Главная страница
Навигация по странице:

  • Ауыл шаруашылығы кәсіпорыны

  • Еншілес кәсіпорын

  • Көлік кәсіпорыны

  • Шетелдік кәсіпорын

  • 1.1 Теміржол кәсіпорындағы менеджменттің рөлі

  • 1.2 Теміржол кәсіпорынның менеджменттіне кеткен шығындар

  • Кәсіпорын шығысының жіктелуі

  • курсовая работа. 1 Ксіпорын. Теміржол ксіпорындаы менеджменттегі коммуникация


    Скачать 69.18 Kb.
    Название1 Ксіпорын. Теміржол ксіпорындаы менеджменттегі коммуникация
    Анкоркурсовая работа
    Дата20.03.2020
    Размер69.18 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаKursovoy_Kuka.docx
    ТипДокументы
    #112643
    страница1 из 4
      1   2   3   4

    1 Кәсіпорын. Теміржол кәсіпорындағы менеджменттегі коммуникация
    Кәсіпорын – қоғамдағы еңбек бөлінісі жүйесіндегі оқшауланған дербес өндірістік-шаруашылық бірлік, яки заңды тұлғақұқығы берілген шаруашылық жүргізуші субъект; өндірістік-шаруашылық қызметті ұйымдастырудың негізгі нысаны. Ол әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыру және пайда алу мақсатымен еңбек ұжымын пайдалана отырып, өнім(тауар)өндіреді,жұмыстарды орындайды, қызметтер көрсетеді және өндіріс құрал-жабдығы мен басқа да мүлікке меншік нысандарына қарамастан заңды тұлға ретінде және  шаруашылық есеп принципіне сүйеніп әрекет етеді. Кәсіпорын заңнамада тыйым салынбаған және кәсіпорынның жарғысында көзделген мақсаттарға сай келетін кез келген шаруашылық қызметпен айналыса алады. Кәсіпорын өзінің қызметін дербес жүзеге асырады, шығарылатын өнімін, салықтар мен бюджетке басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін қалған пайданы иеленеді. Кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап құрылды деп саналып, заңды тұлға құқығын иеленеді. Тіркеу үшін құрылтайшы оны құру туралы шешімді немесе құрылтайшылардың шартын, кәсіпорынның жарғысын және басқа құжаттарды ұсынады. Кәсіпорынның дербес балансы, банктерде есеп айырысу шоты мен өзге де шоттары, өзінің атауы жазылған мөрі болады. Мүліктік кешен ретінде кәсіпорынның құрамына оның қызметі үшін керекті мүліктің барлық түрлері, бұған қоса жер телімдері, ғимараттаржабдықтаршикізат, өнімдер, талап құқықтары, сондай-ақ, кәсіпорынды, оның өнімін, жұмыстары мен көрсететін қызметтерін дараландыратын таңбаларға құқықтар (фирмалық атаулар, тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері) және заң мен шартта өзгедей көзделмеген жағдайда басқа да айрықша құқықтар кіреді. Меншік иесінің немесе ол уәкілдік берген органның келісуімен кәсіпорын заңды тұлға құқықтары берілген еншілес шаруашылық жүргізуші субъектілер, сондай-ақ филиалдар, бөлімшелер, банкіде шот ашу құқығы бар басқа да оқшауландырылған бөлімшелер құра алады. Тиісті орган арқылы мемлекет, еңбек ұжымдары, жеке және заңды тұлғалар, соның ішінде шетелдік тұлғалар да, кәсіпорынның құрылтайшылары бола алады. Меншік нысандарына қарай кәсіпорын жеке, мемлекеттік, ұжымдық немесе аралас меншіктегі, сондай-ақ, қоғамдық ұйым меншігіндегі кәсіпорын нысанында құрылуы мүмкін. Олар жекеше кәсіпорын, серіктес (жарнапұлға негізделген серіктестік), акционерлік қоғам, мемлекеттік кәсіпорын, коммуналдық кәсіпорын түрлеріне жіктеледі. Нарықтық экономикаға көшу жағдайында жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың дербестігін кеңейтумен бірге экономикалық бірігудің жаңа нысандарын – серіктестіктер, қауымдастықтар, бірлескен кәсіпорындар, шағын кәсіпорындар, консорциумдарбиржалар, коммерциялық банктер құрудың тиімділігі айқындала бастады.

    Аралас кәсіпорын– меншік нысандары алуан түрлі кәсіпорын, оның қызметі бірлескен қызметті жүзеге асырушы серіктестердің үлеспұлдық жарналарына негізделген. 

    Ауыл шаруашылығы кәсіпорыны – меншігінде немесе шаруашылықтың қарамағында жер, сондай-ақ, басқа да мүлік бар және өсімдік шаруашылығымал шаруашылығы өнімін өндіруші, ауыл шаруашылығы өндірісіне қызмет көрсетуші заңды тұлға. Ауыл шаруашылығында шаруашылықты жүргізу нысандары – акционерлік қоғамдар, түрлі тұрпаттағы серіктестіктер, кооперативтері, ұжымдық шаруашылықтар, кеңшарлар, өнеркәсіптің, көлік, басқа да кәсіпорындар мен ұйымдардың шаруашылықаралық, қосалқы шаруашылықтары, ғылыми-зерттеу мекемелері мен ұйымдары, т.б.

    Бірлескен кәсіпорын – екі не одан көп елдің заңды тұлға құқықтары бар құрылтайшыларының (фирмаларының, компанияларының, т.б.) мүлкін біріктіру негізінде құрылған кәсіпорын. Олардың нақты нысандары: өндірістік кәсіпорындар, сауда фирмалары, енгізбелік, сервистік және басқа ұйымдар. Ынтымақтастықтың мұндай нысандары ел экономикасына шет ел капиталын тартуға, қолда бар резервтерді тезірек пайдалануға, қажетті өнімді шығаруды ұлғайтуға мүмкіндік береді, білімді, еңбек пен өндірісті ұйымдастыру тәжірибесін, басқару стилі мен әдістерін алмасуға, нарықтық қатынастар мен сыртқы рынокты игеруге жәрдемдеседі. Оның жарғылық қоры серіктестердің салымы есебінен құралып, шаруашылық қызметтен алынған пайда есебінен, қажет болған жағдайда қосымша салым немесе қарыз қаражаты есебінен толықтырылуы мүмкін. Бірлескен кәсіпорынның бас директоры (басқарма төрағасы) құрылтайшы мемлекеттің азаматы, не шет ел азаматы болуы мүмкін. Қызметкерлерді жалдау, жұмысқа алу, жұмыстан шығару, еңбек ақы төлеу мәселелерін кәсіпорынның өзі шешеді. Оның әкімшілік кәсіподақпен ұжымдық шарт жасасуға міндетті.

    Венчурлік кәсіпорын – ғылыми-зерттеулермен, инженерлік талдамалармен, жаңалықтар ашумен және енгізумен, соның ішінде ірі фирмалардың тапсырыстары және мемлекеттік қосалқы келісім-шарттар бойынша жаңа енгізілімдер жасаумен айналысатын шағын кәсіпорын. 

    Еншілес кәсіпорын – заңды тұлға құқығы бар, бірақ акцияларының пакеті не жарғылық қоры басқа кәсіпорынның қолында болатын кәсіпорын. 

    Жалгерлік кәсіпорын – кәсіпкерлік қызметті жалға алынған мүліктік кешен негізінде жүзеге асыратын шаруашылық бірлік]]. Жалгерлік кәсіпорын тіркелген сәттен бастап заңды ұйым құқығына ие болады. Ол жалға берушіге жалға алынған мүліктің құнынан есептелетін пайыз немесе тұрақты сома түрінде жалгерлік төлем төлейді. Салықтар мен бюджетке басқа да төлемдер төленгеннен кейін шаруашылық қызметтен алынған пайданы дербес иемденеді.

    Жекеше кәсіпорын – азамат, соның ішінде шет ел азаматы немесе азаматтығы жоқ тұлға құрған кәсіпорын. Оның жеке кәсіпкерліктен айырмашылығы сол: мұнда заңды тұлға белгілері болады. Оны меншік иесі басқарады не ол уәкілдік берген органдар басқарады. Меншік иесі жекеше кәсіпорынның басқарушысы болуға құқылы немесе басқару үшін басқа біреуді тағайындауы, оны келісім-шарт бойынша жалдауы мүмкін. Жарғылық қорды құра отырып, меншік иесі мүлікті немесе қаражатты кәсіпорынға береді және оны басқару органдарының өкілеттіктерін шектеу жолымен бақылауға құқылы. Ол таза пайдадан өз пайдасына аударым(дивиденд) мөлшерін дербес белгілей алады. 

    Коммерциялық кәсіпорын – заңды тұлға құқығы берілген, өзін-өзі қаржыландыру жағдайында коммерциялыққызметпен айналысатын және барынша көп пайда алуды көздейтін оқшауландырылған дербес шаруашылық бірлігі. 

    Концессиялық кәсіпорын – мемлекетке немесе муниципалитетке тиесілі табиғат байлықтарын, кәсіпорындар мен басқа шаруашылық субъектілерін жекеше кәсіпкерлерге немесе шетелдік фирмаларға белгілі бір мерзімге пайдалануға беру туралы шарт негізінде құрылған кәсіпорын.

    Корпоративтік кәсіпорын – меншігі үлеспұлдарға бөлінген тәуелсіз заңды субъектілер ретінде өмір сүретін кәсіпорын. Кәсіпкерлік қызметтің корпоративтік нысаны басым нысан болып табылады және ірі бірлестіктер құрудың, халықаралық сауданы дамытудың қазіргі беталысына сай келеді. Негізгі артықшылықтары – шектеулі жауапкершілік және қосымша капитал тартуға үлкен мүмкіндігінің барлығы. Көлік кәсіпорыны – жеке және заңды тұлғаларға негізгі қызмет түрі ретінде көлік қызметін көрсететін заңды тұлға.

    Муниципалдық кәсіпорын – мүлкі жергілікті бюджет қаражаты есебінен құралатын кәсіпорын. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының меншігінде болады. Тікелей шет елден қаржыландырылатын кәсіпорын – бейрезидент бірліктердің бақылауындағы кәсіпорын, бейрезидент-корпорациялардың филиалдары, шет мемлекеттердің немесе бейрезидент бірліктер топтарының бақылауындағы корпорациялар, белгілі бір экономикалық аумақта ұзақ мерзімде жұмыс істейтін бейрезидент кәсіпорындардың бейкорпоративтік бөлімшелері.

    Унитарлық кәсіпорын – өзіне бекітілген мүлікті меншіктенуге құқығы жоқ коммерциялық ұйым. Ол мемлекеттік және муниципалдық (жергілікті) кәсіпорын болуы мүмкін, осыған орай оның мүлкі мемлекеттік немесе муниципалдық меншікте болады, бұл мүлік оған шаруашылықты жүргізу немесе оралымды басқару құқықтары негізінде тиесілі болады. Шаруашылықты жүргізу құқықтары негізінде құрылған унитарлық кәсіпорынды өкімет немесе жергілікті өзін-өзі басқару органы құрады. Оның жарғысын осы орган бекітеді, жарғылық қорының (шаруашылық серіктестіктердегідей немесе акционерлік қоғамдардағыдай жарғылық капитал емес) мөлшерін айқындап, жасақтайды. Унитарлық кәсіпорынның басшысын мемлекеттік немесе муниципалдық орган тағайындайды және ол осы органға есеп беріп тұрады. Кәсіпорын өзінің міндеттемелерібойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді. Егер унитарлық кәсіпорын мүлкі оралымды басқару құқығы негізінде құралса, онда ол қазыналық кәсіпорын болып табылады. Унитарлық кәсіпорын өзінің қарамағындағы мүлікті дербес иеленеді, пайдаланады, билейді, бірақ бұл орайда мүлікті меншіктенуші кәсіпорынға тиесілі мүліктің сақталуын бақылайды. Ол мүлікті меншіктенушінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.

    Ұжымдық кәсіпорын – мемлекеттік кәсіпорынды құнын төлеп алған жағдайда немесе мүлікті еңбек ұжымы заңды жолмен сатып алған жағдайда құрылатын шаруашылық бірлік. Мұнда меншік ұжымдық сипатта болады және мүлік қызметкерлердің салымдарына бөлінеді. Қызметкер салымының құрамына оның мемлекеттік немесе жалгерліккәсіпорынның мүлкіне салған сомасы мен оның ұжымдық кәсіпорын құрылып, жұмысын бастағаннан кейінгі мүліктің көбеюіне қосқан үлесі кіреді. Салымға еңбек ұжымы мен кәсіпорын бағынатын орган арасындағы келісімде жұмыс нәтижелерін басшылыққа ала отырып айқындалатын мөлшерде пайыз есептеліп төленеді. Кәсіпорын таратылған жағдайда бюджетпен, банктермен және басқа несиегерлермен есеп айырысқаннан кейін қалған мүліктен қызметкерге оның үлесі (салымның құны мен табыстың бөлігі) төленеді. Шағын кәсіпорын – жұмысшылар саны мен шаруашылық айналымы(өнеркәсіпте өнім көлемі, саудада тауар айналымының көлемі) белгілі бір мөлшерлік өлшеммен шектелетін жаңадан құрылған немесе бұрыннан жұмыс істеп тұрған кәсіпорын. Оларға өнеркәсіп пен құрылыста жұмысшылардың саны көп дегенде 200 адамға, ғылымда 100 адамға, басқа өндірістік салаларда 25 адамға, бөлшек саудада 15 адамға дейін жететін кәсіпорындар жатады. Шетелдік кәсіпорын – жарғылық қоры түгелімен шетелдік қаржылардан құралған кәсіпорын (ұйым). Ірі кәсіпорын –сала өндірісінің жалпы көлемінің көп үлесін өндіретін не жұмысшылардың немесе акцияларды иеленушілердің саны жөнінен, өткізу көлемі, активтердің немесе пайданың мөлшері жөнінен ірі деп саналатын, не осы екі белгіге де ие кәсіпорын.
    1.1 Теміржол кәсіпорындағы менеджменттің рөлі

    Пайда - дегеніміз кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің қорытынды қаржылық нәтижесі, жалпылай түрде, өнім бағасы мен өнімнің өзіндік құны арасындағы өзгешілікті көрсетсе, кәсіпорын тұрғысынан өнімді өткізуден түскен түсім мен өнімді өткізудің өзіндік құны арасындағы өзгешелікті көрсетті.

    Кәсіпорын өз өнімін шығара отырып, ол үшін ақшалай түсім алып отырады. Бірақта бұл пайда табуды білдірмейді. Қаржылық нәтижелерді шығару шін түсімді өнімді өндіру мен оны әрі қарай сатуға кеткен шығындармен, яғни өнімнің өзіндік құнымен сәйкестендіріліп қою қажет. Кәсіпорын пайда табады: егер түсім өзіндік құннан жоғары болса; егер түсім өзіндік құнға тең болса, тек өнім өндіру мен оны әрі қарай сатуға кеткен шығындарды өтесе; ал, егер шығындар түсімнен жоғары болса, кәсіпорын шығынға ұшырайды, яғни қиын қаржылық жағдайға, банкротқа әкелетін жағымсыз қаржылық нәтижелерді көрсетеді.

    Экономикалық категория ретіндегі пайда кәсіпкерлік қызметі процесіндегі материалды өндіріс аясында құрылған таза табысты көрсетеді. Кәсіпорын деңгейіндегі таза табысты пайда формасында болады. Кәсіпкерлік қызметтің басты нәтижесі ретіндегі пайда кәсіпорынның, жұмыскерлерінің және толықтай мемлекеттің қажеттілігін қамтамасыз етеді.

    Пайда нарықтық қатынастардың маңызды категориясы ретінде бірқатар маңызды функцияларды атқарады:

    - Кәсіпорын қызметінің тиімділік көрсеткіші болып пайда табылады, осыдан тиімді қызметтің пайдалылық факторларын көруге болады.

    - Пайда ынталандырушы қызмет атқарады, ол меншік капиталдың өсуінің басты көзі болып табылады. Нарықтық қатынастар жағдайындағы капитал иелері мен менеджлерлер пайда көлеміне бағыттала отырып, кәсіпорынның болашақ дамуына жүргізілетін дивиденттік және инвестициялық саясаты жөніндегі шешімдер қабылдай алады. Нарықтық экономикадағы пайда – шығарылатын өнім мен өндірістік қорлардың жаңару көзі мен қозғаушы күші болып табылады.

    - Ұжым мүшелері үшін пайда әлеуметтік игіліктің көзі болып табылады. Дивиденттерге төленетін төлемдер, салықтар, сонымен қатар, басқада төлемдерден кейінгі кәсіпорындарда қалдық ретінде қалатын пайданың есебінен материалды сыйақылау жүргізіледі, жұмыскерлерге әлеуметтік жеңілдіктер және т.с.с. беріледі.

    - Пайда түрлі деңгейлі бюждеттік кірістердің құрылуының көзі. Ол бюджетке салық түрінде, сонымен қатар, экономикалық санкция түрінде түсуі мүмкін және бюджеттен шығатын нақты түрлі мақсаттарға қолданылады.

    Осындай сипаттағы кәсіпорын пайдасы - оның әлеуметтік және экономикалық дамуының негізгі факторы. Сондықтанда кәсіпорынға пайда әкелетін механизмді анықтау аса маңызды.

    Жалпы пайда – сатылған өнімінң толық өндірістік өзіндік құны және тауарларды (қызметтер мен жұмыстар) сатудан түскен түсімдері арасындағы айырмашылығы ретінде анықталады.

    Таза пайда (бөлінбеген пайда) – кәсіпорынның иелігінде болатын төтенше шығыстар мен кірістердің сальдосы есебімен анықталады.

    Еңбек ұжымы еңбекақының жоғарылауына, пайданың өсуіне, қазіргі бәсекелік жағдайда өндірістің кеңеюіне, кәсіпорын жұмыскерлерінің өмірлік деңгейлерінің, жағдайларының жақсаруына әрқашан қызығушылықтарын танытады. Осыдан пайда мен жалпы табыстың массасы кәсіпорының өндірістік-шаруашылық қызметінің нәтижесінде алынатын тиімділік көлемі ретінде сипатталады.

    Нарықтық қатынастар жағдайындағы кәсіпорын максималды пайда табуға, тауралар сату мен қызметтер көрсету нарығында өзінің позициясын ұстап тұруға тырысуы керек, сонымен қатар, бәсеке жағдайында өндірістік тұрақты дамуды қамтамасыз етуі керек.

    - Пайда түрлі деңгейлі бюждеттік кірістердің құрылуының көзі. Ол бюджетке салық түрінде, сонымен қатар, экономикалық санкция түрінде түсуі мүмкін және бюджеттен шығатын нақты түрлі мақсаттарға қолданылады.

    Осындай сипаттағы кәсіпорын пайдасы - оның әлеуметтік және экономикалық дамуының негізгі факторы. Сондықтанда кәсіпорынға пайда әкелетін механизмді анықтау аса маңызды.

    Жалпы пайда – сатылған өнімінң толық өндірістік өзіндік құны және тауарларды (қызметтер мен жұмыстар) сатудан түскен түсімдері арасындағы айырмашылығы ретінде анықталады.

    Таза пайда (бөлінбеген пайда) – кәсіпорынның иелігінде болатын төтенше шығыстар мен кірістердің сальдосы есебімен анықталады.

    Еңбек ұжымы еңбекақының жоғарылауына, пайданың өсуіне, қазіргі бәсекелік жағдайда өндірістің кеңеюіне, кәсіпорын жұмыскерлерінің өмірлік деңгейлерінің, жағдайларының жақсаруына әрқашан қызығушылықтарын танытады. Осыдан пайда мен жалпы табыстың массасы кәсіпорының өндірістік-шаруашылық қызметінің нәтижесінде алынатын тиімділік көлемі ретінде сипатталады.

    Нарықтық қатынастар жағдайындағы кәсіпорын максималды пайда табуға, тауралар сату мен қызметтер көрсету нарығында өзінің позициясын ұстап тұруға тырысуы керек, сонымен қатар, бәсеке жағдайында өндірістік тұрақты дамуды қамтамасыз етуі керек.

    Әлемдік тәжірибе көрсетуі бойынша нарықтық қатынастар жағдайында пайда табудың үш негізгі көзі бар:

    Бірінші, кәсіпорынның монопольды жағдайы есебінде құрылады. Осы пайда табу көзін ұстану әрқашан тауарлардың тұрақты жаңаруын талап етеді. Бұл кезде келесі қарсы әрекет етуші күштерді ескерген жөн: мемлекеттік антимонополиялық саясаты мен басқа кәсіпорындар жағынан өсуші бәсеке.

    Екінші пайда табу көзі өндірістік және кәсіпкерлік қызметпен байланысты, оның барлық кәсіпорындарға қатысы бар. Оны пайдалану тиімділігі тұрақты өзгеруші конъюнктура кезіндегі өндірісті дамытуға бағытталуы мен нарық конъюнктурасын білуге тәуелді болады. Бұл жерде барлығы жүргізілген маркетингке сәйкесті жасалынады. Берілген жағдайда, пайда көлемі , біріншіден, кәсіпорынның өнімді шығару бойынша бағыт таңдауының дұрыстығына (тұрақты және жоғары сұранысқа ие өнімді таңдау); екіншіден, көрсетілетін қызмет пен сатылатын тауарлар бәсекеге қабілетті жағдай жасау (баға, жеткізу мерзімі, сатып алушыларға қызмет көрсету, сатудан кейінгі қызметтер және т.б) үшіншіден, өндіріс көлемінен қаншалықты өндіріс көлемі жоғары болса, соншалықты пайда жоғары); ал төртіншіден, өндіріс шығындарын төмендету қүрылымынан тәуелді.

    Үшінші пайда табу көзі кәсіпорынның инновациялық қызметінен шығады, оны қолдану әрқашан шығарылатын өнім жаңартылып отырылуын, бәсеке қабілеттілігі қамтамасыздандырылуын, пайда массасын жоғарылату мен сату көлемінің өсуін болжамдайды.

    Кәсіпорын шаруашылық қызметінің қорытынды қаржылық нәтижесі болып баланстық пайда табылады. Баланстық пайда – бұл кәсіпорын пайдаларының (шығындарының) соммасы. Қорытынды қаржылық нәтижесі ретіндегі баланстық пайда балансты бағалау мен кәсіпорынның барлық шаруашылық операцияларының бухгалтерлік есебі негізінде айқындалады. «Баланстық пайда» терминін қолдану, жылдық және кварталдық қорытындылар бойынша құралған кәсіпорын жұмысы балансында көрсетілген қорытынды қаржылық нәтижелерімен байланысты.

    Баланстық пайда нақты 3 элементті қосады: көрсетілген қызметтерден, орындалған жұмыстардан, өнімді өткізуден түскен пайда (шығын); негізгі құралдарды өткізуден, тағыда басқадай шығыстарынан, кәсіпорынның басқадай мүлігін өткізуден түскен пайда (шығын); орындалған операциялардан тыс қаржылық нәтижелер.

    Ұйымның табысы деп активтердің келіп түсуі нәтижесіндегі экономикалық пайданың жоғарылауы (ақша қаражаттары, басқада мүліктер) немесе салымшы қатысушыларынан басқа, ұйымның капиталының өсуіне әкелетін міндеттерді жабу.

    Пайда тек кәсіпорын үшін ғана емес, сонымен қатар, мемлекет экономикасы үшін де экономикалық және әлеуметтік дамуының негізгі факторы болып табылады. Сол үшін пайданы экономикалық негізде жоспарлау кәсіпорын үшін өте маңызды. Пайданы түрлері бойынша жоспарлауға болады:

    1. Тауарлар мен өнімдерді сатудан;

    2. Тауарлық емес сипаттағы түрлі қызметтер мен өнімдерді өткізуден;

    3. Негізгі құралдарды өткізуден;

    4. Басқа мүлік пен мүліктік құқықтарды өткізуден;

    5. Орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер және т.б. үшін төлемдер;

    6. өткізуден тыс операциялардан.

    7. Пайданы жоспарлаудың негізгіәдістері болып табылатындар:

    - тікелей есептеу әдісі;

    - талдамалық әдіс;

    - аралас есеп айырысу әдісі.

    1.2 Теміржол кәсіпорынның менеджменттіне кеткен шығындар
    Шығын – белгілі-бір уақыт кезеңіндегі өнімді өндіру және сатуға кеткен материалдың, еңбек, қаржы, табиғи, ақпараттық және басқа да ресурс түрінің құндылығының ақшалай бағасы. Осы анықтамадан көрініп тұрғандай шығындар былайша сипатталады:

    1) әртүрлі ресурстарды өлшеу принципін қамтамасыз ететін ресурстың ақшалай бағасын;

    2) мақсатты қойылымы (жалпы өнімнің өндірісі мен оны сатумен немесе осы процестің қандай-да бір кезеңімен байланысты);

    3) белгілі бір уақыт кезеңімен, яғни белгілі бір уақыт кезеңіндегі өнімге бөлінген кезең. Шығынның тағы да бір негізгі қасиеті: егерде шығын өндіріске қатыстырылмаса және сол өнімге жұмсалмаса, онда шығын шикізат, материал және басқа да қорға, аяқталмаған өндіріс қорына, дайын өнім және т.б. қорына айналады. Сондықтан да шығынның қорсыйымдылық қасиеті болады және мұндай жағдайда ол кәсіпорынның активіне жатқызылады.

    «Шығыс» ұғымының анықтамасы «Ұйымның бухгалтерлік есебі жөніндегі жағдайда» және ҚР Салық кодексінде қарастырылған. ҚР Салық кодексіне сәйкес шығысқа салық төлеушілермен жүзеге асырылған негізделген және құжатпен бекітілген шығындар жатады. Негізделген шығыстар дегеніміз – құны ақшалай формада көрсетілген, экономикалық мойындалған шығындар. Құжатпен бекітілген шығындар дегеніміз – ҚР заңнамасына сәйкес толтырылған, құжатпен бекітілген шығындар. Жалпы «шығыс» ұғымына – табыс табуға бағытталған қызметті жүзеге асыру үшін өндірілген, кез-келген шығын жатады.

    Шығыс – берілген кезеңдегі өнімнің сатылуына өз құнын толық аударатын экономикалық негізделген, құжатпен бекітілген белгілі бір уақыт кезеңінің шығыны. Шығынға қарағанда шығыстың ерекшелігі – кәсіпорын активіне жатпайды және қорсыйымдылығы күйінде бола алмайды. Шығыстар тек кәсіпорын пайдасын есептеу кезінде пайда мен шығын есебінде көрініс табады.

    Шығын – жалпы өнімнің өндірісі мен оның жеке элементтерін немесе өзін сатуға кеткен әртүрлі шығынның жиынтығы. Мәселен, өндіріс шығыны бұл - өндірістің материалдық, еңбек, қаржылық және басқа да ресурс түрлерінің, сондай-ақ өнімді сату шығындары. Бұдан басқа «шығын» ұғымына мамандандырылған шығын түрлері де жатады: әлеуметтік салық, ақаулық шығын, кепілдемелік жөндеулер және т.б.

    Кәсіпорын шығысының жіктелуі:

    Шығындар жеке және қоғамдық болып бөлінеді.Жеке – бұл нақты кәсіпорынның өнім өндіруге кеткен шығындары.

    Қоғамдық – бұл барлық қоғамның өндіріске жұмсаған шығыны. Оның құрамына жеке шығындар, сонымен қатар сыртқы шығындар да кіреді.

    Сыртқы шығындар деп тауар-ақшалай қатынасқа қатыспайтын өндірістік қорытындының бір бөлігі, бірақ ол адамдардың өмір сүруіне тікелей қатынасы бар (мысалы, металлургия комбинатынан шыққан түтін).

    Өндіріс шығындары және қолдан жіберген мүмкіндіктер шығыны (альтернативті шығындар). Бұл ресурстарды басқаша қолданғанда алынатын ұтыстармен немесе шығындармен сипатталады. Бірақ кақытты үнемдеуге, көп шығындауға болмайды. Бір қызметтегі уақыт бағалығы оның басқа қызметтегі шығынымен анықталады.

    Шығын – кәсіпорынның шаруашылық қызмет барысында қаражатын (капиталын) азайтатын немесе міндеттемелерін көбейтетін жұмсаған немесе ұстаған шығыны, яғни есепті кезеңде азын-аулақ ақшалай қаражаттың жұмсалуы нысанына немесе активтердің тозуы мен істен шығуы немесе меншікті капиталдың азаюына апарып соқтыратын міндеттемелердің салдарынан пайда болады. Салықтардың бюджетке есепті салықтардан артық төленуі шығыс деп саналады‚ акционерлерге дивиденд төлеу шығысқа жатпайды. Ағымдағы және күрделі шығыс болып жіктеледі. Ағымдағы шығыстың құрамында өндірістік шығыс маңызды топты құрайды, ол өнімнің (жұмыстың, көрсетілген қызметтің) өзіндік құнына ықпал етеді. Өндірістен тыс шығыс өндірілген өнімді сатумен байланысты. Өткізуден тыс шығыс тоқтатылған өндірістік қуаттар мен нысандарды ұстауға жұмсалған шығынды, неғайбыл дебиторлық берешекті есептен шығарудан тиген залал, дүлей апаттан болған шығасыны, күші жойылған өндірістік тапсырыстар бойынша шығынды; қысқа мерзімді жалға өткізілген негізгі құрал-жабдық бойынша тозымпұлдық аударымды қамтиды. Болжанбаған шығыс – өнімді өндірумен және өткізумен тікелей байланысты емес, оның мөлшерін қаржы жоспарын жасау кезінде есептеу мүмкін емес. Оған айыппұл мен тұрақсыздық айыбы жатады. Күрделі шығыс бейқаржылық активтерге салынған инвестицияны, ұзақ мерзімді қаржы жұмсалымын қамтиды.
      1   2   3   4


    написать администратору сайта