Главная страница
Навигация по странице:

  • Тәжірибеден өту мерзімі: 17.06.19-09.08.19 ж. Орындаған: Жаксылыкова Наргуль Тобы:16-03 Факультеті: Энергетикалық

  • Тәжірибенің мақсаттары

  • Мекемелердегі тәжірибеден өтудің міндеттері келесі

  • 2 Негізгі бөлім

  • Отчет по практике. Жаксылыкова Наргуль. азастан Ресупбликасы Ауыл шаруашылыы министрлігі С. Сейфуллин атындаы аза агротехникалы университеті ндірістік тжірибеден туі жайлы есеп


    Скачать 189.11 Kb.
    Названиеазастан Ресупбликасы Ауыл шаруашылыы министрлігі С. Сейфуллин атындаы аза агротехникалы университеті ндірістік тжірибеден туі жайлы есеп
    АнкорОтчет по практике
    Дата13.08.2019
    Размер189.11 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаЖаксылыкова Наргуль.docx
    ТипДокументы
    #85053
    страница1 из 4

    Подборка по базе: Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму мин, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму мин.
      1   2   3   4

    Қазақстан Ресупбликасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

    С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

    Өндірістік тәжірибеден өтуі жайлы

    ЕСЕП


    Тәжірибеден өту мерзімі: 17.06.19-09.08.19 ж.

    Орындаған: Жаксылыкова Наргуль

    Тобы:16-03

    Факультеті: Энергетикалық


    Нұр-Сұлтан

    Кіріспе
    Жұмыс оқу жоспарына байланысты мен, Жаксылыкова Наргуль өндірістік тәжірибемді Жезқазған қаласының ЖШС «Самға» мекемесінде, оның ішінде ЖШС «ЖезТемірБетон» зауытында 2019 жылдың 17-ші маусымынан 2019 жылдың 9 тамызы аралығында өттім.

    Тəжірибе жетекшісімен бірге қоғамда тікелей жұмыс жоспары жасалды, оны табысты аяқтадым.

    Тәжірибеден өту барысында мен келесі жұмыстарды жүзеге асырдым:

    - Мекеменің қауіпсіздік ережесімен таныстым;

    - Цехтардың құрылымдық бөлімшелерімен таныстым;

    - Ұйымның құрылымымен таныстым;

    - Ұйымның барлық функциялары мен ондағы жұмысшылардың қызметтерімен таныстым;

    - Техникалық жұмыс мазмұнымен таныстым;

    - Жұмыс ерекшеліктерімен таныстым;

    - Жұмыс түрлерімен таныстым;

    - Өз мамандығыма тікелей қатысты басқа да жұмыстармен айналыстым:

    - Маған бөлінген жеке тапсырма тақырыбымен тікелей жұмыс атқардым: «Сақтандырғыштар».

    Электр энергиясы технологиясы өнеркәсіптің дамуын жеделдетеді, жоғары сапалы материалдар жасауға әсер етіп, еңбек өнімділігін арттырады. Электр энергиясын пайдаланып жұмыс істейтін автоматтандыру және механикаландыру жүйесімен жабдықтау халықтың тұрмысына жәрдемдесетін табыс алу мақсатында жедел арттыру жолымен Қазақстанның энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан-2050" Қазақстан халқына жолдауында "Энергетика ресурстары" бөлімінде электрлендірудің маңызы корсетілген.

    Электр энергетикасын озық өркендету принципі еліміздің өндіргіш күштерін онан әрі қарай дамытудың шешуші шарты. Мұнымен қатар, бұл принцип электр энергиясын мол тұтынатын өндірістердің жаңа обьектілерін салудың, технологиялық процестердің прогрессивтік түрлерін енгізу тиімділігін күрт арттырудың, халықтың материалдық және мәдени дәрежесін жақсартудың да бірден-бір көзі екені бәрімізге де айқын болуға тиіс. Ресурстардың тиімділігі тамаша да орасан зор.

    Өнеркәсіптің электр энергияны пайдалану базасында электр қондырғылардың алар орны айрықша. Электр машиналары, аппараттары, қондырғылары мен құрылғыларының қатысуымен электр энергиясын басқа энергия түрлеріне айналдырып, технологиялық процестерді автоматтандыру жүзеге асады.

    Энергожүйеден өндіріс объектілеріне, қондырғыға, жабдық пен механизмдерге қажетті мөлшер мен сапаға сай электр энергиясын беруді қамтамасыз ету үшін кернеуі 1000 В-қа дейін және жоғары желіден тұратын өндіріс мекемелерінің электр жабдықтау жүйелері, трансформаторлық, түрлендіргіш және бөліп тұратын қосалқы станциялар қызмет етеді.

    Электр энергиясы технологиясы өнеркәсіптің дамуын жеделдетеді, жоғары сапалы материалдар жасауға әсер етіп, еңбек өнімділігін арттырады. Электр энергиясын пайдаланып жұмыс істейтін автоматтандыру және механикаландыру жүйесімен жабдықтау халықтың тұрмысына жәрдемдесетін табыс алу мақсатында жедел арттыру жолымен Қазақстанның энергетикалық ресурстарын тиімді пайдалану Н.Ә.Назарбаевтың "Қазақстан-2050" Қазақстан халқына жолдауында "Энергетика ресурстары" бөлімінде электрлендірудің маңызы корсетілген.

    Электр энергетикасын озық өркендету принципі еліміздің өндіргіш күштерін онан әрі қарай дамытудың шешуші шарты. Мұнымен қатар, бұл принцип электр энергиясын мол тұтынатын өндірістердің жаңа обьектілерін салудың, технологиялық процестердің прогрессивтік түрлерін енгізу тиімділігін күрт арттырудың, халықтың материалдық және мәдени дәрежесін жақсартудың да бірден-бір көзі екені бәрімізге де айқын болуға тиіс. Ресурстардың тиімділігі тамаша да орасан зор.

    Өнеркәсіптің электр энергияны пайдалану базасында электр қондырғылардың алар орны айрықша. Электр машиналары, аппараттары, қондырғылары мен құрылғыларының қатысуымен электр энергиясын басқа энергия түрлеріне айналдырып, технологиялық процестерді автоматтандыру жүзеге асады.

    Энергожүйеден өндіріс объектілеріне, қондырғыға, жабдық пен механизмдерге қажетті мөлшер мен сапаға сай электр энергиясын беруді қамтамасыз ету үшін кернеуі 1000 В-қа дейін және жоғары желіден тұратын өндіріс мекемелерінің электр жабдықтау жүйелері, трансформаторлық, түрлендіргіш және бөліп тұратын қосалқы станциялар қызмет етеді.

    Электр энергиясының басты тұтынушылары болып өндіріс транспорт, ауыл шаруашылығы, қалалар мен ауылдардың коммуналды шаруашылығы болып табылады. Бұнда өндіріс объектілеріне электр энергиясын тұтынудың 70%-дан астамы келеді. Ауыл шаруашылығы мен ауыр өнеркәсіптің дамуына, адам тіршілігіне қажетті энергиямен қамтамасыздандыру мақсатында электр энергиясын қолданудың, өндірудің жаңа технологиясының мұқтаждығы туындап отыр. Осындай маңызды мәселені шешу мақсатында электр энергиясын т‰рлі єдістермен µндіру үшін ќолданылатын жаңа қондырғыларды игеру маңызды.

    Энергетиктер және энергосалушылармен шешілетін негізгі мәселелер өндіріс көлемін үздіксіз көбейтуден, жаңа энергетикалық объектілерді салу мерзімін қысқарту мен ескілерін қайта жаңартудан, меншікті капитал салымын азайтудан, жанармайдың меншікті шығынын қысқартудан, еңбек өнімділігін жоғарлатудан, электр энергетиканың өндіру құрылымын жақсартудан тұрады. 80 жыл бойы электр энергетикасы жалпы ұлттық монополия ретінде дамыды және қызмет етті. Бұрынғы одақтың әрбір республикасы бірыңғай энергетикалық жүйенің аралық бөлігі болған. 1991 жылы бірыңғай энергетикалық жүйенің мен электр энергетикасын децентрализациялау мен дезинтеграциялау саланы реформалау процесстері басталды. Бірақ бұған қарамастан электр энергиясы бұрынғыдай энергияның әмбебап түрі болып қалады. Сонымен бірге ол халық шаруашылығының барлық салаларында техникалық прогресстің негізі ретінде қызмет етеді.

    Қазақстан Республикасындағы құрылыс индустриясының  қарқынды дамуы, құрылысқа қажетті негізгі қасиеттері жетілдірілген және техника-экономикалық жағынан тиімді құрылыс бұйымдары мен конструкцияларын кеңінен өндіруді қажет етеді. Тиімді құрылыс материалдары мен конструкцияларын өндірудің негізігі жолдарының бірі, оларды дайындауда жергілікті шикізаттық материалдарды  кеңінен қолдану болып табылады. Құрамалы   темірбетоннан  жасалынған  бұйымдар  мен  конструкциялар  негізінен    тұрғын  үй, азаматтық  және  өнеркәсіптік  құрылыстарда   кеңінен  қолданылады. Бұл  бұйымдар құрылыс  өндірісін  индустрияландыру бағытындағы  ең  қолайлы  материалдар. Құрама  темірбетонды  кең    көлемде  қолдану  бір  типті  өнімдер мен  конструкциялар шығарумен қатар өндірісті жартылай автоматтандыруға, механизациялауға     мүмкіншілік  тудырады.

    Құрылысты     одан   әрі    индустрияландыру жергілікті шикізаттық материалдарды қолдана отырып, техника-экономикалық жағынан тиімді құрылыс материалдары мен бұйымдарын өндіретін зауыттарды салуды көздейді.

    Еліміздің    2030    жылдарға   дейінгі   жобаланған        әлеуметтік, экономикалық  дамудың  негізгі  бағыттарында     көрсетілген,   атап   айтқанда  құрылыстың  көлемін  төмендетіп, сапасын  арттырып,      мейлінше  аз   шикізат  жұмсайтын, олардың  жалпы салмағын   азайту  арқылы  барлық  қасиеттерін  жақсартып,     құрылыс алаңына   көбінше дайындығы жоғары сапалы  бұйымдар мен  конструкцияларды    дайындау  қазіргі  уақыттың  басты  міндеті  болып  отыр.

    Қазіргі заманғы құрылысты бетонсыз елестету мүмкін емес. 2 млрд м3 жылына - бұл қазіргі оны қолданудың әлемдегі жалпы көлемі болып табылады. Бұл көбінесе өркениет деңгейін анықтайтын, ең танымал құрылыс материалдарының бірі болып табылады. Алайда, бетон - өте бірегей қасиеттерге ие ең күрделі жасанды композициялық материал. Ол қоршаған ортаға сай, әр түрлі жұмыс тәртіптерінде пайдаланылатын шикізаттың шексіз көзі мен салыстырмалы түрде төмен құнды болып келеді. Жоғарыда айтылғанға, биік сәулет-құрылыстық өрнектілікті, салыстырмалы карапайымдылық пен технологиялық қолжеткізілімдікті, жергілікті шикізатты кең пайдалануды және оны өндірудегі технологиялық қалдықтарды кәдеге жарату мүмкіндігін, аз энергосыйымдылықты, экологиялық қауіпсіздік және операциялық сенімділікті қосуға болады. Сол себептен, бетон сөзсіз, жақын болашақта да негізгі құрылымдық материал болып қала береді.
    Тәжірибенің мақсаттары:

    -     оқу үрдісінде алынған теориялық білімдерді тереңдету және нығайту;

    -     тиісті кредиттік, қаржылық, сақтандыру және басқа да мекемелерде қажетті кәсіби дағдыларды иелену;

    -     болжау, талдау, реттеу, жоспарлау және осы құрылымдардың қызметіне қатысты басқа да мәселелерді шешу әдістері мен әдістерін игеру;

    -     есепті жазу үшін қажетті материалды жинау.

    Мекемелердегі тәжірибеден өтудің міндеттері келесі:

    1)   ұйыммен (кәсіпорынмен) танысу, оның құрылымы, өндірістің және басқару бөлімшелерінің негізгі функциялары;

    2)   лауазымдық нұсқаулықтың ерекшеліктерін ескере отырып, ұйымдағы жұмыс принциптері мен әдістерін зерттеу;

    3)   кәсіпорынның нормативтік құжаттарын зерттеу;

    4)   ұйымдағы нақты жағдайдағы практикалық жұмыс;

    5)   есеп үшін материалды іріктеу және жүйелеу;

    6)   мекемедегі тәжірибе қорытындысы туралы есеп дайындау және жазу.

    Өндірістік-технологиялық тәжірибе уақытында студент білуі қажет:

    Білуі тиіс:

    • Құрылымдық бөлімшені ұйымдастыру және басқару;

    • жоспарлау және қаржыландыру мәселелерін білуі және зерттеу;

    • Қолданыстағы стандарттар, спецификациялар, жабдықтарды пайдалану бойынша нұсқаулықтар мен нұсқаулықтар, тестілік бағдарламалар, техникалық құжаттаманы орындау;

    • Техникалық есептеулерді жүргізу және зерттеудің экономикалық тиімділігін анықтау әдістері;

    • Экологиялық қауіпсіздікті және өмір сүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері.

    Меңгеруі тиіс:

    • Электр құрылғылары мен жүйелерінің сипаттамаларын бақылау және өлшеу үшін өлшеу құралдарын пайдалану әдістері;

    • Электр қондырғыларын орнату және конфигурациялау әдістері мен тәсілдері;

    • Мамандықтың профилі бойынша мерзімді, реферативтік және анықтамалық және ақпараттық жарияланымдарды пайдалану тәртібі.


    2 Негізгі бөлім
    Электрстансасы және қосалқы стансалық тарату құрылғысының барлық негізгі жабдықтарын бірнеше ерекшеліктерге классификациялауға болады: не үшін арналғаны,қолдану облысы,жұмыс істеу негізі, ток тегі, орындалуы және т.б.

    Электржабдықтардың келесі ірі топқа бөлінуін қарастыратын классификацияның негізгісі оның не үшін арналғаны болып табылады:

    - тарату құрылғысының коммутациондық аппараты, электр тізбегін қосып, өшіру үшін қызмет етеді;

    - шектеуші аппараттар, қысқа тұйықталу тогын және асқын кернеуді шектеуге арналған;

    - қосуды реттеу аппараттары,қосу үшін арналған,айналу жиілігін реттеу үшін,электр машинасының кернеу мен тогын немесе басқа да электр энергия тұтынушыларын реттеу үшін;

    - берілген электр немесе электрлік емес парамет контролі үшін арналған аппараттар;

    - өлше үшін арналған аппараттар, бірінші коммутация тізбегін өлшейтін және қорғағыш приборлардан изоляциялайды,ал есептелетін өлшем стандартты мәнге келеді;

    - электр реттеуіштері, анықталған заң бойынша берілген параметрді реттеу үшін арналған;

     

    Сақтандырғыштар – бұл электр қондырғыларын қысқа тұйықталу токтарынан қорғау үшін арналған аппараттар. Сақтандырғыштың негізгі элементі балқымалы элементі, асқын ток өткен кезде электр тізбегін ажыратады. Кең таралған балқу элементтері – тот басудан қорғайтын қалайымен қапталған мыс, күміс, мырыш, қалайы.

    Сақтандырғыштарға келесі талаптар қойылады:

    - сақтандырғыштың ток уақыттық сипаттамасы қозғалатын объект сипаттамасынан төмен өтуі тиіс;

    - қысқа тұйықталу кезінде сақтандырғыштар селективті істеуі тиіс; сақтандырғыш сипаттамасы тұрақты болуы керек;

    - өндірістік ауытқудан параметрлер бейберекеті сақтандырғыштың қорғағыш қасиетін бұзбауы тиіс;

    - жанып кеткен балқымалы элементті ауыстыру уақыты көп болмауы қажет.

     

    Әсер етудің минималды тогы шекаралық ток деп аталады. Шекаралық ток Iпогр  қуат балансы теңдеуінен есептеледі:

     

     

    ,

    (2.1)

     

    мұндағы КТ - жылу беру коэффициенті;

    ТПЛ - шекаралық токқа жеткенде балқымалы элементтің балқу температурасы;

    Токр - қоршаған орта температурасы. Балқу элементінің кедергісі материалдың меншікті кедергісінен 0,температуралық коэффициентіне Т, ұзындығына l және элементтің көлденең қимасының ауданына S  тәуелді:

     

     

    , Ом.

     

    (2.2)

     

    Бүйір бетін салқындату көлденең қима периметріне  және ұзындығына l  өрнектеледі . Сонда алынатын шекаралық ток:

     

     

    ,А,

     

    (2.3)

                

     



     

    2.1 - сурет - Балқымалы элементтің қорғағыш сипаттамасы

     

    d диаметрлі шеңбер балқыма элемент үшін:

     

     

    ,А.

     

    (2.4)

     

    Номиналды токты 4 есе асып түсетін ток, элементтің балқу температурасына дейін қыздыру уақытын жылудың қоршаған ортаға берілуін есепке алмай есептеуге болады. Бұл шарт:

     

     

    .

    (2.5)

     

    (4.2) ескеріп және V=Sl аламыз:

     

     

    .

     

    (2.6)

     

    0-ден материалдың балқу температурасы tПЛ  жететін Тпл-ға дейін уақыт шегінде интегралдасақ,онда балқу температурасын қыздыруға кеткен уақыттың өрнегін аламыз:

     

     

    ,

     

    (2.7)

     

    мұндағы .

    Сақтандырғыштың жалпы іске қосылу уақыты элементтің балқу уақытынан және доғаны өшіру уақытынан орындалады:

     

     

    .

     

     

    2.1 суретке сәйкес сақтандырғыштың электр тізбегін өшіру уақыты бір және сол токта балқымалы элементтің номиналды тогынан төмен. Аппаттық ток ұлғаюына қарай бұл уақыттағы айырма төмендейді, .
      1   2   3   4


    написать администратору сайта