Главная страница
Навигация по странице:

  • Сабақ түрі: Аралас сабақ.

  • Пәнаралық байланыс

  • II.Үй жұмысы: Өткенді пысықтау.

  • 3-слайд: I Қызығушылығын ояту.

  • III. Жаңа сабақ.

  • 12 -слайд

  • 14-слайд

  • 19 -слайд: Сергіту сәті.

  • 21- Слайд IV Қорытынды

  • "Арыстан мен тышқан" ертегісі 2-сынып. дебиеттік оу. 2 сынып. Сабаты таырыбы Арыстан мен Тышан (ертегісі). Сабаты масаты


    Скачать 31.5 Kb.
    Названиедебиеттік оу. 2 сынып. Сабаты таырыбы Арыстан мен Тышан (ертегісі). Сабаты масаты
    Анкор"Арыстан мен тышқан" ертегісі 2-сынып
    Дата17.09.2017
    Размер31.5 Kb.
    Формат файлаdoc
    Имя файла"Арыстан мен тышқан" ертегісі 2-сынып.doc
    ТипДокументы
    #30374
    КатегорияКазахский язык и лит.

    Әдебиеттік оқу. 2 сынып.

    Сабақтың тақырыбы: Арыстан мен Тышқан (ертегісі).

    Сабақтың мақсаты:

    1. Оқушыларға ертегідегі негізгі ойды ұғындыру, мазмұндай білуге үйрету.

    2. Оқушының ойлау қабілетін дамытып , сөздік қорын молайту.

    3. Оқушыларды достыққа тәрбиелей отырып жақсы және жаман қасиеттерді айыра білуге үйрету.

    Сабақ түрі: Аралас сабақ.

    Сабақ әдісі: Сұрақ – жауап , әңгімелесу.

    Сабақ көрнекілігі: Интерактивтік тақта , арыстан мен Тышқан суреті , аңдар.

    Пәнаралық байланыс: Өзін - өзі тану , дүниетану , ән – музыка.

    Сабақ барысы:

    I.Ұйымдастыру кезеңі:

    -Балалар , барлығымыз бүгінгі сабаққа дайынбыз ба?

    -Олай , болса орнымыздан тұрып , тақтадағы балармен бірге біз де өзімізді сабаққа даярлап алайық!

    1-слайд:

    Қуанамын менде ,

    Қуанасың сенде

    Қуанайық достарым

    Арайлап атқан күнге.

    Міне , балалар! Енді бір – біріңе жылы шыраймен жымиып ғана сәттілік тілеңдер!Енді сабағымызды бастайық! Балалар мен сендердің білімдеріңді

    беру арқылы бағалаймын. Кім белсенді қатысса сол көп жұлдызша жинайды.

    II.Үй жұмысы: Өткенді пысықтау.

    -Балалар өткен сабақта қандай өлеңмен таныстыңдар?

    2-слайд: Әдептілік әліппесі. (тақтада көрінеді).

    Үй жұмысына қалай даярланғандарыңды , өткен сабақты қаншалықты , игергендеріңді тексерейін!

    3-слайд: I Қызығушылығын ояту.

    Мына сұрақтарға жауап бересіңдер.

    1.Әдептілік деген не?

    2.Сәлемдесудің , қоштасудың қандай түрі бар?

    3.Ұнаған шумақтарыңды жатқа айтып беріңдер?(жарайсыңдар, әр балаға жұлдызша беріп отырамын)

    III. Жаңа сабақ.

    II.Ой қозғау (Дәптерлерін ашқызып ай күнін жаздыру. Қазанның жиырма сегізі).Өздерің білетін 2 – 3 аңның атын дәптерлеріңе жазындар.

    (Ретпен оқытып шығамын).

    4 -10 слайд

    Әр аң суреті шығады. (түлкі , аю , қасқыр , арыстан , жолбарыс , тышқан).

    -Балалар , бүгін біз осы аңдардың арасынан «Арыстан мен Тышқан» туралы ертегімен танысамыз.

    11-слайд: Сабағымыздың мақсаты:

    -Мәтінді түсіне оқып , мазмұндау.

    -Арыстан мен Тышқанға мінездеме беру.

    -Жақсы қасиеттер мен жаман қасиеттерді айыра білу.

    12 -слайд: Оқулықпен жұмыс, 55 бет.

    (Арыстан мен Тышқан мәтінін өзім оқып беремін. 2 оқушыға бөліп жалғастыра оқытамын).

    13-слайд: Балалар , мына сұрақтарға жауап іздейік.

    1.Мәтін не туралы екен?

    2.Арыстан Тышқанның сөзіне неге күлді?

    3.Тышқан Арыстанға қалай көмектесті?

    4.Сендерге ертегі кейіпкерлерінің қайсысының ісі ұнады?

    14-слайд: III Ой толғаныс.

    15 -слайд: (Әр қатарға 1 тапсырмадан беріп , бағалау).

    1 – қатар: Арыстан мен Тышқанға мінездеме бере отырып , венн диаграммасын толтыру.

    2- қатар: Жақсы қасиеттерді жаз.

    3 -қатар: Жаман қасиеттері жаз. (Әр топтан бір бала қорғайды)

    19 -слайд: Сергіту сәті.

    20-слайд: «Дос болайық бәріміз!»

    Әрқашан дос , біргеміз.

    Ажырамас іргеміз

    Ілгері жүріңдер

    Достық жырын біліңдер,

    Ту ғып ұстап бірлікті

    Еңбекті сүйіңдер.

    Қ / сы:

    Дос болайық бәріміз

    Жарасып тұр әніміз

    Тыныштықты сақтаймыз , сақтаймыз ,

    Атсын күліп таңымыз.

    21- Слайд IV Қорытынды

    -Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

    -Кімге несімен ұнады? Кім қысқаша мазмұндайды?

    V.Бағалау. жұлдызша санайды өздері.

    VI.Үй тапсырма: Мазмұндап келу.
    написать администратору сайта