Главная страница
Навигация по странице:

  • Арнайы сәйкестірілген есептеу әдісі

  • Орташа өзіндік кұнын есептеу әдісі

  • ФИФО әдісі

  • ЛИФО әдісі

  • Мысалы: А – түрлі материалдар тобы

  • ФИФО әдісі бойынша

  • ЛИФО әдісі бойынша

  • 3 6 Таурлыматериалды орларды баалау дістері


    Скачать 17.2 Kb.
    Название3 6 Таурлыматериалды орларды баалау дістері
    Дата06.11.2018
    Размер17.2 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла3.docx.docx
    ТипДокументы
    #55506

    3.1.6  Таурлық-материалдық қорларды бағалау әдістері

     

    Материалдық қорлар бухгалтерлік есепте мына әдістер негізінде бағаланады:

    1.  Арнайы сәйкестірілген есептеу әдісі

    2.           Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі

    3.           ФИФО әдісі

    4.           ЛИФО әдісі

     

    Арнайы сәйкестірілген есептеу әдісі

    Арнайы сәйкестірілген есептеу әдісі әдетте бірімен бірін алмастыруға болмайтын немесе кәсіпорында ерекше тәртіппен пайдаланылатын (асыл металдардың, асыл тастардың т.б.) нақтылы бір материалдық қорлардың бағасын есептеуге арналған. Бұл әдіс жұмсалынған материалдар мен істелінген жұмыстардың нақты өзіндік құнын есептеп шығаруды көздейді. Сондай-ақ бұл есептеу әдісі сатылып алынғанына немесе кәсіпорынның өзінде өндірілгеніне қарамастан арнаулы жоспарлауға арналған материалдардың өзіндік құнын есептеуге арналған.

     

    Орташа өзіндік кұнын есептеу әдісі

    Орташа өзіндік құнын есептеу әдісі бойынша кәсіпорынға кіріске алынған әрбір материалдық қорлардың бағасы олардың кіріске алынғандағы шоты бойынша бағасын анықтау мүмкін болмаған жағдайда жүргізіледі. Материалдық қорлар тобының (түрінің) орташа өзіндік құны ұйымдағы материалдардың есепті айдың басындағы қалған қалдығының құнымен ай бойы кіріске алынған материалдар құнының жиынтығын (қосындысын) материалдардың ай басындағы сандарының қалдығымен ай бойы кіріске алынған тиісті материалдардың сандарының қосындысына бөлу арқылы анықталады.

     

    ФИФО әдісі

    ФИФО есептен шығарылған материалдық қорларды олардың алғашқы кезекте кіріске алынғандарының өзіндік құны бойынша бағалау әдісі болып табылады. Бұл әдіс қағидасы бойынша материалдық корлардың бірінші кезекте кіріске алынғаны, алғашқы болып, яғни бірінші кезекте шығыс етіледі деп жорамалданады. Басқаша айтатын болсақ, барлық келіп кіріске алынған материалдар бірінен соң бірі кіріске алынғандағы кезегі бойынша шығыс етіледі деп есептелінеді. Бұл жағдайда ай соңында кәсіпорынның қоймасында қалған материалдардың өзіндік құны соңғы кіріске алынған материалдардың бағасымен бағаланады.

     

    ЛИФО әдісі

    ЛИФО әдісі кәсіпорынға ең соңғы кезекте кіріске алынған материалдар тобы бірінші болып шығыс етіледі немесе жұмсалады деген қағидаға негізделген, яғни алғашқы жұмсалатын немесе шығыс етілетін материалдар кәсіпорынға ең соңғы кіріске алынған материалдардың тиісті өзіндік құны бойынша бағаланады. Ал ай соңында кәсіпорында қалған материалдар алғашқы кіріске алынған материалдардың өзіндік құны бойынша бағаланады.

    Өндіріске босатылған және материалдардың қоймадағы қалдықтары ФИФО және ЛИФО әдістері бойынша мына түрде есептелінеді. Мысалы: А – түрлі материалдар тобы

    Бұл кестеден көріп отырғанымыздай шығыс етілген 250 дана материалдық қорлардың құны былайша есептелінеді.

     

     

     

    Саны (дана)

    Бағасы (теңге)

    Сомасы (теңге)

    А) Қаңтар айының бірінші жұлдызына кәсіпорынның қоймасындағы материалдардың қалдығы

    50

    100

    5000

    Қаңтар айында кіріске алынған материалдық қорлар

     1 –топтамада

     2-топтамада

     3-топтамада

     4-топтамада

     5-топтамада

    100

    80

    90

    100

    70

    110

    120

    130

    140

    150

    11000

    9600

    11700

    14000

    10500

    Кіріске алынған материалдық қорлардың жиыны

     

    440



    56800

    Бастапқы қалдық пен қоса есептегендегі қалдығы

     

    490

    ---

    61800

    Ай  бойы материалдық  қорлардың шығыс етілгені

     ФИФО әдісімен бағалағанда

    250

     

    28200

     ЛИФО әдісімен бағалағанда

    250

     

    34900

    Ай соңындағы материалдық қорлардың қалдығы

     ФИФО әдісімен бағалағанда

    240

     

    33600

     ЛИФО әдісімен бағалағанда

    240

     

    26900

     

    ФИФО әдісі бойынша:

    Бірінші кіріс етілгендер, соның ішінде: айдың басындағы кәсіпорынның қоймасындағы материалдардың қалдық саны 50 дана сомасы 5000 теңге, бірінші топтамада кіріске  алынғаны   100  дана  сомасы   11000  теңге,  екінші топтамада кіріске алынғаны 80 дана сомасы 9600 теңге, үшінші топтамада  кіріске   алынған  материалдардың  тек қана 20 данасы сомасы 2600 теңге шығыс етіледі. Барлығы 250   (50+100+80+20)   дана,   сомасы   28200   (5000+11000+ 9600+2600) теңгенің материалдары.

     

    ЛИФО әдісі бойынша:

    Соңғы  кіріс  етілгендер,  соның ішінде:  бесінші топтамада  кіріске  алынғаны  70  дана,   сомасы   10500  теңге, төртінші  топтамада  кіріске  алынғаны   100  дана,   сомасы 14000 теңге, үшінші топтамада кіріске алынған 90 дана материалдың сомасы 11700 теңге, 80 данасы сомасы 10400 теңге   шығыс   етіледі.   Барлығы   250   (70+100+80)   дана сомасы 34900 (10500+14000+10400) теңгенің материалдары.

    Материалдық қорларды ФИФО және ЛИФО әдістерімен   бағалау   барысында   материалдардың   талдамалық (аналитикалық)   есебін   олардың  түрлері   бойынша   ғана жүргізіп   қоймай,  егер  олар  әр  түрлі  бағамен  сатылып алынған болса, онда келіп түскен материалдарды олардың топтамасы бойынша есептеу керек.

    Материалдар баланста нақты өзіндік құны бойынша көрсетіледі. Сонымен қатар материалдар өздерінің топтамалық (синтстикалық) есебінде нақты өзіндік құнымен көрсетіледі де, ал талдамалық (аналитикалық) есебінде жоспарлы есептеу бағасымен немесе келісілген бағасы бойынша көрсетіледі. Егер кәсіпорын материалдық қорлардың талдамалық (аналитикалық) есебін келісілген бағасы бойынша есептейтін болса, онда олардың нақты құны материалдық қорлардың сатылып алынған құны мен дайындау-тасымалдау шығындарының қосындысынан тұрады. Бұлардың құрамына теміржол тарифы, көлік, ұшақ басқа да тасымалдау құралдарының тарифтері, жарналар, материалды тиеуге, түсіруге кеткен шығындар, материалдық қорларды дайындаушылардың іссапары шығындары, қамсыздандыруға төленген төлем және басқа да шығындар жатады. Егер материалдық қорлардың талдамалық (аналитикалық) есебі жоспарлы есептеу бағасы бойынша есептелетін болса, онда олардың нақты өзіндік құны жоспарлы есептеу құнына баға өзгеруінен болатын ауытқуларды қосу немесе алу арқылы анықталады.

    Бұл бағаны кәсіпорынның немесе ұйымның өзі жоспарланған дайындау-тасымалдау шығындарын ескере отырып есептеп шығарады. Жалпы материалдық қорларды есептеуде заттай және ақшалай өлшемдер қолданылады.
    написать администратору сайта