық тапсырма.

1- тапсырма: Үлкендерден қандай ертегілер естігендерін естеріне түсіріп, айтып беру тапсырылады. Ертегі тыңдамаған бала болмас, тіпті ертегі мазмұны түгелдей баланың есінде қалмаса да кейбір көріністі есіне түсіруі мүмкін.

2- тапсырма: Ертекшінің өзіндік орны болады. Балалар Андерсен ертегісіндегі ертекші Оле-Лукоемен танысып, дәптерге оның шапаны мен қолшатырының суретін салады.
Дәптермен жұмыс

Дәптердегі тапсырмаларды орындау.




7. Топпен ән айту.

"Кел, балалар, оқылық!"

Сөзі: Ы. Алтынсариндікі

Әні: Л. Хамимидікі




8. Үй тапсырмасы.

Х. Андерсеннің "Ұсқынсыз үйрек" атты ертегісін оқып келу.




9. Соңғы тыныштық сәті.



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


написать администратору сайта