Главная страница
Навигация по странице:

  • Педагогикалық практикасының мақсаты

  • Педагогикалық практикасының міндеті

  • І. Практикаға дайындық жөніндегі мәліметтер бөлімі

  • ІІ. Ақпараттық бөлім

  • . Рефлексиялық-бағалау бөлімі

  • Ү. Бағалау қорытындылау бөлімі

  • Үшініші әр түрлі мәселелер бойынша әдіскер Досжанова С.Е.

  • 6М010100 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы 1 – курс магистранттарының педагогикалық практика бойынша қорытынды конференциясының № 2 хаттамасы

  • 1 курс хаттама. 1 хаттамасы 01. 02. 2019ж. атысандар кафедра мегерушісі, п.. к., доцент Туретаева Г. И., Досжанова С. Е., Картбаева Ж. Ж., Есенлова М. Н., жне 6М010100Мектепке дейінгі оыту жне трбиелеу


    Скачать 30.16 Kb.
    Название1 хаттамасы 01. 02. 2019ж. атысандар кафедра мегерушісі, п.. к., доцент Туретаева Г. И., Досжанова С. Е., Картбаева Ж. Ж., Есенлова М. Н., жне 6М010100Мектепке дейінгі оыту жне трбиелеу
    Дата18.07.2019
    Размер30.16 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла1 курс хаттама.docx
    ТипДокументы
    #84259

    Подборка по базе: Ата аналар хаттамасы.docx.

    6М010100–«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 1курс магистранттарының педагогикалық практика бойынша ұйымдастыру конференциясының
    1 хаттамасы

    01.02.2019ж.

    Қатысқандар:кафедра меңгерушісі, п.ғ.к., доцент Туретаева Г.И., Досжанова С.Е., Картбаева Ж.Ж., Есенғұлова М.Н., және 6М010100–«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 1 – курс магистранттары, педагогикалық практика әдіскерлері т.б.

    Күн тәртібі:

    1. Педагогикалық практика жұмыс мазмұнымен танысу

    2. Магистрант-практиканттың жұмыс портфолиосының жасақталуы туралы

    3. Әртүрлі мәселелер


    ТЫҢДАЛДЫ:

    Кафедра меңгерушісі К.Ж.Төребаева магистранттарды жаңа оқу жылымен құттықтап, практика барысына сәттілік тіледі, бұйрықпен (№630) таныстырды.
    ШЫҒЫП СӨЙЛЕУШІЛЕР:

    Практика әдіскері Мектепке дейінгі және арнаулы білім кафедрасының оқытушысы п.ғ.к. доцент Туретаева Г.И. педагогикалық практикасының жұмыс мазмұнымен, практиканың мақсат-міндеттері (жеке-жеке әр аптада орындалатын тапсырмаларға тоқталды), магистранттардың білімі мен біліктілігіне қойылатын кәсіби талаптар, практиканы соңында тапсыратын есептік құжаттармен таныстырды.

    Педагогикалық практикасының мақсаты:болашақ мамандықтарының спецификалық ерекшеліктерімен танысу және болашақ маман ретіндегі кәсіби құндылықтарын қалыптастыру.

    Педагогикалық практикасының міндеті:

    Аталған практиканың мақсаты кәсіби педагогикалық әрекетті ұйымдастырудың ғылыми негіздерімен таныстыру, қызығушылығын дамыту және мектепке дейінгі ұйымдағы тұтас педагогикалық үдеріс және оның субъектісі туралы түсінігін қалыптастыру мақсатын көздейді. Бұл практикадағы жұмыстың табыстылығы мектепке дейінгі мекеме педагогы ретіндегі магистранттың кәсіптік қалыптасуы.

    Практиканың өтуінің мақсаты білім нәтижесінің (БН) төмендегі жетістіктеріне қол жеткізеді:

    білім:

    • елестету деңгейінде: жалпы және мектепке дейінгі педагогиканың методологиялық негіздері мен категорияларын; даму заңдылықтарын және мектеп жасына дейінгі балалардың әлеуметтік қалыптасуын;

    • қабылдау деңгейінде: мектепке дейінгі баланың жас ерекшелігін, анатомиялық-физиологиялық және психикалық даму ерекшеліктерінің негізгі заңдылықтарын;

    • түсіну деңгейінде: мектеп жасына дейінгі балалардың өзіндік, танымдық, шығармашылық әрекетін ұйымдастыру үшін заттық, кеңістік орта құрудың мәні мен маңызын.

    білік:

    • теориялық:мектепке дейінгі ұйымдарда оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың теориялық негіздерін;

    • практикалық: мектеп жасына дейінгі балалардың жас және жеке ерекшелігін ескеріп, оқу-таным әрекетін, мектеп жасына дейінгі балалардың жеке және топтық қарым-қатынасын ұйымдастыру;

    дағды: педагогикалық мәдениетті қалыптастыру мен байқау жазбаларын жүргізе, талдай, алынған хабарларды тарата, оларды практика күнделігінде толық және дұрыс бере білуге дағдыландыру.

    Аталған БН төмендегі құзыреттіліктердің қалыптасуының негізі болып табылады:

    • ЖК-әлеуметтік-этикалық құзыреттілік;

    • ЖК-экономикалық және ұйымдастырушы-басқарушы құзыреттілік;

    • кәсіптік құзыреттілік (КК);

    • КК-Қарым-қатынас құзыреттілік;

    • КК-Ақпараттық құзыреттілік

    Ескерту: бұл бөлімде практиканың қалыптасуына көзделген 2-3 тен көп емес жалпымәдени және кәсіптік құзыреттілік көрсетіледі.

    Әдіскерлер магистранттардың жасақтауы тиіс портфолио құрылымы, жасақтауға қойылатын талаптармен таныстырды.
    І. Практикаға дайындық жөніндегі мәліметтер бөлімі

    • титульдық беті (магистранттың фотосуреті, аты-жөні, туған жылы, мекен-жайы, телефоны, ЖОО, факультеті, кафедрасы, тобы, әдіскері, практика атауы, портфолионың жасақталған уақыты;

    • магистранттың жеке жоспары (практика күндерін қалай өткізетіндігі туралы, әр күнге, сағатқа әдіскермен бірігіп отырып, практика мазмұнына сай жоспарланады);

    • жолдама (қосымша).

    ІІ. Ақпараттық бөлім (практика базасы жөніндегі мәліметтер)

    практиканың мазмұнына сай барлық құжаттарды ретпен осы бөлімге топтастыру қажет. 3- «Практиканың құрылымы және мазмұны» кестесінде көрсетілген мазмұн бойынша мәліметтер салынады. Бұл мәліметтерді магистранттардың университет базасында болатындықтан 3 бөлімдегі кестеге сәйкес практика әдіскері жұмыс жоспарын құрады, студенттерге сол бойынша жұмыс, тапсырмалар беріледі, түсіндіреді. Практика МДҰ-да өтпейтіндіктен, барлық практикаға керекті мәліметтері магистрантпен бірігіп талданады. Талдау, түсіндіруде бейне, аудио таспаларды, баспасөз материалдарын, оқулық, оқу әдістемелік құралдарды пайдалану керек.

    ІІІ. Әдістемелік бөлім

    • есеп құжаттарын жүргізу және рәсімдеуге қатысты әдістемелік нұсқаулар (ПОӘК-практиканың оқу-әдістемелік кешені);

    • магистрант-практиканттың әр жас ерекшелік тобына дайындағын қалаған әр түрлі іс-әрекеттері бойынша жоспарлары(дидактикалық және көрнекілік материалдарымен бірге). әдістемелік жұмыс түрлерінің, тәрбие шаралардың жоспарлары,

    IY. Рефлексиялық-бағалау бөлімі

    • магистрант-практикант күнделігі (күнделік бірінші күннен бастап толтырылады, түсінікті, кәсіби тілде, сауатты жазылуы тиіс (қатесіз, өшірмей, бір сөзді бірнеше рет қайталамай, көшірмей, шығармашылықпен, бір түсті қаламмен);

    • практика бойынша есеп;

    Ү. Бағалау қорытындылау бөлімі

    • магистрантқа берілген әдіскер мінездемесі;

    • ұйымдастыру, қорытынды конференция хаттамасы

    • анықтама (қосымшада)


    Үшініші әр түрлі мәселелер бойынша әдіскер Досжанова С.Е.:

    Топ магистранттары практика барысындағы магистрант этикасы, жүріс-тұрысы, макияжы, өзін-өзі ұстауы, киім-киісі туралы ескертті. Практика аяқталысымен құжаттардың уақытында, бірдей папкаларда жасақталуын қатаң ескертті. Отырыс соңында 1 курс магистранттарының педагогикалық іс-әрекетке кәсіптік дайындығының диагностикасы жүргізілді.
    Қаулы:

      1. Педагогикалық практика барысы жоспарланған жұмыс мазмұнына сәйкес жүргізілсін.

      2. Педагогикалық практикасының құжаттары магистрант-портфолиосы талабына сай, уақытында жасақталсын.

      3. Мекеме тәртібін қатаң сақтау.



    Практика әдіскері: Туретаева Г.И.

    Топ хатшысы Ермекова М.А.

    6М010100 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу»

    мамандығы 1 – курс магистранттарының педагогикалық практика бойынша қорытынды конференциясының
    2 хаттамасы

    25.02.2019ж.
    Қатысқандар: кафедра меңгерушісі, п.ғ.к., доцент Туретаева Г.И., Досжанова С.Е., Картбаева Ж.Ж., Есенғұлова М.Н., және «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандықтарының 1-курс магистранттары, педагогикалық практика әдіскерлері т.б.
    Күн тәртібі:

    1. Педагогикалық практика жұмыс қорытындысын танысу

    2. Магистрант-практиканттың жұмыс портфолиосының бағалануы


    ТЫҢДАЛДЫ:

    Кафедра меңгерушісі К.Ж.Төребаева магистранттардың портфолиосын тексеріп, магистранттардың практика жөнінде пікірлері мен ұсыныстарын тыңдады.

    ШЫҒЫП СӨЙЛЕУШІЛЕР:

    Практика әдіскері Мектепке дейінгі және арнаулы білім кафедрасының оқытушысы Есенғұлова М.Н. педагогикалық практикасының сәтті аяқталғанын атап өтті. Сонымен қатар Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандығының магистранты Ермекова Мөлдір және Дефектология мамандығының магистарнттары Макишова Фарида және Кәрім Акмарал педагогикалық практикада болған сәттерге сипаттама беріп, онда кездескен қиыншылықтар мен практидан алған білімдерімен бөлісіп қорытынды жасады.

    Мамандықтар бойынша ұйымдастырылған практиканың іс-құжаттары кафедраға түгел жинақталды. Магистарнттардың тәжірибелік есептері бағдарлама талаптарына сай мазмұны толық жазылған. Бұл бағытта кафедрадағы практика жетекшілері мен әдіскерлерінің үлкен еңбегін атап өту керек.

    Практика барысындағы магистарнттадың дайындығы үш деңгей бойынша бағаланды:

    1. Ғылыми теориялық дайындығы;

    2. Әдістемелік дайындығы;

    3. Психологиялық-педагогикалық дайындығы.

    Аталған үш дейгей бойынша магистранттарға жеке - жеке талдау жасалды.

    Педагогикалық практиканы ұйымдастыру барысында да магистарнттарға кафедра оқытушылары тарапынан үлкен көмек көрсетілді. Атап айтқанда, Топтарға бөлу, әдістемелік көмек, педагогикалық – психологиялық басшылық т.б..

    Магистранттар ашық сабақтар, тәрбие шараларын ұйымдастырып, кафедраның қоғамдық өміріне де белсенді қатысты.

    Шешім:

    1. 6М010100– «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандықтарының педагогикалық практикасының қорытындысы «қанағаттанарлық» деп бағалансын.

    2. Педагогикалық практикаларды ұйымдастыру және өткізу барысында мамандарға ұсынылған әдістемелік ұсыныстар басшылыққа алынсын.

    3. Педагогикалық практикалардың өту мерзімі мен ұзақтығын қайта қарастыру факультеттің ғылыми кеңесіне ұсынылсын.

    Мектепке дейінгі және арнаулы білім

    кафедрасының меңгерушісі К.Ж. Туребаева

    Хатшы Туретаева Г.И.



    написать администратору сайта