Главная страница
Навигация по странице:

  • Ақтөбе 2016 ж

  • Физиологиялық сарғыштану

  • Емшек сүтімен байланысты сарғыштану

  • Өттің құрамы мен қасиеттері.Жаңа туылған балалардың физиологиялық сарғаюы. М. Оспанов атындаы Батыс азастан мемлекеттік медицина университеті Студентті зіндік жмысы


    Скачать 69.35 Kb.
    НазваниеМ. Оспанов атындаы Батыс азастан мемлекеттік медицина университеті Студентті зіндік жмысы
    АнкорӨттің құрамы мен қасиеттері.Жаңа туылған балалардың физиологиялық сарғаюы
    Дата12.08.2019
    Размер69.35 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаZeynullina_Altynay_301a.docx
    ТипДокументы
    #85007

    Подборка по базе: Статья_1Фоменко Н.А., Оспанова К.Б..docx.

    М.Оспанов атындағы Батыс

    Қазақстан мемлекеттік медицина университеті

    Студенттің өзіндік жұмысы

    Мамандығы: Жалпы медицина

    Кафедра: Қалыпты физиология

    Дисциплина: Физиология

    Тақырыбы:Өттің құрамы мен қасиеттері.Жаңа туылған балалардың физиологиялық сарғаюы

    Курс: 3

    Орындау түрі: мәнжазба

    Орындаған: Зейнуллина А.А

    Тобы: 301А

    Тексерген: Батырова Т.Ж

    Ақтөбе 2016 ж

    Жоспары:

    I.Кіріспе

    II.Негізгі бөлім:

    а)Өт — ас қорыту жүйесінің құрамдас бөлігі

    б )Өттің қызметі

    в)Балалардағы өт тузілуінің ерекшелігі, физиологиялық сарғаюы

    III. Қорытынды.

    Өт мүшесі 
    Өтас қорыту жүйесінің құрамдас бөлігі болып саналатын мүше. Өт бауырдың оң жақ астыңғы қабатында орналасады. Оның пішіні қапшық тәріздес қуыс болып келеді, ал көлемі жұмыртқаның көлеміндей ғана. Өтте бауырдан бөлініп шығатын өт сұйықтығы жиналады.
    Өттің ұзындығы 5-14 см аралығында, ені 2,5-4 см аралығында болады. Сыртқы қабаты (терісі) жұқа әрі созылмалы болып келетін өтке 200 мл мөлшеріндегі өт сұйықтығы сыйып кетеді. Өттің түсі — қою жасыл түс.
    Өт аурулары
    Өтке қатысты мынадайауру түрлері бар:
    Өттас ауруы (холелитиаз), Холецистит ауруы, өттің полипы (өттің ісіп қабынуы), Өт жолының тарылуы, т.б.



    Өт сұйықтығы
    Бауырдан жасалып, өтке келіп түсетін сұйықтық “Өт сұйықтығы” деп аталады. Оның түсі сарғыш-қоңыр немесе жасылдау болып келеді. Дәмі ашы. Өт сұйықтығын бауыр ұлпалары жасайды. Өт сұйықтығының құрамында өт қышқылы, ақуыздар, билирубин пигменті, холестерин, фосфолипидтер, бикарбонаттар, натрий, калий, кальций, және физиологиялық белсенді заттар — гормондар мен дәрумендер.
    Ас қорытудағы өттің қызметі
    Бауырда жасалатын өт сұйықтығы барлық уақытта жасала береді. Бауырдағы өт сұйықтығы арнайы арналар (өт жолы) арқылы өтке келіп жиналады. Өттегі сұйықтық ас қорыту барысында он екі елі ішек арқылы өттен шығып отырады.
    Бауырда жасалған кездегі өт сұйықтығы мен өтте жиналған кездегі өт сұйықтығында айырмашылық болады. Әсіресе, құрамында біраз айырмашылықтар байқалады. Мысалы, бауырда жасалған кезінде сұйықтықтың құрамында альбумин (суда ерігіш ақуыз) болса, өтке келіп жиналғанда өт альбуминдерді сорып алады. Сондай-ақ, билирубин мен минералды заттардың көп бөлігін өт сорып алады. Есесіне, өттегі өт сұйықтығындағы холестериннің мөлшері көп.
    Бауыр - денедегі ең ірі без (салмағы 1,5 кг). Ол оң жақ қабырға астында орналасқан. Бауырда өт пайда болады. Адамның бауыры бірнеше бөліктерден (500 мыңға жуық) тұрады. Әрбір осындай бөлік өт түзетін бауыр клеткасының гепатоцитінен пайда болған.
    Бауырдың қызметі:
    - улы заттарды залалсыздандырады (кедергі қызметі);
    - көмірсу, май және белок зат алмасуына қатысады; 
    - өтті өндіреді (күніне 1,5 л). 
    Өттің қызметі:
    - ұйқы безі және ішек сөлдері ферментін белсендендіреді;
    - майларды ұсақ тамшыларға (оның бетін ферменттермен әрекеттесуін күшейту) бөлшектеу;
    - май қышқылдарының ерітілуін күшейту;
    - аш ішек қабырғасының жиырылуын белсендендіру;
    - ішектегі шіру процесін тоқтатады.





    Бауырдың басты қызметі - өт бөлу. Ересек адамдарда төулігіне 0,5-1 л өт бөлінеді. Бауырдан бөлінген өт алдымен өт қалтасына (қабына), одан өт қабының өзегі арқылы ултабарга түседі. Бауыр жасушаларынан өт үнемі бөлініп тұрады. Өт ұлтабарға адам тамақтанған кезде ғана бөлінеді. Өттің бөлінуі гуморальдық және рефлекторлық жолмен реттеледі.

    Өттің құрамының 95-98%-ы су, қалғаны өт пигменттері, өт қыш-қылдары, холестерин, минералдық тұздар. Өт түсінің сары-қоңырқай, кейде жасыл болуы құрамындағы пигментті заттарга (билирубин, биливердин) байланысты. Өт пигменттері тіршілігін жойған эритроциттердің гемоглобинінен түзіледі. Өттің, зөрдің және нәжістің түстерінің сарғыш түсті болуы да өт пигменттеріне байланысты. Өт өлсіз сілтілі ортада белсенді қызмет атқарады.



    Өттің негізгі қызметінің бірі — майлы тағамдарды қорытуға әсер ету. Майлы етті тағамды пайдаланған кезде өт көп бөлініп, қанның құрамында холестериннің мөлшері артады. Ол ұзақ уақыт ұсақ түйірпііктер (кристалдар) түрінде жиналып, өт қалтасында, өт өзегінде «тастың» пайда болуына әсер етеді. Өт майлар мен майда еритін витаминдердің денеге сіңуіне септігін тигізеді. ішек сөлінің және ұйқыбез сөлінің ферменттерінің белсенділігін арттырады. Өт ішекте сілтілі ортаның қалыптасуына жағдай жасайды. Өт ішектің қабырғасындағы бірыңғайсалалы бұлшыеттердің жиырылуын тездетеді. Қанмен бірге келген микробтарды зиянсыздандырады.

    Өттің құрамының 95-98%-ы су, қалғаны өт пигменттері, өт қышқылдары, холестерин, минералдық тұздар. Өт түсінің сары-қоңырқай, кейде жасыл болуы құрамындағы пигментті заттарға (билирубин, биливердин) байланысты. Өттің, зәрдің және нәжістің түстерінің сарғыш түсті болуы да өт пигменттеріне байланысты. Өт әлсіз сілтілі ортада белсенді қызмет атқарады.
    Өттің негізгі қызметтері— майлы тағамдарды қорытуға әсер ету. Майлы етті тағамды пайдаланған кезде өт көп бөлініп, қанның құрамында холестериннің мөлшері артады. Ол ұзақ уақыт ұсақ түйіршіктер (кристалдар) түрінде жиналып, өт қалтасында, өт өзегінде «тастың» пайда болуына әсер етеді. Өт майлар мен майда еритін витаминдердің денеге сіңуіне септігін тигізеді. Ішек сөлінің және ұйқыбез сөлінің ферменттерінің белсенділігін арттырады. Өт ішекте сілтілі ортаның қалыптасуына жағдай жасайды. Өт ішектің қабырғасындағы бірыңғай салалы бұлшықеттердің жиырылуын тездетеді. Қанмен бірге келген микробтарды залалсыздандырады.
    Денеміздегі қанның қызыл түйіршіктерін, өтті шығаратын жұлынның жұмысын қамтамасыз ететін маңызды орган, жылу қуатының көзі, В12 және Д дәрумендерін құраушы болып саналатын бауырдың ауруға шалдығуы бүкіл ағзаның жағдайына айрықша әсер етеді.
    Бауыр жасушалары ішімдікке, есірткіге және темекі уына өте сезімтал. Ішімдікті үнемі, әрі үзақ уақыт пайдаланатын адамдардың бауыр жасушалары тығыздалып, дәнекер ұлпаға айналады. Ол бауырдың өте қауіпті ауруы - бауырдың беріштенуіне (цирроз) соқтыруы мүмкін. Бауырда вирустардың әсерінен болатын жұпалы бауырдың қабынуы ауруы да кездеседі. Бұл ауруды ауызекі тілде сары ауру деп атайды. Бауырда паразитті таспақұрт - эхинококктың әсерінен де ауру болуы мүмкін. Оның жұмыртқалары лас судан, таза жуылмаған көкөністерден, не жануарлардан жұғады да, қанмен бауырға келеді. Одан эхинококкоз ауруы пайда болады.
    Шылым шегетін адамның ағзасына никотин смолаларымен бірге құрамында стронций элементінің ми, жүрек, қан қызметінің бұзылуына тікелей әсер ететін тұздары барады. Қытай зерттеушілерінің соңғы отыз жылда жүргізген ғылыми жұмыстарының нәтижесінде шылым шегетін адамның бауыры шылым шекпейтін адамға қарағанда жеті есе артық қызмет атқаратыны анықталып отыр. Яғни, бұл бауыр қызметінің мүмкіндігін жеті есе қысқартады дегенді білдіреді. Олай болса, шылым шегіп, бауырыңызды зақымдап, өмір жасыңызды қысқартқыңыз келмесе, темекіден аулақ болыңыз.
    Жаңа туылған нəрестелердің физиологиялық сарғыштану

    Жиі кездесетін жағдай, көптеген нəрестелер үшін, құрсақ ішінен тыс өмірде қалыпты процесс болып табылады, сарғыштану қан сарысуындағы билирубин деңгейінің 80 мкмоль/л астам немесе тең жағдайында көрініс табады.


    Физиологиялық сарғыштану:

    1. 2 тəуліктен ерте көрінбейді, Крамер шкаласы бойынша 1-3 зонадан артық таралмайды.

    2. Нəресте белсенді, жақсы сору рефлексі жəне қалыпты температурасы бар.

    3. Бауыр жəне көкбауыр ұлғаймаған.

    4. Зəр ашық түсті, стул боялған.

    Емшек сүтімен байланысты сарғыштану:

    1. Тек емшекпен тамақтанатын (ТЕТ) 3-5% нəрестелерде анықталады.

    2. Кез келген аурудың клиникалық көрінісі болмаған кезде, дені сау нəрестелерде анықталады.

    3. Билирубин жоғарылауының 2 шыны болуы мүмкін: 4-5 арасында, жəне 14-15 өмір күндері арасында.

    4. Сарғышты бояу нəрестенің 12 апта өміріне дейін сақталуы мүмкін.

    5. Мұндай сарғыштануы бар балалар дəрі дəрмектік терапияға жəне емшекпен тамақтандыруды тоқтатуға зəру емес.


    Қорытынды

    Бауыр мен өт жолдарының қызметі бұзылған жағдайда ас көбінесе суға немесе буға пісіріліп, ұнтақталып беріледі. Тамақ ішу жиілігі күніне 5-6 рет. Күнделікті рационда: ақуыз – 100 г. май – 100 г. көмірсу – 400-450 г. болу керек. Рұқсат етілмейтін тағамдар: қуырылған, майлы, ащы және қышқыл, сондай-ақ сүрленген, тұздалған және маринадталған тағамдар (ет, балық және саңырауқұлақ сорпалары, қой, қаз, үйрек етінен жасалған тағамдар, пияз, сарымсақ, шалқан, тұрып, саумалдық, ақжелкек, қыша, бұрыш, сірке суы, ет және консеpвіленген балық).
    Бауыр созылмалы ісінгенде емдәм ұстау керек болады. Яғни майлы тағамдарды, қантты, крахмалды заттарды аздап жейді, оны уақытша жемей қойса, тіпті жақсы. Бұл дерттен толық айыққанша асбұршақты, фасоль, қырыққабатты, маринадталған және қуырылған тамақты мүлдем жемейді, спиртті ішімдіктерден біржолата аулақ болады. Көкөніс пен жемісті (бананнан басқасын) жейді, бұл кезде құлпынай мен бүлдірген (земляника) және барлық сүт тағамдары өте пайдалы.

    Алайда, жүрегі мен ұлтабары ауырып, асқазанда жоғары қышқылды гастриті, жарасы барларға кері әсер етуі мумкін.
    Балды әсіресе, бауыры және өт жолы ауыратын адамдар көбірек тұтынады. Оны белгілі бір мөлшерде ақ ірімшікке (творог), сәбізге, лимон шырынына қосып жеген дұрыс. Кейде шомырдың (редька) ішін үңгіп, оған балды толтырып қойып, үш-төрт сағаттан соң дайын болған шырынды өт жолы ауыратын ересек адамға ас қасықпен, ал балаға шай қасықпен күніне 2-3 рет беру керек. Мұндай әдіс өт жолы мен бүйрекке құм, тас жиналудан сақтайды. Сондай-ақ, бір стақан сәл жылытылған минерал суына бір ас қасық бал қосып, оны аш қарынға ішіп, бір жарым, не екі сағаттай қырынан жатып, бауырға аса ыстық емес грелка басқан жөн. Сонда бауырда жиналып қалған өттің асқазанға қарай ағып өтіп, бауырдың жеңілденуіне әсер етеді.

    Пайдаланылған әдебиеттер:

    А)«Балалар ауруларының пропедевтикасы»

    Б.Түсіпқалиев.

    Б)«Адам физиолгиясы»

    Х.Сәтпаев, Ж.Б.Нілдабаева, Қ.А.Өтепбергенова

    В)«Цитология, эмбриология және гистология»

    Ж.О.Аяпова Алматы 2009


    написать администратору сайта