Главная страница
Навигация по странице:

  • Ток күші

  • 3.1 Автоматты ажыратқыштар

  • А-3100 типті автоматты сөндіргіштер.

  • Техника қауіпсіздігі.

  • 3.2 Жезқазған қаласының қазіргі уақыттағы даму көрінісі мен электрмен жабдықтау жағдайы

  • 3.3 Жобаланатын объектінің сипаттамасы және тапсырманың қойылуы

  • 3.4 Жезқазған қаласының ЖезТемірБетон мекемесі темір-бетон конструкцияларын өңдеудегі технологиялық жұмыс тізбегі

  • Қолданылған әдебиеттер

  • Отчет по практике. Жаксылыкова Наргуль. азастан Ресупбликасы Ауыл шаруашылыы министрлігі С. Сейфуллин атындаы аза агротехникалы университеті ндірістік тжірибеден туі жайлы есеп


    Скачать 189.11 Kb.
    Названиеазастан Ресупбликасы Ауыл шаруашылыы министрлігі С. Сейфуллин атындаы аза агротехникалы университеті ндірістік тжірибеден туі жайлы есеп
    АнкорОтчет по практике
    Дата13.08.2019
    Размер189.11 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаЖаксылыкова Наргуль.docx
    ТипДокументы
    #85053
    страница4 из 4

    Подборка по базе: 9 сем Аллоплазматикалық линиялардың ауылшаруашылығындағы маңызы., Кербулақ ауданы Нурым ауылы бойынша 20 - 29 жас.docx, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму мин, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму мин.
    1   2   3   4

    3 Қорытынды бөлім
    Сақтандырғыш — электр тізбектерін ток күшінің рұқсат етілген мөлшерден асып кетуінен қорғауға арналған тетік. Сақтандырғыш тізбекті ток көзінен арнайы жасалынған токөткерме бөліктерінің шамадан артық токтың жылулық әрекеті әсерінен балқып үзілуі арқылы ажыратады. Сақтандырғыш электр тізбектерін асқын жүктелуден және қысқа тұйықталулардан қорғайды. Кең тараған түрі — балқыма cақтандырғыш. Ол электр тогын өткізбейтін материалдан жасалған корпустан, металдан (көбінесе мыстан, мырыштан, қорғасыннан және олардың қорытпаларынан, күмістен) жасалған балқыма қыстырғыдан, түйіспелік және доғасөндіргіш құрылғыдан тұрады. Құрылысы бойынша айырғыш пен ажыратқыш аппараттар қызметтерін атқаратын сақтандырғыш-ажыратқыш аталатын коммутациялық аппараттар да қолданылады. Сақтандырғыштың құрылысы қарапайым, құны арзан, тізбекті қысқа тұйықталу кезінде жылдам ажыратады, ал кейбір түрлерінің қысқа тұйықталу тогын шектеу қабілеті болады. Сондықтан олар тұрмыстық, өнеркәсіптік электр қондырғыларында, электр тораптарында, электр станциялары мен қосалқы станцияларда кеңінен қолданылады.

    Балқыма cақтандырғыштар төмендегідей түрлерге бөлінеді:

    Ток күші

    Чек түсі

    Жоғарғы қуаттылығы (сеть 220 В)



    Жасыл

    1200 Ватт

    10А

    Қызыл

    2000 Ватт

    16А

    Сұр

    3200 Ватт

    20А

    Көк

    4000 Ватт

    26А

    Сары

    5200 Ватт



    3.1 Автоматты ажыратқыштар

     

    Төмен кернеулі автоматты сөндіргіштер – электр тізбектерін автоматты сөндіруге арналған аппараттар. Оларда электр тізбегін сөндірген кезде пайда болатын электр доғасы ауалық ортада сөндіріледі. Осы себептен оларды ауалық автоматты сөндіргіштер (қысқаша автоматтар) деп атайды. Автоматты сөндіргіштер электр тізбектерін қысқаша тұйықталудан, аса көп жүктелудің салдарынан, кернеудің төмендеуінен немесе кенет жоқ болып кетуден автоматты қорғауды қамтамасыз етеді. Олар атқару функцияларына тәуелсіз, өздерінің іске қосылу уақытына байланысты, әдеттегідей, іріктей және тез әрекет ететін болып үш түрге бөлінеді.

    Автаматтар түйіспелер мен доға сөндіргіш жүйелерден, жетектен, электромагниттік және жылу ағытқыш механизм мен блок түйіспелері бар коммутатордан тұрады.

    А-3100 типті автоматты сөндіргіштер. А-3100 сериялы автоматтар электрқондырғыларын артық жүктеме мен қысқа тұйықталудан (әсіресе оқшауланған сымдар мен талсымдарды қатты шамадан тыс немесе рұқсат етілмеген мөлшерден тыс қызып кетуінен), сонымен қатар күштік электр тізбектерін қорғауға арналған.

    Барлық автоматтардың түйіспелі жүйесі екі талапты қанағаттандыруы қажет: қалыпты ток күші кезінде қызбай немесе тотықпайтын жұмыс жасау режимін қалыптастыру және токтың қысқа тұйықталуы кезінде зақымдалмай тізбекті ажырату.

    Барлық автоматтарда ажырататын құрылғыны қорғау тізбесінде жұмыс режимінен ауытқу кезінде сөндіргіш түйіспелерді сақтап, ұстап тұру мүмкін болмайтындай етіп құрады Балқыма сақтандырғыштың орнына автоматты қондырудың бірқатар артықшылығы бар. Біріншіден, артық жүктемемен бірден барлық үш фаза ажыратылатындықтан, электр қозғалтқыштың толық фазалы емес режимінде жұмыс жасау мүмкіндігі жойылады. Екіншіден, электр жабдықтарының бос тұрысы немесе жұмыссыз уақыты біршама төмендейді, жанып кеткен сақтандырғыншы ауыстыруға қарағанда, жұмыс істейтін автоматты қосуға аз уақыт кетеді.

    Автоматты монтаждау кезінде мынадай талаптарды еске алады. Ток тасымалдайтын және ток өткізгіш бөліктер арасында жеткілікті арақашықтық сақталу қажет. Аппарат қақпағын алып тастаудың қажеті жоқ (әсіресе, А-3100 сериялы автоматтарға қатысты), егер оның қақпағын алып тастаса, онда оны орнына қондырып, барлық бұрмамен нықтап тарту қажет. Бұл ережені сақтамаса, қысқа тұйықталу пайда болғанда автоматты сөндіру кезінде апатқа әкелуі мүмкін.

    Электр тізбектерін қорғауына байланысты автоматтар мынадай түрлерге бөлінеді: қысқаша тұйықталудан қорғауға арналған электромагниттік ағытқышпен жабдықталған автоматтар; мүмкіндігі шектен артық жүктелуден қорғауға арналған жылулық ағытқыштармен жабдықталған автоматтар; қысқаша тұйықталудан және мүмкіндігі шектен артық жүктелуден қорғауға арналған электромагниттік және жылулық ағытқыштармен жабдықталған автоматтар, нөлдік қорғауға арналған минимал кернеу ағытқышпен жабдықталған автоматтар.

    Электромагниттік ағытқыштар бірден әрекет етеді, ал жылулық ағытқыштар тізбектегі токтың шамасына байланысты біраз уақыттан кейін іске қосылады.

    Техника қауіпсіздігі.

    Жұмыс барысында автоматты ажыратқыштың қақпағын ашқан кезде жарақат алмау,сымдардың ашық жерін қолмен ұстамау, тәртіпке бағыну, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау.

    2.4. Білім алушының өндірістік оқу шебері көрсеткен еңбек тәсілдерін орындап көруі;

    2.5. Көбінше жіберілетін қателіктерді талдау және оларды болдырмаудың жолдарын анықтау;

    2.6. Кіріспе нұсқаулық материалдарын бекіту және білім алушылардың жаңа тақырып бойынша білім деңгейлерін тексеру;

    1. Қыздыру шамының артықшылығы мен кемшіліктері неде?

    2. Люминесценттік шамның кемшілігі мен артықшылығы?

    3. Түтіктің ішіне қандай газ қоспалары енгізіледі?

    2.7. Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздік ережелерін қарастыру немесе қайталау;

    2.8. Білім алушыларға тапсырма беру және оларды жұмыс орындарына орналастыру;

    3.2 Жезқазған қаласының қазіргі уақыттағы даму көрінісі мен электрмен жабдықтау жағдайы
    Жезқазған қаласы 01.01.2018 ж. халық саны бойынша облыстағы үшінші қала болып табылады, халық саны 96724 мың адам. Қаланың аумағы 1,8 мың шаршы метрді құрайды.                                                                             

    Жезқазған қаласы Орталық Қазақстанның шөлді-далалы аумағына, Кеңгір су қоймасының оң жағалауына орналасқан, 1954 жылдың 20 желтоқсанында құрылды.

    Жезқазған қаласының әкімшілік  бағынышына үш селолық округ Кеңгір, Талап, Сарыкеңгір енеді. Қала дамыған әлеуметтік инфрақұрылымға ие.

    Қала Қарағанды қалалық агломерациясынан алыс орналасқан, қалада облыс орталығынан және Қазақстан астанасынан көліктік алыс орналасуын толықтыратын қажетті инфрақұрылым жоқ. Қазақстанның оңтүстік және батыс аймақтарымен байланыстыратын темір жол желісі және қазіргі заманғы автожол жоқ.

    Жезқазған қаласының экономикасын әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен  тұрақты әлеуметтік климатының басты көрсеткішінің  даму деңгейі болатын өнеркәсіп  анықтайды.

    Жезқазған қаласы жоғары технологиялық және экспортқа бағытталған түсті металлургияның өңдеуші өндірісі орталығы, сонымен қатар, қаланы Қазақстанның оңтүстік және солтүстік аймақтарымен байланыстыратын темір жол және автокөлік жолдарының көліктік-логистикалық орталығы болады.

    2015-2020 жылдар болашағында «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС минералды-шикізат базасын кеңейту бойынша шаралар жоспарын қарастыруда, бұл қосымша кен қорын анықтауға және сәйкесінше кен орнының өмірін 15-20 жылға созуға мүмкіндік береді.  

    Қазіргі уақытта «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС Жезқазған алаңының кәсіпорындар үшін қажетті тауарлар, жұмыстар және қызметтерді өндіру бойынша Жезқазған қаласында орналасқан шағын және орта бизнес кәсіпорындарының мүмкіндіктерін бағалау жүргізілуде.

    Шағын кәсіпкерлік субъектілерін өсірудегі оңтайлы даму жаңа теміржол желілері құрылысы (Жезқазған-Бейнеу, Арқалық-Шұбаркөл), Қызылорда-Жезқазған және Жезқазған-Арқалық автомобиль жолдарын қайта жаңарту есебінен көзделеді, бұл  болашақта Қазақстанның батысымен, оңтүстігімен және солтүстігімен байланысын қамтамасыз етуге, қаланы бизнесті жүргізу және тұрақты өмір сүру  орны ретінде тартымдылығын көтеруге жағдай жасайды, жол бойындағы инфрақұрылым субъектілерінің (жалпы тамақтанатын орын, сауда пунктері,  жанар-жағармай станциясы және т.б.) саны өседі.

    Қаладағы шағын және орта бизнесті дамыту үшін ЖИИДМБ бағдарламасы, «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламалары шеңберінде инвестициялық жобаларды іске асыру, сонымен қатар «Жезқазған» субзонасын құрудың болашағы зор, бұл тұрғындардың жұмыстылығын қамтамасыз етуге, қызмет көрсету саласынан басқа қоғамдық тамақтану, сауданы дамытады, сонымен қатар қызметтің басымды түрлерінің кәсіпорындарының (өңдірістік және құрылыс кәсіпорындары, көлік және байланыс кәсіпорындары) дамуына ықпал етеді.

    Жезқазған аймағының болашақта дамуымен байланысты болып отырған мәселелер мен сұрақтардан «Жезқазған аймағының әлеуметтік экономикалық дамуы үшін» қоғамдық бірлестігімен «Жезқазған субзонасын құру» тұжырымдамасының жобасы әзірленді.

    Қазіргі уақытта жер учаскесі таңдалды, ТЭН әзірлемесінің мәселесі пысықталуда.

    «Жезқазған» субзонасын құру аймақтағы аралас салалардың дамуын ынталандырады, атап айтқанда капитал мен адами ресурстардың тоғысуы қызмет көрсету саласының, қоғамдық тамақтану, көлік және байланыс,  сауда және т.б. салалардың дамуына әкеледі. 

     «Жезқазған» субзонасын құру аймақтың және республиканың экономикалық әлеуетінің өсуіне оңтайлы әсер етеді, тұтастай мемлекеттің оңтайлы имиджін күшейтуге әкеледі және Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын көтеруге септігін тигізеді.

    Жезқазған қаласында қуаттылығы 217 МВт, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС меншігіндегі 1 электр станциясы жұмыс істейді. Электр желілері «Қалалық электр жүйесі» АҚ бөлуші энергокомпаниясының балансында тұр.

    Қала электр станцияларының электр энергиясын өндіруі қарастырылып отырған кезеңде біршама өсіп, қазіргі кезде сағатына 903,6 млн. кВт құрастырды, бұл 2014 жылдың деңгейінен 34%-ға төмен. Жалпы алғанда, қала энергияға тапшы, Жезқазған энергия түйініндегі электр энергиясының тапшылығы  сағатына 183 МВт құрады (2018 жылға қарай – сағатына 270 МВт). Бұл тапшылық басқа электр станцияларының есебінен, бірінші кезекте, «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС меншігіндегі ГРЭС-2 есебінен толықтырылады. Электр энергиясының тапшылығын жабу үшін ЖЭО-2 салу бойынша жобаны жүзеге асыру қажет, бұл қаланың күннен күнге өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

    Бөлу желілеріндегі электр энергиясының шығыны 10%-ға жетеді. Бөлу желілері, жалпы алғанда, қанағаттандырарлық жағдайда. Тұрғын үйлердің электр энергиясымен жабдықталу деңгейі 100% құрайды.

    3.3 Жобаланатын объектінің сипаттамасы және тапсырманың қойылуы
    Жезқазған қаласының ЖезТемірБетон мекемесі темір-бетон конструкциялар зауытының электрэнергиясын жабдықтау.

    Жезқазған қаласының ЖезТемірБетон мекемесітемір-бетон конструкциялар зауыты 1976 жылы іске қосылды. Осыдан 4-5 жыл бұрынға дейін «КазМедьСтой» деп аталған еді. 2009 жылдан бастап "КазЦентрСтрой" атауы берілді. Айына 2500 метр куб бетон өндіреді. Күніне шамамен 90 метр куб темір-бетон өнімдерін жаайды. Бұл жұмыстың барлығы екі сменді жұмыс тәртібінде іске асырылады.

    Орналасу жері: қ. Жезқазған

    Шикізаттық базасы:

    - цемент

    - құмтас

    - балласты

    - қыйыршық тас базасы

    - құм

    - арматура

    - су – қала коммуникациясынан

    - жылу мен электр энергиясы қалалық желілерден алынады.

    Шикізат тасымалдау түрі: материалдарды темір жол және автомобиль көлігімен зауытқа жеткізіледі.
    3.4 Жезқазған қаласының ЖезТемірБетон мекемесі темір-бетон конструкцияларын өңдеудегі технологиялық жұмыс тізбегі
    Жезқазған қаласының ЖезТемірБетон мекемесітемір-бетон конструкцияларын өңдеудегі технологиялық жұмыс тізбегі 3.4.1 – кестеде келтірілген.
    3.4.1 – кесте. Жезқазған қаласының ЖезТемірБетон мекемесітемір-бетон конструкцияларын өңдеудегі технологиялық жұмыс тізбегі

    Тұғырықтан инертті материалдарды түсіру

    Шашылмалы (құм, балласты, құмтас, тас қыйыршық) материалдарды грунттау

    Цементті цементтік банкілеріне жүктеу

    Бункерлерге берілетін транспортерлік ленталарға инертті материалдарды жүктеу

    Инертті материалдарды тікелей бетон араласпаларының үстіндегі бункерлерге беру

    МЕСТ бойынша инертті материалдарды дайындау түрі мен бетон өнімдері бойынша мөлшерлеу

    Бетон дайындау

    Бетонды цехке және бетон тасығыштарға жүктеу

    Бетонды ваннаға (туфелькаға) қабылдау

    Құймаларды бұйым түрлеріне байланысты жинау

    Құймада бетон бұйымдарының түрлеріне байланысты сымдық немесе арматуралық қаңқаларды құрастыру

    Бетонды құйма түрлеріне және бетон бұйымдарының түрлеріне байланысты толыру

    Бетон бұйымдарына ілгектерді тұрғызу

    Құймаларды штабельдері бойынша жинау және мостылық кранымен кептіру камерасына орналастыру

    Кептіру камерасының жабылуы

    МЕСТ бойынша бекітілген уақыт бойынша бетон өнімдерін кептіру

    Бу камераларынан бетон бұйымдарын құймалармен бірге шығару

    Бетон бұйымдарын құймалардан босату

    Өнімдерді тексеру және маркілеу

    Бетон бұйымдарын қоймаға шығару


    Қолданылған әдебиеттер:


    1. «Өнеркәсіптік кәсіпорындарды электрмен жабдықтау» Ы.Т.Туғанбаев, Х.К.Ниязбаева, З.Т.Туркебаева.

    2. Петренко, Л. И. Электрические сети. Сборник задач [Текст] : учебное пособие для вузов/ Л. И. Петренко. – Киев: Издательское объединение «Вища школа», 1976. – 216 с.

    3. Федоров, А. А. Учебное пособие для курсового и дипломного проектирования по электроснабжению промышленных предприятий [Текст] : учебное пособие для вузов/А. А. Федоров, Л. Е. Старкова.–М. : Энергоатомиздат, 1987. – 368 с.

    4. Андреев В.А. Релейная защита, автоматика и телемеханика в

    сиситемах электроснабжения. – М.: Высшая школа, 2005

    5. Г.Хожин, Электр станциялары мен қосалқы станциялар, Алматы қ. «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2002.

    6. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы Қазақстан Республикасының Заңы// Егемен Қазақстан, 2004,

    7. Конституция Республики Казахстан. НОРМА – К: Алматы, 2002

    8. Князевский Б.А. и др. Охрана труда в электроустановок. – М.:Энергия, 2004

    9. Данияров А.С., Бақбергенова Қ.Ә, ―Электр тораптары мен жүйелері‖, Жезқазған ―ЖезУ‖ АҚ баспаханасы, 2006

    10. Неклепаев Б.Н., Крючков И.П., ―Электрическая часть электростанций подстанции‖, Учебное пособие для вузов. – М.: Энергоатомиздат 2003

    11. Под редакцией Круповича В.М., Барыбина Ю.Г., Самовера М.Л. Справочник по электроснабжению. – М.: Энергия, 2003

    12. Под редакцией Федорова А.А. и Сербинского Г.В. Справочник по электроснабжению промышленных предприятий: Электрооборудование и автоматизация. – М.: Энергия, 205

    13. Правила технической эксплуатации электроустановок потребителей и правила техники безопасности при эксплуатации электроустановок потребителей. – М.: Энергоатомиздат, 2001

    14. Правила устройства электроустановок. – Санкт-Петербург: Энерго-атомиздат, 2003

    15. Рожкова Л.Д., Козулин Л.С. Электрооборудование станции и

    подстанции. – М.: Энергия, 2000

    16. Федоров А.А., Каменева В.В. Основы электроснабжения промышлен-ных предприятий. – М.: Энергоатомиздат, 2006
    1   2   3   4


    написать администратору сайта