Главная страница
Медицина
Экономика
Финансы
Биология
Сельское хозяйство
Ветеринария
Юриспруденция
Право
Языки
Языкознание
Философия
Логика
Этика
Религия
Политология
Социология
История
Информатика
Физика
Математика
Вычислительная техника
Культура
Промышленность
Энергетика
Искусство
Химия
Связь
Электротехника
Автоматика
Геология
Экология
Начальные классы
Доп
Строительство
образование
Механика
Воспитательная работа
Русский язык и литература
Дошкольное образование
Классному руководителю
Другое
Иностранные языки
Физкультура
Казахский язык и лит
География
Технология
Школьному психологу
Логопедия
Директору, завучу
Языки народов РФ
ИЗО, МХК
Музыка
Астрономия
ОБЖ
Обществознание
Социальному педагогу

Экономика реферат. 1.азастандаы электронды экономика 1 Электронды сауданы дамуы


Название1.азастандаы электронды экономика 1 Электронды сауданы дамуы
Дата05.12.2018
Размер95 Kb.
Формат файлаdoc
Имя файлаЭкономика реферат.doc.doc
ТипДокументы
#58982

Мазмұн
Кіріспе

1.Қазақстандағы электрондық экономика

1.1 Электрондық сауданың дамуы

2. Электронды коммерция кіретің функциялар

Кіріспе


Электронды нарық түсінігі өте кең таралғанмен әлі көп елдердің
нарығында қолдана бермейді. Компанияның электронды нарыққа шығу мақсаты өте күрделі құбылыс. Мықты ұйымдастырылған маркетинг қызметі жоғарғы
жетістіктерге жетеді, дегенменде электронды маркетинг өзінің әрбір
элементтерінде түрлі спецификалық ерекшеліктер бар. Электронды нарықтың
тарихта пайда болуы 1960 жылдың аяғы кезінде басталды, АҚШ-ң Қорғаныс
Министр бөлімшесі әскери компьютерлік ведомості құрған кезден бастап
қызмет етуде. Соған орай ARPANET деген атауға ие болды. Мұндай жүйенің
пайдалы екенін ғалымдар тез арада аналогиялық желі яғни ақпарат алмасу үшін
ұйымдастырды. Кейінірек , жаңа локальді желі , бір-бірімен байланыстыратын
желілерді ойлап тапты. ХХ ғасырдың 80 жылдарының аяғында «Интернет»
терминін «Сеть сетей» мағынасында түсіне бастады. Бұрынғы кездерде
ақпараттық технология бизнес саласында маңызды роль атқармаған. Шын мәнінде жаңа мыңжылдыққа өту барысында және электронды бизнестің дамуы ақпараттық технология саласынан бөлініп, қол жеткізуге болмайды.
АҚШ-та электронды бизнес ең қуатты салаға айналды. Pricewaterhouse
Cpers компаниясының жылдық болжауы бойынша , бір-екі жылдан кейін
барлық бизнес-процестер , тек қана Интернет арқылы , яғни WEB –сервис
көмегі арқылы іс-жүргізуге болады. PWC компаниясы аналитактерінің ойларынша , жақын арада әрбір компания өздерінің бизнес саласындағы қолданатын программалық қамтамасыздандыруын өзгертеді, бұл өзгерістердің барлығы Интернет бизнестік процестің негіз болуына алып келеді. Дегенменде, бұл іске үлкен күш жұмсау қажет, себебі, Интернеттен мұндай алынған өнімнің сенімді және қауіпсіз болуына қол жеткізу. Интернет ортасында сауда саттықпен айналысу мүмкіншілігі бізге оны ғаламдық электронды базар ретінде қарастыруға мүмкіншілік береді. Бүгінігі таңда ол әлі жас, бірақ оның айналым жүйесі таңқалдырады.


1.Қазақстандағы электрондық экономика жəне оның ұйымдастыру жолдары қазақстандағы соның ішінде электронды коммерция соңғы жылы қарқынды дами бастады. Электронды экономиканың барлық сегменттері дамуда: корпоративті электронды сауда алаңдары, жекек интернет-дүкендері, төлем жүйелері, интернет-банкингтар. Жеке электронды сауда алаңдары бар Қазақстандағы ірі қатысушылар қатарына: − «Казкоммерцбанк»; − «Лайнер»; − «Белый ветер»; − «Қазақтелеком»; − «Қазақстан Темiр Жолы»; − «Air Astana»; − «GSM-Казахстан/Kcell». Бүгінгі күні «Национальная Интернет-премия» қоғамдық қорының мəліметтері бойынша Қазақстанда Интернет-коммерция нарығының көлемі 250 млн. доллардан 5 млрд.-қа дейін өседі. Ал, 2013 жылға қарай Қазақстанда Интернетте 5 млрд.доллар болады жəне 2006 жылы Қазақстанда интернет-дүкендерінің саны 20 шақты болса, бүгінгі күні 100-ден асады. Қазақстан Республикасындағы электронды сауда өзгерісін болжау қиын екендігі аталған. Құрылымы бойынша Қазақстандық интернет-дүкендерінің негізгі бөлігі төмендегі түрлерге бағытталады: − Компьютерлер мен техника; − Əмбебап интернет-магазиндер; − Кітаптар, баспа өнімдері; − Автомобильдер, мотоциклдар, бөлшектер; − Киімдер, аяқкиімдер, тері галантереясы; − Тұрғын үй техникасы, электроника; − Ойыншықтар, балалар тауарлары. Қазақстандағы интернет-коммерцияның дамыған түрлері: − Авиабилеттердің электронды сатылымы (электронды транзакция үлесі əзірше 3% құрайды) − Мобильды байланыс қызметтерінің төлемі (интернет-банкингтар арқылы) − Коммуналды төлемдерді төлеу (интернет-банкингтар арқылы) − Теміржол билеттерінің электронды сатылымы.

Жалпы электрондық коммерция жүйесінде коммерциялық қызметтің ұйымдастырудың негізгі төрт үлгісі кездеседі: 1. бизнес-бизнес немесе компания-компания (Business-to-business или B2B); 2. бизнес-тұтынушы немесе компания- тұтынушы (Business-to-Consumer или B2C); 3. бизнес-əкімшілік (Business-to-Administration или B2A); 4. тұтынушы-əкімшілік (Consumer-to-Administration или C2A). Соңғы уақытта мамандарға тұтынушы-тұтынушы (Consumer-to-Consumer или C2C) үлгісін пайдалануға кеңес берілуде. Электрондық сауда жүйесіндегі ұйымдастырудың негізгі үлгілерінің өзарабайланысты-лығын 1-сурет көмегімен бейнелеуге болады. Business-to-business (B2B) үлгісі тауарлар мен қызмет көрсету үрдісінде компаниялар арасындағы жұмыстарды ұйымдастыру секторын белгілейді.
1.1 Электрондық сауданың бұл секторы корпоративтік тұтынушыларға өзара өнім шығару немесе қызмет көрсету үшін шикізат, жартылайфабрикаттар, құрамдас бөлшектер сатудан басқа, сауда барысындағы серіктестіктер арасында қажетті интеграцияны қамтамасыз ететін ақпаратты жинау жəне тасымалдаудың электрондық жүйесін құрастырумен жəне пайдаланумен айналысады. 58 Вестник КазНУ. Серия экономическая, №3 (85). 2011 1-сурет. Электрондық сауда жүйесіндегі ұйымдастырудың негізгі үлгілерінің өзарабайланыстылығы

Электрондық сауданы ұйымдастыру үлгісінің қызметінің қарапайымдандырылған түрі 2- суретте келтірілген. 2-сурет. Бизнес-бизнес электрондық сауданы ұйымдастыру үлгісі Бизнес-бизнес типті үлгіде (2-сурет) тапсырыс беру, шоттарды жəне төлемді алу үшін желіні пайдаланатын екі фирманың (компания) толығымен автоматтандырылған байланыс- қан бизнес-үрдістерінің сұлбасы берілген. Шлюздердің көмегімен бизнес-үрдістердің Интернет жүйесімен автоматты байланысы қамтамасыз етіледі. Бизнес-бизнес типтік үлгілерінің айырмашылықты белгілері келесілер: 1. бизнес-жүйеден Интернетке автоматты шығуды қамтамасыз ететін шлюздің болуы; 2. мəліметтерді енгізу/шығарудың фирманың бизнес-үрдістерінен жəне бизнес-үрдістерге тура интеграциялануы; 3. тасымалданатын бірыңғай стандарттың – EDI (Electronic Data Exchange) қолданылуы. 4. фирманың электрондық коммерция жүйесіндегі қатысушылардың тең құқылы сипаты (дистрибьютор – дилер, өндіруші – жабдықтаушы иерархии типтері жоқ). Business-to-Consumer (B2C) үлгісі тауарлар пен қызмет көрсетулердің жекелеген тұтынушыларымен компанияның жұмыс істеуіне негізделген бөлімді береді. Сауданың аталған үлгісінің дəстүрлік каталог бойынша жеткумен болатын саудасынан айырмашылығы, тұтынушы сатып алу немесе қызмет көрсетуді үйден немесе кеңседен шықпай-ақ компьютерді жəне электрондық картаны қолданумен жүзеге асыра алады. Бұл үлгінің жүзеге асырылуы тұтынушылар үшін жаңа мүмкіндік түрлерін ашады. Мұндай мүмкіндіктердің бірі болып кастомайзинг (customizing) саналады. Бұл сатып алушыға өзінің болашақта сатып алатын затын алдын ала жобалау мүмкіндігін беретін мүмкіндік. Мысалы, онлайндық NIKEiD www.nike.com дүкен территориясында сатып алушылар өздеріне ыңғайлы аяқ киім үлгісін жобалай алады: табаны үшін нақты бір материал түрін, түсін, 8 белгіден тұратын кез келген жазбаны орналастыра алады. Мұнда сатып алушы өзінің таңдауымен құралған нұсқасын бірден компьютер экранынан көруге болады. Business-to-Consumer (B2C) электрондық коммерция жүйесінің қызметін ұйымдастыру моделі 3-суретте берілген. 3-сурет. Бизнес-тұтынушы электрондық сауданы ұйымдастыру үлгісі Бизнес (сауда) Компания – тұтынушы Тұтынушы-əкімшілік Бизнес (сауда) Интернет (EDI) Бизнес-үрдіс 1 Интернет шлюзі Интернет шлюзі Бизнес-үрдіс 2 Интернет (EDI) Бизнес-үрдіс Интернет шлюзі Интернет шлюзі Тұтынушы ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы, №3 (85). 2011 59 3-суретте сəйкес бірінші фирмада басқарушы жүйесі бар шлюзі сақталынған, ал екінші фирмада ішкі басқару жүйесі Интернетпен байланыспаған. Сонымен бұл жағдайда бірінші фирмамен автоматты мəлімет алмастыру мүмкіндігі жоқ. Сонымен бірге екінші фирма өзінің менеджерлері арқылы біріншімен өзара байланысады. Менеджерлер бірінші фирмамен интерфейстер (мысалы браузер) көмегімен байланыса алады. Менеджерлер өздеріне қажетті ақпаратты (электрондық почта немесе браузер көмегімен) бірінші фирмадан алып, содан кейін өздерінің басқару жүйесіне мəліметті енгізіп, өзінің бизнес-үрдістерін жүзеге асыра алады. Екінші фирма менеджерлері бірінші фирманың тұтынушылары болып саналады. Электрондық сауданы ұйымдастырудың екінші – бизнес-тұтынушы үлгісінің ерекшеліктері болып келесілер саналады:

1. Сатушы (1 фирма) сауданы Интернет интерфейсімен интеграцияланған автоматты сауда жүйесі арқылы емес, «қолмен» өзінің менеджерлері арқылы жүзеге асырады.

2. Сауда фирмасының бизнес-үрдісі мен Интернет-дүкеннің сыртқы интерфейсі арасындағы толық интеграция толығымен болмайды. Интернет арқылы кез келген тауар түрлерін ұтымды сатуға немесе нақты қызмет түрлерін көрсетуге болады. Бизнес-бизнес нарығы Интернет арқылы сатылатын тауарлар мен қызмет көрсетулердің атауы мен ассортиментіне байланысты болмайтыны анықталған. Ал бизнес- тұтынушы нарығы үшін жеткілікті экономикалық пайданы бере алмайтын тауар түрлері болады. Электрондық сауданың үшінші бір түрі – бизнес-əкімшілік – бұл фирмалар мен өкіметтік ұйымдар арасында бекітілетін барлық мəміле (келісім) түрлерін қамтиды. Мысалы, АҚШ-та өкіметтік жоспарлаған сатып алуы туралы ақпараттар Интернет желісінде шығарылады. Барлық компаниялар өздерінің ұсыныстарын электрондық тəсілмен жібере алады. Сонымен бірге сатып алу туралы хабарландыруға қосымша əкімшілік органдар электрондық алмастыру мүмкіндіктерін ұсына алады, мысалы, қосылған құнға салықтың қайтарылуы. Электрондық сауданы ұйымдастырудың аталған үлгісі тек бастапқы даму сатысында тұр. Электрондық сауданың төртінші түрі – тұтынушы - əкімшілік – бұл қазіргі таңда əлі құрастырылуда. Оның іске асырылуы келесідей салаларда, мысалыған əлеуметтік қамсыздандыруда электрондық өзара əрекеттілікті кеңейту мүмкіндігін береді. Қосымша үлгілердің бірі - Consumer-to-Consumer (C2C) – бұл бір web-сайтқа кірумен біріктірілген тұтынушылардың бір-бірімен қарым-қатынасы бақыланатын бөлім. Кез келген электрондық дүкенді электрондық комерция саласына жатқызуға болады. Нақты бір web-сайтқа аймағында қызығушылықтары ортақ тұтынушылар ұйымы құралады. Коммерциялық қызметтің электрондық үрдісінде мемлекеттік қатысуы үлгілердің жаңа түрлерінің пайда болуына негіз болды: Business-to-Government (B2G), Government-to-Citizens (G2C) жəне Government-to-Government (G2G). B2G үлгілерін іске асырудың арқасында шығындардың төмендеуі жəне салық төлеушілер құралдарын үнемдеуді қамтамасыз етеді. Қазақстандағы электронды сауда мен коммерцияның дамуының тежелуінің басты себебі, заң жағынан болатын кедергілер, сондай-ақ Интернетке енгізілуінің төмен дəрежесі, сенімсіздік мəселелері, халыққа төлем картасының хабарландырылуының төмен дəрежесі.

Қазақстан әлемдік қаржы дағдарысының ел экономикасына және қаржы жүйесіне теріс әсер етуіне қарамастан және қазіргі уақытта өзінің дамуының жаңа, дағдарыстан кейінгі сатысына кіруде. Дамудың дағдарыстан кейінгі кезеңіне кіру елге әлеу­меттік-экономикалық дамудың барлық көрсет­кіші бойынша, оның ішінде қаржы жүйесінің даму деңгейі және оған қызмет көрсету түрлері мен сапасы бойынша пайдалану мүмкіндігін арттырды.

Халыққа қызмет көрсету және әлеуметтік жағдайын арттыру мақсатында орындалған жұмыстар заман талабына сай орындалуда. Яғни, сауда түрін жетілдіру және жаңа технологияларын пайдалану бойынша халыққа тұтыну сұранысын қанағаттандыру басты мақсат екені белгілі.  Осы мақсатта электронды ақпарат алмасаушы ұйымдар коммуникациялық құрылымға қомақты салымдар жасай отырып тек ірі компаниялар арқылы жүзеге асыра алатын, ал қазіргі кезде Internet-ті пайдалану арқылы «электронды сатушы» қатарларына кішігірім фирмаларға да ене алатын мүмкіншілікке ие болды. Мысалы, World Wide Web жүйесінің электронды көрме-сөресі бүкіл әлемнен тұтынушылар тартуға мүмкіндік береді. Ешқандай материалды салымдарды қажет етпейтін оn-line бизнес, «виртуалды» өткізудің жаңа арнасын қалыптастырады.   Егер ақпарат, қызмет және тауар (мысалы бағдарламалық қамсыздандыру) Web арқылы сатылса, онда сату үдерісі (төлемдерді қосқанда) on-line түрде жүргізіле алады.

2.Электронды коммерцияға тек қана Internet ғаламдық желісі ғана емес, сонымен қатар BBS, VAN басқа коммуникациялық орталарды пайдаланатын «электронды дүкендер» жатады. Сонымен қатар  WWW-дан алынған ақпарат арқылы жүргізілетін, бірақ мәліметтермен факс, телефон және т.б.  арқылы  алмасуды жүзеге асыратын сату үрдісі тек жартылай ғана электронды коммерцияға жатқызыла алады. WWW электронды коммерцияның технологиялық базасы болуына қарамастан, жүйеде басқа да коммуникациялық мүмкіндіктер қолданылады. Тауар параметрлері мен тапсырысты ресімдеу жайлы нақты мәлімет алу үшін электронды пошта арқылы сұрау салуға болады.

Қазіргі таңда on-line  сатып алу кезінде көбіне төлем құралы ретінде кредиттік карточкалар қолданылады. Дегенмен, төлем құралдарының жаңа түрлері де пайда бола бастады: смарт-карта, сандық ақша (digital cash), микротөлемдер және электронды чектер.

Электронды коммерция тек қана on-line транзакцияларын ғана қамтып қоймайды.  Бұл ұғым аясында қызметтің мынандай түрлерін қамтуы тиіс, маркетингтік зерттеулерді жүргізу, әріптестерінің мүмкіндіктерін анықтау, жабдықтаушылар мен тұтынушылар, құжатайналым ұйымдарымен және т.б. байланыста болу. Осылайша, электронды коммерция кешенді ұғым және мәліметпен электронды алмасу оның құрамдас бөлігі болып табылады.

Электронды сауда түрі заманауи жаңа тауар қатынасы, яғни сатып алушының  ақшасына сатқан сатушының тауар айырбасының жаңа түрі болып табылады. Сондықтан да электронды саудаға дәстүрлі сауда белгілері тән.

 Электронды және дәстүрлі сауданың ортақ сипаттамаларын қарастырсақ:

- сатып алушының тауар сапасымен танысуы;

- тауардың сыртқы көрінісі;

- негізгі ерекшеліктерінің сипаттамасы;

- тауарды қолдану немесе пайдалану туралы кеңес;

- сатып алушының шешім қабылдауы;

- таңдалған тауар үшін есеп айырысу;

- сатушының тауарды орау, дайындау және тауарды сатып алушыға жіберу;

- тауарды үйге жеткізу;

- тарауды ары қарай дайындау (құрастыру, жинау және т.б);

- тауарды сатып алғаннан кейін сервистік қызмет көрсету (егер шартта қаралса).

   Енді электрондық сауданың дәстүрлі түрінен айырмашылығын он сатылы ерекшелігі бойынша анықтайды, яғни:

- сатып алушыларды өзіне бейімдеу әдісі.Тұтынушыларды дүкенге бейімдеу  тәсілі үлкен мәнге ие. Ол сауданың дәстүрлі түрінде 4 кезеңмен сипатталады:

- тұтынушыны жарнама арқылы еліктіру, мұнда дүкен орналасқан орын аса маңызды болып табылады;

- тұтынушығы дүкен сөрелерінің ерекше,  әрі ұйымдастыру жолдарымен  әсер ету; 

- дүкенге кірген тұтынушыны сауда алаңындағы тауардың орналасуы және оның ыңғайлы, тартымдылығы;

-  тұтынушының  қажетті тауарды таңдауы кезінде сауда алаңындағы кеңесшілер көмегі арқылы тауарды таңдау.

Ал, электронды саудада жоғарыда аталған сатылар басқаша ұйымдастырылады:

Біріншіден - электронды сөрелер. Тауар туралы  жарнамалық ақпарат электронды дүкендер сөрелерінде орналасады. Бұл қай жерден қай тауарды алу керектігін қамтамасыз ететін қысқа және түсінікті түрі болып табылады.

Екіншіден – тұтынушыға  психологиялық әсер етуі. Электронды саудада сатушылар сатып алушыларға психологиялық әсер ете алмайды. Мысалы, электронды саудада сатушы сатып алушыға өз келбетімен, сауаттылығымен, көркемділігімен және жағымды дауысымен әсер ете алмайды.

Үшіншіден - тауар туралы ақпарат беру. Қарапайым сауда үрдісінде тауармен жеке танысу қалыптасады. Ал электронды саудада тұтынушы тауар туралы сипаттамасы мен  ақпараттық анықтамасын оқу арқылы танысады.

Төртіншіден - сауда жасау. Қарапайым сауда жасау кезінде тұтынушы тауарды жеке сатып алады.Ал электронды саудада сатып алушы тіркеуден өтіп,  Интернет арқылы тапсырысты рәсімдейді.

Бесіншіден -  сауда ұйымдастырылуында шығын мөлшері. Электронды дүкенде сауданы ұйымдастыру және қызмет көрсету кеңселері, офистер, қойма және басқа да құралдардың болуын қажет етпейді. Бұл жарнама, бөлшек сауда мазмұнына шығынды азайтады және тауар арзанырақ болады.

Алтыншыдан - дүкенді аралау қарапайымдылығы. Қажет тауарды іздеу мақсатында дәстүрлі сауда орнын аралағаннан, электронды  дүкенді аралау оңай.

Жетіншіден  - тиімділік деңгейі. Кез-келген электронды дүкен әлемнің кез-елген жерінде, іссапар немесе демалыс кезінде қажетті тауар немесе қызмет көрсету таңдауы шектелмеген. Мұнда дүкендер дәстүрлі сауда орнындай сатып алушыларға толы емес, яғни кезекте тұрмайсың және тәулік бойы жұмыс істейді. Сатып алушы кез-келген уақытта өзіне қажетті  тауарды сатып ала алады.

Сегізіншіден  - қызмет көрсету сапасы.Қарапайым дүкенде тауарды сатып алу не тауар туралы кеңес алу үшін кеңесшілер көмегіне жүгінуге тура келеді. Мұндай жағдайда таңдалатын тауар сатушының сатып алушыға   неғұрлым сапалы кеңесіне және бөлген уақытына байланысты. Электронды дүкен сатып алушыны тауар турала толық ақпараттық көмекпен қамтамасыз ете алады. Алайда дұрыс ұйымдастырылмаған электронды дүкен қызметі тиімді нәтиже бермейді.

Тоғызыншы - нарыққа шығу мерзімі. Электронды дүкен ұйымдастырылуына  дәстүрлі дүкен ұйымдастырылуына қарағанда  аз мерзім кетеді. Өндіруші фирма  тауар бағасын өзі анықтап өзі қадағалай алады.

Оныншы - тауар түрлері. Дәстүрлі дүкенде  тауар түрі аз болғандықтан  сатып алушы қажетті тауарын бірнеше дүкендерден іздеуге мәжбүр болады. Егер тұтынушыға қажетті тауар бір электронды дүкенде болмаса, онда оны басқа дүкеннен не тікелей өндірушіден табуға мүмкіншілігі бар.

 Біз жоғарыда  атап өткен 10 негізгі айырмашылықтан басқа, электронды сауданың сапалық және сандық өзгерістері бойынша ажыратады, яғни:

- сатушы мен сатып алушы арасында тікелей келісім жүргізілмейді.

Пошталық және телефон тапсырыстары арқылы – ақ саудада сапалық өзгерістер көрініс табады. Электронды сауда Интернет арқылы жылжуы бойынша сатушы мен сатып алушының қатысуынсыз-ақ келісімшарттар көлемін ұлғайта береді. Ол ары қарай үлкен бір кәсіпкерлік істің бір бөлігіне айналады.

-  аутентификация - бір тараптың екінші тарап қатысуынсыз-ақ сұхбаттасу терезелері арқылы келісім жүргізе алуы. Сауда келісімі  кезеңінде сатып алушы сатушы ұсынған несиелік - дебеттік операциялар жүргізуі үшін  сатушы экранда бірнеше қаржылық төлем түрлерін ұсынады. Ал сатып алушы өз кезегінде оның төлемқабілеттілігіне кепілдік беретін қаржылық  және басқарма мекемелерін де идентификациядан өтеді.

- төлем жүйелері өзінің көптеген банктік кредиттік қолданатын қаржылық төлем жүйелеріне қарамастан көбіне ақша айналымын және тауар айырбасы  бойынша да қолданады. 

 Енді бір маңызды тұсы, қазіргі уақытта интернетті пайдалану және мобильдік коммерция негізінде цифрлық тауарлар нарығының кәсіпкерлік қызметінің саласын біртіндеп ендіру мен дамыту орын алуда.  Күнделікті бөлшек төлем операция­ларын жүргізетін пайдаланушылардың, сол сияқты өз қызметін тек қана цифрлық тауар­лар нарығында көрсететін сауда қызметі субъек­тілерінің саны біртіндеп ұлғаюда. Осы тұста жалпы алғанда Қазақстанның электрондық саудасын дамытуға байланысты жаңа дамып келе жатқан сегментке қызмет көрсету үшін электрондық ақшаны пайдалануға қажеттілік туындайды.

Жалпы алғанда Қазақстандағы электрон­дық сауданың қалыптасуын мен  дамуы электрондық ақша жүйесін де дамытады. Мәселен, Қазақстанда бүгінде электрон­дық сауданы ұйымдастыру мен жүргізу бой­ынша инфрақұрылымды дамыту проблемалары бар, оның ішінде оларға көптеген өзара байланысты факторлар кедергі болып табылады, олардың бірі халықтың арасында интернетті қолданудың төмен деңгейі.  Дегенмен, бүгінгі күні отандық банктер, сол сияқты шетелдік электрондық ақша жүйелері нарықтық ахуалға талдау жүргізіп, нарыққа шығудың мүмкіндіктерін зерделеуде. Яғни,  электрондық ақша нарығын одан әрі дамытудың ықтимал бағыттары аенықталып нарықтың осы бөлігін дамытудың ең сұранысы мол әрі әлеуеті бар жолы ретінде еліміз үшін Ұлттық электрондық ақша жүйесін құрудың ықтимал үлгілері мен артықшылықтарын реттеу жөнінде іс-шаралар жасалып жатыр.

 Банктердің нарықтағы жұмыстарының электрондық ақша эмитенттері ретіндегі түрлі бизнес-үлгілері бар және әрбір банк өзі таңдаған бизнес – саясатының мақсаттары мен міндеттеріне қарай дербес шешім  қабылдауға құқылы. Соған қарамастан, қазіргі кезеңде нарыққа жылдам шығу және әрбір банктің  жаңа қызметті іске асыруының мәселелері емес, электрондық ақша нарығының барлық қатысушылары мен мемлекеттің ұзақ мерзімді мүдделеріне жауап  беретін электрондық ақша нарығының тиімді жұмыс істейтін және әлеуетті үлгісін құру мәселелері қаралуда. Демек,  нарықты одан әрі дамытудың мынадай ықтимал нұсқаларын немесе бағыттарын бөліп  көрсетуге болады:

1.    Банктердің өз электрондық ақша жүйелерін іске қосу арқылы жүзеге асыру;

2.    Банктердің электрондық ақша жүйелерін  құруды инвестициялау, оларда операторлық функцияларды орындайтын мамандандырылған банктік емес ұйымдармен әріптес бола отырып, бірлескен жобаларды іске асыруы;

3.    Жекелеген банктердің шетелдік (халықаралық) электрондық ақша жүйелерінің бірімен ынтымақтаса отырып жобаларды іске қосуы;

4.    Барлық банктермен қауымдасып, бір оператор негізінде Ұлттық электрондық ақша жүйесін құру.

Соған байланысты қазіргі кезеңде орын алып отырған және болашақта нарықтың ретсіз дамуы  кезінде туындайтын кедергілерге қарсы тұра алатын және Қазақстан халқының электрондық ақша жөніндегі жаңа қызметтерге сұранысын толық қанағаттандыра алатын Ұлттық электронды ақша жүйесін құруды біз нарықты дамытудың ең оңтайлы, әрі тиімді жолы деп қараймыз. Қазіргі сәтте әлемде мұндай жүйелерге ұқсас жүйелер әзірге жоқ, әлемнің жекелеген елдерінде электрондық ақша бойынша ұлттық көлемдегі сәтті жүзеге асырылған жобалар болғанымен, олар  карточкалық негізде құрылған электрондық ақша жүйелеріне (мысалы, Оңтүстік Корея – «К - cash» жүйесі, Германия – «Geldkartе» жүйесі, Бельгия – «Proton» жүйесі және т.б.) қатысты болуы мүмкін. Бұл  мәселеге қатысты жүргізілген алдын ала зерттеулер электрондық ақшаның бірыңғай мультиэмитенттік жүйесін құруға және қолдануға негізделген мұндай  үлгінің әлемнің бірде-бір елінде іске асырылмағанын  көрсетті. ҰЭАЖ құру жөнінде белгіленген бағыттарды ұйымдастыру және іске асыру жөніндегі тиісті  шаралардың маңыздылығын түсіну және оларды  қолдану қажеттігі қазіргі кезде алдымызда көптеген мәселелерді көтеріп отыр. 

2011 жылғы 21 шілдеде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электрондық ақша мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Көрсетілген Заңның негізгі ережелерін орындау және іске асыру үшін ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2011жылғы 26 тамыздағы № 102 қаулысымен Қазақстан Республикасының аумағында электрондық ақшаны шығару, пайдалану және өтеу ережесі, сондай-ақ электрондық ақша эмитенттеріне және электрондық ақша жүйелеріне қойылатын талаптар  бекітілді.

Электрондық сауданың даму динамикасынан нарықтың қатысушылары тарапынан электрондық ақшаны пайдалануға сұраныс артады. Демек,  Қазақстандағы электрондық сауданың дамуына электрондық ақшаның болашақтағы дамуымен тұтастай алғанда тікелей байланысты екендігіне көз жеткіземіз.

 Қазақстан Республикасындағы  «Электрондық ақшалардың» дамуы

Жуық арада төл теңгеміздің, яғни ақшаның екінші түрі қолданысқа енетін болады. Бірақ ол ақша қағаз  түрінде емес, оны қолма-қол жұмсай алмайсыз. Өйткені ол - ақшаның электронды нұсқасы болып табылады. 2010 жылдың ақпан айының 2-сінде Ұлттық банк мамандары Мәжіліс депутаттарына “Электрондық ақша туралы” заң жобасын таныстырды.  Осы заңға сәйкес, кез-келген азамат өз еркімен екінші деңгейлі банктерге барып, электронды есеп-шот ашады. Оны “электронды әмиян” десеңіз де болады. Содан соң осы әмияныңызға өз шамаңыз жеткенше, қалауыңыз бойынша керекті қаржыңызды салып қоясыз. Содан кейін интернет арқылы сатылатын тауарларға үйіңізде немесе жұмысыңызда отырып-ақ тапсырыс беріп есептесе аласыз. Жаңа заңға сәйкес, электронды ақшаның екі түрі болады. Бірі - электронды карточка арқылы, екіншісі - желілік электронды әмиян арқылы іске асырылады. Бұл жағдайда электрондық ақша карточкалар негізінде іске асырылған өнімді (микропроцессорлық карточка) білдіреді, яғни иесіне (пайдаланушыға) қолжетімді “ақша туралы” не ақшалай құн туралы ақпарат карточкаға кіріктірілген микропроцессорлық чипте сақталады және оның құны, әдетте, карточканың есептеуіш құрылғыға қосылған кезінде беріледі. Карточкалар негізіндегі электрондық ақша санатына әлемнің түрлі елдерінде құрылған, GeldCarte (Германия), Proton (Бельгия), Chіp knіp (Нидерланд), Cash Card (Швеция), Quіck (Австрия), eNETS (Сингапур), Mondex (MasterCard) және VІSA CASH (VІSA) сияқты жүйелер жатқызылады. Екіншісі желілер негізіндегі электрондық ақша (network – based) немесе “желілік ақша”. “Электрондық ақшаның” бұл түрі телекоммуникациялық желі (Интернет) арқылы ақшалай құнды электрондық сақтау және электрондық ақшаны (эмитенттің электрондық міндеттемелерін) беруді жүзеге асыру үшін компьютерде (компьютердің қатты дискісі) орнатылған арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдаланатын желілік өнімді білдіреді. Желілер негізіндегі электрондық ақшаға электрондық ақшаның мынадай жүйелерін жатқызуға болады – Paypal (АҚШ), WebMoney (Ресей), Яndex. Ақша (Ресей).Тұтастай алғанда, электрондық ақшаны шығару, тарату және қолдану тәртібінің мәселелері Қазақстан Республикасының заңдары деңгейінде реттеледі. Қазіргі уақытта осы мәселелерді реттейтін, Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне толықтырулар енгізуді көздейтін тиісті заң жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауында жатыр. Сонымен бірге электрондық ақшаны шығару электрондық ақшаны нақты ақшаға ауыстыру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін, яғни эмитент банк пайдаланушыдан (жеке тұлғадан) тиісті ақша сомасын алғаннан кейін электрондық ақшаны пайдаланушының “электрондық әмиянына” қабылданған нақты ақшаның номиналды құнының мөлшерінде “салуды” жүзеге асырады. Осыдан кейін иесі (жеке тұлға) электрондық ақшаның қолда бар сомасы шегінде электрондық ақша жүйесінде сауда және өзге де операцияларды жасай алады. Электрондық ақшаны тарату үшін эмитент банк оны банктік қызмет көрсету орталықтарындағы өзінің филиалдық желілері арқылы тарата алады немесе электрондық ақшаны пайдаланушылар арасында таратумен айналыса алатын өзінің агенттік желісі болады. Негізгі функциясы эмитент айналысқа шығарған электрондық ақшаны сату және сатып алу болып табылатын осындай агенттің рөлінде эмитент банкпен тиісті шарттық қарым-қатынастары бар заңды тұлға бола алады.Электрондық ақшаны оның иелері (жеке тұлғалар) Интернетте онлайндық сатып алуды жасауға және сауда ұйымдарынан және эмитент банктермен олар шығаратын электрондық ақшаны қабылдау бойынша тиісті келісімдері бар өзге де кәсіпкерлік субъектілерінен өзге де сауда операцияларын жасауға пайдалануы мүмкін. Сондай-ақ электрондық ақшаны жеке тұлғалар белгілі бір электрондық ақша жүйесінің шеңберінде басқа пайдаланушыларға – жеке тұлғаларға аудару үшін пайдалана алады. Аталған заң жобасына сәйкес сауда операцияларын жасау үшін заңды тұлғалардың және дара кәсіпкерлердің электрондық ақшаны сатып алуына және пайдалануына шектеу белгіленеді. Осыған орай, кәсіпкерлік субъектілері өздері жеткізетін тауарлар (қызмет көрсетулер) үшін ақы төлеуге электрондық ақшаны қабылдауға (алуға) және оларды өтеуге ұсынуға құқылы. Сонымен бірге заң жобасында белгіленген шекті мәндерден асатын сомаға электрондық ақшаны пайдалануға жол берілмейді.Жасыратыны жоқ, электрондық ақшаның пайдаланылуы көлеңкелі капиталдың айналымын, заңсыз келісімдерді болдырмауға кепіл бермейді. Сондықтан да, электрондық ақшаның көмегімен келісімдерді реттеу және бақылау туралы іс-шаралар “Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электрондық ақша мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы” заң жобасында ескерілген. Сондықтан “Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы” Қазақстан Республикасының Заңы банктердің, сақтандыру ұйымдарының, зейнетақы қорларының, нотариустардың және адвокаттардың қаржы мониторингінің субъектілері болып табылатындығын көздейді. Қазақстанның аумағында электрондық ақшаны шығару құқығына тек банктер ғана ие болатынын ескере отырып, оларға қатысты ақшаны жылыстатуға қарсы іс-қимыл бойынша, оның ішінде электрондық ақшаны пайдалана отырып жүргізілетін операциялар бойынша қолданылып жүрген заңнаманың барлық талаптары қолданылатын болады. Заңнамаға сәйкес төлем жүйесінің негізгі қатысушылары болып табылатын банктер күмәнды операцияларды тексереді (мониторинг жүргізеді) және тиісті ақпаратты қаржы мониторингі органдарына ұсынатын болады. Сонымен бірге заң жобасында банктің электрондық ақша иелері шекті мәннен асатын сомаға операция жүргізуі үшін электрондық ақшаны шығарған және пайдаланған жағдайда, оларды міндетті сәйкестендіру жөніндегі іс-шаралар ескеріліп, көрініс тапты. Бағдар ретінде Капиталды жылыстату проблемалары жөніндегі арнайы қаржы комиссиясының ұсынымдары болды, олар барлық дүние жүзінде ескеріледі. Жалпы елімізде интернет арқылы есеп айырысуды қазірдің өзінде қолданатындар бар. Әсіресе коммуналдық және ұсақ төлемдерді жүргізу кезінде.

Бірақ оның барлығы осы күнге дейін ресейлік жүйе арқылы іске асырылып келген. Енді жаңа заң арқылы өзіміздің отандық жүйе дайындалып, барлық электрондық есеп-айырысулар заңдастырылатын болады. Батырбек Әлжанов, ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары: - Қазақстанда 3 млн интернет пайдаланушы бар. Интернет дүкендер - 270. Соның ішінде 40 дүкен элекронды ақшамен жұмыс істейді. Бізде электронды ақша туралы заң жоқ. Біздікілер Украина, Ресейдің шығарған электронды ақшасымен жұмыс істеп келді.Электрондық ақша мен төлем карточкаларының арасындағы айырмашылық төлем карточкасының банк шотына кіру құралы болып табылатындығында. Төлем карточкалары бойынша операцияларды жүргізген кезде барлық операциялар клиенттің банк шотынан жүзеге асырылады. Электрондық ақша банк шотына байланысты емес және оларды пайдалана отырып операцияларды жүргізген кезде төлем электрондық ақшаны бір электронды құрылғыдан екіншісіне беру арқылы жүзеге асырылады. Осылайша, оның төлем карточкасынан айырмасы, электрондық ақшаны пайдалану кезінде төлем ақшаны (қолма-қол, қолма-қол емес) пайдаланбай, бір тұлғаның (төлеушінің) екінші тұлғаға электрондық ақшаны – “эмитенттің ақшалай міндеттемелері бар ақпаратты” беру арқылы жүзеге асырылатындығында болып отыр. Бұл ретте төлемді жүзеге асыру кезінде электрондық ақшаны беру үдерісі электрондық ақшасы бар немесе оларға кіруді қамтамасыз ететін электрондық құрылғылар (микропроцессор (чип), бағдарламалық қамтамасыз ету, компьютердің “жадысы”) арқылы іске асырылады. Кеңірек ойланып қарасақ, электрондық ақшаны пайдалану жалпы қоғам, көпшілік үшін шындығында да

үлкен мүмкіндіктерге жол ашатындығы сөзсіз. Сонда электрондық ақша жүйесін енгізу және келешекте осындай сипаттағы төлемдерді жүзеге асыруды одан әрі дамыту қалай жүрмек деген сұрақ туындау мүмкін. Алайда қазіргі уақытта интернетті пайдалану және мобильдік коммерция негізінде цифрлық тауарлар нарығының кәсіпкерлік қызметінің саласын біртіндеп ендіру мен дамыту орын алуда. Күнделікті бөлшек төлем операцияларын жүргізетін пайдаланушылардың, сол сияқты өз қызметін тек қана цифрлық тауарлар нарығында көрсететін сауда қызметі субъектілерінің саны біртіндеп ұлғаюда. Тұтастай алғанда Қазақстанның электрондық саудасын дамытуға байланысты жаңа дамып келе жатқан сегментке қызмет көрсету үшін электрондық ақшаны пайдалануға қажеттілік туындайды. Жалпы алғанда Қазақстандағы электрондық сауданың қалыптасуына және дамуына орай электрондық ақша жүйесі одан әрі дамиды. Мәселен, Қазақстанда бүгінде электрондық сауданы ұйымдастыру мен жүргізу бойынша инфрақұрылымды дамыту проблемалары бар, оның ішінде оларға көптеген өзара байланысты факторлар кедергі болып табылады, олардың бірі халықтың арасында интернетті қолданудың төмен деңгейі.


Əдебиеттер тізімі

1.Слободянук А. Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесін ендіру туралы // Қазақстанда іс қағаздарын жүргізу— Делопроизводство в Казахстане. — № 4(4). — 2007.

2.Аналитическая справка по проекту «Создание Единой системы электронного документооборота государственных ор- ганов Республики Казахстан» по теме «Перспективы дальнейшего развития электронного документооборота в Респуб- лике Казахстан». — Астана, 2004. — С.

3.Копбосынова А.К. Состояние и проблемы развития электронного документооборота и электронных архивов в государственных органах Республики Казахстан // Материалы Респ. сем.-сов. «Электронный документооборот и электронный архив». — Алматы, 2006. — С. 33, 34.

4.Об основных направлениях деятельности АО «Национальные информационные технологии» в рамках реализации Государственной программы формирования «электронного правительства» в РК на 2005–2007 годы. Итоги деятельности за 2006 год»: Отчет от 08.02.2007 г. // nitec.kz

5.Джерембаев Е. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне «электрондық құжат айналымын» ендіру // Қазақстанда іс қағаздарын жүргізу — Делопроизводство в Казахстане. — № 1(1). — 2007. — 49, 50-б.
написать администратору сайта