Главная страница
Медицина
Экономика
Финансы
Биология
Сельское хозяйство
Ветеринария
Юриспруденция
Право
Языки
Языкознание
Философия
Логика
Этика
Религия
Физика
Политология
Социология
История
Искусство
Культура
Математика
Информатика
Энергетика
Промышленность
Химия
Вычислительная техника
Автоматика
Электротехника
Связь
Экология
Геология
Начальные классы
Механика
Доп
образование
Строительство
Воспитательная работа
Русский язык и литература
Другое
Классному руководителю
Дошкольное образование
Казахский язык и лит
Физкультура
Технология
География
Школьному психологу
Иностранные языки
Директору, завучу
Астрономия
Музыка
ОБЖ
Обществознание
Социальному педагогу
Логопедия

“Үш фазалы электр тізбегі ”тақырыбындағы онлайн сабағының әдістемелік әзірлемесі. “Үш фазалы электр тізбегі ”тақырыбындағы онлайн сабағының әдісте. Жамбыл облысы кімдігіні білім басармасы Жамбыл политехникалы колледжі


Скачать 0.78 Mb.
НазваниеЖамбыл облысы кімдігіні білім басармасы Жамбыл политехникалы колледжі
Анкор“Үш фазалы электр тізбегі ”тақырыбындағы онлайн сабағының әдістемелік әзірлемес
Дата17.09.2017
Размер0.78 Mb.
Формат файлаdoc
Имя файла“Үш фазалы электр тізбегі ”тақырыбындағы онлайн сабағының әдісте.doc
ТипДокументы
#31444
КатегорияДругое

Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы

«Жамбыл политехникалық колледжі»

мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны





Бекітемін

Оқу - ісі жөніндегі

директордың орынбасары
_______ С.Н.Қойшыбаев

«____»__________2017ж.


0911000 «Электрлік және электромеханикалық жабдықтарды жөндеу,қызмет көрсету және техникалық пайдалану» мамандығының 2ЭМО-15-1 тобында
«Электржабдығын жөндеу және пайдалану» пәнінен
Үш фазалы электр тізбегі ”тақырыбындағы

онлайн сабағының әдістемелік әзірлемесі

ЦӘК отырысында қарастырылды
Хаттама №__«_____» 2017ж.
________ А.З.Абзалбеков
күні:30.03.2017

аудитория: №

дайындаған: арнайы пән оқытушысы: Мусабаев А.К.


Тараз 2017

I.Сабақтың тақырыбы: «Үш фазалы электр тізбегі.Үш фазалы генератор құрылысы,жұмысы,орамдарының жалғану сұлбалары»

II.Сабақтың түрі: кіріспе сабақ
III.Өткізілу әдісі: ауызша түсіндіру, сұрақ-жауап,
Сабақтың мақсаты:

а) оқу: Үш фазалы электр тізбегінің элементтеріне талдау жасау.Үш фазалы генератор орамдарының жалғану сұлбаларын түсіндіру және сараптама жасау.

б) дамыту: Танымдылық қабілеттерін дамыту, ізденіске, жаңашылдыққа ұмтылдыру, кәсіби құзыреттілігін арттыру.

в) тәрбиелік: Адамгершілікке тәрбиелеу, жолдастық қарым - қатынастарын дамыту, жауапкершіліктерін арттыру, кәсібіне бейімдеу.
IV.Пән аралық байланыс: «Электрлік өлшеулер», «Электротехникалық материалдар»
V.Қолданылатын көрнекі және техникалық құралдар: интерактивті тақта,электронды тақырыптық плакат, слайд түріндегі сұрақтар,фото-слайдтар
Қолданылған әдебиеттер:

1.Медетбекова А.А,Магазов А.Ж.Электротехниканың теориялық негіздері. Астана. Фолиант баспасы, 2010ж

2.Барсов И.Н. Электротехниканың теориялық негізі. М. Энергоатомбаспа,1992 ж.;

3.Алиференко Б.В., Яшный В.Г. Электротехника.Зертханалық-машықтандыру жұмыстары. Астана. Фолиант баспасы, 2010ж.;

VI.Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру сәті – 3 мин.

а) сәлемдесу

б) сабаққа қатысуды тексеру

2.Өткен тақырыпты - «Кім тапқыр» ойын элементі арқылы ой қозғау

стратегиясы бойынша қайталау: 15 мин

1-Сұрақ:

-Айнымалы ток дегеніміз не?

- Анықталу формуласы

- Өлшеу бірлігі

Жауабы:

- Бағыты мен шамасын белгілі бір уақыт аралығында өзгертуші тоқ түрі

- мұндағы: i- тоқ күші

dq-электр зарядының шамасы

dt- электр зарядтарын тасымалдау уақыты

- Ампер

2-Сұрақ:

Айнымалы токты өндіруші құрылғы не?

Оның негізгі бөліктеріне нелер жатады?

Жауабы:

Генератор

Қөзғалмайтын бөлігі-статор

Қозғалмалы бөлігі -ротор

3-Сұрақ:

Генератор дегеніміз не?

Оның жұмыс істеу принципі қандай құбылысқа негізделген

Жауабы:

Механикалық энергияны электр энергиясына түрлендіруші құрылғы

Электромагниттік индукция құбылысына негізделген ( магнит өрісінің электр өрісіне түрленуі)

4-Сұрақ:

Айнымалы токты сипаттаушы негізгі шамаларды атаңыз

Жауабы:

1) Амплитудалық мән– синусоидалық шаманың ең үлкен максимал мәні. ( Im, Um, E)

2) Лездік мән– синусоидалық шаманың нолдік мәні мен максимал мәндері арасындағы (i, u, e)

3) Периоды– толық бір тербеліс жасауға кететін уақыт. T=1/f [c]

4) Жиілік– бір секунд ішінде жасалатын тербеліс саны.f=1/T; [Гц]  

5) Бұрыштық жиілік ω =2πf= 2π/ T, [рад/с]

6)Фаза– кез келген сәттегі синусоидалық шаманың мәнін анықтауға мүмкіндік береді. (   t+ φ )

7) Бастапқы фаза - φ синусоидалық шаманың уақыт нөлге тең болған кездегі мәнін анықтауға мүмкіндік береді. Егер φ таңбасы оң болса, онда синусоида ордината осі бойынша солға қарай φ бұрышқа ығысады. ,

Сұрақ:

Айнымалы токтың стандарт жиілігі қандай?

Айнымалы тоқ тізбегіндегі кедергілер түрлерін атандар

Жауабы:

50 Герц

Активті R және реактивті X

кедергілердің өлшеу бірлігі [Ом]

3. Жаңа тақырыпты баяндау: 54 мин

а) Үш фазалы электр тізбегі туралы түсінік:

б) артықшылығы,қолдану саласы

Электр тізбегінің көп фазалы жүйесі деп жиіліктері бірдей, ал фаза бойынша бір-бірінен 120 градусқа ығысқан бірнеше айнымалы э.қ.к-тер әсер етуші тізбектердің жиынтығын айтады.

Көбінесе практикада амплитудалары тең және фазалары бойынша 2π/т немесе –120 бұрышқа ығысқан ( мұндағы т-фаза саны) бірнеше э.қ.к.-терден тұратын көп фазалық симметриялық жүйелер қолданылады

Қазіргі кезде осы көп фазалық жүйелердің ішінде ең көп тарағаны -үш фазалы жүйелер.

Үш фазалық жүйе деп, бірдей жиіліктегі синусоидалы электр қозғаушы күш әсер ететін үш электр тізбегінен тұратын, бір-біріне фазасы бойынша 1200 –қа ығысқан және бір қоректендіру көзімен қосылған жүйені атаймыз.

Үш фазалы жүйенің жекелеген бөліктері фазалар деп аталады Үш фазалық жүйе симметриялы, себебі оның фазаларының (орамалардың) парамертлері ,яғни материалдары бір, ұзындықтары мен көлденең қимасының ауданы өзара тең етіп жасалады, осыған байланысты орамаларда әсер етуші ЭҚК – өзара тең болады

Үш фазалық жүйенің бір фазалық жүйеге қарағанда бірқатар артықшылықтары бар:

- Жүйе аса үнемді, үш фазалық генератор үш бір фазалыққа қарағанда қарапайым және арзан, қосқыш сымдары аз, сымдардағы қуаттың шығындары төмен.

- Генератордың орамаларын жұлдызша сұлбасы бойынша қосқанда кернеуді таңдаудың мүмкіндігі бар, ол сызықты немесе фазалық кернеу.

-Үш фазалық ток айналамалы магнит өрісін тудырады. Айналмалы магнит өрістерін қолдану принципіне өнеркәсіпте ең көп тараған үш фазалық асинхронды электр қозғалтқыштарының жұмыс әсері негізделген.

Айнымалы токтың үш фазалық жүйесін алуды орыс инженері М.О.Доливо-Добровольский 1891 жылы ұсынып,үш фазалы генератордың алғашқы жобасын жасаған.

б) Үш фазалы генератордың құрылысы:

қозғалмалы және қозғалмайтын бөліктері

магниттік бөлігі

жұмыс істеу принципі

үш фазалы тізбегіндегі қуат шамалары

Үш фазалы симметриялы э.қ.к.-тер жүйесін (үш фазалы тоқты) алу үшін үш фазалы синхронды генератор қолданылады.

Оның қозғалмайтын бөлігі - статорында бірі бірінен 1200-қа ығысқан және өзара оқшауланған үш фазалық орама орналасқан.

қозғалмалы бөлігі - ротор айналғанда осы орамаларда амплитудалары мен жиіліктері бірдей, бірақ фазасы бойынша 1200- қа ығысқан үш э.қ.к.-тер пайда болады.

Олардың біріншісі еА (ЕА), одан фаза бойынша 120кешігіп отыратын екінші фазасы еВ (ЕВ), ал екіншіден фазасы бойынша 1200 озып отыратын э.қ.к.-еС (ЕС) белгілейміз.

Генератордың орамаларын оныңфазалары деп атайды да, А,В,С латын әріптері арқылы белгілейді

Фазалар кезектесуі деп э.қ.к.-тердің белгілі бір мәнге ие болу кезіндегі ретін айтады . Егер бұл ретЕА , ЕВ , ЕС болса, онда мұндай кезектесу тура кезектесу деп аталады.

Төменгі суретте генератор құрылысы көрсетілген:

Үш фазалы генератордың алғашқы жобасы көрсетілген









Үш фазалы генератордың жұмыс істеу принципі

Генератордың жұмыс істеу принципі электромагниттік индукция құбылысына негізделген,ягни роторды қандайда бір механикалық күш арқылы қозғағанда, осы роторға бекітілген тұрақты магнит (электромагнит) полюстері арқылы пайда болған магнит өрісінің күш сызықтары, статордағы орамаларды қиып өтіп,онда амплитудалары мен жиіліктері бірдей, бірақ фазасы бойынша 1200- қа ығысқан үш ЭҚК –терді туындатады,мысалы

А фазасында :

еА=Emsinωt

В фазасында :

еВ= Emsin(ωt - 2π/3)

С фазасында :

еС= Emsin(ωt +2π/3

Генератордың орамаларын оның фазаларыдеп атайды

Олардың бастары А,В,С латын әріптері арқылы, ал аяқтары Х,У, Z деп белгілейді.

Фазалар кезектесуі деп э.қ.к.-тердің белгілі бір мәнге ие болу кезіндегі ретін айтады . Егер бұл рет ЕА , ЕВ , ЕС болса, онда мұндай кезектесу тура кезектесу деп аталады.



в) Генератор орамдарының жалғану тәсілдері:

- байланыспаған және байланысқан

- жұлдызша жалғануы

- үшбұрыштап жалғануы

Алғашқы үш фазалы тізбек байланыспаған немесе алты сым арқылы жалғану сұлбасы ретінде жасалды.

Бұл сұлба бойынша генератордың әр фазасы жүктеменің әр фазасымен екі сым арқылы жалғанады. Барлығы алты сым керек болады.Бұл сұлба экономикалық жағынан тиімсіз.

А - ZА

В – ZВ генератор орамаларының басқы ұштары;

С - ZС

x,y,z - орамалардың аяққы ұштары;

Сондықтан практикада ең тиімді сұлба ретінде генератордың фазаларын жұлдызша , ал қабылдағыштардың фазаларын жұлдызша және үшбұрыш тәсілдері арқылы жинау керектігі ескерілді.

Томендегі суреттерден осы байланыспаған электр жүйелерінің сұлбалары көрсетілген. Әр фазаға өз жүктемелері жалғанған: ZА , ZВ , ZС .

Осы жүктемелердің толық кедергілерінің шамаларына қарай үш фазалы электр тізбегі: симметриялы егер ZА =ZВ = ZС өз ара тең болса,

ал тең болмаса ZА ZВ ZАсимметриялы емес деп аталады.





А фазасында пайда болатын ЭҚК:

еА=Emsinωt

В фазасында:

еВ= Emsin(ωt - 2π/3)

С фазасында:

еС= Emsin(ωt +2π/3)

3-фазаның басын латын әріптері А,В,С – әріптерімен , ал фазаның соңын х, y, z – әріптерімен белгілейді.

Бірінші фазаның түсі А-х - сары;

Екінші фазаның түсі В- y – жасыл;

Үшінші фазаның түсі С- z – қызыл.

Үш фазалық жүйеде генератордың фазалық орамаларын жұлдызша және үшбұрыш сұлбаларымен жалғау тәсілдері қолданылады.

Үш фазалық жүйеде :

генератордың фазалық орамаларының ұштарының арасындағы немесе жүктеменің фазаларының ұштарының арасындағы кернеулерді

(UAUB ,U) фазалық кернеулер деп атайды.

Сонымен бірге бұл кернеулерді сызықтық сымдар мен нөлдік сым арасындағы кернеулер деп де қарастыруға болады.

Симметриялы жүйеде фазалық кернеулердің әрекеттік мәндері бірдей болады: U =U=U= Uф.

Фазалық токтар Iф = IАВ, IВС, IСА деп генератордың фазалық орамалары немесе жүктеменің фазалары арқылы жүретін токты айтады.

Үш фазалық жүйеде:

генератордың фазаларының (орамалардың) ұштары мен жүктеменің фазаларының ұштарының арасындағы кернеулерді

сызықты кернеулер  (Uсыз=UU ,UCа ) деп атайды.

Сызықты токтар деп генератордың фазалық орамалары мен жүктеменің фазаларының бастарын қосатын тізбекте жүретін токты айтады. IА, IВ,IС,



Генератор мен тұтынушы(жүктеме) орамаларын жұлдызша қосу.

Егер фазалардың ұштары x, y, z, нолдік немесе бейтарап нүктесі 0 бір нүктеге қосылса, онда мұндай қосылуды жұлдызша жалғау деп аталады.

Бұл сұлба бойынша басы А-В-С электр қабылдағышқа (жүктемеге) берілетін тізбекке жалғағанса ,ал ораманың аяққы ұштары x,y,z бір нүктеге ( түйінге) қосылады да, Ол нүктені үш фазалы генератордың  нөлдік нүктесі немесе бейтарап нүктесі ( О) деп атайды.

Сол сияқты қабылдағыштың (жүктеменің) де фазаларының бір ұштары бір нүктеге ( түйінге) қосылады және ол нүктені жүктеменің нөлдік нүктесі немесе бейтарап нүктесі ( О′) деп атаймыз.

Генератордың орамаларының басқы ұштарын жүктемемен қосатын сымдарды сызықты сымдар деп атайды, ал олар арқылы жүретін токтар сызықты токтар IA , IBIC деп аталады. Бұл токтар генератордан жүктемеге қарай бағытталған.

Генератордың бейтарап нүктесін жүктеменің бейтарап нүктесімен жалғайтын сымды нөлдік немесе бейтарап сым деп аталады.

Бейтарап сыммен жүретін ток нөлдік ток (I0) немесе бейтарап ток деп аталады және ол жүктемеден генераторға карай бағытталады.





Жұлдызша сұлбасында:

сызықты кернеулер фазалық кернеулерден түбір асты үш мәніне артық болады немесе төмендегі қатынастай болады:

Сызықтық кернеу:

фазалық кернеу:

сызықты тоқтар мен фазалық тоқтар мәндері өзара тең болады : Ic = Iф



Сонымен нөлдік сымның атқаратын қызметі тұтынушының фазаларында бірдей кернеуді ұстап тұру үшін қажет.

Нөлдік сымның арқасында тұтынушының әр фазасы генератордың фазасына параллель қосылады.

Сондықтан жүктеменің кез-келген өзгерістерінде тұтынушыдағы және генератордағы кернеу бірдей болады.

Егер үш фазадағы тұтынушының саны симметриялы болатын болса, нөлдік сымда ток күші болмайды.

Бұл дегеніміз симметриялы жүктемедеүш фазалық жүйе үш сымдық болуы мүмкіндеген қорытынды жасалынады.

Симметриялы емес жүктемеде нөлдік сым арқылы ток жүреді де, жүйе төрт сымды болуы қажет. Симметриясыз жүктеменің мысалы ретінде жарықтандыру торабын алуға болады.

Генератор мен тұтынушы (жүктеме) орамаларын үшбұрыштап қосу.

Үш фазалық генератордың бірінші орамасының соңын х – ті екінші ораманың басы В мен, ал екінші ораманың соңы у - ті, үшінші фазаның басымен, үшінші фазаның соңы z –ті бірінші фазаның басы А мен жалғайды. Мұндай генератор орамаларының қосылуын үшбұрыштап қосу деп атайды.

Генератордың контурында әсер ететін ЭҚК-тің симметриялы жүйесі нөлге тең болатын қосындыға ие: ЕАВС=0 

Бұл жағдайда ток көзінің бос жүрісінде, оның орамында ток жоқ болады.

Генератордың ЭҚК – нің векторлары 120 – қа тақап орналасып, тең қабырғалы үшбұрыш құрайды.

Орамдарды дұрыс қоспағанда, екі көрші орам ұштарымен қосылғанда контурдағы ЭҚК-тің қосындысы фазаның ЭҚК-нің еселенген шамасына тең болады.



Үшбұрыш жалғау сызбасындағы кернеу және тоқ шамалары

Фазаларды үшбұрыш сұлбасы бойынша қосу үшін бір фазаның аяқы ұшын екінші фазаның басқы ұшымен, екінші фазаның аяқы ұшын үшінші фазаның басқы ұшымен, ал үшінші фазаның аяқы ұшын бір фазаның басқы ұшымен қосады.

Сұлбада бейтарап сым болмайды.

Сондықтан генератордан шыққан (қоректендіргіштің) сызықты кернеулері оның фазалық кернеулеріне тең болады:

Егер,  UAB = UА , UBC = UB , UCA UC немесе Uф=Uс

Ом заңы бойынша қабылдағыштың фазалық токтары:

IАВ= /Z =U/ Z

IEB/ZU/ Z

I= EC/ZUCА / ZCA

Егер қабылдағыш симметриялы (ZZ = Z) болса, онда барлық фазалық токтардың әрекеттік мәндері бірдей болады және олардың желілік кернеулерге байланысты фазалық ығысулары да бірдей болады.





Uф=Uс

Үш фазалы тізбегіндегі қуат шамалары жүктеменің фазаларының активті қуаттарының және нөлдік сымның кедергісінде бөлінетін активті қуаттың қосындысына тең:

[Вт].

Үш фазалы тізбектің реактивті қуаты:

,

[ВАр].

Толық қуат:    , [ВА]

Жүктеме симметриялы болса , онда



Симметриялы тізбектің активті, реактивті және толық қуаты:







4.Жаңа тақырыпты бекіту кезеңі: 10 мин

  • сgroup 29атылай комплексті талдау











5. Рефлекция

Білемін

- Электр тогын;

- Оның түрлерін;

- Бір фазалы тоқты;

Білдім

- Үш фазалы тоқты;

- Оның алыну жолын;

- Жалғану сұлба түрлерін;

Білгім келеді

-Үш фазалы тоқты тарату әдісін;

-Оны таратушы құрылғыларды;

-Үш фазалы тоқтың қолдану саласын;

6.Бейне таспаны көру 3 мин

7. білімдерін бағалау 2 мин

8.Үй тапсырмасы: 2 мин

1.Медетбекова А.А,Магазов А.Ж.

Электротехниканың теориялық негіздері. 247 бб- 260 бб

Астана. Фолиант баспасы, 2010ж
написать администратору сайта