Главная страница
Навигация по странице:

  • Орындаған:Жарылкапова Ж. Тобы

  • Гастро-эзофагеалды рефлюксті аурудың басқа аурулармен байланысы. III. Қорытынды IV. Пайдаланылған әдебиеттер

  • Даму механизмі.

  • Клиникалық көріністері

  • Асқазан-өңеш рефлюксі

  • Диагностикасы.

  • Пайдаланылған әдебиеттер

  • Өттің құрамы мен қасиеттері.Жаңа туылған балалардың физиологиялық сарғаюы. М. Оспанов атындаы Батыс азастан Мемлекеттік медицина университеті Студентті зіндік жмысы Таырыбы


    Скачать 109.64 Kb.
    НазваниеМ. Оспанов атындаы Батыс азастан Мемлекеттік медицина университеті Студентті зіндік жмысы Таырыбы
    АнкорӨттің құрамы мен қасиеттері.Жаңа туылған балалардың физиологиялық сарғаюы
    Дата12.08.2019
    Размер109.64 Kb.
    Формат файлаpptx
    Имя файлаt.pptx
    ТипДокументы
    #85035

    Подборка по базе: Статья_1Фоменко Н.А., Оспанова К.Б..docx.

    М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік медицина университеті

    Студенттің өзіндік жұмысы

    Тақырыбы:Гастро-эзофагеалды рефлюкстік аурулардың визуалды диагностикасы

    Орындаған:Жарылкапова Ж.

    Тобы: 316 А

    Жоспар

    I . Кіріспе

    II. Негізгі бөлім

    Гастро-эзофагеалды рефлюксті ауруы туралы түсінік.
    Этиологиясы мен патогенезі.
    Гастро-эзофагеалды рефлюкстік аурулар клиникасы,диагностикасы
    Гастро-эзофагеалды рефлюксті аурудың басқа аурулармен байланысы.

    III. Қорытынды

    IV. Пайдаланылған әдебиеттер


    Гастроэзофагеалды рефлюкстік ауру – асқазан немесе он екі елі ішек құрамының қайта құйылуының (рефлюкс) нәтижесінде пайда болатын әңештің кілегей қабығының қайталамалы, созылмалы қабынуы.

    Кіріспе


    Гастро-эзофагеалды рефлюксті ауру- кең тараған ауру, бұл аурумен адамдардың 5-7%зардап шегеді. С.И.Пимановтың зерттеу нәтижелері бойынша гастро-эзофагеалды рефлюкс ауруының симптомдары ересек адамдардың тең жартысында кездеседі, ал эндоскопиялық эзофагит көріністері тексерілген адамдардың 2-10%кездеседі. Гастро-эзофагеалды рефлюксті ауру әрқашан эзофагитпен сипаттала бермейді.Қыжылы бар науқастардың 50-70% медициналық көмек алуға келгенде гастро-эзофагеалды рефлюксті аурудың негатифті түрі анықталады. Зерттеу нәтижелерінің көрсетуі бойынша гастро – эзофагеалды рефлюксті аурудың эзофагитке айналуы сирек кездеседі.





    Гастроэзофагеалды рефлюкстік ауру төмендегі себептерден дамиды:


    Өңештің төменгі сфинктерінің тонусының төмендеуі;
    Өңештің өзіндік тазару қабілетінің төмендеуі;
    Рефлюктант қасиетінің зақымдалуы;
    Рефлюктанттың зақымдаушы әсеріне кілегей қабықтың қарсы тұра алмауы;
    Асқазан босатылуының бұзылуы;
    Құрсақішілік қысымның жоғарылауы;


    Эпидемиологиясы

    Даму механизмі.

    Гастро-эзофагеалды аурудың негізінде өңештің кілегей қабатына қышқыл мен пепсин әсері жатыр, сонымен қатар асқазандағы патологиялық рефлюктанттың өңешке оның клиренсін бұзу арқылы өтеді. Патологиялық рефлюктант өңештің төменгі сфинктер қызметінің бұзылысымен сипатталады. Өңеш клиренсінің бұзылуы негізінде сілекей бөлінуінің төмендеуі және өңеш перистальтикасы қызметінің бұзылысы жатады.

     

    Клиникалық көріністері


    Кекіру;
    Тамақ тұсында ұзақ уақыт ауырсынудың болуы;
    Жұтыну кезіндегі ауырсыну;
    Сілекей ағуы(ауыз қуысында кенеттен көп мөлшерде сілекей бөлінуі );
    Дауыстың қарлығуы;
    Ауыз қуысында қышқылды дәм болуы;
    Ауыз қуысындағы жағымсыз иіс;
    Қызыл еттің қабынуы;
    Тіс эмалінің беткейінің зақымдалуы.


    Асқазан-өңеш рефлюксі

    Бұл патологиія кардия қалыпты орнынан жоғары орналасқан адамдарда, Гис бұрышы кішірейген адамдарда, проксималды асқазан резекциясы бар адамдарда кездеседі.

    Науқасқа 200-400мл барий қойыртпасын ішкізу керек.

    Оң қиғаш бағытта қарау.

    Аурудың белгісі-асқазандағы барий өңешке кейін өтуі.

    Диагностикасы.
    Гастро-эзофагеалды рефлюксті аурудың негізгі сипмтомы-қыжыл, Сонымен қатар төс маңында ауырсыну мен қыжыл, кекіру байқалады. Көбінесе гастро-эзофагеалды рефлюкс ауруының белгілері тамақтан кейін көріне бастайды.
    Эрозивті эзофагитті диагностикалау эндоскопиялық тексеру арқылы жүргізіледі. Барий қосылған рентгенографияда эзофагиттің ауыр және орташа ауыр түрлерінде қте жоғары сезімталдыққа ие, ал эзофагиттің жеңіл түрінде ол керісінше сезімталдығы төмен.




    Емі.
    Гастро-эзофагеалды рефлюксті ауру емі асқазан құрамының өңешке қайта құйылуын тоқтатуға, асқазан сөлінің агрессиялығын төмендетуге және өңештің кілегей қабығының асқазан сөлінің әсерінен қорғану амалын күшейтуге бағытталады.
    Мына препараттарды пайдалануға болмайды; нитраттар, антихолинергиялық дәрілер, кальций антогонистері, антидепрессанттар, калий препараттары.
    Гастро-эзофагеалды рефлюкстік ауруларды емдеуде қолданылатын дәрілер:
    Асқазан сөлін төмендететін дәрілер;
    Төменгі өңеш сфинктерінің тонусын көтеретін дәрілер;
    Антацидтер;
    Қабынуға қарсы дәрілер.


     

     

    Пайдаланылған әдебиеттер:

     

    Ивашкин В. Т. и др. Рекомендации по обследованию и лечению больных гастроэзофагеальной рефлюксной болезнью. М.: 2001.

     

     Маев И. В., Вьючнова Е. С., Щекина М. И. Гастроэзофагеальная рефлюксная болезнь М. Журнал «Лечащий Врач», № 04, 2004.

     

     Рапопорт С. И. Гастроэзофагеальная рефлюксная болезнь. (Пособие для врачей). — М.: ИД «МЕДПРАКТИКА-М». — 2009. −12 с. ISBN 978-5-98803-157-4.

     

     

     

     

     

     


    написать администратору сайта