Главная страница
Навигация по странице:

  • Баяндамалар мен рефераттар тақырыбы

  • Философиялық мәтіндермен жұмыс істеу

  • ІІІ тарау. Адам және қоғам философиясы 3.1 Философиядағы адам мәселесі

  • Қоғамдық болмыстың әсерінен қалыптасатын адамдағы үшжақты мағына

  • Жеке адам

  • Семинар сабағының жоспары

  • 3.2 Қоғам. Философиялық талдаудың негізі

  • Харизматикалық үстемділік

  • азастан Республикасы Білім жне ылым министірлігі С. Т.денов, А. Х. Хожамл, . К. Котошева, А. Н. Кудерина


    Скачать 1.55 Mb.
    Названиеазастан Республикасы Білім жне ылым министірлігі С. Т.денов, А. Х. Хожамл, . К. Котошева, А. Н. Кудерина
    Анкор1093_k_L.doc
    Дата12.01.2018
    Размер1.55 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файла1093_k_L.doc
    ТипДокументы
    #13896
    страница14 из 17
    1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

    Семинар сабағының жоспары:

    1. Таным – шындықты бейнелеу. Танымның субъектісі мен объектісі.

    2. Білім құрлымы. Сезімдік және рационалдық таным.

    3. Философиядағы ақиқат мәселесі. Ақиқаттың объективтілігі. Абсолютті және

    салыстырмалы ақиқат дилектикасы. Ақиқат өлшемі.

    1. Ғылыми таным және оның әдістері.


    Әдістемелік ұсыныстар

    Таным мәселелерінің философияда қойылуы, соған сәйкес қалыптасқан түрлі философиялық ағымдар. Таным барысы мәнінің күрделілігі мен қайшылығы: Танымның субъектісі мен объектісі, олардың диалектикасы. Практиканың мәні, оның таным процесіндегі орны. Таным процесінің диалектикасы. Сезімдік таным, оның формалары. Логикалық таным оның формалары. Сезімдік және логикалық танымның біртұтастығы. Шығармашылық және интуиция.

    Ақиқат теориясы. Ақиқаттың объективтілігі. Абсолюттік және салыстырмалы (относительно) ақиқаттардың диалектикасы. Ақиқатың нақтылығы. Прктика – ақиқат өлшемі.

    Ғылыми таным және оның ерекшеліктері.

    Танымның эмпирикалық және теориялық деңгейлері, олардың бірлігі мен айырмашылығы. Ғылыми танымның тәсілдері мен формалары. Танымның жалпы логикалық әдістері: анализ, синтез, абстракциялау, индукция және дедукция, аналогия, модельдеу.

    Эмпирикалық зерттеулердің ғылыми әдістері; байқау (баяндау, өлшеу, салыстыру), эксперимент. Теориялық зерттеулердің әдістері: формальдау, аксиоматикалық әдіс, гипотеза, абстрактіден нақтыға көшу әдісі, ғылыми теория жасау, тарихи және логикалық зерттеу әдістері.

     

    Бақылау сұрақтары

    1. Таным теориясының маңызы неде?

    2. Таным – шындықты бейнелеу. Танымның субьектісі мен обьектісі.

    3. Білім құрылымы. Сезімдік және рационалдық таным.

    4. Философиядағы ақиқат мәселесі. Ақиқаттың обьективтілігі. Абсолюттік және

    салыстырмалы ақиқат диалектикасы. Ақиқат өлшемі.

    1. Ғылыми және салыстырмалы ақиқат ерекшелігі.

    2. Танымның эмпирикалық және теориялық деңгейлері, олардың құрылымы.

    3. Ғылыми танымның әдістері.

     

    Баяндамалар мен рефераттар тақырыбы:

    1. Таным – философияның талдау обьектісі, оның әлеуметтік мәні.

    2. Ғылыми таным мен әрекеттің құрылымы мен динамикасы.

    3. Техникалық білімнің ерекшеліктері.

    4. Таным процесіндегі практиканың құрылымы, түрі және қызметі.

    5. Практиканың гносиологиялық қызметі, оның құрылымы.

    6. Наным, танымның конструктивтік бөлігі.

    7. Теориялық және эмпирикалық таным. Парадигма және зерттеу бағдарламасы.

    8. Қазіргі заман философиясының негізгі ағымдарында гносеологиялық

    мәселелерді қою.

    1. Философия мен ғылымдағы ақиқат өлшемінің мәселелері. Таным процесіндегі

    рационалдық пен иррационалдық, дискурсивтік және интуитивтіктің ара

    қатынасы.

    1. Таным және түсінік.

     

    Философиялық мәтіндермен жұмыс істеу:

    1. Антология мировой философии. В 4-х тт. М.: 1969-1972.

    2. Ильин В. В. Теория познания. Гл. 1. М.: 1994.

    3. Кун Т. Структура научных революции. М.: 1975.

    4. Мир философии: Хрестоматия 2-х частях. – М.: 1991.

    5. Поппер К. Логика и рост научного знания. М.: 1983.

    6. Рассел Б. Человеческое познание. Киев, 1997.

    7. Энгельс Ф. Табиғат диалектикасы. Алматы. 1972.

     

    Әдебиеттер тізімі: 

    1. Алексеев П. В., Панин А. В. Теория познания и диалектика. М.: 1991.

    2. Әбішев Қ. Философия. Алматы: Ақыл кітабы, 2001.

    3. Әбішев Қ., Әбжанов Т. Философия тарихындағы таным теориясы және метод

    проблемасы. Алматы, 1990.

    1. Балғынбаев А. С. Субьектінің ғылыми танымдағы белсенділігі. Алматы, 1997.

    2. Гадамер Х. Т. Истина и метод . М.: 1988.

    3. Заблуждаюшейся разум . М.:1990.

    4. Загадка человеческого понимания. М.:1991.

    5. Коршинов А. М. Познание и деятельность . М.: 1983.

    6. Кішібеков Д. К., Кішібеков Т. Д. Речь и писменность: Трансформация звуко-

    знаковых систем. Алматы, 2004.

    1. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Е. Философия. Алматы, 2003.

    2. Мұсаева Н. Р. Тылсым табиғат. Алматы, 1997.

    Мәдени-философиялық энцеклопедиялық сөздік Т. Х. Ғабитов, А. Т.

    Құлсариева,- Алматы, 2004.

    1. Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Ойлау тарихының елестері. Алматы, 1994.

    2. Орынбеков М. С. Ежелгі қазақтың дүние танымы. Алматы, 1994.

    3. Сартр Ж. П. Проблемы метода. Алматы, 1994.

    4. Теория познания. В 4-х томах. М.: 1991.

    5. Философия. ( Т. Ғабитов.- Алматы: Раритет, 2005).

    6. Философия: электрондық оқулық Т. Х.Ғабитов. Алматы. Юрлит, 2004.

     

     


    ІІІ тарау. Адам және қоғам философиясы
    3.1 Философиядағы адам мәселесі

     

    «Адам» деген ұғым – адам баласына тән жалпы қасиеттердің жиынтығын білдіретін түсінік. Адамың әлемде алатын орны ерекше. Адам жаратылыстың, табиғаттың туындысы және әлеуметтік феномен. Ол табиғат жасамаған заттар мен құбылыстарды өз қолымен, ақылмен жасайды.

    Діни ұғымдар бойынша дүние адам үшін жаралған деген ұғым бар, өмір адамға, адам көңіліне жол табу мақсатына бағындырады. Мұсылман және Христиан діндері, иудаизмнің Библиядағы мифін қабылдап, адамның азап шегуін бұрынғы ең бастапқы күнәсі үшін тартатын жазасы дейді. Одан құтылудың жалғыз жолы - Құдайға құлшылық етіп, табына беру деп уағыздайды.

    Ежелгі үнді философиясы мен дінінде адам әлемдік жанның бір бөлігі ретінде қаралды. Жанның біреуден екіншісіне көшуі туралы ілімде, тіршілік иелері (өсімдіктер, жануарлар, адамдар) мен Құдай арасында өтуге болатын жылжымалы шекара бар. Бірақ ең маңыздысы - бостандыққа ұмтылу тек адамға ғана тән, оған жету үшін құштарлықтан құтылу, болмыстың эмпирикалық жолы, сансара - карма заңдарын білу қажет. Упанишадтың пафосы- шабыт, сезім шаттығы, ықлас, ынта, жігерлену. Упанишад үнді философиясының дамуына зор ықпал көрсетті.

    Діни - этикалық ілім - буддизм, адам мәселесін ең жоғарғы биікке көтеріп, өмірді түгелдей соған арнау жайында баяндайды

    Қытай философиясында Конфуций СЯО-ға (ұлдың сый-сияпат көрсетуi, әке -шешені және үлкендерді сыйлауы), ең икемді әдіспен үлкен отбасын, елді басқаруға, этикет, әділеттік пен мінез-құлыққа ерекше көңіл аударады. Конфуций ең алғашқы болып «Өзіңе қаламағанды басқаларға қалама», - деп, ең басты моральдік-этикалық принципті өмірге әкелді.

    Даосизм, оның негізін салушы Лао-цзы бойынша, Дао (жол) - көрінбейтін, барлық жерде бар, өзінен өзі пайда болатын табиғат, заңдылық, оған жеке адамның мінез - құлқы мен ойлары да жатады. Адам өмір бойы дао принципін ұстануы керек, адам өз мінез - құлқын табиғатпен бүкіл әлеммен келістіруі керек. Бұл iлiм кейін Қытайдың негізгі бір діні ретінде дамыды.

    Ежелгі антика заманында адамды космос бейнесінде, «кішкентай әлем» (микрокосмос) ретінде қарады. Адам туралы мәселені алғашқы рет Сократ қойды. Ол рационалдық этиканың негізін қалап, адамның ішкі дүниесін, оның жаны мен ізгілікті ісін түсінуді ұсынды. «Ізгілік» дегеніміз – білім, «Жақсылық пен әділдікті танып-білген адам жамандық пен әділетсіздіктен аулақ болады»9, - дейді. Платон ілімі бойынша адамда мәңгiлiк жан мен өткiншi дене қосылады. Жан - денесіз идея әлеміне жатады. Адам болса, дербес рухтың сақтаушысы.

    Аристотель «Адам қоғамдық хайуан, тек ақылы бар»2 - деп, ал құлдарды адам деп санаған жоқ, «сөйлей білетін жануар» деп атады. Құл иесі құлға қайырымды бола алмайды. Сол сияқты әкесінің баласына қайырымды болуы міндетті емес, өйткені ол оның меншігі болып есептелінеді, ал баланың әкеге қайырымды болуы міндетті, себебі әкесіз бала дүниеге келмейді.

    Христиан дінінде адам ұғымы, Құдай бейнесінде қаралады. Адамды бағалауда ақыл-ой емес, жүрек негіз болады. Жүрек Көне өсиетте (Ветхий завет) - 851 рет қайталанады.

    Фома Аквинский: «Адам - дене мен жанның бірлігі. Хайуан мен періштенің аралығындағы нәрсе. Жан мәңгілік өлмейтін жақсылық сәулесі. Адам денесі - құмарлық пен ынтызарлықтың, жындардың ұясы», - дейді.

    Орта ғасырдағы шығыс философы әл-Фараби: «бақыт - әр адамның көздейтін мақсаты, үлкен игілік. Адамда сол мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін үш түрлі тамаша табиғи қабілет болады, ол: ерекше жасалған дене құрылысы, жан құмарлықтары, ой-парасаты»,- деген.

    Әл-Фараби адамның жан дүниесін жетілдіру мәселесін философиялық тұрғыдан зор білгірлікпен жан-жақты да терең зерттеп, талдау жасайды. Ал қайта өрлеу (ренессанс) дәуірінде Адам өзін-өзі билеу еркі, мақсаты бар тіршілік иесі ретінде қабылданды. Ол өзінің көптеген эстетикалық қасиеттеріне байланысты сезімтал дене иесі.

    Жаңа Заман философиясының өкілдері: Бэкон, Декарт, Гоббсс, Спиноза - адамның өз болашағы өз қолында, Құдайдан да, басқадан да тәуелсіз, ол тапқыр да белсенді жасампаз тағдыр иесі, өз өмірінің саналы субъектісі. Адамның ерекшелігі де, рухани күйі де оның ақыл-ойында, яғни ойлау қабілетінде деп есептедi. Декарт: ойлауды адамның өмір сүруінің нақты куәсі дейді. «Мен ойлай аламын, олай болса өмір сүремін». Адам - ақыл-ойы бар тіршілік иесі. Дене мен жанның арасында ортақтық жоқ. Дене белгісіздікте болса, жан ойлайды, жанның айқын маңызы – сана, ақыл-ой».

    Бірінші рет философияда «антропология» терминін Кант кіргізді. Адам философиясы немесе антропологиялық философия дегеніміз – адам туралы ілім. Ол адам мәселесін екіжақты қарады. Біріншіден, ол табиғат әлемi мен табиғи қажеттілікке тәуелді болса, екіншіден, адам еркіндік әлемі ретінде қаралды. «Адамның барлық іс-қимылының басқа біреудің еркіне бағынышты болуынан асқан сорақы сұмдық мүмкін емес»,- деді.

    Неміс романтизмінiң (XVII-XIX ғғ. басында) өкілдері Гете мен Гердер, кей жағдайда қайта өрлеу дәуіріне оралып, ойлауды шектеп, адамның сезімдік саласын одан жоғары қояды. Новалистің (неміс ақыны, философы) пікірінше, ойлау - тек қана сезімдік түс.

    Гегель: «адам – тарихи» – деген идеяны дамытты. Ол үшін адам - рухтың жалпылық қасиеті, рухани іс-әрекеттің субъектісі, мәдениет дүниесін жасаушысы. Фейербах пен Чернышевский өздерінің ілімінде адамды негізгі зерттеу мәселесіне айналдырды. Адам сезімдік, денелік тіршілік иесі және осының нәтижесі саналды.

    Маркс: адамды жасайтын, оның еңбекке деген ынтасы, іс-әрекеті, ал қоғамдық болмыс адам санасын анықтайды дейді. Марксизм философиясы қоғамдық сана, қоғамдық болмыс, таптар мен мемлекет, өндіріс тәсілі, мәдениет мәселелерін өте терең зерттейді, бірақ адам мәселесі көмескі күйінде қалған. Ал, өмір болса адам туралы мәселені зерттеуді, оған нақты зер салуды талап етеді. Негізгі мәселе: адам қашан жаралған, қалай пайда болды? деген сұрақтарға жауап іздеу. Менің болуымның міндетті шарты - «сенің, басқалардың болуы» – дейді Фейербах.

    Өмір философиясының өкілдері адамның ерекшелігін өмір феноменімен, кейде органикалық, биологиялық ұғымдармен көбірек жақындастырады (Ницше). Немесе мәдени-тарихи мағынада түсіндіреді (Дильтей). Өмір философиясында алдыңғы шепке адамның ойдан тыс қабілеті қойылады: сезім (Гаман, Якоби), ырық (Шопенгауэр), интуиция (Баадер, Бергсон). Олар сананы санасыздыққа жиі-жиі қарсы қояды. Фрейд және (фрейдизм) санасыздықты санадан артық көреді. Адамзат мәдениетінің, діннің шығуының қайнар көзін санасыздықпен байланыстырды, бұл жөнінде адам өз-өзіне толық жауап бере алмайды дейді.

    Экзистенциализм - ең алдымен адамның дербес нақты өмір сүруіне мән береді және материализмнің, сциентизмнің үстемдігін жоққа шығарады. Бірінші орынға сезімді, тек жай сезім емес, сезіну, уайымдауды қойды. Қысқаша уақытта сезіну орына ұзаққа созылған сезімдер: қайғыру, жалғыздық, қорқу, т. б. қойылады.

    Адамның табиғи (биологиялық) және қоғамдық (әлеуметтік) мәні. Адам «табиғи жаратылыстың дамуы» арқылы осы күнгі дәрежеге жетіп, күрделі феномен ретінде қалыптасты. Саналы адам (Home sapens) 50 мың жыл өмір сүріп келе жатқан болса, адамның жалпы тарихы шамамен 3-3,5 миллион жылдай болады.

    Ақылды адамның пайда болу негізі неде? Адамның еңбегі арқылы пайда болған заттар (жасанды табиғаттың) мен тілдің пайда болуында. Еңбек, сана, ойлау және тіл - бір-бірімен тікелей байланысып жатқан процесс. Бұл жерде антропогенез (адамдардың шығу тегін зерттейтін антропологияның бір бөлігі), антропосоциогенез (әлеуметтік себептерді анықтау) деректері көп жәйді анықтайды. Мәдениет жоқ жерде - жетілген қоғам жоқ, қоғамсыз - жетілген адам жоқ.

    Жан-жануардан адамның ерекшелігі неде?

    1. Еңбекке икемделген өзгеше денесі мен келбетi бар.

    2. Санасы, ойлау мүмкіндігі бар.

    3. Өзінің негізгі діні, сенімі бар.

    4. Адамдар арасындағы қарым-қатынасты қолдап, дамытады.

    5. Өндірістің пайда болуына, өзгеруіне байланысты өзін-өзі қамтып, өзгере білуінде.

    Сондықтан еңбек өндірісі қоғамның, оның дамуының негізі болып есептеледі. Адамның негізгі айырмашылығы – құрал-сайман жасай алатындығы. Артефакт (алғашқы қару) - немесе алғашқы зат. Тастан жасалған садақтың ұшынан бастап, ғарыш корабліне дейін қару мен заттардың бәрі де адам ойы мен еңбегінің нәтижесі. Ең алғашқы құрал: аң аулау, өзін қорғау үшін қолға ұстаған тас, таяқ және басқа заттар. Лақтыруға, соғуға ыңғайлы болу үшін адамдар оны өңдеп икемдеген. Ондай қару кімге қажет болған? Икемсіз әлсіз не жүгіре алмайтын адамдар, күш иелеріне қарсы тұру үшін қолға қару ұстауды жөн көрген. Ф. Ницшенің пікірінше, «адам деградацияға ұшыраған хайуаннан шыққан».

    Кейін қаруды басқаларды өзіне бағындыру үшін, үйірін қорғау үшін құрал-саймандарды еңбек ету тәсіліне айналдырады. Еңбек құралы, қару табиғаттан дайын түрде берілмейді, оларды жасау, қолдануды жас ұрпаққа үйрету үшін сөз керек, тілді дамыту қажеттілігі туады. Ал сөз абстракциялық ойлаудың көзі.

    Адам – белгілі-бір дәрежеде биологиялық және әлеуметтік тіршілік иесі. Биологиялық - тірі адам, тірі организм, және оның әлеуметтік қоғамдық мәні бар. «Адам мәні – Маркс айтқандай, оның сақалы мен бойында емес, оның әлеуметтік орны мен атқаратын ісінде».

    Адамның биологиялық сипаты неде? Ертедегі дүниеде адам өмірінің ұзақтығы 20-22 жас болды. Бірте-бірте адам өмірінің жақсаруына байланысты ұзара бастады. Медицина ғылымының дамуы, денсаулықтың жақсаруына алып келді. Ғылыми-техникалық революцияның жемістерінің арқасында жылы үйлер, азық-түлікпен қамтамасыз етудің ұтымды тәсілдері, адамның білімі мен тәрбиесінің жас кезінен жолға қойылуына жеттік.

    Адам дамуына кедергі болатын жағдайлар: ауа райы, экология, жердің улануы, көлдердің, жануар, өсімдік түрлерінің жоғалуы, т. б. Алғашқы кезде адамдар хайуандар секілді үңгірде тұрған. Ол кезде жыныстық қатынастар реттелмеген болатын. Оны эндогамия (endog- іштей, games- жыныстық, некелік қатынас) деп атайды. Ол адамзаттың денсаулығына, тұқымның өсіп дамуына зиянын келтірді, түрлі жазылмайтын аурулар адамзаттың келешегіне қатер туғызды. Сондықтан адамдар жақындар арасындағы некелік қатынасқа ерте бастан тыйым салған. Экзогамия (гр. exo - сырттан) пайда болды. Үйленуге адамды тыс жерден, сырттан, басқа ру ішінен іздеу тәртібі қалыптасты. Бұл адамзаттың қоғамдық дәрежеде дамуының алғашқы қадамы болды.

    Қоғамдық болмыстың әсерінен қалыптасатын адамдағы үшжақты мағына:

    1. Жеке адам, пенде (индивид).

    2. Индивидуальность (даралық, ерекшілік).

    3. Тұлға, кісі (личность).

    1. Жеке адам - жалпы адамзаттың өкілі. Көптің бірі ретінде адамға тиісті қасиетке, келбетке ие болуы керек.

    2. Индивидуальность (ерекшелігі) - адамзаттық қасиеті дараланып көрінетін әрбір жеке адамның өзіне ғана тән дауысы, жүріс-тұрысы, білімі, бет-пішіні, бұл ерекшеліктері қайталанбайтын феномен. Адам – таза қағаз емес, онда мәдениет өзінің жазуларын түсірген: ол тіршілік иесі, күш-қуаты, ақыл-ойы, сезіну-күйінуі бар және сонымен бірге нақты ұйымдасқан, сыртқы жағдайларды өзіне сәйкес өзгерте білетін жан.

    3. Тұлға, Кісі (личность) - ержеткен, бұғанасы қатқан, ақылы толған, өз ісіне өзі жауап бере алатын, өзінің дүниеге көзқарасы бар адам. Кісі әлеуметтік іс-әрекет иесі ретінде өндірістің, қоғамдық қатынастың, қоғамдық сананың субъектісі болып табылады. Тұлға - әртүрлі дәрежедегі қоғам топтарының да жауапкершілігін өзіне ала алатын кісі.

    Адамның туып өскен, тәрбиеленген қоғамы қандай болса, оның өзі де сондай болады. Дүниеде қанша адам болса, сонша мінез, сипат болады. Әр адам ең алдымен бүкіл адамзат қауымының мүшесі. Яғни, онда шыққан нәсілінен, ұлтынан, табынан, жынысынан, туған жерінен тәуелсіз есті және тәрбиелі адамның барлығына ортақ қуану, қайғыру; балажандық, ананы сүю, махаббат, әділеттілікті ұнату сияқты адами қасиеттер болады. Адамның ақыл-ойы мен сезімі өте күрделі биологиялық, психологиялық, әлеуметтік құбылыс. Күшті сезім, зерде, яғни интелекттің, еріктің араласқан түйіндері арқылы, әлеуметтік өлшем психологиялық қасиетке ұласады.

    Тән мен жан бірлігі, адам жанының ерекшілігі – оны табиғат әлемінен бөліп тұр. Қазіргі заманда «жанның» орнына, синонимы ретінде «психика» деген сөз қолданылады. «Психика» дегеніміз – «адамның ішкі дүниесі», «адамның рухани әлемі». Адам ерекшілігінің негізінде рухани дүние жатыр. Адамның биологиялық және әлеуметтік өлшемдерінің өзара диалектикалық байланысын, бір-біріне тәуелділігін сөз еткенде, адамның хайуандық қалдықтардан бірте-бірте арылып, «әлеуметтену» (социализация) процесіне кіретінін ұмытпау керек.

    Маркс: «Аштық қашанда аштық, бірақ пышақ пен шанышқының көмегімен піскен етті жеу арқылы жоюға болатын аштық бір бөлек те, қолдың, тырнақтың, тістің көмегімен жұлқылап, шикі ет арқылы жойылатын аштық бір бөлек», - деген.

    Қазіргі замандағы антроптық принциптің фундаментальдық (негізгі) қағидасы философия мен ғылымға көп ене бастады. Ол әлемді күрделі, әрі өздігінен ұйымдасқан жүйе және адамды ондағы негізгі элемент ретінде қарауды талап етеді. «Бірқалыпты адам», ерекше объект деген көзқарасты қалыптастыра отырып, адам әлемді бақылаушы және өзіндік реттеушісі ретінде, әлемнің физикалық параметрі әр алуан түрінің құрылымымен, әртүрлі дәрежесімен байланыс орнатты. Ғылымда (оның ішінде жаратылыстануда), адам қызметінде субъекті мен объекті арасындағы ажыратуды жеңу, табиғат пен адамның жақындасуын көрсетеді.

    Семинар сабағының жоспары: 

    1. Философиядағы адам концепциясы: оның табиғаты, мәні, мақсаты.

    2. Философия тарихындағы адам мәселесі.

    3. Адам және адамзат.

    4. ХХ ғ. философиясындағы және антропология антропты принципке бетбұрудың

    мәні.
    Әдістемелік ұсыныстар. 

    Философия тарихындағы адам мәселесі. Оның табиғаты, мәні. Адамның өмір сүруінің, табиғи-биологиялық алғы шарттары. Адамның әлеуметтік мәні. Адамның қалыптасып, өмірге келуіндегі еңбектің рөлі.

    Адамның табиғи және қоғамдық сипаты. Адам өміріндегі үйлесімділік пен үйлесімсіздік диалектикасы. Ғылыми-техникалық революция жағдайындағы адам өмірі.

    Адамның әлеуметтік және ұлттық тұрпаты. Адамазаттың рухани тәжірбиесі. Өмір және өлім проблемасы. Философия адам өмірінің мәні мен өлместігі туралы. Адам және адамзат. Бүкіл әлемдік біртұтас қауымдастықтың құрылып, дамуының обьективті алғышарттары. «Адам» және «кісі» (тұлға) ұғымдарының ара қатынасы. Дара адам (пенде) даралық, жеке адам (кісілік) – қоғамдық өмірдің обьектісі.

     

    Бақылау сұрақтары:

    1. Адам өмірі және оның құндылығы мен өзіндік ерекшелігі.

    2. Адамзат - әлемдік қауым.

    3. Адамның табиғаты, мәні, тағдыры.

    4. Философиядағы адам мәселесі.

    5. Адамның мәні: тарихи-философиялық талдау.

    6. «Адам», «жеке адам», «даралық», «кісі» ұғымдарының диалектикасы.

    7. Адамның руханилығы.

     

    Баяндамалар мен рефераттар тақырыбы: 

    1. Адамның табиғаты, мәні, мақсаты.

    2. Философия тарихындағы адам өмірінің мәні, мәселесі.

    3. Адамның табиғи, әлеуметтік-психологиялық және рухани себептелуі.

    4. Адамзаттың рухани тәжірибесіндегі өмір, өлім мен мәңгілік мәселелері.

    5. Адам - қоғам дамуының өзіндік мақсаты.

    6. Қазіргі әлемдік мәселелер және адамның тіршілігі.

    7. Адам дамуындағы биологиялық және әлеуметтік ерекшеліктері.

    8. Homo sapiens эволюциясындағы мәдениеттің жетекші рөлі.

    9. Индивидуализм - өмірлік бағдар және философиялық тұжырымдама ретінде.

    10. Тағдыр және өмір жолы.

    11. Экзистенциализм философиясындағы адам мәселесі.


    Философиялық мәтіндермен жұмыс істеу: 

    1. Бердяев Н. А. О назначении человека. М.:1993.

    2. Сартр Ж. П. Экзистенциализм – это гуманизм. Ницше Ф., Фрейд З., Фромм Э.,

    Камю А., Сартр Ж. П. М.: 1989.

    1. Тейяр де Шарден. Феномен человека. М.: 1987.

    2. Фромм Э. Душа человека. М.: 1992.

    1. Франк В. Человек в поисках смысла. М..1990.

    2. Кішібеков Д. К., Кішібеков Т. Д. Речь и писменность: Трансформация звуко-

    знаковых систем. Алматы, 2004.

     

    Әдебиеттер тізімі: 

    1. Әбішев Қ. Философия. Алматы. Ақыл кітабы, 2001.

    2. Бердяев Н. А. Философия свободного духа. М.: 1994.

    3. Бубер М. Два образа веры. М.:1995.

    4. Есім Ғ. Сана болмысы (Саясат пен мәдениет туралы ойлар). 3-кітап. Алматы,

    1997.

    1. Григорьян Б. Т. Философия о сущности человека. М.: 1973.

    2. Григорьян Б. Т.Философская антропология. М.: 1973.

    3. Гуреевич П. С. Человек . М.: 1955.

    4. Камю А. Бунтуюший человек. М.: 1990.

    5. Кішібеков Д., Сыдықов Ұ. Философия, 2003.

      1. Мәдени-философиялық энциклопедиялық сөздік. Т. Ғабитов, А. Т. Құлсариева.

    Алматы, 2004.

    1. О человеческом в человеке. М.: 1991.

    2. Подорога В. А. Феноменология тела. М.: 1995.

    3. Степин В. С. Философская антронпология и философия науки. М.: 1992.

    4. Философия / Құр. Т. Ғабитов. Алматы: Раритет, 2005.

    5. Философия : электрондық оқулық. Құр. Т. Х. Ғабитов. Алматы: Юрлит, 2004.

    6. Философиялық сөздік. Алматы, 1994.

    7. Человек. Мыс. прошлого и насто. о его жизни, смерти и бессмертии. М.: 1991.


    3.2 Қоғам. Философиялық талдаудың негізі
    Қоғам дегеніміз - адамдардың алуан түрлі саналы іс-әрекеті мен қызметінің нәтижесінде қалыптасқан адамдар бірлігі. Адамдар қоғамда өмір сүріп әрекет етеді, ол қоғамның ажырамас бір бөлігі және оған тәуелді. Адамзат қоғамы - табиғаттың ерекше бөлігі, ол табиғаттың ұзақ уақыт эволюциялық даму нәтижесінде пайда болады. Адамзат қоғамы әлемдегі барлық тірі жүйенің ең жоғарғы сапалы даму дәрежесінің көрсеткіші.

    Адамзат тарихындағы қоғамның дамуы мен қалыптасуы туралы осыдан жүз жыл бұрын және қазіргі кезде де бірыңғай пікір жоқ. Себебі, қоғамда көптеген жасырын терең құпиялар көп, оларды ақыл-оймен танып білу, дұрыс пікір айту өте қиын. Қоғамды зерттейтін ғылымдар әлі жас деуге болады. Олар: философия, социология, саяси экономия, тарих, демография, т. б., бұлар өздеріне зерттеу объектісі болатын материалдарды әлі толық жинап ала алған жоқ.

    Огюст Конт (1798-1857ж. ж «Социология» (лат.socialis –социатас қоғам, гр. Logos- ілім сөз) «қоғам туралы ілім» терминін ғылым айналымына енгізді. Ол қоғамды жеке адамдардың жай жиынтығы емес, керісінше олардың өндірістегі қабілетіне, рухани, өнегелік және саяси қызметтерінің дәрежесіне байланысты қоғам жетіледі, әрі дамиды дейді.

    Қоғамды идеалистік тұрғыдан танып-білу, әлі күнге дейін басым, оның мәнісі мынада:

    1. Қоғамды билейтін күш идея (пікір). Әр дәуір идеяға байланысты өзгереді. Бірақ сол идеялардың өздері қайдан пайда болатыны қаралмады.

    2. Қоғамның дамуында объективтік диалектикалық заңдылық және детерминистік (себептік) байланыс бар екені ескерілмеді.

    3. Тарихты жасаушы кім деген сұраққа - ақылы биік жеке адамдар, яғни, қаһармандар, патшалар деп, халықтың шешуші рөлін ескермеді.

    Аристотель Платонның мінсіз мемлекет теориясын сынады, ондағы ортақ мүлік идеясына қарсы шығып жекемешікті қорғады. Оның пікірінше, ортақ меншік еңбекке немқұрайлы қарауға әкеліп, оның жемісін бөлісуде қиындықтар туғызады, әркім аз еңбектеніп көп және сапалы үлесін алуға тырысады, ол достық пен келісімділіктің орнына айтыс пен алдауға алып келеді.

    Гегель «адамдар тарихты өз дегенімен жасай салмайды, ол қажетті заңды процесс ретінде дамып отырады. Бұл заңдылық объективті болып табылмайды, олар сырттан ендірілген абсолюттік идеяның қозғалысынан туады» деп пайымдады. Сондықтан ол тарихи дамудың шын процесін бұрмалады, бірақ алғашқы болып, қоғам дамуының заңдылығын айтты.

    Неміс ғалымы Макс Вебер (1864-1920 жж.). Тарихты үш шартты кезеңге бөлді. Дәстүрлік, феодалдық капиталистік деп бөлудегі орталық мәселе - қоғамдағы біреулердің екінші біреулерге үстемдігі, оның пайда болу себептері мен түрлері. Вебердің пікірінше, үстемділіктің үш сипаты болады: дәстүрлік, харизматикалық, рационалдық.

      1. Дәстүрлік: қоғамдағы қожайын мен бағынышты адамдар арасындағы қатынастарды экономика немесе әкімшілік емес, идеологияның көмегімен ұзақ уақытта қалыптасқан дәстүр анықтайды. Және бағынышты кісінің берілгендігіне сүйенеді.

      2. Харизматикалық үстемділік - билеушінің жеке өзінің ерекшелігі. Оның айналасындағы адамдар оны жерге табиғаттан тыс құбылыс ретінде құдайдың өзі жіберді деп есептеуі.

      3. Рационалдық - басқарудың кемелдеген түрі, ол капитализм қоғамында өмірге келеді. Бұл үстемдіктің қабылдаған қаулылары ақылға сыйымды, терең ойлы болады. Вебер осыған сай капитализмді былай сипаттайды:

    - өндіріс орындарының табысты болуы. Бұл өндіріс пен еңбекті ақыл-ойдың арқасында ұйымдастыру нәтижесі;

    - бірыңғай рационализмді жоққа шығарады, еркін ой, іс-әрекет бәсекесін қорғайды;

    - қоғам тарихында діннің де өте үлкен орын алатынын көрсетті. Батыс капитализімнің басты мәні – протестантизм деді. Ол қоғам тарихы мен оның, даму процесіне бірыңғай ғылыми көзқарастың, дәлелді логикалық жауаптың жоқтығы Вебер ілімін көп танымал етпеді.

    . Маркске дейінгі материалистер табиғат заңдары мен құбылыстарын материалистік тұғыдан түсіндіре отырып, тарихи жағдайлар мен қоғам өмірін тануда өз материализмін қолдана алмады. Марксизм – қоғамдық сана, қоғамдық болмыстың бейнесі дейтін дәстүрлі материализмді тереңдетіп, көп жаңа ұғымдар енгізді.

    Қоғам туралы философияда алуан түрлі ойлар қалыптасқан. Қоғамды материалистік тұрғыдан зерттеген Маркс. Адамға ең алдымен күн көру үшін денеге энергия беретін материалдық заттар байлығы керек дейді. Ол үшін оларды өндіретін құралдар қажет. Яғни, өмір мен қоғамның дамуында материалдық игіліктерді өндіру негізгі мақсат болып табылады. Сондықтан мемлекеттік мекемелер, құқықтық көзқарастар, өнер, мораль, адамдардың діни ұғымдары да осы негізге сәйкес дамиды.

    Қоғамдағы іс-әрекет пен қызметтің субъектісі - нақты адам. Адам мәнін қоғамнан тыс, еңбек құралынсыз, материалдық өндіріссіз танып-білу қиын. Қоғам біртұтас, бөлінбейтін әлеуметтік өмір, бір-біріне әсер ететін екі фактордан тұрады. 1. Адамдардың белгілі бір қызмет әдісі. 2. Әлеуметтік фактор. Бұлар адамдардың материалдық өндірісті дамытудағы тарихи қызметі арқылы пайда болады.

    Өндіруші күштер мен өндірістік қатынастар диалектикасы Маркс ілімінің өзекті бір идеясы, әлем тарихының бірлігімен әртүрлі екенін анықтайды. Маркс өндіруші күштер мен өндірістік қатынастарды біріктіріп өндіріс тәсілі деп атап, соған негізделген қоғамдық-экономикалық формацияларды – тарихи нақты қоғамдар типін ажыратады. Олар алғашқы қауымдық, құл иеленушілік, феодалдық, капиталистік, коммунистік (социализм - оның бірінші кезеңі ғана) формациялар. Формация ілімі көп жағдайда, әсіресе шығыс елдер тарихында, дәлме-дәл келе бермесе де, ғылыми-әдістемелік рөлі ерекше. Ол қоғамның өздігінен дамитын жүйе ретіндегі прогрессивтік дамуын анықтауға мүмкіндік береді. Прогрестің өлшемі математикалық есеп-қисапқа, дәлдікке бейім өндіруші күштердің деңгейі мен сипаты саналып, өндірістік қатынастардың соған сәйкестігі, қоғам дамуының негізгі бір заңы болып табылады. Өндірістік қатынастар өзінің тұрақтылығына сәйкес дамылсыз өзгеріп отыратын өндіруші күштерге сәйкес болмай қалған жағдайда, адамдардың шығармашылық ұмтылысы сөніп, еңбек өнімдері азайып, экономикалық күйзелістер, әлеуметтік қақтығыстар, саяси төңкерістер орын алады. Осы әлеуметтік революциялардың әсерінен өндіріс тәсілі өзгеріп, жаңа тарихи қоғам типі өмірге келеді.

    Маркс формациялардың ерекшеліктерін базис және қондырма ұғымдары арқылы көрсетуге тырысады. Базисті өндіріс қатынастардың жиынтығы, қоғамның экономикалық құрылымы деп, оны өндіріс құралдарына меншіктік қатынаспен теңестіреді, сондықтан социалистік революциялардың негізгі ұраны әлі күнге дейін жекеменшікті жою, мемлекеттік меншікті орнату болып саналады.

    Қондырма – ол экономикалық саладан тыс барлық өмірді: идеялар мен теорияларды; қоғамдық, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарды; саяси, құқылық, әлеуметтік, ұлттық, көркемдік, тіпті соңғы нәтижесінде (бұл сөз марксистік әдебиетте өте жиі қоданылады) жыныстық, діни, экологиялық, т. б. қатынастарды санайды. Қондырманың негізгі мақсаты, базисті қорғау немесе оны өзгертуге тырысу. Егер базис прогрессивті саналса, оны қабылдамайтындар – реакционерлер, халық жаулары аталып, қондырманың күшімен жойылуы қажет - бұл пролетариаттық диктатураның негізгі саясаты. Оның нәтижесін Совет дәуіріндегі Пол Пот режиміндегі жағдайлардан жақсы білеміз.

    Адамды адамның қанауын, таптар күресін жекеменшікпен тікелей байланыстыру таза ғылыми жол емес, әр кезде ауқатты әулеттердің арасында адамгершілік принцип пен нормалардан ауытқымай, ел арасында беделді болғандар, тіпті солардың көтерілісін бастағандар да болған. Яғни, экономикалық қатынастар біршама адамның өнегелік білім деңгейіне, ізгілікке ұмтылуына тәуелді. Ал байлығын пайдаланып қанау, күштеу сананың тарихи дәрежесіне сай, ертеде қазіргіден кең және қатаң қолданылғаны да белгілі. Әр кезде байлықтың негізгі көзі – еңбек екенін түсіну болған. Бірақ атадан қалған байлықты ол қалай жиналса да шашып тастамай ұрпағына жеткізу қажеттілігі, ауқаттылардың да көп бөлігін қалыптасқан экономикалық қатынасқа бейімделуіне арқау болған. Сананың тарихи жетілуі, еркіндік, теңдік, сүйіспеншілік идеяларын, демократиялық билік принципін оятты, бұл жағдайда үстемдік ету, адамды адам қанау тәжірибесін жалғастыру, жалған ғылыми теорияға сүйену, елдің санасын бұрмалау жолымен ғана іске асады.

    Марксизм, шын мәнінде, адамгершілік тұрғысынан логикалық аяқталмаған ілім, капиталистік экономиканы ғана ғылыми тұрғыдан негіздеген ілім. Оның социализмі ғылыми тұрғыдан дәлелдеуге жете алмағандықтан, жаңа формацияға күштеп өтуді қолдады. Осының нәтижесінде марксизмнің коммунизм идеясы бүгінде тек қаралаумен сенімсіздікке тап болды.

    Әр ілімнің жақсы жағын ала білу – даналықтың белгісі болғандықтан, Маркстік материалдық және идеологиялық қатынастар, базис пен қондырма идеяларын, адамды руханилықтан гөрі, экономикалық жан санауының біржақтылығына қарамастан, қоғамды материалистік, яғни ғылыми тұрғыдан қарауға үлкен үлес қосуын, оның ілімін мәңгілік мұралардың бірі ретінде санауға мүмкіндік береді.

    Социумның негізгі сферасы: материалдық, әлеуметтік, саяси, рухани. Қоғам ең күрделі, өздігінен ұйымдасатын, мақсаттылығы бар материалдық жүйе, өз құрамында салыстырмалы дербес көптеген кіші жүйелердің иерархиялық (бағыныштылық) қатынасын жинақтайтын көп мүше. Қоғамдық ілім - қоғамдық қатынастарды танып, олар рухани және материалдық, стихиялық және реттелген экономикалық, әлеуметтік, ұлттық, саяси болып келеді. Әр адам дайын қоғамдық қатынастарға келеді, соған үйлесімді іс-әрекет жасайды, танып өзгертуге ат салысады. Яғни, қоғамдық қатынастар жеке адамды әлеуметтік топтармен, бүкіл адамзатпен байланыстырады. Қоғамды жаңарту дегеніміз – бірінші кезекте, барлық іс-әрекетің формасы ретіндегі қоғамдық қатынастарды өзгерту болып табылады. Оны өзгерту объективті және субъективті факторларға тәуелді. Әрбір іс-әрекет саналы, бірақ оның толық салдарын танып-білу мүмкін емес әрі әрқилы ойлайтын, әрекеттенетін субъектілердің іс-әрекеттері қиылысып ешкім ойламаған жаңа жолға, қатынастарға алып келуі мүмкін. Сондықтан ұсынылған идея терең білімге сүйенген және елге қонымды болуы шарт. Бұқара халыққа сіңген идея қуатты материалдық, әлеуметтік, саяси, рухани күшке айналады. Қоғамдық қатынастардың мазмұны ең бастан-ақ қалыптасқан (алғашқы руда қатаң түрде ұсталған – теңдік, бауырластық, кейін еркіндік) талап-мақсатқа жақындай түседі.

    Саяси, әлеуметтік және рухани салалар идеология негізінде іске асады. Адамды адам арқылы өңдеу саясат, құқық, мораль, дін, эстетика және философия арқылы жүргізіледі. Адамды адам арқылы өңдеу әдістемесі көп, осы күнге дейін ол негізінен күшпен, зорлықпен, қысым көрсету арқылы орындалып келеді.

    Бұл жүйеге қарсы - демократия, ол қоғамдағы адам бостандығына ұмтылады. Бостандық ойға келгенді жасау емес. Қоғамда тәртіп болуы керек. Осыған сай қоғамда мекемелер мен реттеу аппараты, оның практикалық іс-әрекеті болады. Қоғамда өмір сүру іс жүзінде күнделікті практикаға байланысты. Адамға рухани азық керек. Ол идея. Идея болмаған жерде, қоғам өз дәрежесінде өмір сүре алмайды. Идея ескіргенде қоғам басқа идея іздейді. Оның тұрмыстық ауыртпалығы да жеңілдігі де сол идеяға байланысты.

    Қоғам дамуындағы адамға адамның күш көрсетуін тоқтатып, бостандық идеясының тарихи процестегі қажеттілік пен адамдардың саналы әрекетінің ара қатынасына байланысты шешілуі, өркениет – ол өмір сүрудің түрі және қоғамның даму бұлағы.

    Биосфера мен Ноосфера. Қоғам болмысының негізі – Биосфера. Биосфера адамдардың тыныс-тіршілігін, өмір сүруін қамтамсыз ететін орта ( биофизикалық және биохимиялық лаборотория десе де болады). Бұл өзінен-өзі өзгеріп, өздігінен ұйымдасатын әрі тұрақтылық пен тепетеңдікті сақтап отыратын ғажап жүйе.

      1. Тірі организмдер мекендейтін орта.

      2. Жер шарының тіршілік тараған аймағы.

      1. Жер қыртысының жоғарғы қабаты.

      1. Литосфера – жер шарының сыртқы қабаты, 5 км дейін.

      1. Гидросфера – жер шарының сулы аудандарының жиынтығы, 40 км.

      2. Атмосфераның төменгі қабаты (Атмосфера - жер шарын қоршап тұрған газ

    қабаты).

      1. Адамзат - биосфераның бөлігі

      2. Техносфера - адам ісі-әрекетінің нәтижесінде пайда болған барлық материалдық

    дүние.

    Ғылым мен техниканың дамуы негізінде адам биосфераның өзгеруін жылдамдата түсті. Адамазаттың жетілуіне сай биосфера өзінің келесі саналық сатысына - Ноосфераға (гр. ноос - ақыл, ой деген сөзінен шыққан) өтеді. Ноосфера туралы ілімнің негізін қалаған орыс ғалымы В. И Вернадский. (1863-1945 жж.) болды.

    Ноосфера: ақыл-ой өрісі, ойланып істейтін, әрі басқарылып отыратын әрекеттің көрінісі. Табиғатты жоспарлы, жүйелі әрі сапалы түрде пайдалану, өзгерту, түрлендіру жемісі, ақыл-ойдың құдіреті арқылы дүниеге келтірілген ғажайып техникалық құралдар табиғатты бүлдірмей, оны сақтауға, гүлдендіре түсуге тиісті.

    ХХ ғ.философиясындағы қоғамның көптеген модельдері мен теориялары.

    Поппер Карл Раймунд (1902-1994 жж.) ағылшын философы, логик, социолог ХХ ғ. ірі ойшылы. Ол тарихта қандай да болса заңдылықтың барын, бірыңғай адамзат тарихының барын жоққа шығарады. Адамзат тарихын қарастырғанда, оның саяси өкіметтің тарихы екенін есте ұстау керек деді. Ал саяси өкіметтің тарихы - дүниежүзілік тарих болмағандықтан, жалпы тарих және нақты тарих ретінде өмір сүрмейді. Ол дүниедегі бар көптеген тарихтың біреуі ғана болады. Оны таңдау, Поппердің пікірінше, дін немесе поэзия тарихынан айырмашылығы – мына жағдайларға байланысты.

      1. Билік біздің бәрімізге, ал поэзия кейбіреуімізге ғана ықпал жасайды.

      2. Адамдар билікті құдайындай көреді (әулие тұтады, құдай деп таңдау қорқыныштан туады).

      3. Адамдар билік басындағыларды әулие тұтса, бұл оларға ұнайды және олардың бар әрекеттері іске асып отырады. Сонымен қатар, көптеген ғалымдар адамзат тарихын патшалардың, генералдар мен диктаторлардың ыңғайына қарай жазады. К. Поппер әлеуметтік философияда қоғамның дамуын зерттейтін тарихи әдіске қарсы болды. Өзінің әлеуметтік-философиялық тұжырымдамасын «Ашық қоғам және оның жаулары» деген еңбегінде баяндайды (1945). Ол қоғамды екіге бөледі: ашық және жабық қоғам. Ашық қоғам: – демократиялық жолмен дамитын қоғам; экономикада, саясатта, мәдениетте әлеуметтік дамыған құрылымы бар және құқықтық мемлекет, оның плюралистік сипаты жоғары қоғамды – азаматтық дейміз. Ашық қоғам мүшелері сыни-рационалдық ойлауды алға қояды. Осыдан қоғамдағы мінез-құлықты, әлеуметтік дамуды саналы түрде басқару және мемлекеттік институттарды демократиялық принциптерге сай қалыптастыру мүмкіндігі туады. Жабық қоғам деп – капитализмге дейінгі және социалистік қоғамды атайды. Олардың жұмыс істеу тәсілі тоталитаризм, жеке адамнан ұжымның басымдылығы, догматизм және әлеуметтік демагогия.

    Поппер «әлеуметтік технология», әлеуметтік инженерлік (өнер) терминдерін енгізді. Ол тарих барысын жобалау мүмкін емес деп санады. «Ашық қоғам» концепциясын негіздеді және тотальдық жүйенің қауіпті екенін көрсеткенімен идеалистік көзқарастан арыла алмайды. Ал американдық ғалым Э. Фромм, қоғам дамуының неофрейдистік теориясын немесе антропологиялық моделін жасады.

    Э. Фромм З. Фрейдтің ізбасары ретінде оның психоанализмін реформалау арқылы, акцентті ішкі психологиялық процестен әлеуметтік, кісіаралық қатынастарға көшірді. Адамның полярлық бастамалары арасындағы күресті - өмірді сүю мен өлімге ұмтылуын, ол әлеуметтік сипаттың негізіне салады. Э. Фромм үшін қоғамдық өмірдің идеалы адамның еркін және бақытты өмір сүруі. Оларсыз прогресс туралы ойлардың еш мәні жоқ.

    Ол «Бостандықтан қашу» деген еңбегінде нарық қоғамындағы бостандықтың өсуін және адамдардың сол бостандықты пайдалана алмауын талдайды. Осының негізінде өмірден «қашудың» механизмін көрсетеді: тұлғалар арасындағы байланыстың, симбиоздық (садизм және мазохизм), автоматтандырылған ұқсастық конформизмнің өсуі, т. б. Фроммның тоталитарлық мемлекеттің пайда болуын, адамдардың жауапкершіліктен және ынталанудан бас тартуын, өз тағдырын патерналистік өкіметке жүктей салуын психикалық ұмтылыс деп түсіндірді. Ол бұл жолды жалғыздықтан арылудың қияли әдісі деді. Оның «Адам өзіне-өзі үшін» деген еңбегі ерекше «өмір сүру өнері» ретінде этиканы және адам мінезі типологиясын, «жемісті немесе жемісті емес» тағдырларды талдауға арналған. Оның негізгі еңбектері: «Бостандықтан қашу» (1941), «Маркстің адам концепциясы» (1961), «Психоанализ кризисі» (1973), «Адам өзіне-өзі үшін».

    Технологиялық детерменизм теориясы соңғы кезде «экологиялық антииндустриялизм» деп аталады. Бұл бағыттың негізгі бір теоретигі американдық публицист, футуролог және социолог А. Тоффлер (1928 ж.) – өзінің атақты «Үшінші толқын» еңбегінде біртұтас қоғам теориясынан шығып, қазіргі капитализмнің кризисін «индустриялық қоғамның сөнуімен», оның жаңа өркениетке өтуімен түсіндіруге тырысады. Ол қазіргі индустриализмге қарсы шығады, бірақ өзінің қоғамдық даму концепциясында көптеген индустриялық теориялардағыдай техника мен технологияның даму деңгейі жатыр.

    Негізгі еңбектері:, «Үшінші толқын», «Шок будущего».

    Белл Дэниел (1919) американ социологі. 60-шы жылдары постиндустриялдық қоғам концепциясын ұсынды, онда ғылым мен техника прогресінің нәтижесінде капитализмнің жаңа әлеуметтік индустриалдық қоғамнан бөлек, оның қайшылықтарынан арылған жүйеге өтетінін негіздеді. Ол батыс мәдениеті күйреуінің «дінорталық» версиясын ұсынды, одан діни жаңғыру арқылы ғана құтылуға болатынын айтты. Негізгі еңбектері: «Идеологияның соңы» (1960), «Келе жатқан постиндустриялық қоғам» (1973).

    ХХ ғасырдың 30-шы жылдары пайда болған Фанкфурт мектеб өкілінің бірі Маркузе, өзі қызметінің елеулі кезеңін марксизм философиясына көңіл аудару мен оны тексеруден бастады. Ол қоғам дамуындағы: жаттану, әлеуметтік психолгия, ғылыми-техникалық революция секілді күрделі мәселелерді қоюымен танымал болды.

    Маркузе, марксизмнің кейбір идеяларын, экзистенциализм мен психоанализмін қосуға бағытталған «жаңа сезімталдық» рухында «қоғамның сыни теориясын» негіздеді. Техногендық өркениет пен бұқаралық мәдениеттің жемісі ретінде «бірөлшемді адам» концепциясын ұсынды. Адамның келбетін бұзатын және тұлғаны жатсынуға алып келетін жүйе ретінде капитализм мен социализмнен «бас тарту» керек екенін көрсетті. Өндірісті автоматтантандыру мен өнімнің өсуі, материалдық игіліктің тез көбеюі, тұтынудың жоғарғы деңгейіне жеткізеді, адамның революциялық ұмтылысын басады. Саяси партиялардың, қозғалыстардың қажеттігі өздігінен сөнеді. Біртиптілік адамда жаттандық сезім тумайды, оның өмірі пендешілік қажеттіліктерге, ұмтылыстар мен құштарлықтарға толы, олар тек тұтынуға бағытталған. Мұндай «бір өлшемдік адам» «бір өлшемдік қоғамда» туып, осыдан бірөлшемдік ғылым, мәдениет, философия пайда болды.

    Мәдени-тарихи тип немесе тарихи қайталану концепциясы, бағыттының негізгі өкілдері: О. Шпенглер, А. Тойнби, П. Сорокин. Олар Дж. Виконың іліміне сүйенеді. Ол бойынша әрбір халық дами отырып, үш кезеңнен (құдайлық, ерлік және адамдық) өтеді. Бұл адам өмірінің кезеңдеріне ұқсас: балалық, жастық және ересектік. Бұдан кейін даму процесі тоқтайды да, кері жүру басталады, жаңа қайталануға жол береді. Шпенглер, Тойнби, Сорокин концепцияларында Вико идеясы жеке қоғамдардың тарихы, оларды қайталанбас мәдениеттер тұрғысынан нақтыланады.

    Қоғам өздігінен дамитын жүйе ретінде, осы замандағы әлеуметтік рухани және ғылыми техникалық прогрестің арақатынасының көріну дәрежесі және дүниежүзілік тарихи дамудың бірлігі мен ерекшеліктерінің негізінде қалыптасады
    Семинар сабағының жоспары: 

    1. Қоғам түсінігі. Философия тарихындағы қоғам концепциясы. Әлеуметтік

    шындықтың түсінігі және негізгі принциптері.

    1. Социумның негізгі сферасы: материалдық әлеуметтік, саяси, рухани.

    2. Биосфера мен ноосфера.

    4. ХХ ғ философиясындағы қоғамның модельдері мен теориялары.
    Әдістемелік ұсыныстар:

    Қоғамды тарихи материалистік және идеалистік тұрғыдан зерттеп, танып-білудің мәні. Қоғамдық болмыс пен қоғамдық сана. Материалдық өндіріс - қоғамдық дамудың негізі. Ғылыми-техникалық прогресс және материалдық өндіріс.

    Қоғамдық қатынастар. Материалдық және идеологиялық қатынастар. Базис пен қондырма. Нарықтық экономикаға өту кезеңіндегі экономика мен саясат (Қазақстан мысалында).

    Қоғамдық-экономикалық формация категориясы, оның құнды жақтары мен кемшіліктері. Әлеуметтік шындықты формациялау тұрғысынан талдаудың мәні. Қоғамның тарихи типтері. Қоғам дамуының қозғаушы күштері. Халық - тарихты жасаушы. Ерекше тұлғалардың тарихтағы рөлі. Қоғам - өздігінен дамитын жүйе. Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар диалектикасы.

    Прогресс идеясының қалыптасуы. Қоғамдық прогрестің мәні мен критерий (өлшемі). Қоғамдық прогрестің тарихи типтері. Қоғамдық-экономикалық формациялардың ауысуы – прогрестің іске асуы. Қоғамдық прогресс және бостандық. Осы заманғы әлеуметтік, рухани және ғылыми техникалық пргрестің ара қатынасы.

    Дүниежүзілік тарихи дамудың бірілігі мен еркшеліктері. Қоғамдық дамудағы күш көрсету проблемасы.

    ХХ ғ философиясындағы көптеген моделі мен теорияларының мәні.
    Бақылау сұрақтары:

    1. Қоғам ұғымы. Қоғам дамуына көзқарастың қалыптасуы.

    2. Қоғам мен оның тарихын материалистік тұрғыдан түсіну.

    3. Қоғамның әлеуметтік құрылымы.

    4. Қоғамдық-тарихи процесс.

    5. Материалистік және идеалистік философтардың қоғамға көзқарасының

    айырмашылығы неде?

    1. Қоғамның рухани саласын сіз қалай түсінесіз?

    2. Әлеуметтік мобильдік нені білдіреді?

    3. Қоғам дамуына көзқарастың қалыптасуы.

    4. Тарихтағы обьективтік жағдай және субьективтік фактор. Тарихи процестің

    субьектілері мен қозғаушы күштері.

    10.Қоғамдық прогресс пен оның өлшемдері. Базис пен қондырма. Экономика және

    саясат, олардың өзара диалектикалық қатынасы.
    Баяндамалар мен рефераттар тақырыбы:

    1. Қоғамдық сана мен қоғамдық болмыс ұғымдары, олардың байланысы.

    2. Қоғам дамуындағы экономикалық және идеологиялық факторлардың ара

    қатынасы.

    1. Қазіргі өркениет, ерекшелігі мен қайшылығы.

    2. Қоғамдық прогресс, оның өлшемі.

    3. Бостандық – қоғамдық прогрестің жемісі.

    4. Қазіргі замандағы ғылыми-техникалық, әлеуметтік және рухани прогрестің

    қатынасы.

    1. Өркениет - өмір сүру түрі және қоғамның дамуы.

    2. Қоғамдағы әлеуметтік таптың құрылымын Маркстік философияның талдауы.

    3. Вебер қоғамның әлеуметтік құрылымы туралы.

    4. Идеология және оның қоғамдық өмірдегі рөлі.

    5. Мальтус және оның халық саны теориясы.

    6. Әлеуметтік-философиялық ойлаудағы қоғам түсінігі қалыптасуындағы үш

    қайнар бұлақ.

    1. Ғылым мен техниканың дамуы және биосфераның өзгеруі.

     

    Философиялық мәтіндермен жұмыс істеу: 

    1. Вебер М. Избранные произведения. М.,:1990.

    2. Бердяев Н. А. Философия не равенства. М.: 1990.

    3. Тойнби А. Дж. Постижение истории. М.: 1991.

    4. Гегель Г. В. Философия истории.СПб, М.: 1993.

     

    Әдебиеттер тізімі:

    1. Алтаев Ж., Ғабитов Т. Х. , т.б. Филосфия және мәдениеттану. Алматы, 1998.

    2. Әлеуметтік философия: Хрестоматия. Алматы, 1997.

    3. Барулин В. С. Социальная философия. М.: 1993.

    4. Вехи из глубины. М.: 1991.

    5. Вернадский В. И. Философские мысли натуралиста. М.: 1998.

    6. Ғабитов Т. Х. Заңгер этикасы. Алматы: Юрлит, 2004.

    7. Есім Ғ. Сана болмысы. 1-9 т. Алматы, 1994-2001.

    8. Маркс К. К критике политической экономии. Предисловие. Маркс К., Энгельс Ф.

    Соч. Т.13.

    1. Мәдени-философиялық энциклопедиялық сөздік. Т. Ғабитов, А. Т. Құлсариева

    Алматы: Раритет, 2004.

    1. Мырзалы С. Қ. Философия әлеміне саяхат. Қостанай, 2000.

    2. Нұрмұратов С. Ұлттық болмыс пен ұлттық сана оқу құралы. Алматы, 1996.

    3. Ортега-и-Гассет Х. Что такое философия ? М.: 1991.

    4. Орынбеков М. С. Ежелгі қазақтың дүниетанымы. Алматы 1996.

    5. Поппер К. Открытое общество и его враги . М.: 1992.

    6. Сорокин П. А. Человек. Цивилизация. Общество. М.: 1992.

    7. Философиялық сөздік .Алматы, 1996.

    8. Философия: электрондық оқулық. Т. Х. Ғабитов Алматы: Юрлит, 2004.

    9. Философиялық сөздік, Алматы, 1996.

    10. Шпенглер О. Закат Европы. М.: 1993.


      1. 1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
    написать администратору сайта